1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат




Скачать 189.76 Kb.
Название1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат
Дата конвертации26.11.2012
Размер189.76 Kb.
ТипДокументы
Кіріспе

Информатика пәні үшін, жалпы алғанда тіл ұғымы және дербес түрде бағдарламалау тілі ең бір негізгі, белді ұғым болып табылатындығы белгілі. Сондықтан информатиканың бағдарламалау тілдері бөлімінің негізгі идеяларының бірі – барлық фактілерді (ақпараттық моделдер олар туралы ұстанымдарды, ақпараттардың берілуі, оларды өңдеу туралы жазбалар және т.б.) қайсыбір дәл, мейлінше қатаң, нақты анықталған тіл арқылы өрнектеу болып табылады. Бұл идеяның шынайылығы, мұндай фактілерді конструктивті түсіну тәуелсіз атқарушы - компьютерге немесе жүйеге арналған болуынан туындайды.

Информатикада қолданылатын бағдарламалау тілдері жиынтығы әртүрлі болып келеді. Бұл тілдер атқаратын қызметі бойынша ерекшеленеді: сараптамалық жүйелер мен жасанды интелект жүйелеріндегі білімді ұсыну үшін, мәліметтер қорының құрылымын және мәліметтер қорындағы сұраныстар өрнегі үшін, командалық тілдердегі операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін жариялау үшін, бағдарламаларды бағдарламалау тілінде беру үшін, жобалауды автоматтандыру жүйелерінде және физикалық объектілерді сипаттау үшін және т.б.

Әрбір тақырыпта теориялық біліммен қатар осы ақпаратты тиянақты меңгеру мақсатында дайын бағдарламалар, жобалар келтірілген. Бағдарлама құрудың тәсілдері түсінікті болуы үшін оның сөз жүзіндегі алгоритмін ұсындық.

1-лекция.

1. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат.

Ерте заманнан бастап-ақ адамдарға есептеу жұмыстарын жүргізу қажет болған. Ең алғашқы есептеулерді ата-бабаларымыз қолдың саусақтары немесе сүйектерді, тастарды қолдану арқылы жүргізген. Есептеуіш құрылғыларды бұдан бірнеше ғасыр бұрын жасаумен айналыса бастаған, әсіресе XVII ғасырдан бастап ұлы ғалымдар көп айналысты. Уақыт өткен сайын ондай есептеуіш құралдарының түрлері де өзгеріп жетілдіріле түсті. Бұл сананың дамуы астрологиялық есептеулерге де ықпалын көп тигізді.

Тұңғыш есептеуіш машинасын 1642 жылы француз оқымыстысы Блез Паскаль (1623-1662) жасады. Бұл есептеу құрылғысы көп мәнді сандарды азайтып қосуға арналды. Сондықтан оны арифмометр деп атады.

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуының нәтижесінде XX ғасырдың 40 жылдары алғаш рет электронды – цифрлы есептеуіш машинасы жасалынды.

Қазіргі уақытта қолданылып жүрген ЭЕМ немесе компьютер арқылы күрделі есептеулер жасауға мүмкіндік туды. ЭЕМ-де есептеулерді жүргізуді жеңілдету үшін кез келген басқа құрал-сайман сияқты оның тілін білу қажет. Адам мен ЭЕМ арасындағы байланыста алдын-ала келісіммен алынған шарттар жүйесін беретін нақты бір тіл атқарады. Соңғы кездерде компьютердің түрлері көбейуімен қатар көптеген программалау тілдері пайда болды.

Дүние жүзіне кең таралған тілдерге Фортран, Бейсик, Паскаль, СИ, ПЛ/1, Ассамблер, Алгол және т.б. Осы тілдердің біреуін жақсы білген адам басқа тілдердіде тез меңгеріп ала алады.

Паскаль программалау тілі Блез Паскальдың құрметіне арналып 1971 жылы Швейцариядағы жоғары политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт жасап шығарды.

Тілдің ерекшеліктері:

  • қарапайым, тез арада жете меңгеруге ыңғайлы;

  • деректердің құрылымына қарай сандық, белгілік және екілік ақпаратпен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді;

  • жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді программа құру мүмкіндігі септігін тигізеді.

Белгілі бір есепті шешуде, есептеу жүргізуде қанат іс-қимылдарды нақты түрде ретімен сипаттайтын іс-әрекеттер жоспарын программа (бағдарлама) дейміз.

Іс-әрекеттердің ретімен анықталған ереже бойынша орындалуын алгоритм дейміз.

Сонымен программа тиісті алгоритмдік тілде жазылады. Паскаль тілінде жазылған программа ағылшын сөзінен құралған қызмет сөздер тізбегінен тұрады. Әрбір аяқталғын іс-қимылдан соң нүктелі үтір (;) қойылады.

Программада көрсеткішті және бөлшек түріндегі “этажды” жазулар мүлдем қолданылмайды. Оладың орнына келісілген белгілер қолданылады.

Жалпы түрде Паскаль тілінде программа былай жазылады:

Program < программа аты>;

Var <айнымалы аты>, . . . <айнымалы аты> : <түрі>;

Begin

Программаның орындалу бөлігі;

end.

Үшбұрыштың ауданын есептеу программасын құрып көрелік:

Program audan (input, output);

Var a, b, c, p, S: Real;

Begin

Read (a , b, c);

p:= 0.5 * (a + b + c);

S:= sqrt (p*(p-a)*(p-b)*(p-c));

Write (S)

end.

ЭЕМ-ді пайдалану істерін қарастырмас бұрын оның жұмысымен тығыз байланысты алгоритм, программа ұғымдарын білуіміз қажет. Әрбiр ЭЕМ алдын ала берiлген алгоритммен, яғни жоспармен жұмыс iстейдi. Алгоритмдi заңдылық, реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тiзiмi деп ұғынған жөн. Бұл ұғым қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүр.

Алгоритм – берiлген есептiң шығару жолын реттелген амалдар тiзбегi түріне келтiру. Кез келген есептi қарапайым амалдарды тiзбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмдi ЭЕМ–де орындау үшiн оны программа түрiнде жазып шығу керек.

Программа – алгоритмдi машинаға түсiнiктi нұсқаулар тiзiмi ретiнде жазу. Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбегі орындалу барысында есептің нәтижесі шығады. Әрбір ЭЕМ алдын ала жазылған программамен істейді. Программа арнайы мәтiн арқылы ЭЕМ–ге тапсырманың реттi кезегiн хабарлайды. Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін программа деп қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы, келесі командаларға көшу тәртібін орындау т.с.с.

Есептi ЭЕМ-де шығарудың негiзгi кезеңдерi

Есептi ЭЕМ-дi пайдаланып шығару алты кезеңнен тұрады:

  1. Есептiң математикалық жобасын белгiлеу;

  2. Есептiң шешу әдiсiн таңдап алу;

  3. ЭЕМ-ң ерекшелiгiн ескерiп, есептi шешу үшiн алгоритм таңдау, құрастыру;

  4. Программалау;

  5. Программа жұмысын ЭЕМ-де тексеру,қалыптастыру;

  6. Есептi ЭЕМ-де автоматты түрде орындау.

2. Turbo Pasсal бағдарламалау жүйесі
Бағдарламалау ортасын сипаттау. Паскаль тілінде жұмыс істеу үшін екі түрлі бағдарламалау ортасы қолданылады: MS-DOS және Windows жүйелері үшін Borland Pascal және Turbo Pascal 7.0. Олар бағдарлама мәтіндерін даярлауға және оларды орындауға арналған. Бағдарлама құру қағидалары (Windows-та графикамен жұмыс істеуден басқалары) ұқсас болып келеді. Turbo Pascal 7.0 ортасының негізгі файлдары мыналар: turbo.exe – негізгі орындалатын файл; turbo.tpl – кітапхана; turbo.tph – көмек; graph.tpu – графикамен жұмыс істейтін модуль.

Бағдарламалау ортасына ену үшін turbo.exe жарлығын орындау керек. Экранның жоғарғы жолында негізгі мәзір жолы, ал төменгі жолында кейбір функциональды пернелердің сипаттамалары орналасады. Негізгі мәзірге шығу үшін F10 пернесін басу қажет. Қолданушы негізгі мәзірдің мынадай пункттерімен жұмыс істей алады:

File - файлдармен жұмыс істеу;

Edit - файлды редакциялау;

Searh - мәтіннің ұсынылған үзіндісін іздеу немесе алмастыру;

Run - бағдарламаны орындау;

Compile - бағдарламаны тексеру және ехе-файл құру;

Debug - бағдарламаны түзету;

Options - ортаны конфигурациялау;

Window - терезелерді конфигурациялау және олармен жұмыс істеу;

Help - көмек шақыру.

Turbo Pascal бағдарламалау ортасында жұмыс істеудің негізгі кезеңдерін қарастырайық:


1. Бағдарлама мәтінін жазатын жаңа файлды құрыңдар. Ол үшін мына жарлықтарды орындаңдар: F10 – File - New. Ашылған терезеде NONAMEOO.PAS атымен жаңа файл құрылады және оған бағдарлама мәтіні жазылады.

2. Бағдарлама мәтінін теру барысында жіберілген қателіктерді түзету үшін мәтінді түзетудің дәстүрлі тәсілдері қолданылады.Сонымен бірге мәтін үзінділерімен жұмыс істеу үшін мына пернелер қосағы қолданылады:

Shift + стрелкалар - мәтін үзіндісін ерекшелеу және ерекшелеуді алу;

Ctrl + Insert - үзіндіні алмастыру қалтасына көшіру;

Shift + Del - үзіндіні мәтіннен қалтаға жылжыту;

Shift + Insert - қалтадан мәтінді меңзер тұрған жерге орналастыру;

Ctrl + Del - ерекшеленген үзіндіні негізгі мәтіннен жою;

Ctrl + Y - меңзер орналасқан жолды жою;

Ctrl +Q,Y - меңзерден бастап жол соңына дейінгі мәтінді жою;

Ctrl + N - жаңа жол орналастыру;

Ctrl + PgUp - мәтіннің басына бару;

Ctrl + PgDn - мәтіннің соңына бару.

3. Айқын көзге көрінетін қателіктер жоқ болса, бағдарламаны тексеруге және орындауға жіберіңдер. F10 - Run - Run немесе Ctrl+F9 пернелер қосағын қолданыңдар.

4. Егер синтаксистік қате жіберілсе, жүйе бұл туралы хабар береді. Меңзер қатесі бар жолда болады немесе қатенің орнын тікелей көрсетеді. Жоғарғы жолда қателіктің түрі қызыл түспен көрініп тұрады. Бағдарламалау ортасы редакциялау режимінде болғандықтан қателікті түзету жеңіл орындалады.

Қателікті түзетіп болған соң, қайтадан бағдарлама тексеріледі және орындалады, яғни CTRL+F9 басу керек. Табылған келесі қателік те осылайша түзетіледі және т.с.с.

5. Егер синтаксистік қателер жоқ болса, бағдарлама орындалады. Жауабын нәтижелер терезесінде көруге болады. Ол үшін Alt+F5 немесе Debug пунктінің әдістері қолданылады. Нәтижелерді көріп болған соң, кез-келген пернені басу арқылы бағдарламаны редакциялау режиміне оралуға болады.

6. Бағдарламаға exe-файл құру үшін: F10CompileDestination - Disk орындалады. Alt+F9 басамыз, дискінің ағымдағы каталогына exe-файл құрылады, оны бағдарламалау ортасынан тыс орындауға болады.

7. Бағдарлама мәтінін тіркемесі .pas файлда сақтау үшін F10 File - Save As

арқылы файлды жаңа атпен, ал F10 File - Save (F2 пернесін басуға болады) арқылы файлды бұрынғы атымен сақтауға болады.

8. Бағдарламалау ортасынан шығу үшін F10 File - Exit орындаймыз немесе Alt+X пернелеріне басамыз.

9. Дискідегі бағдарламамен жұмыс істеу үшін оны F10 File - Open орындаймыз немесе F3 пернесіне басамыз. Сонан соң Tab пернесінің көмегімен пайда болған терезедегі файлдар тізімінен қажетті файлды таңдап, енгізу пернесіне басамыз. Бағдарлама мәтіні редакциялау терезесіне енгізіледі.

10. Бағдарлама мәтіні орналасқан терезелер бірнешеу болуы мүмкін. Ол терезелердің бірінен екіншісіне F6 пернесі арқылы өтуге болады. Терезені толық экран түрінде ашу немесе оны жинау үшін F5 пернесі қолданылады. Белсенді терезені жабу үшін Alt+F3 пернесіне немесе терезені жабу тетігіне басамыз.

11. Егер қосымша ақпарат қажет болса F1 пернесіне басу арқылы Турбо Паскаль тілі туралы анықтамалық ақпарат алуға болады.

Ескерту. Borland Pascal for Windows бағдарламалау ортасының осы сипатталған ережелерден маңызды ерекшелігі болмайды. Тек қателер туралы хабар экранның төменгі жағында орналасады. Бағдарламаның басында Uses Crt орнына Uses WinCrt жарлығы жазылады.
Жиі кездесетін қателіктердің коды. Turbo Pascal 7.0 ортасы қателіктерді екі топқа бөліп қарастырады, яғни: компиляция (қатесін тексеру) кезіндегі қателіктер мен бағдарламаны орындау кезіндегі қателіктер.

2.1.Компиялция кезіндегі жіберілетін қателіктердің коды:

3

Unknown identifier

Белгісіз идентификатор немесе бұл идентификатор сипатталмаған

4

Duplicate identifier

Идентификатор қайталанып отыр

5

Syntax error

Синтаксистік қате

14

Invalid file name

Файлдың аты дұрыс емес немесе дұрыс емес бағыт көрсетілген

26

Type mismath

Тип сәйкессіздігі

42

Error in expession

Өрнектің жазылуы қате

62

Division by zero

Нөлге бөлуге болмайды

64

Cannot Read or Write variables of this type

Ұсынылған типтегі айнымалыны жазуға немесе есептеуге мүмкіндік жоқ

85

«;» expected

«;» таңбасын қою қажет

91

«:=» expected

«:=» таңбасын қою қажет

94

«.» expected

«.» таңбасын қою қажет

95

«..» expected

«..» таңбасын қою қажет

2.2 Бағдарламаны орындау кезінде жіберілетін қателіктер.

Бұл қателіктер: DOS деңгейіндегі қателіктер (коды – 99 дейін); енгізу-шығару қателіктері (коды 100-149 дейін); ерекше қателіктер (коды 150-199 дейін); фатальды қателіктер (коды 200-255 дейін) болып бөлінеді.

2

Path not found

Жол (сапар) табылмады

102

File not open

Файл ашылмаған

104

File not open for input

Енгізу үшін файл ашылмаған

105

File not open for output

Шығару үшін файл ашылмаған

153

Unknown command

Белгісіз жарлық

200

Division by zero

Нөлге бөлуге балмайды

215

Arthmetic overfiow error

Математикалық амалды орындаудағы қате


3. Паскаль бағдарламасының құрылымы
Бағдарлама құрылымы. Бағдарлама келесі бөлімдерден тұрады: бағдарлама тақырыбынан:

program < бағдарлама аты>;

сипаттамалық бөлімінен:

uses – кітапхана мен модулдерді қосу;

label – белгілерді хабарлау;

const – тұрақтыларды хабарлау;

type – типтерді сипаттау;

var – айнымалыларды хабарлау;

procedure – қолданушы процедурасын хабарлау;

function – қолданушы функциясын хабарлау

және есептеулер орындалатын бөлімнен тұрады.

begin

<жарлықтар бөлімі>

end.

Бағдарлама тақырыбының, сипаттамалық бөлімнің және т.б., яғни соңғы есептеулер бөлімінен басқаларының болуы міндетті емес. Бағдарлама құрылымдары (жарлықтары) арасын ажырату үшін «;» таңбасы қойылады. Ал бағдарламаның соңында әрқашан да нүкте қойылады.

Бағдарламаға атауды бағдарламашы береді. Қолданушы бағдарламасындағы, айнымалыларды атайтын атаулар мен қызметші сөздердегі үлкен және кіші әріптер бірдей нәтижеге ие болады. Мысалы, А және а атаулары (немесе ASAN және asan) бір объектіні білдіреді.

Бағдарламада түсініктеме беруге болады. Түсініктеме – фигуралы жақшаның {} *_* жұлдызшалардың арасына жазылады. Түсініктеме бағдарлама жұмысын түсіндіру үшін қолданылады және жарлықтардың (операторлардың) орындалуына әсер етпейді. Ол бағдарламаның кез-келген жеріне орналастырылады.

Бағдарламаға енетін шамалардың мәні бағдарлама орындалғанда өзгермейтін болса, онда олар тұрақтылар бөлімінде сипатталуы тиіс:

const = <1-тұрақты> = <1-мән>

….

= ;

Ал егер олардың мәні есептелінетін болса, айнымалылар бөлімінде сипатталады:

var <1-айнымалылар тізімі> : <1-айнымалылар типі>;

…..

: ;

Тізімдегі элементтер үтір арқылы ажыратылып жазылады.
4. Бағдарламалау жүйесінің негізгі компоненттері. Парадигмалары. Классификациясы.

Паскаль тілін ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Швейцарияның Н.Вирт деген профессоры құрды және оның бұлай аталуы әлемдегі ең алғашқы механикалық есептеу машинасын жасаған француз математигі және философы Блез Паскальдың (1623-1662 жж.) құрметіне берілген. Бұл тіл басқа бағдарламалау тілдерімен салыстырғанда мейлінше жетілдірілген болып табылады. Оны әртүрлі есептерді шешу үшін қолданады.

Бағдарлама – жарлықтар (операторлар, сөйлемдер) деп аталатын синтаксистік құрылымдардан, ал жарлықтар тілдің элементтерінен (сөздер, сандар, таңбалар, амалдар және т.б.) құрылады. Сөздер – қызметші, стандартты атауларға және әртүрлі объектілерге қолданушы беретін атауларға бөлінеді. Тілдің негізгі қызметші сөздерін қарастырайық. Оларды үлкен және кіші әріптермен жазуға болады.

and – және mod – қалдық

array – массив nil – ноль

begin - басы not – емес

case - таңдау of – бастау

const – тұрақты or – немесе

div - қалдықсыз бөлу packed – жинақталаған

do - орындау procedure – процедура

downto – дейін төмен қарай program – бағдарлама

else - әйтпесе record – жазу

end - соңы repeat – қайталау

file - файл set – жиын

for - үшін then – онда

funсtion - функция to – дейін

goto - көшу (өту) type – түр

if - егер until – әзір

in - ену var – айнымалы

label - белгі while – әзір және т.б.

Қызметші сөздер мен қолданушы атауларының арасындағы аралық сөздердің үлкен жиынтығы – стандартты атаулар деп аталады.

Олар бірнеше топқа бөлінеді:

  1. Мәліметтердің стандартты типтерінің атаулары:

  • boolean (логикалық);

  • char (символдық);

  • integer (бүтін);

  • real (нақты);

  • text (мәтіндік файл) және т.б.

  1. стандартты тұрақтылардың атаулары:

false (жалған), true (ақиқат), maxint (ең үлкен бүтін), pi ( π саны) және т.б.

  1. стандартты функциялардың атаулары: abs, arctan, cos, exp, ln, sin

4) стандартты процедуралардың атаулары: read, readln, write, writeln, inc, dec және т.б.

Стандартты атауларды басқа объектілерді белгілеу үшін де қолдануға болады, онда олар өзінің негізгі қызметін жоғалтады. Бағдарламада, подпрограммада қолданушы шамаларға (тұрақтыларға, айнымалыларға) берілетін атаулар латын әріптерінен, цифралардан және "__" таңбасынан тұрады. Атауда цифр бірінші таңба болып жазылмайды. Мысалы: бағдарламаны былай атауға болады: murat_program_1.

Негізгі стандартты функциялар мен процедуралар

х-тің абсолют мәні; /х/ - abs (x)

argtan(x)- arctg x

cos (x) - cos x

sin (x) - sin x

exp (x) - ex

ln (x) - ln x, x > 0

sqrt (x) - , x ≥ 0 квадрат түбір

sqr (x) - x2

ard (x) - таңбаның ASCII коды

sacc (x) - х-ң келесі мәні

pred (x) - х-ң алдыңғы мәні

round (x) - х санын бүтінге дейін дөңгелектеу

trunc (x) - х санының бүтін бөлігі

int (x) - х санының бүтін бөлігі

frac (x) - х санының бөлшек бөлігі

odd (x) - х-ң жұптығын тексеру (true -тақ, false-жұп)

random (x) - [0.1] аралығындағы кездейсоқ сан

upcase (x) - латынның кіші әріптерін үлкенге алмастырады

Процедуралар

inc (x, y) - х-ті у-ке үлкейту

inc (x) - х-ті 1-ге үлкейту

dec (x,y) - х-ті у-ке кішірейту

dec (x) - х-ті 1-ге кішірейту

Процедуралардың орындалуы мен функциялардың мәніне мысалдар қарастырайық:

tound (3.1) = 3, int (3.1) = 3.0, x: = 1; inc (x,6); (x=7),

tound (7.8) = 7, int (7,8) = 7.0, x: = 'a'; inc (x); (x = 'b'),

trunc (3.1) = 3, frac (3.1) – 0.1, x: = 8; dec (x,2); (x=6),

trunc (7.8) = 7, frac (7.8) = 0.8, x: = 'd'; dec (x); (x = 'c').

Басқа математикалық функцияларды негізгі функциялар арқылы өрнектеп жазамыз:

tg(x) = sin (x)/ cos (x), arccos (x) = arctg (),

arcsin (x) = arctg (), xa = exp (a*ln (x)), x>0,

logba = ln (a)/ ln (b)

Похожие:

1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
Жүйелік бағдарламалау, Бағдарламалар құрудың саймандық құралдары, Тілдер және бағдарламалау технологиясы, Деректер қорын басқару...
1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат iconОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау «Компьютерлік желілер. Желілер туралы жалпы мағлұмат. Жергілікті желілермен жұмыс.»
«Компьютерлік желілер. Желілер туралы жалпы мағлұмат. Жергілікті желілермен жұмыс.» тақырыбы
1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат iconУақыты: 45 мин. Өткізілетін орны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жарылмайтын инженерлік бөгеттерден өту туралы жалпы мағлұмат беру
1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат iconФ кгма 1-8-21/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г
Тақырыбы: Анатомия пәні және оның міндеттері. Организмнің тіндеріне жалпы мінездеме. Ағза, ағзалар жүйелері мен аппараттары туралы...
1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат iconУақыты: 45 мин. Өткізілетін орны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс туралы жалпы мағлұмат беру
1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат iconУақыты: 45 мин. Өткізілетін орны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға топографиялық карта бойынша жергілікті жерде бағдарлану туралы жалпы мағлұмат беру
1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат iconМамандық 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» Элективті пәндер
Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдерінің негізгі операторлары, модульдік бағдарламалар. Құрылымдық бағдарламалау элементтері. Бағдарламаны...
1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат iconМақсаты : Оқушыларға жол ережесі туралы жалпы мағлұмат бер
Бағдаршам, ескерту белгісі, тыйым салу белгісі, міндеттеу белгісі, нұсқау белгісі ортаға шығады
1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат icon1. Жалпы мағлұмат 01. 2011 жыл

1-лекция. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат iconОқытушымен орындалатын өздік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы
Тақырыбы: «Компьютерлік желілер. Желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілер туралы жалпы мағлұмат. Желгілікті желімен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница