Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

НазваниеКазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
страница3/10
Дата конвертации28.05.2013
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бағдарлама жетекшісі: Тулекова М.К., аға оқытушы

9

AK 0209

Аударматануға кіріспе

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Аударма теориясы

Зерттеу мақсаты: оқушыларда кәсіби бағдар беретін,базалық және профильді пәндерді меңгеруге негіз болатын аудармашының кәсіби қызметі туралы білімді қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: «Аударматануға кіріспе» курсы болашақ мамандықпен жан-жақты танысуға, аудармашының кәсіби маңызды құзіреттіліктерін анықтауға арналған. Курсты оқу нысаны-аудармашының кісіби әрекетінің ерекшелігі болып табылады.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

    1. Білім: Аудармашылық кәсіптің пайда болу және даму тарихы;

қазіргі әлемдегі аударманың ролі мен орны; әртүрлі тілер және мәдениеттер өкілдері арасындағы делдал ретінде аудармашының негізгі қасиеттері; аудармашының құқықтары мен міндеттері; аудармашының кәсіби этикасы; аударманың түрлері, ауызша және жазбаша аударма арасындағы айырмашылықтар, ауызша және жазбаша аударма этаптары; көркем, ақпаратты аударма ерекшеліктері мен жалпы сұрақтары; аударма ережесі; аудармашылық шапшаң жазу негіздері; хаттамалық шаралардың түрлері.

Іскерлік: Кәсіби практикалық міндеттерді шешу үшін курстың теориялық бөлігін қолдана білу; кәсіби қызметке қолдану мақсатында фондық білімдерді жүйелеу, дамыту және одан әрі тереңдету; кәсіби білім және дағдыларды меңгеру барысында ана тілдегі мәдени-тілдік орта тәжірибесін қолдану; аударма үрдісінің түрлері мен этаптарын анықтау; ақпараттық әдебиеттің барлық түрлерін қолдану; аудармашы мамандығы мәселелері бойынша іздеу-зерттеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру; түйіндеме жасау, жұмысқа орналасу барысында өзін таныстыру; аударма жасау барысында компьютер, диктофон және басқа да құралдарды қолдану.

Дағды: Түйіндеме жасау,жұмысқа орналасу барысында өзін таныстыру; аударма жасау барысында компьютер, диктофон және басқа да құралдарды қолдану.

Құзіреттілігі: Ойлау мәдениеті болу, анализ жасау,ақпаратты жалпылау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай алу,ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін білу; өзінің интелектуальды дамуы, мәдени деңгейін, кәсіби құзіреттілігін арттыру, денсаулығын сақтау үшін білім, оқу және өзін-өзі ұстау әдіс-тәсілдерін қолдана алу; үнемі өзін-өзі дамытуға, кәсіби біліктілігін арттыруға тырысу; өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін сыни бағалай алады, өзін-өзі дамыту тәсілдерін таңдап, шешу жодарын біледі;

Бағдарлама жетекшісі: Тулекова М.К., аға оқытушы

10

MK 0210

Мамандыққа кіріспе

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Аударма теориясы

Зерттеу мақсаты: Бұл курстың мақсаты оқушыларда негізгі және кәсіби пәндерді меңгеруіне қажет аудармашының кәсіби қызметі жөніндегі білімдер негізіндегі жалпы кәсіби біліктілікті қалыптастыру болып табылады.

Қысқаша мазмұны:кәсіби аудармашылык қызметтің саласы мен ерекшелігін ашып көрсету, кәсіби аудармашының басты біліктілігі туралы түсініктер беру,студенттерді болашак мамандығы иіеңберінде өз бетінше креативті ізденіс-зерттеу жүмыстарына бейімдеу.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: аудармашы кәсібінің қалыптасу және даму тарихын; аударманың қазіргі замандағы орны мен рөлін; әр түрлі мәдениет пен тіл өкілдерінің дәнекері ретінде аудармашының басты сапалық қасиеттерін; аударманың түрлерін, ауызша және жазбаша аудармалардың айырмашылықтарын; көркем, ақпараттық аудармалардың ерекшеліктері мен жалпы мәселелерін; аудармашылық шапшаң жазба негіздерін; хаттамалық шаралардың түрлерін; оқытылатын тіл елдерінің менталитеті, дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарын;

Іскерлік: кәсіби қызметінде әрі қарай пайдалану мақсатымен фондық білімдерді жүйелеуді, кеңейтуді және тереңдету үшін қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту және елтану сипатты ақпараттарды іздестіруді және өңдеуді жүзеге асыруды; кәсіби практикалық міндеттерді шешу үшін курстың теориялық қағидаларын шығармашылық тұрғыда қолдануды; кәсіби білім мен іскерлікті меңгеру барысында туған мәдени-тілдік ортаның тәжірибесін пайдалануды; аудармашылық процестің түрлері мен кезеңдерін айқындауды; анықтамалық-ақпараттық әдебиеттің барлық түрлерін пайдалануды;аудармашылық кәсіптің мәселелері бойынша іздену-зерттеу қызметтерін жүзеге асыруды;

Дағды: резюме (түйіндеу) жасау және жұмысқа қабылдану кезінде өзін таныстыра білуді; аударма барысында компьютермен, диктофонмен және басқа да техникалық құралдармен жұмыс істеуді; практикалық үйлестік-ұйымдастыру мәселелерді өз еркімен шешуді.

Құзіреттілігі: Ойлау мәдениеті болу, анализ жасау,ақпаратты жалпылау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай алу,ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін білу; өзінің интелектуальды дамуы, мәдени деңгейін, кәсіби құзіреттілігін арттыру, денсаулығын сақтау үшін білім, оқу және өзін-өзі ұстау әдіс-тәсілдерін қолдана алу; үнемі өзін-өзі дамытуға, кәсіби біліктілігін арттыруға тырысу; өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін сыни бағалай алады, өзін-өзі дамыту тәсілдерін таңдап, шешу жодарын біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Тулекова М.Қ., аға оқытушы

11

OTTM 0211

Оқылатын тілдің теориялық мәселелері

Кредит саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 5

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Кәсіби бағытталған шетел тілі, Тілі оқытылатын елдің әдебиеті және аударма мәселелері

Зерттеу мақсаты: Қазiргi ағылшын тiлiнiң фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесiмен таныстыру, сондай-ақ, болашақ аудармашы мамандарды ағылшын тiлiнiң даму және қалыптасу заңдылықтарымен және ерекшелiктерiмен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі заманғы ағылшын тілінің сөздік қорының жағдайымен таныстыру; лексикалық бірліктердің даму заңдылықтарымен және негізгі даму факторларымен таныстыру; лингвистикалық анализдің негізгі әдістері туралы білім беру және ағылшын және қазақ тілдерінің тілдік құбылыстарын зерттеуде өздігінен қолдана білуге үйрету.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Жалпы тіл білімнің даму тарихын, тiл білімінің басқа ғылымдармен байланысын, орнын айқындап, оқытылатын тілдің тарихи дамуын халықтың тарихымен байланысты қарастыра біледі.

Іскерлік: Оқылатын тiлдiң жүйесiндегi негiзгi ерекшелiктер мен белгiлердi меңгереді; тілдің этнолингвистикалық,әлеуметтік–мәдени, саяси және экономикалық жағдайларға негізделген фактілерін жалпылама түрде талдап ,тарихи және этимологиялық сөздіктерді пайдалана отырып өз бетімен жұмыс істейді, қазіргі ағылшын тілінің өзіндік ерекшеліктерін тарихи тұрғыдан түсіндіре алады.

Дағды: Тілдегі фонетикалық , лексикалық және грамматикалық өзгерістерді меңгеруге, шетел тілі мен ана тілінің дыбыстық жүйесін талдай білу, шетел тілін үйрену барысында ана тілдің әсері байқалатын қиыншылықтарды болдырмаудың алдын алуға, оқылатын тілдің жүйесінде жиі кездесетін әдеттегі фонетикалық құбылыстарды түсіндіре білуге,шетел тілі мен ана тілінің тілдік фактілерін салғастыра білуге, алған практикалық білімді күнделікті тәжірибеде дидактикалық міндеттерді шешу үшін қолдануға дағдыланады.

Құзіреттілігі: Ағылшын және ана тiлiнiң фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін салғастырмалы түрде оқып-үйренеді; отандық және шетел тiл бiлiмiндегi тіл мәселесiне байланысты түрлi бағыттары мен пiкiрлерге студенттердiң сыни ойлауы қалыптасады; студенттердiң алған бiлiмiн күнделiктi кәсiби мақсатта пайдалана білуі қалыптасады.

Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы

12

MMO 0212

Медиа мәтіндерді оқу

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Аудио-видеоматериалдарды аудару, Шет тілін оқытуда видеоматериалдарды қолдану, Кино-видеоматериалдарды аудару

Зерттеу мақсаты: Медиа мәтіндермен жұмыс істеу, БАҚ тілімен стилінің ерекшеліктерін зерттеу.

Қысқаша мазмұны: Тіл және стиль түсінігі. Стилистикалық морфология, синтаксис. Бұқаралық ақпараттар тілі. Бұқаралық ақпараттар құралдары – пресса, радио, кино, телевидениенің тілге әсері. Өңдеудің логикалық негіздері. Мәтіннің құрылымы. Мәтін түрлері және өңдеу ерешеліктері. Тақырып стилистикасы. Өзекті саяси, экономикалық, әдеби, құқық, философиялық мәтіндермен жұмыс.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: БАҚ тілінің және стилінің ерекшеліктері тұралы біледі Іскерлік: Медиа мәтіндерді оқып қажетті мәліметті алады.

Дағды: Медиа мәтіндерді оқу дағдыларын меңгереді.

Құзіреттілігі: Өзекті саяси, экономикалық, әдеби, құқық, философиялық мәтіндермен жұмыс істей алу қабілетін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы

13

ShOVK 0213

Шет тілін оқытуда видеоматериалдарды қолдану

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5

Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Халықаралық-құқықтық саладағы ауызша және жазбаша аударма

Зерттеу мақсаты: Студенттің тыңдау және шет тіліндегі сөйлемдерді тыңдап түсіне алу дағдылары мен біліктілігін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны : Аударма, визуалды және ауызша аударма туралы қысқаша түсінік. Аударма маңыздылығы, ауызша-визуалды аударманың ерекшелігі, ауызша аударма мен жазбаша аударма арасындағы айырмашылықтар туралы мағлұмат. Визуалды аударма деген не? Қашан және қайда қолданылатыны туралы түсінік.Аудармашылық тәжрибе қорытындысы ретіндегі аударма мен түпнұсқа мәтіні үзіндісі арасындағы сәйкестілік категориясы. Аудармада «Қосу» мен «Алып тастауға» негіздер. Грамматикалық ауыстырулар. Аудармашылық трансформациялар. Аудармадағы компенсация тәсілі.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Аудио- видеоматериалдарды қолданудың ерекшеліктерін біледі, басқа мәдениетке бейімделу және мәдениет диалогына қатысу тәсілдерін біледі.

Іскерлік: Шетел тілін тыңдап отырып қабылдайды және түсіне біледі, мәдениетаралық қатынасты жүзеге асырады, бір тілден екінші тілге тез ауыса біледі.

Дағды: Алған білімді іс жүзінде қолдана алатын, сөйлеу дағдыларының қалыптасқандығын сараптау және сөйлеу біліктілігінің дамығандығын, салыстыру, сараптау, жүйелеу, қорытындылау, сөйлеуді жоспарлау дағдылары қалыптасқан.

Құзіреттілігі: Шынайы заттармен қатынас орнату, табиғи, тірі тілді оқуға қабілеттілікті, топта жұмыс істеу қабілеттілігін дамытуды, ортақ мәмілеге келушілікті көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Ибраева А.А., аға оқытушы

14

AVMA 0214

Аудио-видео материалдарды аудару

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5

Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Халықаралық-құқықтық саладағы ауызша және жазбаша аударма

Зерттеу мақсаты: Аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданылатын шет тілін меңгеру үшін қажет мәдениаралық және танымдық біліктерін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Аудио- және видеоматериал-дарды аудару туралы жалпы мағлұмат. Кино- және видеоматериал-дарды аударудың қиындықтары. Кино- және видеоматериалдарды аудару техникасы. Кино тілі. Құрылымды логикалық және коммуникативті ақпаратты жеткізу. Дискурс түрлері. Кинодағы авторлық неологизмдерді аудару.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Дубль жасау техникасын, фильмді синхрондау, дискурс түрлерін біледі.Әр түрлі тақырыптарға қатысты орташа қиындықтағы кино- және видеоматериалдарды дәлме-дәл аудара алу және орташа қиындықтағы екі жақты аударманы жүзеге асыра алуы керек.

Іскерлік: Мәтінді жіберушінің сөйлеу ерешелігіне қарай бастапқы мәтінді қабылдап, аудармашылық трансформацияларды қолдана алады.

Дағды: Бір тілден екінші тілге тез көше алып, ілеспе тіларалық аударма жасай алу дағдысы қалыптасқан.

Құзіреттілігі: Ауызша аударманың бастапқы білімдерін, өз бетімен жұмыс істей алатындығын, зерттеушілік дағдыларын, жаңа міндеттерді талап етіп, шеше алуға қабілеттілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Ибраева А.А., аға оқытушы

15

KVMA 0215

Кино-видео материалдарды аудару

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5

Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Халықаралық-құқықтық саладағы ауызша және жазбаша аударма

Зерттеу мақсаты: Аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданылатын шет тілін меңгеру үшін қажет мәдениаралық және танымдық біліктерін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Аудио- және видеоматериал-дарды аудару туралы жалпы мағлұмат. Кино- және видеоматериал-дарды аударудың қиындықтары. Кино- және видеоматериалдарды аудару техникасы. Кино тілі. Құрылымды логикалық және коммуникативті ақпаратты жеткізу. Дискурс түрлері. Кинодағы авторлық неологизмдерді аудару.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Дубль жасау техникасын, фильмді синхрондау, дискурс түрлерін біледі. Әр түрлі тақырыптарға қатысты орташа қиындықтағы кино- және видеоматериалдарды дәлме-дәл аудара алу және орташа қиындықтағы екі жақты аударманы жүзеге асыра алуы керек.

Іскерлік: Мәтінді жіберушінің сөйлеу ерешелігіне қарай бастапқы мәтінді қабылдап, аудармашылық трансформацияларды қолдана алады.

Дағды: Бір тілден екінші тілге тез көше алып, ілеспе тіларалық аударма жасай алу дағдысы қалыптасқан.

Құзіреттілігі: Ауызша аударманың бастапқы білімдерін, өз бетімен жұмыс істей алатындығын, зерттеушілік дағдыларын, жаңа міндеттерді талап етіп, шеше алуға қабілеттілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Ибраева А.А., аға оқытушы

16

AShZhT 0216

Аудармащылық шапшаң жазу техникасы

Кредит саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 5

Пререквизит – 76 кредит

Постреквизит – Жоқ

Зерттеу мақсаты: студенттердің ауызша аудармашылық шапшаң жазу дағдыларын қалыптастыру және ауызша аударма процесінде әр түрлі функциональді стильтерге қатысты тілдік нормаларды дұрыс қолдану іскерліктерін дамыту.

Қысқаша мазмұны: Аудармашылық жазу. Универсалды аудармашылық жазу ұғымы (скоропись). Белгілер мен символдар. Әңгіменің қысқаша жазбасы. Универсалды аудармашылық жазудың қолдану аясы. Негізгі тақырыптар: Ілеспе аудармадағы жазу әдістері, әр түрлі аудармашылық қиындықтар; газеттік-ақпараттық материалдар; экономикалық, әлуметтік, саяси және басқа сала мәтіндерін (сұхбат, баяндама, конференция материалдары және т.б.) аудару.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...

Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау және аттестаттау комитеті
Республикасы БжҒм білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеттің заң ғылымы жөніндегі с сараптама кеңесімен 2006...

Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің ОҢ Қорытындысын алған министрліктің бағынысты ұйымдарының Ғылыми-қолданбалы...

Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы кеңейтілген Алқа мәжілісі аясында ректорлар

Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница