Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»




Скачать 145.81 Kb.
НазваниеЗайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»
Дата конвертации26.11.2012
Размер145.81 Kb.
ТипДокументы
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама.
Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңында:-«Жергілікті өкілді орган- аудандық мәслихат ауданның халқы cайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган»- деп жазылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұр Отан ХДП» партиясының он екінші сьезінде сөйлеген сөзінде мәслихаттардың, депутаттардың, партиялық фракциялардың жұмыстарына ерекше тоқталып, олардың жергілікті жерде туындаған мәселелерді шешуде өзін - өзі басқару органы ретіндегі белсенділігін арттыруға ерекше мән бергені баршаға белгілі. Қазіргі уақытта Конституциямызбен, жергілікті мемлекеттік басқару Заңымен, басқа да заңнамалық актілермен мәслихаттарға жеткілікті өкілеттіктер берілген. Мәслихаттардың материалдық-техникалық базасы, аппарат құрылымы айтарлықтай жақсарды. Оның сыртында екі депутат тұрақты негізде жұмыс жасайды. Әрине мәслихатқа қаншама заң жүзінде өкілеттілік берілсе де, ол осы өкілеттіктерін нақтылы іс жүзіне асыруда депутаттар белсенділікпен нақтылы жұмыс атқарса ғана жұмыс алға басып, аумақтық бірліктегі халықтың жағдайы жақсарып, мәслихат депутаттарының беделі артады. Сонымен бірге мәслихат өзінің бақылау функциясын нығайта отырып, жергілікті атқарушы органдармен, орталық органдардың жергілікті құрылымдарымен бірлесе отырып жұмыс істесе жұмыс нәтижелі болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Өйткені Президентіміздің, «Нұр Отан ХДП» партиясының барлық билік тармақтарының алдына қойған мақсаты біреу ғана ол - халқымыздың әл ауқатын одан әрі арттыру

Аудандық мәслихаттың негізгі жұмыс нысаны сессия болып табылады.

2009 жыл көлемінде аудандық мәслихат төрт сессия өткізу жоспарласа 2009 жыл көлемінде жеті сессия өткізілді.

Оларға жеке жеке тоқталсақ :

Зайсан аудандық мәслихатының 23 қаңтар 2009 жылғы он бірінші сессиясы кеңейтілген түрде өткізілді.

Оған облыс әкімі бастаған облыстағы барлық департаментер басшылары қатысты.

Сессияға аудан активтері мен бірге аудандағы халықтың барлық жіктерінің өкілдері шақырылып жиыны алты жүздей адамдар қатысты.Сессияның күн тәртібіне бір мәселе «Зайсан ауданының әлеуметтік және экономикалық дамуының 2008 жылғы қортындысы және алда тұрған міндеттер туралы аудан әкімінің қортынды есебі» ұсынылып, тыңдалды. Ауданның 2008 жылғы тыныс тіршілігіне талдау жасалып, алға жаңадан міндеттер белгіленді. Сессия жақсы дәрежеде өтті.

Зайсан аудандық мәслихаты 12 ақпан 2009 жылы кезектен тыс он екінші сессиясын өткізіп онда «Зайсан ауданының 2009 жылға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселені қарады.Сессияға депутат Е.Келгенбаев төрағалық етті.

Аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 23 сәуірінде өткен он үшінші сессиясында он алты мәселе қаралды. Атап айтқанда:

«Зайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы» аудандық қаржы бөлімінің бастығы В.В.Завлконың баяндамсы тыңдалды.Сонымен қатар осы мәселе бойынша аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының қосымша баяндамасы тыңдалып, бюджеттің орындалуы туралы есеп бекітілді.

Биылғы жылы бұрын мәслихат сайлаған сайлау комиссиялардың құрылғанына бес жыл толып өкілеттігі бітуіне байланысты Зайсан аудандық аумақтық , аудандық мәслихатқа депутаттарды сайлау жөніндегі округтік, учаскелік сайлау комиссияларын

2

сайлау туралы мәселе қаралып, сайлау комиссияларының мүшелері сайланды. Бұл аудандық мәслихат алдындағы атқарылатын үлкен шаралардың бірі. Өйткені алдағы сайлаулардың сапалы өтуі сайлау комиссияларының құрамдарының іскерлігіне тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Сайлау комиссиялардың құрамын жасақтау олардың қажетті құжаттарын жинау, сайлауға дайындау мақсатында адандық мәслихаттың жұмысшы тобы құрылып үлкен ауқымды жұмыстар атқарды.

Аудандық аумақтық, он үш округтік, отыз жеті учаскелік сайлау комиссияларына түрлі саяси партиялардың аудандық, облыстық құрылымдарынан, жоғарғы тұрған сайлау комиссияларынан, қоғамдық ұйымдардан төрт жүз сегіз кандидатуралар ұсынылып, алты саяси партиялар ұсыныстарымен үш жүз алты сайлау комиссия мүшесі сайланды. Қалған сайлау комиссияларының елу бір мүше адамдары жоғарғы тұрған сайлау комиссияларының , қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарымен сайланды. Бір жетінің ішінде осы сайлау комиссияларының бірінші ұйымдастыру жиналыстары өткізіліп оларды төрағалары, төрағаның орынбасарлары, хатшылары сайланды. Сайланған сайлау комиссияларының жаңа құрамы аудандық газет бетінде жарияланды. Электрондық нұсқасы жасалып Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Осы сессияда ауданымыздың өміріндегі аса маңызды бағдарламалар «Зайсан ауданында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы», «Зайсан ауданында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы», «Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» депутаттардың қызу талқылау жағдайында бекітілді.

Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы 2007 жылғы 19 қазандағы аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер жасалды.

Ауылшаруашылық құрылымдарының көктемгі егіс пен орақ науқанынын ойдағыдай жүргізу үшін Ведомоствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы мәселе қаралып ауылшаруашылық құрылымдарына көктемгі егіс және жинау науқандарына субсидия беруге ұсыныс жасайтын комиссия құрамы аудан әкімінің ұсынысымен бекітілді. Комиссия жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарды.

Сондай ақ аудан әкімінің ұсынысымен төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомоствоаралық аудандық комиссия құрамы жаңадан бекітілді.

Қазақстан Ресбупликасының биылғы жылдан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексіне байланысты бұрын қабылданған біраз нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады . Атап айтқанда Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құнындарын белгілеу туралы аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 10 қаңтардағы 17-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай ақ Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 29 сәуірдегі 19-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Зайсан ауданы аумағындағы салық төлеушілерге жаңадан тіркелген салық ставкалары бекітілді.

Сессияда аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау қортындылары қаралып тексеру актілері бекітілді. Тексеру комиссиясының 2009 жылдың екінші тоқсанынан арналған бақылау шараларының жоспары бекітілді.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер депутаттардың қызу талқылау жағдайында өткізілді.Сессияға депутат Е.Келгенбаев төрағалық етті.

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 20 шілдеде өткен он төртінші сессиясында он бір мәселе қаралды.

Зайсан ауданының экономикалық және әлеуметтік дамуының 2009 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша орындалу барысы туралы аудан әкімінің есебі тыңдалды.

3

Аудан көлемінде жарты жыл көлемінде атқарылған жатқан жұмыстар сараланып, жылды табысты аяқтау мақсатында атқарушы және өкілетті органдар алдында тұрған міндеттер белгіленді.

«Зайсан ауданының құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалу барысы туралы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының хабарламасы тыңдалды.

Бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қортындыланып, істелінбей жатқан жұмыстар атап көрсетіліп, шаралар белгіленді.

«2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасының» орындалу барысы туралы аудандық білім бөлімінің бастығы С.Әбдығалиеваның хабарламасы тыңдалды. Бағдарлама бойынша істелініп жатқан жұмыстарға баға берілді. Әсіресе жастар арасындағы тәртіп мәселесіне, мектептердегі қаржы тәртібінің сақталуына алдағы уақытта баса назар аудару ұсынылды.

Сесссияда аудан бюджетіне нақтылау жүргізілді. «Зайсан ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 10-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралып тиісті толықтырулар мен өзгерістер жасалды.

Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау қорытындылары, Зайсан аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының 2009 жылдың ІІІ тоқсанына арналған бақылау шараларының алдына ала жоспары бекітілді.

Ауылдар жұртшылығының пікірі негізінде аудан әкімінің ұсынысымен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылдық округі, Октябрь ауылының атын қайта атау туралы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Дайыр ауылдық округінің «Мұжықсу шағын жинақталған орталау мектебі» мемлекеттік мекемесінің атын қайта атау туралы. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылдық округінің «Октябрь шағын жинақталған орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің атын қайта атау туралы мәселелер бойынша аудандық мәслихат пен әкімдіктік бірлескен шешім және қаулылары қабылданды. Бірлескен шешім және қаулылар тйісті құжатарымен облыстық мәслихат пен әкімдікке жіберілді. Аудандық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясына депутат Ә.Орынбаев төрағалық етіп,сессияны дайындау, өткізу және құжаттарын рәсімдеуде үлкен белсенділікпен, жауапкершілікпен жұмыс істеді.

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 қазандағы он бесінші сессиясында

16 мәселелер қаралып тиісті шешімдер қабылданды.

Зайсан ауданының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының аймақтық бағдарламасының орындалу барысы туралы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы М.Уәлидің есебі тыңдалып атқарылып жатқан оң жұмыстар атап көрсетіліп, осы саладағы кейбір кемшіліктерді жөндеу ұсынылды.

Жастармен жұмыс жөніндегі Зайсан ауданы бойынша 2009-2010 жылдарға арналған бағдарламаның орындалуы барысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығының есебі тыңдалды. Келешекте жастар жөнінде жаңа бағдарлама жасау кезінде депутаттардың кейбір ұсыныстарын ескеру ұсынылды.

2009 жылы Жол картасы бағдарламасы бойынша аса маңызды жұмыстар атқарылды. Осыған байланысты осы бағдарламаның аудан көлемінде орындалуы барысы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Б.Қинашевтің хабарламасы тыңдалды. Аудан көлемінде жол картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріліп осы бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы және мерзімінде аяқтау тйісті бөлім басшыларына ұсынылды.

4

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің өзгеруіне байланысты және мәслихат жұмысын ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру мақсатында аудандық мәслихаттың Регламентіне, Зайсан аудандық мәслихатының аппараты мемелекеттік мекемесі Ережесіне осы сессияда біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп заңдарға сәйкестендірілді.

Осы сессияда аудандық бюджет комиссиясының жаңа құрамы аудан әкімінің ұсынысымен бекітілді. Аудандық бюджет комиссиясының құрамына үш депутат енгізілді.

Сессияда аудандық бюджетті нақтылау мақсатында аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаржы дағдарысына байланысты кейбір әкімшілік шығындар азайтылды. Үнемделген шығындар әлеуметтік салаларға қосымша жоспарланды.

Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының сыртқы бақылау актілері тоқсан сайын бекітіліп отырылады.Осыған байланысты тексеру комисиясының актілері, төртінші тоқсанға арналған бақылау шаралары бекітілді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, Аудандық қорғаншылық және қамқоршылық комиссиясының жаңадан құрамдары бекітілді.

Сондай ақ осы сесияда Зайсан ауданының әкімшілік аумақтық бірліктеріне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралып аудан әкімдігімен бірлескен шешім және қаулы қабылданды.

Сессияға депутат М.Кәрібаев төрағалық етті.

2009 жылғы 24 қарашада өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясында ауданның 2009 жылға арналған бюджетіне нақтылау жасалып, облыстық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес қаржы дағдарысына байланысты республикалық кейбір трансферттер қайтарылды. Сессияға депутат М.Әнуаров төрағалық етті.

Жалпы 2009 жыл көлемінде бүгінгі сессияны қосқанда жеті сессия өткізіліп, қырыққа таяу аудан үшін маңызды шешімдер қабылданды.Жылға жоспарланған барлық мәселелер қаралды.

Қабылданған мемлекеттік тіркелуге жататын 8 шешімдер әділет басқармасына уақытында тіркеліп, аудандық Достық газетінде жарияланды. Әсіресе аудан халқы үшін аса маңызды нормативтік құқықтық акт аудан бюджеті туралы мәслихат шешімдерін қысқа мерзімде тіркеп отырған юстиция басқармасына, уақытында газет бетінде жариялап отырған Достық газетінің редакциясына рахметімізді айтамыз.

Мәслихат шешімдері орындалуымен құнды. Сондықтан шешімдердің орындалуы тұрақты комиссиялардың, мәслихат аппаратының бақылауына қойылған. Қабылданған шешімдердің, бағдарламалардың орындалу барысы тұрақты комиссия отырыстарында тыңдалып отырылды.

Мысалы «Әлеуметтік даму және тұрғындар мүддесін қорғау жөніндегі» тұрақты комиссиясында комиссия төрағасы депутат М.Әнуаровтың төрағалық етуімен Зайсан ауданы бойынша 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің бастығы С.Молдашевтің есебі тыңдалды. Бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жылдары бағдарлама бойынша атқарылатын жұмыстарға назар аударылып, осы сала бойынша жұмыстарды жақсарту ұсынылды.

Бюджет және экономикалық реформа жөніндегі тұрақты комиссияда комиссия бастығы депутат А.Самарқанованың төрағалық етуімен Зайсан ауданы бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің


5

меңгерушісінің міндетін атқарып жүрген М.Қайрақбаевтың есебі тыңдалып жұмысты одан әрі жақсарту жөнінде ұсыныстар жасалынды.

Мандат, депутаттық этика және заңдылық істер жөніндегі тұрақты комиссияда комиссия төрағасы депутат Ө.Нұрасыловтың төрағалық етуімен Зайсан ауданының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы аудандық құрылыс бөлімінің бастығы

М.Көкеновтың есебі тыңдалып жеке меншік тұрғын үй салушылармен түсінік жұмыстарын жақсарту жөнінде ұсыныс жасалынды.

Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялар отырыстарында қаралып, қызу талқыланып, ұсыныстар жасалып, сонан кейін ғана сессия қарауына жіберіліп отырылды.

Кең талқылауды қажет ететін кейбір мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың жеті бірлескен отырыстары өткізілді.

Сондай-ақ мәслихат шешімдерінің, бағдарламалардың орындалуы туралы сессияларда да тыңдалып отырылды, ол жөнінде жоғарыда айтылды.

Аудандық мәслихаттың тағы бір бақылау функцияларының бірі - ол қаржы бақылау болып табылады. Бұл бағытта аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы аудан бюджетінің орындалуын үнемі назарда ұстап, айына екі рет бюджеттік мекемелерге тексеру жүргізуде. Тексеру қортындылары туралы тексеру комиссиясының есебі тоқсан сайын сессияларда тыңдалып, бақылау актілері бекітіліп отырылды.

Жыл көлемінде аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы 16 бюджеттік мекемелерге сыртқы қаржы бақылауын жүргізіп 6 436 290 теңгенің қаржы тәртібін бұзушылығын анықтады. 2 000 154 теңге бюджет қаржысы қалпына келтірілді. 3 383 392 теңге қалпына келтірілуде. Тексеру комиссиясының алдында алдағы уақытта да үлкен міндеттер тұр. Себебі бюджет нәтижеге бағытталғандықтан, бюджет қаржысының әрбір теңгесінің нәтижелі жұмсалғанын нақты анықтай білу үлкен біліктілікті қажет етеді. Стратегиялық жоспарларда мекемелер алдына қойылған мемлекеттік міндеттердің орындалуын саралап тйісті қортынды жасау міндеті тұр.

Мәслихат депутаттары сайлау алды бағдарламаларында аудан халқының талап тілектерін ескере отырып жиыны 170 әртүрлі мәселелерді шешуді алдарына мақсат етіп қойған болатын.

170 әртүрлі мәселелер бір жылда шешіле қоймайды. Сондықтан оларды аудан

әкімімен келісе отырып депуттық өкілеттік мерзім көлемінде жыл- жылға бөліп орындау жөнінде жоспар жасалып, тиісті салалар бойынша аудан әкімінің орынбасарларының бақылауына жіберілді. Бірақ осы жоспарға қарамай екі жыл көлемінде ғана жиыны 100 мәселе шешімін тапты, 70 мәселенің орындалуы келесі жылдарға жоспарланған.

Депутат М.Бошақов сайлау алды бағдарламасында маңызды алты мәселе көтерсе оның төртеуі орындалды біреуі орындалуда біреуі келешекте орындалады.

Депутат З.Дүйсенбаеваның бағдарламасындағы жиырма үш мәселенің оны орындалды

Депутат Б.Қошпановтың көтерген сегіз мәселесінің алтауы орындалды, екеуі орындалған жоқ.

Депутат А.Самарқанованың он үш мәселесінің оны орындалды, үшеуі орындалуда.

Депутат Ә.Орынбаевтың көтерген тоғыз мәселесінің алтауы орындалды үшеуі орындалған жоқ.

Депутат Н.Бейсеновтың көтерген он үш мәселесінің оны орындалды, біреуі орындалуда, екеуі орындалған жоқ.

6

Депутат Е.Келгенбаевтың жиырма бір мәселесінің он екісі орындалды, тоғызы

орындалған жоқ.

Депутат Қ.Чайқыновтың он бес мәселесінің үшеуі орындалды, он екісі орындалған

жоқ.

Депутат Ө.Нурасыловтың он үш мәселесінің он бір мәселесі орындалды.

Депутат М.Кәрібаевтың он төрт мәселесінің сегіз мәселесі орындалды.

Депутат Т.Дүйсенбаевтың он сегіз мәселесінің алты мәселесі орындалды, біреуі орындалуда.

Депутат Қ.Аңқабаевтың он бір мәселесінің бесеуі орындалды.

Депутат М.Әнуаровтың бес мәселесінің бесеуі орындалды.

Биылғы жылы Жол картасы бағдарламасы бойынша депутаттардың сайлау алды бағдарламаларындағы біраз міндеттер орындалды. Осы бағдарлама бойынша Ломоносов мектебіне 9 млн 424 мың, М.Дәуленов атындағы мектепке 4 млн мың , № 1 бала бақшасын жөндеуге 8 млн, аудандық кітапхана ғимаратына 10 млн, Сартерек мектебіне 20 млн 570 мың Мүкарама атындағы мектепке 17 млн 190 мың теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай ақ мәдени обьектілер Шілікті ауылының клуб үйіне 34 млн 936 мың, Кеңсай ауылының клуб үйіне 24 млн 609 мың теңге, Қарабулақ ауылының клуб үйіне 4 млн , Қаратал ауылының клуб үйіне 5 млн 266 мың,Жамбыл клуб үйіне 3 млн теңгенің жөндеу құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Қаланың көркейту жұмыстарына 12 млн 357 мың, «Астана көшесін жарықтандыруға 3 млн 540 мың теңге, Зайсан Саржыра Полхоз жолын жөндуге

92 млн 98 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылды.

Жол картасы бағдарламасы бойынша облыстық бюджет арқылы денсаулық саласы обьектілерін жөндеуге 27,8 млн теңге ақша бөлініп, төрт нысанға құрлыс жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық мәслихат депутаттары да Жол картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы және уақытында аяқталуына өзіндік үлестерін қосты. Депутаттық топтар құрылып, ай сайын рейдтер ұйымдастырылды.

Алдағы жылы да жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Депутаттар сайлаушылармен тоқсан сайын кездесулер өткізіп отырады. Аудандық газет бетінде жарияланған кесте бойынша қабылдаулар жүргізуге депутаттар ерекше мән беруде.

Сонымен бірге Нұр Отан партиясының қабылдау бөлмесінде депутаттар он екі қабылдау жүргізді.

Осы кездесулер мен қабылдаулар қорытындысы бойынша сайлаушылардың талап тілектерін шешу мақсатында тиісті орындарға 42 депутаттық сауалдар жолданып олардың орындалуы қадағалануда.

Депутаттық сауалдарға мән беріп олардың мүмкіндігінше олардың орындалуын қаматамасыз етіп отырған аудан әкіміне, орынбасарларына, бөлім басшыларына,қала ауыл әкімдеріне, мекеме басшыларына ризашылығымызды білдіреміз.

Әсіресе № 11 Қаратал сайлау округінің депутаты Т.Дүйсембаевтың бұл бағыттағы жұмысы айтарлықтай. Қаратал ауылындағы бос тұрған бұрынғы ескі әкімшілік отырған ғимараттын өз күшімен жөндеп, ішіне қажетті мебельдерді, компьютер және басқа кеңсеге қажетті құрал жабдықтарды сатып алып, депутаттың сайлаушыларды қабылдау кеңсесін жасады. Қабылдау кеңсесіндегі іс жүргізуші маман күнделікті сайлаушылармен жұмыс жүргізеді. Депутат жасалынған жұмыс жоспары бойынша ауылдағы барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланыс жасап ауылдың барлық тыныс тіршілігіне араласып отырады. Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып ауыл жолдарын, көпірлерін жөндеуге өзіндік үлесін қосты. Депутаттық жұмысқа байланысты белгілі бір үлгідегі іс қағаздары жүйесі жасалған. Депутаттың қабылдау


кеңсесінде мәслихат депутаттарының депутаттық оқу семинары өткізіліп депутаттар өз ара тәжірибе алмасып, депутаттың осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары жөнінде

республикалық Мәслихат журналында кең көлемінде жазылды. Мәслихат жұмысын жақсарту мақсатында басқа мәслихаттармен өз ара тәжірибе алмасу үшін Республикалық Мәслихат журналымен тығыз байланыс орнатылған. Журнал бетінде аудандық мәслихат жұмысы туралы мақалалар, депутаттарымыздың фота суреттері жарық көрді. Сондай ақ депутаттардың жұмысы туралы республикалык газетте бір, облыстық газетте үш , аудандық газетте жиырма мақалалар жарияланды.

Орталық елді мекендердегі жыл көлемінде өткізілген мерекелік жиындардың мәнді де мағыналы өтуіне депутаттар ат салысып, барлығы дерлік мүмкіндігінше әр түрлі мерекелік және басқа да шараларға демеушілік көмек жасап ел рахметін алып жүр. Әсіресе Жаңа жыл, Наурыз мейрамдары,мектептердегі алғашқы,соңғы қоңырау мерекелері, Тәуелсіздік күні мерекелері депутаттардың белсенді түрде қатысуымен өткізілді.

Депутаттар аудандағы азық- түлік бағаларын ырықтандыруға аудан әкімшілігімен бірлесе отырып біршама жұмыстар атқаруда.

Аудан мәслихатқа жыл көлемінде тұрғындардан 42 өтініштер түсті. Олардың 31 қанағаттандырылды, 11 басқа органдардың қарауына жіберілді.

24 адам ауызша қабылдауларға келіп өтініш жасады, олардың 24 қанағаттандырылды.

Депутаттардың заңнамалық білімдерін жетілдіру мақсатында тоқсанына бір рет депутаттық оқулар өткізілді.

Аудандық мәслихаттың биылғы жылы атқарған жұмыстарының негізгілері осындай. Алдағы уақытта да өз жұмысымызды одан әрі жақсартып, депутат болып сайланғаннан кейін халық сенімін толық ақтап шығу үшін жұмыс істейміз.

Похожие:

Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» iconАудандық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» iconКодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және «Батыс...
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» iconЖоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының...
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» icon«Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру Қағидасын бекiту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысының жобасы қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының...
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» iconЖұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының...
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» iconКезектен тыс VІ сессия «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2011 жылғы
Бюджет кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 109 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті...
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметiнiң регламентiн бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының...
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» iconКачир ауданы әкімінің аппараты
Ылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Занының 31-бабына, Қазақстан...
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» iconКодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджеттік Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница