«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы




Скачать 138.74 Kb.
Название«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы
Дата конвертации28.05.2013
Размер138.74 Kb.
ТипДокументы


«БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті

Төрағасы

Рахметов Н.Қ.

« 29» мамыр 2008ж.

385


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
1. Қостанай облысы бойынша Салық департаменті (бұдан әрі - Департамент) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің толықтығын, міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық міндетемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру аясында, өз құзыреті шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі және айналымы саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға өкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнің болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Департаменттің Қазақстан Республикасы Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылатын аумақтық бөлімшелері бар. Оларға Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары және Арқалық, Рудный, Лисаков, Қостанай қалалары бойынша салық басқармалары жатады. Департамент қажет болған жағдайда белгіленген тәртіпте өкілеттік құруға құқылы.

Департамент тиімді жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық міндетемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ өз құзыреті шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі және айналымы саласында қызметтің жүзеге асырылу мәселесі бойынша Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары және Арқалық, Рудный, Лисаков, Қостанай қалалары бойынша салық басқармаларының қызметін үйлестіреді және бақылайды.

5. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Департамент бастықтарының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғалардың бұйрықтарымен ресімделетін жеке қолданылатын құқықтық актілер шығарады.

7. Департаменттің құрылымы мен штат санағының лимитін Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бекіткен штат санағының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы бекітеді.

8. Департаменттің заңды мекен-жайы: 110003, Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 13.

9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінiң Қостанай облысы бойынша Салық департаменті» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департаментті қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің қызметі болып табылатын міндеттерін орындау шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. Департамент Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін көздейтін заңнамалардың сақталуын бақылау;

жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын көздейтін заңнамалардың сақталуын бақылау;

нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасынан үлестерінің, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивидендтердің, «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысынан, республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдерді, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдерді қоспағанда) бақылау және талдау;

Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының тиісті басқармалары (бөлімдері) жүзеге асыратын бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттеріне сәйкес салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету;

аумақтық салық басқармаларының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының тиісті басқармалары (бөлімдері) жүзеге асыратын бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерін сақтауын бақылау;

салық төлеушілерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген және қоса есептелген сомаларын есепке алу;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылар мен айыппұлдардың төленген сомаларын есепке алу;

бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;

өз құзыреті шегінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттендірілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

өз құзыреті шегінде өтініш берушінің тексеріс жүргізу жолымен этил спиртін, алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтер көрсету;

нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүзеге асыру;

халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау, мәмілелер бағасының тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағадан ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, мәмілелер бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелердің мониторингін жүргізу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарау;

салық заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеті;

этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және жекелеген мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылау бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеті;

салық бақылауын жүзеге асыру;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылау;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарының сақталуына, есепке алынуына және берілуіне бақылау;

өз құзыреті шеңберінде мұнай өнімдері рыногының субъектілерінің Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ бюджетке акциздердің толық және уақытылы түсуіне бақылау;

мемлекеттік меншікке айналдырылған мүліктерді еспке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақтылы берілуіне, сондай-ақ ол сатылған жағдайда бюджэетке ақшаның толық және уақытылы түсуіне бақылау;

өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы, темекі бұйымдарының өндірісі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында қызметтің жүзеге асырылуы кезінде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;

халықаралық шарттарды әкімшілендіру және салық салу мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы келісімдермен көзделген жағдайларда ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттердің резидент еместерінің қызметін әкімшілендіру;

сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын резиденттердің мәмілелерінің мониторингін жүргізу және оларды әкімшілендіру;

өңірлік мониторингке кіретін салық төлеуші бойынша мониторинг;

салық берешегін мәжбүри өндіріп алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіпте салық тексеру актілері бойынша хабарландыруларға, салықтардың, өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген сомаларына, сондай-ақ салық басқармаларының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) салық төлеушілердің шағымдарын қарау;

салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы мәселелерін салық төлеушілерге түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

ведомстволық бақылауды жүзеге асыру;

салық басқармаларының тақырыптық тексерулерін жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге де қызметтер.

14. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде Департамент:

өз құзыреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы бойынша түсіндіруге және түсініктер беруге;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүзеге асыруға;

заңда белгіленген тәртіпте Департаменттің функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарға сұрау салуға және алуға;

Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, бухгалтерлік құжаттамаларына, сметаларына, ақшасының бар, жоқтығына, құнды қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауына байланысты өзге де құжаттарға тексеру жүргізуге;

салық төлеушіден уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу (ұстап қалу және аудару) жөніндегі құжаттарды, оларды толтырылуы бойынша түсініктерді, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін (ұстап қалу және аудару) растайтын құжаттарды, сондай-ақ резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан еншілес компанияларының қаржылық есептіліктерін қоса алғанда, оның шоғырландырылған қаржы есептілігін көрсетуді талап етуге;

Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалған тәртіпте салық тексеруін жүзеге асыру барысында салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылықтары істелгенін куәландыратын құжаттарды алып қоюға;

кірістер алу үшін пайдаланылатын салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді тексеруге, олардың орналасқан жеріне қарамастан, салық төлеушінің мүлкіне (тұрғын үйден басқа) түгендеу жүргізуге;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген жағдайларда салық төлеушінің салық міндеттемелерін жанама әдіспен анықтауға;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша салық төлеушіден заңнамада белгіленген тәртіпте электронды құжат түрінде ақпарат алуға;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылауды жүзеге асыруға;

акцизделетін өнімдерді сақтауды және олардың айналымын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға, акцизделетін өнімдердің өндірілуі мен айналымынан акциздердің толық және уақтылы түсуін тексеруді жүзеге асыруға;

мыналарға:

салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеушіге - заңды тұлға мен дара кәсіпкерге;

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаға;

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген тұлғаға және оның зайыбына (жұбайына) қатысты коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;

басқа мемлекеттік ұйымдардың мамандарын салық тексерулеріне тартуға;

сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаның мойындауы туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар салық төлеуші акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздерде заңды тұлғаны тарату туралы талап-арыз беруге;

уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша тексеру жүргізуге;

өз құзыреті шегінде төмен тұрған салық басқармаларына, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға орындауы үшін міндетті нұсқаулар беруге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерінің орындалу мерзімін өзгерту туралы шешімдер қабылдауға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімдерін өзгерту жөнінде шешім қабылдауға тәртіптік шаралар қолдануға;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолдануға;

қоғамның салық мәдениетін және салық заңнамаларының мәселелері жөнінде ақпараттылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге;

кадрлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуге құқықтары бар;

Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.


3. Департамент мүлкі
15. Департамент оқшауланған мүлкін жедел басқаруға құқылы.

Департаментке бекітілген мүлік республика меншігіне жатады, оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Департамент теңгермесінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.

16. Департамент оған бекітілген мүлікті өздігінше иеліктен айыруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

17. Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Департамент қызметін ұйымдастыру
18. Департамент тікелей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға қатысты емес.

19. Департамент Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары және Арқалық, Рудный, Лисаков, Қостанай қалалары бойынша салық басқармаларына басшылық етеді.

20. Департаментті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бастық басқарады.

Департамент Бастығының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары бар.

21. Департамент Бастығы Департамент жұмыстарын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Департаментке жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауап береді.

22. Департамент Бастығы:

өзінің орынбасарларының міндеттері мен уәкілеттігін және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерін айқындайды;

заңнамаға сәйкес Департамент қызметкерлерін, Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары және Арқалық, Рудный, Лисаков, Қостанай қалалары бойынша салық басқармаларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

заңнамада белгіленген тәртіпте Департамент қызметкерлеріне, Департамент бастығының орынбасарларына, Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары және Арқалық, Рудный, Лисаков, Қостанай қалалары бойынша салық басқармаларының басшыларына және олардың орынбасарларына тәртіптік жаза қолданады;

Департаменттің құрылымдық бөлімшелері және Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары және Арқалық, Рудный, Лисаков, Қостанай қалалары бойынша салық басқармалары туралы ережені бекітеді;

заңнамада белгіленген тәртіпте Департамент қызметкерлерін, Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары және Арқалық, Рудный, Лисаков, Қостанай қалалары бойынша салық басқармаларының басшыларын және олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;

Департаменттің құқықтық актілеріне қол қояды;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне берілетін есептіліктің дұрыстығына жеке жауап береді;

Департаментті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда таныстырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. Департамент бастығы жоқ болған уақытта оның міндетін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы белгілейтін орынбасарларының бірі атқарады.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Похожие:

«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы iconҚаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2008 ж. «29» мамыр
Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті туралы
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының
Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнің аумақтық бөлімшеcі болып табылады
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы icon«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті
Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаменті
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы iconҚазахстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2010 жылғы 16 наурыздағы
Республикасы Қаржы министірлігі Салық комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы icon«бекітемін» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті» мм төрағасы М. С. Өтебаев
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті» мм төрағасы М. С. Өтебаев
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы туралы ереже
Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы туралы ереже
Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы туралы ереже
Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы icon2011 жылғы «12» мамырдағы №501 қаулысымен
«Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы iconНазар аударыңЫЗ, аукцион! Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Шығыс-Қазақстан облыстық Салық Департаменті жшс «ШҚО қаржы қарыздармен жұмыс істейтін орталық»
Республикасы Қаржы Министрлігінің Шығыс-Қазақстан облыстық Салық Департаменті жшс «ШҚО қаржы қарыздармен жұмыс істейтін орталық»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница