Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент




НазваниеР. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
страница5/11
Дата конвертации26.11.2012
Размер1.6 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3.2 Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы

1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау

Қаржылық есеп беруді тексерген кезде аналитикалық процедураларды өткізу қойылған мақсаттарға, сонымен қатар ақпараттық, уақыттық, әдістемелік, кадрлік және техникалық қамсызданудың түрлі факторларына тәуелді. Аналитикалық жұмыс екі бағытта ұйымдастырылуы мүмкін:

- қаржылық есеп берудің экспресс-талдауы;

- қаржылық жағдайдың тереңдетілген (бөлшектенген) талдауы.

Экспресс-талдаудың мақсаты – қаржылық жағдайдың және шаруашылық субъекттің даму динамикасын көрнекі және қарапайым бағалау. Экспресс-талдауды үш кезеңде өткізеді:

- дайындық кезеңі;

- қаржылық есеп беруді алдын-ала шолу;

- есеп беруді экономикалық оқу және талдау.

Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылдау және оны оқуға дайын екеніне көз жеткізу. Ол үшін аудиторлық қорытындымен танысуға және көзбен шолып қарапайым есеп тексеруін формалдық нышаны және мәні бойынша өткізу қажет: барлық үлгілер мен қосымшалардың, реквизиттер мен қолдардың болуы, есеп беру үлгілерін дұрысжәне анық толтыруын, баланс валютасын және барлық аралық қорытындыларын тексеру, есептілік үлгілер көрсеткіштерін өзара байлау.

Екінші кезеңнің мақсаты – есепті мерзімдегі жұмыс жағдайын бағалау үшін, әрекеттің негізгі көрсеткіштерінің тенденцияларын және кәсіпорын қаржы, мүлік жағдайының сапалық өзгерістерін анықтау үшін баланстың түсіндірме хатымен танысу.

Үшінші кезеңнің мақсаты – кәсіпорын қаржы жағдайын және оның қаржылық-шаруашылық әрекетінің нәтижелерін бағалау.

Экспресс-талдаудың негізгі элементтерінің – жылдық есеп берумен, әсіресе бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу ептілігі. Балансты оқу ептілігі - әр стаьяның мазмұнын, оны бағалау әдісін, басқа статьялармен байланысын білу.

Балансты оқуға кіреді:

- талданған мерзім бойынша баланс валютасын бағалау;

- баланс валютасының өсу темптерін өндіріс көлемі, өнімді өткізу, жалпы және таза табыс өсуінің темптерімен салыстыру;

- баланстың бөлімдерінің, топтарының және жеке статьяларының негізгі өзара байланысын зерттеу;

- бухгалтерлік баланстың жеке бөлімдері мен статьяларының өзгеріс сипатын талдау.

Балансты оқуды талданған мерзім бойынша баланс валютасы өзгерудің қалыптасуынан, сонымен қатар оның өсу темптерін өндіріс көлемі, өнімді өткізу, жалпы және таза табыс өсуінің темптерімен салыстырудан бастайды.

Оқу процесінде әр статьяны екі аспектіде қарау керек:

- экономикалық мазмұны, мөлшері және динамикасы бойынша;

- баланстың кері жағындағы қай статьямен ол тілдеседі.

Балансты оқыған кезде аналитиктің маңызды әрекетінің бірі – оның «ауру», яғни ерекше коңіл бөлуді қажет ететін статьяларын айқындау.

Бұл «Жабылмаған шығын» және «Қамтылмаған кредиттер» статьялары. Біріншінің болуы жағымсыз қаржылық нәтиженің, шығын мен шығыстар табыс пен түсімнен артық болуын анықтайды. Екіншінің болуы кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін және қаржы жұмысында маңызды кемшіліктердің болғанын дәлелдейді.

Басқа да статьялар болуы мүмкін: дебиторлармен, уақытында төлемеген сатып алушылар мен тапсырысшылармен есеп беру құжаттары бойынша қарыз бөлігінде есеп айырысу; жұмыскерлермен банк кредиттерінен алынған несие бойынша артықшылық бөлігінде есеп айырысу; материалдық зиянды қатару бойынша персоналмен есеп айырысу.

Экспресс-талдаудың соңғы кезеңінде қаржылық есеп берудің талдауы өткізіледі. Мұнда, біріншіден, кәсіпорынның мүлік потенциалын, екіншіден, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекеті нәтижелілігін сипаттайтын аналитикалық көрсеткіштер жүйесі қолданылады.

2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау кәсіпорын мүлігінің және оның жеке түрлерінің абсолюттік және салыстырмалы көбейуінің немесе азайуының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Активтерді талдаған кезде, олардың болуы, құрамы, құрылымы және олардың ішінде болған өзгерістер зерттеледі. Жалпы активтер құрылымын және олардың жеке топтарының талдауы оларды тиімді орналастыру жөнінде пікір алуға көмектеседі. Талдау барысында, өндірістік потенциалдың бағасы беріледі, оның құрамына негізгі қаражат, өндірістік қорлар, бітпеген өндіріс, өсірудегі және семіртудегі малдардың құны, сонымен қатар бітпеген капиталдық салымдар және қойылатын құрал-жабдықтың құны кіреді. Содан кейін өндірістік міндет мүлігінің коэффициентін (Кө) есептейді. Ол өндірістік міндет мүлігінің құны және баланс активтерінің жалпы құны қатынасы ретінде анықталады. Оның нормативтік маңызы Кө ≥ 0,5 болуы қажет. Бұл коэффициент мағынасы төмендеген жағдайда өндірістік міндет мүлігін көбейту үшін ұзақмерзімді несие қаражатын тартуға абзал, егер есепті мерзімдегі кәсіпорын әрекетінің қаржылық нәтижелері өз қаражат арқылы сондай активтерді толтыруға мүмкін болмаса.

Талдаудың келесі сәті – ағымды актив құнының кәсіпорынның барлық мүлігінің құнына қатысуына тең кәсіпорын активтерінің мобилдігін есептеуі. Ол қарыз өтеу үшін қаражат үлесін сипаттайды. Бұл көрсеткіш биік болған сайын, кәсіпорында үздіксіз жұмыс істеуді және кредиторлармен есеп айырусыға мүмкіндіктер көбееді.

Кәсіпорын активтерінің орналасу тиімділігін сипаттайтын басқа көрсеткіш – мобилдік және иммобилдік қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымды активтер құнының ұзақмерзімді активтер құнына қатынасымен анықталады. Оның мөлшері 0,5 төмен болмауы қажет.

Талдау барысында кәсіпорын мүлігінің жалпы құнында негізгі қаражаттың нақты (қалдық) құнының үлес салмағының өзгеруіне ерекше көңіл бөлінеді, яғни жай мағынасы барлық активтердің 50% аз болмауы керек негізгі қаражатының нақты құны коэффициенті. Содан кейін белсенді бөлігі үлесінің өзгеруін зерттейді (жұмыс машина және құрал-жабдық, көліктердің құнын). Оның үлесінің көбейуі қор қайтарудың көтерілуіне әкеледі.

Негізгі қаражаттың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – тозу коэффициенті, ол негізгі қаражаттың есептелген тозу қосындысының белгілі уақыт сәтіндегі олардың бастапқы құнына қатысуымен анықталады.

Содан кейін қысқамерзімді активтердің құрамын, құрылымын және динамикасын талдайды. Ең мобилды активтер – ақшалай қаражат пен қысқамерзімді қаржылық салымдар (инвестициялар). Ағымды активтердің мобилдығын сипаттау үшін айналым қаражат мобилдық коэффициентін ең мобилді активтер мен ағымды активтердің құны қатынастары ретінде есептейді. Бұл коэффициент жалпы қаражат қосындысында төлемге абсолютті дайын, ағымды міндеттерді өтеуге бағытталған қаражаттардың үлесін көрсетеді.

3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Талдаудың келесі кезеңі – баланс активтерінің қалыптасу көздерін зерттеу. Мұнда кәсіпорын мүлігін толықтыру арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын өзіндік және несиелік капиталдың есебінде болатынын еске сақтау қажет.

Нарық жағдайында кәсіпорын әрекеті және оның дамуы өзін-өзі қаржыландыру, яғни өзіндік капитал есебінде өткізіледі. Тек өз қаржылық ресурстарының жеткіліксізінде несиелік қаражаттар алынады. Сондықтан сыртқы несиелік көздерден қаржылық тәуелсіздік өте маңызды болғанмен, оларсыз да болмайды. Тәжірибеде ағымды активтердің аз бөлігі өз көздері арқылы, яғни өндіріс бағдарлама қамтамасыздық шеңберінде қалыптасады. Егер өндіріс процесінде минималдық қажеттіліктен артық ағымды активтердің қосымша қажеттілігі туса, ол банктің қысқамерзімді кредиті арқылы, яғни несиелік қаражат арқылы жабылады.

Активтер қалыптасу көздерін талдау процесінде өзіндік және тартылған капиталдың нақты мөлшері, олардың есепті мерзімде өзгеруі және сол өзгерістердің себептері анықталады. Мұнда бас назар өзіндік капиталға бөлінеді: оның нақты мөлшерін ғана емес, оның капиталының жалпы қосындысында үлес салмағын анықтайды. Бұл көрсеткішті меншік, тәуелсіздік және автономия коэффициенті деп атайды, бірақ оның мәні бір: сол көрсеткіштен кәсіпорынның қаржыландырудың сыртқы көздерінен тәуелсіздігін және ол өз қаражатын қалай қолдануы мүмкіндігін қарайды.

Тәуелсіздік коэффициенті өзіндік капиталдың (Өк) барлық аванс капиталына (Ак) қатыстығымен формула бойынша анықталады:

Коэффициент независимости определяется отношением собственного капитала (С к) во всему авансированному капиталу (А к) по формуле:
Тк = Ө к : А к
Оның өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің өсуін, болашақта қаржылық қиыншылық тәуекелін төмендетуін айқындайды. Бұл көрсеткіштің нормативтік маңызы 0,5-0,6 құрайды.

Несиелік қаражатты пайдалану келесі көрсеткіштермен сипатталады: тәуелдік, қаржыландыру коэффициенттерімен, несиелік және өзіндік қаражат арақатынасымен, қаржылық тұрақтылықпен немесе инвестицияларды өтеумен, несиелік қаражатты ұзақмерзімді тартумен, инвестициялаумен.

Тәуелдік коэффициенті тәуелсіздік коэффициентінің теріс көрсеткіші болып саналады. Ол мына формула арқылы есептеледі:
Кт = Т к : А к немесе Кт = 1 – Ктс ,
мұнда Т к – тартылған капитал, А к – аванс капиталы.

Бұл көрсеткіш капиталдың жалпы құнындағы қарыз үлесін сипаттайды.

Қаржыландыру капиталы мына формула арқылы есептеледі:

Коэффициент финансирования рассчитывается по формуле
Қ к = Ө к : Т к.
Бұл коэффициент төмен болған сайын, банктер мен кредиттерді қаржыландыру сенімді болады. Коэффициент көрсетеді, кәсіпорын әрекетінің қай бөлігі өз қаражаты арқылы қаржыландырылады, қайсысы – несие арқылы. Егер оның мөлшері 1-ден аз болса, бұл кәсіпорын мүлігінің үлкен бөлігі сыртқы көздер арқылы қалыптасқанын мәлімдейді. Осындай жағдай қарыз алғанның төлем қабілетсіздігін көрсетеді де, оның кредит алуға қиыншылық туғызады.

Қаржыландыру коэффициентінің теріс көрсеткіші – қарыз және өзіндік қаражат қатынастары коэффициенті, ол мына формула арқылы есептеледі:
Кқ/ө = Тк : Өк
Бұл коэффициент, кәсіпорын өзіндік қаражат активтеріне әр тенгеге қанша қарыз қаражат тартқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің нормативті шектеуі: Кқ/ө < 1.

Кәсіпорын тәуелсіздігінің деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіш – қаржылық тұрақтылық немесе инвестицияларды жабу коэффициенті. Ол кәсіпорынның жалпы капиталында өзіндік және ұзақмерзімді қарыз қаражаттардың үлесін сипаттайды және мына формула арқылы есептеледі
Кқ/т = (Өк + Ұм) : Ак,
мұнда Ұм – ұзақмерзімді міндеттер (ұзақмерзімді кредиттер мен несиелер). Оның нормалық маңызы 0,75-тен 0,9-ға дейінді құрайды.

Кәсіпорын капиталы құрылымын талдағанда жеке топтар мен көздердің құрылым өзгерістерін айқындайтын жеке көрсеткіштер де қаралады. Оларға қарыз қаражатты ұзақмерзімді тарту коэффициенті қатысады, оның есептеу формуласы
Кұ/м = Ұм : (Өк + Ұм).
Ол өзіндікпен қатар қаржылық есеп беру активтерді қаржыландыру үшін тартылған ұзақмерзімді кредиттер мен несиелердің үлесін көрсетеді,кәсіпорын өндірісті жаңартып кеңейту үшін қаншалық қарқынды қарыз қаражатты пайдалануын бағалайды.

Капитал құрылымы қалыптасуы тиімділігін бағалау үшін, өзіндік капиталдың негізгі қаражат құнына қатынасына тең инвестициялау коэффициенті пайдаланады.

Активтер қалыптасуының мінсіз нұсқасы - өзіндік капиталы барлық негізгі капиталды және жартылай айналым капиталын жабатын кез. Кәсіпорынның қаржы жағдайы тұрақты болады, қарыз қаражаттың бәрін алып қойса да.

4-тақырып. Өзіндік және несиелік капиталды талдау

Кәсіпорынның өзіндік қаражаты қалыптасу көздері – жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс (шығын).

Өзіндік айналым қаражатының қосындысын, мөлшерін анықтау үшін, өзіндік капиталының қосындысынан баланс активінің 1 бөлім қорытындысын алу керек.

Тәжірибеде, капиталдық қаржы бөлуді және негізгі қаражат алуды қаржыландыру үшін ұзақмерзімді кредиттер мен несиелер пайдаланады, олар теңделеді де, бұл себеппен өзіндік капиталына қосылады.

Өзіндік капиталды талдаған кезде өзіндік айналым капиталдың абсолюттік мөлшерін ғана емес, оның өзіндік капиталдың жалпы мөлшеріндегі үлес салмағын анықтауға маңызды. Осындай көрсеткіш – өзіндік қаражаттың қандай бөлігі мобилді түрде болуын көрсететін ептілік коэффициенті. Ол келесі формула арқылы есептеледі
Км = Өак / Өк,
мұнда Өак – өзіндік айналым капиталы, Өк – өзіндік капитал. Бұл көрсеткіштің оңтайлы мөлшері – оның көлемі Км ≥ 0,5.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі - өз қалыптастыру көздермен қорларды қамсыздандыру коэффициенті. Ол өзіндік айналым қаражаттың ТМШ құнына қатысумен есептеледі. Оның есептеу формуласы осындай түрде
К қ/қ = Ө ак / Ш,
мұнда Ш – ТМШ құны. Бұл коэффициенттің нормативтік маңызы
К қ/қ ≥ 0,6 – 0,8 құрайды
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы қаражат көздері құрамымен ғана емес, қаржылық есептілік активтеріне дұрыс салынуымекн сипатталады. Сондықтан кәсіпорынның қарыз қаражатының құрамы мен құрылымын зерттеу маңызды.

Ол үшін қарыз қаражаттар жеке статьяларының есептілік көрсеткіштерін топтық қорытындылармен салыстырады, негізгілерден ауытқуларды анықтайды және салыстырмалы мөлшерлерді есептейді. Содан кейін дебиторлық және кредиторлық қарыздың салыстырмалы талдауын жасайды. Шамамен олардың арасындағы қатынас 2:1. Егер кредиторлық қарыз дебиторлықпен қамтамасызданбаса, бұл жағдайды жайсыз деп бағалауға болады, өйткені ол өзіндік қаражаттың кей-бір өтімділік жағының ақшаға айналуын ақырындатуына әкеледі. Кредиторлық қарыздың дебиторлық қарызбен төмен қамсыздану себептері – дебиторлармен және кредиторлармен жайсыз жағдайлар, олардың өзара төлемдері. Тауар және қызмет үшін ғана емес, бюджетпен есептесу және еңбек төлемі бойынша кредиттік қарыздың болуы кәсіпорынды жаман жағынан сипаттайды.

5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның аман қалу кепілі мен тұрақтылық негізі болып оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы есептеледі.

Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз әрекетін қаржыландыру қабілеттігі есептеледі. Қаржылық жағдай – жиынтық ұғым. Ол кәсіпорынның жақсы жұмыс істеуге керекті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуімен, олардың орналасу пайдалылығымен, пайдалану тиімділігімен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық өзара қатынасымен, төлем қабілеттігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.

Төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығы – кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қаржылық-экономикалық әрекетінің маңызды сипаттары. Егер кәсіпорын қаржылы тұрақты, төлемге қабілетті болса, ол ұқсас профильді басқа кәсіпорындар алдында инвестиция тартуда, кредит алуда, жабдықтаушыларды таңдағанда және квалификациялы кадрларды дайындағанда артықшылықты болады. Ол мемлекет және қоғаммен дауға бармайды, неге десе бюджетке уақытында салық, әлеуметтік қорларға жарна, жұмыскерлер мен қызметкерлерге – жалақы, акционерлерге – дивидендтер төлейді, ал банктерге кредиттерді қайтаруға және олар бойынша пайыз төлеуге кепіл береді.

Кәсіпорынның тұрақты жағдайының маңызды сипатының бірі – оның қаржылық тұрақтылығы. Ол кәсіпорын әрекеті шеңберінде жасалатын экономикалық орта тұрақтылығымен, сонымен қатар оның жұмыс істеу, оның ішкі және сыртқа факторлардың өзгерістеріне белсенді және тиімді әрекет ету нәтижесімен анықталған.

Қаржылық тұрақтылық бүкіл өндірістік шаруашылық әрекет процесінде қалыптасады, ол кәсіпорын тұрақтылығының бас компоненті болып саналады. Оның мәні қаржы ресурстарының тиімді қалыптасуымен, бөлінуімен жіне пайдалануымен анықталады.

Қаржылық жағдай сапасын анықтау, оның мерзім ішінде жақсару немесе жаман болу себептерін зерттеу, кәсіпорынның төлем қабілеттігін және қаржылық тұрақтылығын көтеру бойынша ұсыныстарды дайындау – қаржылық жағдайды талдаудың басты сәттері деп саналады. Бірақ қандай болса да кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды экономикалық талдаумен бірге өткізуі керек.

Қаржылық талдау әдістерінің процедуралық жақтарын бөлшектеу қойылған мақсаттарға, ақпараттық, уақыттық, әдістемелік және техникалық қамтамасыз етудің түрлі факторларына тәуелді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау – жалпы қаржылық талдаудың құрамды бөлімі.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін абсолюттік және салыстырмалыларға бөледі.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері – ТМШ-ды олардың қалыптасу көздерімен қамсыздану деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер. ТМШ қалыптасу көздерін сипаттау үшін үш негізгі көрсеткіштерді анықтайды:

1) өзіндік айналым капиталының болуы (Өак) өзіндік капитал (баланс пассивының 1 бөлімі) және ұзақмерзімді активтер (баланс активінің 1 бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол өзіндік айналым қаражаттарды сипаттайды. Өак көрсеткіші маңызды аналитикалық коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады: кәсіпорынның ағымды активтеріндегі өзіндік айналым қаражаттарының үлесін (нормативтік маңызы 0,1-ден аспауы қажет), тауар қорларындағы өзіндік айналым қаражаттарының үлесі (бұл коэффициенттің нормативтік маңызы 0,6-дан аспауы қажет);

2) ТМШ (Өак) қалыптасуының өзіндік және ұзақмерзімді несие көздерінің болуы. Бұл көрсеткіш алдыңғы көрсеткішті, яғни өзіндік айналым капиталын ұзақмерзімді міндеттер қосындысына көбейтумен келесі формула бойынша анықталады:
Өак = Өак + Ұм = Өак + П,
мұнда Ұм – ұзақмерзімді міндеттер, П – баланс пассивінің екінші бөлімі;

3) ТМШ қалыптасуының негізгі көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқамерзімді кредиттер мен несиелер қосындысына көбейту арқылы мына формула бойынша анықталады
НК = Өак Өак+Қк,
мұнда Қ к – қысқамерзімді кредиттер мен несиелер.

Бұл ТМШ қалыптасу көздері болу көрсеткіштеріне ТМШ-ны қалыпатсу көздерімен қамтудың үш көрсеткіштері сәйкес:

- өзіндік айналым капиталының артықшылығы (+), кемшілігі (-)
+ Өак = Өак – Ш, мұнда Ш – ТМШ
- ТМШ қалыптасуының өзіндік және ұзақмерзімді көздерінің артықшылығы және кемшілігі
+ Өак= Өак – Ш
- қорлар қалыптасу негізгі көздерінің жалпы мөлшерлерінің артықшылығы немесе кемшілігі
+ НК = НК – Ш.
Бұл есептер кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтылық деңгейі бойынша келесі түрлерге классификациялауға көмектеседі:

- қаржы жағдайының абсолюттік тұрақтылығы;

- қаржы жағдайының қалыпты тұрақтылығы;

- тұрақсыз қаржылық жағдай;

- дағдарыстық (ауыспалы) қаржылық жағдай.

Қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы жағдай Ш < Өак, Өак > Ш теңсіздікпен сипатталған кезде құралады. Бұл салыстыру ТМШ өз айналым қаражатымен жабылуын және кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз екенін дәлелдейді.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы Өак < Ш < НК теңсіздігімен сипатталады. Келтірілген арақатынас кәсіпорын ТМШ-ны жабу үшін түрлі «қалыпты» қаражат көздерін - өзіндік және тартылған – пайдаланғанда жағдайға сәйкес.

Тұрақсыз қаржылық жағдай ахуал Ш > НК немесе НК < Ш теңсіздігімен сипатталған кезде құралады. Бұл жағдай кәсіпорын өз ТМШ жартысын жабу үшін белгілі деңгейде «қалыпты» болмаған қосымша жабу көздерін қатыстыруға мәжбүр болғанда құралады.

Дағдарыстық (ауыспалы) қаржылық жағдай алдыңғы теңсіздікке қосымша кәсіпорында уақыты өткен кредиторлық қарызы, сонымен қатар уақытында өтелмеген кредиттер мен несиелердің болу жағдаймен сипатталады.

Өтімділік көрсеткіштері кәсіпорынның өз қысқамерзімді міндеттерін орындау қабілеттігін бағалау үшін қолданылады. Олар кәсіпорынның төлем қабілеттігі туралы бұл сәтте ғана емес, төтенше жағдай кезінде де мәлімет алуға көмектеседі.

Төлем қабілеттігінің жалпы бағасын ағымды өтімділік (төлем қабілеттігі, жабу) коэффициенті береді. Егер ағымды өтімділік коэффициенті бірден аз болса, бұл проблема барын көрсетеді. Бұл көрсеткіш үшін қалыпты маңыз – екіден артық немесе тең.

Тез өтімділік коэффициенті (қатал өтімділік, ауыспалы баға). Маңызы бойынша алдыңғы көрсеткішке ұқсас, бірақ бұл коэффициент ағымды активтердің тар шеңберімен, есептен оның аз өтімділік жағы - өндіріс қоры шығарылғанда есептеледі. Осындай шығарудың логикасы қорлардың аз өтімділігінде ғана емес, өндіріс қорын амалсыз өткізу жағдайда алынатын ақшалай қаражат, оларды сатып алғандағы шығындардан өте төмен болуы. Коэффициенттің төменгі қалыпты шегінің бағасы бірден көп немесе тең. Бұл коэффициент динамикасын талдаған кезде, оның өзгеру факторларына назар аудару қажет. Солай, егер ауыспалы өтіділік коэффициентінің өсуі негізінде ақталмаған дебиторлық қарыздың өсуімен байланысты болса, кәсіпорын әрекеті жағымсыз жағынан сипатталады.

Ауыспалы өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және дебиторлық қарыздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ең қатаң өтімділік критериі деп саналады; қысқамерзімді несиелік міндеттердің қай бөлігі керегінде шұғыл төлене алатынын көрсетеді. Талданған көрсеткіштің қалыпты шектеуі 0,2-ден артық немесе тең.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconЭкономика ғылымдарының кандидаты, доцент
В этой статье анализированы объем общих ресурсов садовых и бахчевых продуктов Казахстана, а также характер его использования
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбаев Қобланбек

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Әсібеков Әкім Жамалайұлы

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconФизика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Тазабеков Сұлтанғали

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Альчинбаева Ойчагүл Зайнилқызы

Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconҚабдолова Жұлдыз Дуғалиқызы Мектеп директорының Оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Туғанбаева Хайдарқызы
Болатбекова Назгүл Жоламанқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Яғалиева Бағдат Есенқызы 2011 жылы Физика – математика ғылымдарының...
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconХимия ғылымдарының кандидаты.,доцент Мамырбекова Айжан Көмекбайқызы
Фараби атындағы КазҰУ-нің д 14 01. 03 Диссертациялық Советінде Х.ғ. д., профессор Р. С. Вахидовтың және Х.ғ. к., доцент А. А. Старченконың...
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТарих ғылымдарының кандидаты, доцент
В статье рассматривается понятие категории любви в тюркском религиозном мировоззрении
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница