Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі




Скачать 161.54 Kb.
НазваниеЗайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі
Дата конвертации26.11.2012
Размер161.54 Kb.
ТипДокументы


Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан

тұрғындары алдындағы 2008 жылдың

қорытындысы бойынша есебі.
Құрметті облыс әкімі, депутаттар, жиынға қатысушылар!
Ел Президентінің Жарлығымен әр деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебі халық пен мемлекеттік органдардың мақсатын біріктіріп, атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырды.

Президент Жолдауы мен жарлықтарын, Үкімет, облыс әкімінің қаулыларын орындау жолында ауданда 13 кешенді бағдарлама қабылданып, іске асырылуда. Облыс әкімінің шұғыл және перспективалы тапсырмалары күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынып, сапалы орындалуы қамтамасыз етілуде.

Өткен жылғы табиғаттың қуаңшылығы, әлемді шарпыған дағдарыстың кері әсерлеріне аудан халқы өзінің еңбекқор-іскерлігін, бірлігін, ұйымшылдығын қарсы қойып, аянбай еңбек етті. Нәтижесінде дамудың барлық саласында алға қойған міндеттер мен көрсеткіштерді орындап шығуға қол жеткіздік.
Ауылшаруашылығы
Аудан экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан ол жалпы өндірілетін өнімнің 72,8%, оның ішінде 75,1% мал шаруашылығы, 24,9% өсімдік шаруашылығы өнімдері құрайды. Өткен жылы бұл салада өндірілген өнім бұрынғыдан 4,2% -ға артып, 4 млрд. 159 млн. теңгені құрады. Барлық қаржы көздерінен 319,8 млн. теңге субсидия, несиелер, қосымша қаржылар игерілді. Соның ішінде 50,6 млн. теңге мал шаруашылығына, 38,43 млн. теңге өсімдік саласын дамытуға субсидия берілді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 3,2 млн. теңге, «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорынан» 6,0 млн. теңге несие алынды. Машина-трактор парктерін, тамақ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын техникамен жарақтандыруға 48,3 млн. теңгенің инвестициясы тартылды.

Өңдеу өнеркәсібін жарақтандыруға 30 млн. теңге жұмсалды. Кендірлік су бөгетін қалпына келтіруге соңғы 2 жылда 219,0 млн. теңгенің қаражаты игерілді, Шаруа қожалықтарына 524 тонна арзан жанар май жеткізіліп берілді. Өсімдік зиянкестеріне қарсы 7143 га жерге химиялық өңдеу жұмысы жүргізілді. 1 шартты малға 13,4 ц. азықтық өлшемге сай, 110 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалып, мал басын азайтпай, қыстамадан шығуға алдыңғы шарт жасалды.

6 су кооперативі құрылып, олар суландыру мекемесімен 7,2 млн. теңгеге келісімшартқа отырды. Келісімшарт сапалы орындалды. Көктемде шаруалар суландыру мекемесімен бірлесіп, 20,1 км суландыру тоғандарын тазалап, 2 су бөлгіш қондырғысын жөндеп, іске қосты. Нәтижесінде бұрын су жетпей қалған Дайыр округіне қарасты Торбие учаскесінде 950 га жерге егін егілді. Осы тағы басқа да көптеген ұйымдастыру шараларының нәтижесінде өткен жылы егіс көлемі 1142 га ұлғайды. Ауа райының қолайсыздығына қарамай 2183 тн. дәнді астық, 458 тн. соя, 2634 тн. күнбағыс, 12300 тн. картоп, 7181 тн. көкөніс, 125 тн. бақша өнімдері өндіріліп, аудан халқы негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етілді.

Былтырғы қыс айларында ауданда негізгі азық-түлік бағасының ырыққа көнбей, қымбат болғаны белгілі. Оған арадағы делдалдардың да ықпалы зор болды. Делдалдарды азайтып, бағаны тұрақтандыру, тауар өндірушілерге өндірген өнімін өзі саудалауға жағдай жасау мақсатында муниципалды базар салынып, іске қосылды. Ауыл шаруашылық өнімдерімен халықты жыл көлемінде қамтамасыз ету үшін Үкіметтен субсидия алған 42 шаруалармен 3-жақты (әкім, шаруа, ауыл шаруашылығы бөлімі) келісімшарт жасалып, көкөніс сақтауға 5 жаңадан шағын қоймалар салынды, бұрынғылары жөнделіп, жиыны 19 қоймада, 215 т. көкөніс, 175 т. картоп сақталып, өнімдер жоспарлы түрде саудалануда.
2009 жылдың 1 қаңтарына ауданда 57263 бас ірі қара, 146803 қой-ешкі, 10820 бас жылқы, 30 түйе, 190 марал өсірілуде, 2007 жылмен салыстырғанда мал басының саны өсті. Осы малдан 9969т. ет, 36714 т. сүт, 215 жүн өндіріліп, 2007 жылмен салыстырғанда 512 т. сүт, 11 тонна жүн, артық өндірілді.
Дегенмен ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдайларын толық пайдалана алмай отырмыз. Өсімдік шаруашылығын дамытпай, мал шаруашылығын өркендету мүмкін емес; ал суармалы жердің өнімі төмен, егін егудің технологиясы, топырақты тыңайту, агротехникалық, химиялық шаралар сапалы толық атқарылмайды. Алдағы уақытта ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2008-2012 ж.ж. арналған бағдарламаны жүзеге асыру міндеті тұр.
Соя өсірумен айналысатын «ВИТА-ИНДУСТРИ» компаниясына 1500, былтыр құрылған «Зайсан-Астық» тұтыну, өткізу кооперативіне 2000 гектар жер берілді. Мақсат ауданға техникамен жарақтанған ірі шаруашылықтарды, жаңа технологияны тартып, ұсақ шаруа қожалықтарды біріктіріп, кең көлемде іс атқару, мол өнім өндіріп, жем-шөптің берік қорын жасап, жеке адамдарға мал-құс өсіруіне жағдай жасап, ешкімді үгіттемей-ақ пайдалы іске жұмылдыру.
2008 жылы бюджеттен қаржы бөлініп, қаланың жерін аймақтарға бөлу жұмыстары жүргізіліп, аудандық мәслихатта ставкалары бекітілді. Осы жылдан бастап аудан бюджетіне жер сатудан және жерді жалға алудан түскен салықтардың сомасы аймақтарға байланысты көбейетін болады.

Биыл бұрындары жүрмеген Зайсан қаласының жеріне түгендеу жұмыстарына аудан бюджетінен қаржы қарап, жүргізбекшіміз. Ол аяқталғаннан жер учаскелерін пайдаланудағы келеңсіздіктер жойылып, заңдастырылатын болады.

Аудандағы малдың саны болса да сапасы төмен. Асыл тұқымды малдың үлесі, ұсақ малда -4,8 %, ірі қарада 2,1%, жылқыда 1,9% ғана болды. Өткен жылы қой өсіретін 2 шаруа қожалықтары асыл тұқым статусын алды, қалғаны қолда барын қанағат тұтуда. Үкімет тарапынан асыл тұқымды мал өнімдеріне қыруар қаржылай көмек берілетінін, оның шаруаға зор пайдасы барын түсінетін уақыт жетті.

Округтерде ашылған ірі қара малды қолдан ұрықтандыру бекеттерінің жұмысы ширамай, ауыл шаруашылық бөлімі мамандарының, қала, ауыл әкімдерінің бұл бағыттағы нақты жұмысы көрінбеуде.

2008 жылы малдың жұқпалы ауруына қарсы диагностикалық тексеру мен егу шараларына республикалық бюджеттен бөлінген 23 млн.160 мың теңге қаржы толық игерілді. Кеңсай округінде бруцеллездің әсерінен 995 бас қой-ешкі жойылып, иелеріне 6млн. 783 мың теңге қаржы төленді. Сауықтыру жұмысы аяқталып, ветеринарлық шектеу алынды. Керісінше Сартерек, Көкжыра ауылына шектеу қойылып, сауықтыру шараларын жүргізу биылғы жылға жоспарланды.

Осы және басқа кемшіліктерді жою, ауыл шаруашылық саласын дамыту, жыл көлемінде аудан әкімінің, мамандардың басты назарында болды. Алдағы уақытта да оған қатаң талаптар қойылып, жүзеге асырылуы күн тәртібінен түспейтін болады.
Өнеркәсіп саласы
2008 жылы 49,3 мың тн. таскөмір, 25 млн. 944 мың кВт сағат электр энергиясы, 3043 ГКал жылу энергиясын, 804 тн. балық өнімдерін, 366 мың литр минералды суы өндіріліп, қолданыстағы бағамен 952 млн. 177 мың теңгенің тауарлы өнімі өндірілді, бұл көрсеткіш өткен жылдан 1,6 есеге артты. Өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі ең жоғарғы үлесі (69,9%) жұмыскерлерінің саны 50 адамнан астам кәсіпорындар – ЖШС «Сайхан», «Зайсан» құрылыс компаниясы», «СМУ-Шығыс» ЖШС, «Балық Продукт Восток», «Тарбағатай –Мұнай» компаниясы ЖШС-іне тиесілі. Осы мекемелерден аудан бюджетіне 103 млн. теңге түсіп, өз кірісіміздің 30% құрады.

2007 жылы облыс әкімінің қаулысымен қабылданған «Субвенсиясыз қаржыландыруға шығу» бағдарламасына сәйкес іс-шаралар жүргізілді, жаңадан 322 жұмыс орын ашылып, бюджетке 21,5 млн. теңге қосымша қаржы түсті. Бұл жоспардың 38% құрады (56 млн.). Аудан кәсіпорындары дағдарыс әсеріне бой алдырмай тұрақты жұмыс істеуде.

Ел ниетіне табиғаттың өзі берген мұнай, газ көздерін барлау жұмыстарын аяқтап, өнімін өндіруге тезірек қол жеткізу – дамудың жаңа перспективасын ашпақ. Сондықтан осы жұмыстардың барысын үнемі назарда ұстап, нақты қолдау көрсету біздер үшін маңызы зор.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттің стратегиялық саясатының, Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың тыныс-тірлігіндегі маңызды және басты бағытының бірі.

2008 жылы 1942 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, олардан бюджетке 95 млн. 200 мың теңге салық алынып, алдыңғы жылға қарағанда көлемі 53 % артты, ол ауданның өз кірісінің 27,6% құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 559,3 млн.теңге болып, бұрынғы жылдан екі еседен астам өсті. Шағын кәсіпкерлікке 299,9 млн. теңгенің инвестициясы тартылды.

Шағын кәсіпкерлердің облыстық конкурсында «СМУ-Шығыс» ЖШС-і (Абжанов Қ.) «Ең көп жұмыс орнын ашқан кәсіпкер», «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-і (Нұрасыл Б.) «Құрылыс саласындағы ең таңдаулы» кәсіпорын деп танылып, облыс әкімінің жүлдесін алды.

Кәсіпкерлер арасында өткен аудандық конкурстың қорытындысында 19 кәсіпкер 8 номинация бойынша жеңімпаз аталынып, 22 кәсіпкерге марапат көрсетілді.

Үш кәсіпкеріміз «Даму» қорынан» екінші деңгейдегі банктер арқылы облыс бюджетінен 166,9 млн. теңге, «Қазына» қорынан» бір кәсіпкер 4,0 млн. теңге несие алды. Айнабұлақ, Дайыр, Қаратал, Сартерек округтері кәсіпкерлерінің 81 млн. теңгенің 9 бизнес-жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.

Президенттің тапсырмасына орай, Үкімет бекіткен дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары, облыс әкімінің тапсырмалары басшылыққа алынып, құнсыздандыру үрдістеріне бақылау жасау жөнінде құрылған аудандық штаб маңызды істер атқарды. Азық-түлік, жанар-жағар май, өндірістік тауарлардың бағасы «Достық» бетінде жарияланып отырды.

Аудандағы 7 ірі жанар-жағар май сатушылармен, 24 наубайхана, 26 сауда дүкені иелерімен аудан әкімі, 33 сауда дүкені, 14 наубайхана, 20-дан астам шаруа қожалықтарымен қала, ауыл әкімдері баға тұрақтандыруға келісімшарт жасап, нәтижесінде азық-түлік түрлерінің бағасы азық түрлері бойынша 12,5 пайыз бен 57 пайызға дейін төмендеді.

Облыс әкімінің тапсырмасымен, желтоқсан айында Қытайға арнайы делегация құрамында барып, Жеменей ауданының әкімімен бір күндік визасыз өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық келісімшартына қол қойдым. Екі жақтың кеден, шекара әскерінің жұмыс уақыты сәйкестендіріліп, арада туристерді таситын автобус маршруты жүргізіліп, сауданың әрі қарай орнықты дамуына жағдай жасалды.

Өткен жылы біркүндік сапармен Қытайға барып товар әкелген 18100 адамның жартысынан астамы біздің ауданның тұрғындары болды. Бұл аудан халықының тұрмыс-тірлігіне пайдалы екенін көрсетеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында алдағы уақытта орындалатын міндеттер көп. Ауданда астықты өңдеудің, ұқсатудың жоқтығы шаруаның бидай өсіруіне кедергі боп отырғандықтан, жыл соңына дейін «Икеп» шаруа қожалығы стандартқа сай астықты сақтайтын, тазалап, тұқым, ұн шығаратын зауытты іске қоспақ. Сондықтан биылғы жылдың егіс көлемін ұлғайту жоспарланып, тиісті мамандар тапсырма алып, іске кірісті.

Ауданда жеміс-көкөніс, сүт, ет өнімдерін шығаратын өңдеу кәсіпорындары жоқтың қасы, жүн-тері өңдеу мәселесі де шешімін таппауда.

Осы салаға жауапты орынбасар, мамандар ағымдағы жылы ауданда 2-сүт өнімін өңдеу цехтарын ашуды жоспарлап, мүмкіндігі бар кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетіп, бар инвестициялық жобаларды іске асыруға міндетті.


Құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, көлік, жол, байланыс

Ауданда тұрғын үй мәселесі толық шешілмеген. 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасына сай, әр түрлі қаржы көзінен үш жылда 18422 шаршы метр үй салу жоспарланды. Өткен жылы 39 жеке меншік, 15 ипотекалық бір пәтерлі үй салынып, 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Мемлекеттен бөлінген 65 млн. 450 мың теңге толық игерілді. бұрынғы жылдан 6 үй артық салынды.

Қаланың үш мөлтек ауданынан 32 гектар жер бөлініп, орналастыру схемасы жасалынып, мұқтаж адамдарға 10 соттықтан тегін жер берілуде. Қаржы бөлініп, оның жобалық құжаты жасалды.

Аудан қарамағында 292 км жол бар, оның 31 км асфальт төселген. Өткен жылы Аққойын көмір жолын жөндеуге 80,7 млн., Біржан жолының 12 км бөлігіне Республикалық бюджеттен 70 млн. теңге бөлініп жөнделді. Жергілікті жолдарды қалыпты жағдайда ұстап, ағымдағы жөндеуге аудан бюджетінен 40 млн. теңге қаржы жұмсалып, жағдай біраз оңалды. Қаланың, Біржан, Сартерек, Кеңсай, Қарабұлақ ауылдарының кіре берісі жолдары орташа, Омск-Майқапшағай-Жамбыл, Дайыр-Көкжыра, Жаңабаз, Кеңсай-Шілікті, Біржан-Ақарал, Зайсан-Шүршітсу тас жолдары ағымдағы жөндеуден өтті. Жеменей көпірі салынды. Биыл да қаржы бөлініп, жол жөндеу жұмыстары жалғасады.

Зайсан- Кеңсай-Шілікті арасындағы 71 км жолды күрделі жөндеу ауданның қолынан келмейді, оны облыс қарамағына беріп, шешуге іс-әрекет жасаймыз. Тиісті басқарма басшылардан қолдау табамыз деп сенемін.

Өткен жылы ауданның даму перспективасына қажетті жобалық-сметалық құжат дайындауға баса назар аударылды. Қаншама жақсы талпынысың мен ниетің болса да жобалау сметалық құжат болмаса объекті салуға қаражат бөлінбейді, яғни даму болмайды.

Сондықтан осы бағытқа 26 млн. 352 мың теңге қаржы қарастырылды. Оған екінші 60 пәтерлі үй, стадион, Жеменейдегі көпір, жеке тұрғын үйдің инженерлік құрылымдары, Зайсан қаласындағы Боқажанов, 10 орталық көшелерді көріктендіру

Біржан су құбыры, Қуаныш, Зайсан су құбырлары мен орталық канализацияның техникалық негіздемелері, Зайсан қатты қалдықтар полигоны мен мал өлексесін тастайтын орын, №1 бала-бақша, 600 орындық мектеп 300 орындық интернат-жатаханасымен салудың, Кеңсай, Шілікті мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының жобалары жасалды.

Есеп беру жылында су құбырларын күрделі жөндеуге 74,1 млн. теңге қаржы бөлініп, Сауыр мөлтек ауданы су құбыры пайдалануға берілді, Біржан мен Кеңсайда биыл аяқталады. Облыстық энергетика коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісім бойынша алдағы 3-4 жылда ауданның 13 елді мекенін таза сумен қамту бағдарламаға енді.

2008 жыл байланыс саласында есте қаларлық жыл болды. Жаңа сандық 3230 нөмірлік АТС және Өскемен-Зайсан радио-релейлік желісі, «Мегалайын» жүйесі (128 нөмір) қосылды. Халық саны 50-ден асатын елді мекендер толық телефондандырылып, 50-ден аз Кемпірбұлақ, Алмалы ауылдарында спутниктік жүйе арқылы телефон қойылды.

Алдағы жылы Қуаныш, Кеңсай ауылдарындағы байланыс жүйесі сандық электронды жүйеге ауыстырылады. Ағымдағы жылы аудан тұрғындарының телефон байланысы туралы сұраныстары толық шешіледі деп айтуға болады.

Жыл көлемінде жоспарлы түрде электр энергиясымен, газ, отынмен қамтамасыз етуде тоқтау болған жоқ, қалаішілік автобус қатынасы іркіліссіз жүруде, бағасы тиімді, Астана, Семей, Алматы, Өскемен маршрутымен жолаушы тасу шешілген, жұмысы бақылауда.

Облыс әкімінің қолдауымен әуе қатынасы орнады, ұшақты жолаушымен толық қамту біздің міндет.

Ауданымыздың 80-жылдық мерейтойын салтанатты түрде, кең көлемде өткіздік, оған кәсіпкерлер, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдар, ақсақалдар, ел-жұрт үлкен белсенділік танытып, өз үлестерін қосты. Ауданның тыныс-тірлігінен сыр шертетін тартымды кітап шығардық, (оның сапалы дайындалуына ақсақалдар Қалибек Алтыбаев, Бекен Жапаровтар зор үлес қосты.)

Осы жылы Зайсан қаласының 140 жылдық мерейтойы. Оны көркейтіп, көгалдандырып, тазалығын арттырып, жарықтандырып, бұған халықты жұмылдырып, лайықты қарсы аламыз деп ойлаймын.
Әлеуметтік, білім, денсаулық, спорт, мәдениет

Өткен 2008 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және балалар жәрдемақысына бюджеттен қаралған 60100 мың теңге қаржы толық игерілді.

Жалпы аудан тұрғындарының 40% Үкіметтен әр түрлі дәрежеде жәрдемақы алып тұрады.

Жыл аяғына жұмыссыздар саны 248 адамды құрап, экономикалық белсенді халықтың (19921 адам) 1,2% болды.

2008 жылы Қытайдан 357 оралман, 796 отбасымен көшіп келіп, 173-і квота алды. Оралмандарға заңдылықтарға сәйкес қолдау көрсетіліп отыр.

Ауданның білім саласында 30 мектеп, 2 мектептен тыс, 3 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. 2008 жылы аудандық бюджеттен білім саласына 883 млн. 978 мың теңге жұмсалды. Оның 40133 мыңы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілді.

Аудан мектептеріне 8 пән, 2 мультимедия, 2 дәрігерлік, 8-информатика кабинеттері алынды.

Бастауыш сынып оқушылары 78% ыстық тамақпен қамтылып, тұрмысы төмен жанұя балаларына 2550 мың теңгенің киімі және тамағы берілді.

Өткен жазғы каникулда демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен 6911 оқушы қамтылды. Білім бөліміне жеке ғимарат сатып алынып, жөндеуден өткізілді.

Білім саласына жасалып жатқан қамқорлық білім-тәрбие жұмыстарының сапасын арттыруға негіз болуда. Үлгірім 99, сапа 52% құрады. Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысқан 610 мектеп бітірушілер 71,4 орташа балл жинап облыста III орынға тұрақтап, 309 бала мемлекеттік грантын иеленді. Республика бойынша 125 балл жинаған 2-і оқушының бірі біздің ауданнан болды.

Мұғалімдер корпусын жас кадрлармен толықтырып, зейнеткерлік жасындағыларды құрметпен шығарып салу қолға алынып, жаңадан 19 жас маман қабылданды. 7 мектеп директоры, 6 мектеп директорының орынбасарлары ауыстырылып, жас кадрлармен толықтырылды.

Өкінішке орай аудандық білім бөлімі тарапынан қаржы –шаруашылық жұмыстарына жүргізілген тексерудің қорытындысында Дауленов және мектеп-интернатында бюджет қаржысын жұмсауда өрескел бұзушылық анықталып, қаржы полициясына жолданды. Тиісті адамдар жұмыстан босатылып, келтірілген залал өндіріп алынуда, ағымдағы жылы басқа мектептерді де тексеру жұмысы жалғасады.

Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамытуға өткен жылы 5,723 мың. теңге қаржы жұмсалды.

Орталық стадионға 25 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп, мәдениет үйінің жанындағы спорт зал, орталық жылу қазандығына қосылды. Ипподромды стандартқа сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Спортты дамытуға үнемі қолдау көрсетіліп, қамқорлық жасалып келеді.

Алайда спорттық көрсеткіштеріміз төмен. Өткен жылы облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген XI халықтық спорт ойындарында 225,5 ұпаймен аудан 9-шы орынға тоқтады. Бұл көрсеткішке қанағаттануға болмайды. Аудандық спорт бөлімінің, мамандардың ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарының деңгейі төмен. Қолда барды ұқсата алмай, орын алып отырған кемшіліктерді әр түрлі себеп-сылтаулармен бүркемелеп келеді.

Сондықтан сөзден, нақты іске көшетін уақыт жетті.

Ағымдағы жылы орталық стадион, жасанды футбол алаңы толық іске қосылып, спортты қолдау жұмыстары жалғасын табады.

Типтік спорт мектебінің жобалық-сметалық құжаттары дайын, бірақ оның орнына өткен жылы спорт модулі бөлінеді деген желеумен, өкінішке орай, екеуінің де құрылыс жұмыстары қозғаусыз қалды. Осы құрылыстардың бірі шешімін тапса, үлкен істің бірі болар еді.

Ауданда орталық, туберкулезге қарсы емдеу ауруханалары, бастапқы медициналық көмек орталығы, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 254 дәрігерлік пункттер жұмыс істейді. Халыққа 77 дәрігер, 228 орта буынды мамандар қызмет көрсетуде, 9 дәрігер, 19 орта буынды мамандар жетіспейді. Кадр тапшылығын шешуде мақсатты жұмыстар жүргізілуде, облыс әкімінің грантымен 11 бала медициналық Академияда оқуда. 5 интернатура өтіп жүрген жас мамандармен келісім жасалды. Олардың оқуын, көтермеақысын төлеп, үймен қамтамасыз етеміз.

Денсаулық саласында аудан көрсеткішін артқа тартып отырған 1 жасқа дейінгі балалар өлімі. 2007 жылы – 10, 2008 жылы – 17 бала өлімі болды, (өлім деңгейі 23,4 артты, облыс -22,8).

Өткен жылдардағы медицина саласын басқарудың бытыраңқылығы, бір орталыққа бағынышты болмауы, сапалы дәрігерлік қызмет көрсетуге, емдеуге кері әсерін тигізген еді. Облыс әкімдігінің қаулысымен ол реттеліп, емдеу орындары бір орталыққа бағындырылуы дұрыс шешім болды.

Медицина саласында шешілмеген проблемалар көп, оларды облыстық денсаулық басқармасымен бірлесіп, анықтап, қаржы көзін тауып өз ретімен шешуді ойластырудамыз.

Мәдениет саласында халыққа 1 аудандық мәдениет үйі, 7 ауылдық клуб үйлері, 1 аудандық, 7 ауылдық кітәпханалар қызмет көрсетуде. Оларда 68 адам жұмыс істейді. 9 халықтық атағы бар мәдени-өнер ұжымдары бар. Олардың жұмысына көңіл бөлінуде.

Аудандық мәдениет үйіне, Қарабұлақ, Қаратал клуб үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы Шілікті ауылдық клуб үйін толық, күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосамыз. Бұл үрдіс алдағы жылдарда да жалғасын табады.

Өкінішке орай, кезінде әуелеп тұрған «Халық ұлт-аспаптар оркестрі», «Айнакөл» ән-би ансамбі, «Зайсан халық театры» жұмыстары көрінбейді, ұйымдастыру, талап жетіспеуде.

Жалпы ауданның спорт, мәдениет саласы мақсаттылықпен кең көлемді іс атқара алмай отырғандығы шындық. Бұл істен дұрыс қорытынды шығаруымыз керек.

Аудан әкімінің жанында құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес бағытындағы үйлестіру кеңесі жұмыс атқаруда, осы Бағдарламаның негізінде аудан әкімі тарапынан ішкі істер бөліміне 1 жаңа автокөлік, 1 ноутбук, 1 жылдамдық өлшейтін құрылғы және 7 компьютер бөлінді.

2008 жылы ішкі істер бөлімінде 961 арыз-шағым тіркеліп, 207-не қылмыстық іс қозғалған, соның 90 пайызы сотқа жіберілген, қылмыстың ашылуы 3 пайызға артып, ауыр, аса ауыр қылмыстар толық ашылды. 15 жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза болып, 17 жарақат алды, 199 адам мас болып ұсталып, 1654 адамға 6 млн. 457 мың теңгеге айыппұл салынды. Қоғамға кері резонанс беретін кісі өлтіру қылмыстары ашылды. Жалпы ішкі істер бөлімінің жұмысының ширағанының куәсіміз.

Облыс әкімі мен ішкі істер департаментінің бастығы үлкен қолдау көрсетіп, аудандық ішкі істер бөліміне полицияның қосымша 17 штаттық бірлігін берді, оның 7-і жасөспірімдер ісінің инспекторы. Аудан әкімінің құқық қорғау органдарымен, шекара әскері басшыларымен үйлесімді жұмысы өз жалғасын табады.

Былтыр 72 өрт оқиғасы болып, оны өшіруге бюджеттен төтенше жағдайларға 3 млн. теңге қаржы бөлінді.

Көктем айларында елді мекендер айналасында өрт қауіпсіздігі шаралары жүргізіліп, 3 округте өрт сөндіру тірегі жұмыс істеп, 20 жеке адамдар алып жүретін су шашқыштар алынды.

Бюджет

Құрметті қауым!
Ауданның даму қарқыны бюджетке тікелей байланысты екені белгілі.

Өткен жылы аудан бюджеті 1520 158 мың теңге болды, оның ішінде субвенция мен трансферттер 1180 121 мың теңге, өз кірісіміз 344 613 мың теңге болып толық орындалды.

Осы бюджет шеңберінде атқарылған іс-шараларды сіздерге баяндап бердім.

Биылғы жылдың бюджеті 1 620 276 мың теңге болып бекітілді, оның ішінде субвенция мен трансферттер 1264 276 мың теңге, ауданның өз кірісі 356 млн. теңге. Алдағы атқарылар жұмыстар осыған байланысты. Биыл аудан бюджетінен Кеңсай, Біржан елді мекендеріндегі су жүйесінің күрделі жөндеуіне 25 млн. теңге, автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізіп, қалыпты жағдайда ұстауға 44,3 млн. теңге, білім саласына: жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры мен ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 25,4млн. теңге, МТЖ мен күрделі жөндеуіне 41,5 млн. теңге, әлеуметтік

төлемдерге 81,7 млн. теңге, ЖСҚ жасауға 38 млн. теңге, құрылған коммуналдық мекемелердің жарғылық капиталды ұлғайтуға 35,2 млн. теңге қаражат қаралды.

Әлемдік дағдарыс әсеріне бой бермей, бюджеттен төленетін барлық зейнетақы, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер аудан халқына уақытында, тоқтаусыз берілетініне сеніміміз мол.

Жыл көлемінде аудан әкіміне жеке және заңды тұлғалардан әртүрлі мәселелерге байланысты 1155 өтініш түсіп, қаралды. 597 қанағаттандырылып, 558-не заңдылыққа сәйкес түсініктеме жауап берілді.

160 адам аудан әкімінің жеке қабылдауында болып, қолдау жасалды.

«Нұр-Отан» ХДП-ның аудандық бөлімшесі партияның сайлауалды тұғырнамасы негізінде аудандағы әлеуметтік-экономикалық жұмыстарға мұрындық болып, шаралардың орындалуына ықпал жасауда.

Әкімдердің жылдық есебі ешкімді де бей-жай қалдырмай, халықтың бүгінгі атқарылып жатқан істерге оң баға беруімен, келешекке деген зор сенімімен ұласты.

Өткен жылғы есепте түскен 204 өтініш – ұсыныстардың бірде – бірі назардан тыс қалған жоқ. Аудан, округ әкімдерінің құзырына жататын мәселелер өз шешімін тапты. Олардың орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасарлары арнайы кестеге сай шілде айында округтерде ақпарат берді.

Биылғы жиындарда 108 өтініш, ұсыныстар түсті. Олардың көпшілігіне сол жерде жауап, тиісті басшыларға тапсырмалар берілді. Шаралар жасалып, бақылауға алынатын болады.
Құрметті Әділғазы Садуақасұлы!
Сіздің аудан, қалалардағы өтіп жатқан әкімдердің есеп беру жиналыстарында айтқан пікір, дәйекті сын ескертпелеріңіз орын алған кемшіліктерді түзеу жолында берген тапсырмаларыңызды бұқаралық ақпараттан оқып, біліп отырмыз. Ондай кемшіліктер біздің ауданда да орын алуда.

Алдағы уақытта оларды және бүгінгі біздің жиында айтылатын сын-ескертпелеріңіз, ақыл-кеңестеріңізді басшылыққа алып, жұмыс істейміз.
Құрметті әріптестер!
Ағымдағы жылы алдымызда үлкен міндеттер тұр, оның бастысы бүгінгі әлемдік тоқырауға байланысты туындаған қиындықтарға бой алдырмай, болашаққа сенім ұялатып халықтың ырғақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл барлық саяси - идеологиялық ұйымдастыру жұмыстарының негізі болмақ.

Аудан басшылығы халықпен қоян-қолтық жұмыс істеп, талап биігінен көрінеді деп аудан жұртшылығы атынан, облыс әкімін сендіруге рұқсат етіңіздер.


Похожие:

Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconАлқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі

Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков
...
Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconАудан әкімі Ә. Мұхтархановтың өткен 2010 жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы Құрметті қауым, жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуіне қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconЖамбыл ауданының әкімі Н. Календеровтың халық алдындағы есебі
Мемлекет басшысының 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес сіздердің...
Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconСайрам ауданының әкімі Уалихан Қайназаровтың 2011 жылдың әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы бойынша есебі
Еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған 20 жыл ішінде ғасырларға бергісіз даму жолынан өтті
Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconЖарма ауданының әкімі Т. Ж.Қасымжановтың халық жиындарындағы 2010 жылдың қорытындысы бойынша баяндамасы

Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconЗайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2008 жылдың i-жартыжылдық қорытындысы туралы анықтама
...
Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconИмантау селолық округінің әкімі Махметов Аманбек Ғазизұлының округ тұрғындары алдындағы есебі
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімі бойынша барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында жариялы түрде есеп береді. Бұл...
Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconКүршім ауданының 2008 жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2008 жылдың 1 сәуіріне тауар өнімдері 52063 мың теңгеге, немесе 2007 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 6444 мың теңгеге...
Зайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі iconҚарғалы ауданының азаматтық бюджеті – 2012 жыл
Аудан әкімі – Сагиев Айбек Игілікұлы, осы лауазымды 2010 жылдың мамыр айынан бастап атқарады. Қарғалы ауданы (Ленин) 1966 жылдың...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница