Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»




Скачать 105.57 Kb.
НазваниеҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Дата конвертации20.05.2013
Размер105.57 Kb.
ТипДокументы


М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Габдуллина Л.Б.

«Микро және макро экономика» кафедрасының аға оқытушысы.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ КЕДЕЙШІЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ӘСЕРІ
2006 жылғы Концепцияға сәйкес «Елдің тұрақты дамуы – бұл қазіргі ұрпақты қажеттіліктермен қамтамасыз ететін және келешек ұрпақтың өз қажеттіліктерін қамтамасыз етпеу қаупіне төндірмейтін дамуы. Қазақстан Республикасы үшін тұрақты экономикалық даму күнделікті қажеттілік болып табылады. Экономикалық өсуді табиғи ресурстар арқылы белгілі бір кезеңде ғана жүргізуге болады.

Қазіргі жағдайда экономиканың дамуы мен өсуі үшін басқа да механизмдер қажет.

Экономикалық өсу тұтастай қоғамдық өндіріс масштабында жылдық көлемдегі тауар мен қызмет көрсетудің ұлғаюымен көрінеді.

Сондықтан, экономикалық өсуді, әдетте, жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көрсеткіш арқылы өлшейді. Сонымен бірге бұл мақсат үшін жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) динамикасын пайдаланады. Мұнда тек нақты ЖҰӨ немесе ЖІӨ өзгерістері ғана есепке алынады. Осы кезеңдегі ең жоғары баға есебінен алынады. ЖҰӨ-нің ұлғаюы, яғни ЖҰӨ-нің нақтылы (бағамен айтқанда) өзгеруін экономикалық өсу деп қарауға болмайды.

Экономикалық өсуді абсолюттік мөлшерде де, сол сияқты салыстырмалы түрде өлшеу арқылы білу алынған. Нақты ЖҰӨ ұлғаюы мүмкін, бірақ ол азаюы да мүмкін. ЖҰӨ-нің салыстырмалы мөлшері нөлді көрсетсе, онда ЖҰӨ-нің қозғалысында –өзгерістің болмағанын көрсетеді, сөйтіп экономикалық өсу де жоқ. Бұл көрсеткіштер әдетте, қандай да болмасын елдердің халықтарының өмір сүру деңгейі мен хал-жағдайларының динамикасын сипаттау үшін пайдаланылады.

Экономикалық өсудің екі түрі болады – экстенсивтік және интенсивтік. Өндірісті экстенсивтік жолмен өсіруде тауарларды өндіру мен қызмет көрсету өндіріске қосымша факторларды тарту арқылы болады: жер, еңбек пен капитал. Бұлардың сапалық және техникалық деңгейлері өзгеріссіз қала береді.

Интенсивтік түрдегі экономикалық өсудің артықшылығы айқын. Бұл жолмен баруда - өндірілетін еңбек өнімділігі, игіліктерді көбейту – техникалық базаларды жетілдірумен еңбек өнімділігін арттыру есебінен және өндірістің барлық факторларын ең жоғары тиімділікте пайдаланумен қол жеткізеді.

Елдегі экономикалық даму көбіне экстенсивті түрде қала берген. Ал, дамыған елдердегі интенсивтік фактордың үлесінен бұл жылдары олардағы өсу 50% артық болған.

Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанда нарыққа көшірерде республикалық әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар еді.

Экономикалық өсу негізін инвестиция құрайды. Соңғы жылдары Қазақстандағы экономика жоғары темппен өсуде. 1-суреттегі диаграмма 1994-2006 жж Қазақстанның өсу мен инвестиция динамикасын көрсетеді. Мұндағы INVFCR – ҚР экономикасына инвестиция, GDPR – ішкі өнім, PRVR – 1994 жылға байланысты өндіріс көлемі.

Әр дамушы елде шетел инвестициясын тарту экономикалық өсуді жылдамдату үшін үлкен рөл атқарады. Шетел инвестициясына сұраным олардың ұсынымын жоғарылатады. Бәсекелестікке бейім экономикалық құрылымын құру ұлттық ресурстар мен ұлттық артықшылықты қолдануды талап етеді. Ішкі ресурстар аз болғандықтан экономикалық өсу темпін жоғарылата алатын шетел инвестицициялық көздер өздеріне ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Ұлттық экономика үшін шетел инвестициясын тарту мен қолдану экономикалық дамудың базалық ұзақ мерзімді және қайтымсыз механизмдерін анықтайды. Шетел инвестициясындағы қажеттілік мынамен түсіндіріледі:

  • Тауар өндірушілер төменгі инвестициялық активтілік;

  • Өндірістік техникалық және технологиялық модернизацияға қажеттілік;

  • Қазіргі заманғы машина мен құрал-жабдық импорт көмегімен нарықтық және қоғамдық инфрақұрылым модернизациясы;

  • Шаруашылық өмірдің барлық саласында жаңа басқару әдістері, менеджмент және маркетингті енгізу қажеттілігі.

2-суретте Қазақстанның экономикасына шетел инвестициясының динамикасы көрсетілген. Қаржылық көздер бойынша шетел инвестициясы елдің негізгі капиталының жалпы инвестициялық көлемінің көп бөлігін құрайды. Шетел инвестициясы Қазақстан экономикасындағы инвестицияның жалпы көлемінің төрттен бір бөлігін құрайды. Мынаны атап өтуге болады: 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қысқарту болған жоқ, алайда, оны ел саясатында күтуге болар еді.

3-суреттегі диаграммада Қазақстан экономикасындағы 1993-2005 жж аралығындағы инвестициялық құрылым өзгерістері көрсетілген. Диаграммада ауыл шаруашылығына, аң аулау мен орман шаруашылығына (AGP), өнеркәсіп (IND), құрылыс (CON), көлік пен байланыс (TRC), жылжымайтын мүлік пен әр түрлі операцияларға (OPR) ортақ көлемнен инвестициялық көлем көрсетілген. Көрсетілген уақыт аралығында өнеркәсіпке деген инвестиция бөлігі 62,2 %-дан 31,8 %-ға дейін қысқарды. Ауыл шаруашылығы, аң аулау мен орман шаруашылығына инвестиция –2 %-ға. Құрылысқа деген, әсіресе жылжымайтын мүлікке инвестициялар өсті. Өнеркәсіпте 2005 жылы шығару өнеркәсібінің (MININ) инвестиция бөлігінің төмендеуі мен өндіру өнеркәсібінің (MANIN) инвестициялық бөлігінің өсуі бақыланды. Ал оны экономиканың шикізаттық емес даму жолына өту тенденциясы ретінде дұрыс деп бағалау керек (4-сурет). Алайда, 2006 жылғы шығару өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестиция бөлігі біраз өсті, ал өндіру өнеркәсібінде төмендеді.

Қазақстандық экономиканың өндірістік бөліміне шетел инвесторлары жағынан инвестициясының болмауы түсімі төмен болғандықтан үлкен тәуекелмен түсіндіріледі.

Дәл сол тенденциялар шетелдік инвестицияда орын алады (5-сурет). Инвестицияның ортақ көлеміне өнеркәсіпке (INDF) шетел инвестициялық бөлігі біршама азайды, бірақ жылжымайтын мүліктік операцияларға (OPRF) – өсті. Ауыл шаруашылығына (AGRF) шетелдік инвестиция тіпті жоқ деп айтуға болады, біраз бөліктерін құрылыс (CONF) және көлік пен байланыс (TRCF) инвестициялары құрайды. Экономиканың көптеген салаларындағы, әсіресе ауыл шаруашылығында еңбек өндірісінің төмен деңгейі оның бәсекеге бейімділігінің көтерілуін тежейді. Қазақстанда әлсіз болып өндірістің қайта өңдеу саласындағы инвестициялық және инновациялық активтілік деңгейі табылады. Отандық кәсіпорындар көбінесе шетелдік жобаларды қолданады.

Грэнжер себептілік әдісі көмегімен өткен көрсеткіштер динамикасы басқа көрсеткіштер динамикасының тәртіптілігін түсіндірілуін қаншалықты жақсартатынын бағалауға болады.

Кедейшілік деңгейі негізінен баға өсімін көрсетететін жан басына (GRPPC) шаққандағы аймақтық күнкөріс минимумының (SUBSM) аймақтық өнімге қатынасымен анықталады. Шетелдік тура инвестиция FDI мен дамуға заңды көмек ODA-ң кедейшілікке әсері олардың жан басына аймақтық өнім мен күнкөріс минимумы арқылы жүреді. Елдераралық зерттеуге қарағанда, мұнда Қазақстанның аймақтық біртекті көрсеткіштері қолданылған.

Келесі теңдеу кедейшілік деңгейі үшін ең жақсысы болды:

.

Мұндағы  –кедейшілік деңгейі; – тұтынушылар себетіне тең келетін күнкөріс минимумы;   – коэффициенттер;  – кездейсоқ мүше; i –аймақ нөмірі; t – уақыт кезеңі.

1-кестеде Қазақстандағы жан басына шаққандағы нақты ЖНӨ-нің орташасынан ауытқуы келтірілген. Бұл бас тартулар мұнай шығаратын облыстар (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан) мен Алматы, Астана қалалары үшін жағымды екенін көруге болады. 16 теңдеу жүйесі Қазақстан аймақтары үшін екі адымды ең кіші квадратты әдіспен бағаланды. Инвестицияның, сонымен қатар FDI мен ODA байланысының кедейшілік деңгейіне әсері олардың ЖНӨ-ге ықпалы арқылы жүреді.

2000 жылдан бері Қазақстан экономикасы жоғары темппен дамып келеді. Бұл ғылыми салаларды инвестициялау мен елдің дамуының шикізаттық емес бағыттары үшін жақсы шарттарды құруға мүмкіндік береді. Көрсетілген уақыт кезеңінде ҚР-ң экономикасына нақты инвестиция өсімі байқалды. Инновациялық дамуға өту үшін тура шетелдік инвестициялар маңызды болып отыр. Олармен бірге мемлекетке жаңа технологиялар мен өндірістік менеджменттің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдері келеді.

Бірақ, сонымен қатар Қазақстан экономикасына деген қалыптасып келе жатқан инвестициялар сондай жағымды деп айтуға келмейді. Біріншіден, өндірістік өнеркәсіпке инвестиция көлемі біраз жоғарыласа да, 2000 жылдан бері өндіріске деген инвестиция екі есе мөлшерде қысқарды. Екіншіден, ақырғы жылдары өндірістік өнеркәсіпке нақты инвестиция өсуі азайғанын байқауға болады.

Экономикалық өсу инвестициялық саясаттың зерттеу объектісі болып табыла ма, әлде оған әсер ететін басқа да факторлар бар ма? Грэнжер тесті ЖІӨ мұнайға емес, керісінше, мұнай шығару динамикасы инвестиция мен ЖІӨ-ге ықпал еткенін көрсетті.

1-сурет. ҚР-ның инвестиция, өндіріс және ЖІӨ көлемі



2-сурет. Негізгі капиталға шетел инвестициясының бөлігі, пайыз


3-сурет. Экономика салаларының қаржылық емес активтеріне салынған инвестициялар, ортақ көлем пайызы


4-сурет. Шығарушы өнеркәсіп және өңдеуші өнеркәсіпке салынатын инвестиция, пайыз


5-сурет. Экономика салаларына шетелдік тура инвестиция, млн. АҚШ доллары


Облыстар

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

Ақмола

-11,1

-6,8

-10,3

10,8

-11,5

-14,2

-16,6

-21,4

Ақтөбе

3,1

0,5

0,1

-0,1

4,1

2,5

8,0

12,6

Алматы

-10,7

-12,5

-14,4

-15,6

-16,9

-19,0

-23,0

-27,4

Атырау

22,7

33,2

64,0

69,6

87,9

108,1

125,7

139,3

ШҚО

1,3

0,8

-2,6

-4,6

-7,0

-9,1

-10,2

-16,0

Жамбыл

-14,0

-15,4

-17,8

-20,6

-20,7

-22,8

-25,8

-30,2

БҚО

-4,1

-1,1

4,2

6,4

12,8

7,3

11,0

30,1

Қарағанды

3,5

5,8

5,7

3,1

0,8

0,7

1,7

-1,9

Қостанай

0,8

0,2

-1,4

-4,3

-7,6

-6,5

-7,6

-12,2

Қызылорда

-10,5

-12,4

-11,8

-13,1

-6,7

-10,0

-7,7

-6,6

Маңғыстау

14,1

25,0

38,8

37,6

59,6

38,9

54,4

71,6

Павлодар

27,4

3,0

6,2

6,9

3,2

3,0

9,0

0,3

СҚО

-66,3

-6,0

-11,1

-9,6

-12,9

-15,5

-16,3

-20,9

ОҚО

-13,3

-13,2

-13,4

-14,9

-18,0

-20,3

-24,5

-31,0

Астана қ-сы

8,6

24,2

21,6

21,7

24,5

31,7

34,7

64,3

Алматы қ-сы

27,0

32,1

27,3

37,5

33,1

46,5

40,5

48,5


1-кесте. Қазақстандағы жан басына шаққандағы нақты ЖНӨ-нің орташасынан ауытқуы



Похожие:

Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Инвестициялық бағдарламада көзделген басымлықтарды іске асыру бұдан былай инфрақұрылым бөлшектерін осы заманғы талаптарға сәкфес...
Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика»
Сапа – нарықТЫҚ экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде
Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика»
БӘсекелестікке қабілетті елу елдің Қатарына өтудегі жұмыссыздық деңгейінің Өзгеруі
Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconКафедрада әр жылдарда кафедраның түлектері жұмыс жасады, Қр бғМ математика институты, ф м.ғ. д., профессор Ақыш А. Ш., ҚазҰУ, Микро-макро экономика кафедрасының профессоры Оспанов С. С., ф м.ғ. к., профессор Өтегенов К. У
Х. К., доцент Губанов В. Н., ф м.ғ. к.,доцент Розенфельд Г. О., Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі...
Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Дүйскенрва Р. Ж. «Есеп және аудит»
Статистикалық МӘліметтерді жинақтау, топтау, ЖӘне кесте қҰру негізінде ақпараттардың сапасын арттыру
Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты
Ақшалай жүйенің дамуы – сараптамаға көп түсетіндігімен маңызды. Яғни, ақша жүйесінің тиімді даму тенденциясы мемлекеттің әлеуметтік...
Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconИскаков ринат
...
Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика» iconIii. Структурные уровни и системная организация материи
Все многообразие известных человечеству объектов и свойственных им явлений принято разделять на три различных уровня – микро-, макро-,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница