Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы
Дата конвертации28.05.2013
Размер41.8 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының

Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы

келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ

КЕЛІСІМ
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі,

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы 2005 жылғы 6 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Келісімнің ережелерін есепке ала отырып,

екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністік қатынастарды нығайтуға ұмтыла отырып,

теңдік пен өзара тиімділік негізінде туризмді дамыту мақсатында,

Польша Республикасының Еуропалық Одақтың мүшесі болып табылатынын ескере отырып,

төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты осы Келісімнің ережелеріне және Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасында қолданылатын заңнамаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы немесе Польша Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес дамытады.
2-бап
1. Тараптар екі ел арасында туризм мақсатында саяхат жасайтын Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты шекаралық, визалық, кедендік және өзге де рәсімдерді өзара түсіністік негізінде жеңілдетуге талпынады.

2. Тараптар мемлекеттерінің құзырлы органдары Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына туризм мақсатындағы визаларды жедел ресімдеуге және беруге талпынады.
3-бап
Тараптар туризмді дамытуға қатысатын қазақстандық және поляк субъектілері қабылдайтын инвестицияларға жәрдемдеседі.
4-бап
Тараптар туристік қызметті реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдер, сондай-ақ туризм статистикасы саласындағы ақпаратпен, біліммен және тәжірибемен алмасуды көтермелейді.
5-бап
Тараптар туризм саласындағы оқу технологияларымен және зерттемелермен, сондай-ақ туристік бизнесті ұйымдастыру және туризм саласындағы менеджмент тәжірибесімен алмасуға ықпал етеді.
6-бап
1. Осы Келісімнің ережелерін орындау үшін жауапты уәкілетті органдар:

Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі;

Польша тарапынан – Польша Республикасы Экономика министрі болып табылады.

2. 1-тармақта көрсетілген уәкілетті органдардың атаулары немесе қызметтері өзгерген жағдайда, Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы уақытылы хабардар етеді.
7-бап
Осы Келісім Қазақстан Республикасы немесе Польша Республикасы мемлекеттері қатысушы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптар мемлекеттерінің құқықтары мен міндеттемелерін, сондай-ақ Польша Республикасының Еуропалық Одаққа мүшелігін қозғамайды.
8-бап
Әр Тарап өз мемлекетінің аумағында екінші Тараптың туристік ақпарат орталықтарын құруға жәрдемдеседі.
9-бап

Тараптар Дүниежүзілік Туристік Ұйым және басқа да халықаралық туристік ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты дамытады.
10-бап

Тараптар осы Келісімнің ережелерін қолдану немесе түсіндірумен байланысты даулы мәселелерді келіссөздер мен консультациялар арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы 2005 жылғы 6 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Келісім негізінде құрылған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Польша Үкіметаралық Комиссиясы шеңберінде шешеді.
11-бап

Осы Келісім Тараптар оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алу күнінен бастап күшіне енеді.
12-бап
Тараптардың өзара келісімі негізінде осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және олар осы Келісімнің 11-бабына сәйкес күшіне енеді.
13-бап
1. Осы Келісім анықталмаған мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің күшін екінші Тарапты жазбаша түрде хабарлау арқылы тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісім Тараптардың бірінен хабарлама алынған күннен алты ай өткен соң күшін жояды.

2. Осы Келісімнің қолданысын тоқтату оның қолданылу барысында басталған іс-шаралардың орындалуына олардың аяқталуына дейін әсер етпейді.

200__ жылғы «____»___________________________________________

екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тілдерінде жасалды, сонымен бірге барлық мәтіндердің күші бірдей.

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.


ҚАЗАҚСТАН ПОЛЬША

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҮКІМЕТІ ҮШІН ҮКІМЕТІ ҮШІН

Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconҚазақстан Республикасының
Астанада 2007 жылғы 18 тамызда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconҚазақстан Республикасының
Пекинде жасалған 2007 жылғы 18 тамыздағы Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Қазақстан Қытай газ құбырын...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ресейлік глонасс ғаламдық навигациялық спутниктік жүйесін пайдалану және дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Астана қаласында 2008 жылғы 22 мамырда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ресейлік...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы
Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconТҮсіндірме жазба
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы құқықтарының кепілдігі туралы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №224 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconКорея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Корея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы
Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconҚытай Экспорт-Импорт Банкімен қаржылық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы
Астанада ағымдағы жылдың 13 маусымында «Самұрық-Энерго» АҚ мен Қытай Экспорт-Импорт Банкі қаржылық ынтымақтастық туралы негіздемелік...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы iconАуыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница