«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

Название«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
страница1/12
Дата конвертации23.05.2013
Размер1.67 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді

ресімдеу және беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді мобильді орталық арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 35, 36 және 43-баптары және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында;

2) уәкілетті органның стенділерінде;

3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында РМК;

4) орталықтың стенділерінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берілуі мүмкін.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беру немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті органға өтініш жасаған сәттен бастап:

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

2) орталыққа өтініш жасаған сәттен бастап:

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін мемлекеттік қызмет құны осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес мөлшерде есептеп шығарылады.

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен екінші деңгейдегі банктер арқылы мамандандырылған кәсіпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсіпорын ғимаратындағы кассаларда жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен уақытын растайтын төлем құжатын (түбіртек) береді. Төлем құжаттың (түбіртектің) нысаны осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.

Орталықтарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, мемлекеттік қызмет дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанда күн сайын, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық кезекке» тұру тәртібімен жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильдік орталықтар құжаттарды бекітілген кестеге сәйкес қабылдайды, алайда бір елді мекенде жұмасына жұмыс уақыты алты сағаттан кем болмауы тиіс.

10. Мемлекеттік қызмет:

1) уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі, залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген;

2) мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша орталық ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай қарастырылған, өртке қарсы сақтық шаралары қабылданған. Залда анықтама бюросы, күту орындары, ақпараттық стенділер орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:

уәкілетті органға:

1) мемлекет уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын берген кезде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе жер учаскесіне сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын беру кезінде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын беруге өтініш;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың және өкілетті өкілдің жеке бас куәлігінің көшірмелерін тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады;

орталыққа:

1) мемлекет жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын берген кезде:

1) мемлекет уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын берген кезде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаға;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаға;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін;

3) жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын беру кезінде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын беруге өтініш;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаға;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін орталық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген құжаттар көшірмелерінің түпнұсқамен сәйкестігін тексереді, содан кейін мемлекет қызмет алушыға түпнұсқасын қайтарып береді.

12. Өтініштердің бланкілері уәкілетті органның анықтама бюросында болады.

Орталықта мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады немесе орталықтың консультанттарында болады.

13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдауды осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесінің орналасқан орнына байланысты уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.

Орталықта құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкерлері жүзеге асырады.

14. Уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік қызмет алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:

1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні беру сенімхатты, қолхатты және мемлекеттік қызмет алушының не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, мемлекеттік қызмет алушының жеке өзіне не сенім білдірілген тұлғаға жүзеге асырылады.

16. Уәкілетті орган мынадай жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1) аталған жер учаскесі бойынша сот шешімдерінің болуы не сот қарауы жүріп жатқаны туралы хабарламаның болуы;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы жойылғанға дейін прокурорлық қадағалау актісінің болуы;

3) бір учаскеге құқықты ресімдеуге қатысты бірнеше өтініштің болуы немесе құқықты ресімдеу үдерісінде осы жер учаскесінің басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.

Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабардар етеді.

Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді сот шешімдері және прокурорлық қадағалау актілері бойынша тоқтата тұру ол үшін негіз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейінгі, ал бірнеше өтініштер түсу себебі бойынша тараптар арасында келісім орнатылғанға дейінгі не заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылғанға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылған деп есептеледі.

Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу кітабына енгізіледі. Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні ресімдеуді тоқтата тұруға негіз болған құжатты және тоқтата тұру мерзімдерін көрсете отырып, ресімдеуді тоқтата тұру себептерін жою үшін мемлекеттік қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.

Уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті алушыға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты бермеген жағдайда, оны беру күнінің мерзімі өткеннен кейін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті берілген болып есептеледі.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» icon«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» iconРегламенті «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу және беру»
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін акті (бұдан әрі акт) жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» icon«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акт беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар
Жер пайдалану құқығы – тұлағының мемлекет меншігіндегі жер телімін белгілі мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) өтеулі және (немесе)...
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» iconИсточник: ис параграф, 26. 05. 2010 09: 44: 45 Қазақстан Республикасы
Осы «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер беру» стандарты (бұдан әрі стандарт) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер...
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» icon«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру»

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» iconҚаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №102 қаулысымен бекітілген «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша баламалы негізде тізбесі осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген халыққа...
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2
Осы стандарт уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан
Осы стандарт уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница