Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009




НазваниеАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
страница1/4
Дата конвертации05.11.2012
Размер0.5 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4
ӘОЖ 94 + 32] (574) (092) Қолжазба құқығында

Тұрғараева Гүлфара Махамбетқызы
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ( 1872 – 1937 жж. )
07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы )


Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


авторефераты




Қазақтан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды.


Ғылыми жетекшісі:

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Мажитов С.Ф.



Ресми оппоненттер:

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Қойгелдиев М.Қ.
тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент Жүгенбаева Г.С.



Жетекші ұйым:

С. Торайғыров атындағы Павлодар

университетінің «Тарих, археология

және этнология» кафедрасы.



Диссертация 2009 ж. «26» қарашада сағат 14-30 да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады.

Автореферат 2009 ж. « » таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы А.Т.Қапаева

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын құрбан еткен азаматтардың ұлт-азаттық қозғалысының тарихын қайта қарап, шынайы түрде «ақтаңдақтардың» бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзат баласы өткен тарихын жадында сақтап, одан сабақ алуы қажет. Еліміздің зиялы қауымының жиынында елбасымыз қазақ елінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, әрбір азамат тарихтың өткеніне үңіле қарау арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деп, қоғамдық ғылым салаларына, соның ішінде тарихшыларға зор міндеттің жүктеліп отырғандығын атап көрсетті. Кеңес үкіметінің тұсында қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағыдай, қоғамда шектен тыс шыққан үгіт-насихаттың арқасында зерттеушілерімізді қате пайымдаулар мен сыңаржақ тұжырым жасауларына итермеледі.

Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да тарихтың бұл беттерін қайта қарастырып, әлі де болса қолданбай келген мұрағат құжаттары арқылы жаңа шынайылық көзқараспен сынай отырып, қазақтың «қырық төресінің» бірі Ахмет Байтұрсыновтың Ресей патша үкіметі, Кеңес үкіметі тұсындағы қайраткерлік өмірі мен қоғамдық-саяи және мемлекеттік қызметтері туралы тарих саласында осы кезеңге дейін толық, арнайы түрде ғылыми тұрғыдан зерттелмеген тұстарын кешенді түрде ашып көрсету тақырыбымыздың өзектілігі болып отыр.

А. Байтұрсынов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы тарихында ерекше орыны бар аса ірі саяси қайраткер. Ол өзінің орасан зор ерік-жігерімен, ірі ұймдастырушылық қабілетімен, саяси оқиғаларға көзқарасының тұрақтылығымен зор беделі мен құрметке ие болды. Теориялық жағынан жетік болғандықтан, өз қызметінде таптық белгілерден гөрі ұлттық ұстанымды ұстанды.

А. Байтұрсыновтың есімі Алашорда үкіметімен тығыз байланыста болғандықтан, оның қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін зерттеудің қиыншылығы да аз емес. Себебі зерттеу нысанасының ауқымы өте кең әрі тым қайшылықты. Сол себептен қайраткердің өмір сүріп, қызмет еткен кезеңдегі аса күрделі тарихи құбылыстар мен саяси оқиғаларға барынша терең үңілуге тура келеді. А. Байтұрсынов 1905 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (1937 ж.) саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, сол үшін 1907 жылдан бастап қуғынға ұшырап, бас бостандығынан айырылып, кейін Қазақ даласынан тысқары жерлерге жер аударылады және оған «саяси сенімсіз» деген айдар тағылып үнемі патша үкіметінің бақылауында жүрді.

1913 жылдан бастап «Қазақ» атты апталық газетін ұйымдастырып, осы газет арқылы саяси үгіт-насихатқа өзі жетекшілік етіп, айналасына қазақ зиялыларын топтастыра білді. Отарлық езгіге қарсы ірі саяси оқиғаның бірі – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында қазақ халқын аман-сау сақтап қалудың жолдарын іздеп, патша үкіметі мен халықтың арасында ымырагершілік саясатын ұстанды. Саяси саутты, мол тәжрибе жинақтаған А. Байтұрсынов осы тұста газет арқылы халықтың «һәм құлағы, һәм көзі» және нағыз жанашырына айналды.

Қарастырып отырған тақырып отандық тарихымыздың күрделі саяси кезеңдерімен және барлық саяси оқиғалардың арасында біте қайнасып жүрген А. Байтұрсыновтың өміріне, сол арқылы саяси көзқарастары мен мемлекетте атқарған қызметтерін ашуға арналған. Ол ХХ ғасырдың бірінші жартысында өзіндік орны бар аса ірі саяси қайраткер. Ресейлік патша үкіметінің тұсында «саяси сенімсіз» адамға айналса, ал Кеңес үкіметі тұсындағы тоталитарлық жүйе қазақ мемлекет қайраткерлері мен зиялыларын «оңшыл», «ұлтшыл», «байшыл», «пантюркист», «төңкеріске қарсы шығушылар» деп айыптап, қоғамнан аластатып, «халық жауы» айдарымен тарих бетінен өшіргісі келседе, А. Байтұрсыновтың өмір жолының тарихы, саяси күресі мен мемлекеттік қызметі арқылы жеке тұлға ретінде қарастыру зерттеу жұмысымыздың басты өзектілігіне айналды. Сол себептен де, зерттеу жұмысымызда ХХ ғасырдың басындағы саяси ең өзекті мәселелерге белсене араласып, ұлт мүддесі үшін құрбан болған А. Байтұрсыновты мемлекетіміздің аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері сондай-ақ жеке саяси тұлға ретінде қарастырып, оның қызметінің тарихын ғылыми тұрғыдан терең жан-жақты зерттеп, барлық қырынан толық кешенді түрде баяндау арқылы ашып көрсетуді көздедік.

Сонымен қатар қарастырылып отырған зерттеу тақырыбы тарихи-танымдық және тәжрибелік тұрғыдан да сұранысқа ие екендігі айшықталды.

Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі. Мемлекет және қоғам қайраткері А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі отандық тарихымызда ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу нысанасына алынып қарастырылған емес. Ұлт зиялысының өмірбаяны мен шығармашылығына, оның қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметіне қатысты өз тұсында жарық көрген мерейтойлық құттықтау мақалалар, өмірбаяндық очерктер, энциклопедиялық баяндамалар, сондай-ақ библиографиялық басылымдарда тарихи тұлға туралы қысқаша мәліметтер берілген. 1988 жылы 4-ші қарашада Қазақ ССР-ң Жоғары Сотының шешімімен А. Байтұрсынов ресми ақталғаннан кейін көптеген мақалалар қайраткердің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі мен шығармашылығына арналған және содан бері көптеген диссертациялық зерттеулер мен жинақтар жарық көрді.

А. Байтұрсыновтың қызметін зерттеуге арналған еңбектерді негізінен бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Алдымен төңкеріске дейінгі кезеңге, яғни 1905 жылы Қарқаралыда Қоянды жәрмеңкесінде Ресей патша үкіметінің атына хұзырхат (петиция) жазудан басталып баспасөз арқылы бұхараға мәлім болады, патша әкімшілігінің арасында «саяси сенімсіз» адамға айналады. Бұл хат қазақ халқының тарихындағы ең ірі, саяси маңызы зор құнды құжат болып табылады. Ресей патша үкіметіне оппозициялық көңіл-күйде тұрған Петербургтік халықшылдар тобы шығарған либералдық бағыттағы «Сын Отечества» [2] газеті 1905 жылы 4 қазанда тұңғыш рет Қарқаралы оқиғасы туралы көлемді мақала жариялады. Онда қайраткердің жазықсыз патша түрмесінде отырғандығын мәлімдеп, Крыловтың 40 мысалын қазақ тіліне аударып және оған 4 қатар шумақ ретінде түсіндірме бергендігін баяндай келіп, түрмеден босатуды талап еткен.

Кеңестік дәуір кезеңіне, яғни ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Кеңестік үгіт-насихат арнасында жарық көрген тарихи-саяси әдебиеттерде, баспасөзде А. Байтұрсыновтың қызметіне «буржуазияшыл», «байшыл», «ұлтшыл» деп біржақты теріс баға берілді. Аталған ғасырдың 30-шы жылдардың басынан бастап 80-шы жылдың аяғына дейін бұл тақырыпты нақты тарихи тұрғыдан зерттеуге ресми үгіт-насихат қарсы болып, тыйым салды. Оның аты мен қызметі тек тап жауы ретінде қарастырып, оны «халық жауына айналдырды».

Қазіргі кезеңде, тек 1990 жылдың басында ғана тарихи шындықты қалпына келтіруге бағытталған зерттеулердің жарық көре бастауымен ерекшеленеді.

А. Байтұрсыновтың тарихнамасы негізінен ХХ ғасырдың басында басталған болатын Алғашқылардың бірі болып Байтұрсынов туралы мәлімет берген еңбектердің қатарына М. Дулатов, М. Әуезов, Т. Шонанов, С. Сейфуллин болды. Ал өзге ұлт өкілдерінің арасында А.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен ғылыми, шығармашылық еңбектерінен мәліметтер берген А. Кононов және т.б. болды [1]

20 жылдың соңы мен 30 жылдың басында жарық көрген зерттеу еңбектері қоғамдық-саяси оқиғаларды таптық көзқараспен бағалап, тарихи оқиғаларды бұрмалауға кеңінен жол ашты. Тарихи танымдағы бағыттар кеңестік жаппай ұжымдық тәртіпті орнатуымен мемлекеттік сипат алды. Солардың қатарына А. Байтұрсыновтың саяси қызметін, ұлт мүддесін қорғаудағы ой-пікірлері, ұсыныстары мен оны жүзеге асыру үшін жүргізген қоғамдағы саяси күресі - «байтұрсыновшылдық» деп таңбаланды. Негізінен сол кезде «байтұрсыновшыл», «рысқұловшыл», «садуақасовшыл», «ходжановшыл» дегенді ең алғаш ресми түрде қолданғандар – В.В. Куйбышв, И.Е. Любимов және Н. Төреқұловтар болды. Жалпы, А. Байтұрсыновпен қызметтес болған замандастарының осы бір «байтұрсыновшылдық» туралы жазбағаны кемде-кем. Солардың ішінде А.Байтұрсыновтың қоғамдағы саяси қызметін барынша теріс түсіндіруге тырысқан, «байтұрсыновшылдық» деп айыптаушылардың алғашқыларының бірі Ғ. Тоғжанов болды. Ол «О Байтурсунове и байтурсуновщине» [2] атты өз еңбегінде А. Байтұрсыновты Ресейлік патша үкіметінің «үгіт-насихатшысы» деп айыптап, бүкіл еңбегін теріске шығарған.

ХХ ғасырдың 40-70 жылдары М.С. Сапарғалиев және А.С. Елагиннің [3]. зерттеген еңбектері ұлт зиялыларының қазақ қоғамын саясаттандырудағы іс-шараларын Қазақстандағы Кеңес төңкерісінің жеңістерімен байланыстырып салыстырмалы түрде көрсету арқылы, ұлт-азаттық қозғалыс, оның ішінде қазақ мемлекетін құру мәселесіне арналған. Бұл жарық көрген еңбектердің ерекшелігі пролетариат пен еңбекші бұқараның ұлт-азаттық қозғалысындағы тізе қосуымен қатар панисламдық, тантүріктік мәселесі де қоса қарастырылған.

1980 жылдың соңында басталған қоғамдағы демократиялық жаңарулар және Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігіне қол жеткізуінің нәтижесінде Отандық тарих ғылымы ескі методологиялық ұстанымдардан арылып, жаңа бағытта дамуына мүмкіндік алды. Соның басты нәтижесі – кеңестік жүйе тұсында бұрмаланып, біржақты қаралған тарихи әлеуметтік-саяси үрдістерге деген көзқарас тарихшы-зерттеушілер тарапынан терең көңіл бөлініп, мүлдем жаңа сипат алып, шынайы тұрғыдан қарастырыла бастады. Отандық тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеген еңбектер жарық көре бастады. Соның айғағы, А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметі мен өмірі өз мәнінде зерттеле бастады. Баспасөз беттерінде тарихшылар, тілшілер, әдебиетшілер А.Байтұрсыновтың қоғамдық болмысының бір қырын ғана танытатын мақалалар жариялады. Олардың басым көпшілігі Р. Сыздықова, Ә. Шәріпов пен С. Дәуітов [4] еңбектерінде қайраткердің әдеби-шығармашылық мұрасы мен ағартушылық-ғылыми қызметіне, ақындығына арналған.

1990 жылдардың басында қазақ зиялы қауымдарының өмірі мен атқарған қызметтерінің тарихын қайта зерттеу мәселесі көтерілгенде Қазақстандық ғалымдар ұлт-азаттық қозғалысы, соның ішінде Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің ұлттық мемлекеттік құрылым ретіндегі қызметін және ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздік жолындағы қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметтерін талдап көрсететін іргелі зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазды. Олардың қатарына М.Қ. Қозыбаев, М.Қ. Қойгелдиев, С.Ф. Мажитов, Д..Аманжолова [5] еңбектері жатады.

Әр саладағы ғалымдардың түрлі ғылым саласы бойынша кандидаттық зерттеу жұмыстарының қатарына мысалы, филологиядан Б. Момынова, журналистикадан Қ. Сақов, педагогикадан Б. Иманбекованың[6] еңбектері жатады. Аталған еңбектерде қайраткердің педагогика, журналистика саласына қосқан ой-пікірлері мен тәжрибесін жан-жақты зерттеп талдауға алғандығын көрсетіп отыр. Тарих саласы бойынша Қ. Атабаев және А. Мұсағалиева [7]. зерттеу еңбектерінде мұрағаттық түп-деректерге сүйене отырып қайраткердің Алаш қозғалысы тұсында өзге де зиялылармен қоса атқарған қоғамдағы саяси және публицистикалық қызметін баяндай келіп, Халық Ағарту Комиссарларының қызметін талдай отырып А. Байтұрсыновтың да қызметін мұрағат деректеріне сүйеніп біршама қарастырған.

Философия ғылымы саласы бойынша Қ. Әшкееваның «Ахмет Байтұрсыновтың философиялық көзқарасы» [8] атты еңбегі қайраткердің дүниетанымының қалыптасуы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясына қосқан үлесі мен оған тигізген әсерін қарастырған. Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстарының арасында қайраткердің өмірбаянына, соның ішінде күні бүгінге дейін көп талас-тартыс туғызып келген тарихи оқиға – А. Байтұрсыновтың шын мәнінде туылған жылы, күні және айы болатын. Осы мәселеге байланысты Р. Имаханбетова [9] мұрағат деректеріне сүйене отырып, бұрын аса көп көңіл бөлінбей, назардан тыс қалған бірнеше мұрағат құжаттарын талдап, зерттеу жұмысында пайдаланып оның ғылыми құндылығын арттырды. Бізде өз жұмысымызда сол мұрағат деректерін пайдаландық және Р. Имаханбетованың жұмысы талдау жұмысымызға тірек болды.

Тәуелсіздік жылдары зерттеуге алынған өзекті тақырып бойынша халықаралық, республикалық дәрежеде зерттеулердің тәжрибелік негізгі ұстанымдарын белгілеген ғылыми теориялық және тәжрибелік конференциялар, пікір алысуға арналған дөңгелек столдар ұйымдастырылды. Оларда Алаш қозғалысы қайраткерлерінің, соның ішінде А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметіне арналған мәселелерді қарастырды. Солардың нәтижесінде оның қызметіне баға берілді.

Осылайша отандық тарих ғылымында А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінің жеткілікті түрде зерттелмегендігін көрсетті. Дегенмен А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі бірқатар ғылыми зерттеулерде қамтылған. Алайда, Алаш көсемінің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ғылыми еңбектерде толық көрініс тапппаған. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып арнайы зерттеу нысанасына аланбағандығына көз жеткіздік. Осыған орай зерттеуіміздің мынадай мақсат міндеттерін айқындауға болады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе әдейі бұрмаланған тұстарын тың деректерге сүйене отырып тарихи шындық тұрғысынан зерттеу оның шынайы келбетімен қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:

- А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі жайында бұрын жарияланбаған құжаттар мен деректерді ғылыми айналымға енгізу;

- Қайраткердің қоғамдық, саяси, мемлекеттік және ғылыми қызметіне қатысты барлық зерттеулерді, мұрағат құжаттары мен басқа да дерек көздерін жаңа заман талаптары тұрғысынан саралап, ол туралы баға берген еңбектерді талдап, қарастыру;

- Саяси көзқарасының қалыптасуына тигізген оның өскен ортасының әсерін анықтау;

- Білім алған орны мен ағартушылық қызметінің саяси күрестегі орыс зиялылары арасындағы арақатынасын салыстыру арқылы оның дүниетанымын, саяси көзқарасының өсуінің ішкі мазмұнын, табиғатын ашу;

- «Қазақ» газетін ұйымдастырып, сол арқылы атқарған қоғамдағы саяси үгіт-насихаттық күресін айқындау;

- А. Байтұрсыновтың қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілісі мен Ақпан төңкерісі тұсында ұстанған саяси бағытын, оның себеп-салдарын, майданға байланысты қара жұмысқа еріксіз алынған қазақ жастарына көрсеткен қызметіне баға беру;

- Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін орнатуда, ұлттық тұтастыққа қол жеткізу жолында жүргізген саяси күрестерінің бағыттарын ашу;

- Кеңестік билік тұсында атқарған мемлекеттік, қоғамдық-ағартушылық және ғылыми қызметтерін бағамдау;

- А. Байтұрсыновтың тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргініне ұшырауын деректер негізінде дәйектеу.
  1   2   3   4

Похожие:

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Сыр бойы ақын-жыраулары тіліндегі көнерген аталымдардың функционалды-семантикалық сипаты
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница