Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген




Скачать 64.61 Kb.
НазваниеСудьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген
Дата конвертации28.05.2013
Размер64.61 Kb.
ТипДокументы
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар
Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі ҚР Президентінің 26.6.2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген.

Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өткізу аудандық сотта ұйымдастырылады. (Ереженің 3 тармағы)

Тағылымдамадан өту судьялыққа үміткердің тұрғылықты жері бойынша облыстағы аудандық сотта өткізіледі. (Ереженің 3 тармағының 7 тармақшасы)
Тағылымдама облыстық соттың судьясы - тағылымдама үйлестiрушiсiмен келiсiм бойынша аудандық соттың төрағасы бекiткен жеке жоспар бойынша ұйымдастырылады. Жоспарға кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол жөнiнде машықтанушы-кандидатты дереу хабардар етедi. (Ереженің 3 тармағының 12 тармақшасы)


Машықтанушы-кандидат аудандық сотқа келгеннен кейiн соттың төрағасы судьялардың арасынан аудандық сот судьясын - тағылымдама жетекшiсiн тағайындайды. (Ереженің 3 тармағының 13 тармақшасы)
Тағылымдама қорытындысы бойынша аудандық соттың судьясы - тағылымдама жетекшiсi машықтанушы-кандидатка пiкiр жазады, оны аудандық соттың төрағасы бекiтедi. Пiкiрде оның тағылымдама барысында алған практикалық дағдылары мен бiлiмi, машықтанушы-кандидаттың дайындық дәрежесi, iскерлiк және моральдық қасиеттерi туралы мәлiмет қамтылуға тиiс.

(Ереженің 3 тармағының 14 тармақшасы)

Аудандық соттың судьясы - тағылымдама жетекшiсi машықтанушы-кандидатқа пiкiрдi, тағылымдамадан етудiң жеке жоспарын, оны орындағаны туралы белгiлермен бiрге және машықтанушының тағылымдамадан өту қорытындылары туралы жазбаша есебiн облыстық сот судьясы - тағылымдама үйлестiрушiсiнiң қарауына ұсынады. Оларды қарау  нәтижелерi бойынша облыстық сот судьясы - тағылымдама үйлестiрушiсi материалдарды облыстық соттың жалпы отырысының қарауына енгiзедi. (Ереженің 3 тармағының 14 тармақшасы)

Тағылымдамадан өту туралы Ереженің 2 тармағына сай, судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.
Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың iскерлiк, кәсiптiк және моральдық қасиеттерiн зерделеу және оның судья өкiлеттiктерiн жүзеге асыру перспективаларын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Аудандық соттың төрағаларымен тағылымдаманы ұйымдастыру бойынша өздеріне келесі негізгі бағыттарды қояды:
1. Аудандық соттардағы іс-құжаттарды жүргізу кезінде қажетті тәжірибелік дағдыларды алу

Тағылымдамадан өту мерзімінде – машықтанушы сот кеңсесіндегі келесі сұрақтармен танысады:

 - Сот кеңсесі қызметкерлері арасындағы негізгі міндеттерді бөлу;

- азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

 - азаматтардың арыздары мен шағымдарын тіркеу мен есепке алудың тәртібі;

 - кеңсеге түскен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жадығаттарды тіркеу, және әрі қарай жалғастыру;

 - шағым мен өтініштердің шешімдері;

 - іс номеклатураларын құру;

 - нарядтарды есепке алу журналдарын, кітаптарды жүргізу және алдын ала статистикалық есептер мен анықтамаларды құрастырудың тәртібі;

 - аяқталған істерді мұрағатқа өткізу жөнінде дайындаудың тәртібі;.

2. Сот мәжілісі хатшыларының жұмысымен танысу туралы:

 - істерді сот талқылауына әзірлеу;

 - Сот мәжілісін жүргізуін дайындау;
 - алдын ала тыңдалған қылмыстық істер мен басты сот талқылауынан кейінгі азаматтық істер және қаралып яқталған азаматтық, әкімшілік істерді рәсімдеу;

 - сот істерін апелляциялық сот сатысына жолдауға дайындау;

 - заңды күшіне енген сот шешімдерін және тез орындалуға жататын сот шешімдер бойынша орындауға жолдау жөнінде құжаттарды дайындау;

3. Мұрағат жұмысын ұйымдастыру бойынша танысу:

- Істерді іріктеп, кейіннен сақталуға дайындау;

- құжаттардың тұрақты және уақытша сақталуын саралау;
4. Әр түрлі санаттағы істерді сотта қаралуға дайындау бойынша әдістемені меңгеруді зерделеу.

Судьяның істер мен жадығаттарды қарау бойынша жұмысымен танысу кезінде – машықтанушы:

1) Азаматтық істер бойынша:

 - азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу;

 - арызды рәсімдеу бойынша қажетті құжаттарды сұрату;

 - әр түрлі санаттағы істерді шешу бойынша құжаттарды анықтау бойынша әдістемелер енгізу (отбасы, тұрғын үй, еңбек, шаруашылық даулар және т.б.)

 - мемлекеттік баж туралы нормативтік актілер;

- істерді сот отырысына әзірлеу бойынша судьялардың әрекеттерін ұйымдастыру және олардың процесуалдық рәсімделуі;

2) Қылмыстық істер бойынша:

 - істі алдын ала тыңдауды тағайындау кезіндегі сұрақтар;

 - істі алдын ала тыңдауды өткізуді ұйымдастыру

 - сот отырысына шақыртуға жатқызылатын тұлғалардың тобын дұрыс анықтау;

 - басты сот талқылауын тағайындау және оның өткізілу тәртібі;

 - ауыр көп эпизодтағы істер бойынша сот тергеуінің жоспарын дайындау кезінде тәжірибе алу;

 - іс бойынша шешім қабылдауды талқылау бойынша сұрақтар;

 - жаңадан ашылған мән жайлар мен медициналық мекемеге мәжбүрлеу орнату бойынша істердің қаралуының ерекшеліктері;

3) әкімшілік істер бойынша:

 - әкімшілік жадығаттардың қаралуы және рәсімделуі, әкімшілік істер бойынша қаулыларының орындалу тәртібі;

 - әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша заңды күшіне енген және енбеген қаулыларды қайта қараудың тәртібі;

5. істердің қаралуы бойынша қатысу және процессуалдық құжаттардың жобасын дайындау

Машықтанушы тағылымдама жетекшісінің нұсқауы бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде іске қатысу және сот актілерінің жобасын дайындау қажет.

1) Қылмыстық істер бойынша:

а) қаулы жобалары:

 - істі өндірістен тоқтата тұруы;

 - істі алдын ала тыңдау бойынша тағайындау;

 - алдын ала тыңдау бойынша істің қорытындысы бойынша;

 - істің қаралуын кейінге қалдыру;

 - істң қайта тергеуге жолдау;

  • сараптама тағайындау, істі қысқарту және т.б.

б) үкіидер:

 - жаза тағайындау бойынша;

 - ақтау бойынша;

 - ұрлық жөнінде істерде жаза тағайындау үкімі бойынша жаза тағайындау және оны өтеуден босату;

 - жаза тағайындаудан басқа жазалаушы үкім;

 - кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары бойынша істер;

 - тонау тбойынша істер;

 - дене жарақатын салу бойынша істер және т.б.

2) Азаматтық істер бойынша:

а) іс бойынша соттылығы жатпайтын істер бойынша арызды қабылдаудан бас тарту, талап арызды қозғалыссыз қалдыру, істі сот талқылауына әзірлеу, сот отырысының сатысында арызды қараусыз қалдыру, сот тапсырмасын жолдау, дәлелдемелерді қамтамасыз ету, апелляциялық шағым беру үшін мерзімін қалпына келтіру, сот отырысының хаттамасына наразылық келтіргендерін қарау бойынша істер туралы ұйғарым жобаларын дайындау.

б) шешімдер:

 - жұмысына қайта орналастыру жөнінде, мәжбүрлі жүру кезіндегі еңбек ақысын өндіру және рухани залалды өндіру туралы арызын қанағаттандыру,

 - мекеме қызметкерлерінің себептерінен келген материалдық шығынды өндіру туралы;

- неке қию туралы;

 - басқа үй жайсыз үйден шығару туралы;

 - азаматты әрекетқабылетсіз деп тану тралы;

 - нотариалдық әрекеттерді беруден бас тарқан шағыдарды қанағаттандыру және т.б.

3) әкімшілік айыппұл салу, істі өндірістен қысқарту, айыппұлды мәжбүрлкп өндіру туралы әкімшілік істер бойынша қаулылар дайындау;

4) қылмыстық, азаматтық істер бойынша жеке қаулылар мен ұйғаоымдар айындау;

5) қылмыстық, азаматтық істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау;

6. Теориялық өз бетінше дайындалу

Машықтанушы – үміткер оқу қажет:

 - материалдық және процессуалдық заңнамалар нормасын;

 - үкімдердің, шешімдердің және қаулылардың бұзылу және өзгеру себептері;

 - қаралған істер бойынша шешімдер мен үкімдердің бұзылуы мен өзгеруі туралы сот қаулысының жобасын дайындау;

 - Қазазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелеу әдістемесін енгізу;

 - жеке қаулыларды шығару тәжірибесі және оның орындалуын қадағалау

 - сот тәжірибесіне жинақтау және талдау әдістемесі;

 - облыстық соттың жұмыс жоспары, оның құрастырудың әдістемесі және орындалуын қадағалау;

 - жоғарғы тұрған соттың жұмысынсот істерін апелляциялық және кассациялық тәртіпте қаралулары бойынша ұйымдастыру;

 - оргтехникалармен жұмыс істей білу қажет;

 - сот этикасы Кодексін ұғынып алу, судьялармен, әріптестермен және азаматтармен кәсіптік негізде қарым - қатынаста болу қажет.

Похожие:

Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы
Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген iconБекітілген аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту
Блыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан...
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген iconЕрежесі Нормативтік сілтемелер
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Жарлығымен бекітілген «Білім туралы» Заңы (2011 жылдың 24 қазанында өзгерістер...
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген iconКандидаттардың тағылымдамадан өту туралы мәліметі
Старший прокурор Управления Департамента кадровой работы и обеспечения Генеральной прокуратуры рк
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген iconКандидаттардың тағылымдамадан өту туралы мәліметі
Гл консультант Отдела по взаимодействию с Комитетом по экономической и региональной политике Аппарата Сената Парламента
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген iconӘдістемелік құрылымда іс жүргізуді ұйымдастыру. Әдістемелік құрылымда іс жүргізуді ұйымдастыруда басшылыққа алатын құжаттар
Республикасы Президентінің 2001ж. 07. 02. №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 ж арналған мемлекеттік...
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген iconРеспубликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Төрағасының
Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы №917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі...
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген icon2012 жылға арналған ақылы коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Заңын icкe асыру жөніндегі шаралар туралы 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген,...
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Судьялыққа үміткерлерді тағылымдамадан өту Ережесі Қр президентінің 26 2001 жылғы №643 жарлығымен бекітілген iconБаянауыл аудан әкімдігінің 2011 жылғы 11 наурыздағы «Баянауыл ауданында 2011 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» №51/3 қаулысы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница