Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»




Скачать 59.14 Kb.
НазваниеМүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Дата конвертации21.05.2013
Размер59.14 Kb.
ТипДокументы
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің

шешімімен бекітілген

2011 жылғы 24 наурыздағы

№44 хаттама


«Самұрық-Энерго» АҚ біліктілікті арттыру және Директорлар кеңесі

мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша

САЯСАТ

Астана қ., 2011 ж.

1-бөлім. Жалпы ережелер


  1. «Самұрық-Энерго» АҚ біліктілікті арттыру және Директорлар кеңесі мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша осы саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесінің нұсқауларына сәйкес әзірленген.

  2. Директорлар кеңесінің мүшелері сайлану уақытында жеткілікті тәжірибе мен білімге ие болады деп күтіледі. Алайда олар барлық салада сарапшы бола алмайды. Осыған байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесі мүшелерінің білімін тұрақты кеңейтуді және жаңартуды, сондай-ақ Директорлар кеңесі құзыретінің жеке мәселелері бойынша сыртқы кәсіби және тәуелсіз сараптама тарту мүмкіндігін ұсынуды қажет деп табады.

  3. Осы саясаттың мақсаты Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдылары мен біліктілігін дамытудың жүйелі, құрылымдық және ашық механизмін енгізу және Директорлар кеңесі талқылайтын мәселелер сыртқы кәсіби және тәуелсіз сараптаманы талап ететін жағдайда сыртқы сарапшыларды тартуға құқықтарын жүзеге асыру жолымен Директорлар кеңесі шешімінің тиімділігін және салмақтылығын көтеру болып табылады.

  4. Осы саясат Директорлар кеңесі мүшелерінің Қоғамның Директорлар кеңесі жөніндегі ережеде бекітілген олардың біліктілігін көтеру және сыртқы сарапшыларды тарту бөліміндегі құқықтары мен міндеттерін нақтылап, Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін көтеру және сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі шешім қабылдау мен жоспарлау тәртібін реттейді.

  5. Осы саясат Қоғамның атқарушы органы мүшелері болып табылмайтын Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі болады.



2-бөлім. Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілікті арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту мәселесіндегі құқықтары мен міндеттері


  1. Қоғамның Директорлар кеңесі:

- осы саясат белгілеген тәртіпке сәйкес Қоғам қаражаты есебінен өз біліктілігін арттыруға;

- егер Қоғамның Директорлар кеңесі немесе Қоғамның Директорлар кеңесі комитеті талқылайтын мәселе сыртқы кәсіби және тәуелсіз сараптаманы талап етеді деп тапса, осы Ереже белгілеген тәртіпке сай Қоғам қаражаты есебінен сыртқы сарапшыларды тартуға құқылы.

  1. Қоғамның Директорлар кеңесі:

- сыртқы және ішкі оқыту бағдарламаларына, семинарларға (тренингтерге), конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға қатыса отырып, басқа да біліктілікті көтерудің жалпы қабылданған нысандарын қолдана отырып, Қоғамның Директорлар кеңесінің құзыреттілігі мәселесі және аралас мәселелер бойынша тұрақты түрде, жылына екі реттен кем емес біліктілігін көтеруге;

- Қоғамның Директорлар кеңесі мүшесі үшін Қоғам арнайы ұйымдастыратын сыртқы және ішкі біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысуға;

- Қоғам қаражаты есебінен біліктілігін арттыруға және сыртқы сарапшыларды тартуға өз құқығын жүзеге асыру кезінде осы Саясат және Қоғамның басқа да ішкі құжаттары белгілеген тәртіпті ұстануға;

- Қоғам қаражаты есебінен біліктілігін арттыруға және сыртқы сарапшыларды тартуға өз құқығын жүзеге асыру кезінде тараптардың тәуелсіздігі принципін басшылыққа алуға міндетті.
3-бөлім. Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру тәртібі


  1. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру келесі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:

- ішкі семинарлар (Қоғам жұмысшылары күшімен ұйымдастырылған семинарлар);

- Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне арналған семинарлар (тренингтер);

- Кәсіби мақалалар және Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне ұсынылатын өзге де ақпарат;

- конференциялар, дөңгелек үстелдер және форумдар;

- Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі бойынша біліктілікті арттырудың өзге де нысандары.

  1. Қоғамның Директорлар кеңесі көпшілік дауыспен Директорлар кеңесі, Қоғамның директорлар кеңесі мүшелері және Қоғамның Директорлар кеңесі комитеттері қызметінің жыл сайынғы бағалау нәтижесі бойынша Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыруға анықталған қажеттілік негізінде Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың жылдық жоспарын бекіту жолымен немесе Қоғамның Директорлар кеңесінің жеке мүшелерінің сұрауы бойынша Қоғам қаражаты есебінен Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерін тұстастай немесе оның жеке мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы шешім қабылдайды.

  2. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің сәйкес сұрауы біліктілікті арттыруды талап ететін мәселе, біліктілікті арттырудың нысаны және осындай қызмет түрін ұсынатын ұйым көрсетілуі тиіс.

  3. Қоғам Басқармасы Төрағасы Қоғамның Директорлар кеңесін Қоғам жұмысшылары күшімен Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне арналған ішкі семинар (тренинг) ұйымдастыру мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

  4. Қоғамның Директорлар кеңесі көпшілік дауыспен шығындарды сәйкестендіруге және Қоғамның Директорлар кеңесі тәуелсіздігіне түрлі біліктілік арттыру нысандарының ықпал келтіру қаупін бағалауға сүйене отырып, Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін көтеру нысаны туралы шешім қабылдайды.

  5. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру құқығын жүзеге асыру мақсатында Қоғамның жылдық бюджетінде Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған жеке бап қарастырылуы тиіс.

  6. Қоғам Басқармасы Төрағасы және Қоғамның корпоративтік хатшысы Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне олардың біліктілігін арттыруға септесетін ақпараттың тұрақты түрде ұсынылуын ұйымдастырады. Көбінесе, Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне тұрақты баспасөз шолуларын әзірлеу және Қоғам қызметі мәселесі мен аралас мәселелер бойынша оларға кәсіби мақалалар бағыттау жолымен.

  7. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелері үшін сыртқы семинарлар (тренингтер) ұйымдастыру кезінде тараптардың тәуелсіздігі принципі қамтамасыз етілуі тиіс.


4-бөлім. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тарту тәртібі



  1. Қоғамның Директорлар кеңесі көпшілік дауыспен Қоғамның Директорлар кеңесі және Директорлар кеңесі комитеттері құзыреттілігінің жеке мәселелері бойынша егер Қоғамның Директорлар кеңесі талқылайтын мәселе сыртқы кәсіби және тәуелсіз сараптаманы талап ететін жағдайда Қоғамның Директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің сұрауы немесе Қоғамның Директорлар кеңесі комитетінің ұсынысы бойынша Қоғам қаражаты есебінен консультация үшін сыртқы сарапшыларды тарту жөнінде шешім қабылдайды.

  2. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің сәйкесінше сұрауы немесе Қоғамның Директорлар кеңесі комитетінің ұсынысында консультацияны қажет ететін мәселе және кәсіби консультация алу жоспарланған ұйым көрсетілуі тиіс.

  3. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуға құқығын жүзеге асыру мақсатында Қоғамның жылдық бюджетінде Қоғамның Директорлар кеңесі үшін сыртқы сарапшыларды тартуға арналған жеке бап қарастырылуы тиіс. Қоғамның Директорлар кеңесі үшін сыртқы сарапшыларды тартуға арналған бап шеңберінде Қоғамның Директорлар кеңесі комитеттері үшін сыртқы сарапшыларды тартуға арналған тармақшалар жіктелуі тиіс.

  4. Қоғамның Директорлар кеңесі құзыреттілігінің жеке мәселесі бойынша Қоғам қаражаты есебінен консультациясы үшін сыртқы сарапшыларды таңдау кезінде тараптардың тәуелсіздігі принципі қамтамасыз етілуі тиіс.

  5. Қоғамның Директорлар кеңесі құзыреттілігінің жеке мәселесі бойынша Қоғам қаражаты есебінен консультациясы үшін сыртқы сарапшыларды тарту Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің жеке мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша жүзеге асырылмайды.



5-бөлім. Қорытынды ережелер



  1. Қоғамның Директорлар кеңесі осы саясаттың тиімділігін бағалап, қажет болғанда оған толықтырулар мен өзгертулер енгізеді.

Похожие:

Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
Жалпы ережелер
Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Республикасы мойындаған халықаралық құқық және халықаралық шарт ережесі нормаларына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз...
Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы шешімімен
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясаты (бұдан әрі – Кадрлық саясат) адами ресурстарды...
Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты
Жалпы ережелер
Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже І. Жалпы ережелері «Самұрық-Энерго»
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
Мүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница