Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы




Скачать 34.22 Kb.
НазваниеМатематика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы
Дата конвертации29.05.2013
Размер34.22 Kb.
ТипДокументы


Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы

Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мұхтарова Маржан Баймаханқызы

Математика пәнінен 1- сыныптағы

«ҚОСУ МЕН АЗАЙТУ ТӘСІЛДЕРІ»

тақырыбындағы сабақ

Сабақтың тақырыбы: 10 көлеміндегі қосу мен азайту. Айырмалық салыстыруға және қалдықты табуға берілген есептер.
Сабақтың мақсаты:

  • 10 көлеміндегі қосу мен азайту тәсілдері жайлы оқушылардың білімдерін бекіту;

  • Есеп түрлері жайлы оқушылардың білімдерін жетілдіру;

  • Балаларды халық ауыз әдебиетінің кейіпкерлерімен таныстыру арқылы елін, туған жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс- тәсілі: Көрнекілік стратегиясын пайдалану, салыстыру.
Сабақтың түрі: Ойын (ертегіге саяхат).
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар, ертегі кейіпкерлерінің бейнесі, мақалдар жазылған парақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Кіріспе бөлімі.

  • Бүгінгі математика сабағында біз қазақ ертегісіне саяхат жасаймыз. (мақалдарға назарын аудару):

«Батырға оқ дарымады»

«Батыр туса- ел арысы»

«Еліңді сүйсең, ерлік істейсің».

  • Бұл кімдер туралы айтылған сөз? (батырлар туралы әңгімелеу, мақалдардың мағынасын түсіндіру).

  • Балалар, бізге қонаққа Алпамыс батыр келіпті. Мен сендерге ол туралы ертегі айтайын (бейне файл көрсетіледі):

Ерте- ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір бай болыпты. Оның баласы болмай жүргенде, бір күні маңдайы жарқыраған ұлды болыпты. Оның атын «Алпамыс» деп қояды. алпамыс ай сайын емес, күн сайын, сағат сайын өседі. Сөйтіп, ол ер жетеді, үлкен азамат болады. Алпамыс өсе келе батыр бала атаныпты.


  • Ал бүгін, Алпамыс батыр сендердің білімдеріңді көремін деп келіпті.


Ауызша есептеу: Карточкаларды көрсетіп отырамын, балалар жауап береді. (қосу, азайту- 10 көлемінде).
Жазбаша есептеу: Матрицаларға жапсырылып жатқан қосу және азайту өрнектерінің жауабын жазу.

Оқушылар интербелсенді тақтаға шығып 1 өрнектен тағы 3 өрнекті шығарады.

а) 10 мен 4 айырмасы

ә) 5 пен 3 қосындысы

10-4=6 5+3=8

10-6=4 3+5=8

6+4=10 8-3=5

4+6=10 8-5=3
Қосу, айырма мәндерін салыстыру

6*4 нешеге 4*6 нешеге 8*5 нешеге 5*8 нешеге

10*4 артық 4*10 кем 8*3 артық 3*8 кем

10*6 6*10
Оқушыларды мадақтау.

  • Алпамысқа сендер өте ұнадыңдар, өйткені, өздеріңді ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Алпамыс бізге жай келмепті. Оның туған ауылына біресе дәу, біресе айдаһар, біресе мыстан кемпір келіп шабуыл жасайды екен. Жерінің намысы үшін, елін қорғау үшін Алпамыс оларға қарсы жорыққа шығыпты. Алпамыс батыр бізді де өзімен бірге шақырады. Біз оған көмек көрсетеміз бе? (ия).

  • Көп жүрдік пе, аз жүрдік пе, Алпамыстың алдынан дәу шығып, оны сайысқа шақырды. Оның тапсырмасы бар екен, егер біз оны орындасақ, ол Алпамыстың еліне шапқыншылық жасамайды.


Есеп шығару:

1. Айырмалықты салыстыруға арналған есептер.

2. Қалдықты табуға.

Керемет дәуді біз жеңіп шықтық.
Сергіту кезеңі:Оңға, оңға- түзу тұр

Солға, солға- түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Денемізді тынықтырайық

Біз де батыр болайық.


  • Енді Алпамыс батыр айдаһарды жекпе- жекке шақырады. Ал, айдаһардың тапсырмасын орындап көрейік.

5-ті бір таңбалы сандармен салыстыру. Бұл теңсіздіктерді қандай екі топқа бөлуге болады?

Неліктен?

(тапсырманы дұрыс орындаған соң, тағы бір жеңіспен құттықтау).

  • Енді Алпамыста бір ғана дұшпаны қалыпты. Ол мыстан кемпір. Енді онымен сайысайық. Мыстан кемпірдің тапсырмасы: 7,0 сандары арқылы қосу және азайту өрнектерін құру.

Мәндерін салыстыру.

Неше қосу (азайту) өрнектерін жаздыңдар?

Не байқадың?

  • Ал, балалар, біз Алпамыспен бірге оның барлық жауларынан құтқардық. Енді Алпамыстың елінде тыныштық болады. Сендер оған көп көмек көрсеттіңдер, болашақта сендер де батыр болады екенсіңдер. Енді Алпамыс батыр бізбен қоштасады.


Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

Похожие:

Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: 10 саны. 10 санын жазу Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: 1 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын...
Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconПәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы
Сабақтың технологиясы: Өзін-өзі тану пәнінің технологиясы сабақ құрылымында толықтай қолданылды, модульдік оқыту технологиясының...
Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconМатематика 1 сынып
Сабақтың мақсаты: 10 көлеміндегі санға, 3 – ті қосу және саннан 3 – ті азайту тәсілдерімен танысу. Халықтық педагогикамен ұштастыра...
Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconПәні бойынша Күнделікті сабақ жоспарлары
Алматы қаласы ббжмбк кд институтында шығарылған информатика пәнінен 7 сыныптарга арналған күнтізбелік жоспарга сәйкестендіріліп жасалган....
Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconҚазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспарының үлгісі Сабақтын тақырыбы: Асыл сөз Сабақтың максаты: а білімділік
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, эңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау
Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconЛисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Өткізген : Мауленова Г. С. Ашық сабақ. Математика 2-сынып Сабақтың тақырыбы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, әр оқушыға деңгейлік тапсырма беті, суреттер, ребус, кеспе сандар, сыйлықтар
Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconРодник негізгі мектебі а ш ы қ саба қ т ы ң т а қ ырыбы : «Ондық бөлшектерді қосу және азайту»
Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, деңгейлік тапсырмалар, киіз үй, плакат, кестелер
Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconКүні Сыныбы Сабақтың тақырыбы: Ақпарат Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен...
Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconСаяхат сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тоқтың жұмысы мен қуаты. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Электр тоғының жұмысы мен қуаты, тоқтың жылуының әсері, Джоуль-Ленц заңы туралы түсінік беру, 8 – сыныпта өтілген...
Математика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы iconПән аты: Информатика Класы: 7 Сабақтың тақырыбы: Ақпарат Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница