Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде




НазваниеБаспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде
Дата конвертации29.05.2013
Размер19.9 Kb.
ТипДокументы
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде
2012 жылдың наурыз айынан бастап «Наша Казаша» тележобасы ресми түрде жабылды. Ал КТК эфирінде тура осындай атаумен көрермендерге көрсетілген жоба - «Наша Казаша» жобасын құрушылардың жұмысына ешқандай қатысы жоқ жоба. Сонымен қатар, бұл жағдай авторлық құқықты бұзу болып табылады деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Баспасөз клубында өткізілген арнайы баспасөз жиналысында «Наша Казаша» жобасын құрастырушы Дәуіт Шайхисламов пен Нұртас Адамбаев.

Жоба атауы - жоба құрастырушылары ойлап тапқан дүние және де осы атауды, оның белгісі мен логотипін қолдану құқығы Шайхисламов пен Адамбаевқа тиесілі болып табылады, деп атап өтті олар.

Әйгілі британдық «Little Britain» скетч-шоуының клоны болып табылатын ресейлік «Наша Russia» жобасына ұқсас қазақстандық әзіл-оспақ «Наша KZша» («Наша Казаша») жобасы 2007 жылдың 30 қараша күні Алматы қаласында (Республика сарайында) алғашқы рет іске қосылып, кейінірек бағдарлама КТК телеарнасында көрсетіле бастады.

Өзінің алғашқы рет көрсетілген сәтінен бастап жоба жоғары табысқа жетті: жоғары рейтинг, үздіксіз гастрольдер, миллиондаған жанкүйерлер, бүкіл ел бойынша ашылған жанкүйерлер клубы, кино және телевизия продюсерлерінің тарапынан түскен он шақты ұсыныстардың нәтижесінде 2012 жылға қарай жоба өзінің танымалдығының шыңына жетті. «ФОРБС» журналының соңғы нөмірлерінде еліміздегі ең бай шоу-бизнес өкілдерінің рейтингісінде «Наша Казаша» жобасының үшінші орынды иеленуі осыны растайды.

Жоба біршама уақыт бойы «КТК» телеарнасының эфирінде шығып жүрді. Кейін Шайхисламов пен Адамбаев бағдарламаны жауып, «7 арна» эфиріне ауысып, рекорд жасауды және ең жоғары телевизия рейтингтеріне қолжеткізуді жалғастыра берді.

2011 жылы «7 арнаның» эфирінде осыған ұқсас бағдарламалар мен «Побег из аула» деп аталатын сериал көрермендерге жол тартты. Этикалық көзқарастарға байланысты апта сайын шығып жүрген «Наша казаша» бағдарламасының нұсқасын «KZ-ландия» атауымен шығару ұйғарылды.

Осындай жоғары табыс пен танымалдыққа жету - жоба қатысушыларының барлығының орасан зор дене және ой еңбегінің нәтижесінде мүмкін болды! Өзінің жеке өнімдері мен тұрақты шығармашылық мүмкіндіктері бар бизнес құрылымға айналғаннан кейін Дәуіт пен Нұртас аталған жобаны оның нағыз шырқау шыңына жеткен шағында жабу туралы шешімді қабылдады. Алайда бұл шешім бизнестің өзін жауып тастауды білдірмейді.

«Наша Казаша» жобасы туралы

Жоба іске қосылған сәттен бастап 20 сериядан тұратын 5 телевизиялық маусым түсірілді. «Смех в большом городе» деп аталатын 4 концерттің барлығы да залы көрермендерге лық толы жағдайда өткізілді. Жоба қатысушылары республика бойынша 1 мыңнан аса рет өнер көрсетті. Концерттер, маусымдар, музыка тректері енгізіліп, 11 рет шығарылған DVD өнімнің данасы - 100 000.

2011 жылы «Жетінші арнада» «Побег из аула» деп аталатын сериалдың 20 сериясының алғашқы көрсетілімі өткізілді.

Похожие:

Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде icon28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы
«Маңғыстау Электротораптық бөлу Компаниясы» АҚ («мэбк» АҚ) өздерінің 430 549 қарапайым акциясын жұртшылық арасында ұйымдастырылмаған...
Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде icon6 қыркүйек 2011 г. Баспасөз мәлімдемесі
Сатыбалды Нарымбетов, Ахат Ыбыраев, Әмір Байғазин мен фестивальдің арт-директоры Гүлнар Әбікеева жұмыс істеді
Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде iconБаспасөз мәлімдемесі
«бота» қоры Қазақстандағы балалар мен жастарға қызмет көрсетуде үздік үлгілер мен тәжірибелерді ілгерілету үшін жыл сайынғы халықаралық...
Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде iconБаспасөз-мәлімдемесі 24 шілде 2012 жыл
Барлық ірі елді мекендердің барлығының қамту іске асырылып, бұл «Теле2 Қазақстан»-ға елдегі «Ұлттық мобильді оператор» мәртебесін...
Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде iconБаспасөз мәлімдемесі
Салтанатты түрде 141 бозбала алғашқы офицерлік – «лейтенант» шенін және жоғары әскери оқу орнын бітіргені туралы диплом алып шықты....
Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде iconБаспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы
Алматы Алматы қаласының футбол бойынша жасөспірімдер құрамасы тарихта тұңғыш рет ағымдағы жылдың сәуір айының 4 мен 8-і жұлдыздары...
Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде iconҚазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы Баспасөз мәлімдемесі
РҚҰ «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» 2010 жылдың 29-шы қыркүйегінде сағ
Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде iconҚр мемлекеттік Орталық музейі Алматы қаласы, “Самал-1”, 44- үй, Баспасөз-хабарламасы
Көрме British Council Ұлыбританияның халықаралық ұйымы, Қр мом қолдауымен, Kazakhstan Fashion Week, bmi авиакомпаниясы, Energy fm...
Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде iconБаспасөз мәлімдемесі «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «ҚазМұнайГаз» Ұк ақ-нан «ПетроҚазақстан Инк.»-тағы үлестің 33 ын сатып алады
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «ҚазМұнайГаз» Ұк ақ-нан «ПетроҚазақстан Инк.»-тағы үлестің 33 ын сатып алады
Баспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде iconН. шубкин щетинин М. П. Объять необъятное: Записки педагога
Дети Наша боль, наша радость, наша надежда Позовите своего сына, дочь, посмотрите им в глаза. На вас смотрят столетия Бережно передавались...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница