Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері




НазваниеТлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері
страница1/5
Дата конвертации05.11.2012
Размер0.6 Mb.
ТипДиссертация
  1   2   3   4   5
ӘОЖ :373.1.013:372.882-3(092) Қолжазба құқығында

Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна

Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері

13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы

профессор Т.Қ. Жұмажанова
Ресми оппоненттері : педагогика ғылымдарының докторы

Н.И. Ишекеев
педагогика ғылымдарының

кандидаты Н.Е. Дөкенова


Жетекші ұйым: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім беру академиясы
Диссертация 2010 жылы « 29» қазан күні сағат 14.00 -де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ( 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 конференц-залы) филология және педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.05.05. диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30).


Автореферат 2010 жылы «27 » қыркүйекте таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор Б.Әбдіғазиұлы
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна

Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері
13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ

Басуға 25. 09 .2010 ж. қол қойылды.


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық құндылықтарымызды және ұлттық мәдениетімізді өскелең ұрпаққа танытуға жағдай туғызды. Әлемдік білім кеңістігінен сүбелі орын иелену үшін бүгінгі және болашақ жастарға әдебиетіміз бен мәдениетіміздің кезінде жабулы қалған ақтаңдақ беттерін ашып беру міндеті тұр. Өркениеті дамыған елу елдің қатарынан көрінудің бір өлшемі ретінде қаралатын білім беру жүйесінің жаңа технологиялармен жарақтануы рухани жан дүниесі бай, жан–жақты дамыған білімді жеке тұлғаны тәрбиелеумен сабақтас.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы тәрбие беру мен оқытудың негізгі бағыттарын айқындап, болашақ жастардың жеке тұлға ретінде дамуын және терең білім мен кәсіби дағдыны қалыптастырудың негізгі іс-шараларын айқындады.

Қазақ халқының ғасырлардан келе жатқан мәдени, рухани ұлттық қазынасын оқушылардың бойында оқу үрдісі арқылы қалыптастыру жалпы білім беретін мектептердің әр пәнінің басты міндеті болып табылады.

Президент Н.Назарбаевтың: «Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді» [1, 29б],- деген сөзі болашақ ұрпақ тәрбиесінде оқушылардың ұлттық мұрағаттарды қадірлей білуге және өз тарихын құрметтеуге үйретеді. Бұл сөз сонымен қатар ұстаздардың да алдына зор міндеттер қояды. Себебі, ұлттық сананың оқушы бойында қалыптасуы мәдени-рухани, тарихи материалдарды игерумен ұштасады.

Қазіргі кезде ұлттық өнердің және мәдениеттің, ұлттық әдебиеттің тарихы мен оның әрбір көрнекті өкілінің мұрасына зор жауаптылықпен қарау, шынайы дұрыс бағасын беру – келешектің игілігіне бағытталған жұмыс болуы тиіс.

ХХ ғасырдың 20-жылдары ұлттық проза Ж.Аймауытов, М.Әуезов, М.Жұмабаев шығармаларымен әлемдік үлгіні бойына сіңіріп, кемелдене түсті. Идеологияның белсенді ықпалына қарамастан, дәуір тынысын, қоғамдық өзгерістің сыры мен шынын көркем бейнелеуге ұмтылыс С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов тағы басқа жазушылардың шығармаларынан кеңінен көрінді. 30-жылдардың елеулі табысы – ұлттық әдебиетте үлкен прозаның өрістеуі болды [2, 1б].

Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Қошке Кемеңгеров және басқа қазақ халқының біртуар азаматтарының әдеби мұралары көп уақыт бойы идеологиялық саясаттың желеуімен халық назарынан тыс қалғаны белгілі.

Қазақ әдебиеті тарихындағы дара орны бар Ж.Аймауытов шығармашылығын орта мектепте оқытудың ғылыми әдістемелік негізін айқындау әдебиеттің әдістемесінің мазмұнын байытып, ауқымын кеңейтері анық.

Жазушы шығармаларындағы адам жанының әр қыры реалистік тұрғыда нақтылы детальдар арқылы көркем де, шебер өріліп берілуі жазушы ақталғаннан бастап зерттеушілердің назарын өзіне аудартпай қоймады. Әңгіме, повесть, роман, драмалық шығармаларындағы поэтикалық болмыс-бітім, тақырыптың ерекшелігі, идеялық тереңдігі, реалистік бейнелеу тәсілі, өмір құбылыстарын, кейіпкердің тұрмысын айшықты да, айқын бейнелеуімен Ж.Аймауытов шығармашылығы қазақ әдебиетінде елеулі орын иеленді.

1988 жылғы «Социалистік Қазақстан» газетінің 28-желтоқсан күнгі санында М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов шығармалары туралы комиссия қорытындысында: «Жазушының шығармаларындағы негізгі сюжетті желілердің бірі әйел теңдігі, адамгершілік, сондай-ақ, әдет-ғұрып пен шариғат заңдарына, феодалдық-патриархалдық ескіліктің қалдығына қарсы күрес, өскелең жас ұрпақты революция мен социализм мұраттары арасындағы тәрбиелеу проблемалары болып табылады» - делінген.

Ж.Әбділдин өзінің «Алаш азаматтарының ақталуы» деген мақаласында қазақтың біртуар ардақтыларын ақтаудың саяси проблема болғанын атап көрсетеді [3, 5б].

Қазақ әдебиетіндегі жекелеген қаламгерлер өмірі мен шығармашылығы әр кез сөз етіліп, зерттеу нысанасы болғаны белгілі. Осы орайда, Ж.Аймауытовтың есімі мен еңбегі 1920-30 жылдары әр қилы айтылғаны болмаса, арнайы зерттеу жүйесіне айналмаған еді. Сол кездегі саясаттың салдарынан Ж.Аймауытов шығармалары мектеп бағдарламасына енгізілмеді. Осы олқылық еліміздің тәуелсіздік алып, әдебиет пен мәдениетке жаңаша көзқараспен баға беру нәтижесінде толыға түсті.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары ақталған қазақ халқының біртуар ұлдарының шығармалары қайтадан жарық көріп, мектеп бағдармаларына енді.

Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы Қ.Мұхаметханов, С.Қирабаев, Т.Қожакеев, Р.Нұрғалиев, Б.Майтанов, Б.Байғалиев, С.Дәуітұлы, Қ.Жарықбаев, Т.Жұртбаев, Б.Қойшыбаев, Б.Құндақбаев, М.Атымов, А.Тасымбеков, Р.Тұрысбек, Д.Қамзабекұлы, Қ.Әбдікова, Р.Досжанова, Н.Қуантайұлы, Д.Ысқақұлы т.б. әдебиетші ғалымдар мен жас қаламгерлердің ізденістерінен кең орын алып келеді.

Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын зерттеген ғылыми диссертациялар қазіргі таңда біршама деуге болады. Атап айтсақ: Р.Тұрысбек «Жүсіпбек Аймауытұлы және 20-жылдардағы қазақ прозасы», Қ.Әбдікова «Ж.Аймауытов романдарындағы тұлға концепциясы», А.Досыбаева «Ж.Аймауытұлының шығармашылық шеберлігі», Г.Кәріпжанова «Ж.Аймауытұлы прозасы тілінің көркемдік ерекшелігі», Л.Мекебаева «Ж.Аймауытұлы прозасындағы көркемдік ізденістер», т.б. ғылыми зерттеулер жазушы шеберлігін жан-жақты танытты. Алайда, Ж.Аймауытовтың шығармашылық қарымын танытуда бұл зерттеулердің өзі аздық етеді деуге болады.

Ж.Аймауытов өмірі, шығармашылығы жайында әдеби теориялық тұрғыдан диссертациялар қорғалғанымен, жазушы туындыларын орта мектепте оқыту мәселесіне арналған арнайы зерттеу жұмысы болған жоқ. Мерзімді баспа беттерінде жарық көрген жекелеген мектеп мұғалімдерінің сабақ үлгілері мен мақалаларынан басқа жазушы шығармаларын оқытуға арналған әдістемелік еңбектің болмауы да диссертация өзектілігін айқындай түседі. Демек, Ж.Аймауытовтың шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне байланысты ғылыми әдістемелік зерттеу еңбектердің жоқтығы және баланың жас ерекшелігі, психологиялық қабылдау деңгейін ескере отырып жазылған әдістемелік нұсқаулардың жарық көрмеуі Ж.Аймауытов шығармашылығын мектепте оқытудың кешенді оқу әдістемесін жасау қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Сондықтан жазушы шығармаларын оқыту, меңгерту арқылы оқушылардың білім деңгейін тереңдетіп, дүниетанымдық, психологиялық көзқарасын кеңейтуге бағытталған ғылыми әдістемелік жұмыс тақырыбының өзектілігі айқындалады.

Осы дара тұлғаның әдеби, ғылыми, мәдени мұраларын бүгінгі таңда оқушыларға жеткізудің жаңа әдіс-тәсілдерін анықтау өзекті мәселе ретінде қаралады.

Зерттеу нысаны. Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу бағдарламасына негізделген Ж.Аймауытов шығармашылығын кешенді түрде оқытудың әдістемелік жүйесі.

Зерттеу пәні. Жалпы орта білім беретін мектептерде Ж.Аймауытов шығармаларын оқытудың әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты. Жалпы орта білім беретін мектептерде Ж.Аймауытов шығармашылығын оқытудың әдістемесін жасау, тиімді әдіс-тәсілдермен оқыта отырып, жаңа ғылыми-теориялық әдістеме ұсыну.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алға мынадай міндеттер қойылды:

- жалпы орта білім беретін мектепте Ж.Аймауытов туындыларын жан-жақты танып білуді қамтамасыз ететін әдістеме ұсыну;

- пән бағдарламасына сүйене отырып жазушы шығармаларын меңгеруде оқушының жас ерекшелігіне сәйкес әдістеменің тиімді жолдарын жасау;

- Ж.Аймауытов шығармаларын оқытуға негізделген сыныпта және сыныптан тыс жұмыс түрлерінің инновациялық әдіс -тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету;

- зерттеудің құнды нәтижелерін, ұсыныстарын даярлау.

Зерттеу болжамы. Жалпы орта білім беретін мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттырып, олардың эстетикалық көзқарастарын жетілдіруге, әдеби дамуын жаңа деңгейге биіктетуге, сондай-ақ, жазушы шығармалары арқылы оқушы баланың санасында ұлттық құндылықтарды бағалай білу, адалдық, адамдық, тазалық, ана тіліне, туған жеріне деген асқақ сезімін оятуға ықпал етіп, жеке тұлғаны қалыптастыру жүзеге асады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Жеке тұлғаның әдеби-интеллектуалдық қабілетін дамытуда, көркем-эстетикалық, рухани жан-дүниесін байытуда Ж.Аймауытов шығармашылығын тиімді әдіс- тәсіл жолдарымен меңгерту әдебиет сабағының сапасын, құндылығын, оқушы ізденісін, шығармашылық қабілетін, білім деңгейі мен білім сапасын арттырады.

Ғылыми зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері. Бүгінгі заманның педагогика және қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған тәжірибелер, соңғы жылдарда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілдері, ғылыми жаңалықтар мен еңбектер, әдеби білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу тұжырымдамалары, бағдарламалар, оқулықтар басшылыққа алынды.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және ғылыми зерттеу еңбектерін теориялық талдау, сараптау, қорытындылау, салыстыру әдістері қолданылды. Сондай-ақ, әлеуметтік-педагогикалық, теориялық, тәжірибелік, статистикалық тәсілдер пайдаланылды. Эксперимент әдісі бойынша жүргізілген тәжірибе жұмыстарының мазмұны, түрі, тиімділігі анықталып нәтижесі қорытындыланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Ж.Аймауытов шығармаларын алғаш рет жалпы орта білім беретін мектептерде меңгертудің кешенді әдістемелік жүйесі жасалды;

- оқушылардың дүниетанымдық деңгейін, білімін тереңдетуде, ойлау қабілетін дамытуда жазушы шығармаларын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетіліп, жеке тұлғаның көркем-эстетикалық көзқарастарын қалыптастырудың әдістемелік жолдары қарастырылды;

- Ж.Аймауытов шығармаларын пән бағдарламасына сай жаңа инновациялық технология бойынша оқытудың үлгілері ұсынылды;

- жазушы шығармаларын меңгертуде сыныпта және сыныптан тыс атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы айқындалып, әдістемелік жүйесі жасалды және нақтылы мысалдармен дәлелденді;

- жазушының пән бағдарламасында қарастырылмаған шығармаларын оқытудың элективті курс бағдарламасы жасалып, мектеп мұғалімдерінің назарына ұсынылды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу еңбекте Ж.Аймауытов шығармашылығын жаңа әдіс-тәсілдермен меңгертудің мазмұны айқындалды. Оқушының ұлттық сана- сезімі қалыптасқан жеке тұлға ретінде дамыған азамат болуында жазушы шығармашылығын, өмірбаянын меңгертудің маңызы зор. Теориялық нәтижелерге жетуге тәжірибе ретінде жүргізілген сабақтардың қорытындысының жоғары пайызда болуы бұл жүйенің тиімділігін айқындады. Зерттеу барысында жалпы орта білім беретін мектептің бағдарламасына сай Ж.Аймауытов шығармаларын меңгертудің теориялық алғы шарты жасалды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу еңбектің нәтижелерін жалпы орта білім беретін мектептің әдебиет пәнінің мұғалімдері, жоғары оқу орнының студенттері, ізденушілер, әдіскер ғалымдар көмекші оқу құралы ретінде пайдалана алады. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орнындағы қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі курсының семинарлары мен дәрістерінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:

1. Жалпы білім беретін орта мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқытуда мынадай нәтижелерге жетті:

а) Ж.Аймауыовтың ғылыми еңбектері - әдістеме ғылымының ілгері дамуына,білім беру сапасын арттыруға әсер ететін құнды мұра;

ә) Ж. Аймауытов шығармашылығы туралы әдебиеттану ғылымында қарастырылған ғылыми еңбектерді тиімді пайдалану;

б) Ж.Аймауытовтың педагогика-психологиялық көзқарастары, әдеби туындылары, педагогика, әдебиеттану, психология ғылымдары аясында зерделенген зерттеулерді қарастыру;

в) жазушы шығармашылығын оқытуға арналаған тиімді әдістемелік тәжірибелерді ескеру;

г) Ж. Аймауытов шығармашылығын оқытудың жаңа әдістемелі жүйесін жасау;

д) Ж.Аймауытов шығармаларын талдау арқылы жүргізілетін проблемалық тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар орындау, мәтінді талдау, жазба жұмыстары, әдеби- шығармашылық тапсырмалар оқушы білімін жетілдіруге мүмкіндік жасалды.

2. Ж. Аймауытов еңбектерін зерттеп жүрген ғалымдардың, әдіскерлердің еңбектеріне талдаулар жасалды;

3. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі және әдебиеттану ғылымдарының даму деңгейіне сай Ж.Аймауытовтың шығармашылығын оқыту әдістемесінде ұсынылған әдістемелік жүйені үнемі жетілдіруінің қажеттілігі атап көрсетілді.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде - ( 2006-2007 ж.ж.) Ж.Аймауытов шығармашылығы туралы ғылыми- теориялық, әдістемелік материалдар жинақталып, эксперименттік жұмыстар жүргізетін сыныптар іріктелді. Эксперименттік жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері айқындалып, алғы шарттары белгіленді.

Екінші кезеңде - ( 2007-2008 ж.ж.) Ж.Аймауытов шығармаларын меңгертудің негізгі іс-әрекеттері ұйымдастырылды. Оқушылардың ой белсенділігін арттыратын танымдық сұрау тапсырмалар, әдеби жаттығулар дайындалып, оларды меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері іріктелді және сабақ барысында іске асырылды.

Үшінші кезеңде - (2008- 2009 ж.ж.) Ж.Аймауытов шығармаларын игеру кезіндегі оқушылардың қызығушылығы, өз бетінше іздену, жаттығу жұмыстарын орындау, зерттеу дағдыларына талдау жасалды. Семей қаласындағы № 22, 39 жалпы орта білім беретін мектебінде және Семей құқық және бизнес колледжінде жүргізілген эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижесі шығарылып, қорытындысы жасалды.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен бағыттары, тұжырымдамалар мен ұсыныстар халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық, теориялық конференция материалдарында баяндама, ғылыми әдістемелік журналдарда мақала, Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан облысы мұғалімдер жетілдіру институттарында оқылған дәрістерде баяндалып, қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік көмекші құрал: сабақ жоспарлары, тест тапсырмалары, әдеби-теориялық ұғымдар (авторлық бірлестікте) жарық көрген.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты, зерттеу нысаны, болжамы, міндеттері, ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеудің практикалық құндылығы, сарапталуы қарастырылған.

Диссертациялық жұмыстың «Қазақ әдебиеті тарихында Ж.Аймауытов шығармашылығының алатын орны, пән бағдарламасында берілуі» деп аталатын бірінші тарау екі тармақтан тұрады. «Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының зерттелуі» атты тармақта жазушы ақталғаннан кейінгі уақытта оның өмірі мен қоғамдық қызметі, шығармашылығы, әдеби туындылары, қаламгерлік мұрасы туралы зерттеушілердің ой-пікірлері сараланып, жаңаша көзқараспен талданды.

Кезінде Ж.Аймауытов туралы ақиқатты көп жағдайда айтуға болмайтын болды. Жазушының өмір сүрген ортасы, қоғамдық-әлеуметтік жағдай, заманының күрделілігі мен қайшылығы оның шығармаларының көп уақыт жабық күйінде қалуына әкелді.

Ж.Аймауытовтың қоғамдық саяси қызметінен бастап, әр түрлі еңбектері бірнеше зерттеу жұмыстарына өзек болғандығы белгілі. Жазушының әдеби шығармашылығы жөнінде кезінде С.Садуақасұлы, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанұлы, С.Мұқанов, және т.б. пікір білдірсе, кейінгі тұста, С.Қирабаев, Т.Қожакеев, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Р.Тұрысбеков, Д.Досжанов, Р.Нұрғали, С.Мұратбеков, А.Сатаев, Б.Құндақбаев, Ә.Әбішев, Д.Әбілов, Б.Тәжібаев, Б.Кенжебаев, Т Жұртбай, Б.Байғалиев т.б. ғалымдар тарапынан қарастырылған еңбектеріне талдау жасалып, әдеби құндылықтар мысалдармен көрсетілді.

Ж.Аймауытовтың бай әдеби мұрасы туралы Қ.Мұхамедханов: «Жүсіпбектің әдеби мұрасы зерттелген емес, зерттелмек түгіл, сонау 20-жылдардан бастап Аймауытұлын арандату әрекеті, оған жазықсыз жабылған пәле-жала Жүсіпбектің көзі жойылғанша, жойылғаннан кейін де, толастаған емес. Ол өз алдына зерттелетін мәселе» -, дейді 4.391. Себебі, жазушы ақталғанға дейін Ж.Аймауытовқа, оның шығармашылық мұрасына социалистік көзқараспен баға беріліп, ескілікті уағыздайтын шығарма ретінде танылып, нәтижесінде халыққа қарсы идея ұсынған «ұлтшыл», «буржуазияшыл», «халық жауы» деген атақтар беріліп жазаға тартылды. Жүсіпбек Аймауытов шығармалары пән бағдарламасына енбей, оқушылар назарынан тыс қалды.

Рақымжан Тұрысбек өзінің Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы жайындағы еңбегінде: «...Міне, «елі үшін күйген» көрнекті қазақ қаламгері, ақын, әрі аудармашы, драматург Ж.Аймауытұлының талант табиғаты мен тағдыры, сондай-ақ, өмірбаян беттері мен шығармашылық ғұмырнамасының кейбір қырлары, перзенттері мен шәкірттері ой-пікірлерінің үзік-үлгі сырлары осындай. Біз бір ғана Жүсіпбек Аймауытұлының өмірбаян беттері мен шығармашылық ғұмырнамасына үңілгеннің өзінде кезең кестелері әр қырынан көрініп, талант табиғатына, дарын дидарына парасат шуағынан гөрі-саясат салқыны көлеңкесін молынан түсірген, салмағын анық аңғарамыз.» - деген [5, 90б].

Бүгінгі күні, қазақ әдебиетінде тұлғатану біршама қалыптасқан сала болғандықтан Ж.Аймауытовтың есімі, шығармашылық қайраткерлік еңбегі зерттеу нысанына айналып, қазіргі заман көзқарасымен жаңаша бағамдалуда.

Ж.Аймауытовтың әдеби, қоғамдық қызметі туралы алғашқылардың бірі болып белгілі ғалым Қ.Мұхамедханов, әдебиеттанушы Ш.Сәтбаева, академик С.Қирабаев, өнертанушы Б.Құндақбаев, жүсіпбектанушы Р.Сағымбекұлы, Р.Тұрысбековтер зерттеу пікірлерін білдірсе, әдебиетші, тілші, өнертанушы ғалымдар, жазушылар: Б.Байғалиев, Д.Досжанов, Д.Қамзабекұлы, А.Тасымбеков, Н.Қуантайұлы, Г.Кәріпжанова, А.Міралиева, Р.Досжанова, т.б. диссертациялық ізденістерінің арқасында жаңа қырынан толыға түсуде. Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық өмірбаянының тарихын саралаған ғылыми еңбектерді талдай отырып, олардың көбі жазушы ақталған уақыттан кейін жазылғанын байқауға болады.

Жүсіпбек Аймауытов егемендігіміздің арқасында әдебиетіміздің ақтаңгері болып әдебиет алыптарының қатарына қайта қосылды. Қаламгердің жазушылық мол мұрасы, адамгершілік, мінез-құлқы туралы ашық айтуға, зерттеуге, насихаттап жазуға мүмкіндік туып отыр. Демек, кемел де кемеңгер суреткердің шығармашылық еңбектерін көркем әдеби сын тұрғысынан қарастыру, тиянақтап жинақтау, суреткер турасында естеліктер жазу, оның шығармаларын ұлтымыздың ұлттық байлығына, халқымыздың рухани игілігіне айналдыру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін маңызды іс деп айтсақ қателеспейміз.

«Жүсіпбектің сан салалы шығармашылық қызметі дәуірдің талап етуінен туды. Бұл - бір Жүсіпбек басындағы ғана емес, қазақ интеллегенциясының алғашқы буынына түгелдей ортақ сипат. Әр саланың өз мамандары жоқ кезде олар заман, өзгеріс дәуірін күн тәртібіне қойып отырған қажеттікті өтеуге бар мүмкіндіктерін жұмсады. Ақын да, жазушы да, драматург та, ғалым да болып еңбектер жазды. Аударма да жасады. Бүгін біз Жүсіпбектің көркем туындыларының әдебиет тарихындағы орнын, жазушы шеберлігін, ізденістерінің байсалдылығын айта отырып, оның барлық шығармашылығының тарихи маңызын айрықша атаймыз» [6, 24б].

Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының мектеп бағдарламасынан алатын орны туралы айтқанда қазіргі мектеп бағдарламаларындағы ерекшеліктер де назардан тыс қалмауы керек. Себебі қазіргі кезде бейімді мектептерде оқушыларды пәндік бейімдеріне байланысты қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары деп бөлінеді. Оқушыларды осылайша бейімдеп бөлу әдебиет пәнін оқытуды да жаңаша құру керек екенін дәлелдеп отыр.

Кесте 1 - Жалпы білім бертін орта мектептің бағдарламасында Ж.Аймауытовтың шығармаларының берілуі.



Сынып

Пән бағдарламасында берілген шығармалар атауы

Сағат саны

Қосымша оқуға берілген шығармалар атауы

Сыныпттан тыс оқу

1

1.

«Ақбілек» романынан үзінді ретінде «Торғай мен қарлығаш» әңгімесі берілген

1







2

4.

«Әнші» әңгімесінен қысқаша үзінді берілген

1







3

7.

«Әнші» әңгімесі

2

Күнікейдің жазығы» повесінен «Күн менікі» үзінді

«Боранды болжағыш әулие» әңгімесі

4

9.

«Әнші» әңгімесінің толықтай нұсқасы берілген

2







5

11.

«Ақбілек» романы

2

«Шернияз» пьесасы










Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы

1













Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы

1













«Ақбілек» романы

3













«Қартқожа» романы

1








Кесте 2 - Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытатын 2009 жылғы (5-11 сынып) бағдарламасында Ж.Аймауытовтың шығармаларының берілуі.



Сынып

Пән бағдарламасында берілген шығармалар атауы

Сағат саны

Тереңдетіп оқуға берілген шығармалар атауы

Сыныптан тыс оқу

1

7

«Әнші» әңгімесі, «Күн менікі»

4

«Боранды болжағыш әулие» әңгімесі




2

9

«Әнші» әңгімесі, «Шернияз» пьесасы

4

«Ақбілек» романы




3

11

Өмірі, драмасы, поэзиясына шолу,аудармалары, публицистикасы.

8








Білім тұжырымдамасының арнайы түсінік хатында: «Жаңа оқу жылына ұсынылып отырған әдебиеттің өтпелі кезеңге арналған бұл бағдарламаларында мазмұндық, құрылымдық елеулі жаңартулар жасалды, көптеген материалдар қайта қаралды. Әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік, эстетикалық бағытын күшейтуді қамтамасыз етерлік мүмкіндігі мол жаңа есімдермен, соңы туындылармен толықтырылды»,- деп баға берілді [7].

Мектепте Ж.Аймауытов шығармаларын оқытуға бөлінген сағат мөлшері қазіргі мектептердің бағыт бойынша оқытуына негізделіп жасалған. Мәселен, «Ақбілек» романы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда үш сағат оқытылса, жаратылыстану-математика бағыты бойынша сыныптан тыс оқуға берілген. Сондықтан зерттеу барысында сыныпта және сыныптан тыс оқытылуының ерекшеліктері жеке-жеке арнайы қарастырылды.

Ж.Аймауытов шығармашылығын оқытудың ерекшелігі жазушының өмірбаяндық, шығармашылық және оған байланысты зерттеу еңбектерінің әлі де болса бір жүйеге түспегендігіне байланысты екенін айтқымыз келеді. Себебі, жазушының «Әнші» әңгімесі үш сыныпта (4,7,9.) қайталанады. Есесіне жазушының балаларға арналған ертегілері, өлеңдері мен поэмалары берілсе деген ұсыныс бар. Осыған байланысты бағдарламадағы Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығына берілген сағат көлемін әлі де көбейту керек деген қорытынды шығады.

Бірінші тараудың «Ж.Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқытудың педагогика-психологиялық негіздері» деп аталатын екінші тармағында Ж.Аймауытов шығармашылығын меңгертуде оқу материалдарын оқушыладың жас ерекшеліктеріне, психологиялық қабылдауларына қарай оқыту көрсетілді.

Диссертациялық еңбекте орыс әдебиетінің психолог ғалымдары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьева, В.В.Давыдов, Л.Г.Жабидская, Н.Д.Молдавская, В.Р.Щербина, В.Г.Маранцман, И.О.Никифорова зерттеулері мен қазақ зерттеуші ғалымдары М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, Т.Сабыров, Ж.Қоянбаев, Р.Сүлейменова т.б ғалымдардың педагогика, психология мәселелеріне байланысты еңбектері басшылыққа алынды.

Жүсіпбек Аймауытов - жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу, оның дұрыс өсіп, дұрыс жолды таңдай білулеріне көмек көрсету мәселелеріне терең тоқталған ғалым. Ж.Аймауытов жас өркенді оқытып-тәрбиелеуде, оның жеке тұлғасын, өзіндік «мәнін» қалыптастыруда мұғалімнің ролі айрықша екендігіне көп көңіл бөлген.

«Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» еңбегі мектепке және оқытуға байланысты қазақ тілінде жазылған алғашқы құралдардың бірі болғаны жайында еңбекте толық көрсетілді. «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Тәрбиеге жетекші», «Психология» деп аталатын еңбектерінен мысалдар алынып, қазақ мектептері тарихындағы психология мәселесіне арналған тұңғыш зерттеулер екені айтылып өтілді. Автор: «Психология» кітабының алғы сөзінде: «Өзге білімдер затшылдыққа табан тіресе, аяғын нық басқан жоқ.... Қарапайым адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады...»-, дейді. Ж.Аймауытов «Тәрбие мен амал» атты тарауында: «Өмірге пайдасыз білімнің білім сәндігі жоқ. Олай болса психология білімі де тәрбиеге пайда келтіретін болуы керек. Тәрбиенің түпкі мақсұты: адам маңайындағы табиғат төңірегіне, әлеумет төңірегіне ыңғайласуға ықпал беретін құрал-күш жасап беру. «Тәрбиесіз» адам өмірде әрбір жаңа күйге ұшыраса берекесі кетіп, рәсуа болады. Ал , «Тәрбиелі кісі» жадына сіңірген өнегелер, дерексіз ұғымдар арқасында бұрын ұшырамаған халге түссе де, шаруа табуға оңтайлы келеді. Бір сөзбен тәрбиені былай тағайындауға болады: қылық пен икемдік жүзінде бойына сіңірген әдетті іс істеуге жанастырып, ұйымдастыру»,-деп [8,44б]. Тәрбиенің психологиямен байланысты болып келуіне назар аудартады. Бұл ғылыми зерттеулер өз уақытында жоғары бағаланғандығы және еңбектің құндылығы бүгінгі тәрбие мәселесіне де қажет екендігі айтылды.

Ж.Аймауытов білім беруде оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға оқу үрдісінде балаларға түсінікті ұғымдарды үйретуден бастауды олардың жеке қабілет- дарыны мен ерекшеліктерін ескеруге баса назар аударады. Жазушының бұл принциптері қазіргі кезде әдістеме саласында қолданып жүрген жеңілден күрделіге қарай оқыту және олардың жас ерекшелігін ескеру қағидаларымен сай келеді.

Оқушының психологиялық даму кезеңдері және олардың көркем мәтінді қабылдау деңгейі, кейіпкерге мінездеме беру, баяндау, мәнерлеп оқу, шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай талдау, т.б.мәселелер қарастырылды.

Ж.Аймауытовтың кез-келген шығармасы кейіпкерлердің психологиялық ішкі иірімдеріне құрылған.

Диссертацияда Ж.Аймауытовтың шығармалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай топталып талданды. «Торғай мен қарлығаш» атты әңгімеде жан-жануарлардың тіршілігін, олардың мінез ерекшеліктері түсіндірілді. «Әнші» әңгімесін оқыту кезінде оқушының шығарманың көркемдік-эстетикалық қуатын айқындау, елестету, өкіну, жаны ашу, қайғыру т.б.таным-түсініктері қалыптасты. Шығарма кейіпкері Шәкет қыздың ыдыс- аяқты ұқыпты, таза ұстауын суреттеу арқылы жазушы біріншіден, тазалыққа тәрбиелесе, екіншіден, қазақтың ұлттық таным - түсінігіне, тұрмыстық психологиясына байланысты этнопедагогикалық ұғымдарды игертуге назар аудартады. Әсіресе, сәтті шыққан психологиялық сипаттаулар «Ақбілек» романында көптеп кездесетіндігі айтылып, шығармадағы кейіпкер жан дүниесіндегі тебіреністер, қайғы мен жан күйзелістерінен мысалдар келтіріле талданып берілді. Жоғары буын әдеби білім берудегі шешуші кезең болғандықтан романдағы күрделі психологиялық жағдайлар тереңірек талданады. «Жоғарғы буын-мектеп оқушыларына әдеби білім берудегі-шешуші кезең. Жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, өмірлік, оқырмандық тәжірибелері, қабылдау дәрежелері мүмкіндік беретіндіктен, бұл сыныптарда берілетін білім көлемі күрделене түседі» [9, 248б]

«Соны ойлаған кезде ақ торғын маңдайынан екі тік сызық көріне қалады. Апасы есіне түседі де, көзінен екі моншақ домалап кетеді... Жан апасы бұл үшін өліп кетті-ау! Тым болмаса бір ауыз тіл қатуға да мұршасын келтірмеді-ау! Жан апасынан мәңгілік айырылып, басы қаралы, жүзі жаралы болып отырып, не бетімен бай іздегені? Апасын өлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген, ауылын шапқан, талаған орыстың тұқымына не ғып өз еркімен көнгені? Ел қайда? Бұл қайда? Әкесі, аулы не күйде? Ақбілек туралы олар не ойлап жатыр десейші...» деген жолдар арқылы көрінетін кейіпкер жан дүниесіндегі тебіреністерді оқушының түсінуі үшін мұғалім романның өн бойындағы Ақбілектің психологиялық образына байланысты нақтылы жағдайларды оқушылармен талдай отырып меңгертілді. Шығармадағы нақтылы мысалдармен біреудің жан дүниесіндегі қайғы мен ауыр жан күйзелістерін түсінуге, бір-біріне деген қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыруға болады.

«Соны ойлағанда Ақбілек: «Менің кімге жазығым бар еді» деп тағы да ойлады. Өзін торғайға, өзіне қастық қылғандарды жыланға теңеді. Торғайдың жауын мен өлтірдім, менің жауымды да біреу өлтіреді екен деп, бұл оқиғаны өзінше жақсылыққа жорыды...» - деген үзінді арқылы жазушы қазақ халқының ұлттық дүниетанымдағы ырымға сену қасиетін көрсетеді. Сондай-ақ, жылан мен торғайдың әрекетін сипаттау арқылы психологиялық паралелль әдісін алып Ақбілек монологын жазушы сәтті шығарғанын оқушы мәтінді талдау барысында түсінеді. Оқушылардың бойындағы аяныш сезімдерін туғыза отырып, қазақ ұлттық дүниетанымындағы табиғат пен адам байланысына негізделген табиғатпен етене өмір сүру идеясын да айтуға болады.

«Қартқожа» романындағы сағыныш, мұң, арман сияқты сезімдер суреттеріне психологиялық талдаулар жүргізілді. «Күнікейдің жазығы» повесіндегі қыз баланың өзіне ғана тән ішкі психологиялық жай- күйі қарастырылды.

Оқытудың нәтижесі мұғалімнің жеке тұлғасы мен шеберлігіне байланысты. Бұл туралы А.Байтұрсынов: «Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі, пәні сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, пән сайлы болуы керек», - деп екі түрлі мәселеге аса көңіл бөлу керек екенін көрсетеді. [10, 269б.]

Екінші тараудың «Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа әдістемелік технологиялармен меңгертудің тиімді жолдары» деген бірінші тармағында мектепте жазушы шығармаларын оқытудың тиімді әдістемелік жолдары нақтылы талданды. Сондай-ақ, бұл тарауда шетелдік және отандық әдіскер ғалымдардың мектепте әдебиетті оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми еңбектері қарастырылып, эксперименттік жұмыс кезінде теориялық тұғырнама ретінде қолданылды. «Ж.Аймауытов шығармаларын сыныпта оқытудың әдіс-тәсілдері» деген тараушада жазушы шығармаларын жанрлық, көркемдік ерекшелігін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер талданып, әр әдістеменің тиімділігі мен кемшілік жақтары сараланып көрсетілді.

Оқу жүйесіне тың тәсілдер жүйесі–тиімді технологиялардың енуі-бүгінгі күн талабы. Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру озық технологиялардың жетістігі екендігі атап көрсетілді. Әр сабақтың мазмұнына, әдіс-тәсілдеріне қарай оқытудың жаңа технологиялары (Венн диаграммасы, «Қарлы кесек» ойыны, топтастыру, ой қозғау стратегиясы, кейіпкер бейнесін ашуға байланысты семантикалық карта, тестілердің түрлері: өзара байланысты тест, сатылы тест, сәйкестікті табу тесті, сұрау-тапсырмалар жүйесі, сабақ үлгілері, кейіпкер бейнесін жасау жұмыстары) нақты мысалдар беру арқылы көрсетілді. Зерттеу жүргізе отырып, әдеби шығарманы талдау әдісінің негізгі тәсілдері: көкейкесті мәселе туғызатын сұрақтар дайындалды, зерттеу тапсырмалары анықталды.

Пән бағдарламасында берілген Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа әдістемелік технологиялармен меңгертуде топтық оқыту, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сатылай комплексті талдау технологиясы, ақпараттық технологиялар арқылы оқыту түрлері басшылыққа алынып, оқыту әдістері арнайы қарастырылды.

Жүсіпбектің жүйрік ойлы жазушы, сезімтал қалам иесі болуына үлкен әсер еткен туған жерге деген құштарлығы, аңсар махаббаты болғанын оқушыларға жазушының шығармасынан үзінді келтіре отырып түсіндіру де тиімді әдістердің бірі болды.

Диссертациялық жұмыста оқытудың жаңа технологиялық түрлері берілді. Мәселен, Жүсіпбек Аймауытовтың 7-сыныпта оқытылатын «Әнші» әңгімесін оқытуда жазушы стилін таныту, тіл шеберлігін айқындаумен қатар оқушыларға көркем сөз мәйегінен мәлімет беріп, көріктеу құралдарымен осы кезде таныстырылды. Автордың стильдік ерекшелігін, шығарма құрылысын, образды сомдау мен идеяны беру шеберлігі және т.б. қырлары қарастырылды. «Әнші» әңгімесімен оқушы 4-сыныптан таныс. Дегенмен, оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық бітім-болмысына сай онда әңгіме қысқартылып алынса, 7-сыныпта көлемдірек, 9-сыныпта жалғасы бар. Сондықтан әңгімені оқыту кезінде шығарма табиғатына сай әдіс-тәсілдерді таңдау басты назарға алынды.

Мәтінді бөлшектерге бөліп, ат қойып, жоспар құру, сөздікпен жұмыс, мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздермен сөздік жұмысын жүргізу ұйымдастырылды. Мәтіндегі оқушыларға түсінуге қиын сөздер сөздігі жасалды.

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» арқылы жүзеге асатыны дәлелденген.

Кесте 3 - «Екі жақты түсініктеме күнделігі».



Мәтіндегі түсінуге ауыр сөздер.

Түсіндірме сөздікпен жұмыс.

1

Бержабай

Өзеннің бір жағынан екінші жағына жүк, адам тасушылар.

2

Қашаба

Тарантас, жеңіл арба.

3

Шүлеңгір

Мырзасыну деген мағына.

4

«Бордақы байлар»

Семіздік, күйлі деген мағынада.

5

Құжыра

Үй, баспана.

6.

Шәулі

Қыранның аналығы.


Шығарма өнер тақырыбында жазылған. Әнші Әмірқан прототипі- әйгілі әнші Әміре Қашаубаев. Әміренің нақтылы өмірде болғандығы және қазақ өнерін сонау Парижде асқақтатып биікке көтергені туралы оқушыларға мәлімет беріліп, оның дауысы үнтаспадан тыңдатылды.

«Әнші» әңгімесін оқыту кезінде Ж.Аймауытов пен Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылықтарын салыстыра отырып талдаған соң оқушылармен бірлесе отырып мынадай кесте жасалды.

«Әнші» әңгімесі бойынша ұқсастық пен даралық кестесі
Кесте 4 - Ұқсастық пен даралық кестесі.

Ж.Аймауытов Ә. Қашаубаев



Әңгімені оқушының қабылдауын жеңілдету мақсатында композициялық жоспар құрып, оқушы балаға шығарманың сюжеттік желісін түсінуге мүмкіндік жасалды. Әңгіме бөлімдеріне ат қойылып, оқушылардың сол бөлімдегі оқиғаларды баяндаулары жүзеге асырылды. Әңгімені оқушылармен бірлесе отырып тақырыпқа бөлу оқиғаларды есте сақтауымен қатар, шығарманың композициялық бөлшектерін анықтап, әр бөлімнің әдеби қызметін анықтауға мүмкіндік берілді.
Кесте 5 - «Әнші» әңгімесінің композициясы.

Р/с

Әңгіменің композициялық жоспары

Көркемдік әдіс

Суреттеу тәсілі

Әңгіменің поэтикалық элементтері

1

Жетішатыр қаласы

Реализм

Баяндау




2

Қымызханашылар




әңгімелесу

Теңеу, метафора

3

Әншімен кездесу,өнерін тамашалау

Реализм

Мінездеу

Теңеу, метафора

4

Наурыз мейрамын өткізуге дайындық




Баяндау

Теңеу

5

Әмірқанның әні




Суреттеу

Теңеу

6

Әмірқанмен достасу




Баяндау

Теңеу
  1   2   3   4   5

Похожие:

Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері iconҚайтыс болғаны: 1931 Мансабы: Жазушы Аймауытов, Жүсіпбек
Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері iconЕ. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері iconӘож 373. 016: 821. 512. 122 Қолжазба құқығында медеубаева кенжехан тұрапбекқызы орта мектепте С. Торайғыров шығармаларын оқытудың
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері iconТехникалық мектеп
Сөйтіп, ұлтымыздың бірнеше ұрпағы Жүсіпбек Аймауытов сынды біртума сөз зергерінің, ірі тұлғаның өзінен де, сөзінен де бейхабар болып...
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері iconОқушы қабілеті дегеніміз
Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте...
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері iconЕ. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері icon«Васильковка негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту»
Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, құбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көз-қарастарын қалыптастыруда...
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері iconТолысбаева Әдемау Магистр оқытушы
О. Бөкей шығармаларын талдаудың кейбір ерекшеліктері. /Р. Бердібай және ХХ ғасырдың екінші жартысындағы фольклортану, филология,...
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері iconТ. Я. Эрназаров 200 ж
«Есеп және аудит», 050509 «Қаржы мамандықтарының жалпы орта, орта кәсіби білім негізіндегі күндізгі оқыту түрі
Тлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері iconБейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз керек? Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459
Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептерінің ІІІ сатысы бейімді – бағдарлы оқыту жағдайына...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница