Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат




Скачать 109.82 Kb.
НазваниеАбай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Дата конвертации09.07.2014
Размер109.82 Kb.
ТипДокументы
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің

2011 жылдың 9 айында атқарған

жұмыстары туралы ақпарат:
Абай ауданындағы барлық саяси, ұйымдастыру жұмыстары Елбасымыздың «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның мүмкіндіктері», «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауларынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Басты мақсат - Жолдауды халыққа түсіндіру, аудан тұрғындарына нақтылы мысалдар негізінде аса маңызды саяси құжаттың өзекті мәселелерін жеткізу. Осыған орай 14 ақпараттық-насихаттық топ құрылған.

Абай ауданында жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды өткізуді қолдауға байланысты шаралар ұйымдастырылды.

22 қаңтарда аудандық мәдениет үйінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту туралы жалпыхалықтық референдумды қолдауға арналған үлкен жиын өтті. Оған мекеме басшылары, ардагерлер, мұғалімдер, жастар қатысты. Қатысушылардың қолдарында Елбасыны, референдумды қолдау жөніндегі көрнекіліктер болды.

Аудандық «Абай елі» газетінде референдумды қолдауға байланысты аудан тұрғындарының пікірлері жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 28 қаңтар 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауының толық мәтіні «Абай елі» газетінің 24-31 қаңтар 2011 жылғы №4 санында жарық көріп, аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

2 ақпанда аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 28 қаңтар 2011 жылғы Жолдауды талқылауға арналған аудан активі өтті. Аудан активіне ауыл әкімдері, мектеп директорлары, депутаттар, мекеме басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

Актив өткендігі туралы мақала «Абай елі», «Семей таңы» газеттері мен аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды.

Бекітілген кестеге сәйкес, 7-11 ақпан аралығында барлық ауылдық округтердің әкімдері, ал 10-11 ақпан аралығында аудандық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері Жолдауды талқылау мен түсіндіруге байланысты кездесулер өткізді.

17-18 ақпан күндері облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері: білім басқармасы бастығының орынбасары Д.Арғынғазин, мәдениет басқармасы бастығының міндетін атқарушы Р.Қайырсыновтар ауданның Қарауыл, Кеңгірбай би, Медеу, Тоқтамыс, Саржал ауылдық округтерінде халықпен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауының негізгі бағыттары, ондағы міндеттерді түсіндірді. Кездесулерде білім, мәдениет, әлеуметтік қорғау, ауыл келешегі тақырыбында қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

18 ақпанда Қарауыл ауылында Жолдауды қолдауға арналған салтанатты митинг болып өтті. Митингіге 400-ге жуық адам қатысты.

28 ақпан – 1 наурыз күндері Абай ауданында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын насихаттап, ондағы міндеттерді түсіндіру үшін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп Комитетінің аппарат басшысы Е.Сыздықов, облыстық мәслихаттың депутаты, тексеру комиссиясының төрайымы Қ.Нұрғалиевалар іс-сапармен болып қайтты.

Е.Сыздықов пен Қ.Нұрғалиевалар Қасқабұлақ, Кеңгірбай би ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, Қарауыл ауылының тұрғындарымен дөңгелек үстел өткізді. Өткізілген кездесулерге ардагерлер, мекеме қызметкерлері, мұғалімдер, жастар қатысты.

Жалпы, «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауы шыққаннан бері 2 дөңгелек үстел, 76 кездесу өткізіліп, онда 9591 адам, яғни аудан тұрғындарының 63 пайызы қамтылды. «Абай елі» газетінде Жолдау аясында 104 мақала жарық көрді.

Сондай-ақ, барлық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, спорттық шараларды өткізу, мемлекеттік мейрамдарды мерекелеу кезінде Қазастан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ерекше мән беріледі.

Ауданымызда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдына арналған «Жиырма жарқын іс» акциясының аясында тиісті жобалар белгіленіп, жүзеге асырылуда.

18 ақпанда басталған «Тәуелсіздік – ер мұраты, ел арманы» тақырыбымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ауыл, мекемелердің өнер байқауы 1 мамыр күні қорытындыланып, өз мәресіне жетті. Өнер бәсекесіне 12 ұжым, 3 мыңнан астам адам қатысты Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Саржал ауылы жеңсе, І - орынды Қасқабұлақ, Қарауыл, Көкбай ауылдары, ІІ - орынды Медеу, Құндызды ауылдары, ІІІ орынды Кеңгірбай би және Архат ауылдары иеленді.

7 наурызда аудандық мәдениет үйінде «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған салтанатты жиын өтіп, мерекелік концерт қойылды. Осындай іс-шаралар ауылдық округтерде де ұйымдастырылды.

Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі аудандық штаб құрылып, 4 наурызда штаб жанынан қоғамдық қабылдау ашылды. Аудан мекемелерінде ҚР Президентігіне үміткер Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі жиналыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, 4 наурыз күні аудандық әйелдер конференциясы өткізілді.

10 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде демократиялық күштері Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің аудан жұртшылығымен кездесуі болып өтті.

14 наурызда Қарауыл ауылында ҚР Президентігіне үміткер Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға байланысты пикет өткізілді.

22 наурыз мейрамына байланысты арналған іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Мерекенің жоспары аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды. Жоспарға сәйкес аудан мектептерінде, кітапханаларда, мәдениет ошақтарында Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз Наурыз!», «Салт-дәстүрім – асыл қазынам», «Наурыз аруы - 2011», «Төрлет, Қоян жылы!» атты мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылды.

22 наурыз күні Қарауылдағы орталық алаңға мекеме ұжымдары мен жастардың күшімен 12 киіз үй тігіліп, Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, зейнеткерлерге, жұртшылыққа арналған мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже берілді. Жастарға арналып, алтыбақан орнатылды.

«Тәуелсіздікке – 20 жыл. «Тәуелсіздік-ер мұраты, ел арманы», полигонның жабылуының 20 жылдығына орай «Жер жарасы - ел наласы», «Қазақстан – Азиада жеңімпазы», Ұлы Абайдың шәкірті – Көкбай Жанатайұлының 150 жылдығына және абыз ақын Ш.Әбеновтың 110 жылдығына байланысты «Шәкір Әбенов – Елбасына бата берген абыз ақын» атты көріністер қойылып, мерекеге орай ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

30 наурызда аудан әкімінің жастардың бір топ өкілдерімен кездесуі, ал 31 наурыз күні «Жиырма жарқын іс» жобаларының аясында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді.

2 сәуірден бастап ауданда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «20 жарқын іс» жобаларының аясында экологиялық сенбіліктер басталды.

4 сәуірде аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың қоғамдық штабының ұйымдастыруымен «Жеңімпаздар форумы» өтті.

27 сәуірде ауданда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, «Жиырма жарқын іс» жобасы аясында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз – тәуелсіз елдің жастарымыз!» атты І-ші аудандық жастар форумы өтті. Форумға қатысушылар аудан орталығындағы Ұлы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жас ақындар Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, жастардын жасампаздығы тақырыбындағы өлеңдерін оқыды. Шығыс Қазақстан облыстық «Жастар салауатты өмір салты үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Құдияров бастаған жаттықтырушылар аудан жастарына «Әлеуметтік жобалар жасауға үйрету» тақырыбында семинар–тренинг өткізді. Ауданның  қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген жастар марапатталды.

Форумға қатысушылар аудан жастарын туған жерді гүлдендіруге, ұлттық салт–дәстүрді жанғыртып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырған үндеу қабылдады.

1 мамыр күні – Қазақстан халқының бірлігі күнін өткізуге ерекше мән берілді. Мереке қарсаңында барлық ауылдық округтерде мерекелік шаралар өтті.

Қарауыл ауылында мерекелік шеру ұйымдастырылып, Абай атындағы мектеп-лицей, Б.Байғожина атындағы ясли-балабақша, Қарауыл гимназиясының оқушылары, мекеме ұжымдары қолдарына шарлар, жалаушалар мен ұрандар ұстап Мамай, Абай, Молдағалиев, Құнанбай көшелерінің бойымен орталық алаңға жиналды. Салтанатты шеруге 900-ден астам адам қатысты.

«Бір шаңырақ астында» атты мерекелік концертке ауданның 9 ауылдық округтерінен 200 көркемөнерпаз қатысып, жиыны 42 нөмір көрермендерге ұсынылды. Орталық алаңда мерекелік сауда және ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

7 мамырда біріккен қорғаныс бөлімінде Ауған соғысы ардагерлерінің әскерге шақырылғандармен кездесуі болып өтті.

9 мамыр күні аудан орталығы Қарауылда Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған салтанатты шаралар болып өтті.

Мерекелік шаралар З.Белібаев атындағы Жеңіс алаңында аудан басшыларының, соғыс ардагерлерінің мәңгілік от алауына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Мерекелік шеруге  Абай атындағы мектеп-лицей мен Қарауыл гимназиясының ұл-қыздары қатысып, саппен жиналған жұрттың жанынан жүріп өтті.

Сонымен бірге, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты «20 жарқын іс» жобалары аясында Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Мерекелік шаралар Қарауыл төбеде ат жарысы мен мерекелік концертпен жалғасты.

20 мамыр күні «Жиырма жарқын іс» жобасы аясында аудан орталығындағы стадионда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аудан әкімінің жүлдесі үшін ІІІ ауыл жастарының спорт ойындары ұйымдастырылып, өткізілді. Спартакиадаға барлық ауылдық округтердің командалары қатысып, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, армрестлинг, тоғызқұмалақ, гир көтеруден сайысқа түсті. Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды – Қарауыл, ІІ орынды - Құндызды, ІІІ орынды – Кеңгірбай би ауылдарының командалары иеленді.

25 мамырда ауданның барлық орта мектептерінде соңғы қоңыраулар болып өтті.

28 мамыр күні барлық ауылдық округтерде «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафетаның ашылу салтанаттары болып өтті.

31 мамыр күні «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

3 маусымда аудандық мәдениет үйінде «Туған жерге тағзым» акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.

4 маусым күні аудан орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне байланысты «Менің Қазақстаным» атты патриоттық акция өтті. Акцияға 700-ге жуық адам қатысты.

Акцияға қатысушылар Менің Отаным – Қазақстан», «Менің туым», «Елтаңбасымен Еңселі елім», «Әнұран мен асқақ Қазақстан», «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» тақырыбындағы ұрандар мен шарлар, жалаушалар ұстап шықты.

Орталық алаңда орналасқан сахна төріне ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын салтанатты жағдайда әкелді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды.

Аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаев мерекемен жиналған қауымды құттықтады. Еңбек ардагері Н.Шаңбаева, «Абай жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұ.Сағадиевтар өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, ұлттық рәміздерін жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.

М.Ибраев атындағы ақындар сыныбының оқушылары Қазақстан, Астана, Ту, Елтаңба, Әнұран тақырыптарына арнаған өлеңдерін оқыды.

Қазақстандағы татулық, бейбітшілік, тұрақтылықтың белгісіндей жас өрендер аспанға ақ көгершіндерді ұшырды.

Ауданда 25 маусым күні «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күніне» орай  «Салауатты өмір – баршаға!» атты аудандық акция өтті. Акция аясында ауданның ішкі саясат бөлімі, СӨС қалыптастыру орталығының ұйытқы болуымен орталық кітапханада нашақорлықтың алдын-алу, болдырмау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш шараға ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, СӨС қалыптастыру орталығының мамандары, білім, ішкі істер бөлімдерінің, аудандық емхананың нарколог-дәрігері, ардагерлер, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудан жастары, БАҚ өкілдері қатысты.  Дөңгелек үстелде ішкі саясат бөлімінің бастығы Ж.Екібаев жастар арасындағы нашақорлық мәселесінің талқыланатынын айта келе, қатысушыларға осы тақырыпта өз ой-пікірлерін ортаға салып отыруын, ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықтың алдын-алу, оны болдырмау бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Дәрігер мамандар тақырыптық дәрістер оқыды. Ішкі істер бөлімінің, аудандық емхананың қызметкерлері Е.Қожакәрімов, Н.Нұрғалиевалар, ардагерлер Б.Бейсенбай, Ш.Несіпбаев, «Нұр сана» орталығының төрайымы Қ.Нұрғалиқызы, «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының орынбасары Н.Танаубаев, білім бөлімінің әдіскері Т.Абламбаевалар, дөңгелек үстелге қатысушы жастар өздерін толғандырып жүрген мәселер жөнінде сөз қозғады. Дәрігер-мамандар, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысушылардың көкейтесті сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, орталық кітапханада «Наша-ғасыр дерті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Осы күні кешкі сағат 20.00 аудандық мәдениет үйінің алдында жастар би кеші өтті. ішкі саясат бөлімі нашақорлық мәселесіне әлеуметтік зерттеу жүргізу мақсатында жастар арасында сауалнама жүргізді. Жүзден аса жастар қатысқан би кешінде СӨС қалыптастыру орталығы тарапынан қатысушыларға темекі, ішімдік, есірткінің зияндылғы туралы жазылған әдістемелік шағын кітапшалар таратылды.

6 шілде аудан орталығы Қарауыл ауылында Астана күні тойланды. Аудан тұрғындарын аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Аманғазы құттықтап, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келе жатқан, елге құрметті бір топ адамдарға Республика Президенті мен облыс әкімінің алғыс хаттарын тапсырды. Астана мерекесінде тұңғыш рет ауданда автошеру ұйымдастырылды. Мерекелік концерт, патриоттық әңдер, ұлттық билер, ақындар мүшәйрасындағы рухты өлеңдер мереке ажарын аша түсті.

Мереке спорттық сайыстарға, орталық алаңдағы гир көтеру, қол күрестіру, арқан тартудан өткен жарысқа жалғасты. Мектеп-лицейдің спорт алаңында шағын футболдан жарыс өтті. Аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке жұртшылық көңілінен шығып, тұрғындар, ардагерлер ризашылық білдірді. Мереке барлық ауылдық округтерде аталып өтті.

11-22 шілде күндері аралығында ауданда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасының 2 кезеңі аяқталды. Барлық ауылдық округтерде 2 кезеңде 49 студенттер мен ауыл жастары ауылдарды көркейту жұмыстарына қатысты.

1-12 тамыз аралығында «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» жастар марфон эстафетасының 3 кезеңі жүзеге асырылып, қорытындысы шығарылды.

10 тамызда орталық кітапханада ұлы Абайдың туғанына 166 жыл толуына орай «Абай дана, Абай дара – қазақта» атты дөңгелек үстел өтті.

Онда ішкі саясат бөлімінің бастығы Ж.Екібаев «Абайдың аудармалары», мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ә.Мырзақасым «Абайдың қара сөздері», кітапхана қызметкері Д.Қыдырмина «Абайдың табиғат мирамы» деген тақырыптарда баяндамалар жасады.

Еңбек ардагерлері ауданның құрметті азаматтары М.Толғанбаев, Қ.Балтабековтер ақын шығармашылығы жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Т.Жанғалиев, жергілікті ақын С.Искаковтар ақынға арнаған өлеңдерін оқыды. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Б.Шағатаева, әншілер Қ.Байдашев Абай әндерін ағайынды Искаковалар ақынның күйлерін орындады.

26 тамыз күні орталық кітапханада «Ата Заң, азаматтық қоғам және мемлекет» атты дөңгелек үстел өтті.Оған 40-тан астам адам қатысты.

27 тамыз күні Семей полигонының жабылғанына 20 жыл толуына орай «Жер жарасы- ел наласы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ардагерлер, жастар, мекеме қызметкерлері қатысқан дөңгелек үстел ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелерін көтерді.

27 тамыз күні сағат 16:00 де аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.Онда аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Аманғазин баяндама жасады «Қаламқас» халық ансамбліінің мерекелік концерті болды. Еңбек озаттарына марапаттау шаралары жасалд

30 тамыз күні Конституция күніне арналған мерекелік концерт, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Осындай шаралар барлық ауылдық округтерде болып өтті.Мерекелік шаралраға 3 мыңнан астам адам қатысты.

15-16 қыркүйек күндері ақын ағартушы Көкбай Жанатайұлының және ақын Ақылбай Абайұлының 150 жылдық, абыз ақын Шәкір Әбеновке 110 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар өтті.

Ішкі саясат бөлімінің басшылығымен «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияға академик Ө.Айтбаев, ғылым докторлары А.Еспенбетов, Б.Ерденбеков бастаған ғалымдар қатысты. Конференция материалдары негізінде жинақ шығарылды.

Қазіргі уақытта аудандағы қоғамдық-саяси, діни ахуал тұрақты.

Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы: Ж.Екібаев

Похожие:

Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconТарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Ауданда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» -атты Жолдауын аудан тұрғындары...
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconАудандық ішкі саясат бөлімінің 9 ай көлемінде атқарған жұмыстары бойынша ақпарат
Ауданда түсіндіру жұмыстарын құрамында 206 адамы бар 43 ақпараттық-насихат тобы жүргізеді
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconАудандық ішкі саясат бөлімінің 2011 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
«Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес», «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес», «Әйелдер істер және демографиялық...
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconКатонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2011 жылдың 1-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
...
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconШымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің 2012 жылдың і-жартыжылдығында атқарған жұмыстары жөнінде
Бөлімнің штаттық құрылымы 9 бірлік: бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары, 2 сектор меңгерушісі, 4 бас маман, 1 жетекші маман...
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат icon«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімінің миссиясы және ертеңгі күнді пайымдауы
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconТұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2010 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары
Жолдар. Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы...
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconІшкі саясат бөлімінің 2012 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары Қаңтар айы
Оған аудан әкімі Серік Зинабекұлы арнайы қатысып, қала тұрғындарын жаңа 2012 жылмен құттықтады. Қала мөлтек аудандарындағы сырғанақтарды...
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconКатонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылғы жұмыстары туралы Ақпарат Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Катонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылғы жұмыстары...
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат iconКатонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2010 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы қорытынды «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп 100 аурухана салу»
Катонқарағай ауылында 75 орынға арналған аудандық аурухана құрылысы аяқталды, мердігер «Элхон» жшс (директоры Тумашинов Л. Ш.). 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница