Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік




Скачать 480.29 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
страница1/3
Дата конвертации27.11.2012
Размер480.29 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3
ӘОЖ 373.1.02:372.8:811.161.1. Қолжазба құқында


ПІРІМБЕТОВА СӘУЛЕ КӨЛБАЙҚЫЗЫ

Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу

тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)


13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі)


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009
Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университетінің қазақ тіл білімі кафедрасында орындалды.



Ғылыми жетекші:

педагогика ғылымдарының докторы,

доцент А.Жапбаров


Ресми оппоненттер:

педагогика ғылымдарының докторы,

доцент Ж.Дәулетбекова





педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Г.Т.Тұрсынова


Жетекші ұйым:





Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық

университеті








Диссертация 2009 жылы «18» қарашада сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.09.04 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, кіші конференцзал).
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30).

Автореферат 2009 «17» қазанда таратылды.

Диссертациялық кеңестің ғалым

хатшысы, филология ғылымдарының

докторы, профессор Қосымова Г.С.




КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Қазақ тілін өзге ұлттарға оқыту стандарты бойынша «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың мақсаты коммуникативтік, тілдік, мәдени-танымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» [1.8 б].

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте оқушылар қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, грамматикалық құрылысын меңгеруге, ойын еркін жеткізуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге,сонымен бірге қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін оқытудың жаңа технологияларына негізделген дидактикалық ұстанымдары, интерактивті әдістері мен тәсілдері қазақ тілін оқыту әдістемесінде жасалынды.

Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдерді оқытудың жалпы теориясы лингводидактиканың бөлімі болып табылады. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу мемлекетіміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіліп келеді. Орыстілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі жан-жақты зерттеліп отырса да, әлі де жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Соның бірі орыстілді оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту. Жалпы білім беретін мемлекеттік стандарт бойынша оқытудың міндеттері:

– қазақ тілінде сөйлеу және жазу икемі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни коммуникативті біліктілікті қалыптастыру;

– қазақ тілінің тілдік білім негіздерінің жүйесін танып білу, яғни тілдік білікті қалыптастыру;

– қазақ халқының мекенін, тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, тұрмысын таныту, яғни тарихи-мәдени таным біліктілігін қалыптастыру», деп белгілейді [2.2 б].

Оқу орыс тілінде жүргізілетін оқушылардың қазақ тілінде тілдік қатынас жасау деңгейін жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар. Мектеп оқушылары мемлекеттік тілде өз ойын нақты, дәл жеткізіп бере алмайды, олардың жазбаша сауаты нашар, тіл тазалығы мен сөйлеу мәдениеті талапқа сай емес. Мұның өзі мектеп бағдарламасы мен оқулықтарында тіл білімі мәселелерін оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлері негізінде жан-жақты сөз етуді керек етеді.

Қазіргі оқушылар келешек заманның саналы, мәдениетті азаматтары. Әр мәдениетті азаматтың өз Отанын, өскен өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білуі адамның сол халыққа деген құрмет сезімін оятады. Адам өзі өмір сүретін өлкенің халқымен бірге жұмыс істейді, олармен қарым-қатынас жасайды. Ал қарым – қатынас адамдар арасындағы сыйластыққа, достыққа, бірлікке құрылуы керек. Шынайы достық қарым-қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Қазақстанда өмір сүретін халықтардың достық қарым-қатынасының, бір-біріне сый-құрметінің құралы қызметін қазақ тілі атқарады. Қазақ тілін осындай құралға айналдыру үшін қазақ тілі сабағын оқытуды жақсартып, тілді оқыту әдістемесін дамытып, оны жоғары сатыға көтеру қажеттілігі күн тәртібіне қойылып отыр. Орыстілді мектептерде қазақ тілін меңгерту сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) негізделіп, кешенді түрде оқыту технологиясы іске асырыла бастады.

Дәлелді түрде нақтылап айтқанда, тілді теориялық жақтан лингвистикалық жүйелі білім негіздерін қалыптастыруға айрықша назар аударылады да, нәтижесінде, мектеп оқушыларының тілді өз тәжірибесінде қарым-қатынас құралы ретінде жұмсай білудің дағдыларын қалыптастыра алмады. Оқушылардың қазақ тілінде ауызша сөйлеу тілі қалыптасып, тілдік қарым-қатынас жасай алғанымен, жазылым әрекеті деңгейінің төмен екендігі анықталды. Бұл орыстілді мектептерде қазақ тілін оқытуда тілдік минимумдарды жазылым әрекетінде қолдана білу мүмкіндіктерін жетілдіруде оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуды зерттеудің әдістемедегі өзекті мәселе екендігін анықтайды.

Зерттеу жұмысының нысаны. Орыстілді оқушылардың қазақ тілінде жазбаша сөйлеу тілін дамыта оқыту үдерісі.

Зерттеу жұмысының пәні. Орыстілді 5-6 сынып оқушыларының қазақ тілінде жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты. Орыстілді оқушыларды қазақша сөйлеуге үйрету мақсатында тілді оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, жазбаша сөйлеуге үйретудің әдістемесін жасау, қазақша сөйлеуге үйретуге байланысты оқушылардың жазбаша тілінің дамуын тәжірибеден өткізу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

– қазақ тілін оқыту үрдісінде орыстілді оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың әдіснамасын айқындап, теориялық негіздерін дәлелдеу;

– оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жаттығулар жүйесі мен диктант, мазмұндама және шығарма жұмыстарының түрлерін айқындау;

– оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуды сөйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) бірлікте қалыптастыру;

– оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту мәселесінің ұстанымдарын белгілеу;

– жазбаша сөйлеу тілін қатысымдық бағытта дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтау;

– оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының болжамы. Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстарының сұрыпталған жүйесі тілдік қатысымның жоғары деңгейде қалыптасуына мүмкіндік береді. Жұмыста ұсынылған жаттығулар жүйесі мен диктант, мазмұндама, шығарма жұмыстарының түрлері орфографиялық норма талаптарына сәйкес жазылым әрекетінің дағдыларын жетілдіреді.

Жетекші идеясы. Қазақ тілі сабақтарында орыстілді оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту арқылы жазылым әрекеті жоғары деңгейде дамып, мемлекеттік тілде тілдік қатынас жасауды меңгереді. Тілдік минимумдарды саналы меңгере отырып, қоғамдық-әлеуметтік тілдік ортада мәдениетті сөйлеуге дағдыланады.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Ғылыми еңбекте педагогика, психология, лингвистика және қазақ тілін оқыту, орыс тілін оқыту әдістемесінің жаңалықтары, оқытудың жаңа технологиялары туралы ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары негіз болды. Тілдік қатынастың жазылым әрекетінің теориясы мен дамыта оқыту мәселелері зерттеу жұмысының негізі ретінде алынды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында ғылыми-теориялық еңбектерді талдау барысында баяндау, салыстыру, жүйелеу, ой-пікірлерді қорыту, бақылау, сауалнама әдісі, оқушылардың тілді меңгеру дәрежесін бақылауда эксперименттік, статистикалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

– орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытудың әдістемелік жүйесін сараптау арқылы қазақша сөйлеуге үйретудің ұстанымдары ғылыми тұрғыда негізделді;

– оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың тиімді әдістемелік жүйесі жасалынды. Орыстілді оқушылардың тілдік ортада қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгеруіне сәйкес кешендік жұмыс түрлері ұсынылды;

– оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер нақтыланып, жүргізілетін жұмыс түрлерінің қолданылу жолдары белгіленді;

– тілдік құралдарды жазбаша сөйлеуде қажетіне қарай дұрыс пайдалануға жаттықтыратын тиімді жаттығулар, диктант, мазмұндама мәтіндері, шығарма жұмысының түрлері анықталды;

– оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік жүйесі эксперимент негізінде тексеріліп, дәлелденді.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу жұмысы үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде (1999-2001 ж.ж.) жазбаша сөйлеу тілін дамытудың теориялық негіздері мен ұстанымдарын айқындайтын педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасалды. Зерттеудің алғы шарты, оны шешудің жолдары, мақсаты мен міндеттері анықталды. Орыстілді оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың әдістемесі айқындалды. Тақырып бойынша бақылау тәжірибесін өткізу үшін оқу материалдары жинақталды.

Екінші кезеңде (2002-2004 ж.ж.) зерттеу мәселелеріне қатысты ұсынылған оқытудың әдістемелік жүйесі тәжірибелік байқаулардан сатылап өткізілді. Орыстілді оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту негізінде жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлеріне жүйелі талдау жасалынып, оқу жүйесіне енгізілді. Диктант, мазмұндама, шығарма жұмыстарының түрлері анықталып, мәтіндер сұрыпталды. Тәжірибе материалдары талқыланып, оның ұтымдылығына назар аударылды.

Үшінші кезеңінде (2005-2008 ж.ж.) жасалған жұмыстар жүйесі арқылы бақылау және оқыту эксперименті өткізілді. Эксперимент нәтижесінде орыстілді оқушылардың білім деңгейлері анықталды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындылары жүйеленіп, нәтижелері шығарылды және диссертация талабына сәйкес ғылыми негізделіп жазылды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысы орыстілді оқушылардың қазақ тілінде жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесінің теориясын дамытуға үлес болып қосылады. Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуға қатысты жасалынған қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық негізде толықтырады. Жазылым әрекетімен қатар тілдік қатысымды жетілдіруге бағытталған жазба жұмыстарына қойылатын талаптар мен ұстанымдар қазақ тілін оқыту технологияларын нәтижелі әдістемелік идеялармен толықтырады.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысы орыстілді мектеп оқушыларының қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымына өз үлесін қосады. Оқу орыс тілінде жүретін 5-6-сынып оқушылары үшін оқулық, оқу құралдарын жазуға қолдануға болады. Өзге ұлтқа қазақ тілін оқытатын мұғалімдер мен әдіскерлер әдістеме курсы бойынша лекция оқуда, зерттеуімізде ұсынылған әдіс-тәсілдерді, жаттығулар жүйесін, жазба жұмыстарының (диктант, мазмұндама, шығарма) түрлерінің үлгілерін тіл үйрету мақсатында мектептерде пайдалануға болады. Сонымен бірге, әдістеме ілімі бойынша зерттеу ісімен айналысып жүрген аспиранттар, ізденушілер, магистранттар, оқытушылар пайдалана алады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

– оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуға бағытталған әдістемелік жүйе дидактикалық және тіл дамытудың арнайы ұстанымдарына негізделсе, нәтиже сапалы болады;

– оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту тиімділігі оқыту әдістеріне негізделеді. Оқытудың қатысым, жаттықтыру, көрнекілік, саяхат, ойландыру әдістерін кіріктіре пайдалану оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытып, сөздік қорының молаюына ықпал етеді;

– жазбаша сөйлеу тілін дамыту жұмысын лингвоелтанымдық, қатысымдық бағытта тәрбие жұмысымен бірлікте жүргізу сабақтың сапасын арттырады;

– орфографиялық дағды қалыптастыруда жазбаша жаттығу, диктант, мазмұндама және шығарма жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру жақсы нәтиже береді. Тілдік қатысымды жетілдіретін шығарма жұмыстары оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, өздігінен ой қорытуға, шешім жасауға үйретеді.

Зерттеудің базасы. Шымкент қаласының № 45 мектеп-гимназиясы мен Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейінде және Түлкібас ауданындағы М.Лермонтов атындағы орта мектепте өткізілді.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны, тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда жасалған баяндамаларда талқыланған.

Диссертация жұмысы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазіргі қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының және диссертациялық кеңес жанынан құрылған әдістемелік семинардың кеңейтілген мәжілісінде талқыланған.

Зерттеу жұмысының мазмұны мен тұжырымдары Қадағалау мен аттестаттау Комитеті бекіткен тізімдегі республикалық басылымдарда: «Ұлт тағылымы», «Ізденіс», «Қазақстан жоғары мектебі», журналдарында және түрлі ғылыми әдістемелік журналдар мен ғылыми жинақтарда 16 мақала жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, жетекші идея мен зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы айқындалады. Зерттеу жұмысының теориялық практикалық маңыздылығы көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануының барысы баяндалады.

Зерттеу жұмысының «Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде орыс тілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытудың мақсаты,мазмұны және жүйесі анықталды. Қазақ тілі сабақтарында орыстілді оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың лингводидактикалық, псиохологиялық және педагогикалық негіздері қарастырылып, тіл дамытуға байланысты зерттеу еңбектері мен оқулықтарға талдау жасалды.

«Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша тілін дамытудың лингводидактикалық негізі» деп аталатын бірінші бөлімнің бірінші тармағында Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Т.Шонанұлы, Ш.Х.Сарыбаев, М.С.Лапатухин, К.Д.Ушинский, Ф.И.Буслаев, И.И.Срезневский еңбектеріне сараптама жасалынып, оқушылардың жазбаша тілін дамытудың зерттелу жайы, мазмұны, жүйесі қарастырылды.

Оқушылардың тілін дамыту, өз ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білуі мен жазбаша сауатты және мәдениетті болуының маңыздылығы жөнінде алғаш пікір білдірген – Ы.Алтынсарин: «Екі тілде жеңіл шығармалар жазуға жаттығу, күрделі іс қағаздарын жүргізу, олардан көшірмелер жасауға үйретуді» міндеттеді [3.21 б].

Тіл дамыту мәселелері А.Байтұрсынов еңбектерінде тілдің теориялық мәселелерін меңгертумен байланысты терең қарастырылған. А.Байтұрсынов оқушылардың жазбаша тілін дамытуда жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану оқушылардың сөздік қорларын толықтыратындығын ескеріп, сынау және дағдыландыру жұмыстарының жүйесін ұсынған [4].

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтары мен оқу құралдарын жазған әдіскер ғалым Т.Шонанұлы. Әдіскер ғалымның қазақ тілін өзге ұлттарға оқытуға арналған «Самоучитель киргизского для русских» деп аталатын алғашқы оқулығында 92 сабақта 172 жаттығу берілген. Автор қазақ тілін практикалық жолмен меңгертуде жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлген. Орфографиялық дағды қалыптастыруға арналған жаттығулар жүйесін ұсынған [5].

Қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістемесін арнайы қарастырған әдіскер ғалым М.С.Лапатухин қазақша сөйлеу тіліне үйретуде фонетикалық, грамматикалық минимумдарды меңгертумен қатар аударма жұмысы мен іс қағаздарын жазуға үйрету мәселелеріне ерекше тоқталды. Ғалым орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың аралас (комбинированный), аударма және тура немесе көрсетпе (натуралды) әдістері оқушылардың жазбаша тілін дамытуға негізделе жүргізілетіндігін қарастырды [6].

Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту әдістемесін тұңғыш ғылыми негізде зерттеген ғалым Ш.Х.Сарыбаев «Жаздырып үйретудің әдістері» еңбегінде «Программамен жазу», «Дұрыс жазуға үйретудегі қазіргі кедергілер», «Дұрыс жазып үйренуге де жағдай керек», «Дұрыс жазуға көру сезімі арқылы әсер ету», «Көшіртіп жаздыру», «Дұрыс жазу құлаққа әсер ететін болсын» т.б. көшіртіп жазудың 10 түрін жеке-жеке қарастырады. Сонымен қатар хат жаздыру мен оның мәні, баяндама, тезис жазуға жаттықтыру мәселелері қарастырылған [7].

С.Жиенбаев тіл дамыту жұмыстарын оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлем құрай білуге жаттығу және кітап оқуға байланысты жұмыстар негізінде қарастырып, айтылған мәселелер бойынша жүргізілетін жұмыс түрлерін айқындаған.

К.Д.Ушинский әдістемесіне тән нәрсе – тілді үйретуді біртұтас құбылыс, үдеріс ретінде қарау. Ағартушы ғалым оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жаттығу жұмыстарының тиімді ұйымдастырылуымен байланысты деп санады. Тіл сабақтарында жүргізілетін жаттығу жұмысы теориялық материалды меңгертумен байланысты жүйелі ұйымдастырылып, оқушының танымдық қабілетін жетілдіруге бағытталуы тиіс екендігін ескертті.

С.Рахметова «Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту (мазмұндама мен шығарманың методикасы)» (1969) атты кандидаттық диссертациясында зерттеу жұмысымызға қатысты әдістемелік пікірлер, нұсқаулардың толық қамтылғандығы байқалды [8]. Ғалым докторлық диссертациясында (1997) бастауыш сынып оқушыларының ауызша, жазбаша тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасады.

Т.Әбдікәрімова «Бастауыш класта текспен жұмыс істеу арқылы тіл дамыту» атты зерттеуінде мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін талдап, тіл дамыту мәселесімен байланыста қарастырған. Ғалымның : «Мәтіндегі айтылған ойдан әркім өзіне қажетін ала білу, оны басқалардың да да бағалап, талқылауына мүмкіндік туғызу қажет» деген қағида оқушылардың жазбаша тілін жаттығулар жүйесі арқылы дамыту негізінде алынды [9,58 б]. Жаттығу жұмыстарының негізінде оқушылардың қатысымдық іскерліктерін: мәтінді түсініп оқу, оқығанын өз сөзімен айта білу, мәтін мазмұнына сәйкес өз көзқарасын білдіре алу, мәтін мазмұны бойынша ой қорытындысын жасай білуге дағдыландыруға болады.

Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда ұсынылатын жазба жұмыстары қатысымдық құзіреттілікті жетілдіру мақсатын іске асырады. Бұл мәселе жөнінде Ф.Ш.Оразбаева: «Қарым-қатынас жасаудың өзі бірлескен шығармашылықтың, бірлесе ойлаудың, әріптестіктің сабағы, әлдекімнің ырқына берілмей, ойын еркін айта алатын және айтуға тиіс еркіндік сабағы. Өйткені мұнда позиция айқын: білім беру арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім беру керек» [10.38 б].

Жазу – таңбалардың белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болуы арқылы адамдардың жазбаша қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сондықтан Ф.Абдразахова: «Жазылым әрекетінде тіл үйренуші сөйлемнің мәніне, мағынасына, формасына көңіл аударып, оны оймен пайымдауы арқылы өз санасынан өткізіп, қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуы нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады», деп көрсетеді [11.4 ].

Ғылыми-әдістемелік еңбектердегі ой-пікірлерді саралай келе, оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың негізі ретінде мәтін мазмұнының дұрыс сұрыпталуы; жазба жұмыстарының оқушының жас мөлшеріне сәйкес жүргізілуі; жазба жұмыстарының білімдік, тәрбиелік, танымдық міндеттерді шешуге бағытталуы; орфографиялық нормаға сәйкес жазу дағдысының қалыптасуы; сұрыпталған мәтіндер арқылы халқымыздың мәдени-рухани мұрасы мен салт-дәстүрінің озық үлгілерін, ұлтымызға тән әдептілік, сыпайыгершілік қасиеттерін таныту қажеттігі белгіленді.

«Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша тілін дамытудың психологиялық негізі» деп аталатын тармағында белгілі психологтардың Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Н.И.Жинкин, А.С.Лурия, Д.Б.Эльконин, В.А.Фледов, Б.Г.Ананьев, В.А.Артемов, Е.С.Истрина, Л.Н.Кадочкин, Л.К.Назарова психикалық функциялардың дамуындағы зерттеулері оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесін жасауда негізге алынды. Жазбаша сөйлеу тілін дамытудың психологиялық негізіне қазақ психологтары Ж.Аймауытов, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, С.Рахметова, Ж.Намазбаева т.б. зерттеулері бағытқа алынды.

Ауызша және сөйлеу тілін дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері, ойлау мен сөйлеудің байланыстылығы, таным үдерісі қарастырылды. Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту ойлау жүйесіне негізделеді. Ойды жазбаша жеткізу ауызша сөйлеу тіліне қарағанда өте күрделі, көп салалы процесс. Психологтар тіл үйретуші тіл үйренушілерді үйреніп отырған тілінде ойлай білуге үйренгенде ғана ауызша және жазбаша сөйлеуді қиындықсыз меңгеретіндігін зерттеу еңбектерінде дәйектейді.

Жазбаша сөйлеу тілін дамытуда қабылдау процесінің орны ерекше. Психологтар қабылдаудың көру, сезу және есту түрлеріне тоқтала отырып, жазбаша сөйлеу тілін дамытуда көру және есту үрдістерін ерекше атап көрсетеді. Жазба жұмыстарын меңгертудің алғашқы кезеңінде орындалатын жаттығу жұмыстары көру үрдісіне бағытталады, оқушыларды оқулықтан немесе тақтадан қатесіз көшіріп жазуға дағдыландырады. Екінші кезеңінде диктант жұмысының өзі көру диктантынан басталады, содан соң сатылай күрделенеді. Үшінші кезеңде мазмұндама, шығарма түрлері алдын-ала сұрыпталған материалдар бойынша жеңілден күрделіге ұстанымы негізінде жүргізілді.

Жазылым әрекетінің сыртқы дыбыстық құрылымы мен байланысы жөнінде психолог А.Р.Лурия: «Жазудың психологиялық-физиологиялық очерктері» еңбегінде теориялық тұрғыдан зерттеп, жазу үдерісінің көру түсініктері мен тиісті қозғалғыш факторлардың байланысынан ғана құралатын «идеомоторлық акт» ретінде қарастырады. Осы үдерістің құрамына қозғалыс пен көру салаларынан тыс мынадай компоненттер енетіндігін атап көрсетеді: міндеттің туындауы (бастапқы ой), ойдың алдын-ала құрылуы, есте сақтау және оны ішкі тілдің көмегімен жадыда сақтау, пайда болған ойды фразаның немесе біртұтас мәтіннің тиісті құрылымына енгізу [12.73 б].

Шығарма жұмысын орындауда әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Шығарма жазуда шығармашылық әрекетке қажетті психологиялық құрылым пайда болады, яғни танымдық үрдістердің (зейін, түйсіну, қабылдау, ес, ойлау, қиял) барлық түрлері қатысады. Жазбаша сөйлеу тілін дамытуда оқушылардың байқау қабілеті де маңызды. Байқағыштық оқушыларды өздері бақылаған құбылыстар мен заттардың ерекшеліктерін түсініп, бір-бірінен ажырату үшін байқағыштыққа үйретеді.

Бірінші бөлімнің үшінші тармағы қазақ тілі сабағында оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың педагогикалық негізіне арналды. Зерттеу

жұмысының педагогикалық негізін қарастырып, 5-6-сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытудың әдістемесін анықтауда Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, С.Қалиев, Ж.А.Қараев, М.М.Жанпейісова, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Ю.К.Бабанский, Ш.А.Амонашвили, В.П.Беспалько, А.М.Аббасов, В.В.Арахин сияқты белгілі педагог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.

Қазақ тілін меңгертуде оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту жұмыстары дидактикалық жалпы ұстанымдар мен арнайы жазбаша тілін дамыту ұстанымдарына негізделетіндігі айтылып, жұмыста талдау жасалды.

Дидактиканың ғылымилық ұстанымы бойынша оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстары тілдік минимумды дағдылы қолдана білуіне байланысты. Қазақ тіл білімінің теориялары оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуға негіз болады. Жазба жұмыстарын орындауда қалыптасатын орфографиялық дағды тіл білімінің орфография саласымен бірлікте қарастырылады. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда тіл білімінің заңдылықтары мен тілдік ұғымдарды қатесіз меңгертуді және тілдік минимумдарды практикалық жазба жұмыстарында қолдана білуге дағдылануы қажет. Оқытудың ғылымилық ұстанымымен бірлікте іске асырылатын ұстаным саналылық пен белсенділік ұстанымы. Оқушылардың жазбаша тілін дамыту тілдік материалды қаншалықты меңгергендігімен байланысты. Саналылық ұстанымы тілдік ұғымдарды саналы түрде меңгеріп, оны ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде қолдана білуге негізделеді. Зерттеу жұмысының нысанасы болып отырған жазылым әрекетін жетілдіруге негізделген оқушылардың жазбаша тілін дамытуды педагогтар мен психологтар саналы, ерікті әрекет ретінде қарастырады. Саналылық ұстанымы білімді меңгерту барысында өзін-өзі бақылау қабілеттілігін қамтиды. Оқушылардың өзін-өзі бақылау қабілеттілігі заттар мен құбылыстар арасындағы байланыс пен өзара қатынастарын ашуға, орындалып отырған жазба жұмысының тақырыбы бойынша ой қорытуын қамтамасыз етеді. Саналы түрде жазба жұмыстарын орындауда оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы оянып, жазылым әрекетін іске асыру белсенділігі дамитындығы байқалды.

Жүйелілік ұстанымы. Оқушылардың жазылым әрекетін дамыту –үздіксіз, жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстың нәтижесі. Бастауыш сыныптан орталау мектепке келген оқушылардың тілдік білім деңгейі анықталып, жүргізілетін жазба жүмыстарының жүйесі жасалынады. Оқушылардың бірлесіп орындайтын немесе жеке, өз бетімен орындайтын жазба жұмыстары белгілі жүйемен күрделендіріп отырса, жұмыс нәтижелі болады. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда мәтінмен жұмыс істеу жүйесі төмендегідей сатылардан тұрады: а) жазылатын шығарма жұмыстарының тақырыптарын сұрыптау; б) тақырып мазмұнына қатысты сөздер мен сөйлемдерді таңдап, сұрыптау арқылы мәтін құрастыру; в) жазылған мәтінді тексеріп, одан әрі жетілдіру сияқты жүйесі орындалады. Жүйелілік ұстанымы грамматикалық материалды сұрыптау ұстанымымен байланысты болғандықтан, оқушылардың қазақ тілінде жазбаша сөйлеу тілін дамытуда негізгі ұстанымдардың бірі ретінде қарастырылды.

Грамматикалық материалды сұрыптау ұстанымы мәселелері А.Н.Ким, Н.З.Бакеева, А.П.Васильченко, Т.Н.Казесалу, В.И.Баранников т.б. еңбектерінде зерттеліп, аталған ғалымдар орыс тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесінің негізін жасады. Грамматикалық материалды сұрыптауда сөйлеу модельдерінің қолдану жүйелілігіне, бір типтілігіне, қажеттілігіне көңіл бөлінеді. Диктант мәтіндері оқу бағдарламасындағы модуль тақырыптарына сәйкестендіріле сұрыпталуы тиіс. Бұл ұстаным негізінде сұрыпталған диктант мәтіндері өтілген грамматикалық материалмен байланысты болады. Оқу бағдарламасында грамматикалық тақырыптар жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге ұстанымын ұстанса, жазба жұмыстардың мәтінін сұрыптауда да негізге алынды. Бұл ұстаным бойынша әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен білім дәрежесі есепке алынады. Орыстілді бесінші сыныпта қазақ тілінің 9 төл дыбысы мен әріптері өтілген соң әріп диктанты, олардан құралған буындарды меңгерту мақсатында буын диктанты, бірте-бірте сатылай қиындатып, сөз, сөйлем, графикалық диктанттары жүргізіледі. Оқушыларға жоғарыда аталған диктант түрлері меңгертілген соң, диктанттарының күрделі (терме, көру, шығармашылық, ескерту т.б.) түрлері орындатылады.

Сапалылық ұстанымы. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда тілдік материалдарды меңгертуде негізге алынатын ұстанымның түрі – сапалылық ұстанымы. Сапалы түрде жазу дегенде, оқушының ойы, оны жеткізу сапасы екі түрлі болуы мүмкін. Біріншісі, оқушы жазу үстінде өзінің ойын басқа біреуге түсінікті болу үшін тиісті дыбыстар, буындар, сөз бен сөйлемдер таңдап, қолдануға тырысады. Оқушылар жазба жұмыстарын орындауда емле мәселелеріне мән бере бермейді. Мәтін тақырыбына байланысты жазба жұмыстарын орындауда сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс жазғанымен, айтылатын ой анық, дәл, мазмұнды деңгейде болмайды. Жүйелі, үзіліссіз жүргізілген диктанттың нәтижесінде оқушылар орфографиялық, пунктуациялық ережелерге сай дұрыс жазуға дағдыланады. Орфографиялық, пунктуациялық дағдылардың сапалы меңгертілгенде ғана мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындай бастайды.

Кешенді ұстаным. Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстары кешенді түрде ұйымдастырылғанда нәтижелі жүргізіледі. Эксперимент топтарында жазба жұмыстарының нәтижелері сарапқа салынып, көрсеткіштері беріліп отырды. 5-6-сынып оқушыларына жазбаша сөйлеу тілін дамытуда қолданылатын жазба жұмыстарының кешенді жүйесі: жаттығу жұмыстарының жүйесі, диктант және оның түрлері, мазмұндама, шығарма жұмыстары сараланды.

Жоғарыда аталған ұстанымдардың жүйесі жазбаша сөйлеу тілін дамытуда тілдік қатынастың қатысымдық ұстанымын ең негізгі, маңызды ұстаным ретінде негізге алынды. Өзгетілді тіл үйренушілерге мемлекеттік тілді меңгертуде Ф.Ш.Оразбаева, Қ.Қадашева, К.Жақсылықова, Ә.Әлметова, Ш.Құрманбаева, Г.Бейсенбекова, Г.Тұрсынова т.б. ғалымдар қатысым ұстанымының маңыздылығын дәлелдеп берді. Жазбаша сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жазба жұмыстарының түрлері қатысымдық бағытты ұстанады. Қатысым оқушылардың тікелей қарым-қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне негізделеді. Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда сөйлеу әрекетінің түрлері (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) кезектесіп, әрі жүйелі түрде жүргізіледі. Сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым түрлерін саналы меңгерген оқушы жоғары деңгейдегі тілдесімде сөздік қоры толығып, жазбаша тілі дамитындығы анықталды.

Жазбаша сөйлеу тілін дамытуда педагогикалық жаңа технологияларды пайдалану, оның қазақ тілін меңгертудегі тиімді жақтары қарастырылды. Дамыта оқыту идеясын ұсынушылар Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин; проблемалық оқыту теориясын жасаушылар А.М.Матюшкин, Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов проблемалық оқытудың мақсаты ғылыми таным нәтижелері мен білім жүйесін меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту екендігін көрсетеді. Олай болса, проблемалық дамыта оқытуды оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытып, жазба жұмыстары арқылы шығармашылыққа баулудың шарты ретінде тұжырымдауымызға негіз болды.

Диссертацияның екінші бөлімі «Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытудың әдістемелік негіздері» деп аталынып, алғашқы тармағында оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жазба жұмыстарының кешені жасалынды. Жазба жұмыстарының кешеніне жаттығулар жүйесі, диктант түрлері, мазмұндама, шығарма жұмыстары енгізілді. Қазақ тілінде жазбаша сөйлеу тілін дамытуда оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым және тілдесім әрекеттерін байланыста меңгеруіне байланысты жазба жұмыстары сұрыпталды.

Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда орфографиялық дағды қалыптастырып, өз ойын жазбаша дұрыс бере білуге дағдыландыратын және үйрететін жаттығу жұмысының тәжірибелік әдістерінің бірі - диктант жаздыру жұмысы. Диктант жұмысы мәселелері Х.Қ.Арғынов, Ш.Әуелбаев, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Р.Мұраталиев, Ә.Марасұлов, К.Қасабекова, И.Ұйықбаев, Е.Көшербаев, К.Жолымбетов, А.Жапбаров, т.б. ғалымдардың әдістемелік еңбектерінде талданып, тұжырымдамалар жасалды.

Орфографиялық норма қалыптастыруда бағдарламада үздіксіз орындалатын тәжірибелік жұмыстың негізгі түрі – диктант. Диктант термині кейбір әдістемелік еңбектерде жатжазу түрінде қолданылады. Диктант орыстілді оқушылардың жазбаша сауаттылығын қалыптастыру үшін қолданылады. Диктант жұмысын орындау әдістері зерттеудің педагогикалық негізінде ұсынылған дидактикалық ұстанымдарға негізделеді. Оқушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері ескеріліп, білімі мен дағдылары есепке алынды.

Жазбаша сөйлеу тілін дамыту бағытында жүргізілетін диктант жұмысының ең тиімді түрлері сұрыпталып, оқу бағдарламасында берілген модуль мазмұны бойынша аталған диктант түрлеріне мәтін қоры дайындалды: сөздік диктанты; жатқа жазу диктанты, терме диктант; бақылау диктанты; шығармашылық диктант.
  1   2   3

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӘУезов атындағы ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының қазақ және шетел музыка тарихы кафедрасында орындалды
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2007 Диссертациялық жұмыс: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconМ.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік
Силлабус «Аудит» пәні бойынша М.Әуезов атындағы ОҚму бекіткен типтік бағдарлама негізінде 050508 «Есеп және аудит» мамандағы суденттеріне...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconАвторефераты қазақстан Республикасы Орал, 2010 Жұмыс Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Диссертациялық жұмыс: Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ «Қазақ өсімдік қорғау және карантин...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница