Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі




Скачать 300.32 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
страница1/2
Дата конвертации23.05.2013
Размер300.32 Kb.
ТипДокументы
  1   2
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Өнер» факультеті

«Ән және саз» кафедрасы

«Бекітілді»__________

факультет оқу-әдістемелік кеңесі.

№1 хаттама 1.09. 200 ж.

________________

(төрағасы, аты-жөні)
«Ұлт-аспаптар ансамблі»

пәнінен оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған оқу әдістемелік нұсқау




Жетісай – 2008
«Сырдария» университетінің Оқу - әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілді.

№ _____хаттама, «____» ___________________200___ж.

Тақырыбы: Қазақтың халық ұлт-аспаптары.
1. Қарастырылатын мәсеелелер.

  1. Ұлт-аспаптар ансамблі пәні туралы жалпы сипаттама.

  2. Қазақтың халық аспаптарының қалыптасуы.


2. Пайдалалнатын әдебиеттер.

  1. А.Жұбанов – Ғасырлар пернесі Алматы –1975

  2. А.Жұбанов – Құрманғазы Алматы – 1961

  3. А.Жұбанов – Дәулеткерей Алматы – 1961

  4. Н.Тілендиев – Жеңіс салтанаты Алматы – 1961

  5. К.Күмісбеков – Дала сыры Алматы –1982

6. М. Балтабаев- мектеп оркестрі
Қазақтың халық аспаптары кешегі кеңес дәуірінің тұсында ғана жете тексеріліп, ілгері дамый бастады. Ол заманымен бірге дамып, жаңа мазмұнда өркендеп, өсіп келеді. Бұрынға мұңды қос ішекті домбыра мен қыл шекті қобыз, қазір ерекше үнге ие боп, сахнада халқының мүддесін жарлайды. Қазақтың халық музыка аспаптары бірнеше түрге бөлініп, полифония, гармония және оркестрдің күрделі мүмкіншіліктерін айталарлықтай меңгерген мемлекеттік Құрманғазы атындағы халық оркестріне айналды.

Қазақ музыка аспаптарының дамуы және олардың жедел қалыптасуы туралы сөз болғанда, ең алдымен ұлы орыс халқы музыка мәдениетінің оған тигізген игілікті ықпалын айтпай кетуге болмайды. Өйткені октябрь революсиясынан бұрын, қазақ музыкасы қандай дәрежеде болса да, жазба мәдениетін көрмеді, нотаға түспеді. Ауызекі дәстүрде, музыка мәдениетінің, сондай-ақ музыка аспаптарының дамуы мүмкін емес еді.

Қазақ халқының музыка аспаптары өздерінің түріне және үніне қарай төртке бөлінеді: домбыра, (қағып ойнайтйн аспап), қобыз (ысқышпен ойнайтын аспап), сыбызғы (үріп ойнайтын аспап), дауылпаз (ұрып ойнайтын аспап).

Бұлардың ішінде халық арасына көп тарағаны домбыра аспабы. Өйткені ол ойнауға да, жасауға да, қобызға қарағанда едәуір оңай болды. Шынында, домбыра ерте заманнан келе жатқан аспаптардың бірі.

Қобыз –прималар да, домбыралар сияқты, үндеріне қарйа, негізгі ескі қыл екі шектің орнына үш шек тағылап, бұрауы квинтаға түсірілді. Жаңа қобыздың дауысы әдемеленіп, түрі баяғыдай әлдеқайда жақсарды. Бұрын қобызды қолдан істелген, дыбысқа кедерге келтіретін ышқышпен ойнаса, оның орнына астында босатып, қатайтып тұратын бұрандасы бар, скрипканың ышқысы пайдаланылды. Ышқышты смычокқа ауысуы, екі шектің орнына үш шек тағылып, квинта бұрауына түсуі-екі қобыздың ойнау, орындау техникасын жеңілдетіп, түрлі позицияларға (саусақтардың дұрыс тұруы) таза әрі оңай көшуіне көп мүмкіншілік туғызып, дыбыс көлемін едәуір байытты.

Домбыра, қобыздың жаңа түрге бөлінуі, сөйтіп сан түрлі дауыстың пайда болуы, қазақтың ұлт оркестірін құруға мүмкіндік береді. Оркестір дыбыстың ең төменгі нотасынан жоғары нотасына дейін қамтыды. Түрге бөлінген ұлт музыка аспаптары оркестірде сүйемелдейтін, негізгі дауысты ойнайтын екі топқа сараланды.

Қазақтың халық музыка аспаптарының ертеден келе жатқан түрі- с ы б ы з ғ ы. Алайда бұл аспап айта қаларлықтайхалық арасына көп тарай алмаған және, негізінде, малшылардың аспабы болған.Ойнаушылар көбіне сыбызғыны қурайдан жасап, ал кейбіреулер ағаштың ішін тесіп қуыстап, сыртына өңеш қаптап ойнаған. Мұндай сыбызғының даусы жұмсақ шығады. Бертін келесыбызғыны темірден де жасаған.

Сыбызғы жүріп ойнайтын аспап болғандықтан, ол көп күш керек етеді.Дыбыс бояуы флейтаға жақын, құлаққа жағымды, жұмсақ естіледі.

Сабызғының бұрауы (сторй) тұрақты емес, оның үстіңгі жағында алты тесік, одан жоғарырақ астында жетінші тесік болады. Саусақтардың басымын сол тесіктерді басып, бір тоннан екінші тонға көшіріп отырады.

Сыбызғыда ойнаудың ерекшелігі - өте жай дыбыс пен қатты дыбысты (р.р.ғғ.) әдемелеп алуға болады.

Сыбызғы оркестр үшін ең қажетті аспап. Ол өзіне тән жұмсақ үнімен оркестрдің дыбыс бояауын байытып, сәндендіреді, толықтырады. Бірақ амал не, қазіргі уақытта сыбызғының болмауы, оны ойнайтын сыбызғышылардың жетіспеуі, бұл аспапты оркестрге енгізуге мүмкіншілік бермей отыр.

Қазақтың ұрып ойнайтын аспаптарына жататын дауылпазға келсек, бұл-әлі де дыбыс шығару жағынан тұрақталмаған аспап. Негізінде бұл аспап оркестр үшін өте маңызды, қажетті аспап. Музыканың ырғағын беріп отыру, керекті жерінде айта қаларлықтай үн қосып, дыбысты күшейтіп отыру – осы дауылпаздың міндеті.
3. Коллоквиум.

  1. Ансамбль дегеніміз не?

  2. Қандай ансамбль түрлерін білесің?



Тақырыбы: Қазанғап. «Учитель»

1. Қарастырылатын мәселелер.

  1. Домбырашылар тобымен жұмыс 1,2,3.

  2. Сырнайшылар тобымен жұмыс.

  3. Қобызшылар тобымен жұмыс.

  4. Домбра бас, ұрмалы аспаптармен жұмыс.


2. Пайдаланатын әдебиеттер.

  1. С.Балмағанбетов – Қазанғап.

  2. А.Жұбанов – Ғасырлар пернесі Алматы – 1961

  3. Т.Мерғалиев – Домбыра сазы.


  1. Қазанғап – үлкен орындаушылық мектептің көрнекті өкілі.

Қазанғап Тілепбергенұлы –(1854-1921) ж Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туып өскен казақтың халық күйшісі. Жасынан ән-күйге құмар болып өскен. Тұңғыш шығарған күйі – «Торы ат» (1875) күйі деседі. Қазанғап Ақтөбе, Қостанай, Орынбор, Тройцк, Шалқар, Темір мен Ойылды аралап көптеген өнерпаздармен кездесуі оның орындаушылық қабілетінің өсуіне зор ықпал жасады. 1894-95 жылдары Маңғыстауда болғанында түрікпен әндерінің әсерімен «Кел сәне батыр, кел сәне» күйін шығарған. Қазанғап өнеріндегі домбырадағы сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыруымен ерекшеленеді, әрі күйлерінің идеялық –көркемдік диапазоны кең. Шығармалары негізінен жеке кісілер. «Балжан», «Үлкен Қаратөс», «Кіші Қаратөс» пен жан-жануарларды «Қиту-қиту, қайт, қайт», «Шымырауыл құс», «Көкіл» бейнелеуге, әзіл-сықақ «Молдаң бол, бйің бол – бәріне де бір өлім», «Бұраңбел» көңіл-күй лирикаларына «Аман да бол, шырағым», «Домалатпай» құрылған. Кейіннен 1916 жылдың оқиғасына байланысты «Жұртта қалған», «Окоп» күйлері мен халық ағарту жұмыстарына «Учитель» арнап күйлер шығарған. Қазанғаптың шығармалары көптеген халық аспапатар оркестрінде орындалып жүрсе, сондай-ақ жеке домбырашылардың орындауында да халық арасына кең таралған.

  1. «Учитель» - Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауынан кейін жер-жерде мектептер ашылуымен, қазақтың қара домалақ балалары мектепке шұбады. Осы балаларды оқытып, білім беріп жүрген оқытушылар саусақпен санарлықтай еді. Олардың қадір-қасиетін бағалап «Учитель» деуші еді. Қазанғап жасының ұлғаюына қарамастан осы ағымға байланысты «Учитель» күйін арнады.


3. Коллоквиум.

  1. Қазанғаптың күйшілік мектебі.

  2. Қазанғап күйлері.

  3. Қазанғап күйлері, оркестр, ансамблі.

  4. Ансамблдің бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.



Тақырыбы: Ансамбльдің түрлері, оның құрамына кіретін аспаптар.
1. Қарастырылатын мәселелер.

  1. Ансамбль жайлы дерек.

  2. Ансамбль құрамына кіретін аспаптар.


2. Пайдаланатын әдебиеттер.

  1. Ш.Қажығалиев – Серпер Алматы –1983

2. Т.Мерғалиев – Домбыра сазы Алматы – 1972

  1. М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.

  2. А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.



«Асамбль» - француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді.

Музыкада екі немесе оданда көп музыканттардың (Әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың) музыкалық шығарманы қосылып орындауы және сол орындалған музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды. Екі немесе оданда көп орындаушылардың музыкалық шығарманы қосылып орындауының бірнеше түрлері бар. Дуэт-екі орындаушы, терцет-ынталандыру жолдарының бірі студенттердің орындаған жұмыстарын көпшілік талқысына салу.

Ансамбль жетекшісі бір інші сабақта аспаптардың шығу тарихы туралы, ансамбльдердің кешегісі мен бүгінгі орындаушылық мүмкіндіктері Андреев атындағы оркестрдің, Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі не, ал олардың қазіргі оркетрлерге тікелей ықпалы туралы айтуы керек.

Ансамбльдің алғашқы сабақтарында көбірек (бірыңғай) дыбыстар мен жаттығу жасап, немесе оркестр жағдайына қарап әртүрлі жаттығу күй тәріздес ырғақтарды партитураға оңай жеңіл түсіріп алғашқы айларда көбірек қайталанғаны абзал. Ансамбль құрамына кіретін аспаптар: домбыра, прима, сырнай, қобыз және ұрмалы-соқпалы аспаптар.
3. Коллоквиум.

  1. Ансамбль құрамы қанша адамнан тұрады?

  2. Шағын ансамбль қанша адамнан тұрады?



Тақырыбы: Құрманғазы. «Серпер».
1.Қарастырылатын мәселелер.

  1. Домбырашылар тобымен жұмыс.

  2. Сырнайшылар тобымен жұмыс.

  3. Қобызшылар тобымен жұмыс.

  4. Домбыра бас, ұрмалы аспаптармен жұмыс.


2. Пайдаларатын әдебиеттер.

1. Жұбанов – Дәулеткерей Алматы – 1961

2. Н.Тілендиев – Жеңіс салтанаты Алматы – 1961

3. К.Күмісбеков – Дала сыры Алматы –1982

  1. Ш.Қажығалиев – Серпер Алматы –1983


Құрманғазы Сағырбаев ұлы күйші, композитор, қазіргі Гурьев облысы, Теңіз ауданы Жиделі еген жерде 1806 жылы шаруаның семьясында туды. Құрманғазы сегіз жасынан бастап байда жалшылықта жүрген. Ол қой бағып жүріп, өзі ағаштан ойлап домбыра жасап алады. Сөйтіп, талапты бала ауыл қарияларынан, қойшылардан ән, күй үйрене бастайды. Өсе келе Құрманғазы күшті домбырашы болады. Оның алғашқы музыкалық қадамы 19-ғасырдың отызыншы жылдарының аяқ кезінен басталады.

Құрманғазы екі шекті домбырады өз дәуірінің қоғамдық бейнесін, халықтың ауыр тұрмысын, мұңын, арманын, қуанышын, қазақ даласының таңғажайып көркем табиғат құбылыстарын көрсете білді. Композитордың алғашқы музыкалық шығармаларына «Кішкентай», «Балбырауын», «Адай», «Серпер» сияқты күйлері жатады.

«Кішкентай» деп аталатын күй 19-ғасырдоың30-40 жылдарында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басқарған шаруалар көтерілісіне арналған.

«Балбырауын» күйі жастарға арналған жігерлі, көңілді шығармалардың бірі.

Ал «Адай» күйі туралы профессор Ахмет Жұбанов өзінің «Құрманғазы» атты кітабында былай деп жазды. «Адай» Құрманғазының ірі шығармаларының бірі. Онда өз заманының алдын ораған көреген көз, өткір тіл бар. Әдебиет дүниесінен үлгі алар болсақ, «Адай» күйінде Махамбеттің жалынды поэзиясының кейпі бар деп айта аламыз.

Қазақтың музыка тарихында өшпес орны бар ұлы күйші, композитор Құрманғазының күйлері тақырып, көркемдік жағынан ерекше көзге түседі. Қазіргі заманымыздың күй жанрының төрінен ерекше орын алады. Құрманғазы 1889 жылдары қазіргі Астрахань облысының Зеленг ау-Сахма деген жерде қайтыс болды. 1959 Жылы Құрманғазының зиратына үлкен ескерткіш орнатылды.
3. Коллоквиум.

  1. Ансамблдің шығу тарихы.

  2. Ансамблдің маңызы, мақсаты, түрлері.

  3. Ансамблдердің құрамын анықтау (отыруы, бұрауы).



Тақырыбы: Ансамблге енетін аспаптардың жалпы саны жайында.
1. Қарастырылатын мәселелер.

1. Ансамблге енетін аспаптар.

2. Пайдаланатын әдебиеттер.

  1. Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.

  2. А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.

  3. С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.

4. Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.

Ансамбль дыбысын айтарлықтай жоғары сапада шығару, музыка шығармаларының идеясы мен мазмұнын байыпты орындау және сол орындаудың сан алуан шарттарын кемеліне келтіре ойнау үшін мынадай оркестр дауыстары болғаны жөн (әрине, басқарушы қолда бар мүмкіншіліктен оркестрге жолдастардың тілегі мен санасуы керек. Біз тек шамамен ғана көрсетіп отырмыз).

Қазақ ұлт- аспаптар ансамбліне енетін аспаптардың жалпы санының таблицасының үлгісі.


Аспаптардың аты

Қатысатын адамдардың саны

16

28

46

68

Домбыра-пикколо

-

-

1

1

Домбыра-прима І

1

2

3

4

Домбыра-прима ІІ

1

1

2

3

Домбыра-альт І

-

-

1

2

Домбыра алть ІІ

-

-

1

1

Домыра-тенор І

4

6

8

12

Домыра-тенор ІІ

2

4

6

10

Домбыра бас І-ІІ

1

2

3

4

Домбыра контрабас

1

1

1

2

Сырнай І

1

1

1

1

Сырнай ІІ

-

1

1

1

Сырнай ІІІ

-

-

1

1

Сырнай IV

-

-

-

1

Қобыз-прима І

2

4

6

8

Қобыз-прима ІІ

1

2

4

6

Қобыз-альт І

1

1

1

2

Қобыз-альт ІІ

-

-

1

1

Қобыз-бас І

1

1

2

3

Қобыз-бас ІІ

-

1

1

2

Қобыз-контрабас

-

1

2

3

Ұрып ойнайтын аспаптар х/












Дауылпаз х/












Флейта хх/












Гобой хх/












Х/ Партитурада осы аспаптардың қайсысы болса, сол аспаптар ансамбльге енгізіледі.

3. Коллоквиум.

  1. Ұлт-аспаптар ансамблінің маңызы, мақсаты, түрлері.

  2. Ансамбльдің бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.


Тақырыбы: Құрманғазы – «Қызыл қайың серпер»

1. Қарастырылатын мәселелер.

  1. Күй орындау шеберлігін әрі қарай арттыру.

  2. Динамикалық белгілерді мұқият орындау.


2. Пайдаланатын әдебиеттер.

  1. М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.

  2. А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.

  3. С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.

  4. Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.


Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889), құлпы тасында (1806-1879). Қазақтың ұлы күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың, күйдің классигі. Қәзіргі Орал облысы, Жаңақала ауданындағы Жиделіде туып, Астрахан облысандағы (РСФСР) «Шайтани батаға» деген жерде қайтыс болған. Кедей шаруаның баласы. Жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түсті. Алғашқы ұстазы Хан Базар (Орда) күйшісі- Ұзақ. Кейіннен Ұзақпен ел аралап, домбырашылық өнер сайысына түсіп, жұртшылық назарына ілігеді. Есейе келе домбырашылық-күйшілікті профессионал өнерге айналдырды. Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтік әділетсіздік пен қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Би-болыстар мен байлардың қудалауы, түрмеге қаматуы Құрманғазыны қажыта алмады. Азатшыл ойдан, күрес-тартыстан бір сәт басын тартпай , домбырасын қару етіп, өнер күшімен қиындықтарға қарсы күресті.

Күйшінің атымен аталатын қазақтың халық аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазы күйлері бүкіл жер жүзіне тарады.

«Қызыл қайың» - Құрманғазының бұл күйі халық аузында былайша суретттеледі. Қашып келе жатқан сапарында ен далада жалғыз өскен қайыңның бұтағын жамылып отырып, қуғыншылардан аман қалыпты дейді. Кейін, «Менің елім де, жерім де, бұтам да, ағашым да пана екен. Анадай қойынын ашып, жапырағын жауып паналатқан қызыл қызыл қайыңға арнап едім» - деп осы күйді орындапты.

3. Коллоквиум.

  1. Ансамблдің құрамын анықтау (отыруы, бұрауы).

  2. Ансамблдің бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.



Тақырыбы: Партитура және оны пайдалану.

1. Қарастырылатын мәселелер.

  1. Партитура дегеніміз не?



2. Пайдаланатын әдебиеттер.

  1. М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.

  2. А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.

  3. С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.

  4. Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.


Партитура дегеніміз – оркестрдің немесе бірнеше аспаптардан құралған ансамбльдің нотамен орындалуы үшін, оларға арналып жазылған музыкалық шығармалардың жазбасы. Сыртынан қарағанда, әр аспаптың партиясы жазылатын қаз-қатар бірнеше нота сызықтары болады және партитура оқуға ыңғайлы болу үшін, әр партия белгілі бір тәртіппен жазылады. Мысалы, қазақтың Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің партитурасы мынадай болып жазылады.

Партитураны, негізінде, оркестрдің дирижері пайдаланады. Партитураны пайдалана отырып, дирижер өз міндетіне даярланып, орындаушылармен музыкалық шығармаларды үйретеді, концертте оркестрді басқарады. Бірақ жеке музыканттардың ойнауы үшін партитура ыңғайсыз болады. Сондықтан әрбір аспаптардың партиясын партитурадан нота қағазына бөлек көшіру керек болады. әр орындаушы-музыкант өз партияларын бөлек жазып алып, кейін оны үйде ойнап үйренеді.

Дирижердің міндеті – сол нешетүрлі партияны оркестрдің жалпы дыбысына қосып, көркемдік жағынан әсерлі, біртұтас ансамбль жасау болып саналады.
3. Коллоквиум.

  1. Партитура дегеніміз не?

  2. Асамблдің бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.



  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница