2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы»




Скачать 161.57 Kb.
Название2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы»
Дата конвертации26.11.2012
Размер161.57 Kb.
ТипДокументы
2010 жылдың қортынды мәліметі.
1. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша « Ең үздік спорт сыныбы» баскетбол ойынынан жарыс өткізілді. Жиынды аудандық білім бөлімінің бастығы С. Абдығалиева салтанатты түрде ашып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы С. Молдашев құттықтау құттықтау сөз сөйледі. Жарыс қорытындысы бойынша төмендегі сыныптар жүлделі орынға ие болды.

  1. ші орын Ломоносов мектебі 6 «в» сыныбы

2- ші орын Ломоносов мектебі 6 «а» сыныбы

3-ші орын Мұстафина мектебі 6 «а» сыныбы

2. Зайсан қаласы М. Әуезов атындағы мектеп спорт залына 19 ақпан 2010 жылы волейбол спортын дамытуға үлесін қосқан, волейболдан қыздар командасының капитаны Әбішева Жұлдыз Ахметсәлімқызының атына ұйымдастырылған қыздар арасында волейболдан аудан аралық жарысы болды. Жарысқа 8 команда қатысты. Нәтижесінде Өскеменнен келген команда І орын, Зайсан ауданы Шілікті а\о командасы ІІ орын, Зайсан спорт мектебі қыздар командасы ІІІ орын алса, төртінші ынталандыру сыйлығы Тарбағатай ауданына берілді.

Жарысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі өткізді. Бас демеуші марқұмның туған әпкесі Абышева Аэлита Ахметсәлімқызы . Жарысты аудан әкімі Ә. М. Мұхтарханов қорытындылап, мақтау грамоталарымен , ақшалай сыйлық және естелік медальдар табыстады.

Жарыстың бас төрешісі облыстық қыздар командасының жаттықтырушысы, республикалық дәрежедегі төреші төрелік етті.

Бас хатшы мектеп интернат дене шынықтыру пәні мұғалімі, секция жетекшісі Серікбаева Сәуле.

3.2010 жылғы 21 ақпанда « Балағаз» ипподромында оқушылар арасында шаңғы жарысы өткізілді. Жарыс жасөспірімдер арасында салауаттылық өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Жарыс Ұлы Жеңістің 65- жылдығына орай соғыс ардагері Әкрамханов Құнаштың құрметіне арналды. Жарысқа ауданның 19 мектебінен 120 оқушы қатысты.Шаңғы жарысын қорытындылай келе командалық есеп бойынша « А» тобында 1-ші орынды 140 ұпймен Қаратал мектебі,2- ші орынды 129 ұпаймен Гагарин мектебі, 3- ші орынды 120 ұпаймен Ломоносовмектебі иеленді. Сондай-ақ «Б» тобында 1- ші орынға 144 ұпаймен Көгедай, 2- ші орынға 138 ұпаймен Қазақстан, 3- ші орынға 75 ұпаймен Октябрь мектептері ие болды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында Ұлы Жеңістің 65- жылдығына арналып, ҰОС ардагері Құмаш Әкрамхановтың құрметіне арналған шаңғы жарысы өтті . Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Ә. Мұхтарханов, білім бөлімінің бастығы С.Абдығалиева ,ҰОС ардагері Қ.Әкірамханов құттықтау сөз сөйледі. Салауатты өмір салтын ұстанған спортшылар қатысқан жарыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында 1- ші орынды Қаратал а/ округі,2- ші орынды аудандық № 43 өрт сөндіру ж/е ТЖ бөлімі, 3- ші орынды аудандық ішкі істер бөліміне бұйырды. 50-ден жоғары жастағылар арасында 1-ші орынды аудандық аумақтық инмспекциясының бастығы Т.Молдаханов, 2- ші орынды Айнабұлақ ауылдық округі әкімі Д.Ыдырешев, 3- ші орынды Қарабұлақ а/ округі әкімі Д.Бекбаев қанжығаларына байлады. Жүлдегегерлерге аудандық дене шынықтыру бөлімінің бастығы С. Молдашев марапаттау қағаздарын тапсырды.

4. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтардағы « Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында 2010 жылы 21 ақпан мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен оқушылардың қатысуымен шаңғы жарысы ( бұқаралық сөре) өткізіліп, оған 214 адам қатысты.

5. 2010 жылдың 27 ақпанда Зайсан қаласында 6 сынып мектеп оқушылары арасында « Ең үздік спорт сыныбы» номинациясы бойынша шаңғы ойынынан жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 1- ші орынды Гагарин мектебі 6 «а» сыныбы, 2-ші орынды Мұстафина мектебі 6 «а» сыныбы,3-ші орынды Дәуленов мектебі 6 «а» сыныбы иеленді.

6. 2010 жылы 6-7 наурызда М.В. Ломоносов мектебінде оқушылар арасында армрестлингтен жарыс өткізілді. Жарыс Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай, соғыс ардагері Б.Құдабаев құрметіне арналды. Жарысқа ауданның 22 мектебінен 280- ге жуық оқушы қатысты. Ұлдар 10 салмақ, қыздар 7 салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша «А» тобында 1- ші орынды 292 ұпаймен Дауленов мектебі, 2-ші орынды 290 ұпаймен Ломоносов мектебі, 3-ші орынды 289 ұпаймен М.Әуезов мектебі еншіледі. Сондай-ақ « Б» тобында 1-ші орынға 297 ұпай жинаған Октябрь,2-ші орынға 297 ұпайман Қазақстан мектебі, 3-ші орынға 293 ұпаймен Көгедай мектептері ие болды. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.

7. 2010 Зайсан қаласындағы орталық алаңда қардағы футбол жарысы ( бұқаралық сөре) өткізіліп, оған 170 адам қатысты.

8. 2010 жылдың 20 наурызда Зайсан қаласында 6 сынып мектеп оқушылары арасында « Ең үздік спорт сыныбы» номинациясы бойынша қол тірес спорт ойынынан жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша

1- ші орынды Гагарин мектебі 6 «а» сыныбы, 2-ші орынды Мұстафина мектебі 6 «ә» сыныбы,3-ші орынды М. Әуезов мектебі 6 «а» сыныбы иеленді.

9. 2010 жылдың 27 наурызда « Наурыз» мерекесі атап өтілді. Арқан тартудан 8 команда қатысты, 1-ші орынды Дауленов мектебінің ұжымы, 2-ші орынды Тұлпар командасы ,3-ші орынды Интернат ұжымы ұтып алды.Аударыспақ ойыны 60,70, +80 салмақ дәрежесі бойынша 32 адам қатысып, 1-ші орын Байғожин, 2-ші орын Жасаров, 3- ші орын Қойшыбаев иеленсе, 70 кг салмақта 1- ші Нурпейсов М.,2-ші Е.Сағымжанов, 3-ші орын М.Тастағанов иеленді. +80 кг салмақ б/ша 1-ші Ж.Набиев, 2-ші Е.Габдуллин,3-ші Е. Сейтжановтар иеленді. Қол тіресінен 60 кг салмақта 1-ші орын Сарипов Р, 2-ші орын Күдеринов, 3- ші орын Серікбек, 70 кг салмақта 1- ші орын Айтмұханбетов, 2-ші орын Сасбаев, 3-ші орын Серіков, 80 кг салмақта 1-ші орын Байжұманов, 2-ші орын Қалиев, 3-ші орын Жанболат , +80 кг салмақта 1-ші орын Р. Шабалов, 2-ші орын Айтмұханбетов, 3-ші орын К.Каирлин иеленді. Гир көтеру бойынша 70 кг салмақта 1-ші орын Байжұманов, 2-ші орын С. Нұрсолтан,3-ші орын Алпысбаев, +80 кг салмақта 1-ші орын Байжұманов, 2-ші орын иманқұлов, 3-ші орын Мынышев иеленіп, жеңімпаздар сыйлықпен , грамоталармен марапатталды.

10..2010 жылы сәуірдің 10 күні қыздар арасында волейболдан Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған іріктеу ойыны болды. Жақсы ойын көрсеткен ойыншылар Зайсан ауданы құрама командасына алынды.Ойынға Зайсанннан 2 команда, спорт мектебі оқушылары, Қарабұлақ ауылдық округінің қыздары қатысты.

11.2010 жылы сәуірдің 14 күні Шілікті ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеубай Маукебаев атына Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған волейболдан ерлер арасында жарыс өткізілді.

1-ші орынды 2017 әскери шекара жасағы,

2-ші орынды Шілікті жастар командасы

3-ші орынды Зайсаннан ВКРЭК командасы

Жарысқа барлығы 6 команда қатысты.

12. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2010 жылдың 17- сәуір күні М.Әуезов атындағы орта мектебінде Ұлы Жеңістің 65- жылдығына арналған құқық қорғау саласы қызметкерлерімен 2017 әскери бөлім және аудан құрама командалары арасында волейболдан жарыс болды. Жарыс өте тартысты өтті.Жарыстың қорытындысы бойынша :

  1. ші орынды аудан құрама командасы

2-ші орынды 2017 әскери бөлімі

3-ші орынды аудандық ТЖ және өртке қарсы қызмет жауынгерлері командасы еншіледі.

Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен марапатталды.

13. Зайсан қаласында 17 сәуір 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған волейболдан , арқан тартудан, гир көтеруден, дойбыдан ВК РЭК мекемесінің ұйымдастыруымен аудан аралық жарыс болып өтті. Жарыс Гагарин мектебі спорт залында өткізілді. Жарыс қортындысы бойынша командалық орындар анықталды. 1- орынды Зайсан ауданы, 2- орынды Тарбағатай ауданы, 3-орынды Күршім ауданы жеңіп алды.

14. Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша 2010 жылдың 24 сәуірінде аудан өмірінің айнасы «Достық» газетінің жүлдесі үшін баскетболдан аудандық турнир болып өтті. Биылғы спорт бәсекесі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналып ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылу салтанатында дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы С. Молдашев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойнайтын командалар жеребе негізінде анықталып, үш топқа бөлініп, М. Әуезов. М. Ломоносов, Ю. Гагарин орта мектептерінің спорт залдарында баскетболдың бәсекесін қыздырды. Ақтық ойындары Гагарин атындағы білім ордасында өткен жарысқа ұлдар және қыздар командаларын қосқанда барлығы 26 команда қатысты. Бас төрешінің қызметін Гагарин мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е. Нұғыманов жауапкершілікпен атқарды.

Ертеңгісін басталған командалық бәсеке аса тартысты түрде жалғасып, кешкі сағат тоғыздар шамасына дейін созылды. Нәтижесінде қыздар арасында бірінші, екінші, үшінші орындарды сәйкесінше М. Әуезов. Ю. Гагарин М. Ломоносов мектептерінің оқушылары бөліссе, ұлдар тобынан алғашқы үштікке Сартерек, Әуезов, Ломоносов мектептерінің баскетболшылары енді.

Мұнан басқа Сартерек орта мектебінен Е. Қатарбаев, Әуезов орта мектебінен Ұ. Жұмағұлова «Үздік ойыншылар» деп танылды. «Үздік үйлестіруші» аталымына Гагарин орта мектебінен Н. Боқаева , Сартерек орта мектебінен Е. Мұстафин ие болды. Ал Қайрат Жакупов, Мұрат Егінбаев, Жақып Қоқаев, Әлібек Сағындықовтар «Үздік ардагер ойыншылар» қатарынан көрінді.

Аудандық газеттің жүлдесіне арналған жарыстың ойдағыдай ұйымдастырылып, қызықты да тартысты өтуіне лайықты үлестерін қосқан аудан мектептеріндегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Сәкен Жәкішев, Жақып Қоқаев, Мұрат Егінбаев, Сырым Нұрсолтан, Ораз Бисаров, Дәурен Сасбаев, Аслан Асаубаев, Әлібек Сағындықов, Руслан Төлеубаев, Ульфат Шаймұханбетов, Айдын Айтмұханбетов сынды азаматтарға ұйымдастырушылардың атынан алғыс айтылды.

Жарыстың қорытынды бөлімінде жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар марапатталды. Аудандық маслихаттың хатшысы Нұрбек Бейсенов спортшыларға ізгі тілегін білдірсе, аудандық «Достық» газетінің директор-редакторы Дәурен Аллабергенұлы жеңген командалар мен өнегелі ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға басылымның мақтау грамоталары мен ақшалай сыйлықтарын табыстады.

15. 2010 жылы 24 сәуір күні Өскемен қаласында оқушылар мен колледж оқушыларының Жеңістің 65-жылдығына арналған волейболдан V облыстық спартакиадасының ақтық жарысы өткізілді.

16. 2010 жылы 26 сәуір күні Өскемен қаласында XIV халықтық спорт ойындары шеңберінде ерлер арасында волейболдан жарыс болып өтті. Жарысқа аудан құрама командасы қатысты.

17. 1 мамыр 2010 жылы Зайсан қаласының орталық алаңдағы жасанды футбол алаңында Ұлы Жеңістің 65-жылыдығына арналған, 1 мамыр Халықтар бірлігі мерекесі күніне арналған «Әке, шешем және мен» жанұялық сайысы өткізілді.

Сайыста мынадай ойын түрлері берілді:

-допты кедергі арасынан домалатып жүргізу.

-допты аяққа қысып секіріп жүру.

-допты жоғарыдан, төменнен беру.

-қаппен секіру.

-нысананы дәлдеу.

-ракеткамен шар алып өту.

-арқан тарту.

Сайыста өнегелі ойын өрнегін көрсеткен командалар марапатталды.

бірінші орынды Абай мектебінен «Жеңіс» командасы, екінші орынды Сегізбаевтар отбасынан «Ақсұңқар» командасы, үшінші орынды Мұратбековтар отбасынан «Алдаспан» командасы, төртінші орындарға Жеңіске деген құштарлығы үшін ә\б 2017 «Ветер» командасы ие болды.

18. Қаратал ауылында 01.05.2010 жылы «Қаратал» орта мектебінде «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65- жылығы мерекесіне қазақша күрестен 9 салмақ дәрежесі бойынша (38,42,46,51,64,77,81 және81-ден жоғары) аудандық жарыс өткізілді.

Жарысқа 9 мектептен 76 оқушы қатысты.

Жарысқа спортшылар сапқа тұрып Қазақстан Республикасының Туы көтерілді.

Жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтап ауыл әкімі Н. Дүтбаев, «Қаратал» орта мектебінің директоры Н. Базаров, ауылдық учаскелік полиция қызметкері М. Зарықбаев, «Дауленов» мектебінің деен шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәуітбаев Қызыр сөз сөйледі.

19. 6 мамыр 2010 жылы Зайсан қаласында аудан әкімінің қатысуымен орталық алаңда Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 65-жылдығы құрметіне қала халқы, мекемелер арасында бұқаралық жүгіріс өткізілді. Спорттық шараға ауданымыздың мекемелері түгелдей қатысып, өз үлестерін қосты.

Соның ішінде 2017 әскери бөлім қызметкерлері , аудандық медицина бірлестігі, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық білім бөлімі, телекоммуникация бөлімі, әділет басқармасы , қала мектеп ұжымдары белсенділікпен қатысып, ерекше аталып марапатталды.

Қыздар арасында сәулет, қала және құрылыс бөлімі қызметкері Серікқызы Айгерім 5.41 жылдамдықпен бірінші , ә\б 2017 Сарсебаева Нұржанат 5.42 жылдамдықпен екінші, Гагарин орта мектебінен Төлеугітова Динара 5.43 жылдамдықпен үшінші орындарға ие болып мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ұлдар арасында ә\б 2017 Қасенов Ерік 4.04 жылдамдықпен бірінші, ә\б 2017 Қайрлин Серік 4.09 жылдамдықпен екінші, Дәуленов орта мектебінен Увалиев Елдос 4. 012 жылдамдықпен келген үшінші болып келіп, марапаттауға ие болды.

Ардагер спортшылар арасында АШМ бөлімінің астығы Молдаханов Т , осы бөлімнің мамны Тлегенов Т , аудандық медициналық бірлестігі бөлімінің әйелдер дәрігері Қорабаева Майшекер , Аудандық білім бөлімінің мамандары Жұмабаева, К. Сазанбаева марапатталды.

Бұқаралық жүгіріске барлығы 352 адам қатысты.

20. 2010 жылдың 13,14 мамыр күндері Зайсан ауданы Қаратал ауылында көкпар ойынынан Облыс әкімі жүлдесі үшін өткізіліп отырған XIV Халық ойындары бағдарламасы бойынша аймақтық ойындары өткізілді.

Аймақтық ойынға Тарбағатай, Көкпекті, Күршім, Катон-Қарағай аудандары қатысты. Ойын нәтижесі бойынша

I орын Тарбағатай ауданы
II орын Көкпекті ауданы

III орын Зайсан ауданы

IV орын Күршім ауданы

V орын Катон-Қарағай аудандары бөлісті.

21. 2010 жылдың 14 мамыр күні Зайсан қаласының Гагарин атындағы мектебінде шахматтан мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша төмендегі мектептер жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. «А» тобы бойынша :

1-орын Қаратал орта мектебі

2-орын М. Әуезов мектебі

3-орын Гагарин мектебі.

«Б» тобы бойынша : 1-орын Қазақстан мектебі.

2-орын Мұжықсу мектебі.

3-орын Амангелді мектебі.

22. 2010 жылдың 14 мамыр күні Зайсан қаласының Гагарин атындағы мектебінде тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа ауданнан және ауылдық округтерден барлығы 19 мектеп қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша төмендегі мектептер жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
«А» тобы бойынша:

1-орын Ломоносов мектебі

2-орын Гагарин мектебі

3-орын Мұстафина мектебі

4-орын М. Әуезов мектебі

«Б» тобы бойынша

1-орын Амангелді мектебі

2-орын Көгедай мектебі

3-орын Қазақстан мектебі

4-орын Октябрь мектебі

23. 2010 жылы 15-16 мамыр күндері аралығында Зайсан қаласының орталық алаңында жеңіл атлетикадан мектеп оқушыларының аудандық жарысы болып өтті. Жеңімпаздар Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша:

«А» тобы бойынша : 1-орын М. Әуезов мектебі

2-орын Ломоносов мектебі

3-орын Қаратал орта мектебі.

«Б» тобы бойынша : 1-орын Қазақстан мектебі.

2-орын Кеңсай мектебі .

3-орын Көгедай мектебі .

24. 2010 жылдың 16 мамыр күні «Спорт-нашақорлыққа қарсы» айдарымен қала мектептерінің 6-сынып оқушылары арасында жарыс өткізілді. Жарыста дойбы, кермеге тартылу, шалқадан жатып денені көтеруден ойын түрлері бойынша өтті. Жеңімпаздар Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Кермеге тартылу

1- орын Ткаченко Олег Ломоносов мектебі.

2- орын Айткенов Нұрасыл Гагарин мектебі.

3- орын Айшабеков Дауленов мектебі.
Шалқадан жатып денені көтеру (пресс)

1 -орын Харитонова Валерия Ломоносов мектебі.

2-орын Қойшыбаева Аяулым Мустафин мектебі.

3-орын Шестакова Ксения Әуезов мектебі.






  1. п/п

    Виды спорта

    13 – е игры (2009г.)

    Коэффицент 1,5

    Легкая атлетика

    Казакша курес

    Гиревой спорт

    армрестлинг

    Тогыз кумалак

    шахматы

    шашки

    Настольный теннис

    Жорга – жарыс 7 км

    Аламан - байга 25 км

    Байга 15 км

    Байга 10 км

    Байга 3.2 км

    рысаки

    Тенге алу

    Кыз куу


    Сумма очков

    МЕСТО

    Волейбол қыздар

    Волейбол ұлдар

    футбол

    кокпар

    аударыспак


    ГОРОДА И РАЙОНЫ

    11

    Зайсанский

    9

    13-16

    11,25

    9-12

    17,25

    13-16

    11.25

    7-9

    21

    10

    18

    14

    8

    16

    6

    6

    16

    12

    10

    7

    15

    14

    8

    9

    13

    8

    14

    5

    17

    X

    X

    7

    15

    10

    12

    6

    16

    10

    12

    9

    13

    211.25

    11
    2010 жылдың маусым айының 8-12 күндері Өскемен қаласында және Глубокое ауданы Винное ауылындағы ат спорты ипподромында Шығыс Қазақстан облысы әкімі жүлдесі үшін XIV халықтық спорт ойындарының Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған спартакиадасына Зайсан ауданы спортшылары қатысты. Спорттың барлық түрі бойынша облыстық халықтық спорт ойындары бас төрешісі облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығы Асқар Можановтың төрағалығымен шығарылған ойындар қорытындысы.


26. 2010 жылдың 19 маусым күні Зайсан қаласында «Нұр» шаруа қожалығының директоры Келгенбаев Ербол Ажықанұлының ұйымдастыруымен ашық біріншілікте волейболдан медицина қызметкерлерінің күніне арналған аудандық жарыс болып өтті. Барлығы 14 команда қатысты. Жеңімпаздар мен ерекше ойын өрнегін көрсеткен командалар «Нұр» шаруа қожалығы сыйлықтарымен марапатталды.

27. 2010 жылы маусым айының 21-28 аралығында 1999-2000 жылғы туған жасөспірімдер арасында футболдан спорт мектептері арасында облыс біріншілігі өтті. Зайсан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас футболшылары жүлделі 2-орын алды. 1-орынды Өскемен футбол мектебі, 3-орынды Үржар ауданы иеленді.

Ең үздік қақпашы болып Мақсат Оралханов, ең үздік шабуылдаушы болып Фараби Мұхтаров (Зайсан спорт мектебінің шәкірттері) атанды.

28. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық -әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілген. Менің мамандығым оқытушы-мұғалім болғандықтан, Жолдаудағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да қазақ «Тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі» - деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихатту шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру-біздің міндетіміз. Жолдауда «Дені сау ұлт» - инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығы- «Балалық шақтан бастап дене шынықтыру» мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек- делінген. Осы мақсатта жас ұрпақты дене шынықтыру мен спортқа тартып тәрбиелеуде аудан мектептерін мақтанышпен айтуға болады. Осының дәлелі ретінде облыста өткен «V жазғы оқушылар спартакиадасына» аудан намысын қорғауға 60-тан артық оқушы қатысып, спорт ойындарының 5 түрінен өнер көрсетіп, бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша волейбол қыздар, ұлдар командалары Кеңсай, Айнабұлақ мектептерінен жасақталып 5- орын 24 ұпай (Е. Саматаев, Д. Сасбаев, С. Серікбаева), қол күресі 2-орын 27 ұпай (С. Мамырбеков, Д. Набиев), баскетбол ұлдар сартерек мектебінен жасақталып жүлделі 1-орын 30 ұпай (Қ. Жакупов, С. Серікбаева), жазғы бағдарлау бойынша қала метептерінен жасақталған команда 4 – орын 22 ұпай (О. Бисаров,Е. Нұғыманов) жетістіктерге қол жеткізді.

Қорыта келгенде V жазғы облыстық оқушылар спартакиадасы қорытындысы бойынша Зайсан ауданы командасы жүлделі 2-орынды еншіледі. Бұл көрсеткіш 2008 жылғы спартакиадасымен салыстырғанда бір саты жоғарғы дәрежеде Облыс шеңберінде жарысқа қатысып, өзіндік үлес қосқан жас спортшыларға және команда жаттықтырушылары мен жетекшілеріне облыстық аудандық білім және спорт бөлімдері атынан алғыс жарияланып, марапатталды.

29. 2010 жылы шілде айының 21-28 аралығында 1999-2000 жылғы туған жасөспірімдер арасында футболдан спорт мектептері арасында облыс біріншілігі өтті. Зайсан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас футболшылары жүлделі 2-орын алды. 1-орынды Өскемен футбол мектебі, 3-орынды Үржар ауданы иеленді.

Ең үздік қақпашы болып Мақсат Оралханов, ең үздік шабуылдаушы болып Фараби Мұхтаров (Зайсан спорт мектебінің шәкірттері) атанды.

30. 2010 жылы 9 шілде күні Зайсан қаласының тумасы құрметті азаматы, Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Уәли Керімбаетың «100 жылдығына» арналған жастар арасында волейболдан жарыс өтті. Бұл жарысқа ауданнан 8 команда қатысты. Жарыс екі топқа бөлініп, жеңімпаз командалар анықталды. –орын Алтай Энергия, 2-орын Шілікті № 1, 3-орын Шілікті № 2.

Жеңіске деген құштарлығы үшін Айна-Бұлақ командалары Жеңіс тұғырынан көріне білді. Ойын барысында жақсы нәтиже көрсеткен «Үздік шабуылдаушы» Жұртбаев С, «Үздік байланыстырушы» Иманқұлов Ж, «Үздік тосқауылдаушы» Чажаев А және төрешілер Сасбаев Д, Иманбаев О, Ұйымдастырушылар Серікбаева С, Молдашев С, Сырбаев Е, Жакупов Қ арнайы грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

31.2010 жылы 9 шілде күні Зайсан қаласының тумасы құрметті азаматы, Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Уәли Керімбаетың «100 жылдығына» арналған жастар арасында қазақ күресінен жарыс өтті. 80 кг жоғары салмақ дәрежесінде 1-орын Қайролданов Бейбіт, 2-орын Жағыпанов Еркін, 3-орын Досмұханбетов Берік иеленді. 80 кг салмақ дәрежесінде 1-орын Қайролданов Сымбат, 2-орын Әбиев Жасұлан, 3-орын Қадырханов Фархат иеленді.

« Көңілді жазғы демалыстар»

32.Үстіміздегі жылдың 1-2 тамыз күндері қаладағы орталық жасанды футбол алаңында « Сайхан» спорт клубы қала мөлтекаудан командаларынан жасақталған студент жастар мен жасөспірімдер арасында жазғы демалысты көңілді өткізу, денсаулықты нығайту, жаңа оқу жылына жақсы көңіл- күймен бару мақсатында мини- футболдан турнир өткізді. Өте тартысты өткен жарыста I-ші орынды « Спартак», II- ші орынды « Олимп», III – орынды

« Сайхан» командалары жеңіп алды. Жеңімпаз команда мүшелеріне демеуші Ербол Келгенбаетвың ақшалай сыйлықтары табыс етіліп, білім бөлімінің және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің грамоталары тапсырылды. Қатысушылар жарыстан өте жоғары әсер алып қайтты.

33. 2010 жылдың 14 тамыз күні «Қазақстан Республикасы Конституциясының» 15 жылдығы мен «Спорт күніне» арналған спорттың он түрінен спартакиада өткізілді.( волейбол, футбол, теннис, қазақ күресі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, гир көтеру, жеңіл атлетикалық жүгіріс, армрестлинг ) .Жарысқа қала , ауылдық округтері командалары түгелдей қатысты.Осы мерекеге орай салтанатты жиын өткізіліп, аудан әкімінің орынбасарлары Р. Сансызбаев, О. Ақтекеновтер спортшыларды мерекелерімен құттықтап, ардагер спортшыларға, үздік жаттықтырушыларға аудан спортын дамытуға қосқан үлестері үшін аудан әкімінің, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің марапаттау қағаздарын табыс етті.

. Жалпы командалық есеп бойынша I –ші орынды Қаратал а/округі, II-ші орынды Шілікті а/ округі, III- ші орынды Қарабұлақ а/ округі командалары жеңіп алды. Жүлделі орын алған споршыларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама қағазы және де ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Похожие:

2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» icon2. Олимпиадалық спорт түрлерінен 2009 жылдың «Үздік спортшысы» номинациясы бойынша 10 спортшы
Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2009 жыл қорытындысы бойынша Спорт саласы мамандарын салтанатты...
2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» iconҚарғалы ауданының азаматтық бюджеті – 2012 жыл
Аудан әкімі – Сагиев Айбек Игілікұлы, осы лауазымды 2010 жылдың мамыр айынан бастап атқарады. Қарғалы ауданы (Ленин) 1966 жылдың...
2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» iconМектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011»
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» байқауы өткізіледі. Сұраныс 12 сәуірге дейін қабылданады
2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген
Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру туралы Оперативтік...
2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» iconКурчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы курчатов қаласы, 2010 жыл
Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының...
2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» icon«думан» осо ақ-ның МҰхитаралы бойынша 1 – 11 сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламасы
С ерекшеліктері мен мекендейтін жерлерімен таныстырады. Мектеп оқушылары тірі жүйелермен
2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» icon2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат
Алматы облысының коммуналдық меншіктегі нысандарын басқару мен жекешелендіру жұмыстары Алматы облысының қаржы басқармасымен жүргізіледі....
2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» icon2012 жылдың қаңтар айындағы Астана қаласының инфляция деңгейі
Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі 2012 жылдың қаңтарында 2011 жылдың желтоқсаны деңгейінде 100,4 құрады,...
2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы» iconҚарғалы ауданының азаматтық бюджеті – 2012 жыл (2012 жылдың 1 мамырына нақтыланған бюджет)
Аудан әкімі – Ибрашов Мәлімбет Ерғалиұлы, осы лауазымды 2012 жылдың сәуір айынан бастап атқарады. Қарғалы ауданы (Ленин) 1966 жылдың...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница