6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру»




Скачать 201.1 Kb.
Название6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру»
Дата конвертации26.11.2012
Размер201.1 Kb.
ТипДокументы
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы


БАҒДАРЛАМАСЫ

1. «АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ СУЛАНДЫРУ»
КІРІСПЕ

Ауылшаруашылық өндірісінің дамуына, ауыл тұрғындарының мәдениет-әлеуметтік және ұй-жай жағдайын жақсартуға ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландырудың маңызы. Ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру дамуына қысқаша тарихи шолу. Ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру дамуының қазіргі жағдайы мен болашағы.
1.1. СУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Сумен қамту жүйесін қызметіне, су көзін қолдану тәртібіне, суды беру әдісіне байланысты жіктеу. Сумен қамтамасыз ету схемалары. Локальдық, орталықтырылған, топтық сумен қамтамасыз ету жүйелері.Су құбырлар құрылымдарынфың құрамы.

Есептік су тұтынушылар санын анықтау. Ауыл елдімекендердегі, фермалардағы және басқада ауылшаруашылық өндірістегі меншікті су тұтыну көлемін анықтау. Су шығынының тәуліктік және сағаттық ауытқу графигі. Су тұтынудың бірқалыпсыздық коэффициенті. Есептік тәуліктік және сағаттық су өтімін анықтау.Сорғы станцияларының су көтеру графигі.

Су өткізгіштер, оларды жіктеу. Арынды, өзіндік ағатын және айдамалатын өткізгіштер.

Сыртқы су құбырлар желісі. Су құбырлар желісі пішіні және көректенуінің негізгі схемалары. Су құбырларын жалғау . Фасондық бөлшектер. Арматуралар. Еркін арын және есептік өтімдері. Учаскілердегі есептік өтімдерін, түйіндік және жол бойы өтімін анықтау. Тармақты желінің есептері. Айналмалы желілер есебі. Кері резервуарлы желілер есебі.
1.2. ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ

Су көзі ретінде жер асты сулары, таңдау ережелері (МЕСТ 2761-84). Жер асты сулар қоры. Жер асты суларын алу құрылымдар типтері. Тік су қабылдағыштар, олардың сипаттамасы..
1.3. СУ ҚАБЫЛДАУ ҰНҒЫМАЛАРЫ

Су қабылдау ұнғымалары (тік дренаж) Су қабылдау ұнғымаларының сүзгілері, оларды есептеуі. Шахталы құдықтар. Су қабылдау бөлімін құрылысы. Сүзгісіз ұнғымалар. Құрастырылған құдықтар. Көлденең және сәулелі су қабылдағыштар.

Бұрғылау түрлері. Шахталы құдықтармен ұнғымаларды құру механизмдер түрі. Бұрғылау әдістері. Канатты-соққылы әдіспен бұрғылау технологиясы. Ұнғымаларды құру, олардың конструкциялары. Сулы қабатты ашу ерекшелері. Роторлық бұрғылау технологиясы. Ұнғыма қабырғаларын бекіту, олардың конструкциялары, жуып-шаю әдістері.
1.4. ЖЕР БЕТІ СУ КӨЗДЕРІ.

Жер беті су көздері. Су қабылдағыш құрылымының орналасу орнын таңдау. Өзендік су қабылдағыштардың негізгі типтері мен элементтері. Баулықтар. Жағалық ұдықтар, конструкцияларымен типтері. Өзендік су қабылдағыштардың есептеу негіздері. Каналдардан, су қоймаларынан, көлден су қабылдау ерекшелері.

1.5. СУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ӘДІСТЕРІ

Табиғи су көздерінің сапа көрсеткіштері. Су сапасына қойылатын талаптар. МЕСТ 2874-82. Су сапасын жақсарту әдістері. Су тазалау технологиялық схемалары (ағарту, түссіздендіру, залалсыздандыру). Суды темірден айыру, жұмсарту, тұщылату әдістері туралы түсінік., Сарқынды суларды залалсыздандыру және тазалау әдістері. Тазалау құрылымдары. Тазаланған сарқынды суларды суландыруға қолдану.

1.6. СУДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

Суды тасымалдаудың негізгі әдістері. Су құбырлары. Құбырлардың қосылуы. Құбыр түрін таңдау. Фасонды бөлшектер. Су құбырының арматурасы. Су гидранттары. Резервуарлар мен су мұнаралары, реттеу, қор сиымдылықтарының жіктелуі, олардың міндеті, конструкциялары және типтері. Резервуарлар мен су мұнаралар жабдықтары. 1–ші және 2-ші көтеру сорғы станцияларының арынымен өтімін анықтау

Ауылшаруашылық сумен қамтамасыз етудің топтық жүйелері. Топтық құбырлар жүйелерін жобалау ерекшелері. Есептік өтімдерін анықтау. Су өтімдерін реттеу. Орталықталынған, орталықтандырылмаған және құрастырылған сумен қамту схемалары.

Жайылымдылық және далалық сумен қамту жүйесі. Территорияны суландыру туралы түсінік. Суландыру кешенді жүйелері. Осы жерлердегі сумен қамту жүйелері.

ҰСЫНАЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі:

1.Оводов B.C. Сельскохозяйственное водоснабжение и обводнение. М: Колос, 1984.

2.. Карамбиров Н.А. Сельскохозяйственное водоснабжение. М: Агропромиздат,1986.

3. Жұмағулов Н. Сумен жабдықтау.- Алматы, Білім, 2001

Қосымша:

1. Ш.М.Отарбаев Ауыл шаруашылығын сумен қамту жуйелерімен құрылымдары. - Тараз, 2001

2.Отарбаев Ш.М., Серімбетов А.Е. Ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру пәнінің есебі. Жамбыл,1994.

3.Л.Е.Тәжібаев Ауыл шаруашылық тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету және жайлымдарды суландыру. Оқу құралы. 1992 ж.

4. Ә.Қадырбаев, Ә. Ауланбергенов Гидравлика негіздері және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету, Алматы,1996 ж.

5. ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001Наружные сети и сооружения. Астана, 2002г.

2. «СУ РЕСУРСТАРЫН КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУ»
2.1 СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУ

Мемлекеттiк су шаруашылығы - анықтамасы, құрамы, қызмет мақсаттарының негiзгi белгiлерi. Су кадастры мен суды мемлекеттiк есепке алу су шаруашылығының басқа шаруашылық салаларымен өзара байланыстары. Су пайдаланудағы мемлекеттiк бақылау. Су пайдаланушыларға арнайы рұқсат беру. Суды пайдалануды алғашқы есепке алу. Қазақстандағы су заңдылықтары. Қазақстан және басқа елдердегi су шаруашылығы дамуының болашағы. Су ресурстарын пайдалануды жоспарлаудың ерекшелiктерi.
2.2 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIГI

Су шаруашылық тепе-теңдiк - су қорларын кешендi пайдалану және оларды қорғау нұсқасын түзуге негiз. СШТТ түрлерi. Келешекке арналған СШТТ түзу әдiстерi.

СШТТ кiрiс бөлiгi. СШТТ кiрiс бөлiгiн құрастыру. СШТТ шығын бөлiгi. Экономика салаларының суды пайдалануы. Суды пайдаланудың басты сипаттамалары. Суды пайдаланудағы болжамдар. Аймақтардағы iрi өзендер алаптарының СШТТ. Республиканың жеке аудандарындағы су тапшылығының себептерi.
2.3 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНДЕРI

Су шаруашылық кешенi туралы түсiнiктер. СШК-ның масштабтары мен құрылымдарының түрлерiне байланысты жiктеу. Суды тұтыну және суды бөлу.

СШК-нiң негiзгi қатысушылары. Олардың су кездерiнiң әлпiсi мен сапасына қоятын талаптары. Өндiрiстiк қызметтерi жән е оларды құру негiздерi.
2.4 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕННIҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Коммуналды-тұрмыстық шаруашылығы /КТШ/ - СШК мүшесi. Коммуналды-тұрмыстық шаруашылығына суды бөлу және бұл саланың қоршаған ортаға тигiзетiн әсерi. КТШ-ның суды тұтынудағы үнемдеу жолдары. Бөлiнетiн сулардың сапасы. КТШ-ның СШК құрамындағы басқа қатысушыларына көрсететiн ықпалы. Балық шаруашылығы - СШК мүшесi. Су қоймаларындағы судың сапасы мен деңгейлерiнiң әлпiсiне қойылатын талаптар. Су көлiгi - СШК мүшесi. Су көлiгiн СШК қатысушы- ларының құрамына енгiзудiң негiздерi. Су көлiгiнiң өндiрiстiк қызметтерi .Сауықтандыру - СШК мүшесi. СШК қатысушылары құрамына енгiзудiң негiздерi. Табиғи кешендер - СШК мүшесi. Табиғи кешендер туралы түсiнiктер. СШК құру кезiнде табиғи нысандарды қорғау шаралары. Табиғатты қорғау аймақтарын анықтау. Мал және құс шаруашылығы - СШК мүшесi. Пайдаланатын суға қойылатын талаптар. Суды қолдану ерекшелiктерi. Бөлiнетiн сулардың сапалық қасиеттерi. СШК басқару қатысушыларына келтiретiн ықпалы.

Суару мелиорациясы - СШК мүшесi. Мелиорацияны СШВ қатысушыларының құрамына еңгiзудiң қажеттiлiгi мен тиiмдiлaгiе негiздеу Егiншiлiктi суландырудың өндiрiстiк қызметтерi Суару мелиорациясының басқа СШК мүшелерiне тигiзетiн әсерлерi.

Энергетика - СШК мүшесi. Энергетикалық жүйелерiн және электр қуатын тұтынушылар. Энергетика саласын СШК құрастырушылар құрамына енгiзудiң негiздерi. Өндiрiс - СШК мүшесi. Өндiрiстi СШК қатысушылары- ның құрамына енгiзудiң негiздерi. Өнеркәсiптi сумен қамтамасыздандырудың ерекшелiктерi. Өндiрiстiң әр түрлi салаларында пайдаланатын судың мөлшерi мен сапасына қойылатын талаптар. Өндiрiстiк қызметтерi. Өндiрiстегi суды үнемдеу жолдары. СШК басқа қатысушыларына тигiзетiн әсерлерi
2.5 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНДЕРIН БАСҚАРУ

Су шаруашылық кешендерi /СШК/ және су шаруашылық жүйелерi /СШЖ/ туралы түсiнiктер. СШК және СШЖ ерекшелiктерi, олардың басқа халық шаруашылық жүйелерiнен айырмашылығы. СШК және СШЖ морфологиялық қызметтiк және ақпараттық құрылымы. Су шаруашылық және гидромелиорациялық жүйелердiң өзара байланыстары. СШК-ны келешектi және ағымды басқару туралы түсiнiктеме. Басқарудың негiзгi мәселелерi. СШК-ны басқарудың дамуына қажеттi негiзгi түсiнiктер. СШК - басқарудың автоматтандырылған жүйелерi /БАЖ/. СШК-ны басқарудың автоматтандырылған жүйелерiнiң құрамы. БАЖ шешетiн мәселелер. БАЖ қызметiнiң кiшi жүйелерiн қамтамасыз ететiн құрамы. СШК-ны басқарудың автоматтандырылған жүйелерiнiң мысалдары
2.6 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНДЕРIНIҢ ҚҰРАМЫН ТҮЗУ

СШК құрамын түзу - басқарудың ең маңызды мәселелерiнiң бiрi. Әр түрлi деңгейлер иерархиясындағы СШК құрамын түзуде шешiлетiн мәселелер. Кең аймақтық СШК құрылымдарын түзу. Алаптық СШК құрылымдарын түзу мәселелерiн шешу әдiстерi. .СШК-ның қабылдаған құрылымының қызмет ету тиiмдiлiгiн анықтау барысында экономикалық әдiстердi қолдану. СШК-ны құру кезiнде оның келтiретiн зиянды әсерлерiн есепке алу. Жұмсалатын қаржыларды СШК мүшелерiнiң арасында бөлiстiру.
2.7 КЕШЕНДI СУ ТОРАБЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН БАСҚАРУ

Кешендi су торабы /КСТ/ - су шаруашылық жүйесiнiң негiзгi элементтерiнiң бiрi. Кешендi су тораптарында арынды қалыптастыру нұсқалары. Кешендi су тораптарының негiзгi параметрлерi және оларды анықтау. Кешендi су тораптарының әр түрлi типтерiн түзу ерекшелiктерi.

Кешендi су тораптарының жұмыс әлпiсiн басқару мәселелерi. КСТ қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi. Жұмыс әлпiсiн диспетчерлiк графиктi түрде басқару. Су шаруашылық және гидромелиорациялық жүйелерiнiң диспетчерлiк қызметтерiнiң өзара байланыстары. КСТ жұмысын басқарудағы шығындармен жүргiзiлетiн күрес. КСТ су қоймаларының су қорларын пайдалану ережелерiнiң негiзгi жағдайлары

КСТ пайдалану кезiнде су бөлудi ұйымдастыру. Су тұтынушылардың су деңгейлерi әлпiсiне қоятын талаптарын ескеру. Саты түрде орналасқан су тораптарының әлпiсiн үйлестiру туралы түсiнiктер.
2.8 СУ ҚОРЛАРЫН ЛАСТАНУДАН ЖӘНЕ САРҚЫЛУДАН ҚОРҒАУ

Мұхит, теңiз, өзен суларының ластануы. Табиғи сулар сапасының көрсеткiштерi және негiзгi түсiнiктер. Табиғи сулардың қазiргi деңгейдегi сапасы, ластану дәрежесi. Табиғи суларды ластайтын негiзгi көздер. Суаттардағы сулардың тазалығын сақтауға және қайта құруға арналған iс-шаралар. Ағынды суларды тазалау әдiстерi. Суды тыңайтқыштардан және радиоактивтiк элементтерден қорғау. Мал шаруашылық кешендерiнiң ағынды суларды пайдалануы.

Су қорларының азаю себептерi. Су көздерiн судың азаюынан қорғауға арналған iс-шаралар: орман мелиорациясы, агромелиоративтiк және гидротехникалық iс-шаралар. Суды қорғау аймақтары. Жер бетiндегi суларды бақылайтын автоматтандырылған жүйелер. Шағын өзендердiң суларын қорғау нұсқалары. Су қорларын қорғаудың құқықтық мәселелерi.
2.9 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМНIҢ БАСҚА ЕЛДЕРІНДЕГI АСА МАҢЫЗДЫ СУ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Аймақтық су шаруашылық мәселелері. Қазақстанның негiзгi өзендерiнiң су шаруашылық мәселелерi. Арал теңiзi мен Балхаш көлiнiң мәселелерi. Едiл-Каспий мәселелерi және оларды шешу жолдары.
ҰСЫНАЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:


  1. Қазақстан Республикасының су кодексі. 31 наурыз 1993 ж N 2061-XII (ҚР заңдарымен өзгертулер енгізілген 24.12.96 ж. N 58-1; от 11.05.99 г. N 381-1)

  2. Юшманов О.Л., Шабанов В.В., Галямина И.Г., и др. Комплексное использование водных ресурсов. Учебное пособие. – М.: Агропромиздат. 1985.

  3. Васильев Ю.С., Хрисанов Н.И. Экологические аспекты гидроэнергетики – Л.: издательство ЛГУ, 1984.

  4. Яковлев С.В., Прозоров И.В., Иванов Е.Н. и др. Рациональное использование водных ресурсов. М.: Высшая школа 1991.


3. «СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ»





    1. ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ.

Суғару жүйелері – су шаруашылық өндірісі. Гидромелиоративтік жүйелердің жіктелуі: суару жүйелері, сумен қамтамасыз ету – суғару жүйелері, құрғатып – ылғалдандыру және құрғату жүйелері.

Ішкі шаруашылық және шаруашылықаралық суғару жүйелері. Оларды пайдалануды ұйымдастыру шарттары, пайдаланущылар қызметкерлерінің негізгі міндеттері мен құқықтары.

Гидромелиоративтік жүйелерінің жалпы қызметі.
3.2 ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ.

Кең ауқымды жаңбырлатқыш машиналар суару жүйесі, жүйектеп суғаруға арналған өзіндік арынды жүйе, құрғату-ылғалдандыружүйелері, арнайы жүйелер туралы жалпы ұғым. Жүйелерге қойылытын негізгі талаптар: сапасы; беріктігі, тоқтаусыз ұзақ жұмыс істеу, жөндеуге бейімділігі, сақталу мерзімі. Сушаруашылық жүйелер мен олардың гидротехникалық құрылымдарының сапасының негізгі көрсеткіштері. Оларды мелиоративтік,экологиялық және экономикалық тұрғыда бағалау. Гидромелиоративтік жүйелері мен құрылымдарын пайдалану шарттары мен талаптары.
3.3 СУҒАРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Суды пайдалану негіздері. Суды пайдалану жоспары, оның негізгі принциптері. Су көздерінің суғару мүмкіншіліктері. Су көздерінің табиғи режимде суғару мүмкіншіліктерін негіздеу және оны су қоймалары арқылы реттеу.
3.4 ІШКІШАРУАШЫЛЫҚ СУҒАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОСПАРЫ.

Жоспардың құрамы, оны құруға қажетті негізгі құжаттар мен мәліметтер. Суғару режимдері: жобалық, пайдалану, жеделдетілген. Шаруашылықаралық суды бөлу, беру, жеткізу және оларға суғару нормаларын құру. Пайдалану шараларының күнтізбелік жоспары. Ішкішаруашылық су айналымы. Суды пайдаланудың жеделдетілген жоспары.


    1. ІШКІШАРУАШЫЛЫҚ СУ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ.

Суғаруды жүргізуге дайындық және ұйымдастыру жұмыстары. Суғару тәсілдері мен әдістерін таңдау мен оны ұйымдастырудың пайдаланулық бағасы. Суғаруды ұйымдастыру және оны жүргізу: жер бетімен суғаруды, жаңбырлатып суғаруды, тамшылап және жер астымен суғаруды.

Су пайдалану жоспарына өзгерістер енгізу шарттары. Суғаруды Оперативті басқару. су пайдалану жоспарының орындалу көрсеткіштері: жүйенің пайдалы әсер коэффициенті, суды пайдалану коэффициенті.
3.6 АУЫЛДЫҚ СУ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР КООПЕРАТИВІ.

Олардың құрамы мен негізгі элементтері: жекешелендіру, демократия, децентрализация. Ауылдық су пайдаланушылар кооперативінің құрылымдықсхемасы, олардың әкімшілік-әлеуметтік, финанстық элементтері. Су пайдаланушылар кооператив мүшелеріне (шаруашылықтарға) суың сатылу шарттары. Суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифтерін анықтау әдістемесі.
3.7 ШАРУАШЫЛЫҚАРАЛЫҚ СУҒАРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮРГІЗУ.

Гидромелиоративтік жүйелерін пайдаланудың техникалық құрал-жабдықтары. Диспечерлік байланыс жабдықтары. Автоматизация, телемеханизация және компьютеризация құрал-жаблықтары. Су өлшеуіш бекеттер. Бақылау құдықтары. Өндіріс және тұрғын ғимараттары. Өндірістік-зерттеу зертханалары. Пайдалану жұмыстарына қажетті машиналар мен механизмдер. Пайдалану жол торабы. орман жолақтары.
3.8 ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ.

Пайдалану қызметінің негізгі міндеттері. Жүйелерді басқару органы және олардың құрылымы. Гидромелиоративтік басқаруындағы өкілетті органдардың құқығы мен міндеттері. Өндірістік-финанстық жоспарлау мен есеп беру. Ауылшаруашылығы жүйелері мен құрылымдарының мониторинг, жүйелерді төлқұжаттандыру және инвентризациялау.
3.9 СУШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУ.

Пайдалану объектілерінің технико-экономикалық көрсеткіштері. Суармалы жерлердің мелиоративтік режимін басқару. Техникалық басқаруды ұйымдастыруды жоспарлау. Суармалы алқаптардың мелиоративтік жағдайын бақылау, су өтімі мен шығынын өлшегіш құрал-жабдықтар. Пайдалану мен жөндеу жұмыстарын механизациялау құрал-жабдықтары мен транспорт. Өндірістік база және тұрғын ғимараттары. Пайдалану қызметтерінің штатын құру. Жүйелер мен құрылымдарды пайдаланудың жылдық шығыны. Объектілерді іске қосу кешеніндегі пайдалану жұмыстары. Күрделі гидромелиоративтік құрылымдарын пайдалану.
3.10 ЖҮЙЕЛІК СУ БӨЛУДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ.

Жүйеге суды алу және бөлу жоспарлары. Жүйе бойынша су пайдалану тепе-теңдігі. Суғарудың күнтізбелік графигі. Су бөлуді диспечерлік басқару. Жүйелік су бөлу жоспарына орындалу көрсеткіштері: жүйенің, шығыны, өтімі, пайдалы әсер коэффициенті, суды пайдалану коэффициенті.
3.11 СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ.

Жүйелер мен ондағы құрылымдарға техникалық қызмет көрсету жөндеу жұмыстарының түрлері: өтпелі, нақтылы, апатты, кезеңде жөндеу жұмыстары. Жөндеу жұмыстарын механизациялау және оны жүргізу технологиясы.

3.12 ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ.

Мелиоративтік қызмет. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бақылауды ұйымдастыру. Жер асты суының өзгеруі. суармалы алқаптардың сортаңдану мен батпақтануы. Топырақтың су-тұздық тепе-теңдігі. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту шаралары. Сортаң жерлердегі кәріз жүйесі. Оларды пайдалану.
3.13 ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ СУДАҒЫ ТҰНБАЛАРДЫҢ (ШӨГІНДІЛЕРДІҢ) ҚОЗҒАЛУ РЕЖИМІН РЕТТЕУ.

Су алу көзі - өзендерде тұнбалардың пайда болуы. Тұнбалардың суару жүйелері мен құрылымдарға тигізетін әсері. Олармен күресудің жалпы шарттары мен ережелері. Тұнбаларға арналған құрылымдар мен тазалау әдістері: табалдырықтар, галлереялар, тұндырғыштар т.б. Жер каналдардың шөгінді лай мен шөп басып кетуін болдырмау шаралары. Тұнбалармен күресудің жалпы пайдалану шаралары. Тұнбалармен күресудің жалпы пайдалану шаралары мен әдістері.
3.14 ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ.

Пайдалану кезеңіндегі жер беті және жер асты суларының ластану себептері мен оларды болдырмау шаралары. Су шығындары мен күрес жолдары (сіңу, булану, техникалық шығын). Жүйенің ПӘК-н жоғарылату шаралары.

Жер ресурстарын қорғау. Суармалы жерлердің тұздануы мен батпақтануының негізгі себептері, оларды болдырмау шаралары.
3.15 АРНАЙЫ СУҒАРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Арнайы суғару жүйелерін пайдалану: суландыру-суғару, жайылма, күріштік, жергілікті ағын сумен суғару жүйелері. Құрғатып-ылғалдандыру және олармен күрес шаралары.

3.16 ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРЫН КЕШЕНДІ ҚАЙТА ҚҰРУ.

Суғару жүйелерін қайта құру, оның негізгі мақсаты және принциптері, оны жоспарлау және жобалау. Мелиоративтік объектілердің жағдайын бағалау.

Суды алуды, бөлуді, жеткізуді, есептеуді, суғаруды жүргізуді, жүйелерді пайдалануды басқаруды автоматтандыру. Басқарудың автоматтандырылған жүйесі. Суды пайдалануды компьютерлік бағдарламарды пайдалану.
3.17 ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Гидромелиоративтік жүйелері мен құрылымдардың технико-экономикалық көрсеткіштері: мелиоративтік шығындар, 1м3 судың өзіндік құны, жүйенің рентабельдігі, шығындардың қайту мерзімі.

ҰСЫНАЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі


  1. Натальчук М.Ф., Ахмедов Х.А. Ольчаренко В.И. Эксплуатация гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1983.

  2. Натальчук М.Ф., Ольчаренко В.И., Сурин В.А. Эксплуатация гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1985.

  3. Бочкарев Я.В., Натальчук М.Ф. Практикум по эксплуатации и автоматизации гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1980.

  4. Шаров И.А. Эксплуатация гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1968.

  5. Ольчаренко В.И., Волковский П.А. и др. Эксплуатация гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1980.

  6. Водный кодекс Республики Казахстан.– Алматы: Юрист, 2004.-69 с.

  7. Водные законодательство. Сборник Нормативных актов. – Алматы: Юрист, 2004.-68 с.

  8. О сельском потребительском кооперативе водопользователей: Закон Республики

Казахстан. – Алматы: Юрист, 2003.-14 с.
ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР
.1 ТОПЫРАҚТАРДАН ЖӘНЕ БАСҚА ЖЕРГІЛІКТІ МАТЕРИАЛДАРДАН ТҰРҒЫЗЫЛҒАН БӨГЕТТЕР
Жер топырақтан жасалған бөгеттер. Жер топырақтан жасалған бөгеттердің түрлері және оларды топтастыру. Бөгеттің табанынан және денесі арқылы сіңу. Сіңуді есептеу тәсілдері. Беткейлердің тұрақтылығы. Тұрақтылықты есептеу.

Жер-тасты және үлісінді-тасты (бос тасталған тастар) бөгеттер. Бөгеттердің конструкциялары және түрлері. Бөгет денесіндегі және табанындағы сүзілуге қарсы элементтер. Сүзілу есептерінің ерекшеліктері.
4.2 САҢЫЛАУСЫЗ БӨГЕТТЕР МЕН СУ ТОРАБТАРЫНДАҒЫ СУ ӨТКІЗГІШ ҚҰРЫЛЫМДАР
Суды бос ағызғыш, су жібергіш және су шығарғыштардың түрлері, олардың топтастырылуы және міндеттері. Жағалаулардағы ашық суды бос ағызғыштар. Оларды трассировкалау. Реттелетін және ретелмейтін суды бос ағызғыштарға суды маңдайшалап әкелу. Суды бос ағызғыштың бас бөлігінен (ордан) суды бүйірлеп әкету.
4.3 КАНАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДАҒЫ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР
Каналдар. Каналдарды топтастыру, олардың көлденең қималарының өлшемдері және формалары, трассировкалау, каналдардағы су шығындары, олармен күресу тәсілдері, каналдарды қаптау. әр түрлі мақсаттардағы каналдардың ерекшеліктері (суармалы, энергетикалық, кеме қатынайтын, кешенді мақсаттағы және т.б). ағынды алабаралық тарататын каналдар.

Каналдардағы құрылымдар. Беттесетін құрылмдар. Беттесетін құрылмдарды топтастыру.өтпелі участіктер. Тезағарлар, олардың түрлері және конструкциялары. Тезағарлардың кәріздері.

Құламалар және олардың түрлері. Құламалардың конструкциялары. Құламалар жұмыстарының гидравликалық жағдайлары, негізгі есептер. Беттесетін құрылымдардың түрлерін таңдаудағы экономикалық және пайдалану бағалары.


    1. СУДЫ РЕТТЕЙТІН ЖӘНЕ ӨТКІЗЕТІН ҚҰРЫЛЫМДАР


Реттейтін құрылмдар. Реттейтін құрылымдарды топтастыру, олардың ерекшеліктері және суармалы, құрғату және басқа жүйелерде жұмыс істеу жағдайлары. Реттейтін құрылымдардың түрлері.

Өткізетін құрылымдар. Акведуктер және селөткізтер, олардың қолдану жағдайлары. Құрылымдардың схемалары, жағалаулармен беттесулері. Науалардың конструкциялары, науаға кіру және шығу, тіреу бөліктері және т.б. Акведуктерді есептеудің гидравликалық және статикалық негіздері. Дюкерлер, олардың түрлері және конструкциялары. Дюкерлердің лайлануын ескерту. Гидравликалық және статикалық есептер. Гидротехникалық туннелдер, оларды топтастыру және қолдану жағдайлары. Көлденең қимасының ауданы, тау қысымдары және қаптаудың түрлері.
4.5 ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ АСТЫНАН ЖӘНЕ АЙНАЛЫП СҮЗІЛЕТІН СУЛАР
Жартас емес негіздердегі сузілу сулары. Сүзілу құбылыстары және сүзілуді есептеу мақсаттары. Сүзілу есептерінің жуық тәсілдері, ЛКФ, ұзартылған сүзілудің нобайы және т.б. гидродинамикалық тор және оны пайдалану.

Сүзілу есептерін эксперименталды тәсілдермен шешу (ЭГДА тәсілі, сүзілуге саңылау науасы). Гидродинамикалық торды графиктік тәсілмен тұрғызу.
4.6 ТІРЕК ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУДІҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ
Деформацияны, беріктілікті және тұрақтылықты есептеулердің түрлері. Гидротехникалық құрылымдарды шекті жағдайларда есептеулердің негізгі қағидалары.

Жартас емес негіздердегі бетон құрылымдардың тұрақтылығын есептеу.

Гидротехникалық құрылымдарға сейсмикалық әсерлер.


    1. БЕТОНДАРДАН ЖӘНЕ ТЕМІР БЕТОНДАРДАН ТҰРҒЫЗЫЛҒАН БӨГЕТТЕР


Бөгеттердің негізгі түрлері және олардың сипаттамалары. Бөгет түрлерінің негізгі сипаттамалары және топтастырылуы.

Жартас негіздердегі саңылаусыз гравитациялық бетон бөгеттер. Көлденең қимасының негізгі элементтері, кескінің көрінісі.

Бетонды бос су ағызатын бөгеттер. Негізгі түрлері және схемалары. Бөгеттердің конструкциялары. Суағар кескінің жағы. Төменгі бьефтің құрылысы.

Жеңілдетілген гравитациялық бөгеттер. Сел ағындармен күресуге қолданатын тесіп өтетін құрылымдар.

Аркалы және контрфорсты бөгеттер. Негізгі түрлері. Топтастыру. Аркалы және контрфорсты бөгеттер туралы жалпы мәліметтер. Алдын-ала негізгі өлшемдерін анықтау.


    1. СУ АЛҒЫШ ҚҰРЫЛЫМДАР


Су алатын құрылымдарды топтастыру және олардың мақсаттары. өзендегі су алатын торабтың орналасу орнын таңдау. Су алудың түрін таңдау.

Бөгетсіз су алу. Су алудың орналасу орнын таңдау. Бөгетсіз су торабтарының бас құрылымдары.

Бөгетпен су алу. Су алудың түрлері және схемалары. Қолдану жағдайлары.

Қарсы алдынан бөгетпен су алу және олардың схемалары. Су алу схемаларының жұмыс істеу ерекшеліктері.

Діңгекті су алулар. Конструкцияларының ерекшеліктері. Қолдану жағдайлары. Су алу торабының құрастыру схемалары, қабыршақ мұзды өткізуді ескеру.


    1. ТҰНДЫРҒЫЛАР


Тұндырғылар туралы жалпы мәліметтер. Тұндырғылардың міндеттері. Тұндырғылардың негізгі элементтері. Тасындыларды аулақтату тәсіліне, камералардың санына, орналасу орнына және су шаруашылық салаларға байланысты тұндырғыларды топтастыру.

Автоматтандырылған тұндырғылар. Суармалы жүйелердің тұндырғыларын жобалау ерекшеліктері және жұмыс істеу жағдайлары, оларды орналастыру.
4.10 АРНАЙЫ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ
Кеме қатынайтын жолдар және құрылмдар. Су жолдары. Кем еқатынайтын шлюздерді топтастыру. Шлюздердің габариттері және конструкциялары.

Сал ағызу құрылымдары. Сал ағызу транспортының түрлері.

Балық шаруашалығының гидротехникалық құрылымдары және оларды топтастыру. Су алатын құрылымдарды мұздан, қабыршақ мұздан және қоқым-соқымнан қорғайтын құрылымдар.

Эрозияға қарсы және селге қарсы құрылымдар. Эрозияға қарсы құрылымдардың конструкциялары және түрлері. Сел ағындары туралы түсініктер. Сел ағынымен күресетін құрылымдар, олардың түрлері және конструкциялары.
4.11 ӨЗЕНДЕРДЕ КЕШЕНДІ СУ ТОРАБТАРЫН, СУ ҚОЙМАЛАРЫН ҮЙЛЕСТІРУ
Өзендердегі су торабтарын құрастыру. Өзендердегі су торабтарын топтастыру. Су торабтарын құрастыруға әсер ететін жағдайлар. Су торабтарын құрастыратын негізгі ұстанымдар. Құм тасындылар мол жарықтық өзендердегі құрылымдарды құрастыру мысалдары. Төменгі және орта қысымдардағы су торабтарын арнада, жайылмада және жартылай жайылмада құрастыру. Әр түрлі түрдегі су торабтарын құрастырулардағы құрылысын өтімін өткізудің ерекшеліктері.
4.12 ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Лабораториялық зерттеулер. Лабораториялық зерттеулердің түрлері және мақсаттары және олардың дамуы.

Гидротехникалық құрылымдардың беріктілігін және зорлану жағдайларын және олардың негізін модельдеу. Зерттеулердің тәсілдері және мақсаттары. Статикалық, сейсмикалық және температуралық әсер етулерді модельдеу.

Гидротехникалық құрылымдарды натуралық зерттеулер. Жалпы қағидалар. Тексеру өлшеу аппаратуралары және оларды орналастыруға жалпы талаптар. Құрылыс кезеңіндегі натуралық зерттеу, өлшеу құралдары. Сүзілуді натуралық зерттеу. Ауыспалықты зерттеу.

Бөгеттің қауіпсіздігін негіздейтін натуралық зерттеулердің негізгі бағыттары.
ҰСЫНАЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
1. Гидротехнические сооружения комплексных гидроузлов. / Под ред. П.С. Непорожного. М. «Энергия», 1973

  1. Розанов Н.П., Бочкарев Я.П., Лапшенков В.С., Журавлев Г.И., Каганов К.М., Румянцев И.С., Гидротехнические сооружения. / Под ред. Н.П. Розанова. М. «Агропромиздат», 1985

  2. Васильев И.А., Журавлев Г.И., Корюкин С.Н. и др. Гидротехнические сооружения. / Под ред. Н.П. Розанова. М. «Стройиздат», 1978

  3. Гришин М.М., Слисский С.М., Рассказов Л.Н., Орехов В.Г. и др. Гидротехнические сооружения. / Под ред. М.М. Гришина. М.: «Высшая школа», Ч.1.2., 1979

  4. Чугаев Р.Р. Гидротехнические сооружения, Части1.2, М.: «Высшая школа», 1975, 1978

  5. Ничипорович А.А. Плотины из местных материалов. М.: «Стройздат», 1983

  6. Михайлов А.В., Левачев С.Н. Внутренние водные пути. М.: «Высшая школа», 1982

  7. Гришин М.м., Розанов Н.П. и др. Бетонные и железобетонные плотины на скальном основании. М.: «Стройиздат», 1975

  8. Справочник проектировщика. Гидротехнические сооружения. / Под ред. В.П. Недриги. М.: «Стройиздат», 1983

  9. Справочник Мелиорация и водное хозяйство, т.4 Сооружения. / Под ред. П.А. Поладзаде. М.: «Агропромиздат», 1987




Ф.ҚазҰАУ.42-04-10. Магистратураға түсу емтиханының бағдарламасы. Екінші басылым.

Похожие:

6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» iconПӘндер «салалық ЖӘне кешендік гидротехникалық ҚҰрылымдар» Кіріспе
Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша докторантура PhD қабылдау емтиханы
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» iconАбуов жандос махмудович сырдария өзені суын Қызылорда облысы егіс алқаптарын суаруды тиімді пайдалану мәселелері 6М080500 – «Су ресурстары және суды қолдану»
М080500 – «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша ауылшаруашылығы магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған...
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» icon6М070100 Биотехнология мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы микробиология және вирусология
Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру. Жинақтаушы дақылдары мен элективті принциптер. Микроорганизмдердің таза дақылдары, оларды...
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Су ресурстары және суды қолдану, 5В080500 – Су ресурстары және суды пайдалану (бакалавриат)
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» icon6М060800- экология мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы пәН: «биогеохимия және экотоксикология»
Куммулятивті, синергетикалық эффектілер. Қоршаған орта факторларының гонадотропты, эмбриотропты және мутагенді әсерлері. Қоршаган...
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» iconПӘндер «гидромелиоративтік жүйелерін пайдалану»
М 081000 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» iconБАҒдарламасы «Технологиялық машиналарды жинақтау (монтаждау) және пайдалану»
М072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» iconМагистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары 6M0806 – Аграрлық техника және технология «Мал шаруашалағын механикаландыру»
Ауылды және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету насос стансасының есебін көрсетіңіз?
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» iconБАҒдарламасы «Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
М050802– «Мал өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының
6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру» icon6М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізбесі «Макроэкономика»
М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница