Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы




Скачать 244.28 Kb.
НазваниеЭтил спирті немесе алкогольді өнім айналымы
Дата конвертации19.05.2013
Размер244.28 Kb.
ТипДокументы
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы

ережелерін бұзу, сол сияқты белгіленген стандарттарға сәйкес

келмейтін этил спирті мен алкогольді өнімді өндіру жөніндегі /ӘҚБтК-нің 163 б./ және таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу жөніндегі /ӘҚБтК-нің 214 б./ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудағы сот тәжірибесін талдап қорыту
2011 жылғы 30 маусым Атырау қаласы
Талдау Атырау облыстық сотының 2011 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді.

Талдау 2010 жылы және 2011 жылдың 1 тоқсанында Атырау облысының соттарында қаралған және аудандық/қалалық/ соттардан келіп түскен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің /әрі қарай - ӘҚБтК/ 163,214 баптары бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерге және статистикалық мәліметтерге негізделді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыс соттарында ӘҚБтК-тің 163 бабы бойынша 2010 жылы 37 іс (барлық қаралған істермен салыстырғанда 0,2 пайыз), 2011 жылдың 1 тоқсанында 5 іс (барлық қаралған істермен салыстырғанда 0,1 пайыз), ӘҚБтК-тің 214 бабы бойынша 2010 жылы 10 іс (барлық қаралған істермен салыстырғанда 0,07 пайыз), 2011 жылдың 1 тоқсанында 9 іс (барлық қаралған істермен салыстырғанда 0,2 пайыз) қаралған.

2010 жылы қаралған істер бойынша: ӘҚБтК-тің 163 бабы бойынша 13 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарылған, 24 іс қысқартылған; ӘҚБтК-тің 214 бабы бойынша 7 іс бойынша әкімшілі жаза тағайындау туралы қаулы шығарылған, 3 іс қысқартылған.

2011 жылдың 1 тоқсанында қаралған істер бойынша: ӘҚБтК-тің 163 бабы бойынша 1 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарылған, 4 іс қысқартылған, ӘҚБтК-тің 214 бабы бойынша 6 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарылған, 3 іс қысқартылған.

Атырау облысының соттарымен 2010 жылдың 12 айы мен 2011 жылдың 1-нші тоқсанында қаралған этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы ережелерін бұзу жөніндегі (ӘҚБтК-тің 163 б.) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәліметтер кестесі төменгідей:


Соттар атауы

түскен істер саны

қаралғаны

кері қайтарылғаны

әкімшілік жаза тағайындалған істер саны

қысқартылғаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

Қызылқоға

1

-

1

-

-

-

-

-

1

-

Құрманғазы

2

1

5

1

-

-

1

-

4

1

Исатай

2

-

2

-

-

-

-

-

2

-

Индер

1

-

1

-

-

-

-

-

1

-

Мақат

6

-

4

-

2

-

4

-

-

-

Махамбет

4

-

4

-

-

-

-

-

4

-

Жылыой

4

1

3

1

1

-

-

-

3

1

Әкімшілік сот

20

3

17

3

3

-

8

1

9

2

Барлығы

43

5

37

5

6

-

13

1

24

4



Атырау облысының соттарымен 2010 жылдың 12 айы мен 2011 жылдың 1-нші тоқсанында қаралған таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу жөніндегі (ӘҚБтК-нің 214 б.) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәліметтер кестесі.


Соттар атауы

түскен істер саны

қаралғаны

кері қайтарылғаны

әкімшілік жаза тағайындалған істер саны

қысқартылғаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

2010 ж.

12 айы

2011 ж.

1-нші тоқсаны

Қызылқоға

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Құрманғазы

1

-

1

-

-

-

1

-

-

-

Исатай

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Индер

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Мақат

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Махамбет

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Жылыой

-

2

-

2

-

-

-

-

-

2

Әкімшілік сот

10

7

9

7

1

-

6

6

3

1

Барлығы

11

9

10

9

1

-

7

6

3

3



Кестеден көрінгендей 2010 жылғы 1 тоқсанда аталған баптармен істер қаралмаған. Бұл аталған баптардың қазіргі мазмұнымен әкімшілік Кодекске өзгеріс 2010 жылғы шілдеде енгізілгенімен түсіндіріледі.

2010 жылы аталған баптармен қаралған 47 істің ішінен 20 тұлғаға, яғни 42,5 пайызына әкімшілік жаза тағайындалған. 2011 жылдың 1 тоқсанында қаралған 14 істің ішінен 7 тұлғаға, яғни 50 пайызына әкімшілік жаза тағайындалған.

ӘҚБтК-тің 163,214 баптары бойынша істерге қатысты сот қаулыларына 2010 жылы бір шағым келтірілген, наразылық келтірілмеген. 2011 жылдың 1 тоқсанында ӘҚБтК-тің 163 бабы бойынша шығарылған 2 қаулыға, осы Кодекстің 214 бабы бойынша шығарылған 4 қаулыға шағым келтірілген. Бұзылған немесе өзгертілген сот қаулылары жоқ.
ӘҚБтК-тің 163 бабында этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және /немесе/ олардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Бұл құқықбұзушылық сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтардың санатына жатады.

Соттарда ӘҚБтК-тің 541 бабына сәйкес ӘҚБтК-тің 163 бабының 3, 4, 6, 7 және 9 бөлімдерінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қаралады.

ӘҚБтК-тің 163 бабы бойынша талдауға түскен істердің бәрі де осы баптың 3 бөлімінде көзделген алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағадан төмен бағамен айналымда болуына /экспорттан басқа/ және пластикалық ыдыстармен сатуға қатысты істер, осы баптың басқа 4,6,7 және 8 бөлімдері бойынша істер соттарға түспеген.

Кодекстің 163 бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтардың объектілеріне Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн және азаматтардың денсаулығын қорғау, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оған әкелiнетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау, аталған өнiмдердiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету саласындағы қатынастар жатады.

Аталған баптың дипозициясы бланкетті нормаларға жатады және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның әрекеттерін дәрежелеу үшін қосымша нормативтік-құқықтық актілерді қолдануды қажет етеді.

Атап айтқанда, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы қағидалары «Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 429 Заңымен реттеледі.

Сондай-ақ, лицензиялау туралы, стандартизациялау туралы, шағын кәсіпкерлік туралы Заңдарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген ережелерді, тиісті ведомстволық актілерді аталған санаттағы істерді қарағанда басшылыққа алынуға жатады.

Соттармен қаралған ӘҚБтК-тің 163 баптың 3 бөлімімен түскен істер алкоголь өнiмiн қаңылтыр ыдыспен, заттаңбасы жоқ шөлмектермен және пластикалық ыдыстармен сатқандары және алкоголь өнiмiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ең төменгi бағадан төмен бағамен (экспорттан басқа) сатқандары үшін қозғалған істер. 

«Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 429 Заңының 3-бабының 3 тармағының 3 тармақшасына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеудің бір түріне тағамдық және тағамдық емес шикiзаттан дайындалған этил спиртiнiң және алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) ең төмен бағаларын белгiлеу жатады.

Қазақстан Республикаксы Үкіметінің «Алкоголь өнiмiне ең төменгi бағалар белгiлеу туралы» 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 қаулысына сәйкес /2011 жылғы 23 ақпанға дейінгі редакциясында/ 1999 жылдың қарашасынан бастап арақтар және айрықша арақтар,күштi ликер-арақ бұйымдары және басқа да күштi алкоголь iшiмдiктерiн бөлшектеп сатудың ең төменгі бағасы 500 теңгені құраған (қазіргі кезде аталған Қаулыға 2011 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгеріске сәйкес - ең төменгі бөлшектеп сату бағасы 600 теңгені құрайды).

Соттармен қаралған істерден жеке кәсіпкерлердің ақпарат құралдары беттеріне жоғарыда көрсетілген заң талаптары жарияланып, ескертілгенмен де, олардың аталған заң талаптарымен таныс емес екендігі көрінеді.

Мысалы, жеке кәсіпкер Джаниязов А.С. 2010 жылғы 18 қарашада Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Диар» дүкенінде «Адмирал», «Новая» және «Бандероль» арақтарын әр бөтелкесін тиісінше 200, 230 теңгеден сатуға шығарғаны, яғни алкоголь өнiмiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ең төменгi бағадан төмен бағамен айналымда болғаны (экспорттан басқа)үшін кінәлі деп танылып, 211 950 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеу түріндегі жазаға тартылды. Сотпен одан алынған акцизделетін тауарларды мемлекет пайдасына тәркілеу туралы қаулы шығарылды.

Ал, жеке кәсіпкер Джуматаева М.С. 2011 жылғы 20 қаңтарда дүкеніне көлемі 0,5 л «Частушка», «Вимпекс» және «Сенатор» арақтарын тиісінше 150, 200 теңгеден сатқаны, яғни алкоголь өнiмiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ең төменгi бағадан төмен бағамен айналымда болғаны (экспорттан басқа) үшін кінәлі деп танылған.

Аталған Заңның 9 бабының 2 тармағының 5 тармақшасына сәйкес алкоголь өнiмiн қаңылтыр ыдыста, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластик ыдыстарда өткiзуге тыйым салынады.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2010 жылғы 21 қыркүйекте жеке кәсіпкер Сатанова Т.К. «Зли-Ха» дүкенінде,2010 жылғы 23 қарашада Сулейменова А.Б. «Шырақ» дүкенінде «Жигулевское», «Ячменный колос» сыраларын, 2010 жылғы 20 желтоқсанда Булекбаева Э.Ш. «Жан-ұя» дүкенінде «Жигулевское» сырасын, 2010 жылғы 24 қарашада Юсупова Г.Ф. «Дина» базарының №65 контейнерінде «Жигулевское», «Ячменный колос» сыраларын, 2010 жылғы 15 қарашада Аяпбергенова Г.Г. «Дина» базарының №87 контейнерінде «Жигулевское» сырасын пластик ыдыстарда сатқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Істерді талдау кезінде істер бойынша сатылған арақ-шарап өнімдерінің барлық сомасының аталған баптың санкциясынан едәуір төмен екені көрінеді.

Талдауға түскен ӘҚБтК-тің 163 бабының 3 бөлімімен қаралған істердің 2010 жылғы барлық қаралған 37 ісінің ішінен 24-і (64,8 пайызы) қысқартылған, 2011 жылдың 1 тоқсанында қаралған 5 ісінің ішінен 4-і (80 пайызы) келтірілген залалдың елеусіздігіне байланысты қысқарған.

Аталған бап бойынша істер ӘҚБтК-нің 68 бабын қолдану арқылы жауаптылыққа тартылып отырған тұлғалардың іс-әрекетімен келтірілген залалдың мөлшері елеусіздігіне байланысты қысқартылған. Бұл жағдайда соттар осы баптың санкциясымен көзделген айыппұл мөлшерінің көптігін, құқық бұзушылардың арақ-шарап сату барысында түсіріп отырған пайдаларын, сауда орнын, халықтың материалдық жағдайын ескеріп отыр.

Аталған істер бойынша құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаны болған акцизделетін тауарлар немесе құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары негізінен тәркіленген.

Алайда кейбір істер бойынша құқықбұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлардың тағдыры шешілмей қалған немесе қосымша жаза –тәркілеу міндетті түрде қолданылатын жаза болса да тауарлар кері қайтарылған.

Мысалы, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2010 жылғы 08 қарашадағы қаулысымен 2010 жылғы 20 қазанда «Салтанат» дүкенінде «Адмирал» арағын 200 теңгеден сатқан Т.Н.Карабаеваға қатысты ӘҚБтК-тің 163 бабының 3 бөлімі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс аталған кодекстің 68 бабы қолданылып, қысқартылған, осы іс бойынша дүкеннен табу хаттамасы арқылы алынған 17 дана «Адмирал» арағы Т.Н.Карабаеваға қолхат арқылы сақтауға берілген, істі қысқартқан кезде сот бұл тауарлардың тағдыры туралы мәселені шешпеген.

Қызылқоға аудандық сотының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен А.Есмағамбетова ӘҚБтК-тің 163 бабының 3 бөлімімен кінәлі деп танылып, осы Кодекстің 67 бабын қолдану арқылы жауапкершіліктен босатылып, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаны болған арақ өнімдерін қайтарып берген.

Жылыой аудандық сотымен қаралған барлық істер бойынша айғақ заттардың тағдыры шешілмеген.

ӘҚБтК-нің 214 бабы бойынша акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен және/немесе/ есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Бұл құқықбұзушылық салық салу саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтардың санатына жатады.

Кодекстің 214 бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтардың объектілеріне салық салу саласындағы, акцизделетін тауарларға қатысты мемлекетпен белгіленген қағидалардың сақталуына қатысты қатынастар жатады.

ӘҚБтК-нің 163 бабы сияқты 214 баптың дипозициясы да бланкетті нормаларға жатады және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның әрекеттерін дәрежелеу үшін қосымша нормативтік-құқықтық актілерді қолдануды қажет етеді.

Атап айтқанда, жоғарыда аталған «Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 429 Заңымен қатар, 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы», 1999 жылғы «Стандартизациялау туралы», 2003 жылғы 07 сәуірдегі «Мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», 2003 жылғы 12 маусымдағы «Темекі өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.

Талдауға келіп түскен істерден соттармен ӘҚБтК-тің 214 бабының тек 2 бөлімімен қозғалған істер қаралғаны көрінеді.

ӘҚБтК-тің 214 бабының 2 бөлімі бойынша акциздiк таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетiн тауарларды акциздiк және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларсыз, сол сияқты белгiленбеген үлгiдегi және (немесе) сәйкестендiруге келмейтiн таңбалармен сақтау, өткiзу және (немесе) тасымалдау түрiндегi айналымы үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

  «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексiнің 279 бабына сәйкес акцизделетiн тауарлардың тізбесіне: спирттiң барлық түрлерi,алкоголь өнiмi,темекi бұйымдары,бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны, микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);шикi мұнай, газ конденсаты; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тiркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнiмдер кіреді.

Дегенмен, талдауға келіп түскен істерден соттарда 2010 жылы және 2011 жылдың 1 тоқсанында 214 бап бойынша істер тек алкоголь өнімдерін таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзуға қатысты қаралғаны белгілі болды.

 «Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 429 Заңының 9 бабының 2 тармағына сәйкес этил спиртiнiң және (немесе) алкоголь өнiмiнiң айналымы кезiнде алкоголь өнiмiн (шарап материалы мен сырадан басқа) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз не сәйкестендiруге келмейтiн есепке алу-бақылау таңбаларымен алып өтуге және одан әрi өткiзу мақсатында сақтауға және өткiзуге (экспорттан басқа) және алкоголь өнiмiн осы Заңның 8-бабына сәйкес тиiстi таңбалаусыз өткiзуге тыйым салынады.

Мысалы, 2010 жылғы 07 қазанда «Анвар» ЖШС-іне қарасты Атырау қаласы Сатпаев көшесінде орналасқан «Анвар» дүкенін тақырыптық салық тексеруі кезінде сатуға қойылған жайма сөредегі 109 бөтелке арақ-шарап өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларының арнайы құралмен штрих кодын оқу кезінде сәйкес келмейтіні анықталған. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2010 жылғы 26 қазандағы қаулысымен «Анвар» ЖШС-іне ӘҚБтҚРК-нің 214 бабының 2 бөлімі бойынша таңбалау тәртібі мен ережелері бұзылып таңбаланған тауарлар тәркілене отырып, 500 АЕК көлемінде 706 500 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

«Анвар» ЖШС-і бұл жайдан тиісті қорытынды шығармаған, 2011 жылғы 18 ақпанда «Анвар» дүкенінің сатуға қойылған жайма сөресінен сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен таңбаланған 202 бөтелке алкоголь өңімдері табылған, бұл факт бойынша да «Анвар» ЖШС-іне 2011 жылғы 09 наурыздағы сот қаулысымен 500 АЕК көлемінде 756 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

ӘҚБтК-тің 214 бабының 2 бөлімімен 2010 жылы барлық қаралған 10 ісінің ішінен 3-і (30 пайызы) қысқартылған, 2011 жылы қаралған 9 істің 3-і (33,3 пайызы) қысқартылған.

Қысқарту себептері де жоғарыда көрсетілген мысалдарға сәйкес келеді.

2010 жылы екі іс ӘҚБтК-нің 580 бабының 1 бөлімінің 2 тармақшасына сай әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылған. Сот қаулылары заңды күшіне енген, наразылық келтірілмеген.

Талдауға келіп түскен 2010 жылы және 2011 жылдың 1 тоқсанында қаралған ӘҚБтК-нің 163, 214 баптары бойынша істерге қатысты шығарылған сот қаулыларының көпшілігі орындалмаған.

Тек Индер, Құрманғазы соттарымен шығарылған қаулылар уақытылы орындалған.

Басқа істер бойынша сот қаулыларының көшірмелерінің орындау үшін сот орындаушылар бөліміне жолданғаны туралы хаттардан басқа ешбір құжат жоқ, орындалу барысы туралы мәліметтер сұралмаған. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған заңды тұлғаларға қатысты айыппұлдар өндірілмеген, тиісті тауарлар тәркіленбеген.

Кейбір істер бойынша қаулылар орындауға жолданбаған.

Мысалы, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2010 жылғы 23 желтоқсанда қаралған И.Рахметоваға қатысты іс бойынша қаулының көшірмесі орындауға 2011 жылғы 06 қаңтарда жолданған. Алайда, М.И.Рахметовадан қаулыға шағым түсуіне байланысты сот 11 қаңтарда Әділет Министрлігінің сот актілерін орындау департаментіне қаулының орындалуын тоқтата тұру туралы хат жолдаған. Іс апелляциялық сот алқасында қаралып, қаулы өзгеріссіз қалдырылған, іс облыстық соттан әкімшілік сотқа 2011 жылғы 28 қаңтарда түскен. Бірақ сот актілерін орындау департаментіне қаулының көшірмесі орындауға жолданбаған немесе бұрын жолданған қаулы көшірмесі бойынша қаулыны орындауды жаңғырту туралы хабар берілмеген.

Талдау жасалған істердің бәрі де салық органдарымен қозғалған.

Талдау кезінде салық органдарында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалардың тиісті түрде жасақталынуына мән берілмейтіні белгілі болды.

Жоғарыда аталғандай, ӘҚБтК-тің 163 бабының диспозициясы бланкеттік /сілтемелі/ болғандықтан, хаттамаларда ӘҚБтК-нің бабы ғана емес, қандай нормативтік актінің қандай тармағы бұзылғаны көрсетілуге тиіс.

Алайда, салық органдары хаттамаларда жауаптылыққа тартылып отырған тұлғаның әрекетімен нақты қандай заңның, нормативтік құқықтық актінің бұзылғанын көрсетпейді, хаттамаларды жасақтаған мамандардың қажетті нормативтік актілердің жете білмейтіні байқалады, нормативтік актілердің атауларын Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Үкіметінің актісі деп, атауы мен номерін араластырып жазады, сөйлемдер құрау мен жазуда қателер жиі кездеседі.

Мысалы, жеке кәсіпкер М.Жиреншинаға қатысты Атырау қалалық салық басқармасымен жасақталған 2010 жылғы 15 желтоқсандағы №009509/9805 хаттамада «13.12.2010 жылы тақырыптық тексеру барысында Талкайран селосы, 57-ші участокте орналасқан ЖК Жиреншина Майраның меншігіндегі «Бек-айдар» азық-түлік дүкені жұмыс атқаруда.Тексеріс барысында сөреде сатуға ҚР үкіметінің №429-1 мемлекеттік реттеу заңымен рұқсат етілмейтін «Адмираль» арағын 0,5 л 2000 теңгеден, парламент арағы 1 л 470 теңгеден бөлшек саудада ең төменгі бағадан төмен сатылып тұрғандығы анықталды...» деп жазылған. Бұндай кемшілік Атырау қалалық салық басқармасымен жасақталған хаттамалардың көпшілігіне тән.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкер С.Ж.Султановаға қатысты 2010 жылғы 28 желтоқсанда жасақталған әкімшілік құқықбұзушылық туралы №009884 хаттамасының мазмұнының бір жерінде ӘҚБтК-нің 214 бабының 1 бөлімі, екінші жерінде 2 бөлімі деп жазылған.

ӘҚБтК-нің 640 бабының 1 тармағының талабына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама /прокурордың қаулысы/ қарау үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарауға уәкілдік берілген судьяға жасалған кезден бастап үш тәулік ішінде жіберіледі.

Салық органдарымен заңның бұл талабы сақталмайтыны белгілі болды.

Мысалы, ӘҚБтК-нің 163 бабының 3 бөлімі бойынша М.Жиреншинаға қатысты 2010 жылғы 15 желтоқсанда жасақталған хаттама 2010 жылғы 22 желтоқсанда, М.К.Алтыбаеваға қатысты 2011 жылғы 28 ақпанда жасақталған хаттама 2011 жылғы 10 наурызда, 214 бабының 2 бөлімі бойынша Э.Ш.Булекбаеваға қатысты 2010 жылғы 03 желтоқсанда жасақталған хаттама 2010 жылғы 08 желтоқсанда, Г.С.Бекегуловаға қатысты 2010 жылғы 20 желтоқсанда жасақталған хаттама 2010 жылғы 28 желтоқсанда, Л.И.Казиеваға қатысты 2010 жылғы 13 желтоқсанда жасақталған хаттама 2010 жылғы 20 желтоқсанда, М.С.Джуматаеваға қатысты 2010 жылғы 08 желтоқсанда жасақталған хаттама 2010 жылғы 27 желтоқсанда ғана сотқа қарауға жолданған.

Мұндай кемшіліктерге соттар алдағы уақытта қайталанбас үшін салық органдарына қатысты жеке қаулы шығару арқылы мән бермеген.

ӘҚБтК-нің 654 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде судья жеке қаулы шығарады. Ұйымдардың басшылары м ен бас қа да лауазымды адамдар жеке қаулыны алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданылған шаралар туралы хабарлауға міндетті.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың көпшілігі алкоголь өнімдерін «Атаба» ЖШС-інен алатындарын айтып, тиісті келіісім-шарттарын көрсеткен. Осы негізде Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты С.А.Джунускалиеваға қатысты іс бойынша 2011 жылғы 23 ақпандағы жеке қаулысымен «Атаба» ЖШС-нің жауаптылықтан жалтаруына жол берілгендігіне байланысты тиісті шаралар қолдану үшін 2011 жылғы 23 ақпанда Атырау облыстық салық департаментінің бастығының атына жеке қаулы шығарған. Жеке қаулының көшірмесі 2011 жылғы 25 ақпанда Атырау облысы бойынша салық Департаментіне орындау үшін тапсырылған. Алайда істе жеке қаулы бойынша қолданылған шаралар туралы мәлімет жоқ.

Зерттелген істерде құқықбұзушылықтардың құрамы біртектес және күрделі болмағандықтан облыс соттарында материалдық және процессуалдық заң талаптарының өрескел бұзылған жағдайлары орын алмаған және аталған істерді қарауда біркелкі тәжірибе қалыптасқан.

Алайда, ӘҚБтК-тің 214 бабының 2 бөлімімен түскен істерді қарау барысында құқық бұзушылардың әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың бар-жоқтығы туралы соттарда сұрақтар туындаған.

Атап айтқанда, аталған бап бойынша істер алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларынсыз не сәйкестендiруге келмейтiн есепке алу-бақылау таңбаларымен сақтау, өткізу әрекеттері үшін түсіп отыр. Бұл жерде соттармен іс қарау барысында салық органдарының мамандары сұралып, есепке алу-бақылау таңбаларының заңдылығын, дұрыстығын тексеру тек салық органдарында бар құралдарымен тексерілетіні анықталды. Ондай құралдар жеке кәсіпкерлерде болмайды. Ал жоғарыда айтып кеткендей жеке кәсіпкерлер арақ өнімдерін ірі-ірі сауда үйлерінен көп мөлшерде алады. Ал салық органдары ол ірі сауда үйлерін жауапкершілікке тартпайды. Сондықтан ірі сауда үйлерінен бұндай тауарлар алған жеке дара кәсіпкерлердің кінәсінің барлығы да күмән келтіреді. Салық органдарының мамандарының айтуы бойынша әрбір жеке сатып алушы өзі салық органына сатып алған өнімдерінің есепке алу-бақылау таңбаларының сәйкестігін тексеру жөнінде өтініш білдіруі керек. Алайда, ол жөнінде әрбір адам білмейді, бұл жөнінде хабарланбаған.

Сонымен қатар аталған баптардың санкцияларымен көзделген айыппұл мөлшері де өте көп. Әкімшілік заңмен әкімшілік Кодекстің ерекше бөлімнің санкциясында көрсетілген айыппұл мөлшерінен төменгі мөлшерде айыппұл тағайындау көзделмеген. Сондықтан соттармен ӘҚБтК-тің 68 бабын қолдану тәжірибиесі көп.

Талдау қорытындысы бойынша ұсыныстар:

Анықтаманы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қарайтын соттарда талқылау;

салық органдарына талдауда көрсетілген кемшіліктерді болдыртпау туралы хат жолдау;

оқу орталығының басшылығымен салық органдарымен семинар, дөңгелек столдарда кездесіп, ортақ туындаған мәселелерді көтеру.

Атырау облыстық

сотының судьялары Б. Нуржанова

С. Сулейменова

Похожие:

Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconЭтил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Осы Заң этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы және өндірсі процесі кезінде туындайтын және этил спирті мен алкоголь өнімдерін...
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconЭтил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі...
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconЭтил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
Осы Заңмен этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы, этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы субъектiлерi...
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconМинистрлігі 1999 жылғы 20 қыркүйектегі №1162 Бұйрығы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі...
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconҚазақстан республикасының заңЫ
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері...
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі...
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconУдк 544. 6 О механизме электровосстановления этил-4-нитробензоата
В настоящей работе сделана попытка изучения механизма электрохимического восстановления этил-4-нитробензоата на медном и серебряном...
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларация нысанын, қағидалары мен тапсыру мерзiмдерiн бекiту туралы
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconКәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
Кәсіпорын белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға
Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы iconЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
«су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің»,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница