«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің




Скачать 126.43 Kb.
Название«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің
Дата конвертации05.11.2012
Размер126.43 Kb.
ТипКодекс
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің

2008 жылғы 24 маусымдағы

шешімімен бекітілген

№12 хаттама

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

ІСКЕРЛІК ӘДЕП КОДЕКСІ

Алматы, 2008 ж.

МАЗМҰНЫ:


Кодекс миссиясы...........................................................................................................

3


Біздің көзқарас...............................................................................................................

3


Кіріспе...........................................................................................................................

4


1-тарау. Іскерлік әдеп құндылықтары, принциптері және нормалары....................

4


2-тарау. Іскерлік өзара қарым-қатынастардың этикалық нормалары....................

5


2.1. Лауазымды тұлғалар және жұмысшылар ...........................................................

5


2.2. Акционерлер...........................................................................................................

7


2.3. Мемлекеттік органдар............................................................................................

7


2.4. Еншілес және тәуелді ұйымдар.............................................................................

8


2.5. Іскерлік серіктестер................................................................................................

8


2.6. Қоғам.......................................................................................................................

8


3-тарау. Жауапкершілік................................................................................................

8


4-тарау. Қорытынды.....................................................................................................

8



Кодекс миссиясы
Іскерлік әдеп кодексі Қоғам дамуы үшін басқарушы құрал және этикалық нормалар мен Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары негізінде мүдделі тұлғалармен тиімді қарым-қатынастар болып табылады.
Біздің көзқарас
Қоғамның Іскерлік әдеп кодексі корпоративтік басқару процесі тиімділігінің жоғарылауына септеседі және мүдделі тұлғалармен сәтті өзара қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

Кіріспе


  1. Осы Іскерлік әдеп кодексі Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасы ережелеріне, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі-Қоғам) ішкі құжаттарына, соның ішінде Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленіп, іскерлік әдептің негізін қалаушы құндылықтар мен принциптерді, іскерлік өзара қарым-қатынастардың этикалық нормаларын орындайды.

  2. Осы Кодекстің мақсаты корпоративтік мәденитетті дамыту және іскерлік мінез-құлық тәжірибесін қолдану арқылы мүдделі тұлғалармен тиімді өзара әрекетке септесу.

  3. Кодексте келесі ұғымдар мен терминдер қолданылады:

  1. Іскерлік әдеп – бұл өз қызметінде Қоғам, оның лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары басшылыққа алатын этикалық принциптердің және іскерлік қатынас нормаларының жиынтығы;

  2. Лауазымды тұлғалар – Директорлар кеңесі мүшелері, Қоғамның Басқарма мүшелері;

  3. Акционерлер – Қоғам акцияларын иеленуші тұлғалар;

  4. Мүдделі тұлға – заңнамамен және жарғымен көзделген құқықтарының жүзеге асуы Қоғам қызметімен байланысты тұлға;

  5. Кодекс – іскерлік әдеп кодексі;

  6. Мүдделер қайшылығы – Қоғам жұмысшысының жеке қызығушылығы лауазымдық міндеттерін адал орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;

  7. Корпоративтік мәдениет – бұл Қоғамға тән құндылықтар, принциптер, мінез-құлық және қарым-қатынас нормалары;

  8. Корпоративтік хатшы – Қоғамның Директорлар кеңесімен тағайындалып, Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп беретін Қоғам жұмысшысы;

  9. Жұмысшы – Қоғаммен еңбек қарым-қатынасында болатын және еңбек шарты бойынша жұмысын орындайтын тұлға;

  10. Қоғам – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы.

  1. Қоғам лауазымды тұлғалармен, жұмысшылармен және мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынас кезінде, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары кезігетін стратегиялық маңызды, сонымен қатар күнделікті жағдайдағы іскерлік шешімдер қабылдау үшін осы Кодекстің ережелерін сақтап, қабылдайды.


1-тарау. Іскерлік әдеп құндылықтары мен принциптері


  1. Негізінде Қоғам қызметі қалыптасатын корпоративтік құндылықтар оның жұмысшыларының адалдығы, сенімділігі және кәсібилігі, олардың еңбектерінің тиімділігі, өзара көмек, бір-біріне, мүдделі тұлғаларға және тұтастай алғанда қоғамға деген құрметі болып табылады.

  2. Қоғам іскерлік әдептің келесі принциптерін басшылыққа алады:

адалдық;

әділдік;

ниеттілік;

ашықтық;

жауапкершілік.

  1. Қоғам барлық мүдделі тұлғалардың жоғарыда аталған іскерлік әдеп принциптерін сақтайтындығына сенеді.

  2. Өз қызметін орындау барысында Қоғам:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын, Акционерлердің жалпы жиналысын, Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімін сақтайды;

  2. адам құқықтарының сақталуын және құрметтелуін қамтамасыз етеді;

  3. әділ және адал қызмет етеді, пара және баламалы теріс іскери тәжірибеге, сондай-ақ сыйлық беру және алу тәжірибесіне жол бермейді, іскери тәжірибеде қабылданған жағдайлардан басқа (мұның өзінде сыйлықтар маңызды болмай, жиі беріліп, қабылданбауы тиіс);

  4. лауазымды тұлғалар мен жұмысшыларға адал, құрметпен және этикалық нормаларды сақтай отырып, қатынасады;

  5. мүдделі тұлғалармен барлық қарым-қатынастардың өзара тиімді болуына ұмтылады;

  6. құрмет танытып, қоршаған ортаға ұқыппен қарайды.

  1. Қоғамның этикалық нормалары іскерлік өзара қарым-қатынастардың келесі негізгі салаларын реттейді: лауазымды тұлғалармен және Қоғам жұмысшыларымен, Акционерлермен, мемлекеттік органдармен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, іскерлік серіктестермен және Қоғаммен қарым-қатынастар.

  2. Жұмыстың тиімді ұйымдасуы Қоғам және барлық мүдделі тұлғалар арасындағы өзара тиімді міндеттемелерге құрылған. Өзара міндеттемелерді сақтау – конструктивті жұмыстың қажетті шарты.



2-тарау. Іскерлік өзара қарым-қатынастардың этикалық нормалары
2.1. Лауазымды тұлғалар және жұмысшылар


  1. Қоғамның лауазымды тұлғалары және жұмысшылары қақтығыстардан қаша отырып, Қоғам және Акционерлер мүддесі үшін қажетті қамқорлық таныта отырып, кәсіби функцияларды адал және саналы орындау міндеттемесін алады.

  2. Өзіне жүктелген міндеттемелер үшін жауапкершілік Қоғамның барлық лауазымды тұлғалары мен жұмысшыларына олардың мәртебесі мен лауазымынан тыс біртекті дәрежеде тиесілі болады.

  3. Қоғамның лауазымды тұлғалары Қоғамның стратегиялық мақсаттарына жету үшін іскерлік әдептің негізін қалаушы құндылықтары мен принциптерін ескере отырып, іскерлік шешім қабылдайды және алдарына қойылған міндеттемелердің орындалуына толық жауапкершілікті жүктейді.

  4. Әрбір жұмысшы және лауазымды тұлға қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке қатынасы немесе дербес пайдасын емес, Қоғам мүддесін басшылыққа алуы тиіс.

  5. Жұмысқа қабылдаған кезде Қоғам қандай да бір белгісі бойынша дискриминацияға жол бермейді. Кадрлар таңдау және өсіру тек кәсіби қабілеттілік, білім және дағдылар негізінде жүзеге асырылады.

  6. Қоғам жұмысшылардың барлық деңгейі үшін біліктілігін көтеруге тең жағдай жасап, оқыту мен жұмысшылардың кәсіби дамуы бағдарламаларына сәйкес өзіндік білім алуға және кәсіби білім алуға ұмтылатын жұмысшыларды бағалай біледі.

  7. Қоғамның сыйақы саласындағы саясаты жұмысшылардың кәсіби сапалары мен қабілеттерін, олардың еңбектері нәтижелерін мойындауға және қызметтің өзекті көрсеткіштеріне жетуге, Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес мотивациялау мақсатында әлеуметтік пакет ұсынуға негізделеді.

  8. Қоғамның еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы саясаты өз жұмысшылары үшін сау және қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етуді және ұдайы жақсартуды көздейді.

  9. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары өздерінің жұмысқа деген қатынастары және мінез-құлқымен ұжымдағы тұрақты және позитивті ахуалдың қалыптасуына септесулері қажет.

  10. Қоғамда жеке лауазымды тұлғалар мен жұмысшыларға қандай да бір артықшылықтар мен жеңілдіктер берілуіне жол берілмейді, барлығына тең мүмкіндікті міндетті қамтамасыз ете отырып, заңды негізден басқа.

  11. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары жоғары кәсіби жұмыс үшін бар күшін салып, Қоғам мүлкіне ұқыпты қарауы және оны тиімді пайдалануы шарт.

  12. Мүдделі қақтығысына жол бермеу Акционерлер мен Қоғамның, оның жұмысшыларының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудегі маңызды шарт болып табылады.

  13. Қоғам мүдделі қақтығысы туындауынан еркін, шешімді қабылдайтын лауазымды тұлғасынан бастап кез келген жұмысшысына дейінгі осы процестің кез келген кезеңінде қабылдаған шешімі үшін жауапкершілікті жүктейді.

  14. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары өзіне де (немесе өзімен байланысты тұлғаларға), өзгеге де қатысты мүдделер қақтығысының туындауы мүмкін жағдайларға жол бермейтіндей етіп өз-өздерін ұстауы қажет.

  15. Қоғамның лауазымды тұлғаларының шешім қабылдауы ашықтық және барабарлық принциптеріне негізделуі шарт. Лауазымды тұлғалар шынайы ақпаратты бір-біріне уақытылы, құпиялылық нормаларын бұзбай, Акционерлер шешімін және Қоғамның ішкі құжаттарын ескере отырып ұсынады.

  16. Лауазымды тұлғалар Қоғаммен байланысты кез келген келіссөздердегі, келісімшарттардағы, жобалардағы, коммерциялық немесе басқа да мүдделер (тура немесе жанама) туралы немесе Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген тәртіпте басқа да мәселелермен байланысты дереу хабарлауға міндетті.

  17. Лауазымды тұлғалар белгіленген тәртіпте жұмыстың орындалуы және/немесе басқа ұйымдарда қызметті(терді) иеленуі туралы, тұрақты жұмыс орнының (қызмет, кәсіпкерлік қызмет және т.б.) өзгеруі жөнінде Корпоративті хатшыға уақытылы мәлімдеуі тиіс.

  18. Лауазымды тұлғалар уақытылы ақпараттандырып, шешімінде қызығушылықтары бар мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыспауы қажет.

  19. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары келесілерді қабылдауға құқығы жоқ:

өз қызметтік міндеттерін орындағаны үшін олар сәйкесінше қызмет атқармайтын ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақша, қызмет түріндегі және басқа да форматтағы сыйақыларды алуға;

өз міндеттерін орындаумен байланысты немесе өздеріне жұмыс бойынша тәуелді тұлғалардан сыйлықтар немесе қызметтер, жалпы қабылданған сыпайылылық және қонақжайлылық нормаларына сәйкес немесе хаттамалық және өзге де ресми іс-шаралар өткізген кездегі символикалық көңіл бөлу белгілері мен символикалық жәдігерлерден басқа.

  1. Лауазымды тұлғалар мен жұмысшыларға коммерциялық, қызметтік және өзге де заңнамамен қорғалатын құпияны жариялауға, сонымен қатар ақпаратты жеке мақсатында пайдалануға тыйым салынады. Бұл Қоғам органдары жөніндегі ішкі ережелерімен және Қоғамның басқа да құжаттарымен реттеледі.

Қоғам ғимаратындағы жұмыс кезінде лауазымды тұлғалар мен жұмысшылар Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген және қауіпсіздік режімімен және қоғамның құпия ақпаратымен жұмыс жасаумен байланысты ережелерді мен рәсімдерді сақтауы тиіс.

  1. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары:

адамның және азаматтың ары мен намысын шығу тегінен, әлеуметтік, қызметтік және меншіктік жағдайынан, жынысынан, нәсілінен, ұлтынан, тілінен, дінге қатынасынан, сенімінен, тұрғылықты мекенінен немесе кез келген өзге де жағдайлардан тәуелсіз құрметтеуі;

мемлекет символдарына – Елтаңба, Ту, Әнұранға құрметпен қарауы;

корпоративтік символикаға құрметпен қарауы;

жалпы қабылданған адамгершілік-этика нормаларын сақтауы, мемлекеттік және басқа да тілдерге, барлық халықтардың дәстүрі мен ғұрыптарына құрметпен қарауы;

сыпайы және биязы болуы;

парықсыздық пен дөрекілікке шыдамды болуы;

ұдайы жәрдем үшін алғыста болуы, толық мәнінде көрсетілмесе де;

жат пікірге мұқият болуы;

сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етуі, сөзінде тұруы;

өз қателіктерін жасырмауы (мойындауы) қажет.

  1. Лауазымды тұлғалар мен жұмысшылардың құқықтарының бұзылуына әкелетін кез келген жағдай Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес талқылануы керек.

  2. Кодекс ережелеріне қатысты және/немесе жұмыс барысында қалыптасқан этикалық сұрақ мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен өзге де заңға қайшы әрекеттер фактісі бойынша Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары корпоративтік хатшыға сәйкесінше шаралар қабылдануы үшін өзін-өзі таныстыра немесе жасырын түрде өтініш білдіруге құқылы.

Іскерлік әдеп мәселелері мен/немесе іскерлік әдеп принциптерінің бұзылу жағдайы жөнінде жұмысшылар тікелей басшылықпен талқылауы мүмкін. Егер талқылау нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданбаса, онда сәйкес мәселе жөнінде ұсыныс алу және/немесе сәйкесінше шара қабылдануы үшін Корпоративтік хатшыға хабарлау қажет.

Жұмыс орнында қалыптасқан жағдайды шешу кезінде Қоғам тексерілген мәліметтерді және сенімді ақпараттарды басшылыққа алады.

  1. Қоғам Корпоративтік мәдениет күйі және Қоғам жұмысшыларының іскерлік әдеп тақырыбында зерттеу/сұрау жүргізіп, мониторингті жүзеге асырады.



2.2. Акционерлер


  1. Акционерлердің көзқарасы әзірлену мен жүзеге асу үшін Қоғам жауапты болып табылатын Қоғам дамуы стратегиясының өзегі болып табылады.

  2. Акционерлермен өзара қарым-қатынас жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Қоғам жарғысы мен ішкі құжаттарына, сондай–ақ Корпоративтік басқару кодексі ережелеріне сәйкес ашықтық, есептілік және жауапкершілік принциптеріне негізделеді. Қоғам өзінің акционерлерімен өзара қарым-қатынас жасауда нақты рәсімдерді белгілейді.

  3. Қоғам және акционерлер арасындағы ақпарат алмасу тәртібі заңнамамен, Жарғымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.



2.3. Мемлекеттік органдар


  1. Қоғам Қазақстан Республикасының талаптарына, Қоғам жарғысы мен ішкі құжаттарына, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексі ережелеріне сәйкес тараптардың тәуелсіздігі негізінде мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады. Қоғам мемлекеттік органдар шешіміне әсер етуге жол бермейді.

  2. Қоғам мемлекеттік органдар тарапынан да, қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмысшыларының тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа және өзге де заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу үшін бар күшін салады.



2.4. Еншілес және тәуелді ұйымдар


  1. Қоғам еншілес және тәуелді ұйымдармен Қазақстан Республикасының талаптарына, Қоғам Жарғысы мен ішкі құжаттарына, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексі ережелеріне сәйкес өзара қарым-қатынас орнатады.


2.5. Іскерлік серіктестер


  1. Қоғам іскерлік серіктестермен шарт талаптарына сәйкес тиімді пайда, ашықтық және өзіне жүктелген міндеттер үшін толық жауапкершілік принциптеріне сүйене отырып өзара әрекеттеседі.

  2. Қоғам іскерлік серіктестерімен жасасқан шарт/келісімшарт талаптарын сақтап, оларға қатысты өз міндеттемелерін орындайды.

  3. Қоғам төменгі баға, жақсы сапа, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді жеткізу шарттары мен жақсы беделге ие тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсету жеткізушілерін таңдайды.

  4. Қоғам өз қызметінде іскерлік серіктестерімен негізсіз жеңілдіктер мен артықшылықтар берілуіне жол бермейді.



2.6. Қоғам


  1. Қоғам өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінеді.

  2. Қоғам әлеуметтік маңызды мәселелердің шешіміне оң ықпал етуге ұмтылады.

  3. Қоғам қоғамға қызмет етуге ұмтылады, білім және білім беру деңгейін көтеруге бағытталған бағдарламаларды және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды қолдайды.

  4. Қоғам өзін қоғамның ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, құрмет, сенім, адалдылық және әділділік принциптеріне негізделген берік қатынастар орнатуға ұмтылады.

  5. Қоғам экономикалық тиімді және мақсатқа сәйкес келгенде жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмысшылардың кәсіби біліктілігін көтеруге ұмтылады.

  6. Қоғам қоғамдық қатынастарды жетілдіру, қоршаған ортаны жақсарту және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдармен (қоғамдық, үкіметтік емес және басқа да) конструктивті қатынас орнатуға ұмтылады.

  7. Қоғам беделі күдікті заңды және жеке тұлғалармен ынтымақтасудан бас тарту міндеттемесін өзіне жүктейді.

  8. Қоғам экологияны және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастаманы қолдайды.


3-тарау. Жауапкершілік


  1. Әрбір жұмысшы өз мінез-құлқы шеңберінде этикалық нормалардың сақталуына жауап береді. Осы Кодекстің нормаларын сақтау Қоғамның барлық лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары үшін міндетті болып табылады. Осы Кодекс нормаларын бұзу белгіленген тәртіптегі жауапкершілікке әкеледі.


4-тарау. Қорытынды


  1. Мүдделі тұлғалар Корпоративтік хатшы арқылы Басқарма мүшелерінің заңсыз және әдепсіз әрекеттері жөнінде Директорлар кеңесіне хабарлауға құқылы және олардың құқықтары мұндай хабарлама жағдайында аяқасты қалмауы қажет.

  2. Директорлар кеңесі осы Кодекс ережелерін ұдайы қарастырып, жетілдіріп, оның тәжірибеде қаншалықты жүзеге асырылатындығына талдау жасайды, сондай-ақ қажет болғанда оған өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізеді.

Похожие:

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже І. Жалпы ережелері «Самұрық-Энерго»
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Самұрық-Қазына» ұлттық
Осы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитет туралы ереже «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Қазатомөнеркәсіп»
Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комиттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін бағалау туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Республикасы мойындаған халықаралық құқық және халықаралық шарт ережесі нормаларына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница