Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне




Скачать 374.24 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне
страница1/4
Дата конвертации28.05.2013
Размер374.24 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Қарулы

Күштерінің әскери қызметшілеріне

ақшалай жабдықталым, жәрдемақылар

мен басқа төлемдерді төлеу

ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңның 44 бабының 1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай жабдықталым, жәрдемақылар мен басқа төлемдерді төлеу ережелері бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне ақшалай жабдықталым, өтемақылармен жәрдемақылар төлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 236 бұйрығының күші жойылсын.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Ә.Н. Түсіпбековке жүктелсін.

4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Ә. Жақсыбеков

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2012 жылғы « 30 » наурыз

№ 140 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне

ақшалай жабдықталым, жәрдемақылар мен басқа төлемдерді төлеу

ережелері

1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай жабдықталым, жәрдемақылар мен басқа төлемдерді төлеу ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңның 44 бабының 1 тармағына сәйкес әзірленді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін ақшалай жабдықталыммен, жәрдемақылармен және басқа төлемдермен қамтамасыз етудің тәртібін анықтайды.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер) ақшалай жабдықталымды есептеу және төлеу үшін негіз тиісті әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) командирдің (бастықтың) (бұдан әрі – командир) бұйрығы болып табылады.

3. Біржолғы ақшалай төлемдер оларды алуға құқықтың туындауына қарай жүргізіледі.

4. Толық ай қызмет өткермеген әскери қызметшіге тиесілі ақшалай жабдықталымның мөлшері осы айда қызмет өткерген күнтізбелік күндердің нақты санына сүйене отырып айқындалады.

5. Әскери қызметшілер әскери қызметте дәлелсіз себептен жоқ болу, қамауға сотталған жағдайда, әскер абақтысында жазасын өтеу уақытында ақшалай жабдықталым осы айда әскери қызмет міндеттерін нақты орындаған күндеріне үйлесімді командирдің бұйрығы негізінде төленеді.

6. Әскери қызметшілерге белгіленген мерзімдерден бұрын ақшалай жабдықталым төлеуге мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) демалысқа, оқуға, қызметтік іссапарларға кеткенде – егер олар қызмет орнына ағымдағы (келесі) ай үшін ақшалай жабдықталым төлеу мерзімінен кешігіп қайтса, ағымдағы және келесі айлар үшін;

2) жаңа қызмет орнына көшкенде – ағымдағы ай үшін.

7. Әскери қызметшіге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе тиісті мөлшерден аз төленген ақшалай жабдықталым әскери қызметшінің оған құқығы болған барлық кезең іші үшін төленеді.

8. Әскери қызметтен босатылатын әскери қызметшілерге істері мен лауазымын тапсырған уақыт үшін, сондай-ақ осы әскери қызметшілерге істері мен лауазымын тапсырғаннан кейін босатылу кезінде берілетін демалыс уақыты үшін ақшалай жабдықталым соңғы штаттық лауазымы бойынша төленеді.

9. Егер мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға іссапарға жіберілген әскери қызметшілер іссапарға жіберілген күні ағымдағы ай үшін ақшалай жабдықталыммен қамтамасыз етілмесе, әскери бөлімдер жаңа қызмет орнына жол жүру үшін қажетті уақытты қоса отырып, ақшалай жабдықталымды іссапарға жіберілген күннен төлейді.

2-бөлім. Әскери қызметшілерге ақшалай қамтуды төлеу
1-тарау. Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа, әскери

қызметшілердің әскери атақтары бойынша жалақылар
10. Әскери қызметшілерге берілген әскери атақтар бойынша жалақылардың мөлшері тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

11. Әскери қызметшілерге әскери атақтар бойынша жалақылар әскери атақ беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді.

12. Әскери қызметке алғаш рет шақырылған әскери қызметшілерге әскери атақтар бойынша жалақылар қорғаныс істері жөніндегі департаменттен әскери қызмет өткеру орнына кеткен күннен бастап төленеді.

13. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшілерге әскери атақтар бойынша жалақылар мекеме жеке құрамының тізімдеріне қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.

2-тарау. Офицерлер құрамы әскери қызметшілерінің

лауазымдық жалақылары
14. Офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне лауазымдық жалақылардың мөлшері атқарып отырған лауазымдарды әскери қызметшілер үшін лауазымдардың санаттар топтарына жатқызуға және мемлекеттік қызмет стажына байланысты түзету коэффицентін ескере отырып, оларды есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

15. Әскери оқу орындарын бітірген офицерлерге офицерлік атақ берілген күннен бастап істері мен лауазымын қабылдаған күнге дейін взвод командирінің лауазымы бойынша лауазымдық жалақы төленеді.

16. Әскери қызметке алғаш рет шақырылған офицерлерге қорғаныс істері жөніндегі департаменттен әскери қызмет өткеру орнына кеткен күннен бастап істер мен лауазымын қабылдаған күнге дейін лауазымдық жалақылар взвод командирінің лауазымы бойынша төленеді.

17. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген офицерлерге әскери бөлім жеке құрамының тізімдеріне қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап істері мен лауазымын қабылдаған күнге дейін лауазымдық жалақылар взвод командирінің лауазымы бойынша төленеді.

18. Офицерлерді лауазымдарға тағайындау кезінде, соның ішінде әскери оқу орындарын бітіргеннен кейін және запастан әскери қызметке айқындалғаннан кейін атқаратын лауазымы бойынша лауазымдық жалақылар істері мен лауазымын қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді.

3-тарау. Сарбаздар (матростар) және сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің лауазымдық жалақылары
19. Сарбаздар (матростар) және сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге лауазымдық жалақылардың мөлшері лауазым санатына және мемлекеттік қызмет стажына байланысты түзету коэффициентін ескере отырып, оларды есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Бұл ретте әскери бөлімнің штатында алымы ретінде сарбаздар (матростар) және сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге жалақыны айқындау үшін лауазым санаттары, бөлімі ретінде мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне жалақыны айқындау үшін тарифтік разряд көрсетіледі.

20. Сарбаздар (матростар) және сержанттар (старшиналар) лауазымдарына тағайындалған әскери қызметшілерге лауазымдық жалақылар істері мен лауазымын қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді.

Істер мен лауазымын қабылдағанға дейін мыналар төленеді:

1) мерзімді әскери қызметті аяқтағаннан кейін лауазымдарға қабылданған және тағайындалған әскери қызметшілерге – лауазымның 1-санаты бойынша белгіленген мөлшердегі лауазымдық жалақы;

2) әскери орта арнайы оқу орындарын бітірген әскери қызметшілерге –лауазымның 2-санаты бойынша белгіленген мөлшердегі лауазымдық жалақылар;

3) келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшілерге – бөлім жеке құрамының тізімдеріне қосу туралы командирдің бұйрығы шыққан күннен бастап лауазымның 1-санаты бойынша белгіленген мөлшердегі лауазымдық жалақы.

21. Сарбаздар (матростар) және сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді бір лауазымнан басқа лауазымға тағайындаған кезде жаңа лауазымдар бойынша жалақылар лауазымдарды атқаруға кіріскені туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді.

22. Офицерлер құрамының лауазымдарына тағайындалған сарбаздар (матростар) және сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге лауазымдарды атқаруға кіріскені туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап атқаратын лауазымы бойынша лауазымдық жалақылар төленеді.

4-тарау. Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақылары
23. Мерзімді қызмет өткеретін әскери қызметшілерге лауазымдық жалақылар белгіленген тарифтік разрядқа байланысты тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

24. Мерзімді қызметке шақырылған адамдарға қорғаныс істері жөніндегі департаменттен әскери қызмет өткеру орнына кеткені туралы тиісті командирдің бұйрығы шыққан күннен бастап лауазымдарды атқаруға кіріскенге дейін 1-ші тарифтік разряд бойынша белгіленген мөлшерде жалақылар төленеді.

25. Мерзімді қызмет өткеретін әскери қызметшілерді бір лауазымнан басқа лауазымға тағайындаған кезде жаңа лауазымдар бойынша жалақылар лауазымдарды атқаруға кіріскені туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді.

5-тарау. Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында оқитын тыңдаушылардың, курсанттардың лауазымдық жалақылары (стипендиялары)
26. Офицерлер құрамы қатарынан Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларына оқу уақытында оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы негізгі (уақытша атқармайтын) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық жалақысынан 70 пайыз төленеді.

27. Курсанттардың, кадеттердің лауазымдық жалақылары оқу кезеңінде курсанттардың, кадеттердің лауазымдық жалақыларын есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

28. Келесі курсқа ауыстырылған, оқу курсына байланысты жалақы алатын курсанттарға осы оқу курсы бойынша жалақылар келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бірақ жаңа оқу жылы басталардан бұрын емес төленеді.

29. Адъюнктураға қабылданған әскери қызметшілерге лауазымдық жалақылар адъюнктураға қабылданғанға дейін атқарған соңғы негізгі штаттық лауазымдары бойынша төленеді.

30. Докторанттарға докторантураға қабылданғанға дейін атқарған соңғы негізгі штаттық лауазымдары бойынша лауазымдық жалақылар төленеді.

31. Әскери оқу орындарынан шығарылған әскери қызметшілерге шығарылған күннен бастап мыналар төленеді:

1) әскери оқу орындарына қабылдау алдында әскери бөлімдерде лауазымдар атқарған әскери қызметшілерге (үлгермеуі мен тәртіпсіздігі үшін шығарылған мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа) олар әскери бөлімдерде оқуға қабылданғанға дейін атқарған соңғы штаттық лауазымдары бойынша жалақылар;

2) үлгермеуі мен тәртіпсіздігі үшін шығарылған мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне 1-ші тарифтік разряд бойынша белгіленген мөлшердегі жалақылар.

32. Басқа мемлекеттік органдардан оқуға қабылданған жоғары әскери оқу орындарының тыңдаушыларына оқу жылының басынан бастап ақшалай қамту жалақылары Оқыту туралы келісімдерге немесе әскери қызметшілерді оқыту тәртібін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес төленеді.

3-бөлім. Ерекше жағдайларда әскери қызметшілерге ақшалай қамту жалақыларын төлеу
6-тарау. Лауазымдарды уақытша атқару кезінде
33. Бос лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберілген әскери қызметшілерге (осы лауазымдарға тағайындалуға құқығы бар лауазымды адамдарға) істері мен лауазымын қабылдаған күннен бастап уақытша атқаратын лауазымдары бойынша лауазымдық жалақылар төленеді.


7-тарау. Өкімде болу кезеңінде
34. Әскери қызметшілерге командирдің өкіміне қабылданған күннен бастап соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай жабдықталым төлеу мынадай кезең ішінде сақталады:

1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде – 2 ай;

2) ұйымдық-штаттық іс-шараларды жүргізуге байланысты – 3 ай.

Лауазымдық міндеттемелерін орындауы командирмен ұйғарылатын жағдайда әскери қызметшіге өкімде болу кезеңінде соңғы атқарған лауазымы бойынша көзделген үстемеақылар мен қосымша ақылар төленуі сақталады.

Әскери қызметшілерге командирдің өкімінде болу кезеңінде оған қатысты қылмыстық іс қозғалуына байланысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарылғанға дейін ақшалай жабдықталым төлеу уақытша тоқтатылады.

35. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарынан, адъюнктурадан, доктарантурадан шығарған жағдайларда оларды өкімге қабылдаған күн болып оқудан шығару туралы бұйрыққа тиісті бастық қол қойған күннен кейінгі келесі күн саналады.

36. Осы Ережелердің 34-тармағымен көзделген ақшалай жабдықталым алуға құқықты анықтаған кезде әскери қызметшілердің өкімде болу мерзімдеріне мыналарда болу кезеңдері есептелмейді:

1) емделуде;

2) емделуде болғаннан кейін әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша оларға жіберілгеннен әскери қызметшілердің санаторийлерде және демалыс үйлерінде;

3) әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша науқастануы бойынша демалыста;

4) бұрынғы қызмет орнынан кеткен әскери қызметшілердің олар өкімде болатын орынға дейін жүру жолында, сондай-ақ оларға байланысты емес себептер бойынша жолда кідіру уақыты, бұны әскери қатынастар немесе гарнизондық комендатуралар органдарының лауазымды адамдары, ал олар болмаған кезде вокзалдар, айлақтар, әуежайлар бастықтары куәландыруы тиіс;

5) әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалуына байланысты командирдің өкімінде, қылмыстық істі тоқтатқан немесе соттың ақтау үкімі шығарылған жағдайларда;

6) лауазымды уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап бос лауазымдарды уақытша атқару және лауазымнан босату күнін қоса алған күн бойынша кезеңдері;

7) демалыста.

37. Өкімде болуына байланысты оны алу құқығын жоғалтқан әскери қызметшілерге ақшалай жабдықталым төлеу мыналарға қалпына келтіріледі:

1) лауазымға тағайындалғандарға – тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап, бұл ретте тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап және лауазымды атқаруға кіріскен күнге дейінгі кезең үшін бұдан бұрын атқарған негізгі лауазымы бойынша жалақы төленеді;

2) бос лауазымды атқаруға уақытша жіберілгендерге – лауазымды уақытша атқаруға жіберу туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап және лауазымнан босатқан күнді қоса алған күн бойынша;

3) емделуге жіберілгендерге – жіберілген күннен бастап, бұл ретте жалақы өкімде болу орнына қайтқан күнді қоса, ал науқастануы бойынша демалысқа кеткендерге әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса төленеді;

4) әскери-оқу орындарына күндізгі оқуға қабылданған тыңдаушылар мен курсанттарға – оқуға жіберу туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап;

5) демалысқа кеткендерге демалысқа кеткен күннен бастап, бұл ретте жалақы демалыс біткен күнді қоса төленеді.

38. Қылмыстық іс тоқтатылған немесе сот ақтау үкімі шығарылған жағдайда әскери қызметшілерге ақшалай жабдықталым командирдің өкімінде мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.

39. Заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыс жасауға кінәлі деп танылған әскери қызметшілерге сот қолданған жазалау шарасы сипатына қарамастан қамауда болған уақыты үшін ақшалай жабдықталым төленбейді.

8-тарау. Науқастану кезеңінде
40. Әскери қызметшілерге емдеу мекемелерінде үздіксіз емделуде немесе әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша науқастануы бойынша демалыста болған барлық кезең үшін, бірақ әскери бөлімнен кеткен күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулар түрлерін қоспағанда, соңғы негізгі лауазымдары бойынша және әскери атақтары бойынша жалақы төленеді.

41. Науқастануы бойынша емделуде немесе демалыста болған кезеңде әскери қызметтен босату туралы бұйрық келіп түскен әскери қызметшілер бөлім тізімінен шығарылған күні бойынша ақшалай жабдықталыммен қамтамасыз етіледі.
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне icon«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне iconКәсіби және техникалық орта арнайы білім беру оқу орындарының оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 20 жылдығына арналған әскери – спорттық эстафетаның ережесі мақсаты
Кәсіби және техникалық орта арнайы білім беру оқу орындарының оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 20 жылдығына...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне icon1. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне iconҚазақстан Қарулы Күштері Кіріспе
Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне iconНұсқаулық 1-бөлім. Жалпы ережелер
Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін ақшалай жабдықталыммен, өтемақылармен...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне icon«бекітменін» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқарма бастығының луа
Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушысымен конкурстық өтінімдерді дайындау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне icon«бекітменін» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқарма бастығының луа
Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушысымен конкурстық өтінімдерді дайындау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне iconБекітмеін қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқарма бастығының луа
Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушысымен конкурстық өтінімдерді дайындау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне iconБекітемін қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалды–техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының луа
Жылғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін радиостанцияларға арналған гарнитурды, кең диапазонды радиостанциаларды...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне icon«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының луа
Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушысымен конкурстық өтінімдерді дайындау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница