«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді




Название«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
страница1/5
Дата конвертации21.05.2013
Размер0.59 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің

2009 жылғы «24» наурыздағы

шешімімен БЕКІТІЛДІ

26 хаттама

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы

ереже
1. Жалпы ережелер


  1. Осы Ереже «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне бағалау жүргізу процесін реттейді.

  2. Ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, Қоғамның Жарғысына (бұдан әрі – Жарғы) және Қоғамның Корпоративтік басқару кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген.

  3. Бағалау Директорлар кеңесінің негізгі жауапкершілігі салаларының кешенді талдауын алу мақсатында жүргізіледі және Директорлар кеңесіне:

  • Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің қызметіне талдау жүргізуге және күшті және әлсіз тұстарын (артықшылықтары мен кемшіліктерін) анықтауға;

  • Директорлар кеңесінің жұмысына түзетулер енгізуге;

  • Директорлар кеңесінің мүшелерін марапаттау жүйесінің тиімділігін анықтауға;

  • Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Директорлар кеңесі келесі бағалау түрлерін (бұдан әрі – Бағалау) жүзеге асырады:

  • Жеке жұмысын бағалау;

  • Директорлар кеңесінің мүшелерін бағалау;

  • Директорлар кеңесінің Комитеттерін бағалау.

  1. Бағалауды Директорлар кеңесі жүргізеді.

  2. Директорлар кеңесі:

  • өз күшімен сауалнама жүргізу, сұхбат алу және т.б. жолдармен;

  • бірлесіп басқару рейтингтерін беретін кеңесшілерді, кәсіби ассоциацияларды және ұйымдарды (бұдан әрі – Кеңесші) тарта отырып;

  • аралас тәсілді пайдаланып: Кеңесшілер тарапынан процесті үйлестіру кезінде өз күшімен Бағалау (бұдан әрі – Бағалау әдістері) жүргізе алады.

2. Бағалау жүргізу процесі


  1. Бағалау жүргізу туралы шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды. Шешімде Бағалау жүргізу мерзімдері (кестесі), бағалау әдістері, қажетті ресурстар (материалдар, ақпарат, есептер) және басқа да ережелер анықталады.

Бағалау жүргізу үшін Кеңесші тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, бұл шешім нақты негізбен бекітілуі тиіс (Директорлар кеңесінің қызметін сыни бағалау қажеттілігі, алдыңғы Бағалаудың тиімді нәтижелерінің жоқтығы, Директорлар кеңесінің жаңа құрамын құру, Қоғамдағы өзгерістер).

  1. Бағалау 1 шілдеге дейін есеп жылындағы жұмыс нәтижелері бойынша, сондай-ақ тиісті негіздеме бар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүргізіледі, оның барлық немесе жеке түрлерін бағалау жылына екі және одан да көп рет жүргізілуі мүмкін.

  2. Бағалау жүргізу процесін Директорлар кеңесінің төрағасы үйлестіреді.

  3. Кеңесшінің Бағалау нәтижелерін (сауалнама жүргізу, сұхбат алу және т.б.) және/немесе берген есебін Директорлар кеңесінің төрағасы түйіндейді, атап айтқанда:

  • айтарлықтай жақсартуды қажет ететін (1-ұпай);

  • жақсартуға ұсынылған (2-ұпай);

  • өте жақсы жағдайдағы (3-ұпай) салалар (бағыттар) тізбесін шығарады.

  1. Бағалау нәтижелері Директорлар кеңесінің жабық мәжілісінде талқыланады, оған тек Директорлар кеңесінің мүшелері ғана қатысады.

Директорлар мәжілісте Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің/ Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің жұмысын тұжырымдай отырып талқылау жүргізіп, олардың жұмысының тиімділігін төмендететін факторларды анықтауы және тиімділікті арттыру жолдарын ұсынуы тиіс.

Жалпы Бағалау процесі:

  • Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің рөлі мен функцияларын;

  • Директорлардың міндеттерін;

  • Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің жұмыс басымдықтарын;

  • Директорлар кеңесінің, Комитеттердің жалпы мүшелері ие болуы тиіс білімнің, дағдылардың, тәжірибенің және жеке қасиеттерінің бар болуын;

  • Директорлар кеңесінің мәжілістерін дайындау және өткізу тәжірибесін, олардың тұрақтылығын, Директорлар кеңесінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін қосқанда, Директорлар кеңесінің қолданыстағы жұмыс істеу рәсімдерін;

  • Комитеттердің рөлін талқылауды ынталандыруы тиіс.

  1. Бағалау бұрынғы кезеңдегі бағалау нәтижелері бар салыстырмалы сипатта болуы тиіс.

  2. Директорлар кеңесі төрағасының жұмысын бағалау Тәуелсіз директорлардың бірінің басшылығымен жүргізіледі.

  3. Директорлар кеңесі төрағасының бағалау нәтижелерін талқылау кезінде, Директорлар кеңесінің төрағасы талқылауға қатыспайды.

Бірде-бір директор өз қызметін бағалау процесіне қатыстырылмауы тиіс.

  1. Талқылау нәтижелері бойынша кері байланыс орнатылады, ол конструктивті және нақты болуы тиіс.

Директорлар кеңесінің төрағасы барлық Директорларға кері байланыс ұсынады.

Директорлар кеңесінің төрағасына қатысты кері байланысты Директорлар кеңесінің төрағасына бағалау жүргізуге төраға болған Тәуелсіз директор ұсынады.

  1. Бағалау нәтижелері бойынша Директорлар кеңесі келесідей шараларды қолдана алады:

  • Директорлар кеңесі, Комитеттер шоғырлануы тиіс бірнеше негізгі міндеттерді/бағыттарды атап көрсете алады;

  • Директорлар кеңесінің, Комитеттердің, Директорлардың жұмыс жоспарына және әдістеріне түзетулер енгізе алады;

  • Директорлар кеңесінің мүшелерін оқытудың тиімді жүйесін құра алады;

  • Директорларға сыйлық берудің қажетті және жеткілікті мөлшерін анықтай алады;

  • Қоғамның ішкі құжаттарының ережелерін ескере отырып, Директорлар кеңесінің, жеке Директорлардың құрамына қатысты акционерлердің ұсыныстарын дайындау, оның құрылымдарын (комитеттер, тәуелсіз директорлардың арақатынасы және т.б.) құру кезінде бағалау нәтижелерін ескере алады.

  1. Бағалау туралы ақпаратты ашу. Директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысында ұсынатын өзінің жылдық есебінде, соның ішінде Директорлар кеңесінің, Комитеттердің, жеке Директорлардың қызметіне бағалау жүргізу процесін көрсетеді.

  2. Бағалау туралы ашылатын ақпарат:

  • осындай Бағалау жүргізу туралы;

  • Бағалау түрлері, рәсім туралы;

  • Директорлар кеңесінің мәжілісіндегі Бағалау нәтижелерін талқылау дерегі туралы;

  • қабылданған шаралар туралы хабарламаны қамтуы мүмкін.

  1. Бағалаудың әрбір түрі бойынша нақты нәтижелер туралы ақпарат құпия және таратылмайтындай маманданған болуы мүмкін. Бағалау нәтижелері туралы Кеңесшінің есебі, сондай-ақ әрбір Директор толтырған сауалнама құпия ақпарат ретінде жіктеледі және осындай құжаттарды тиісті сақтау режімінде сақталады.

Акционерлерге Бағалау нәтижелері олардың сауалы бойынша, Қоғамның Жарғысында және ішкі құжаттарында ескерілген тәртіпте беріледі.
3. Бағалаудың жеке түрлерін жүргізу критерийлері
3.1. Директорлар кеңесі мен оның мүшелерін бағалау


  1. Директорлар кеңесінің қызметін Бағалау критерийлеріне келесілер болып табылады:

  • Директорлар кеңесінің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету;

  • Директорлар кеңесінің құрамы мен құрылымы;

  • Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі төрағасының рөлі мен міндеттері;

  • Директорлар кеңесінің жұмыс істеу рәсімдері, оның қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

  • Директорлар кеңесі Комитеттерінің жұмысы;

  • Директорлар кеңесінің Басқармамен өзара іс-қимылы;

  • Корпоративтік хатшының қызметі (опциялық норма);

  • Директорларға сыйақы беру саясаты.

  1. Директорлардың қызметіне жеке Бағалау жүргізу кезінде келесі факторларға ерекше көңіл бөлінеді:

  • құрамына Директор кіретін, Директорлар кеңесінің, Комитеттердің жауапкершілік саласына кіретін мәселелердегі құзыреттілігі;

  • бизнесті, саланы жүргізу ортасының ерекшеліктері мен саланы білу;

  • Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің мәжілістеріне қатысу;

  • Комитеттің мәжілістеріндегі талқылауларға қатысу деңгейі;

  • Директорлар кеңесінің мәжілістеріндегі белсенділігі және шешімдер қабылдау процесіндегі дауыс беру сипаты, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мәжілістеріне шығарылатын материалдарды қарау мерзімін сақтау (Қоғамның ішкі құжаттарымен бекітілген мерзімде Директорлар кеңесінің мәжілісінде материалдарды қарау және хаттамаға қол қою);

  • шешімдер іздеуге конструктивизм және көзделуі;

  • Директордың жеке қасиеттері және осы қасиеттерінің оның жұмысына әсері (ұжымда жұмыс істеу білуі, тіл табысушылығы, өз көзқарастарын дәлелдеу қабілеті, өзгелердің ойымен санаса білуі, қызметтің этикалық стандарттары).

  1. Директорлар кеңесінің төрағасы және әрбір Директор осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес сауалнамалар толтырады.



3.2. Директорлар кеңесінің Комитеттерін бағалау


  1. Директорлар кеңесінің Комитетінің қызметін бағалау кезінде:

  • Комитеттің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, жалпы Комитет туралы ережемен Комитеттің қызметін салыстыру;

  • Комитет қызметінің нәтижелерін Директорлар кеңесінің күтуіне сәйкестігіне Бағалау жүргізу өткізіледі.

  1. Тағайындаулар және сыйлықтар беру бойынша, Аудит бойынша комитеттердің қызметін бағалауға арналған, тиісінше, Комитеттердің қызметін қорытынды Бағалауын Директорлар кеңесі алдағы уақытта талқылау, талдау және қабылдау үшін әрбір Директор толтыратын сауалнама 3, 4-қосымшаларда келтірілген (Комитеттің әрбір мүшесінің жұмысын жеке Бағалау және өзін-өзі бағалау нәтижелерін ескере отырып).


4. Ереженің заңды күші


  1. Ережені бекіту, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қоғамның Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

  2. Егер де Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны немесе Кодексті өзгерткен жағдайда Ереженің жеке нормалары олармен қарама-қайшылыққа түссе, Ереженің бұл нормалары күшін жоғалтады және Ережеге өзгерістер енгізілген сәтке дейін Қоғамның тұлғалары мен жұмысшылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтық актілерін, Жарғыны және Кодексті басшылыққа алады.


Жоба

1-қосымша

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің жұмысын бағалауға арналған сауалнама


  1. Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі толтырады

  2. 1-ден бастап 3-ке дейінгі межелікте төмендегі сұрақтар бойынша Сіздің ойыңыз қандай ұпайға сәйкесетіндігін белгілеңіз:

1 = қанағаттанарлық

2 = жақсы

3 = өте жақсы

  1. Сауалнаманы толтыру қорытындылары бойынша: 1 (қанағаттанарлық), 2 (жақсы), 3 (өте жақсы) белгісі бар сұрақтардың жалпы саны, сондай-ақ Пікірлер, Ұсыныстар, Тілектер және т.б. тізбесі шығарылады.

І-тарау. Жалпы ақпарат



Директорлар кеңесі өз рөлін, өкілдіктерін және бірінші кезектегі міндеттерін қаншалықты деңгейде түсінеді

1

2

3



Директорлар кеңесі өз жұмысының нәтижелеріне қатыстылығы мен қызығушылығын қаншалықты сезінеді

1

2

3



Директорлар кеңесі өзінің стратегиялық маңызыдылығы мен конструктивизмін көрсетеді ме (Директорлар кеңесі Қоғамға басшылықты жүзеге асырады, Қоғамның сыртқы ортада орын алуына оң ықпалын тигізеді, Атқарушы органның конструктивті сыншысы болып табылады және т.б.)

1

2

3



Бөлімнің қосымша сауалы: Сіз Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі болғандығыңызды мақтан тұтасыз ба (Иә/Жоқ)













Түсіндірме:







ІІ-тарау. Өкілдіктер



Директорлар кеңесі қоғам мен оның акционерлерінің мүдделерін қорғауға қаншалықты көңіл бөледі

1

2

3



Директорлар кеңесі шешімдер қабылдау кезінде бизнестің құнын арттыруға және акционерлердің басқа да мүдделерін қамтамасыз етуге бағыттала ма

1

2

3



Директорлар кеңесі қоғамның құндылықтарын, мияссиясын, стратегиясын және бизнес-жоспарларын қаншалықты біледі және түсінеді және жыл ішінде негізгі мәселелерді шешу кезінде жоғарыда аталғандардың барлығын ескерді ме

1

2

3



Директорлар кеңесі қоғамның қызметіне жалпы басшылық ету және оның стратегияларын анықтау бойынша өз функцияларын қаншалықты орындайды

1

2

3



Директорлар кеңесі Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін тиісті деңгейде бақылауға арналған барлық қажетті құралдары бар ма

1

2

3



Директорлар кеңесі Қоғамның стратегиялық міндеттерінің орындалу барысына, бекітілген жоспарларының орындалуына, бюджеті мен қызметінің тиімділігіне тұрақты мониторингті және бағалауды жүргізеді ме

1

2

3



Директорлар кеңесі Қоғам қызметінің көрсеткіштерін салалық деректермен, компаниялармен-баламаларымен салыстыруды жүргізеді ме (Иә/Жоқ)

1

2

3



Егер де «Иә» болса, онда Директорлар кеңесі Қоғам қызметінің көрсеткіштерін салалық деректермен, компаниялармен-баламаларымен салыстырмалы түрде қаншалықты дәлме-дәл бағалайды

1

2

3



Директорлар кеңесі мен Атқарушы орган қоғамның қызметіне айтарлықтай әсер ететін негізгі тәуекелдерге қаншалықты деңгейде көңіл бөледі

1

2

3



Директорлар кеңесі белгілі жағдайларда қоғамның қызметіне айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін, айтарлықтай маңызды емес тәуекелдерді бақылау жүйесін қаншалықты деңгейде жолға қойған












Директорлар кеңесі Қоғам үшін қажетті, құндылық жүйеге, этикалық және әлеуметтік жауапкершілікке қатысты мәселелерді қарайды ма

1

2

3



Тәжірибеде Директорлар кеңесінің өкілдіктері атқарушы оганның өкілдіктерінен қаншалықты деңгейде айырмашылығы бар

1

2

3



Директорлар кеңесі мен акционерлердің рөлдері бірін-бірі толықтырады ма және бір-бірімен шиеленіседі ме (бір-бірінің айырмашылықтарын жоймайды ма)

1

2

3



Директорлар кеңесі мен акционерлердің рөлдері қаншалықты деңгейде бірін-бірі толықтырады және бір-бірімен шиеленіседі (бір-бірінің айырмашылықтарын жоймайды)

1

2

3



Директорлар кеңесі атқарушы органның бірінші басшысы мен мүшелерінің жұмысын бағалау жөніндегі өз міндеттерін қаншалықты деңгейде жақсы орындайды (Директорлар кеңесі атқарушы органның жұмысының тиімділігін бағалау үшін, қоғамның тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтады ма)

1

2

3



Директорлар кеңесі Қоғам активтерінің құрылымын және алдағы уақытта оны өзгерту нұсқаларын талдайды ма

1

2

3



Басқарма төрғасы лауазымына үміткерлерді қарауға және бекітуге Директорлар кеңесінің қатысу деңгейі

1

2

3



Басқарма мүшелері лауазымдарына үміткерлерді қарауға және бекітуге Директорлар кеңесінің қатысу деңгейі

1

2

3




Түсіндірме:










Сіздің ойыңызша, Директор кеңесі алдағы жылы өз күшін шоғырландыруы тиіс үштен беске дейінгі бағытты атаңыз. Осы бағыттарды барынша нақты белгілесеңіз

1.

2.

3.

4.

5.
  1   2   3   4   5

Похожие:

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді icon«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді iconKegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «20» қазандағы №10 хаттамасы шешімімен бекітілді
Ереже Қоғамдағы Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібі мен міндеттерін,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже І. Жалпы ережелері «Самұрық-Энерго»
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді iconКассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (бұдан әрі Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы қаулысының шешімімен құрылған
Орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы қаулысының шешімімен құрылған. Оның құрамына...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешішімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы «kegoc» акционерлік қОҒамы
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді icon«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
Жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозитттері бойынша сыйақының максималды мөлшерлемесін анықтау және бекіту әдістемесі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница