Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі




Скачать 53.57 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі
Дата конвертации23.05.2013
Размер53.57 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігінің Атырау облысы бойынша департаментінде 2010 жылдың 26 қаңтарында Атырау облысы әкімінің, қала және аудан әкімияттарының, мемлекеттік орган өкілдері, маслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП- ның, Сараптамалық кеңес мүшелерінің, «Атамекен» ҚҰЭП АФ, Кәсіпкерлік пен жұмыс берушілер Одағының, табиғи монополия мен реттелетін нарық субъектілері, БАҚ және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП - сы ғимаратында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Алқада Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті 2009 жылдың жұмыс қорытындысын шығарып, 2010 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Қажымқанұлы Масімовтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысында қойылған басымдылықты мақсаттарды белгіледі.

Департаменттің реттеу объектілері 60 реттелетін қызметтер бойынша 51 табиғи монополия субъектісі болып табылады. Бұдан басқа, Департамент темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, азаматтық әуе жүйесі саласында 21 реттелетін қызметтер бойынша 17 реттелетін нарық субъектілеріне (доминанттар) қатысты баға белгілеу функцияларын жүзеге асырады.

Агенттік бекіткен энергияны үнемдеу және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған Стратегиялық жоспарды орындауға байланысты департамент зор жұмыс атқарды.

Атырау облысы бойынша 2009 жылы электр, жылу энергетикасы, газ, су шаруашылық және кәріз жүйесі салалары бойынша, яғни «Атырау Жарық» АҚ, «Атырау Су Арнасы» КМК, «ОблТрансГаз» КМК, «Атырау ЖылуЭлектрОрталығы» АҚ сияқты 5 табиғи монополия субъектісіне орташа жедел тарифтер деңгейі бекітілді. Шекті тариф қолдануының нәтижесі - тарифтің тұрақтылығы,4685,02 млн.тг сомасында активтерді жаңғыртуға жолдалған инвестициялар есебінде қызмет сапасының өсуі болып табылады.

Департамент есеп беру кезеңінде, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысын бекіту бойынша 29 өтініш қаралды.Олардың ішінде 23 норматив бекітіліп, 6 қайтарылды.

Агенттік бекіткен Стратегиялық жоспарға сәйкес 5 негізгі субъекті үшін жалпы сомасы 97,65 млн.теңгеге төмендетілген нормалар бекітілді және жүзеге асырылды.Бұл тұтынушылардың қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде 5 негізгі субъектінің әкімшілік шығындары 28,153 млн.теңге сомасына қысқартылды, бұл инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағыттау арқылы қаржылық ресурстарды қайта таратуына мүмкіндік береді.

Департаменттің өткен жылғы негізгі басымдықтарының бірі реттелетін қызметтерге 2 пайыздан аспайтын тарифтің өзгеруі инфляция дәлізінен көтермеу бойынша шаралар қолданды.

2009 жылдың 12 айында Департаментке 29 табиғи монополия субъектілерінен тарифті бекіту туралы 41 өтінім түсті, оның ішінде 5 субъектінің 7 тариф жобасы ереже бұзғаны үшін қабылданған жоқ, 1 субъектінің 3 тарифтік жобасы қолданыстағы тарифтер деңгейінде қалды, өсімділікпен 6 тариф бекітілді, соның ішінде 5 тариф негізгі ТМС бойынша, жаңа құрылған субъектілер бойынша 21.

Тарифтерді көтерудің негізгі себептері тарифтердің шекті деңгейі шегінде электр станцияларында электр энергияға бағаның өсуі, газ, материалдар құнының өсуі, жөндеу – қалыпқа келтіру жұмыстарының көлемінің көбеюі, табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды іске асыруы.

Департамент бақылау шараларын жүргізу нәтижесінде ағымдағы жылдың 12 айында заңнаманың бұзылуына байланысты 5 субъектінің уақытша өтемдік тарифтерді енгізу жолымен тарифтері төмендетілді.Тарифтерді төмендетудің жалпы сомасы 10,12 млн.теңгені құрайды.

Бұдан басқа, Департамент темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, азаматтық әуе жүйесі саласында 21 реттелетін қызметтер бойынша 17 реттелетін нарық субъектілеріне (доминанттар) қатысты баға белгілеу функцияларын жүзеге асырады.Есепті кезең ішінде Департаментке нарық субъектілерінен тарифтерді өсіруге 11 хабарлама келді, оның ішінде: 7 хабарлама бойынша тарифтерді өсіруге тыйым салынған, 4 хабарлама бойынша тарифтерді өсіру бекітілді.

Табиғи газды, электр энергиясын өткізу бағаларының өсуінің негізгі себептері Инвестициялық бағдарламаларды жүргізуге байланысты магистральды құбыр мен тарату желілері бойынша газ тасымалдауға, табиғи монополия субъектілерінің электр энергиясын беру мен тарату тарифтерінің артуы, жабдықтаушы «ТеңізШеврОйл» ЖШС-нің табиғи газ бағасын өсіруі, электр станцияларындағы шекті тарифтер шеңберінде электр энергия бағасының өсуі.

Заңнаманың орындалуын бақылау және тұтынушылар құқығының бұзылуын болдырмау шеңберінде Департамент заңнама бұзушылықтарды алып тастау жөнінде 70 ұйғарым шығарылды.

Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы заңнаманың бұзылуы бойынша Департамент 14,7 млн.теңге сома көлемінде айыппұл шаралары түрінде әкімшілік жаза қолдану жөнінде 24 қаулы қабылданды, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 21 іс бойынша қаулылар республикалық бюджет пайдасына 7,061 млн.теңге өндіріп алумен орындалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасалуына әсер ететін себептер мен жағдайларын анықтау кезінде Департамент аудан әкімияттарына қатысты құқық бұзушылықты жою туралы 4 ұсыныс шығарды .

Облыста энергия үнемдеу бойынша жұмысы шегінде жеке тұлғалармен тұтыну көлеміне қарай 2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап электр энергияға тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер енгізілді.

Бір мезгілде, Департамент сумен жабдықтау және кәріз қызметтеріне сараланған тарифтерді енгізді.

Толығымен айтқанда, энергия үнемдеу, тұтынушылардың қаражатын үнемдеу және тұтынушылармен тарифтік жоспарды таңдау мүмкіндігі - сараланған тарифтерді енгізу нәтижесі болып табылады.

Департамент 2009 жылдың 12 айы ішінде 37 лицензия ресімдеді (оның ішінде 26-сы мұнай өнімдерін сақтау объектілерін пайдалану бойынша), 10 лицензиатқа лицензия беруден бас тартты, 14 лицензия қайта ресімделді, 3 лицензиатқа қайта ресімдеуден бас тартты.

Энергия үнемдеу және 2009 жылдың қорытындысы бойынша жұмысы шегінде Агенттіктің Стратегиялық жоспарын орындау барысында 33 субъекті бойынша бұрын бекітілген және мәлімденгеннен 1,3 ден 2 % -ға дейін көлемде кемумен 37 нормативті техникалық ысыраптар бекітілді.

Департаментке нормативтік техникалық ысыраптар шамасы мен мерзімін белгілеу және нормативтік техникалық ысыраптар деңгейін төмендетуге бағытталған іс шараларын жүргізу құқығын қамтамасыз ететін Стратегиялық және дағдарысқа қарсы жоспарларды қолданысқа енгізілгеннен бері олардың ұдайы өсуі тоқтатылды.

Табиғи монополия субъектілері жоғары нормативті ысыраптарды жою бойынша шаралар жоспарын дайындады.Стратегиялық жоспарға сәйкес 2009 жылы субъектілер жоғары нормативті ысыраптардың орнатылған мөлшері жойылды.

Энергияны үнемдеуге ынталандыруды құруға байланысты табиғи монополиялар субъектілермен су және жылудың үйге ортақ және жеке есептеу құралдарын орнату бойынша бақылау жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша суық судың орнатылған есептеу құралы – 71%, ыстық су – 76,9%, жылу энериясының үйге ортақ есептеу құралдары бойынша – 6,73% құрайды.

Департамент 2010 жылға бір қатар міндеттерін айқындады. Олардың ішінде басымдылықтары:

1. Энергия үнемдеудің тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді енгізу бөліміндегі іс-шараларын іске асыру, энергия үнемдеуді насихаттау.

2.Табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерін мемлекеттік реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарын дайындау.

3. Инвестициялық (орта- және ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істейтін ТМС санын көбейту.

Жоғары аталған міндеттердің шешімі - кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу жұмысын жалғастырады және реттеліп көрсетілетін қызметтерге бағаның негізсіз өсуінен тұтынушыларды қорғайды.



Похожие:

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconҚазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі
Мемлекеттік тіркелімнің Қарағанды облысы бойынша жергілікті бөлімінде 123 табиғи монополия субъектісі тіркелген, реттелетін қызметтер...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі
Департаментінде ағымды жылдың 04 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, мемлекеттік орган өкілдері, маслихат...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2009 жылы атқарған жұмысы туралы есеб І
Намаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Департаменттің жұмысы Қр табиғи монополияларды реттеу агенттігінің негізгі бағыттары...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері Орал қаласының коды 7112
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жария тыңдаулар өткізу үшін хабарландыруларды орыс тілінде жариялау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы
Мемлекеттік сатып алуларға Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі- агенттік), 010000,...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconБекітемін: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі төрағасының орынбасары
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік тілде жария тыңдауларды өткізу
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік тілде жария...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің жария тыңдаулар өткізу үшін мемлекеттік
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің жария тыңдаулар өткізу үшін мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бюджеттік қаражаттарды игеруі туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне (бұдан әрі Агенттік) республикалық бюджеттен 2011 жылға 1 005 574,0...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница