Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті




НазваниеҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті
страница1/4
Дата конвертации05.11.2012
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитеті
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат

министрлігі Ақпарат және

мұрағат комитетінің

төрағасы орынбасары

__________ Ә. Айтқалиев

«__» __________ 2009 жыл

Әдістемелік кеңес отырысының

1 хаттамасы

Астана қ. «___»__________2009 жыл
Төрағаның орынбасары – Е. Қ. Жүсіпов

Хатшы – Г. Е. Қарсақбаева
Әдістемелік кеңестің мүшелері мен сарапшылары қатысты: Н.П. Богомолова, Ғ.Т. Исахан, Б.Б. Қонысбаева

КҮН ТӘРТІБІ
1. Мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

Орындаушы – Ақпарат және мұрағат комитетінің Мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас сарапшысы Г.Ж. Мұқажанова.

Сарапшы – Г.Ж. Мұқажанова мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының бас сарапшысы.
1.ТЫНДАЛДЫ:

Г.Ж. Мұқажанова Рецензияның мәтіні бар.

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Е.Қ. Жүсіпов, Н.П. Богомолова, Ғ.Т. Исахан, Б.Б. Қонысбаева


ШЕШТІ:

1. Мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды келісу.

Әдістемелік кеңес

төрағасының орынбасары Е.Жүсіпов

Әдістемелік кеңестің хатшысы Г.Қарсақбаева

Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің мемлекеттік

қызмет және кадр саясаты бөлімі,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет

істері жөніндегі агенттігі,

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті,

Қазақстан Республикасының Президент мұрағаты

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін

ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік

ҰСЫНЫМДАР


Қазақстан Республикасы Мәдениет

және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінің

Әдістемелік кеңесінің

2009 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 1 хаттамасымен

ұсынылған

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін

ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік

ҰСЫНЫМДАР
Құрастырғандар: Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті, Қазақстан Республикасының Президент мұрағаты.
Әдістемелік ұсынымдар нормативтік талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшінің жеке ісін реттілікке келтіру үшін арналған.

Әдістемелік ұсынымдарда мемлекеттік органдарда жеке істі жүргізу, мемлекеттік органға мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдау (тағайындау, ауыстыру) туралы өкімдік құжаттарды шығарудан бастап, жеке істерді ведомстволық мұрағатқа бергенге дейінгі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар.

Әдістемелік ұсынымдардың қосымшаларында жеке іс парағының, өмірбаянның, жеке іс парағына қосымшаның, ішкі тізімдеменің формалары келтірілген.

Әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік органдардың кадр қызметінің қызметкері қолдану үшін арналған.

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы ережелер
2. Жеке іске енгізілетін құжаттар және оларды ресімдеу
3. Жеке істерді тіркеу және сақтау
4. Жеке істерді уақытша пайдалануға беру тәртібі
5. Мемлекеттік органды қайта құрған және жойған кезде жеке істерді тапсыру
6. Жеке істерді сақтау мерзімдері
7. Жеке істерді ведомстволық сақтауға тапсыру үшін ресімдеу
8. Қосымша
9. Қолданған нормативтік құқықтық актілердің тізімі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін

ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік
ҰСЫНЫМДАР



  1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) мемлекеттік органдарда жеке істерді жүргізу жөніндегі жұмысты реттеу үшін әдістемелік негіз жасау мақсатында әзірленген.

2. Әдістемелік ұсынымдар құжаттамалық қамтамасыз етуді басқару мен мұрағат ісі саласындағы нормативтік құқықтық базаға негізделеді.

3. Әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің (бұдан әрі – кадр қызметтері) қызметкерлері немесе кадр мәселелерін атқару жүктелген қызметкерлер қолдану үшін арналған.

4. Әдістемелік ұсынымдарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) құжат – құжаттамаланған ақпарат: өзін бірегейлендіруге мүмкіндік беретін материалдық тасығышқа жазылған ақпарат;

2) құжаттың куәландырылған көшірмесі – құжат көшірмесінің дұрыстығын куәландыратын деректемелер мен өзге де растаушы жазулары бар құжаттың көшірмесі;

3) жеке іс – мемлекеттік қызметші туралы, оның еңбек жолы, іскерлік және жеке басының қасиеттері туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің сауалнамалық-өмірбаяндық деректерін қамтитын құжаттар жиынтығы.

Жеке істі ресімдеу осы Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.


  1. Жеке іске енгізілетін құжаттар және оларды ресімдеу


5. Әрбір мемлекеттік қызметшіге жеке іс қалыптастырылады. Мемлекеттік қызметшінің жеке ісі мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органға жұмысқа қабылдау туралы (тағайындау, ауыстыру) өкімдік құжат шыққаннан кейін қалыптастырылады.

6. Саяси мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентінің немесе Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерімен қызметке тағайындалғанда немесе қызметтен босатылғанда мемлекеттік орган саяси мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы тиісті өкімдік құжатын шығарады.

7. Мемлекеттік органда жеке іс бір данада жүргізіледі.

8. Жеке істегі құжаттар мынадай реттілікпен орналастырылады:

  1. кадр есебі жөніндегі жеке іс парағына қосымша;

  2. кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

  3. өмірбаян;

  4. жеке куәліктің көшірмесі;

  5. білімі туралы құжаттардың, сертификаттардың көшірмелері;

  6. мемлекеттік және басқа да наградалармен наградтау, құрметті және арнайы атақтар беру туралы шешімдердің көшірмелері;

  7. жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайындау, ауыстыру, лауазымнан босату, жұмыстан босату туралы өкімдік құжаттардың көшірмелері немесе осы өкімдік құжаттардан жасалған үзінділер;

  8. жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату туралы өтініш;

  9. конкурстық комиссияның қорытынды отырысының (бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жұмысқа қабылдаған кезде) хаттамасынан үзінді;

  10. мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан үміткерді келісу туралы (жұмысқа ауыстыру ретімен қабылдаған кезде) хатының көшірмесі;

  11. мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің үміткердің мемлекеттік қызметтің кадр резервінде болуы туралы (жұмысқа кадр резервінен қабылдаған кезде) құжаттың датасы мен нөмірі көрсетілген анықтамасы;

  12. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органының арнайы тексерудің нәтижелері туралы хатының көшірмесі немесе мемлекеттік органның кадр қызметі куәландырылған арнайы тексеруден өткендігі туралы анықтама;

  13. мемлекеттік қызметші антының қол қойылған мәтіні (немесе мемлекеттік қызметті басқа мемлекеттік органда жалғастырған жағдайда оның көшірмесі);

  14. аттестаттау парағының көшірмесі;

  15. мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдау туралы міндеттеме (немесе мемлекеттік қызметті басқа мемлекеттік органда жалғастырған жағдайда оның көшірмесі);

  16. мүлікті сенімгерлікпен басқаруға арналған шарттың (болған жағдайда) нотариус куәландырған көшірмесі;

  17. мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгі бойынша қызметтік тізім;

  18. жеке істегі құжаттардың ішкі тізімдемесі;

9. Мемлекеттік қызметті басқа мемлекеттік органда жалғастырған жағдайда мемлекеттік қызметшінің талап етуі бойынша кадр қызметі оған осы Әдістемелік ұсынымдардың 8-тармағының 12) – 15) тармақшаларында аталған құжаттардың көшірмелерін береді.

10. Осы Әдістемелік ұсынымдардың 8-тармағында аталған құжаттар хронологиялық тәртіппен түзіледі (олардың шығу мерзімдері бойынша) әрбір құжатқа кадр қызметі «Жеке істегі құжат» деген жазуы бар мөртаңбамен белгі соғады.

11. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағына қосымша (бұдан әрі – Жеке іс парағына қосымша) осы Әдістемелік ұсынымдарға № 1 қосымшаға сәйкес ресімделеді. Жеке іс парағына қосымша жеке істе кадр есебі жөніндегі жеке іс парағының алдына орналастырылады.

Жеке іс парағына қосымшада мемлекеттік қызметші туралы және ол жұмысқа қабылданған кезде кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын толтырғаннан кейін болған есептік өзгерістер туралы деректер көрсетіледі.

Жеке іс парағына қосымшада мемлекеттік қызметшінің кәсіби, іскерлік және жеке басының қасиеттерін сипаттайтын сауалнамалық-өмірбаяндық өзгерістер туралы, оның ішінде:

1) мемлекеттік қызметші лауазымының атауы өзгерген, басқа лауазымға тағайындалғаны, ауыстырылғаны, қызметтен босатылғаны;

2) мемлекеттік қызметішінің марапатталғаны;

3) мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылғаны және оның алынғаны;

4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес табыстары мен мүлкі туралы ақпарат бергені;

5) егер мемлекеттік лауазымы бойынша міндеттерін атқару құпия мәліметтерді қолдануға байланысты болса, мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға қолжеткізуге рұқсат берілгені туралы жазбалар енгізіледі.

12. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (бұдан әрі – Жеке іс парағы) осы Әдістемелік ұсынымдарға № 2 қосымшаға сәйкес ресімделеді.

Мемлекеттік қызметші жеке іс парағын өз қолымен толтырады. Жеке іс парағында көрсетілген барлық сұрақтарға қысқартусыз, бос орын қалдырмай, түзетусіз мемлекеттік қызметшіге қатысы бар құжаттардағы жазуларға қатаң сәйкестігі негізінде толық жауап қайтарылуы тиіс.

Жеке іс парағын толтырған кезде мынадай құжаттар (болған жағдайда) қолданылады:

  • жеке куәлік;

  • еңбек кітапшасы;

  • қызметтік тізім;

  • әскери билет;

  • білімі туралы құжат;

  • ғылыми дәреже және ғылыми атақ беру туралы құжаттар;

  • жаңалық ашу туралы құжаттар;

  • басқалар.

Кадр қызметі Жеке іс парағының толыққанды толтырылуын тексеріп, онда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын мемлекеттік қызметші ұсынған құжаттарға сәйкес тексереді. Әрбір бес жыл сайын жаңа жеке іс парағы толтырылып, жеке іске тігіліп отырады.

13. Өмірбаян осы Әдістемелік ұсынымдарға № 3 қосымшаға сәйкес ресімделеді.

Өмірбаян мемлекеттік қызметшінің сауалнамалық деректері мен оның оқуы, еңбек және қоғамдық қызметі туралы қысқаша мәліметті қамтиды.

Өмірбаян еркін түрде жазылады, соңында қолы мен күні қойылады. Әрбір бес жыл өткен сайын жаңа өмірбаян толтырылып, жеке іске тігіліп отырады.

14. Білімі, кәсіби білімі, біліктілігін арттырғаны, ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелері жеке істе бірінен соң бірі хронологиялық тәртіппен орналастырылады.

Жұмысқа қабылданған кезде мемлекеттік қызметші кадр қызметіне жеке куәлігін, білімі туралы құжаттардың, мемлекеттік және өзге де наградалармен наградтау, құрметті және арнайы атақтар беру туралы шешімдердің түпнұсқаларын ұсынады, кадр қызметі ол құжаттардың көшірмелерін түсіріп, куәландырылғандығы туралы белгі соғады.

Сондай-ақ, осы мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет өткерген жылдары алған қосымша білімі туралы құжаттар да кадр қызметіне ұсынылады.

15. Жеке істе мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазаға қолданылғаны және алынғаны туралы шешімдердің көшірмелері сақталады.

16. Жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайындау, ауыстыру, лауазымнан босату туралы өкімдік құжаттардың көшірмелері және осы өкімдік құжаттардан жасалған үзінділер жеке істе хронологиялық ретпен бірінен соң бірі орналастырылады.

Өкімдік құжаттардың көшірмелерін және олардан жасалған үзінділерді кадр қызметі растайды.

17. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер қабылдау туралы міндеттеменің мәтініне датасын көрсете отырып, мемлекеттік қызметші өзінің қолын қояды.

18. Қызметтік тізім мемлекеттік қызметшінің жұмысына байланысты деректерді қамтиды. Қызметтік тізім мемлекеттік қызмет өткерген мерзім бойы жүргізіледі. Мемлекеттік қызметші туралы деректер өзгерген жағдайда, оның ішінде мемлекеттік қызметшіні басқа лауазымға тағайындаған кезде жаңа қызметтік тізім жасалады.

Қызметтік тізімді жеке істегі, кадр қызметіндегі құжаттардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметші ұсынған құжаттардың негізінде кадр қызметі толтырады.

19. Жеке істегі құжаттарды есепке алу үшін жеке істегі құжаттардың ішкі тізімдемесі (бұдан әрі – Ішкі тізімдеме) жасалады.

Ішкі тізімдеме жеке парақта жасалады және осы Әдістемелік ұсынымдардағы № 4 қосымшаға сәйкес ресімделеді.

Ішкі тізімдеме жеке істі қалыптастырған сәттен бастап жүргізіледі. Онда жеке істі қалыптастырудың бастапқы датасы көрсетіледі (жұмысқа қабылдау туралы өтініштің датасы) және жеке істі қалыптастыруды аяқтау датасы (мемлекеттік қызметшінің жұмыстан босатылған датасы).

Ішкі тізімдемеге, оған енгізілген құжаттардың саны сандық және жазбаша түрде және ішкі тізімдегі парақтар саны көрсетілген қортынды жазба толтырылады.

Ішкі тізімдемеге, оны құрастырған тұлғаның қол таңбасының толық мәні, лауазымы және тізімдемені құрастырған уақытын көрсете отырып қол қойылады.

Жеке істегі құжаттардың құрамы өзгерген жағдайды (алынғанда, құжат қосқанда, оларды көшірмемен ауыстырған жағдайда) бұл өзгерістер № 5,6 бағанада көрсетіледі және қажет жағдайда ішкі тізімдемеге жаңадан қортынды жазба толтырылады.

Жеке істерді ведомстволық сақтауға беру кезінде ішкі тізімдеме істің бірінші бетіне орналастырылады.

20. Жеке іске мемлекеттік қызметшіге, оның мемлекеттік қызметте болуына қатысы жоқ құжаттар мен көшірмелер енгізілмейді.

21. Сауалнамалық-өмірбаяндық деректер өзгерген жағдайда мемлекеттік қызметші бір ай ішінде кадр қызметіне хабарлап, сауалнамалық-өмірбаяндық деректердің өзгергенін куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың нотариус растаған көшірмелерін ұсынады.

22. Мемлекеттік қызметшінің сауалнамалық-өмірбаяндық деректеріндегі өзгерістер және олардың қызметі туралы мәліметтер жеке іске тек кадр қызметіне ұсынылатын тиісті құжаттар болған жағдайда ғана енгізіледі.

Ұсынылған құжаттардың негізінде кадр қызметі жеке іске өзгерістер енгізеді. Мемлекеттік қызметшінің ауызша берген деректері негізінде өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

23. Жеке істегі мәліметтер құпия болып табылады және оларға қол жеткізу шектелген. Осы мәліметтерді жария еткені үшін кадр қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ жеке істерге қол жетімді тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады.
3. Жеке істерді тіркеу және сақтау
24. Жеке істер тіркелуі тиіс. Жеке істің тіркеу нөмірі мұқабасында көрсетіледі және осы Әдістемелік ұсынымдарға (карточкалық, журналдық немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі деректер базасы) № 5 қосымшаларға сәйкес тіркеу-есепке алу үлгісіне енгізіледі.

Мемлекеттік қызметшілерді жедел есепке алу және кадрлардың ауысуын талдау үшін осы Әдістемелік ұсынымдарға № 6 қосымшаға сәйкес әліпбилік карточкалар жүргізілуі мүмкін.

25. Жеке істер қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың сақталуын қамтамасыз етуді кадр қызметі немесе жеке істерді жүргізу жүктелген тұлғалар жауапты.

Жеке істер арнайы сөрелерде немесе сейфтерде, жұмыс аяқталғаннан кейін мөрленетін, оқшауланған бөлмелерде (кабинеттерде) сақталады. Жеке істер сөрелерде тігімен орналастырылады және қолдануы ыңғайлы тәртіппен тізіледі.

26. Кадр қызметі есепті бір жыл ішінде ұйымның ведомстволық мұрағатына тапсырғанға дейін жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін сақтауды қамтамасыз етеді.

27. Мемлекеттік органдағы жеке істердің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жылдың есепті жылдан кейінгі 1 тоқсанынан кешіктірмей олардың бар болуы мен жай-күйіне тексеру жүргізіледі. Тексеру барысында айқындалған кемшіліктер еркін түрде жасалатын мемлекеттік орган басшылығына ұсынылатын актіде көрсетіледі.
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті iconҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті iconҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті
Астана қаласы, Есілдің Сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылға арналған құқықтық жаппай оқыту жөніндегі іс-шаралар жоспары
Айғарина Әлия Бақытқызы – Ақпарат және мұрағат комитеті Баспа бақ басқармасының бастығы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті iconҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана 2008 Мазмұны
Азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті iconҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің
«Мектепке жол» республикалық акциясы Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті iconҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 маусымдағы №615 Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің, мәдениет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және мұрағат ұйымдарының бір топ қызметкерлері «10 жыл Астана»
Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 маусымдағы №615 Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің, мәдениет пен өнер, бұқаралық...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті iconҚазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұРАҒат комитетінің ЖӘНЕ
Астана қаласы, Есілдің Сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8 Министрліктер үйі, 15 кіреберіс
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті iconҚазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты
Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорында сақталатын құжаттар бойынша)....
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті icon«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер
Электрондық мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі-Комитет)...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті iconМұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Ұлттық мұрағаты
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница