Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы




Скачать 51.82 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы
Дата конвертации26.11.2012
Размер51.82 Kb.
ТипДокументы


Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының

қ а у л ы с ы
Алматы қаласы 2012 жылғы __________ № _____

2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы

үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік

банкноттардың қатар айналыста болу

кезеңін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және
2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы
2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2012 жылғы
____ ____________ бастап 2014 жылғы ____ ___________ аралығы болып белгіленсін.

2. Ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:

1) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға өз кассаларынан, сондай-ақ банкоматтар арқылы беруді жүзеге асырады;

операциялық кассаға келіп түскен ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы
3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;

2) Ұлттық Банктің филиалдары:

ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға айналым кассаларынан беруді жүзеге асырады;

заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с№

Жоба туралы мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты




1.

Әзірлеуші бөлімше

Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті




2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттілігіне негіздеме

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына сәйкес және белгілі бір номиналдағы ақша белгілерінің ақша айналысындағы жетіспеушілігн болдырмау мақсатында.




3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама

Ақша белгілерінің айналыстағы шарттарының өзгеруіне сәйкес ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңі белгіленеді.




4.

Жобаны Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер.

Жоба Заң департаментімен, Бухгалтерлік есеп департаментімен, Монетарлық операцияларды есепке алу департаментімен, Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаментімен, Автоматтандырылған банктік ақпарат жүйелерін ендіру басқармасымен, ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілді.




5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын екінші денгейдегі банктермен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер.

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен келісілді.




6.

Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауына жіберу туралы мәліметтер


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелерімен келісілді.




6-1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге арналған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жіберу критерийлеріне сәйкес келетін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) Сарапшыға жіберу туралы мәліметтер

«Құқықтық мониторниг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-імен келісілді.




7.

Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері


Жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуіне және (немесе) ұлғаюына әсер етпейді.





8.

Өзге де мәліметтер


Жоқ





Қолма-қол ақшамен жұмыс

департамент директорының орынбасары В. Васильченко

Орындаушы Асанова Д.С.

Тел: 2704569



Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2012 жылғы 30 қаңтар №8 Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі»
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қ аулыс ы алматы қаласы 2007 жылғы 24 қыркүйек №111 Қазақстан Республикасының
Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер
Республикасының Заңына сәйкес және қолма-қол жасалмайтын бөлшек төлемдерді одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2011 жылғы 26 желтоқсан №202 Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2008 жылғы 28 қараша №93 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2009 жылғы 24 тамыз №77 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы 2012 жылғы 26 наурыз №133 Алматы қ. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулық
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы №19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница