Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі




Скачать 61.65 Kb.
НазваниеТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі
Дата конвертации25.05.2013
Размер61.65 Kb.
ТипДокументы
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі
Өткен жылмен салыстырғанда Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде 2010 жылғы 01 қантарға халық саны: Герасимовка ауылы - 1329, Казачье - 366, Украинка – 694 адам тұрады.

Ұлты бойынша: қазақтар – 1140, орыстар – 1067, немістер -112 , өзбектер -28, эстондар - 9 , украиындықтар - 21 , татарлар - 6, кәрейлер - 2, мордовтар -2, тәжіктер -3, чуваштар -2, белорустар -7.

Зейнеткерлер саны – 332, ҰОС ардагерлері - 2, ҰОС ардагерлерінің жесірлері - 7, Интернационал жауынгерлер - 1, Чернобыльдықтар - 3, Тыл еңбеккерлері - 31, «Алтын алқа» - 3, «Күміс алқа» - 2, «Материнская слава» - 4, көп балалы аналар саны – 10.

Ауылдық округінде – 724 аула, оның ішінде Герасимовка – 368 аула оның ішінде 190 аула мал ұстамайды. Казачье ауылында 97 – 28 аула, Украинка ауылында 259 - 102 аула.

Округ аумағында екі орта мектеп, Герасимовка дәрігерлік амбулатория, Украинка фельдшерлік- акушерлік пункті, 14 дүкен, 2 дүнгіршек , 3 дәмхана (біреуі уақытша жұмыс істемейді), «Қазақтелеком», бір дәріхана, бір наубайхана, бір ЖҚС «Адэлия», күнбағыс майын шығаратын 3 цехі бар.

Округте екі есткерткіш бар: біреуі Украинка ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған, екіншісі Герасимовка ауылында әкімшілік алынында Кенес Одағынын батыры Төлеген Тоқтаровқа арналған, кәзіргі кезде оған жөндеу жұмыстары керек. Украинка орта мектебінде мұражайы бар.

Округ тұрғындарын, студенттерді облыс орталығына күнделікті «Украинка-Герасимовка-Өскемен» бағыты бойынша автобус және маршруттық таксимен қатынайды.

Ауылдық округінің тұрғындары электр куатымен, газбен қамтамасыз етілген.Тұрғындарды электр куатымен «Шығысэнерготрейд» Меновное ауылындағы бөлімшесі жабдықтайды.

Округте «Қазақталеком» АҚ өз жұмысын атқарады. Тұрғындар телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Абоненттердің жалпы саны- 502 адам, ішінде Герасимовка ауылында-292 абонент, Украинка ауылында-125 абонент, Казачье ауылында- 60 абонент және мекемелер мен ұйымдардың саны-24.

«Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалуына бағытталған жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта округ бойынша 2009 жылдын ақпан айында Украинка ауылында фельдшерлік акушерлік пунті жаңа ғимараты және жылыжай ашылды. Жылыжайда Украинка орта мектебінің оқушылары еңбек сабағын өткізеді.Жылыжай иесі Земляная Л.Д. мектепке спонсорлық көмек көрсетеді.

Герасимовка көшелерін жартылай жарықтандырылды (Центральная мен Школьная көшелері), Казачье ауылына 2009 жылдың 15 желтоқсанында 5 көше шамдары орнатылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып 2009 жылдың 14 желтоқсанда жаңа «Казпошта» ғимараты ашылды.

Қазіргі уақытта шаштараз және тігін цехі өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Казачье ауылында Оразаева Р. «Оразаевой» дүнгіршегі және Украинка ауылында Муканова С. «Мукановой» дүнгіршегі ашылды Герасимовка ауылында Букеева С-нің минимаркет «Береке» ашылды.

Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде тіркелген 43 жеке шаруа қожалықтары тіркелген, екі ЖШС, бір ІСТ, олар ауданның ауыл шаруашылығына қосатын үлесі көп, соның ішінде ірі шаруа қожалықтары:

«Дружба», «Щелоковского», «Торткара», «Тумар».

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер – 22139,0 га: егістік – 9841,0 га: бидай – 3139,8 га: күнбағыс – 2112,0 га: картоп – 71,0 га, жем – шөп – 3345,4 га.

2010 жылдын қантар айына округ бойынша мал саны: ірі қара - 2250 бас; қой – 2578 бас ; жылқы – 378 бас; шошқа – 840 бас; құс – 5004 .

Өткен жылғы табиғаттын қолайсыз жағдайына қарамастан округ тұрғындары өздеріне керекті жем – шөпті жинап, мал басын сақтап қалды.

Округ бойынша келесі шаруа қожалықтары: Гладышев Василий Степанович, Щелоковский Николай Алексеевич, Джанзаков Кабдулгали, Хамидов Мухомеджон, Хан Серафим, Гершвильд Иван Иванович дамып, жаңа жұмыс орын ашып, жұмыссыздық санын азайтып, аудандық бюджетін көбейтеді.

2009 жылы әлеуметтік төлем жұмыстарна 9 адам қатысты.

2009 жылы ауылдық округі бойынша 45 отбасы- 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алу үшін, 4 отбасы- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу үшін өтініш білдірді және 45 жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Жол карта» бағдарламасы бойынша дағдарыстан шығуға, жұмыссыздар санын азайтуға Саратовка ауылындағы ауыл шаруашылық колледжіне тегін оқуға: аз қамтылған, оралмандар : 4 аспазшы, 1 бухгалтер,

1 газоэлектросваршик, 13 өсімдікпен байланысатын мамандар бітірді.

Соның ішінен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Увалиева М. Герасимовка орта мектебіне аспазшы болып орналастырылды.

«Жастар іс - тәжірибе» бағдарламасы бойынша Герасимовка дәрігерлік амбулаториясында Турганбек Д. медициналық тәжірибесін өтіп, келесіде Герасимовка орта мектебіне тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Тағыда «Жол карта» бағдарламасы бойынша ЖШС «ИВА» 1 млн тенгеге Герасимовка орта мектебінің шатырын жөндеді. Жұмыссыз орталығынан 3 адам қатысты: Байдельдинов Н, Жакупбеков Д, Кляцкая Б.

«Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалуына бағытталған жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта округ бойынша 18 ден 27 жасқа дейінгі әскер қатарына шақырушылардың жалпы саны 109 адам құрайды, әскерге жарамсыздар 24 адам, әскери қатарына дайындау тобында 12 оқушы.

олар Герасимовка орта мектебінде әскери дайындық кабинетінде керекті құралдармен танысады. Офицерлер саны 6.

Округ тұрғындарын таза сумен қамтамсыз етуі 2010 жылдын «Таза су» бағдарламасына енгізілді.

Герасимовка ауылы кіреберісінде Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері бағаны орнатылды.

Ауылдық округі әкімінің аппаратында 5 мемлекеттік қызметкер өз жұмысын атқарады. Әкімшілік есебінде 2 копьютер, 2 принтер, көпфункционалдық құрылым, 1 автомобиль ВАЗ – 21214, 2007 жылғы бар.

Әкім жұмыс бөлмеінде Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасы, Туы, Әнұраны орналасқан.

Ауылдық округта Герасимовка және Украинка орта мектептері орналасқан: Герасимовка орта мектебінде жалпы жұмыс істеушілердің саны-74 адам, ішінде 43 мұғалім, 217 оқушы, ішінде қазақ тілінде оқитындар-105, орыс тілінде – 112 оқушы, дайындық тобында -29 бала, ішінде 16 бала қазақ тілінде,13 бала орыс тілінде оқиды, шағын бала орталығында-38 бала.

Украинка мектебінде жалпы жұмыс істеушілердің саны-28 адам, ішінде 18 мұғалім, 104 оқушы,дайындық тобында -10 оқушы, шағын бала орталығында-25 бала.

Герасимовка ауылдық клубында 1 кітапхана және Украинка ауылында

1 кітапхана орналасқан, жалпы 5 жұмысшы.

Герасимовка дәрігерлік амбулаториясында 1 терапевт,4 медбикелер және тіс дәрігері жұмыс істейді. Украинка ФАП–та 1 фельдшер және

1 медбике жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын өткізуге «Ұлан жастары», АНТ мүшелері, ардагерлер, әйелдер кеңесінің және “Нұр Отан” ХДП мүшелері қатысады. Бүгінгі күнде «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелер саны 124 адам.

«Нұр Отан» ХД партиясының меңгерушісі М. Ташкенбаева округке еңбек сіңірген адамдарды, жеткен жетістіктерді, учаскелік полиция инспекторы туралы аудандық «Ұлан таны» газетіне мақала жазады.

Ұлан ауданы бойынша салық басқармасымен тығыз байланыста. Тұрғындардын жергілікті мүлік және жер салықтарын жинап уақытында тапсыруын ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының «Бюджетке түсетін салық және басқа төлемдер» туралы Кодексінің орындауы барысында 2009 жылы округ бойынша салық төлемдері:


Салықтар

Жоспар

Нақты


Мүлік

168064,0

168064,0

Жер

472132,0

473969,0

Автокөлік

1300000,0

1326383,0

Бір жолғы талондар

76000,0

76777,0


Өткен жылғы байқауға алған ұсыныстар және ескертулер уақытында орындалды. Сонын ішінде Ертіс өзенінің бойынындағы рұқсатсыз ағаш кесуі қадағаланды. Округ орманшысы Қожағалиев Т. тұрғындарға кепкен бұтақты кесуге 30 билет жазып берді.

Қазіргі уақытта әлі шешілмеген сұрақтар: Герасимовка және Украинка ауылдары көшелерін жарықтандыруы, Украинка ауылында жастар және жас өспірімдер арасында салауатты өмір сүру және спорты насихаттау үшін спорттық залын салуды ұйымдастыруы; «Украинка – Герасимовка – Өскемен» арлығында жүретін автокөлік бағасын азайтуын қамтаммасыз ету.
2010 жылға жоспарланды:
Украинка ауылында шағын сауда орынын ұйымдастыру;

Су пайдалану ұйымын құру;

Герасимовка ауылынын зиратын қоршауын аяқтау;

Округті көгалдандыру мен көріктендіру.

Округ жолдарын, көшелерін жөндеу.

Өз сөзімді аяқтай келе, округ әкімі аппараты тұрғындарынын қолдауымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет тапсырмаларын орындауға бар күшімізді саламыз.

Округ әкімі В. Клиновицкий

Похожие:

Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі

Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconҚұрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconАлмасай ауылдық округінің 2009 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар ! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі»
...
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconАлмасай ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар ! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі»
...
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconБозанбай ауылдық округінің әкімі А. М. Сембаевтың Бозанбай ауылдық округі тұрғындары алдындағы 2009 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Здеріңізге белгілі 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда....
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconАлмасай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті жерлестер! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстар жайындағы есебі»
...
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі iconАқкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі
Стік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат, және Присовхозный ауылдары кіреді. Жалпы тұрғындар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница