Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту




НазваниеБілім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту
Дата конвертации18.05.2013
Размер79.7 Kb.
ТипДокументы
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту.

Мектептің білім беру ортасын қалыптастыруға білім процессінің субъектерінің даму шарты.

Мектеп тақырыбы: «Азаматтық және әскери-патриоттық білім беру жағыдайында оқушылар мен педагоктардың субъектілігін дамыту».
Мырзагалиева А.Е.

Мемлекеттік мекеме «№ 35 орта мектебі»
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА АЗАМАТТЫҚ САПАЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖОЛЫМЕН ОҚУШЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ТӘЖІРИБИЕСІН БАЙЫТУ
Субъектілік тәжірибиенін білім мазмұнын компоненті ретіндегі ерекшелегі ол тұлға қызметін, қасиетін қалыптастыратын материал. Бірақ кешегі тұлғалар тәжірибиесі білім беру мазмұнын құрамдас бөлігі болғанымен, білім мазмұнының тұлғалық компоненті бола алмайды. тұлғалық компоненттің мәні әр оқушының өзіндік тәжіреби білім мазмұнына немесе оқулықта берілетін тапсырмаларға ендірілген жағыдайда ғана ашылады. Бұл тікелей мұғалімнің күнделікті 45-минуттық қызметі барысында ашылатын ішкі мотив. «Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырылықтың (латын тілінде «competens» тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабарлар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірігінде беделді түрде үкім шығара алады дегенді білдіреді. Қазақ әдебиеті сабағында сөйлеу мәдениетінің әсерлі болуы үшін сабақты теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістеріне байланыстырып өту, түсінікті сөздерді үйрету, ауызша, жазбаша түсіндіру, ауызша мазмұндай, мәнерлеп оқу, талдау, шығарма жаздыру, көшіру, т.б. көңілді көбірек бөлгеніміз жөн. Ол үшін оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігн, шығармашылық ізденісін, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Білімділік мақсаты: әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі туралы және сөз өнері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық мақсаты: өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқушы дайындау.

Тәрбиелік мақсаты: эстетикалық сездерім, талғамдарын тәрбиелеу, адамгершілік, имандылыққа, адамға тән барлық қасиеттерге баулу.

Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді шешу көзделеді:

  • Қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту арқылы мектеп қабырғасында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;

  • Оқушылардың қазақ халқының ауыз әдебиетімен, қазақтың бай классикалық әдеби құндылықтармен түпнұсқада таныстыру;

  • Көркем әдебиетті оқыту барысында оқушының қатысымдық, эстетикалық, этикалық, қызметінің меңгеруін қамтамасыз ету.

  • Қазақ тілінде ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамытуң;

  • Қазақ әдебиетінің шығармаларын қазақ тіліде оқу, баяндап айту деңгейіне жеткізу.

  • Оқушылардың көркем шығармалары оқуға деген қызығушылығын ояту;

  • Қазақ әдебиетін терең білуге үйрету;

  • Оқушыларды мәтінді түсініп, шапшаң және мәңерлеп оқуға дағдырландыру;

  • Әдеби шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың бойына ізгілік, имандылық, адамдық, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті пәнінде деңгейлік жұмыстар жүйесін дұрыс орындай білгенде ғана түпкі нәтижеге, яғни коммуникативтік біліктілікке жетуге болады. Сыныптағы оқушыларды коммуникативтік іс-әрекетке жұмылдыру үшін В.П. Беспалько ұсынған оқытудың төрт деңгейлік жүйесінің идеяларын негізге ала отырып, сондай-ақ М. Жанпеисова технологиясын қолжана отырып, 1 деңгеді қарапайым (стандарттан төмен) 2-деңгеді орта (стандарттық, 3-деңгейді жоғары стандартты) деп алуға болады. М. Жанпеисованың модульдік оқыту технологиясы құрылымдық жағынан орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті үшін қолайлы десе болады. Онда оқу модулі үш сатыдан құрылады: кіріспе сатысы (тақырыпқа оқушыларды ендіру); диалогтық саты (басым көпшілігінде оқу материалын меңгеруде диалогтық қарым-қатынас, сұхбаттар арқылы оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыру; қорытынды саты (тақырыпты жинақтап сомдау, нәтижені бақылау). Диалогтық қарым-қатынаста оқу материалы диалогқа түсудің әрі құралы, әрі нысаны ретінде қолданылып, оқыту коммуникаивтік технология сипатына ие болады. Диалогтық қарым-қатынас – екі я одан көп тұлғалардың тіл үйрену мақсатында сөйлесу, әңгімелесу, тіл қатысу үрдесі. Диалогтық қарым-қатынас оқытудың субъект-субъект қағидасының орындалу шарты ретінде де қаралады. Мысал үшін жоғарыда айтылған диалогтық қарым-қатынас әдісін орыс сыныбында қолдану жолын көрсетуге болады.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ауыз әдебиеті.

Стандарттық деңгей (СД) үшін ұсынылатын мәтін үлгісі: 1) стандарттан төмен деңгей үшін сұрыпталып бейімдел-ген мәтін және оған қосымша толықтыру қосылады.

2) толықтыру:

Ауыз әдебиеті – халық мұрасы.

Ауыз әдебиеті ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті бай.

Оның түрлері көп. Мысалы, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жанылтпаштар, ертегілер және тағы басқалар.

Диалогы: Ауыз әтебиеті кімнің мұрасы? Ауыз әдебиеті ұрпақтан-ұрпаққа қалай жеткен?

Стандарттың жоғары деңгейі үшін (СДЖ):

1) Алдыңғы екі деңгейдін мәтіні және оларға қосымша толықтыру қосылады.

Толықтыру: Барлық халықтарда ауыз әдебиеті бар. Ол – халықтың ауызша шығарып, ауызша сақтаған мұрасы. Қазақ халқының тұрмысы, салты, мәдениеті ауыз әдебиетінде көрініс тапқан.

Диалог үшін сұрақтар: Барлық халықтарда не бар?

  1. Ол халықтың қалай шығарып, қалай сақтаған мұрасы?

  2. Қазақ халқының нелері ауыз әдебиетінде көрініс тапқан?

  3. Мәтінге берілген оқулықтағы тапсырмаларды деңгейлеу.


Сабақтың барысы:


  1. Кіріспе сатысы. Оқушылардың ана тіліне сүйене отырып:

а) сабақтың мақсаты және қол жетуге тиіс нәтижесімен таныстырады;

ә) оқулықтың мәтінді оқып, мағынасын түсіндіріп шығады. Сүйтіп, тұтас әдеби-мазмұндық функционалдық түсінік қалыптастырады;

б) лексикалық дайындық жұмысы: сөз, сөз тіркесі, сөйлем үлгілері бойынша мағыналық түсінік береді, қажет болғанда – орыс тіліне аударады.


  1. Диалогтық қарымқатынас сатысы (сөйлесу):

а) деңгейлік жұмыстарды таратып береді;

ә) ондағы берілгендер бойынша не істеу керек екені айтылады;

б) оқушылар алған жұмысты іштей танысып орындайды;

в) оқушылар сұраулар бойынша, тапсырмалар бойынша ішкі диалог құрып өзімен-өзі іштей сөйлеседі;

г) ішкі диалогтарын дәптерлеріне жазады.
Осы кезде мұғалім:

а) жеке оқушылармен жұмыс жасайды (бұрыңғы өткендерді қайталау, жетілдіру, түзету);

ә) оқушылармен деңгейлік топтар бойынша тұлғалық диалогқа (қарым-қатынасқа) шығады (оқушылар қолындағы дидатикалық таратылған материалдар бойынша);

б) барлық деңгейлерге шығармашылық тапсырма ұсынып, жұмыс жасайды;

в) оқушылардың диалогтық қарым-қатынас бойынша білік-дағдылары бағаланады.


  1. Қорытынды саты. Мұғалім оқу материалдарының мазмұн-мәнін тұтас қорытып айтады. Ол пәннің функционалдық қызметін жүзеге асыру үшін керек, оқушылар санасында әдеби түсінік қалдыру үшін қажет.



Үйге тапсырма: 1) Таратпалы дидактикалық карточкаларда берілген, бейімделген жұмыстарды пысықтау; 2) Оқулықтағы мәтін мен тапсырмаларды орындау (бұл тұлғаны дамыту мақсатын көздейді).

Сабақ барысында ыңғайына қарай түсініп тыңдау, түсініп оқу, түсініп сөйлеу, түсініп жазу әрекеттері жүргізіліп отырылады.

Бұл көрсетілген жүйеге барлық оқу материалдарын салып оқытуға болады.
Түсіну мейірімділіктің негізін қалаушы, білімді тұлға тәрбиелеуші табиғи фактор:

  1. Түсіну – таныпбілуші субъекті мен танылушы объект арасындағы терең біліктілік, қоршаған орта мен адам арасындағы адам мен табиғат арасындағы саналы бірлік.

  2. Түсіну арқылы адам әлемді танып біледі, сол арқылы өзін салыстырады, жене алады. Түсіну арқылы адам қаншалықты әлемді өзіне жақындата алады, қаншалықты өзінің ішкі жан дүниесін аша білгені арқылы түсініктің тереңдегін бағалай білуге болады.

  3. Түсіну арқылы әлемді меңгеру, өзін меңгеру жүзеге асырылады. Адам өзіне түсінікті, әлемге түсінікті байлықты, жақсылықты жасай білсе, сонда ғана ол өзін гуманист ретінде көрсете алады.

«Тұлғалық қарым-қатынастың үйретуші қарым-қатынастан (субъект-объект) басты айырмашылығы – онда тіл үйренушінің өміріне тікелей қатысты маңызды ақпараттармен алмасу жүргізіледі» (Г.А. Китайгорозская).

Бұл ұстанымның басты шарты – оқушылардың өзіндік ерекшеліктерімен санасып, оларды үнемі есекріп отыру. Сол себепті әр жеке тұлғаның ерекшеліктеріне лайықтап, қатысымдық-диалогтық негізде жүргізілген сабақ нәтижелі болмақ.

Оқушының жеке өз мүмкіндіктерінде жұмыс істеу олардың қызығушылықтарын артырып, жаңа қажеттіліктерін тудырады. Соған сәйкес диалогтық-қатысым әрекеті де қолайлы жағдайда қызықты өтеді.

Еңгдігі бір маңызды ұстаным – оқу модулін меңгеруге оң көңіл-күй тудыру, оны сабақ бойында сақтау.

Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті сабағында оқушының оқу әрекетінің нәтижелерін бағалауда В.Симонов ұсынған оқу үрдісінің тиімділігін бағалау жүйесін негізге алуға болады.

  1. Көрсеткіш: аңғарып тану немесе танысымдық деңгей. Бұл білімнің ең төмен деңгейінің көрсеткіші. Мұнда оқушы өзіне дайын күйде осынылған сөздерді я сөйлемді аңғарып тану әрекетін ғана орындай алады. Яғни, тауып оқып бере алады. Біз қарастырып отырған жағдайда бұл – қарапайым деңгейге сәйкес.

  2. Көрсеткіш: еске сақтау. оқушы мәтінді айтып береді. Репродуктивтік сипаттағы сұрақтарға жауап береді (біздегі қарапайым және орта деңгей).

  3. Көрсеткіш: түсіну. Сөздерді, тілдесімдерді, мәтіндерді ажыратып, талдап, салыстырып, белгілерін айта алады, ажырата алады: қарапайым, орта деңгейлер.

  4. Көрсеткіш: репродуктивктік деңгей. Таныс жағдайда білімін қолдана алады. Қарапайым біліктер мен дағдыларды меңгерген. Бұл – орта деңгей.

  5. Көрсеткіш: білімді таныс емес жағдайда қолдана білу. Стандарттан жоғары деңгей.

Диаграмма











Репродуктивтік

Шығармашылық







Түсіну

Орта деңгей

Жоғары деңгей




Еске түсіну

Қарапайым, орта деңгей







Аңғару

Қарапайым, орта деңгей










Қарапайым деңгей













Білім

Біліктер

Дағдылар


Оқытушы өзінің алдына қойған дидактикалық мақсатына, оқушының дайындық деңгейінің сапасына қарай әрбір көрсеткіш үшін «2, 3, 4, 5» бағаларын қоя алады.

Сабақтың қорытынды сатысында бағалар жарияланып, білім жүйеге келтіріледі.

Қорыта айтқанда, орыс мектебіндегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі оқу мәтіні негізінде қарым-қатынас құру жолымен сипатталады.

Ол коммуникативтік технология болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары // Алматы 2007, стр.42-43

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебіне // Республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, №12, 2008 г., стр.31-37

  3. Журнал Білім-Образование № 7, 2005 г., стр.33-36

  4. М.М.Жанпеисова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы 2006 г., стр.105-134

Похожие:

Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту iconБілім үрдісінің жеке тұлғаларының құзырлығын дамыту
Мектепалды даярлық сынып балаларын білім беру субъектісі ретінде ойын технологиялары арқылы дамыту
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту
Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
ОҚушылардың СӨйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту жолдары
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту iconА. К. Исаханова Гуманитарлы- эстетикалық дамыту
Білім беру жүйесінің басты міндеті – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту...
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «10» қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген
Ереже кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін, олардың білім беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың...
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту iconАудандық (қалалық) бб меңгерушілеріне, Облыстық білім ұйымдарының басшыларына
«12 жылдық білім беруге көшу жагдайында білім ұйымдары басшыларының кәсіби құзырлылығын дамыту» атты республикалық семинар өтеді
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту icon«Академиялық ұтқырлық: жүзеге асыру тетіктері мен дамыту перспективалары» республикалық семинарының
Республикалық семинар қатысушылары академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша баяндамаларды тыңдай және талқылай отыра, әлемдік білім...
Білім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту iconҚазақстан Республикасы БҒм білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Н. Б. Қалабаев мырзаға
Ажар Николаевна Жексенованың: «Фетальді гепатоциттермен коррекциялау кезіндегі болбыр денекер тініндегі асептикалық қабыну процессінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница