Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер




НазваниеТәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер
Дата конвертации24.05.2013
Размер81.2 Kb.
ТипДокументы
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік».

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер:

Ақпараттық құзыреттілік: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді осы тәуелсіздікке жету жолында еліміздің жеткен жетістіктерін жастарға жеткізе ұғындыру.

Коммуникативтік құзыреттілік: Отанды сүюге,құрметтеуге,желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге,адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Проблеманы шешу құзыреттілігі: Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып, «Желтоқсан»қозғалысының саяси орынын анықтау,тарихи дәйектемелерге тоқтала отырып студенттердің ой-өрісін дамыту,өз –ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

Тәрбие сағатының түрі: Дөңгелек үстел,пікірталас.

Тәрбие сағатының әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап.

Өтетін уақыты:
Өту барысы.

Үнтаспадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны ойналып,барлығы қосылып орындайды.


  1. бастауыш. Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,

Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да.

Еліме тәуелсіздік келіп жетті,

Мыңжылдық күрестердің арқасында.

2-жүргізуші.

Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,

Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.

Ел үшін мәңгілікке жалғасады,

Ақыл-ой ар-намыстың күрестері.

Құрметті тәрбие сағатымыздың қонақтары,ұстаздар және студенттер. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған,сол жылда ғасырлар бой найзаның ұшымен,ерлердің ерен ісімен кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызға алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендігіміздін 20 жылдығына арналған «Желтоқсан жаңғырығы - егемендік» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

1-жүргізуші. Бүгінгі кеш қонақтарымен таныстырып өтейін. Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің атқарушы директоры Набидоллина Шолпан Сағатқызы. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жайманова Лиза Ақболатовна. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лоскутова Людмила Василевна. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Алма Рахатовна. Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің бөлім меңгерушісі Кабенова Лаура Маратовна.

Сөз кезегі топ жетекшісі Қанат Тоғайбайұлына беріледі.

2-жүргізуші. Ғасырлар бойға езгіден дінкелеген қазақ халқы Мәскеудің кезекті өктемдігіне наразылық білдіріп, табанға тапталып бара жатқан тілі мен ділінің, ұлттық болмысының жүрек бұлқынысын сездірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болатын. Аланға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сәбира сынды жаңағана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. 1986 жылғы мұзда жанған алауда шейіт болған асыл боздақтарымызды 1 минут еске алайық.

1-жүргізуші. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге бұны ешкім аяп бермеді

Тәуелсіздік Қайрат Ләззат Ерболдың

Тас көшеде тас-талқан болып өлені.

2-жүргізуші. Шала жансар қар астына көмгені,

тәуелсіздік ата-баба арманы.

Қандай елмін бүгін міне көр мені,

алаулайды мүмкін емес сөнбегі.

1-жүргізуші. Сөз кезегі кешіміздің қонағы тәуелсіздік куәгері Алма Рахатқызына береміз.

2-жүргізуші. Тойланып мың мереке, ұлыс күні,

Құйылан шаңырақтан ырыс нұры

Халқымның бақыты үшін аз байлық па,

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

1-жүргізуші. Намысын найзағайдай жарқылдап бір,

Өр халқым дүниеге даңқынды асыр.

Дәуірдің бастау алған жиырма бірі –

Еліме болсын дәйім алтын ғасыр.

ән: “ Қазақ елі» орындайтын

2-жүргізуші. Тәуелсіздік шежіресі.

1991 жыл 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң кабылданып тәуелсіз мемлекет болып жарияаланды. Ел президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ-на мүше болды. Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды.

1993 жылы Еліміздің бірінші Конституциясы қабылданды. 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта төл тенгеміз айналымға түсті.

1994 жылы “Ядролық қаруды таратпау ” туралы келісім шартқа қол қойылды. Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесіне мүше болды.

1995 жылы 1 наурыз Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халықтарының ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.

1995 жыл 15 тамыз жаңа Конституция қабылданды.

1996 жылы.Қазақстанның тұңыш Парламені өз жұмысына кірісті. Желтоқсан оқиғасына-10жыл. Республика аланында Тәуелсіздік манумненті ашылды.

Қазақстан Республикасы үкіметінің1173 қаулысына сәйкес Республика мектептерін жаңа буын оқулықтарымен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етудің мақсатты бағдарламасын жасады.

25 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы этикалық мәдени білім тұжырымдамасын қабылдады.

1997ж.Қ.Р Призиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030»жолдауы жарияланды.Тәуелсіз мемлекеттің ұзақ мерзімі-2030жылға дейін,стратегиясының бағдабағыты бейнеленді.

Негізгі өзегі-барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы(Қазақстан-2030»бағдарламасы негізінде жеті басымдық бөлімі нәтижелі жұмыстар жүзеге асуда.

1997ж.20қазан-Ақмола Қазақстанның астанасы болып жарияланды.

1998ж.10маусым-Қ.Р жаңа астанасы Астана қаласының халықаралық тұсау кесер тойы болды.

1999жҚ.Р-ның президентінің жарлығымен бұл жыл «Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы»деп аталады.

1999ж.10қаңтар олтернативті негізінде ел Президентті бір ауыздан 7жылға сайлады.Осы жылы «Отан»республикалық саяси партиясы құрылды.

2000жыл.Қ.Р Президентінің жарлығымен бұл жыл «Мәдениетті қолдау жылы»деп аталды.Осы жылы Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды.

2000 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ашылды.

1-жүргізуші.

2001ж.Қ.Р тәуелсіздігіне-10 жыл толды. «Асқар асулар алда»Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетті.Осы жылы колледжде «Білім бөлімі бойынша республиканың оқу-әдістемелік бірлестік құрылды. Колледж оқытушылары Қ.Р гуманитарлық және педогогикалық колледждері білім беру қызметін жүзге асыратын 9 стандарт жасақтады.

2 – жүргізуші: Келесі сөз кезегі колледж атқарушы директоры биология ғылымының кандидаты Шолпан Сағатқызына беріледі.

2002жыл.Қ.Р Президентінің жарлығымен бұл жыл «Денсаулық жылы»деп аталды.7-мамырда Тәуелсіз Қазақстанның «Қарулы күштерінің құрылғанына 10жыл.

4-маусымда Алматы қаласында Назарбаевтың басшылығымен Азиядағы қарым-қатынас және сенім шараларының бірінші самет кеңесі өтті.

15-шілдеде Н.Ә:Назарбаев Қ.Р. «Саяси партиялар туралы»заңына қол қойды.

29-тамызда Астана қаласында «Астана-Бәйтерек»монументі ашылды.Колледж түлегі Есенғалиев Бірлес Югославия,Аранделовец қаласында өткен әлем чемпионатының «қола»жүлдегері.Қ.Р.президенті шарлығымен 2003-2008жыл «Ауыл жылдары»деп аталды.Қырымның Ялта қаласында Қазақстан,Белорусия,Ресей,Украина мемлекеттері экономикалық одақ құрды.

2003жыл Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында колледж түлегі Есенғалиев Бірлес «алтын»медаль иегері атанды.

2006жыл 16желтоқсан Қ.Р.Тәуелсіздігіне 15жыл.

11-қантарда Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.

6-қантарда Қ.Р.жаңа әнұраны қабылданды.

1-наурызда Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы болды.

12-қыркүйекте Әлемдік және Дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2-сьезі өтті.

2007-жыл Қазақстанның Украинадағы жылы.

Қ.Р Конституциясына өзгерістер мен толтырулар еңгізілді.

Қ.Р.атқарушы және мәдениет министрлігінде қазақ тілін қолдау жылы.

Заң шығарушы жоғарғы орган Парламент депутаттарының сайлауы өтті.

1937-38жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.

2008 жыл Қытайдың Бейжін қаласында 29жазғы Олимпиадасы өтті.

Елордасы Астананың 10жылдық мерей тойы өтті.

Алашорда үкіметіне құрылғанына 90жыл.

Қос алып Хамза Есенжанов пен Тайыр Жароковтың туғанына 100жыл толды.

23-қыркүйекте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Батыс Қазақстан облысына сапары болды.

Ресей Федерациясының Астрахань қаласында өткен «образование-инвестиций в успех»атты халықаралық көрмеге қатысып,Астрахань Әлеуметтік педагогикалық колледжмен меморамдумға қол қойды.

2008жыл Ташкент қаласындағы Азия біріншілігінің «алтын»жүлдегері.

Самбо күресінен халқаралық спорт шебері.Әлем чемпионатының күміс жүлдерегі Балтық және ТМД бүкіл әлемдік ойындардың қола жүлдегері Азия чемпионаты атанды.

2009жыл «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Президент жолдауы жарияланды.

2010 жыл. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға төрағалық етті.

1-2 желтоқсан Астанада еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.

1 – жүргізуші: Сөз кезегі тарих пәнінің оқытушысы Біржан Кәрімұлына беріледі.

2- жүргізуші:

2011жыл Қазақстанда 7-қысқы Азиада ойыны өтті.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжіне 10жыл.

7-қысқы Азиада ойындарына қатысушы колледж білім алушылары допты хоккей спорт түрі бойынша Мурзагереев Ернар,Қобыланбаев Нұрлан,Чебаков Павел,Жұмабаев Құрманбек,Болдырев Николай,Сұлтанғалиев Артур спорт шебері.

Шорт-трек спорт түрі бойынша Камешова Асель,Дауымов Аслан,Кенесова Гүльмира сынды студенттеріміз қысқы азиада ойынына өз үлестерін қосты.

Ән: «Желтоқсан желі»

Орындайтын: Дарвинов Р.

2-жүргізуші. Келесі сөз кезегі Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы,колледж түлегі Сабиева Айсауле Серікқалиевнаға беріледі.

Айсауле Серікқалиқызы өзіңіз білім алған колледж туралы айтып өтсеңіз.

1-жүргізуші. Болашақ түлектердің колледж туралы ой-пікірлерін тыңдап көрелік.
Пікірталас.
1) 1986 ж. оқиға қай жылдағы көтеріліспен ұқсас?

2) 1986 ж. жастар наразылық білдірмесе, Қазақстан қандай күйде болар еді?

3) Қазақстан 50 дамыған елдердің қатарына кіру үшін еліміз қандай болуы керек?

4) Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?

5) Қазақстан өз Отаның екенін қалай мақтаныш етуге болады деп ойлайсыңдар?

6) 1994 жылы “Ядролық қаруды таратпау ” туралы келісім шартқа қойылды. Осы келісім шарттың ел үшін қандай маңызы бар?

7) Тәуелсіз мемлекеттің ұзақ мерзімді -2030 жылға дейінгі стратегиясының бағыт бағдарлары қалай орындалуда сіздер үшін ең маңызды істер қандай?

8) Қазақстан болашағы үшін қандай істер қолға алынуы тиіс.

9) Сіздердің студенттік ұстанымдарыңыз қандай?

10) Өздеріңіз білім алып отырған білім ордасының жетістіктері қандай?

11) Мен және менің елімнің болашағы.


Алда алар асулар көп бейне көрініс.
Н.Ә.Назарбаев биылғы «болашағын іргесін бірге қалаймыз»атты жолдауында әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударды.Үш маңызды мемлекеттік бағдарламалар-білім беру,денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекітті.

2-жүргізуші.

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүзімнен күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

1-жүргізуші.

Мен-жігітпін ,айқасқа тым асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың,

Жанартаудай жойқынмын,жұлқынғанда,

Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.

Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз,елтаңбамыз,ән-ұранымыз бар. Біз егеменді Қазақстанбыз.Сендер Отанымыздың болашақ азаматысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі,тәртіпті,өз елін, жерін көркейтетін, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі өздерің екенін есте ұстаңыздар.

Ән: Отаным.

Осымен Тәуелсізідік мерекесіне арналған кешіміз аяқталды.

Ж. Досмухамедов атындағы педагогикалық колледж


АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ:



Өткізген: 3 ҚМД тобының

жетекшісі Қ.Қашқынбай


Орал-2011

Похожие:

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер iconС диспут, тәрбие сағаты, конференция d педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік
А адамгершілік тәрбиесі, экологиялық тәрбие, азаматтық тәрбие, кәсіби білім, мамандық таңдауға дайындық
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер iconТәрбие сағаты Тақырыбы: Тәуелсіздік туы берік қолда!
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктермен таныстыру, білімдерін кеңейту
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер icon«Бекітемін» Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: Т. Сәтбаев Тақырыбы: Желтоқсан желі – ызғарлы
Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін...
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер iconТақырыбы: Елдің анасы. Мақсаты
Мақсаты: а Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл...
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Биология мамандығының 3-курс студенттеріне 5- семестрде „Зоогеография пәнінен типтік оқу жоспарына сәйкес 3-кредит (135 сағат) берілген....
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер iconАдам анатомиясы”
Биология мамандығының 2-курс студенттеріне 4- семестрде „Адам анатомиясы пәнінен типтік оқу жоспарына сәйкес 2-кредит (90 сағат)...
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер iconАшық сабақ : тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз -Қазақстан Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: оқушылырға Қазақстан Республикасының құрылуы және оның географиялық жағдайын, табиғат ерекшеліктері мен пайдалы қазбалары...
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер iconҚұзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері: Ақпараттық құзіреттілік
Ақпараттық құзіреттілік: Адам қанының топтары мен қан құю әдістерімен таныстыру. Иммунитет түрлерімен ағзаны сақтандыру. Житс (спид)...
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер iconЖелтоқсан жаңҒырығы намыс-ұлтты құтқаратын қасиет
Заман талабына сәйкестi сотқа судьялар мен заңгерлерден басқа өмiрдiң басқа салаларынан да түрлi мамандық иелерi келiп жатты. Солардың...
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік». Құзыреттілікке жеткізетін мақсат –міндеттер iconТәрбие сағат тақырыбы: Желтоқсанның ызғары
Мақсаты: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница