«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»




Скачать 116.22 Kb.
Название«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Дата конвертации26.11.2012
Размер116.22 Kb.
ТипДокументы
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің

2008 жылғы 24 маусымдағы

шешімімен бекітілген

№ 120 хаттама

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже


  1. Жалпы ережелер

  1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Жарғысына және Қоғамның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленді.

  2. Осы ереже Қоғам Басқармасы мәртебесін, құру тәртібін, қызметі мен құзыреттілігін, Басқарма мүшелерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін, Басқарма сайланымдарының тәртібін, жиналыс өткізуін, оның шешім қабылдауы мен ресімдеуін анықтайды.

  3. Басқарма өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын, Жарлықты және Қоғамның ішкі құжаттарын, соның ішінде осы Ережені басшылыққа алады.




  1. Басқарма мәртебесі

4. Басқарма Қоғамның ағымдағы қызметіне жетекшілік жүргізетін коллегиалды атқарушы органы болып табылады.

5. Басқарма акционерлердің жалпы жиналысының және Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімін орындайды.


  1. Басқарма құрамы және оның мүшелерін сайлау тәртібі

6. Басқарманы оның жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші Қоғам Басқармасы Төрағасы (бұдан әрі –Басқарма Төрағасы) басқарады.

7. Қоғам Басқармасын құру, оның өкілеттілігі, сондай-ақ Басқарма мүшелері өкілеттілігін мерзімінен тыс тоқтату Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қоғам Жарғысына сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен жүзеге асады. Басқарма Төрағасы және Қоғам Басқармасы мүшелерін сайлау және өкілеттілігін тоқтату, олардың өкілеттілігін мерзімінен тыс тоқтату Қоғамның Директорлар кеңесінің ерекше құзыреттілігіне жатады. Директор кеңесінің Төрағасы Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындау үшін Директорлар кеңесіне үміткерді ұсынады.

8. Қоғам Басқармасы 3 (үш) адамнан кем емес санында сайланады.

9. Басқарма мүшелері Қоғам жұмысшылары болып табылады.

Басқарма мүшесі өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жеткілікті қажетті кәсіби біліктілікке ие болуы тиіс:

– жоғары кәсіби білімінің болуы;

– кәсіби салада кемінде 7 жылдан кем емес тәжірибесі болуы;

– кәсіби салада 5 жылдан кем емес басшы лауазымында жұмыс тәжірибесі болуы;

– кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнаманы және нормативтік-құқықтық актілерді білуі;

- қоғамның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуына перспективаларын, тұжырымдамасын, артықшылықтарын білуі.

Басқарма мүшелері Басқарма Төрағасының ұсынысы бойынша сайланады.

Басқарма Төрағасы Директорлар кеңесінің талқылауына бір лауазым үшін сайлануға ұсынылатын кандидатты екі реттен көп емес ұсынуға құқылы. Директорла кеңесі Басқарма Төрағасы бір лауазымға Басқармада екінші рет ұсынған кандидатты қабылдамаған жағдайда осы лауазымға кандидат ұсыну құқығы Директор кеңесі Төрағасына ауысады.

Сайлау Директорлар кеңесі сәйкесінше шешім қабылдаған сәттен бастап өткен болып есептеледі.

10. Сайланған Басқарма мүшесінің өкілеттілігі Директорлар кеңесімен тоқтатылуы мүмкін. Басқарма мүшесі ретіндегі жұмысшы өкілеттілігін тоқтату оның Қоғаммен еңбек құқықтық қатынастарының тоқтауына әкелмеуі мүмкін.

11. Қоғам Басқармасы іс жүргізуі үшін Басқарма хатшысын тағайындайды. Басқарма хатшысы Басқарма құрамына енбейтін Қоғам жұмысшылары арасынан тағайындалады. Басқарма хатшысы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатыспайды.


  1. Басқарма құзыреттілігі

12. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Жарғымен Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыреттілігіне берілмеген Қоғам қызметінің кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы.

13. Өзіне жүктелген қызметті орындау кезінде Басқарма Директорлар кеңесі мүшелеріне Қоғам қызметі жөніндегі, соның ішінде құпия мәндегі ақпараттың тапсырыс алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кем емес мерзімде уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

14. Басқарма жылдық қаржы есебін дайындауға және оны Директорлар кеңесі талқылауына ұсынып, Қоғамның жалпы акционерлер жиналысында бекітілуін қамтамасыз етуге міндетті.

15. Басқарма Төрағасы немесе Басқарма Қоғамның Директорлар кеңесі отырысын шақыруға бастама көтеруге құқылы.

16. Басқарма Төрағасы Қоғамның бірінші жетекшісі болып табылады және Қоғам қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Басқарма Төрағасы келесі қызметтерді атқарады:

1) Акционерлердің жалпы жиналысын, Директорлар кеңесінің және Қоғам Басқармасының шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

2) үшінші тұлғалармен қатынаста Қоғам атынан сенімхатсыз қызмет етеді;

3) үшінші тұлғалармен қатынаста Қоғамды таныстыру құқына сенімхат береді;

4) Қоғам атынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғам Жарғысының талаптарын ескере отырып, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарға қол қояды;

5) бұйрықтар мен өкім қабылдайды, Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің құзыреттілігіне жатпайтын Қоғам қызметінің барлық мәселелері бойынша нұсқау береді;

6) статистикалық есеп жүргізілуін қамтамасыз етеді;

7) Директорлар кеңесіне және Қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысына келесі есептерді ұсынады:

- жартыжылдық – еншілес, тәуелді және бірлесе бақылайтын ұйымдарды басқару туралы, еншілес, тәуелді және бірлесе бақылайтын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесінің Қоғам қызметіне әсері жөнінде;

- жылдық – Қоғам дамуының жоспарын жүзеге асыру туралы (3 (үш) жылғы арналған орта мерзімді бизнес- жоспар);

8) мүліктік емес сипаттағы келісімдерді және нәтижесінде Қоғам құны Қоғамның өзіндік капиталы көлемінен 2 (екі) пайызын құрайтын мүлікті сатып алатын немесе сататын (сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін) келісімдерді жүргізеді;

9) ірі акционерге:

- ірі акционерлер анықтаған нысан бойынша және мерзімде Қоғамның, оның еншілес және бірлесе бақылайтын ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептілікті;

- ірі акционерлер анықтаған нысан бойынша және мерзімде Қоғамның даму жоспарын (3 (үш) жылға арналған орта мерзімді бизнес-жоспар) және бюджеттің жүзеге асырылуы туралы есептілікті ұсынады;

10) Директорлар кеңесі Төрағасымен өзінің шетелдік іссапарларын келіседі;

11) Қоғам жұмысшыларын жұмысқа қабылдауды, орын ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында белгіленген жағдайлардан басқа), оларға марапаттау шараларын қолданып, тәртіптік жаза салады, заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес еңбекті төлеу қоры аясында, Басқарма мүшелері және ішкі аудит қызметі жұмысшыларынан басқа Қоғам жұмысшыларының еңбегіне ақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;

12) Қоғам атынан Қоғам жұмысшысы мен еңбек шартын жасайды және бұзады, соның ішінде белгіленген тәртіпте Басқарма мүшелерімен және Ішкі аудит қызметі жұмысшыларымен;

13) Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте Қоғам бөлімшелері мен өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және лауазымнан босатады;

14) Өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін орындауды Қоғам Басқармасы мүшелерінің біреуіне жүктейді;

15) Сәйкес бұйрық қабылдау жолымен Басқарма мүшелері арасында міндеттерді, өкілеттілік аясын және жауапкершілікті бөледі;

16) Акционерлердің жалпы жиналысымен немесе Директорлар кеңесімен берілген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады, Жарғыға сәйкес осы органдардың ерекше құзыреттілігіне берілген мәселелерден басқа.


  1. Басқарма отырысы және шешім қабылдау тәртібі























  2. Басқарма, әдетте, айына бір рет жиналады. Басқарма Төрағасы Басқарма отырысын шақыруға немесе Басқарма мүшелерінің сырттай дауыс беруіне өз бастамасы немесе Басқарма мүшесі өтініші бойынша кез келген уақытта мәселе ұсынуға құқылы. Басқарма күн тәртібіндегі мәселе бойынша, егер Басқарма мүшелерінің жалпы санының жартысы қатысып отырса, соның ішінде күн тәртібіндегі мәселе бойынша сырттай, жазбаша түрде дауыс берген Басқарма мүшелері қатыспаған кезде талқылауға және шешім қабылдауға құқылы.

  3. Отырыстың мерзімін, күн тәртібін және шақырылуын анықтау, оған Төрағалық ету Басқарма Төрағасы құзыреттілігі болып табылады.

  4. Басқарма мүшелерінің бастамасымен ол күн тәртібіне қосылмаған мәселелерді өз отырысында қосымша талқылауға құқылы.

  5. Басқарма талқылануына шығарылатын мәселелер бойынша қажетті материалдарды Қоғамның сәйкес салалық бөлімшелері әзірлейді.

  6. Сәйкес салалық бөлімшелер әзірлеген, Басқарма отырысында талқылауға арналған материалдар мүдделі салалық бөлімшелермен және бағыттаушы басқарушы Директорларымен келісіліп, содан кейін ғана Басқарма хатшысына жіберіледі.

  7. Басқарма талқылануына әзірленетін материалдар осы мәселені талқылау және ол бойынша шешім қабылдау қажеттілігін негіздейтін түсініктеме жазбадан, белгіленген тәртіпте келісілген шешім жобасы, нақты мәселе бойынша отырысқа шақырылған тұлғалар тізімі (қажет болған жағдайда), басқа да қажетті құжаттардан тұрады. Түсініктеме жазба 2 парақтан аспауы тиіс. Көрсетілген құжаттар отырысқа дейінгі 7 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде Басқарма хатшысына беріледі. Хатшы Басқарма отырысына құжаттар құрастырылуын қамтамасыз етіп, олар отырысқа дейінгі 3 жұмыс күнінен кем емес мерзімде Басқарма Төрағасына және Басқарманың барлық мүшелеріне жеткізіледі.

  8. Басқарма отырысына материалдардың уақытылы және сапалы дайындығы үшін жауапкершілік осы мәселені Басқарма талқылауына шығарған салалық бөлімше жетекішісіне жүктеледі.

  9. Басқарма талқылануына шығаратын құжаттарды келісу құжаттың соңғы парағында жүзеге асырылады. Осы құжаттардың түпнұсқалары оларды бекіту туралы шешім (хаттама) түпнұсқаларымен бірге Басқарма хатшысында сақталады.

  10. Басқарма мүшесі отырысқа келе алмаған жағдайда жобасымен алдын ала танысқан, дауыс беруге шығарылатын шешімге «қолдайды», «қарсы» немесе «қалыс қалды» жазбаша нысанында сырттай өз еркін білдіруі мүмкін.

  11. Басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе осы мәселе бойынша Қоғам қызметін бағыттайтын Басқарма мүшесі болмаған жағдайда талқыланылуы кейінге қалдырылуы мүмкін. Мұндай шешім қатыспаған Басқарма мүшесіне қысқа мерзім ішінде жеткізіледі.

  12. Басқарма Төрағасы бастамасымен, оперативті шешім қабылдауды талап ететін ерекше себептер нәтижесінде Басқарма сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдауы мүмкін. Басқарма мүшелерінің сырттай дауыс беруі кейіннен хаттамаға қоса берілетін хаттама жобасындағы немесе сұрау парақтарындағы және өзге де жазбаша куәліктердегі қолтаңбаларды жинаумен жүргізіледі.

  13. Дауыс беруді жүргізу тәсілін Басқарма Төрағасы анықтайды.

  14. Басқарма шешімі қатысушы Басқарма мүшелерінің (сырттай дауыс беру жағдайында дауыс беруші) дауыстарының көптігінен қабылданады. Дауыс беруге қойылатын әрбір мәселе бойынша Басқарма Төрағасы Басқарма мүшелерінің соңғысына өз еркін білдіреді. Басқарма мүшелері дауыстары тең түскенде Басқарма Төрағасының даусы ақырғы болып табылады.

  15. Көпшілік пікірмен келіспеген Басқарма мүшесі отырыс біткен сәттен бір тәулік ішінде жазбаша үлгіде хаттамаға қосуға арналған өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

  16. Басқарма шешімі хаттамамен ресімделеді. Басқарма отырысы хаттамасы отырыс өткізілгеннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде Басқарма хатшысымен ресімделіп, виза қойылады және қатысқан Басқарма мүшелерімен визаланғаннан кейін Басқарма Төрағасы қол қойып, Басқарма мөрімен бекітіледі.

  17. Хаттамада:

  1. отырысты өткізу орны және уақыты (ашық дауыс беру кезінде);

  2. отырысқа қатысушы Басқарма мүшелері (сырттай дауыс беру кезінде дауыс беруші), шақырылған тұлғалар;

  3. отырыстың күн тәртібі;

  4. дауыс беру тәсілі;

  5. дауыс беруге мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындысы;

  6. қабылданған шешімдер.

  1. Қоғам Басқармасы отырысының хаттамаларын тіркеу, оларды сәйкесінше істерге тігу және қағаз түпнұсқаларының сақталуын Басқарма хатшысы қамтамасыз етеді. Тіркегенннен кейін Басқарма мөрімен бекітілген Басқарма отырысы хаттамаларының көшірмесі бекітілген құжаттармен қоса Басқарма хатшысы құрған тізбеге сәйкес таратылады.

Қоғамның салалық бөлімшелеріне Басқарма отырысының хаттамаларынан қосымша көшірме алуға тыйым салынады. Қоғам басшылығының жазбаша тапсырысы бойынша немесе Қоғамның салалық бөлімшесі жетекшісінің жазбаша сұрауы бойынша Басқарма хатшысы Басқарма мөрімен бекітілген, Басқарма отырысы хаттамаларынан жазбалар береді.
6. Басқарма мүшелерінің еңбек ақысы


  1. Төрағаның және Қоғам Басқармасы мүшелерінің лауазымдық жалақыларының көлемін және еңбекке ақы төлеу шарттарын анықтау, сыйақы тағайындау Қоғам Жарғысына сәйкес және Директорлар кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.

  2. Төрағаға және Басқарма мүшелеріне Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген еңбекақы мен сыйақы төлеудің барлық шарттары таралады, егер бұл Директорлар кеңесі шешімімен бекітілсе.

  3. Директорлар кеңесі шешемімен басқарма мүшелеріне қосымша сыйақылар мен жәрдемақылар берілуі мүмкін.

Басқарма мүшелерін жоғары сапалы жұмысқа ынталандыру мақсатында Басқарма мүшелерінің марапаттау көлемі келесі талаптарға сай келуі қажет: марапаттау құрамы тұрақты және ауыспалы бөліктерден тұрады. Марапаттаудың ауыспалы бөлігі Басқарма мүшелері қызметінің өзекті көрсеткіштеріне тәуелді болып, олардың біліктілік деңгейіне және Қоғам қызметі нәтижесіне қосқан жеке үлестеріне байланысты болады.

Басқарма мүшелеріне марапаттау төлеу, олардың көлемінің шарттары туралы шешімді Қоғам акционерлерінің пікірін ескере отырып, Марапаттау жөніндегі комитеттің нұсқаулары бойынша Директорлар кеңесі қабылдайды.
7. Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттері


  1. Басқарма мүшелерінің қызметі, құқығы мен міндеті, заңнамамен, Қоғам жарғысымен және олардың әрқайсысы Қоғаммен жасасатын еңбек шартымен анықталады. Қоғам атынан Басқарма Төрағасымен типтік шарт Директорлар кеңесінің Төрағасымен қол қойылады. Басқарманың қалған мүшелерімен типтік шартқа Басқарма Төағасы қол қояды.

  2. Басқарма мүшелері өз құқықтарын жүзеге асыру және мінддетерін орындау кезінде өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындап, Қоғам мен акционерлердің мүддесін жоғары дәрежеде танытатын кез келген әдісті пайдалануы қажет.

  3. Басқарма мүшелері Қоғам мүлкінің Жарғыға, акционерлердің жалпы жиналысы мен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін, және өздерінің аффирлирленген тұлғаларымен келісім шарт жасасқан кезде өздігінен пайдалануға болмайды.

  4. Басқарма мүшелері бухгалтерлік есеп жүйесінің және қаржылық есептілікті, тәуелсіз аудит өткізуді қоса алғанда тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті.

  5. Басқарма мүшелері Қоғам қызметі туралы ақпараттың заңнама талаптарына сәйкес ашылуын және ұсынылуын қадағалайды, өзіне белгілі Қоғам туралы құпия, коммерциялық және өндірістік мәліметтерді таратпауға міндетті. Құпиялылықты сақтау жөніндегі міндет Қоғамнан шығарылғаннан кейінгі бес жыл мерзім ішінде өз күшін сақтайды.

  6. Егер Басқарма мүшесі Қоғамның келісім шарт жасасқанына мүдделі болса, ол заңнамамен көзделген ақпараттың Директорлар кеңесіне жеткізуге міндетті.

  7. Басқарма мүшелері залалды болдырмау, қызметті тиімді ету үшін Басқарма отырысын шақыру, Басқарма Төрағасын ақпараттандыру және басқа да қолжетімді тәсілдермен қажетті шаралар қабылдауға міндетті.

  8. Басқарма мүшелері олар басқаратын мәселелер төңірегіндегі ахуал туралы Басқарма Төрағасын ақпараттандырады.

  9. Қоғам Басқармасы мүшесі тек Қоғамның Директорлар кеңесі келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.

Басқарма Төрағасы атқарушы орган жетекшісі лауазымын иеленуге немесе басқа заңды тұлғаның атқарушы органы қызметін біржақты жүзеге асыруға құқы жоқ.
8. Басқарма мүшелерінің жауапкершілігі


  1. Қоғамның алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін Басқарма қажетті қаржы және адам ресурстарының бөлінуіне жауапкершілікті жүктейді.

Қоғамға өз әрекетімен (әрекетсіздігімен) келтірген зияны үшін Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Жауапкершілік негіздемесін және көлемін анықтау кезінде Қоғам Басқармасының мүшелері қалыпты іскери айналыс шарттарын және өзге де осы іс үшін маңызды болып табылатын жағдайларды ескеруі қажет.

Егер жауапкершілік бірнеше тұлғаға жүктелсе, олардың Қоғам алдындағы жауапкершілігі біртекті болуы тиіс.

  1. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешімі негізінде залалды немесе Қоғам келтірген зиянды қайтару туралы Басқарма мүшелеріне арызданып, сотқа жүгінуге құқылы.


9. Аудит және есептілік


  1. Басқарма Қоғамның жыл сайынғы қаржы есептілігін заңмен көзделген және Қоғам Жарғысымен белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асырады.

  2. Басқарма Қоғамның жылдық қаржы (аудиторлық, есебінің ұйыммен бекітілген) уақытылы басылып шығуын Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғам Жарғысының қамтамасыз етеді.

Похожие:

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» icon«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттамасымен бекітілген (2011ж. 29. 12. жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік...
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» iconКелісілді: бекітілді: «kegoc» АҚ «Самұрық» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің
Осы «kegoc» АҚ дивидендтік (үлеспайдалық) саясаты туралы ереже (бұдан әрі-Ереже) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының...
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» icon«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен бекітілген 2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттама (12. 03. 2010ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі туралы ереже (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар...
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» iconМүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Саясат Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне,...
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» icon«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 14 мамырдағы шешімімен бекітілді корпоративтік хатшы туралы ереже
«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) корпоративтік хатшысы туралы осы ереже Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының...
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
Жалпы ережелер
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница