Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент




НазваниеР. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
страница3/11
Дата конвертации26.11.2012
Размер1.6 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2 Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
2.1 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері:

- студенттерде әдіснамалық негіздерді қабылдау және тәжірибелік жұмыста керек қаржылық талдаудың тәжірибелік машықтарды алу арқылы аналитикалық, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру;

- пәнді оқу нәтижесінде студент экономикалық ақпаратты оңдеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін меңгеру, шаруашылық субъекттің нақты өндірістік-шаруашылық әрекетін талдап, талдаудың жеке нәтижелерін біріктіріп, тиімді басқару шешімдерді қабылдау мақсатпен сәйкес қорытындыларды шығаруды меңгеру қажет;

- бұл пәнді оқу студенттерге өнеркәсіптің экономикалық және қаржылық параметрлерін аналитикалық зерттеу саласындағы білімді алып дамуға, сонымен бірге басқару шешімдердің экономикалық негіздеудерінің арнайы әдістерін қолдану машықтарын меңгеруге көмектеседі.
2.2 Пәнді оқыту мақсаттыры:

- экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін, олардың өзара байланыстары мен тәуелділігін түсіну;

- экономикалық процестерді нақтылап, жүйелеп модельдеуді;

- факторлардың ықпалын анықтауға, жеткен нәтижелерді бағалауға, кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін көтеру резервтерін айқындауға.

Пәнді оқу нәтижесінде студент осыны істей алу қажет:

- ағымды өндірістік әрекеттің түрлі салаларын талқылауға;

- қысқамерзімді және ұзақмерзімді келешектегі шешім қабылдауды объективті негіздеуге;

- толық қолданылмаған резервтерді тауып бағалауға.

Студент келесі машықтарды меңгеру қажет:

- шаруашылық субъекттердің әрекетін зерттеу үшін қаржылық талдау әдістерін қолдануға;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайына маманданған баға беруге;

- шаруашылық субъекттер әрекеті тиімділігін көтеру резервтерін табу;

- кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту жөнінде қорытындылар мен ұсыныстарды негіздеуге.
2.3 Қаржылық талдау теориясы

1-тақырып. Қаржылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері

Қаржылық талдаудың ұғымы, оның мазмұны. Талдаудың қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдау түрлері. Қаржылық есеп талдауының шетелдік тәжірибесі.

Әдебиеттер [ 9, с. 6–16] , [13, с. 17-–34]

2-тақырып. Қаржылық тәсілдері мен әдістері

Қаржылық талдау әдісінің мәні. Қаржылық есепті талдаудың әдістері мен тәсілдерінің классификациясы. Көлбеу бағыттағы талдау. Тік бағыттағы талдау. Трендтік талдау. Салыстырмалы талдау. Факторлық талдау. Қаржы коэффициенттерінің әдісі.

Әдебиеттер [ 1, с. 6–16] , [13, с. 6-–40]

3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету

Қаржылық талдаудың ұйымдасуы мен ақпараттық қамтамасыз ету. Қаржылық талдауды ұйымдастырудың негізгі принциптері. Талдау объектілері мен субъектілерін, ұйымдастыру түрлерін таңдау, оларды зерттеу және жеке қызмет арасында міндеттерді үлестіру. Талдауды ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету.

ҚЕХС-ға сәйкес қаржылық есептің түрлерін классификациялау. Бухгалтерлік балансты, табыс пен шығыс есебін және ақша жылжуы туралы есепті құрастыру ерекшеліктері.

Әдебиеттер [1, с. 6–16] , [13, с. 6–40]
2.4 Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы

1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдауының мәні мен мазмұны. Экспресс-талдаудың мақсаттары мен міндеттері. Экспресс-талдауды өткізу кезеңдері. Экспресс-талдауды өткізу үшін мәліметтер көзі.

Әдебиеттер [1, с. 6–16] , [13, с. 31–49]

2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Бухгалтерлік баланс және оның құрамдық бөлімдері. Бухгалтерлік баланс активтері және олардың классификациясы. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы. Баланс активтерін талдау. Дебиторлық қарызды талдау.

Әдебиеттер [1, с. 6–16]

3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Баланс активтері қалыптасу көздерінің классификациясы. Баланс пассивінің құрамы мен құрылымы. Кәсіпорынның меншікті капиталы және оның қалыптасуы. Тартылған капиталды талдау. Несиелік қарызды талдау. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын мінездейтін көрсеткіштер.

Әдебиеттер [1, с. 59–68]

4-тақырып. Меншікті және қарыз капиталды талдау

Кәсіпорынның меншікті капиталы, оның қалыптасуы мен толықтыру көздері ұғымы. Меншікті айналым капиталын талдау міндеттері. Меншікті капиталды пайдалану тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер.

Қарыз капиталының құрамы, құрылымы және динамикасын талдау.

Әдебиеттер [1, с. 68–73]

5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ұғымы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы ұғымы және мәні. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар және олардың классификациясы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері.

Әдебиеттер [1, с. 73–80]

6-тақырып. Өтімділікті талдау

Өтімділік және өтімділік құралдарының ұғымы. Өтімділік деңгейі бойынша баланс активтерін классификациялау. Төлемдік жеделдігі бойынша баланс пассивтерін топтау. Баланс өтімділігі. Өтімділік коэфиициенттер.

Әдебиеттер [1, с. 80–89]

7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау

Кәсіпорынның төлем қабілетін анықтау. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау. Ағымды, болашақты, абсолютты төлем қабілеті. Өтімділік пен төлем қабілетінің өзара байланысы.

Әдебиеттер [1, с. 89 –106]

8-тақырып. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау

Банктік несиелендірудің мәні. Несиелендіру принциптері. Несиелендіру объектілері мен түрлері. Несие беру шарттары. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдаудың негізгі міндеттері. Несиелендіру шарттарының талдауы. Шаруашылық субъекттің кредит қабілетін бағалау әдістері.

Әдебиеттер [1, с. 107–118]
9-тақырып. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау

Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның белсенділігі. Кәсіпорынның іскер белсенділігінің көрсеткіштері (активтердің, негізгі қаражаттардың, ағымды активтер жалпы айналымдарының, материалдық айналым қаражаттарының, дайын өнімнің, ақшалай қаражаттың, инвестицияланған капиталдың және т.б. айналымдарының коэффициенттері), оларды есептеу мен талдау.

Әдебиеттер [1, с. 175 –220]

10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау

Табыс ұғымы, оларды классификациялау. Нарық экономикасы жағдайындағы табыстың маңызы және ролі. Табыс функциялары. Кәсіпорын табыстылығын талдау маңызы.

Табыстықтың абсолюттік көрсеткіштері және олардың қалыптасуы. Кәсіпорын табысының құрамы мен құрылымы. Кәсіпорын табысына ықпал ететін факторлар.

Кәсіпорын табыстарының салыстырмалы көрсеткіштері. Жалпы активтердің табыстылығы. Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) табыстылығы. Ақшалай қаражаттың таза ағылымы негізінде саналған табыстылық көрсеткіштері.

Әдебиеттер [1, с. 119 – 122]

11-тақырып. Қаржы ағымын талдау

Кәсіпорынның ақшалай ресурстарының ұғымы және олардың құрамы. Операциялық, қаржылық және инвестициялық істерден келген ақшалай қаражаттардың кіруі мен жұмсалуы. Ақшалай қаражат жылжуын тура және жанама талдау.

Әдебиеттер [1, с. 122–135]

12-тақырып. Әлуетті банкроттықты бағалау

Тәуекелдік ұғымы. Тәуекелдік түрлері (өнеркәсіптік, коммерциялық, қаржылық, жүйелік, жүйесіз және т.б.). Тәуекелдіктің негізгі салалары. Тәуекелдікті санды талдау. Тәуекелдікті сапалы талдауды өткізу ерекшеліктері.

Банкроттықтың мәні. Кәсіпорын дәрменсіздігінің себептері: объективтік және субъективтік. Банкроттық жағдайды реттеудің құқықтық механизмі және оның негізгі элементтері. Қаржылық жағдайды болжау. Кредит қабілетінің индексі. Банкроттықты болжаудың көпфакторлық модельдері. Банкроттықтың формальды және формальды емес белгілерінің жүйесі. Төлем қабілетін болжау. Қаржы ағымын талдау. Банкроттық тәуекелдігінің диагностикасы және кәсіпорынның қаржылай жақсарту жолдары.

Әдебиеттер [1, с. 220–340]
3 Тірек дәріс конспекті
3.1 Қаржылық талдау теориясы

1-тақырып. Қаржылық талдаудың тақырыбы, міндеті және түрлері

Табиғат пен қоғамдық өмірдің құбылыстарын зерттеу талдаусыз болмайды. «Талдау» термині аударғанда «бөліну» деген сөзді білдіретін «analyzis» деген латын сөзінен шықты. Сондықтан, шеңберлі ұғымда талдау құбылыс немесе затты бөлімдерге (топтар), элементтерге, ішкі, бұл құбылысқа ғана тән құрамдарға бөліну деп белгіленеді. Бұл зерттелген заттың, процестің ішіне қарауға, оның ішкі мәнін ұғуға, зерттелген құбылыс немесе процестегі әр элементтің рөлін анықтауға көмектеседі.

Талдау «Синтез» ұғымымен диалектикалық қарсы бірлікте тұрады, зерттелген объекттің алдында бөлінген элементтерін бір тұтастыққа жинайды. Талдау-синтез әр ғылыми зерттеудің синонимы ретінде қарастырылады. Ғылыми білімнің әр саласында, адам әрекетінің әр сферасында талдау-синтезсіз болмайды.

Бірақ жердегі барлық өмірдің негізі болып табылатын экономикада талдау-синтез ерекше маңызды болды.

Талдау, экономикалық құбылыстар мен процестер мәнін білу құралы ретінде, б.з.д. 4000 ж. қалыптасқан.

Оның қалыптасуы мен дамуы бухгалтерлік есептің қалыптасуы және дамуымен байланысты. Бірақ өзінің теоретикалық және тәжірибелік дамуын ол 19 ғасырдың екінші жартысында, капиталистикалық қатынастың дамуы кезінде алды.

Талдаудың қалыптасуы объективтік талаптар мен жағдайлармен туылған.

Біріншіден, өндірістік күштер дамуымен, өндірістік қатынастардың дамуымен және өндіріс масштабтарының кеңдеуімен байланысты комплекстік және жүйелік талдаудың тәжірибелік қажеттігімен. Жан-жақты талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқаруға, тиімді шешім қабылдауға қиын.

Екіншіден, бұл ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Экономикадай, талдау, ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде көптеген өзгерістерге тап болды. Талдаудың мазмұны оның кәсіпорынды басқару жүйесінде атқаратын рөлі мен функциялардан шығады.

Талдау есеп пен басқару шешімдерді қабылдаудың арасындағы байланыс буыны болып табылады.

Талдау процесінде ақпарат аналитикалық өңдеуді өтеді: өткен кезеңдер жетістіктерінің басқа кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырылады, түрлі факторлардың әсері анықталады,пайдаланбаған мүмкіндіктер, қателер, кемшіліктер айқындалады. Талдау арқылы ақпаратты ұғады.

Талдау нәтижелерінің негізінде басқару шешімдер қабылданады.

Бухгалтерлік есепті басқару және қаржылыққа бөлу экономикалық талдаудың да бөлінуін туғызды. Қаржылық және басқару талдау болады. Содан басқа, қаржылық талдау ішкі және сыртқы болады.

Ондай бөліну Коммерциялық құпияны қорғау заңының іске асыруылымен белгіленді, соған байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі кәсіпорын масштабында басқару және қаржылық есепке, ал есеп берушілік – басқару және қаржылық есеп берушілікке бөлінеді.

Талдаудың ішкіге және сыртқыға бөлінудің негізгі нышаны болып пайдаланған ақпараттың сипаты есептеледі.

Басқару есеп берушілік – бұл бөгде адамдарға жабық, қатал құпияланған есеп берушілік. Мұнда өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құны туралы, немесе сапасы төмендігінен және басқа себептерден жатып қалған, өз сатып алушысын таба алмаған өнім туралы мәліметтер бар. Бұл жеке бөлімшелердің қаржы-шаруашылық әрекет нәтижелері туралы есеп беру. Басқару есеп берушілік басқару есеп мәліметтері бойынша құрастырылады да кәсіпорынды басқаратын шектелген тұлғалар шеңберіне ғана қолжетімді.

Қаржылық есеп берушілік – ақпаратты пайдаланушылардың кең шеңберіне көрсетілген ашық есеп берушілік: инвесторларға, акционерлерге, салық және қаржы органдарына, банктерге, сақтандыру компанияларға, аудиторлық контораларға және т.б. Қаржылық есеп берушілік қаржылық есеп негізінде құрастырылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, басқару және қаржылық объективтік шешімдерді қабылдау үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау қажет. Терең және мұқият талдаудың негізінде ғана оның әрекетін объективті бағалау, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту немесе бекіту туралы уақытында және дұрыс шешімдерді қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік туады.

Қаржылық талдау – кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекетін зерттеу әдістері жөнінде білімдер жүйесі. Қаржылық талдаудың тақырыбы – кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекеті, ал қаржылық талдау әдісі деп тақырып зерттеуге көмектесетін тәсілдер мен әдістер жиынтығы санауға болады.

Қаржылық талдаудың басты мақсаты – кәсіпорын қаржы-шаруашылық әрекетін терең, мұқият және комплекстік зерттеу, және бұның негізінде оның тиімділігі қандай, кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын жақсарту және бекіту, оның іскерлік белсенділігін көтеру жолдары қандай деген сұрақтарға жауап алу.

Кәсіпорынның қаржылық талдауының негізгі міндеттері:

- кәсіпорын қаржылық жағдайының жалпы бағасы және есепті жылда оның өзгеруі;

- активтердің құрамы және құрылымын, олардың жағдайын және жылжуын бағалау;

- өзіндік капиталдардың және міндеттердің құрамы және құрылымын, олардың жағдайын және жылжуын бағалау;

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және олардың деңгейінің өзгеруін бағалау;

- кәсіпорынның төлеу қабілетін және баланс өтімділігін талдау;

- кәсіпорын табыстылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

- кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекетінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау;

- кәсіпорынның нарықтық тұрақтылығын қысқамерзімді болжау және оның қаржылық стратегиясын өңдеу.

Талдау түрлі нышандармен классификацияланады:

Салалық нышанмен, қоғамдық еңбекті бөлу негізінде белгілейді:

а) экономиканың жеке салалар өзгешілігін есепке алатын есеп берушілік талдау (ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс);

б) экономиканың барлық салаларындағы талдаудың теоретикалық және әдістемелік негізі болатын салааралық талдау.

Салалық талдаудың қажеттілігі өндірістің түрлі салаларының өзгешілігімен туындайды. Әр саланың өз ерекшеліктері мен экономикалық қатынастары бар. Бір уақытта барлық салалар өзара байланысты, сондықтан салааралық талдау қажеттілігі туындайды. Ол талдаудың жалпы белгілері мен ерекшеліктерін қарастырады да талдаудың озық нәтижесін біріктіреді.

Уақыт нышаны бойынша талдау бастапқы (болашақты) және кейінгі (ретроспективті) болып бөлінеді:

а) бастапқы шаруашылық операцияларына дейін өткізіледі. Ол басқару шешімдер мен жоспарлық тапсырмаларды негіздеуге, сонымен қатар келешекті болжап, жоспарды орындаудың бағасын беру үшін, қолайсыз нәтижелерді ескеру үшін керек;

б) кейінгі талдау шаруашылық операциялар жасалғаннан кейін өткізіледі. Ол жоспар орындауын бақылау үшін, пайдаланбаған резервтерді айқындау үшін, кәсіпорын әрекетінің нәтижелерін объективті бағалау үшін керек қолданылады.

Болашақты және ретроспктивті талдау өзара тығыз байланысты. Өткен кезеңдердің еңбек нәтижелерін талдаусыз заңдылық тенденцияларын зерттеуге, пайдаланбаған мүмкіндіктерді, озық тәжірибені анықтауға мүмкін емес, сондықтан ретроспективті талдау болашақты талдаудың негізі болып табылады.

Бастапқы талдаудың тереңдігіне және сапасына кейінгі талдаудың нәтижелері тәуелді. Егер жоспарланған көрсеткіштер негізделмеген болса, жоспар орындаудың кейінгі талдауы маңызын жоғалтады.

Рестроспективті (кейінгі) талдаудың екі түрі бар: жедел және қорытынды талдау.

Жедел талдау шаруашылық операция өткізілгеннен кейін немесе өткізілген уақытта, яғни өте қысқа уақытта (күн, тәулік, кезек) өткізіледі. Оның мақсаты – жедел кемшіліктерді тауып, шаруашылық процестерге әсер ету.

Ол бірінші есеп және өндіріс процесін тікелей бақылау мәліметтерінде, жұмыскерлермен әңгімелесуде негізделеді.

Ең бірінші өндіріс, өнімді тиеп қою және өткізу, жұмыс күшін пайдалану, құрал-жабдықтарды және материалдық ресурстарды өндіру, өзіндік құны және т.б. жедел талданады.

Көрсеткіштер көбінесе табиғи беріледі. Бұл жедел талдаудың айырым белгісі болып табылады.

Қорытынды (соңғы) талдау уақыттың есепті кезеңі (ай, квартал, жыл) бойынша өткізіледі. Оның құндылығы - кәсіпорын әрекеті тиісті кезең бойынша есептік мәліметтер арқылы жиынтықты және жан-жақты зерттеледі. Сонымен бар мүмкіндіктерді пайдалану жөнінде кәсіпорын әрекетінің толық бағасы қамтамасыз етіледі. Ол ресми бухгалтерлік және статистикалық есептілігінде негізделеді.

Қорытынды талдаудың маңызды кемшілігі бар – табылған резервтер мүлде жоғалтылған мүмкіндіктерді көрсетеді, неге десе олар өткен кезеңге қатысты. Оның нәтижелері келешекте есептеледі.

Жедел және қорытынды талдау бір бірін толықтырады. Олар кәсіпорын басшылығына кемшіліктерді жедел жоюға ғана емес, өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған шараларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Кеңістік нышаны бойынша шаруашылық ішіндегі және шаруашылық арасындағы талдауды анықтайды:

а) шаруашылық ішіндегі талдау зерттелген кәсіпорынның ғана және оның құрамдық бөлімшелерінің әрекетін зерттейді (ішкі резервтерді табуға);

б) шаруашылық арасындағы талдау барысында екі және одан көп кәсіпорындардың әрекет нәтижелерін салыстырады. Бұл озық тәжірибені және жұмыс тиімділігін көтеру сыртқы резервтерін айқындауға көмектеседі.

Басқару объектілері бойынша талдау келесілерге бөлінеді: техникалық-экономикалық, қаржылық-экономикалық, басқару, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық - статистикалық, экономикалық - экологиялық, маркетингтік:

а) техникалық-экономикалық талдауды кәсіпорынның техникалық қызметтері өткізеді. Оның көмегімен техникалық және экономикалық процестердің өзара байланыстары зерттеледі, кәсіпорын әрекетінің экономикалық нәтижелеріне әсері анықталады;

б) қаржылық-экономикалық талдау біріншіден кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижелерін зерттейді: қаржы жоспарын орындау, өзіндік және қарыз қаражаттарын пайдалану тиімділігін, табыстылықтың өсуін, қаржылық жағдайын және төлем қабілеттігін;

в) басқару талдау жоспарлау, бақылау және тиімді басқару шешімдерді қабылдауға керек ақпаратты басшылыққа ұсыну, маркетинг әрекеті, қаржылық саясат сұрақтар жөнінде стратегия мен тактиканы өңдеу, өнеркәсіп техникасын, технологиясын және ұйымдастыруын жақсарту мақсатпен өткізіледі;

г) әлеуметтік-экономикалық талдау әлеуметтік және экономикалық процестердің өзара байланысын, олардың бір-біріне және жұмыстың экономикалық нәтижесіне ықпалын зерттейді;

д) экономикалық-статистикалық талдау басқарудың түрлі деңгейінде (кәсіпорын, сала, өңір) көпшілік қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін қолданылады;

е) экономикалық-экологиялық талдау қоршаған ортаны сақтау және жақсартумен, экологияға деген шығындармен байланысты экологиялық және экономикалық процестердің өзара байланыстарын зерттейді;

ж) маркетингтік талдау сыртқы ортаны, шикізат рыногі мен дайын өнімді өткізуді, оның бәсекеге қабілеттігін, сұраныс пен ұсынысты, коммерциялық тәуекелді, баға саясаты қалыптасуын зерттеу үшін қолданылады.

Объектілерді зерттеу әдісі бойынша талдау салыстырмалы, диагностикалы, факторлы, маржиналды, экономикалық -математикалық, экономикалық-статистикалық, функционалдық-құндылықты болуы мүмкін.

а) салыстырмалы талдау барысында есеп берушілік көрсеткіштерді жоспар көрсеткіштермен, өткен жылдардың мәліметтерімен, озық кәсіпорындармен салыстырумен ғана шектеледі;

б) факторлық талдау нәтижелі көрсеткіштер деңгейін өзгертуге факторлардың ықпалы деңгейін анықтауға бағытталған;

в) диагностикалық талдау – сол бұзушылыққа тән, типтік нышандардың негізінде экономикалық процестердің түзу жүру бұзушылықтарының сипатын белгілеу;

г) маржиналдық талдау – сату, өзіндік құны, шығындарды тұрақты және тұрақты еместерге бөлу өзара байланысында негізделген бизнестегі басқару шешімдердің тиімділігін бағалау және негіздеу әдісі;

д) с помощью экономикалық-математикалық талдаудың көмегімен экономикалық есепті шешудің ең тиімді нұсқалары таңдалады;

е) функционалдық-құндылық талдау резервтерді анықтау әдісі деп саналады. Ол объект орындаған фукцияларда негізделеді де тауар өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде оларды өткізудің тиімді жолдарына бағытталған;

Оның негізгі міндеті керегі жоқ тораптарды, бөлшектерді жою, материалдарды ауыстыру арқылы артық шығындарды анықтап ескерту.

Субъекттер (пайдаланушылар) бойынша талдау ішкі және сыртқы болады:

а) ішкі талдау кәсіпорында өндірістік, коммерциялық және қаржылық әрекетті жедел, қысқа- және ұзақмерзімді басқару үшін өткізіледі;

б) сыртқы талдау шаруашылық басқару, банктер, қаржы органдары, акционерлер және инвесторлармен қаржылық және статистикалық есеп берушілік негізінде өткізіледі.

Зерттелетін объектілерді қамту бойынша талдау жаппай және таңдаулы болады:

а) жаппай талдау барлық объектілер бойынша өткізіледі;

б) таңдаулы талдау объектілердің жартысында ғана өткізіледі.

Бағдарламаның мазмұны бойынша талдау комплекстік және тақырыптық болады:

а) комплекстік талдауда кәсіпорын әрекеті жан-жақты зерттеледі;

б) тақырыптық талдауда белгілі уақытта көп қызығушылық туғызатын кәсіпорын әрекетінің жеке жақтары ғана зерттеледі.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconЭкономика ғылымдарының кандидаты, доцент
В этой статье анализированы объем общих ресурсов садовых и бахчевых продуктов Казахстана, а также характер его использования
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбаев Қобланбек

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Әсібеков Әкім Жамалайұлы

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconФизика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Тазабеков Сұлтанғали

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Альчинбаева Ойчагүл Зайнилқызы

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconҚабдолова Жұлдыз Дуғалиқызы Мектеп директорының Оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Туғанбаева Хайдарқызы
Болатбекова Назгүл Жоламанқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Яғалиева Бағдат Есенқызы 2011 жылы Физика – математика ғылымдарының...
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconХимия ғылымдарының кандидаты.,доцент Мамырбекова Айжан Көмекбайқызы
Фараби атындағы КазҰУ-нің д 14 01. 03 Диссертациялық Советінде Х.ғ. д., профессор Р. С. Вахидовтың және Х.ғ. к., доцент А. А. Старченконың...
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТарих ғылымдарының кандидаты, доцент
В статье рассматривается понятие категории любви в тюркском религиозном мировоззрении
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница