Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы




Скачать 72.83 Kb.
НазваниеҚарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы
Дата конвертации27.11.2012
Размер72.83 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру істері

агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы комиссиясының ережесін

және құрамын бекіту туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының құрамы;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 02-02-18/211 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы» бұйрығының күші тоқтатылсын.

  1. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



Төраға Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы

  Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы « » ___________

№ ____________ бұйрығына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының құрамы
Пірметов Ә.Х. – Жауапты хатшы – комиссияның төрағасы;
Комиссия мүшелері:

Әбілова Ғ.Т. – Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры;

Қамзебаева Д.Ү. – Стратегиялық даму департаментінің директоры;

Сейсембеков А.С. – Спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаментінің директоры;

Жолдина А.Т. – Экономика және қаржы департаментінің директоры;

Есентаев Т.Қ. – Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві;

Қазбеков Қ.М. – Дене шынықтыру департаментінің директоры;

Бөкенов С.Д. – Ішкі бақылау басқармасының бастығы;
Комиссия хатшысы:

Ақанов Ә.М. – Заң басқармасының бастығы.
 


Қазақстан Республикасы

  Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы « » ___________

№ ____________ бұйрығына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының ережесі
1.1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен байланысты мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасы Спорт жән дене шынықтыру істері агенттігінің басшылығы үшін (бұдан әрі - Агенттік) ұсынымдық сипатта ұсыныстар енгізу мақсатында, сонымен қатар Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындау үшін құрылады.

1.2. Комиссия Агенттіктің Төрағасына есепті және өзінің қызметін Агенттіктің Жауапты хатшысының тікелей басшылық етуімен жүзеге асыратын алқалы-кеңесші орган болып табылады.

1.3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзге де құжаттарды және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссия қызметінің бағыттары
2.1. Комиссия қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Агенттікте сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал жасайтын себептер мен жағдайларды зерттеу және сыбайлас жемқорлыққа негіз болатын жағдайларды жою мақсатында Агенттік (оның бөлімшелері) қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

  • Агенттіктің лауазымды тұлғаларының және басқа да қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қызметке қатысуы туралы Комиссияға келіп түсетін өтініштер мен шағымдарды, өзге де мәліметтерді қабылдау және тексеру;

  • сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты жинау, талдау және Агенттіктің басшылығы үшін дайындау және оларды жою үшін ұсынымдар әзірлеу;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды құқықтық қамтамасыз ету саласында жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

  • Комиссия қызметінің бағыттарына сәйкес өзге де мәселелерді қарау.



3. Комиссияның өкілеттіктері
3.1. Комиссия өз қызметінің бағыттарына сәйкес:

  • Комиссияға келіп түскен өтініштерді, хабарламалар мен өзге де құжаттарды алдын ала қарауды жүзеге асырады;

  • Агенттіктің лауазымды тұлғаларынан қарастырылып отырған мәселелер бойынша ақпаратты, түсіндірмелерді сұратады және қажет болған жағдайда оларды өз отырыстарына шақырады;

  • құзырына кіретін қарастырылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Агенттіктің басшылығы мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұсыныстар мен ұсынымдар жасайды;

  • Агенттік Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қабылдайтын шешімдердің орындалуын бақылайды;

  • Комиссия қызметін ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

  • Комиссияда қарастырылатын мәселелер бойынша жұмыс топтарын құрады;

  • Қазақстан Республикасында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

  • Комиссия жұмысына мамандарды, сарапшыларды, баспасөз, қоғамдық ұйымдар және саяси партиялар, басқа ұйымдар өкілдерін және жеке тұлғаларды тартады;

  • Комиссия қызметінің бағыттарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4.1. Комиссия құру туралы, Комиссия туралы ережені жасау туралы, оның сандық және дербес құрамы туралы шешімді Агенттік Төрағасы қабылдайды.

4.2. Комиссия қызметін Агенттік Төрағасының бұйрығымен тағайындалатын Комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасы тағайындайтын Комиссия төрағаларының бірі ұйымдастырады.

Комиссия өз қызметін өзінің құзырына кіретін мәселелерді алқалы, еркін және жария талқылау негізінде жүзеге асырады.

4.3 Комиссия төрағасы:

  • Комиссия жұмысын ұйымдастырады;

  • Комиссияға келіп түскен материалдарды, құжаттарды алдын ала қарау тәртібін айқындайды және ұйымдастырады;

  • Комиссия отырыстарын шақырады;

  • Комиссия отырысы күн тәртібінің жобасын қалыптастырады және отырысты дайындауға жалпы басшылықты жүзеге асырады;

  • Комиссия отырысына шақырылған адамдардың құрамын айқындайды;

  • Комиссия отырысын жүргізеді;

  • Комиссия атынан жолданатын ұсынымдар, ұсыныстар, хаттар, өтініштер және өзге де құжаттарға қол қояды;

  • Осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4.4. Комиссия хатшысы:

  • Агенттік қызметкерлерінің өтініштерін, хабарламаларын, ұсыныстары мен өзге де құжаттарын қабылдайды және тіркейді;

  • Комиссия мәселелерін қарау үшін материалдарды дайындайды;

  • Комиссияның кезекті отырысына қатысты материалдарды Комиссия мүшелеріне жібереді;

  • Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;

  • Комиссияның құжаттамасын жүргізеді;

  • Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де құрылымдармен хат алмасуды жүзеге асырады;

  • Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де жұмысты жүзеге асырады.

4.5. Комиссияның мүшелері:

  • Комиссия жұмысына қатысады;

  • Комиссия қарастыратын барлық мәселелер бойынша дауыс беруге қатысады;

  • Комиссия қарауына ұсыныстар енгізеді, оларды дайындауға, талқылауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысады;

  • Комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды;

  • Комиссия оған жүктеген өзге де міндеттерді орындайды.

4.6. Агенттік Төрағасы немесе Комиссия төрағасының шешімі бойынша жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

Жұмыс тобының құрамына олар шешу үшін құрылатын мәселеге қатысы бар Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, өзге де тұлғалар енгізілуі мүмкін.

Жұмыс топтары қызметінің мақсаты Комиссия төрағасының оларды құру туралы шешімдерімен айқындалады.
5. Комиссия жұмысының тәртібі
5.1. Комиссия қызмет жоспарына сәйкес өзінің жұмыс тәртібін дербес айқындайды.

5.2. Комиссия жұмысының негізгі нысаны Комиссияның отырыстары болып табылады, олар әр жылдың ІVтоқсанында өткізіледі.

5.3. Комиссия отырысының күн тәртібінің жобасы Комиссия мүшелерінің ұсыныстарының негізінде қалыптастырылады.

Комиссия отырысының күн тәртібі Комиссия отырысында бекітіледі.

Комиссия отырысына қатысты материалдарды хатшы Комиссия отырысына екі күн қалғанда Комиссия мүшелеріне жолдайды.

5.4. Комиссия отырысы ашық өткізіледі.

5.5. Комиссия отырысы егер оған Комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес қатысса, құқыққа сай болып табылады.

Комиссия отырысына белгілі бір себептермен қатыса алмайтыны туралы Комиссия мүшесі Комиссия төрағасын немесе хатшысын алдын ала хабардар етеді.

Егер Комиссия отырысы құқыққа сай болып танылмаса, онда Комиссия мүшелері Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша жұмыс кеңесін өткізуге құқылы.

5.6. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысқан санының көпшілік дауыс беруімен қабылданады.

Комиссияда қаралып отырған мәселе бойынша айрықша пікірі бар Комиссия мүшесі, айрықша пікірін жазбаша нысанда беруге құқылы.

5.7. Комиссияның әрбір отырысы Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, оған хатшы және Комиссия отырысында төрағалық еткен адам қол қояды.

5.8. Комиссия жұмысына кеңесте дауыс беру құқығымен мамандар, сарапшылар, ұйымдардың өкілдері, басқа да тұлғалар тартылуы мүмкін.
6. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
6.1. Агенттіктің Заң басқармасы Әкімшілік жұмыс департаментімен бірлесе Комиссияның қызметін құқықтық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
________________________

Похожие:

Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconДиссертациялық жұмыстарын қорғау кеңесінің құрамын бекіту туралы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығы мен 2012 жылғы мамырдың 29 күнгі №10 хаттамасына...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті ІІІ сессиясының күн
...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconҚарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы icon2010 жылдың 26 ақпанындағы №187 «Консультативтік органның құрамын бекіту туралы»
«Консультативтік органның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 мамырдағы №226 бұйрығына...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconАктивтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы icon«Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы»
Есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы №396 бұйрығына өзгертулер...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconИсточник: ис параграф, 13. 09. 2012 11: 39: 42
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconКодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу Ережесін бекіту туралы»
Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 5 ақпандағы №110 қаулысын, Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған кезекті XLII сессиясының...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconАқтөбе қаласында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы
Ережесінің 3 тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconІv шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс L сессиясының редакциялық комиссиясының құрамы туралы
«Қарағанды қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» №11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница