Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже




Скачать 62.99 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата конвертации28.05.2013
Размер62.99 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы

Мәдениет министрлігінің

Діни істер комитеті төрағасының

2010 жылғы « »

№ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң

Дiни iстер комитетi Астана қаласының

Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 маусымдағы № 675 Қаулысы негізінде ҚР Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаментінен бөлініп шығу жолымен құрылған Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi Дiни iстер комитетінің аумақтық органы болып табылады (бұдан әрi - Департамент).

1.2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.

Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілсе, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

1.4. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының немесе оны ауыстырушы тұлғаның актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

1.5. Департаменттің құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің төрағасымен бекітіледі.

1.6. Департаменттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15.

1.7. Департаменттің толық атауы – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнің Дiни iстер комитеті Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі.

1.8. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

1.9. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

      

2. Департаменттiң негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

2.1. Департаменттің негiзгi міндеттері азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын, әр түрлi дiни сенiмдегi дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiктi, төзiмдiлiктi нығайтуды, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

2.2. Департамент заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) іске асыру:

- азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету;

- діни бірлестіктермен өзара әрекет және азаматтардың діни сенім бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларға, Діни істер Комитетінің стартегиялық жоспарларына ұсыныстар енгізу;

- азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;      - облыс аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, дiни оқу орындарының, миссионерлердің және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтардың қызметтерiн зерделеу және талдау;

- облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының дiни бiрлестiктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметiн үйлестiру;

  - азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;

- облыста жұмыс iстейтiн дiни бiрлестiктер туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру;

- облыстағы діни ахуал жөніндегі есепті белгіленген мерзімде Комитетке ұсыну;

- Әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырыстарының жұмыстарын ұйымдастыру, тиісті құжаттарын дайындау және хаттамаларын рәсімдеу;

- азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзу.

2) бақылау:

- азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау;

- мемлекеттiк органдардың, дiни бiрлестiктердiң, өзге де заңды және жеке тұлғалардың дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу туралы ұсыныстарды құқық қорғау органдарына енгiзу;

- діни бірлестіктің және діни бірлестіктер құрған заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арыздарды сот органдарына ұсыну.

2.3. Департаменттің өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

- мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

- дiни бiрлестiктердi құру және олардың қызметi, сондай-ақ азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзiрлеу жөнінде ұсыныстар енгiзуге;

- құзыретiне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасауға;

- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізуге;

- жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.    

   

3. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру
3.1. Департаментті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.

3.2. Директор Департаментке басшылық етуді жүзеге асырады, Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.

3.3. Департамент Директоры:

- өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;

- Департаменттің қызметкерлерін қызметтерге тағайындау және қызметтерден босату үшін ұсынады;

- Департамент қызметкерлерін іс-сапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ олардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

- өз құзыреті шегінде Департаменттің қызметкерлері үшін орындалуы міндетті актілер шығарады, нұсқаулар береді;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;

- Департамент жұмысының регламентін бекітеді;

- Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

- өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

3.4. Департамент Директоры болмаған кезде оның міндеттерін қызметкерлердің біріне жүктеледі.

3.5. Мүліктің есебі және күтілуі Комитеттің орталықтандырылған есеп бөлімімен жүзеге асырылады.

3.6. Департамент қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құзыреті мен өкілеттіктері, ҚР Мәдениет министрлігі Діни істер Комитетінің жұмыс регламенттерімен және ережелермен белгіленеді.
4. Департаменттiң мүлкi
4.1. Департаменттің мүлкі оған Комитет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады.

4.2. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

4.3. Департамент өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Похожие:

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconАстана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (Астана...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына
Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi туралы ереже Жалпы ережелер
Шкерлермен жұмыс комитетi (бұдан әрi Комитет) орталық атқарушы орган құзыретi шегiнде банкроттық саласында (банктердi және сақтандыру...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті»
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік орган) (бұдан әрі Департамент) облыстық бюджеттен...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconҚазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанындағы
Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанындағы бұқаралық ақпарат...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconДиссертация туралы ереже астана, 2008
Магистрлік диссертация туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconБаға ұсыныстарына сұранымдар жасау арқылы жергілікті ақпараттық желі құруға байланысты мемлекеттік сатып алулар қызметтерін жүзеге асыру туралы хабарландыру Тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Алтын және бағалы металдар мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconҚазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасының
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconЖоба Діни әдебиетті және діни мазмұндағы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница