Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009




НазваниеАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
страница3/4
Дата конвертации05.11.2012
Размер0.5 Mb.
ТипАвтореферат
1   2   3   4

«Ахмет Байтұрсыновтың Кеңестік жүйе тұсындағы мемлекеттік қызметі» атты екінші тарауда Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетіндегі қызметі (1919-1920 жж.), ағартушылық және ғылыми жұмысы (1920-1929 жж.), кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны (1929-1937 жж.) болғаны туралы айтылады.

1919 жылдың 24 шілдесінде Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Ленин Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі әскери төңкерістік комитетінің бірінші жауапты орынбасары және ішкі істер бөлімінің меңгерушісі етіп А. Байтұрсыновты бекітеді [16, 4-п.арт.]. Осы кезден бастап А. Байтұрсыновтың Кеңес үкіметі тұсындағы қызметі басталады. Торғай облыстық Кеңесінің ұйғаруымен 1919 жылдың мамыр айында А. Байтұрсынов Ә. Жангелдинмен бірге большевиктермен қоса өтетін келіссөзге қатысу үшін Мәскеуге аттанған. Мәжіліске қатысушылар Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитетін құру туралы уақытша Ережеге қажетті өзгерістерді енгізіп толықтырған. Құжатқа В.И. Ленин 1919 жылдың 10 шілдесінде қол қойып, оны Халық Комиссарлар Кеңесінің декретінде бекіткен. Аталған мәліметтер жайында Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің хаттамалары растайды [17]. 1919 жылдың 24 шілдесінде А. Байтұрсынов В.И. Лениннің қабылдауында болып Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің мүшелігіне қабылданғандығы туралы мандатын алғаннан кейін Кеңес үкіметіне адал қызмет етуге уәде берген [17, 5-п.]. Кеңес үкіметі басшысы алдында А. Байтұрсынов өзінің көзқарастарын еркін жеткізіп дәлелдей алғанын В.И. Лениннің тікелей басшылығымен шыққан қаулыны мына бір дерек айғақтайды: «Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің шешімі бойынша бұрынғы Алашорда мүшелері Кеңестік қызметке жіберілді және бұрынғы қызметіне байланысты оларды қудалауға тыйым салынады» [18] деген. А. Байтұрсынов комитеттің шаруасымен В.И. Лениннің алдында 1919 жылдың 9 желтоқсанында екінші рет қабылдауында болып, Қазақ өлкесінің саяси-экономикалық жағдайын баяндаған.

А. Байтұрсынов өзіне берілген құқықтарды пайдалана отырып, қазақ өлкесінде жүріп жатқан Азамат соғысын тоқтату үшін біраз әрекеттер жасаған. Соған байланысты, ол өлкедегі барлық ұйымдастыру мәселелерін қазақтың оқыған зиялы азаматтарын комитетке тарту арқылы шешуді көздеген. 1919 жылы 12 қыркүйекте Орталық Кеңес үкіметі Қырғыз (қазақ) төңкерістік комитетінің құрамында жеті азамат болсын деп шешті. Құрамға енген азаматтардың ішінен комитеттің бірінші жауапты орынбасары және ішкі істер бөлімінің меңгерушісі етіп А.Байтұрсыновты сайлаған [19].

Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің 1919 жылы 41, ал 1920 жылы 50 мәжіліс отырысы өтіпті. Бұл жайында аталмыш комитеттің хаттамалары растайды. Бүгінгі күні осы екі жылда өткен мәжіліс отырысының 91 хаттамасынан бізге жеткені 89-ы ғана. Аса құнды деген екі хаттама осы күнге дейін табылмаған. Аталмыш комитет мәжілістерінің деректеріне жүгінер болсақ, онда А. Байтұрсыновтың сол мәжілістердің басым көпшілігінде баяндамалар жасағаны, жарыссөздерге қатысқаны, ұсыныстар енгізгені, қабылданған қаулылар мен шешімдердің жобасын дайындағаны, сондай-ақ жекелеген мәжіліс отырыстарында төрағалық жасағаны анықталды. Бұл жайында Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитеті отырыстарында толтырылған хаттамалар тізбегінен мәлім болды. А. Байтұрсыновтың атқарған сан-салалы қызметтерінің ең маңыздыларының бірі болып Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің мәжілістерінің көбінде Ресей құрамында құрылуға тиісті болған Қазақ Автономды Кеңестік республиканың шекараларын анықтауға, оның әкімшілік аймақтық құрылымын қалыптастыруға, оқу-ағарту, мерзімді баспасөз жүйесін қалыпқа келтіруге, ұлттық демократиялық зиялылар тағдырын шешуге арналған мәселелерді талқылау ісінде табандылық көрсеткені белгілі болды. Соларға байланысты ұлттық мақсат мүдделерге сай келетін қаулы-қарарлар мен заңдық мәні бар құжаттарды қабылдауда табандылық көрсетіп отырды.

А. Байтұрсынов 1920 жылдың сәуірінде сол кездегі Кеңес үкіметінің әскери және саяси қызметкері М. Фрунзенің ұсынысымен коммунистік партияның мүшелігіне өткен. Бұл туралы А. Байтұрсынов 1929 жылы 2 маусымда Біріккен саяси Бас басқарманың тергеушісіне берген жауабында: «1920 жылы Орынбор қаласында Фрунзе жолдас менің ВКП(б) қатарына өтуіме ұсыныс жасады» деген.

1920 жылдың 16 маусымында «Түркістанның бұратана коммунистерінің өкілдері» деп Т. Рысқұлов, Ф. Ходжаев; Башқұртстаннан З. Валидов; Қазақстаннан А. Байтұрсынов қол қойып, 1919 жылы 20 желтоқсанда В.И. Ленинге хат жазған.

А. Байтұрсынов Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитеті арқылы қазақ халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтарына қол жеткізуі үшін, қазақ жерлерінің бір тұтастығы үшін күресіп, оны аймақтық шеңберде сақтап қалды. Қырғыз (қазақ) төңкерістік комитеті құрамының әркелкілігіне қарамастан, зор ыждағаттылықпен, терең білімділігімен, өмірден алған мол тәжрибесінің арқасында комитет жұмысын қалыпты бір жүйеге түсірді.

Халық Ағарту Комиссариаты 1920 жылы құрылып, оған ұлт зиялыларының белсенді тобы тартылғандығы туралы мұрағат құжаттары мәлімдейді. Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариаты 1920 жылдың қазан айында Қазақ әскери-төңкерістік комитеті халық ағарту бөлімінің негізінде құрылып, оның тұңғыш комиссары етіп А. Байтұрсыновты тағайындаған [20]. А. Байтұрсынов комиссариаттың барлық мәжілістерінің төрағасы болып, оған өзі тікелей басшылық етті. Комиссариаттың негізгі басты міндеті мен қызметі республикада сауатсыздықпен күресіп, оны жою болғандықтан комиссариат қызметін бөлімдерге бөліп, бір жүйелі қалыпқа түсірді. А. Байтұрсынов комиссариат құрылған күннен бастап РСФСР Халық Ағарту Комиссариатымен тығыз байланыста болып, бағыт-бағдар мен көмек алып тұрған. Білікті, тәжірибелі және қажетті мамандардың алғашқы кезде жоқтығына байланысты А. Байтұрсынов комиссариат қызметкерлерінің алғашқы легін Мәскеуге оқуға жіберген, сондай-ақ Орынбор, Самара, Ташкент қалаларына 10 адамды педагогтік курсқа жіберіп, оларға комиссариат жанынан 480 сом ақшалай стипендия төлеген [21].

А. Байтұрсынов республикадағы мектептердің әр түрінің көбеюі мен оқушылар санының өсуіне зор жағдай жасап, оны өзінің қатаң бақылауында ұстаған. Қазақ мұғалімдерінің қатарын толықтыру үшін жаңа мұғалімдерді дайындау мен қатар байырғы мұғалімдердің өздерін қайта дайындықтан өткізіп, білімдерін жетілдірген. Осы мақсатта уездер мен губерниялардың бәрінде қысқа мерзімді және екі жылдық мұғалім дайындайтын курстарды ашты. Бұл курстарға қазақ жастарын көптеп тартып, оларға стипендия төлеген.

Ауыл мәдениетінің кенжелеп қалғанын ескерген А. Байтұрсынов Комиссариат нұсқаушыларын шалғай ауылдарға іс сапармен мектептер, сауат ашатын орындар мен қызыл отауларды ашуға жіберген. А. Байтұрсыновтың басшылығымен комиссариат педкурстардың қызметі мен жағдайын зерттеу үшін анықтама парақшаларын жіберіп, бірінші басқыш мектептерінің мұғалімдерін дайындау үшін ашылған қысқа мерзімді 4 айлық педкурстар мен мектеп нұсқаушыларының 2 айлық курстарының бағдарламалары мен есеп жүйесін жасаған. Мамандардың тапшылығына байланысты А. Байтұрсынов Халық Ағарту Институттары мен педагогтар дайындайтын арнаулы орта оқу орындарын ашқан. 1921 жылдың бірінші шілдесіне қарай республикада төрт Халық Ағарту институтын іске қосты.

А. Байтұрсынов 1920 жылы Орынборда ашылған үлгі-тәрбие мектеп-коммунасының жанынан интернат ашқан. Алғашқы жылдары бұл бастауыш мектеп болды, кейін оны жеті жылдық үлгі-тәрбие мектебі етіп қайта құрды. Оны ауыл шаруашылығына бейімделген үлгі-тәрбие мектебіне айналдырған. Мектепті Академиялық Орталықтың тәжірибелік жұмыс орталығына айналдырады. Мектеп-коммунасында қазақ кедейлерінің, Қызыл Әскердің, кем-тар адамдардың балаларын 10 жастан қабылдап оқытқан. Ал жетім балалар мектептің интернатында ешбір ақысыз оқып, үкімет қамқорлығында болды.

1920 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиумының мәжілісі А. Байтұрсыновқа жіберген қатынасында РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы құрамы аз ұлттарды ағарту бөлімі Қазақ Республикасын мекендейтін халықтардың мәдени-ағарту қызметі туралы очеркін құрастыруға қатысуын міндеттейді. Бұл тапсырманы орындауда Орталық Атқару Комитеті Комиссариаттардың өкілдерінен тұратын арнайы құрылған комиссияның мүшесіне А. Байтұрсыновты енгізеді. Президиум алдындағы жауапкершілікті Халық Ағарту Комиссары А.Байтұрсыновқа жүктеген. А. Байтұрсыновтың ыждағатты бақылауының арқасында не бары үш ғана оқулық - әліппе, грамматика, арифметика оқулықтары шықты, бұлардың жалпы таралымы 178 мың дана ғана болды. Бұл оқулықтардың бір бөлігі Қазақстанда, бір бөлігі Қазанда басылды. Басылған оқулықтардың таралымы аз болғандықтан, мектептердің болмашы қажеттігін де өтей алмаған.

Халық Ағарту Комиссариатының қызметі 1921-1922 жылдардағы аштық кезеңіне тап болғандықтан, комиссариаттың жергілікті орындармен байланысы үзіліп, Өлкедегі ағарту жұмысына басшылық ету күн өткен сайын қиындай түскен. Қаржы-қаражат пен басқа да қажеттіліктердің жетіспеуі өсіп келе жатқан мектеп жүйесінің қарапайым сұраныстарын қанағаттандыра алмаған. Орныққан жағдайдан шығу үшін А. Байтұрсынов комиссариаттың жергілікті бөлімдеріне арнап қабылдаған қаулысында аштыққа ұшырағандарға көмек көрсетуге шақырған.

Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариатының жанынан арнаулы ғылыми бөлім – Академиялық Орталық болып 1923 жылы қайта құрылды. Ғылыми мекеменің төрағасы етіп А. Байтұрсыновты бекіткен. Бұл мекеменің басты қызметіне – халық ағарту ісінің өзекті мәселелерін шешумен қатар ғылыми мәселелерге басшылық жасап, олардың жұмысын бір-бірімен байланыстыру арқылы реттеп отырған [22, 38-п.]. Академиялық Орталық теориялық және бағдарламалық жалпы басшылық орталығы» болып қалыптасты. Академиялық Орталықтың кезекті отырысында Өлкені жаппай жайлаған ашаршылықпен күресу үшін «Ашаршылықпен күресу» комитетін құрады. Бұл комитет Академиялық Орталық қызметкерлерінің күшімен концерт ұйымдастырып, оқыған лекцияларында аштан аман қалу үшін көктемгі-жаз айларында сүйрік, борық, буылдық, қарға тұяқ тағыда басқа өсімдіктердің тамырларын қорек етуге болатыны айтылған, «Ашаршылықтың қасіреті» атты сурет көрмесін ұйымдастырып түскен қаржыны ашыққандар қорына жіберген және Орталық Өлкелік мұражай көрме ақысын 1000 сомға көтерген, бір айда мұражайға орта есеппен 1000 адам келген екен, содан түскен 1000000 сом ақшалай қаражатты ашыққандар қорына аударған, ал Физика-медициналық қоғам бірнеше құнды лекциялар оқып, халық арасында жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын үйреткен.

1923 жылы А. Байтұрсыновтың 50 жылдық мерей тойын атап өту туралы Халық Ағарту Комиссариатының Коллегиясы қаулы қабылдап, оны РКП(б) Қазақ облыстық комитеті Президиумының мәжілісіне ұсынып, қолдауды сұрайды. Партия комитеті бұл іс-шараға өзінің тікелей қарсылығын ашық көрсетпесе де, бірақ мерей тойға Кеңес органдары атынан жеке жауапты етіп С. Сейфуллинді тағайындайды [23]. Мерей той Ташкент қаласында өтіп, оған жан-жақтан оқыған зиялы қауым жиналды, яғни қазақ, қырғыз, түрікпен, башқұрт, өзбек, тәжік, ноғай, орыстар.

1929 жылы мамыр айының соңы мен маусымның басында Қызылорда қаласына А. Байтұрсынов іс сапармен келеді. Оның негізгі қызметі қазіргі Абай атындағы педагогикалық ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиетінің профессоры болып жұмыс істеген, отбасы Алматы қаласында болған. Оны Қызылордаға Өлкелік Атқару комитеті ұйымдастырған Өлкетанушылардың құрылтай кеңесіне қатысуға шақырған болатын.

Деректер бойынша А. Байтұрсыновты қамауға алынсын деген № 143 ордер 1929 жылы 28 маусымда шыққан, бірақ шындығында оны сол жылдың 2 маусымында алғаш рет тұтқындап Қызылорда қаласының түрмесіне қамаған. Бұл хабарды университеттің ректоры Санжар Асфендияровқа арнайы қатынаспен жіберген.

1929 жылы маусым айының аяғында айдаумен А. Байтұрсыновты Алматы қаласының түрмесіне құпия түрде этаппен алып келген. В.И. Лениннің өзі қол қойған Қазақ өлкесін басқаратын әскери төңкерістік комитеті төрағасының бірінші жауапты орынбасары болғанын және Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің мүшелеріне кешірім жасалғанын айтқан. Жоғарғы Коллегия ұлт зиялысының кешірім хатын қайта қарап, 1931 жылы 13 қаңтарда бұрын шыққан үкімді бұзып, өзгерткен. «Өлім жазасына кесілген А. Байтұрсынов қамауға алынған күннен бастап 10 жыл концлагерде отыруға үкімі ауыстырылсын. Дүние-мүлкі кәмпескеленсін. Отбасы жер аударылсын» [24, 442-п.] деп Сібірге жер аударумен алмастырған. Он жылға жер аударылған А. Байтұрсынов Архангельск қаласындағы концлагерге 1932 жылдың қарашасында келіп түседі. Мұнда келгенде қайраткер көп азапты шегіп, халі өте қатты нашарлаған.

1937 жылы Алматы көшелерінде Біріккен саяси Бас басқарма бастығы И. Ежовтың шашы тікірейіп, оң қолын жоғары көтеріп, әрбір саусақтарының басында мойындары қылтиып тұрған «халық жаулары» бейнеленген сурет-плакаттар А.Байтұрсыновтың тұрған үйдің де қабырғасына ілінеді. 1937 жылы 8 қазанда оны қайта тұтқынға алады. А. Байтұрсыновты 1937 жылы 8 қазанда Алматы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті үйінің астындағы жертөлеге әкеліп 7 камераға қамаған, бұл жолы «Жапон тыңшысы болған әйелмен астыртын байланыс жасаған» деп айыптаған. Шындыққа ешбір жуыспайтын айыпты басшылыққа алып 1937 жылдың 25 қарашасында Алматы облыстық ішкі істер халық комиссариаты үкім шығарып ату жазасына кеседі. Үкім 8 желтоқсан күні 1937 жылы орындалған. Бұдан кейін, біраз атылған қазақ ұлтының зиялы ұлдарын Алматы облысы, Іле ауданына қарасасты Жаңалық деген елді мекен жеріне апарып көмген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, ел басымыздың жарлығы бойынша, ұлтымыздың зиялы ұлдарына мәрмәр тастан үлкен ескерткіш қойылды.

«Қорытынды» бөлімінде зерттеудің нәтижелері, алынған ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.

Жеке тұлғаның қоғамның дамуы мен тарихи үрдістерінде ерекше орын алатыны анық. Әрбір дәуірдің мәні мен ерекшелігі жеке тұлғалар арқылы анықталады. Отандық тарихта өзіндік орны бар қоғам, мемлекет қайраткерлерінің бірі - ХХ ғасыр басындағы А. Байтұрсыновтың өз халқын ұйқыдан оятып, бостандық, теңдік және туысқандық жолына салу үшін жүргізген жанпида күресі келер ұрпақты патриоттық тәрбие беруде үлгі болмақ. Екіншіден, бүгінгі күнде Ахметтің азабы мол еңбегі азаматтықтың биік үлгісі ретінде қазақ елінің тарихын қайта жаңғырту үстінде. Үшіншіден, ұлы қайраткер күрескердің еңбегін мүдірместен демократиялық дәстүрлерге берік бүгінгі қазақ, Қазақстан Республикасы зиялылары қайталайтындығына біздің ешбір күмәніміз жоқ.

А. Байтұрсынов өзінің саяси күресінің алғашқы қадамын ауыл мектептерінде мұғалім болудан бастады, олай дейтініміз, қараңғы халықтың сауатын ашып, білім беру арқылы бодандықтың бұғауынан босануға болатынын жақсы білді. Сол үшін ерінбей еңбек етіп, қазақ балалары үшін әліппе құрастырып, қазақтың төл мәдениетін көтеруге кірісті.

Оның қатысуымен құрастырылған «Қарқаралы петициясы» саяси бостандықпен теңдікке жету және ұлттық езгіге қарсы тұруды жариялаған қазақ халқының тұңғыш құқықтық құжаты болып табылады. Алаш көсемінің патша үкіметінің саясатына қарсы алғашқы ашық қарсылығы болатын.

1913 жылы «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оған өзі редактор болды, қазақ баспасөзінің негізін қалады. Газетке көптеген қазақ зиялы азаматтарын тартып, қазақ халқын отардан құтқару майданына қосты.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында А. Байтұрсынов халықтың тағдырын ойлап қырғын мен қатерден сақтап қалу мақсатында берген ақыл-кеңестері мен атқарғар зор еңбегі, оның көрегендігін байқатып қана қоймай, саяси пісіп-жетіліп, үлкен күрес жолына түскен саясаткер екенін танытты.

А. Байтұрсынов «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін ұйымдастырып құруда және оның шешімдерін жүзеге асыруда үзенгілес зиялы қайраткерлердің алды болды. «Алаш» партиясының кемеңгері болып, өзінің білімділігімен ерекшеленді. Азамат соғысының аласапыранында әскери-соғыс істеріне қатысты белсенді ақыл-кеңес беріп, соғыс зардабынан түрлі азапты шегіп, ашаршылық пен ауруға ұшыраған қазақ халқына азық-түлік пен медицина көмегін ұйымдастырды. Азамат соғысынан туған ашаршылық пен түрлі жұқпалы аурудан, әкімшілік езгіден құтылу үшін Қытайға ауа көшкен қазақтардың әлеуметтік жағдайын білу үшін Құлжаға сапар шегіп, онда ашыққан қазақтарға жәрдем ұйымдастырып, олардың елге қайта оралуына көмегін тигізген.

Қазақ халқын қандай үкімет басқарғанына қарамастан, оның ұлтжанды қайраткер екенін Кеңес үкіметі тұсындағы жанқияр қызметтері дәлелдейді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ ұлтының мүддесін қорғап, қызмет ету оңайға түспегені баршаға мәлім. А. Байтұрсынов сол жылдары ұлтының болашағын ойлап, Коммунистк партия қатарына өтті, Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің бірінші жауапты орынбасары және аталмыш комитеттің ішкі істер бөлімін басқарды. Осы қызметте қайраткер қазақ республикасының құрылуы мен қазақтың байырғы жерлерін қазақтың өз аймағында сақап қалу үшін В.И. Ленинге хат жолдаған, сондай-ақ Мәскеуге іс-сапармен аттанып үкімет орындарының мінбелерінде қызу талқылап, өз ұсынысын қабылдатқан.

Ол Халық Ағарту Комиссары қызметінің тұсында қазақ халқының сауатсыздығымен күресуді жалғастырып, оқулықтар жазды. Ағарту саласының мамандарын дайындау үшін арнаулы курстар, мектептер, техникумдар мен университеттерді ашты. Оқушылар мен мұғалімдердің әлеуметтік жағдайларына көп көңіл бөліп, оларды киім-кешек пен отын сумен, паек карточкасымен қамтамасыз етіп отырды. Жетім балар үшін балар үйі мен мекпет интернаттарын ашып, олардың әлеуметтік жағдайларын барынша жақсартты. Қиын-қыстау кезеңіне қарамастан ғылымның дамуына ерекше назар аударып Академиялық Орталықтың жұмысын басқарып,оның өркендеп дамуына жағдай жасап, оған өзі тікелей бағыт беріп отырды. Бұл саладағы қайраткердің қызметін ерлікке бағаласақ артық болмас еді. Оған бір ғана дәлел, Ресейге қосылғаннан кейін патша үкіметінің хұзырына өтіп кеткен қазақ жерлерін қайтаруы, білім мен ғылымның дамуына жол салуын ешнәрсемен теңестіруге болмайды. Әлеуметтік жағдайдың әбден жіңішкеріп, экономикалық тапшылықтың құрсауындағы мемлекеттің дамып-жетілуіне зор еңбегін қосқанына қарамастан Кеңес үкіметі А. Байтұрсыновқа алакөздік танытып, қуғын-сүргінге ұшыратты.

Осы зерттеу барысында біздің көзіміздің анық жеткені А. Байтұрсынов туралы зерттелгеннен гөрі әлі де болса зерттелмеген мұраның көптігі. Бұл әсіресе тарихшыларға қатысты мәселе. А. Байтұрсыновтың тіл, әдеби мұрасын жан-жақты саралауға құлшына кіріскен әдебиетшілер мен тілшілердің тарихшылардан көш ілгері кеткендігі дәлелсіз көрініп тұр. Тарихшы ғалымдар болашақта мақсатты түрде түпсіз қазына іспетті А. Байтұрсыновтың күрделі өмірі мен саяси қайраткерлік, мемлекеттік қызметтерін зерттей түсуі қажет. Осы мақсатта мынадай ұсыныстарды енгіземіз:

  1. Ахмет Байтұрсыновтың рухани мұрасын зерттеу және кемел ұрпаққа насихаттау мақсатында Алаш ардақтысы туралы тарихи деректер жинағын шығарған жөн;

  2. Ұлт зиялысының өмірі мен қызметін, шығармашылығын терең зерттеу бағытында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет жанынан ашылған А. Байтұрсынов ғылыми орталығының жұмысын халықаралық деңгейге жеткізіп, Алаш ардагерлерінің мұрасын әлемге таныту қажет;

  3. А. Байтұрсыновтың ғылыми, рухани мұрасын зерделеп, жоғары және орта мектептің оқу үрдісіне енгізуді қолға алып, арнайы бағдарлама жасаса, өскелең ұрпақ ол жайында жан-жақты біліп, қастерлейтін болады;

  4. Алаш ардақтысының туған күнін халықаралық ауқымда атап өтілетін айтулы күнге, оны дәстүрлі тарихи мерзім ретінде атауды қолға алу абзал;

  5. Педагогикалық колледж, институттар мен университеттерде А. Байтұрсынов атындағы стипендия тағайындау қажет;

  6. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында А. Байтұрсыновтың бұрын-соңды жарық көрмеген қолжазбаларын жинақтап, толықтырып барлық еңбектерін «Шығармалары» ретінде жариялау бүгінгі елімізді, ұлтымызды көрсетіп, танытатын мәдени қадам болар еді.

1   2   3   4

Похожие:

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Сыр бойы ақын-жыраулары тіліндегі көнерген аталымдардың функционалды-семантикалық сипаты
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница