Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес




НазваниеҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Дата конвертации09.07.2014
Размер85.8 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қ. 26 мамыр 2009ж.


Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын орындауы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтауы жөніндегі жұмысы туралы


Алматы қаласы бойынша Департаментінің директоры Е.С.Оспановтың Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының орындалуы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіның сақталуы жөніндегі есебін тыңдап және талқылай келе, Тәртіптік Кеңес департамент Қазақстан Республикасының «Дәрі-дәрмек құралдары туралы», «Денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының талаптарын орындау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтеді.

Департамент 2008 жылы дәрі-дәрмек құралдарының айналымы саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша 155 тексеру жүргізген: жоспарлы – 47; рейдтік – 89; жоспардан тыс (ҚРДМ ФФМӨК-нің хаты бойынша, арыздар, шағымдар, өтініштер бойынша қарама-қарсы тексерулер) – 19; құқық қорғау органдарымен – 2; Медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі комитетпен – 7; ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (Қаржы полициясымен) – 5; Алматы қаласы ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция бөлімшесімен – 1; әскери прокуратурамен – 1.

2008 және 2009 жылдары жүргізілген тексерулер мыналарды қамтыған: дәрі-дәрмек шығару жөніндегі кәсіпорындар – 8 (лицензиясы барлары барлығы – 38, нысандардың 21,6% тексерумен қамтылған); медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар – 0 (лицензиясы барлары барлығы – 21, нысандардың 0% тексерумен қамтылған); көтерме сауда ұйымдары 389, олардың ішінде есірткі заттарын айналымға шығаруға құқығы бары 5, сәйкесінше тексерілгені 37/5 (лицензиясы бар барлық нысандардың 9,5% / 100% тексерумен қамтылған); дәріханалар – 46 және есірткі заттарын айналымға шығару құқығы бар 35 дәріхана (лицензия барлары 616 / 35, нысандардың 7,5% / 100% тексерумен қамтылған); дәріхана пунктері - 2 (лицензиясы барлары – 106, нысандардың 2%-ы тескерумен қамтылған); емдеу мекемелері – 48 (лицензиясы барлары – 702, нысандардың 6,8% тексерумен қамтылған).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге моратория жариялау туралы» Қаулысына байланысты ірі кәсіпкерлік нысандарды қоспағанда тексерулер жүргізілген жоқ.

ҚР Денсаулық сақтау министірлігі 2008 жылғы 1 желтоқсандағы «Сатып алынған медицина құрал-жабдықтарының келісім-шарт талаптарына сәйкестігі және оны пайдалану тиімділігі бойынша бірлескен жоспардан тыс тексерулер жүргізу туралы» № 627 бұйрығы негізінде 24 нысанда бірлескен рейдтік тексерулер жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша 6 нысанда 1,8 млн. теңге сомасына медициналық жабдықтың тұрып қалуы анықталды, бұл №5 Қалалық емхана МКҚК «Хирургиялық сорғыш», №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасы МКҚК «Искра» жергілікті дарсонвализациялауға арналған аппарат, «Цистоуретроскоп қарау құралы», №9 Қалалық емхана МКҚК «ЭК1Т-07 Аксион бірканалды электрокардиограф», Психикалық сауықтыру орталығы ММ «Ocean Forte су астында массаж жасауға арналған жабдық», Қалалық ЖҚТЖ (СПИД) алдын алу және күрес орталығы ММ «PORT-II» Рентген қондырғысы», «Физиотерапияға арналған жиынтық», Термостаттаушы монша.

Тексеру жүргізу кезінде дәрі-дәрмек құралдарының айналымы саласындағы қолданылып жүрген заңдылықты келесідей бұзушылықтар жиі анықталады: фармацевтикалық қызметті тиісті лицензиясыз атқарған бір субъект анықталды.

Фармацевтикалық және медициналық қызметтің 13 нысанында тіркелмеген және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек құралдарын сатып алу, тарату және қолдану фактісі орын алған. ҚР ӘҚК 324 бабының 2 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

9 нысанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетімен бекітілмеген нұсқаулықтары бар дәрі-дәрмек құралдары табылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 21 мамырдағы «Рецептер жазып беру және құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекусорлар барларын қоспағанда дәрі-дәрмек құралдарын жіберу Ережелерін бекіту туралы» №289 бұйрығының талаптары 4 нысанда бұзылған. Дәріхана дәрігердің рецептінсіз дәрі-дәрмектерді жіберіп отырған. Дәрігерлер белгіленбеген үлгідегі, яғни жай қағаз парақтарды пайдаланып, оларға мекеменің мөртабанынсыз және дәрігердің мөрінсіз дәрі-дәрмектердің бірнеше атауларын жазып беріп отырған. Дәрі-дәрмектердің атауы орыс тілінде жазылып, пайдалану тәртібі көрсетілмеген.

7 нысанда дәрі-дәрмек құралдарын сақтау шарттарын бұзушылық анықталған. Тексеру материалдарына сәйкес ҚР ӘҚК 324 бабының 1 тармағы бойынша 7 әкімшілік іс қозғалды.

8 ұйымда дәрі-дәрмек құралдарының 33 атауы бойынша жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды сату анықталған.

9 нысанда мемлекеттік лицензиясы жоқ «Алфармахим» ЖШС өндірген дәрі-дәрмек құралдарын сату және медициналық тәжірибеде қолдану анықталған.

Тексерілген кезең ішінде департаменттің 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып: оларға 7 - ескерту, 3 - сөгіс жариялау, 3 - қатаң сөгіс жариялау түрінде тәртіптік жазалар тағайындалды.

Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабы бар.

Тексерілген кезең ішінде жеке тұлғалардан 30 және заңды тұлғалардан 16094 өтініш келіп түскен, директор – 47 азаматтарды, директордың орынбасарлары – 142 азаматтарды қабылдаған.

Сонымен бірге Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін орындау жөніндегі жұмысында кемшіліктер мен қателіктер бар.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті департаменттің бас мамандары М.А.Мырзахметовтың, К.У.Құтпаевтың, Н.К.Сопыбекованың жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактісін анықтап, олар ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар 2008 жылы департамент бастығы А.А.Дүйсекеевтің тарапынан алаяқтық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген.

Алматы қаласы бойынша Қаржы инспекциясы үй-жайды ағымдағы жөндеуге заңсыз 1,1 млн. теңге аударылып, жылдық демалыс ақылары 118,2 мың теңгеге, іссапарлар бойынша есептік сома 29,9 мың теңгеге артық төленгенін анықтады.

Прокуратура органдарының тексерулері қаладағы мемлекеттік медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі төмен екенін, оның ішінде медициналық техниканың тұрып қалуын көрсетті. Медициналық жабдықтарды пайдалану тиімділігіне жүргізілген мониторингті олар тиімсіз пайдаланылатынын, тіпті кейде тұрып қалатынын анықтады. Барлығы 30 млн. теңгеге тұрып қалған жабдықтар анықталды.

Медициналық жабдықтарды мемлекеттік тіркеу олардың фармацевтикалық нарықта болу қажеттігін анықтау, техниканың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын бағалау рәсімі болып табылатыны заңмен белгіленген.

Департамент қымбат медициналық жабдықтардың сатып алынуы мен пайдаланылуына бақылауды толық көлемде жүргізбей отыр. Мысалы, белгіленген талаптарға қарамастан «ҚР ДМ Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК 22,3 млн. теңге сомасына медициналық жабдықтар тұрып қалған және пайдаланылмаған.

Департаментте өтініштерді қарау және дәрі-дәрмек құралдарын жарнамалауға рұқсат беру мерзімін сақтау бөлігінде де қиындықтар бар. Келіп түскен барлық өтініштердің 10% рұқсат беру мерзімі белгіленген 15 күндік мерзімнен асып кеткен.

Департаментте өзінің жұмысын қалыпты орындау үшін қажетті материалдық-техникалық база жеткіліксіз деңгейде, атап айтқанда үй-жайлар саны жетіспейді, қызметкерлер компьютермен жабдықталмаған, интернет желісі жоқ.

Сырттан әкелуге (импорт) рұқсат беру жөніндегі ақпараттық бағдарлама жетілдірілмеген, уақытында жаңартылмайды, соның салдарынан өмірді сақтап қалуға қажетті көптеген дәрілер елімізге келмей жатыр.

2008 жылы 1 конкурс өткізу кезінде бос мемлекеттік әкімшілік қызметтерге орналасуға конкурс өткізу ережесінің 7 тармағының талаптары мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы «Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 4 бұйрығының 19 тармағы бұзылған, яғни 5 конкурсқа қатысушылар мен басқа мемлекеттік органнан ауысу тәртібімен жұмысқа қабылданған 2 адамға қатысты тиісті органға сұратулар жіберілмеген. Конкурстық комиссияның оң шешімін алған және арнайы тексеру қорытындыларын алғанға дейін уақытша міндет атқарушы тұлғаларға қатысты сұратулар кешіктіріліп, яғни конкурстан өткеннен кейін жіберілген.

2008 жылы 1 конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия әрбір жарияланған бос қызмет үшін міндетті түрде және бір қызмет орнына үміткерлердің барлығына бірдей қойылатын сұрақтар тізбесін бекітпеген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу кезінде кадр қызметі 2008 жылы аттестаттаудан өтуі тиіс қызметкерлер И.А.Әбдіқайымов, К.Жұмалина, У.К.Құтпаевтар тізімге кіргізілмеген.

Аттестаттаудан өтуі тиіс қызметкерлердің тізімін бекітетін және аттестация өткізу мерзімі мен аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесін белгілейтін бұйрық шығарылмаған, аттестаттаудан өтуі тиіс қызметкерлерге мерзімі туралы жазбаша хабарланбаған.

10 қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде тәртіптік жаза түсініктеме берусіз, қызметтік тергеу жүргізілместен тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне бюджеттік бағдарламаны (қосымша бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстау үшін көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемақы белгілеу Ережесін бекіту туралы» №1127 қаулысының 9 тармағын бұза отырып, бастық 2008 жылы құрылымдық бөлімше басшысының жазбаша ұсынымынсыз 10 қызметкердің лауазымдық айлықақыларына үстемақы белгілеген.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Тәртіптік Кеңестер туралы» Ереженің 3 және 7 тармақтарын басшылыққа ала отырып
Тәртіптік Кеңес

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің директоры Е.С.Оспановтың Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау жөніндегі есебі назарға алынсын.

2. Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне:

- Алматы қаласы Тәртіптік Кеңес комиссиясының тексеру барысында анықтаған сын ескертулерін жою жөніндегі шараларды әзірлесін;

- қаланың құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітсін, сондай-ақ бірлескен тексерулер бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды күшейтсін;

- дәрі-дәрмек құралдарын жарнамалауға уақытында рұқсат берілуіне бақылауды күшейтсін;

- қызметкерлердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауы және тәртіпті нығайту бойынша қосымша шаралар қабылдасын;

Фармацевтикалық бақылау комитетіне мынадай ұсыныстар енгізсін:

- Тексерулерді жоспарлау, дәрі-дәрмек құралдарының қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына, дәрі-дәрмек құралдарына сараптама жүргізуге, дәрі-дәрмек құралдарын пайдалану тиімділігіне, кәсіби біліктілік пен лицензиялау ережелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру (ҚР ДМ Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитеті Төрағасының 2002 жылғы 21 маусымдағы бұйрығын актілердің тиісті үлгілерімен толықтыру);

- «Лицензия алушылар тізбесі» ақпараттық ресурсын жетілдіру, ақпараттық ресурс жүргізу тәртібін жетілдіруге және Республика мен әкімшілік аумақтарға бөліп нақты уақыт кезеңінде талдау жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламаның қосымша бөліктерін, сондай-ақ сырттан әкелуге (импорт) рұқсат беру бойынша ақпараттық бағдарламаны дайындау;

- Департаментті компьютерлік техникамен, үй-жаймен, мамандар штатымен жабдықтауды жақсарту шараларын қабылдау.

3. Осы Қаулының орындалуы туралы ақпаратты Алматы қаласының Тәртіптік Кеңесіне 2009 жылдың 30 шілдесіне ұсынсын.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының Тәртіптік Кеңес Хатшысына жүктелсін.
Төраға М. Қасымов

63-п 26.06.2009ж.


Похожие:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
«Холдинг Алматы Су» мкк бас директорының Қр мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қалалық Тәртіптік Кеңесінің 2008...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Митеті Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын және Қазақстан Республикасының мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін орындау бойынша...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі
Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін сақтауы және сыбайлас...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасының
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconБасты міндет – мемлекеттік қызмет саласындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу
Көкпекті ауданына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ШҚО бойынша тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы Алматы қаласы тәртіптік кеңесінің төрағасы М. Е
Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында» Қр президентінің «ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес icon25 қаңтарда облыстық "Индустриальная Караганда" басылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Е
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасымен жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметкерлерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница