«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны




Название«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/17
Дата конвертации26.11.2012
Размер1.09 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17








Аудан әкімдігінің 200_ жылғы

«_____» __________________

№ ____ қаулысымен бекітілген


«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 - 2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны
1. Миссиясы және көрінісі..........................................................................................3

2. Ағымдағы жағдайды талдау ..............................................................................3- 7

3. Қызметтің стратегиялық бағыттары................................................................-18

4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары және мақсаттары мемлекет мақсаттарға сәйкестігі..........................................................................................................19-23

5. Функционалдық мүмкіндігі.............................................................................24-25

6. Қауіп-қатер менеджмент.......................................................................................26

7. Стратегиялық жоспар әзірленген номативті құқықтық актілердің

тізбесі ..................................................................................................................27-28

8. Бюджеттік бағдарламалар тізбесі...................................................................29-50

1. Міндеті. Көрініс.

Міндеті Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу.

Көрініс - Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруын, мүгедектерді оңалту жүйесін, өмір сүру сапасын, тұрмысы төмен отбасылардың әл-ауқатын жақсарту, жетілдіру тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы балансын теңестіру, жұмыссыздық деңгейін төмендету.

2. Ағымдағы жағдайды талдау

Мемлекет басшысының «…халықтың барлық топтарының өмір сүруінің жоғары сапасына және алдыңғы қатардағы әлеуметтік стандарттарына» қол жеткізу бойынша тапсырмасын іске асыру жөніндегі атқарылған жұмыс, адам капиталының дамуымен байланысты мәселелерді алдыңғы қатарға шығарды.

Адам капиталын дамыту үшін лайықты еңбектің қол жетімділігін кеңейтуі орын алды.

Халықты өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру аясында тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздеу және іріктеу, жұмыссыздардың және халықтың нысаналы топтарының басқа да өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру пайдаланылады, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орындар жәрмеңкесін өткізу, жастар мен әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, аға ұрпақ пен мүгедектерге және т.б. кепілді әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдауды көрсету.

Солай, 2009 жылдың 1 қазан күніне ауданда 0,5 мың жұмыс орны, оның ішінде Жол картасы аясында – 0,188 мың жұмыс орны құрылды. 211 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға қатысты. 41 жұмыссыз жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Жол картасы аясында 134 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, «Жастар практикасы» бойынша – 54 адам.

Жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 707 азамат арасынан 2009 жылдың 9 айы ішінде 88,2 % немесе 624 адам жұмысқа орналастырылды, 112 жұмыссыз кәсіптік оқытуға жіберілді, оның ішінде Жол картасы жобасы аясында 40 адам. 5 мамандық бойынша 3 оқу орны негізінде даярлау және қайта даярлау ұйымдастырылды.

Жұмыспен қамту қызметімен кәсіпорындар және ұйымдарда анкеттеу әдісімен білікті жұмыскерлер және мамандардың прогноздау қажеттілік анықтау бойынша көп жұмысжүргізіледі. Ауданда еңбек рынокта және білім рынокта қызметте сұраныс және ұсыныс арасында үйлесімсіздік қадағалайды.70 пайыз шамасында жалпы қажеттілігі білімді жұмыкерлердің қажеттілік құрастырады, ал білім қызмет рынокта оқу орны бітірушілердің көбірегі – ол жоғары және орта арнай білімімен мамандар (80 пайыз шамасында) және 20 пайыз шамасында бітірушілер жұмыс мамандық алады.

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруын жақсартуға жол береді. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде аудан аймақтарында 1 бос орын жәрмеңкесі өткізілді. Оларға 15 ұйым мен кәсіпорын қатысты. 30 адам бос орындар жәрмеңкесіне қатысты, олардың ішінен 30 адам өздерінің жұмысқа орналасу мәселесін шеше алды. Бос орындар жәрмеңкелерін өткізу барысында 30 адам еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша консультацияларды алды.

Ішкі еңбек рынокты және жергілікті қызметшілердің мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен шетел жұмыс күшін тартуға квота бекітіледі. Қатыстырған шетел жұмыскерлерді қазақстандық мамандармен ауыстыруыне, даярлау мәселелеріне, экономика қажеттілігі есебімен Қазақстан Республикасының азаматтарын қайта даярлау және мамандықты көтеруіне көп назар аударылады.

Аудан жұмыс берушілері тартатын шетел азаматтарының саны мардымсыз, 2006-2008 жылдары ол 2 адамнан артпады. 2009 жылы бірінші және екінші санат бойынша 16 шетел азаматын тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар берілді. Үшінші санат бойынша, яғни жұмысшылар ретінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берілмеді.

Ауданда өндірістік үрдісті тұрақтандыру және жұмыскерлердің еңбек құқықты және кепілдіктерін қамтамассыз ету мәселелер бойынша меморандумдардың қолқою және міндеттемелерді орындау мониторингі бекітілген. 2009 жылдың 1 қазанына аудан бойынша барлығы 114 меморандум жасалды, оның ішінде 3 - ірі кәсіпорындармен, 111 - орта кәсіпорындармен. Меморандумдарда қабылданған міндеттемелер сақталуда.

Бизнестің бірлескен әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданда 2008 - 2009 жылдарға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 47 млн. теңгеден астам сомаға меморандумдар жасалды.

Кәсіпорындарда ұжымдық шарттарды жасау әлеуметтік серіктестер жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. 2009 жылдың тоғыз айы ішінде 86 ұжымдық шарт қайта жасалды. 2009 жылдың 1 қазанына 86 ұжымдық шарт қолданыста.

Сонымен бірге еңбек саласын әрі қарай дамыту стратегиясының анықтамасында мынадай проблемаларды назарға алу қажет:

  1. Жұмыссыздарды тиімді жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы балансын теңестіру.

  2. Жұмыссыз азаматтарды, халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемесу.

  3. Ұжымдық-шарттық қатынастардың жеткіліксіз дамуы. Барлық қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдарынан 45,0 % ұжымдық шарттармен қамтылған.

  4. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген, еңбекке төлем жасау саласында мемлекеттік кепілдіктерді сақтау.

Бұл жағдайда халықты жұмыспен қамту тиімділігін қамтамасыз ету бөлімі қызметінің орта мерзімді перспективасына бірінші стратегиялық бағыты болып табылады.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту мен кіріктіру жөніндегі жұмыс «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылы қабылданған Заңы және Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Мүгедектік проблемасы көкейтесті болып қалуда, өйткені жер шары халқының 10 пайызын мүгедектер құрайды.

Мүгедектерді оңалту бойынша жұмыс үш бағытта жүргізіледі: әлеуметтік, кәсіптік (еңбектік) және медициналық.

Мүгедектігі бар тұлғаларға протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді. Жаңа технология бойынша қымбат бағалы протездерді алуға өтініш жасаған мүгедектердің саны көбеюіне байланысты, протездік-ортопедиялық көмек көрсетілген мүгедектердің жалпы саны азайды.

2009 жылы 27 мүгедектер протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.

2007 жылы 8 мүгедектерге есту протездік көмек көрсетілді. Көз көру қабилеті томен 4 мүгедектерге тифло құралдар берілді.

2008 жылы 11 мүгедектерге есту протездік көмек көрсетілді.

Тізібені кенейту есебінен берілген сурдоқұралдардың саны көбейді. 2008 жылы есту аппараттары, көп функционалдық сигналдық жүйесі, телефакстардан басқа, вибрациялық сағаттар берілді.

Мүгедектер жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз етілді. 2007 жылы 11 кресло-арбалар берілді.

2008 жылы 9 кресло-арбалар берілді. Сонымен қатар, сонғы екі жылда мүгедектерді кресло-арбаларға қажеттілігі толық орындалды. ЖМО сәйкес сатып алған кресло-арбалардың түрі кенейді.

2009 жылы 9 кресло-арбалар берілді.

Ауданда 1 психологиялық- педагогикалық кабинет жұмыс істейді, оған 52 бала катысады.

Жалпы білім беру мектептер бойынша 8 түзету сыныптарында психикасының дамыу шектелген 52 бала үшін ұйымдастырылған.

2008 жылы үйде тәрбиеленетін және оқитын 8 мүгедек- балаларға, жергілікті бюджет есебінен 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді, 147,2 мың. теңге төленді.

2009 жылы 8 мүгедек- балаға 6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі, 400,8 мың. теңге төленді.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасы аясында мүгедектердің жекелеген санаттары мен балалардың «Сосновый бор» және «Дружба» жергілікті санаторияларда санаторлық-курорттық емделуін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізілді. 2007 жылы 15 адам, оның ішінде 3 мүгедек бала сауықтырылды.

Өткен жылы алғаш рет оңалтудың жеке бағдарламасында осы қызмет түрі тағайындалған, барлық мүгедектер (40 адам) санаторлық-курорттық сауықтырудан өтті.

2009 жылы 39 адам сауықтырылды.

2009 жылы мүгедектерге арналған Жітіқара өңірлік оңалту орталығында 22 мүгедек және «Дружба» оңалту орталығында 23 мүгедек оңалту курсынан өтті.

Әлеуметтік қызмет көрсетуді 2 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйым жүзеге асырады, Федоров аудандық карттар мен мүгедектер жалпы үй, және Пешков психо- неврологиялық интернат-үй және 10 қарт адамның тұруға арналған 1 жеке меншік пансионат ұйымдастырылған.

2009 жылғы жағдай бойынша ауданда жалғыз басты қарт азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша және мүмкіндік шектеулі балаларға 1 бөлімше жұмыс істейді.

104 жалғыз басты қарт азаматтарға, мүгедектерге және 19 мүмкіндіктері шектеулі балаға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қызметпен қамтылған.

Мүгедек балалармен жұмыс жасаудың қазіргі түрлерінің дамымағанына орай, балалардың күтімімен айналысатын ата-аналар формалды жұмыспен қамту жүйесінен түсіп қалады, бұл өз кезегінде, кедейлік проблемасын тереңдетеді және балалардың өзі де шектелген бастапқы мүмкіндіктерін тарылтады.

Осыған орай, мүгедектерді, қарт азаматтарды және қиын өмірлік жағдайдаға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмір сапасын жақсарту стратегиясы бөлімі қызметінің екінші стратегиялық бағыты болуға тиіс.

Бұл бағытта қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік көмекпен және әлеуметтік қолдаумен толықтырылуда.

Мұндай қолдауға шынайы қажеттілік елде сақталып отырған кедейлікпен байланысты. 2008 жылы табысы ең төмен көнкіріс деңгейінен төмен халықтың 2007 жылмен салыстырғанда үлесі 0,1 %-ды құрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларына сәйкес кедейлік жағдайынан өз бетімен шығуға мүмкіндігі жоқ, халықтың анағұрлым мұқтаж буындарына берілетін атаулы көмекке баса назар аударылды. Осы мақсатта атаулы әлеуметтік көмек, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын үй көмегі, отбасылық және балалар жәрдемақылары, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер пайдаланылды. Бұл мақсатта 2008 жылы 30,8 млн.теңге жұмсалды оның 1,9 млн. теңге (182 алушы) атаулы әлеуметтік көмекке, 2,1 млн. теңге (101 отбасы) тұрғын үй көмегіне бөлінді, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер 2008 жылы 6,5 млн. теңгені құрады (896 адам алынды).

Әлеуметтік саясаттың тағы бір маңызды басымдығы ана мен баланы қорғау болды және солай бола береді. 2006 жылы балалы отбасыларын қорғаудың жаңа жүйесі енгізілді, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны (1 АЕК); көп балалы аналарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны (3,9 АЕК) қамтиды. 2008 жылы балалар жәрдемақылары 2190 балаға 20,3 млн. теңгені құрады. 2009 жылдың бюджеті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі МАӘК), балалар жәрдемақысын (бұдан әрі МБЖ), тұрғын үй көмегі (бұдан әрі ТК), және басқа да әлеуметтік төлемдердің қаржыландыруын ұлғайтып аз қамтамасыз етілген отбасыларын неғұрлым толық қамтуды қарастырады. сонымен қатар МАӘК 2,7 млн. теңге, МБЖ 23,7 млн.теңге және ТК 2,7 млн. теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер былтырғы жылмен алғанда 2009 жылы 19,3 % өсті және 7,7 млн. теңгені құрады.

2008 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 10875 адамға 57262,0 мың теңге сомасына алынды бұл былтырғы жалдан 15537,0 мың теңгеге (41725,0 мың теңге) көп.

Алайда әлеуметтік қолдау саласындағы осындай оң өзгерістермен қатар, мынадай шешілмеген мәселелер де қалып отыр:

  1. Кедейліктен шығу жөніндегі белсенді шаралар тиімділігінің төмендігі.

2. Кедейлік пен теңсіздіктің сақталуы.

  1. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер көрсету

стандарттарының жетілдірілмеуі.

      Бұл жағдайда табыстың белгіленген ең төменгі шекті деңгейінен төмен болуы қатерін басқару стратегиясы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысының үшінші стратегиялық бағыты болып табылады.
Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері





Стратегиялық бағыт 1. Халықты жұмыспен қамту тиімділігін қамтамасыз ету







1 мақсаты

Нысаналы индикатор

2008 ж.

(есеп)

2009 ж. (жос-пар)

2010 ж.

2011 ж.

2012

ж.

2013 ж.

2014

ж.




1.

Жұмысты жоғалту (жоқтығы) қатерін алдын алу

1. Жұмыссыздық деңгейі

%-бен

5,5

4,2

4,2

4,1

4,1

4,1

4,0






  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Жұмыспен қамтуды катамасыз ету, жұмыссыздар санын қысқарту, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды...
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығы
Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы»
Аққайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №276 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық жоспарын іске асыру туралы жедел есептілік
Стратегиялық бағыт. Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мәселелерін шұғыл шешу және белсенді әлеуметтік қолдау
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары,...
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconКатон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары Мазмұны
Катон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына, отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет корсету регламенті Негізгі ұғымдар
Ен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – аудан әкімдігінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №27 Қаулысымен бекітілген «Теректі аудандық...
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconХабарландыру №18 Тапсырыс беруші – «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
Тапсырыс беруші – «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм, БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница