Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер




Скачать 85.11 Kb.
НазваниеӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Дата конвертации26.11.2012
Размер85.11 Kb.
ТипДокументы
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын

қорғау комитеті Төрайымының бұйрығымен бекітілген

№_____

2011 ж. «__» __________

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Балалар құқықтарын қорғау комитетінің

Әкімшілік басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет) Ережеге сәйкес әзірленді.

2. Әкімшілік басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Комитеттің бекітілген құрылымына сәйкес өз алдына құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өзінің қызметінде Комитеттің төрағасына және оның орынбасарына бағынады.

3. Басқарма өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Министрдің және Комитет төрағасының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Басқарманың міндеттері мен функциялары
4. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары:

1) Бала құқықтары туралы Конвенцияны, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы» Заңдарын және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өзге де заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін іске асыруды қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің және Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары және бақылауындағы құжаттарының, Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасы Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысы хаттарының, Қазақстан Республикасы парламенті депутаттары мен «Нұр Отан» ХДП қойған сауалдарының орындалуын күнделікті бақылауды жүзеге асыру;

3) Министрдің, жауапты хатшының, вице-министрлердің, Комитет басшылары тапсырмаларының орындалуын күнделікті бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің, Министрдің, Жауапты хатшының тапсырмаларын орындауға мониторинг жүргізіу;

4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Комитеттің жоспарының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Желілік кестесінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

5) Хаттарға, азаматтардың арыз-шағымдары мен жүгінулеріне Комитет қызметкерлерінің уақтылы жауап дайындау жөніндегі орындаушылық тәртібіне, Комитеттің құрылымдық бөлімдерімен ағымдағы, жылдық жұмыс жоспарын әзірлеуге және олардың жұмысы туралы есебін әзірлеп ұсынуына бақылауды жүзеге асыру;

6) Комитет басшысының қарауына кіріс және шығыс хат-хабарларды, қарарлардың жобаларын дайындау, келіп түскен және шығыс хат-хабарлардың қозғалыс тәртібін анықтау бойынша жұмыспен қамтамасыз ету;

7) Комитеттің жұмыс Регламентін, Комитеттің және аймақтық ұйымдарының Ережесін, іс жүргізу бойынша Нұсқаулық пен Комитеттің Іс номенклатурасын бекіту бойынша жұмыспен қамтамасыз ету және аймақтық ұйымдарының жұмыстарын үйлестіреді;

8) Кіріс және шығыс хат-хабарлардың есептерін қамтамасыз ету, құжаттарды және басшылардың тапсырмаларын орындаушыларға уақытысында жеткізілуін қамтамасыз ету, іс жүргізу бойынша Нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес құжаттардың сақталуы мен рәсімделуі бойынша шара қолдану;

9) Нұсқаулық талаптарының сақталуы мен орындалуын қаматамасыз етуде: іс жүргізу бойынша; азаматтардың өтініштерін қарау және қабылдау тәртібі туралы; бақылауды және тексеруді ұйымдастыру бойынша құжаттардың орындалуы; Комитеттің құрылымдық бөлімдерімен және аймақтық ұйымдарын құжаттармен жұмыс бойынша практикалық көмек көрсету, қызметкерлерді Нұсқаулықпен, құжаттармен жұмыс істеу тәртібін қол қойдырып таныстыру. Комитет қызметкерлерімен іс жүргізу және бақылаудағы құжаттармен жұмыс жасауда аппараттық сабақ және семинар өткізу. Іс жүргізуді тиімді жүргізу бойынша ақпараттық технологияны енгізу жұмыстарын жүзеге асырады;

10) Азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету. Комитет басшыларына республиканың аймақтарындағы азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің поштасы» бойынша жұмысын ұйымдастырады, тоқсан сайын Министрге ақпараттарды енгізеді;

11) Комитетте әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлықпен күрес және қызметтік этиканы сақтау мәселелері бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және Комитеттің аймақтық ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру;

12) Комитеттің және аймақтық ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде жинақ және материалдарды өңдеу бойынша жұмыстарын қамтамасыз ету;

13) Комитеттің және аймақтық ұйымдарының кадрлық және ұйымдастыру қызметінің жұмыстарын қамтамасыз ету;

14) Комитеттің негізгі қызметі бойынша қызметкерлердің құрамы, іссапарлар, еңбек демалысы жөнінде бұйрықтарының жобаларын дайындау;

15) Комитеттің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілік талаптарын және басқарма туралы Ережені жетілдіру бойынша, қызметтік нұсқаулықты, басқарма қызметкерлерінің функциональдық міндеттерін, Комитеттің және аймақтық ұйымдарының үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз ету;

16) Конкурстық, аттестациялық, тәртіптік жұмысты белгіленген тәртіпте өткізу бойынша, мемлекеттік қызмет өтілін Комитеттің комиссиясы анықтауы бойынша және Комитеттің аймақтық ұйымдарының үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру;

17) Комитеттің және аймақтық ұйымдарының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарын қамтамасыз ету;

18) Қызметтік куәліктерді пайдалануын, нұсқаулық талаптарына сәйкес фирмалық бланкілердің қатаң есептілігін, мөрдің, мөртабандардың және фирмалық бланкілердің сақталуы бойынша Комитеттің қатаң есептілік қызметін қамтамасыз ету;

19) Аппараттық кеңестегі Комитет басшысының тапсырмасын дайындау;

20) Комитет басшыларының жұмыс кестесін күнделікті дайындау;

21) Комитеттің және айматық ұйымдарының іс жүргізу жұмысына мемлекеттік тілді енгізуді бақылауды қамтамасыз ету;

22) Комитеттің және айматық ұйымдарының «Сенім телефоны» жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

23) Комитеттің және айматық ұйымдарының ведомстволық мұрағаттарының жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;

24) Министрлік алқасының отырысына материалдарды дайындау және ұсыну;

25) Комитеттің атқарған жұмыстары туралы есебін апта сайын уақытысында дайындауды қамтамасыз ету;

26) Мемлекеттік орындарға және ұйымдарға баспочтамт арқылы шығыс хат-хабарларды уақытысында жөнелтуді қамтамасыз ету;
3. Басқарма құқықтары
5. Басқарма негізгі міндеттерді іске асыру мен функцияларды жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде құқылы:

1) Комитеттің құзіретіне жататын құжаттардың уақытылы орындалуына бақылауды жетілдіру жөніндегі ұсыныс енгізуге;

2) Регламентке және Комитет туралы Ережеге сәйкес Комитеттегі құжаттармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі практикалық көмек көрсетуге;

3) басқарманың құзіретіне жататын мәселелер жөніндегі түсіндірме беруге;

4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі азаматтар мен кәмелетке толмағандарды қабылдауды жүзеге асыру;

5) Министрліктің және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен басқарманың орындауына жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамаларды және басқа да мәліметтерді сұрауға;

6) Министрліктің, Комитеттің іс-шараларын өткізуге қатысуға.
4. Басқарманың ұйымдастыру қызметі
6. Басқарма бастығы Комитет төрағасының бұйрығымен конкурс негізінде тағайындалады және қызметтен босайды.

7. Басқарма бастығы Басқарма қызметіне басшылықты жүзеге асырады және Комитет басшысының алдында осы Ереже айқындаған міндеттер мен функцияларды орындауда, сонымен қатар ұжымның моральдік психологиялық ахуалына дербес жауапты болады.

8. Басқарма бастығы:

1) басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, басты бағыттарын, нысандарын және әдістерін айқындайды, басқарманың құзіретіне жататын міндеттемелердің орындалуына дербес жауапты болады;

2) Басқарма туралы Ережені әзірлейді және бекітуге ұсынады;

3) Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін, лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

4) Комитет Регламентіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Басқарма жұмысын және іс жүргізуді ұйымдастырады;

5) Министрліктің, Комитет басшыларының белгіленген мерзімдегі жұмыс жоспарлары мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

6) Комитеттің кадрлық және ұйымдастыру қызметін қамтамасыз етеді;

7) келіп түскен және шығыс хат-хабарларды Комитет төрағасы мен орынбасарының қарауына дайындайды;

8) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберілген шығыс құжаттарының дұрыс рәсімделуіне бақылау жасайды және оларға қол қояды;

9) негізгі қызмет және іссапарлар жөніндегі бұйрықтар жобасының дұрыс рәсімделуіне бақылау жасайды және оларға қол қояды;

10) Жоғары органдармен, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары сұрауларымен, азаматтардың өтініштерімен, министрдің, жауапты хатшының және вице-министрлердің тапсырмаларымен жұмыс жүргізу туралы Комитет басшысына тоқсан сайын және әр айдың нәтижесі бойынша талдамалық ақпаратты ұсынады;

11) Комиттің Регламент жұмыстарына, Комитеттің және аймақтық ұйымдарының Ережелеріне, Комитетің іс жүргізу бойынша Нұсқаулығына және Іс номенклатурасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді және ұйымдастырады;

12) Комиттің ведомстолық мұрағатының жұмысын қамтамасыз етеді;

13) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің поштасы» бойынша жұмыс жүргізеді, тізімдейді, есебін жүргізеді, орындалуын бақылайды, ай-сайын ақпараттар енгізеді;

14) «Сенім телефоны» бойынша жұмыс жүргізеді, тізімдейді, есебін жүргізеді, орындалуын бақылайды, ай-сайын ақпараттар енгізеді;

15) Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге біліктілік талаптарын, қызметтік нұсқаулықтарын, Комитет мамандарының функциональдық міндеттерін жетілдіру бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;

16) келіп түскен хат-хабарлардың орындалуының бақылау мерзімі өткені туралы ескертпелерді басқарма бастықтарына жібереді;

17) заңды және жеке тұлғалардың өтінімдерін уақытысында қарауды қамтамасыз етеді;

18) Комитеттің іс жүргізу жұмысына мемлекеттік тілді енгізуді бақылауды қамтамасыз етеді;

19) Республиканың өңірлеріне жіберілетін жедел поштаны және шет елдерге жіберілітен фельдъегерлік поштаны жіберуді ұйымдастырады, байланыс кәсіпорындарымен келісімшарттар негізінде қолма-қол емес төлем және пошталық жіберуді рәсімдейді;

20) Комитетің мөрлері мен мөртабаңдарының сақталуына жауапты болады, нұсқаулықтың талаптарына сәйкес фирмалық бланктерді беру және оларды дұрыс пайдалануға бақылау жасайды;

21) Комитет қызметкерлерін көтермелеу немесе еңбек қызметін бұзғандығы үшін тәртіптік жаза қолдану бойынша Комитеттің басшысына ұсынады;

22) Комитет басшысына қызметкерлерінің еңбек демалысының кестесін бекітуге ұсынады;

23) мереке алдындағы және мереке күндері кезінде Комитетте кезекшілік кестесін әзірлейді және бекітеді;

24) Комитет Төрайымының жұмыс кестесін әзірлейді;

25) еңбек ету жағдайын жақсарту, орындаушылық тәртібін және мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

9. Басқарманың алдына қойған міндеттері, лауазымдық нұсқаулары Басқарма мамандарының өкілеттігін, нақты лауазымдық міндеттерін және құқықтарын Басқарма бастығы бекіткен лауазымдық нұсқаулары айқындайды.
5. Басқарма қызметкерлерінің жауапкершілігі
10. Басқарма бастығы мен мамандары белгілеген тәртіппен осы Ережемен және лауазымдық нұсқаулармен қарастырылған міндеттерді уақытылы және сапалы орындау жөніндегі жұмыстың жағдайына жауапты болады.
___________________________________

Похожие:

Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер iconКонкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмысқа республикалық конкурс туралы Ереже
Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер
Осы ереже 2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік...
Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер iconАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
...
Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер icon«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы...
Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер icon«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Республикасының Заңына, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысына сәйкес әзірленді және басқарма мен оның...
Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер iconӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан
Жалпы ережелер (1 27 баптар) 1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар (1 6 баптар)
Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
Әкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер iconЖоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер
Депутат көмекшісінің жұмысы ерікті болып табылады, қоғамдық негізде жүзеге асырылады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница