Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары)




Скачать 42.65 Kb.
НазваниеІзғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары)
Дата конвертации27.11.2012
Размер42.65 Kb.
ТипДокументы


А. Ашетаева, А.С. Пушкин атындағы

ШҚ облыстық кітапханасының кітапханашысы

Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады

(І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары)
Армысыздар, құрметті қонақтар! Биыл, біздің жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры, халықтың біртуар ұлы Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығы. Міне, сондықтан да сіздерге І. Айтықов туралы кітапхана ресурстарын ұсынғым келіп отыр.
Иә,Шығыс Қазақстан өлкесіндегі Ұлан ауданының тарихи сыры тереңде жатыр. Ұлан тарихқа бай өңір. Оның сыры мен жыры әрбір адамды қызықтырады. Міне, осындай ғажайып өлкенің Тарғын кентінің жанындағы Ұранхай өзенінің бойындағы шағын ауылында 1922 жылы 20 қаңтарда Ізғұтты Айтықов дүниеге келген. Үлкендердің айтуы бойынша, сол түні қар жауып, жер аппақ көрпеге оранғандай болып тұрыпты. Дүниеге алғашқы немересі келіп, қуанышы қойнына симай тұрған Айттық ақсақал таңертең тұра терезеден далаға көз салса, ақ қарға бір ғана із түскенін көреді. «Немересінің ізі құтты болсын, атын Ізғұтты қоямын», - деп бірден шешімге келеді.

Ізғұтты Айтықовтың өмір жолын зерттеуде, оның ерлігін бүкіл әлемге паш ету мақсатында жазушыларымыздың еңбектері үлкер роль атқарады. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай (кітаптарды көрсету) осы кітаптарда оның өмірбаяны берілген. Сонымен қатар 1970 жылдың 19 наурызы мен 1988 жылдың 13 ақпанындағы «Өркен» газетінде, 1976 жылдың 2 сәуіріндегі «Комсомол туы» газетінде де оның өмірбаяны баяндалады.

Тарғын орта мектебінің түлегі, мүсінші Талаптан Иманбаев сыйлаған Батыр бюсті – Ізғұттының осы мектептің өлмес, ұмтылмас оқушысы екенінің куәсі ретінде төрге орнатылған.

Мектепте дәстүрге арналған қасиетті мереке – Батыр күнін атап өту сол күні табыс етілетін Батыр партасын жеңіп алу. Батыр партасына отыру дәстүрлі 1966 жылдан қалыптасқан, қабылданған ереже бойынша ол партаға барлық жағынан алда болған сынып ие болып, оған тек үздік оқушылар ғана отыра алады.

Батырдың өмірбаянына арналған фото-альбомда оның суреттері топтастырылған.




1941 жылы 22-маусымда неміс басқыншылары елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, соғыс ашқаны баршаға мәлім. Ер азамат топ-тобымен елін, жерін қорғауға майданға аттанды. Ізқұтты да екінші курстан соғысқа аттанды. Елтай Елғонның «Наймандар», «Жаһандық соғыстың ерлері», «Жеңіс жолында от кешкендер», орыс тіліндегі «От Алтая до Алаколя» деп аталатын еңбектерінің барлығы І. Айтықовқа арналып, оның өмірлік жолы мен ерлігін «Жұлдызыңа сен» повестьіне біріктірген.
«Жұлдызды» түн бөлімінде батыр жерлесіміздің қалай барлаушыға келгендігі жайлы баяндалады:

Командирлердің ішінен орта бойлы, ашаңдау селеу шашты аға лейтенант шықты. Ол сапты асықпай жағалап жүріп, өзіне жауынгерлердің іріктей бастады.

- Қай жерденсің?

- Шығыс Қазасқтаннанмын.

- Көрші болдың ғой, аты-жөнін, білімін, мамандығын сұрады.

- Сегіз класс бітірдім. Бір жыл педучилищеде оқыдым. Сосын кенші болдым.

- Жақсы. Барлаушы болғың келе ме?

Ізғұтты запастағы полкте жүргенде, майданда қай бөлімде, кім болып соғысатыны туралы ойлаған жоқ. Сондықтан не деп жауап берермін білмеді.

- Қолымнан келе ме?

- Келеді.

- Онда барайын. Міне осылай Айтықов бірінші взводқа жіберілді.
Дәлізде жас жігіт икемсіздеу саусақтарымен балалайканы тыңқылдатып үйреніп отыр. Есіне өзінің үйден алып шыққан домбырасы түсті. Домбыра кішкене, бірақ үнді болатын. Әжесі осы домбыраны бір жабағы беріп жасатқан деуші еді. Бригадада қазақтар, өзбектер, қырғыздар көп болды. Олар орысша жөнді білмейтін. Ізғұтты оларға газет оқып, мақаланың мазмұнын түсіндіретін. Кейде қолына домбыратсын алып:

Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай,

Күлтелі көк құлпырып оңлғандай.

Кешегі құм шөл дала шаңырқаған,

Бүгін қара тамаша таң қалғандай

«Ахау! Заулатшы-ай, құрбым заулатшы-ай!» - деп ән салатын. Тыңдаушылар мәз болып, тағы айтуын өтінуші еді...
Амандық хат

Ардақты, құрметті, аса қадірлі туған Анама!

Іні-қарындастарыма, Әжеме, Астайдың, Жанаттың үй-ішіне, Төленнің үй-ішіне, барлық сұраған жанның бәріне көптен-көп сәлем! Сәлем соңында: қалай, аман-есен жүріп жатысыңдар ма?

Ал менен хәл-хабар сұрағандарға: аман-есен, тамақ тоқ, көйлек көк, жалғыз ғана сіздерді ойлаймын. Қазақстаннан келген адамдардың алдынан шығып, фашистермен қалай төбелескенімізді айттым. Жақсы, кеш болды, подаркалар берді.

Ана-жан, мені ойлап ешуақытта жылаушы болма. өзімше етім өлі емес қой деп ойлаймын. Отанды босатып, фашистерді құртып, үлкен табыспен үйге қайтамын!

Ал енді амандықта жолығысқанша хош-сау болыңыздар!

Жазған Ізкенің. 20. ///. – 43 ж
Айтықовтың майдан жолы 1942 жылы жазда Сталинград түбінен басталады. Сөзге пысық еті тірі жігіт көп өтпей-ақ көптің көңілінен шықты. Саяси білімнің молдығын тез аңғарған полк комиссары оны барлаушылар взводының комсомол жетекшісі етіп тағайындады. Артынша ол өзін алғыр барлаушы ретінде де жақсы танытты. Сталинград түбінде ғана ол 22 «тіл» әкеліп, 50-ден астам фашистің көзін жойды. Міне, осындай батырымыздың ерлігі туралы «Их еменами названы улицы» жолсілтегішінде және 1983 жылдың 23 ақпанындағы «Комсомол туы» газетінде жазылған.

Айтықовтың ерлігі елеусіз қалмады. Литва жеріндегі батыр жерленген Зарасай қаласындағы бір көше біздің жерлесіміздің есімімен аталады. Белорусиядағы Полоцк қаласы ет комбинатының алдында Ізғұттының ескерткіші тұр. Батырдың туған жері Ұлан ауданында Ізғұтты Айтықов селосы бар. Тарғын селосындағы орта мектеп осы кісінің атымен аталады. Облыстағы қалалар мен селоларда Батыр атындағы көшелер бар. Бүкілодақтық Ленин комсомолының Орталық комитеті мен КСРО теңіз флоты министрлігінің шешімімен Николаев қаласындағы «Океан» зауытында жасалатын құрғақ жүк таситын ірі кемелер сериясына Ұлы Отан соғысында ерекше көзге түскен Кеңес Одағының Батыр комсомолдарының есімі берілетін болды. 1976 жылы зауыттан шыққан төртінші кеме «Ізғұтты Айтықов» аталып, ол Одесса мен Жапония аралығында жүк тасуда.

Ізғұтты Айтықовтың ............

Осындай бағалы және білім көзі болып отырған басылымдарымыз арқылы батыр жерлесіміздің есімі ешқешен ұмытылмас және Батыр жауынгер Ізғұтты Айтықовтың есімін ешкім ұмытпайды да.




Похожие:

Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) iconӘлеуметтік серіктестіктің құрылымы: кітапхана тәжірибесінен
А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана директоры К. М. Ақжігітованың баяндамасы; республикалық кітапхана конференциясы, Атырау...
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) icon1. Тапсырысшы «Қостанай қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі Пошталық мекен-жайы
«Станционный» ҚБ кітапхана ғимаратына жөндеу бойынша инженерлік жүйені және арнайы жұмысқа баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жұмыстарды...
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Су ресурстары және суды қолдану, 5В080500 – Су ресурстары және суды пайдалану (бакалавриат)
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) iconОқытушы: Нұрланова Ұлмира Нұрланқызы
Республикасының 10 жылдығына және Қ. А. Ясауи атындағы ХҚту-нің 10 жылдығына арналды
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) iconӘ. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу
Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалі (бұдан әрі Фестиваль) Қазақстан Республикасының...
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) iconАбуов жандос махмудович сырдария өзені суын Қызылорда облысы егіс алқаптарын суаруды тиімді пайдалану мәселелері 6М080500 – «Су ресурстары және суды қолдану»
М080500 – «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша ауылшаруашылығы магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған...
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) iconЕрежелері жалпы ережелер
«ШҚо кітапханашылар Ассоциациясы» ҚБ ақылы қызметтер туралы Заңына (бұдан әрі – «Ақылы қызметтер туралы» Заң) сәйкес құралып, Кітапхана...
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) iconС. Д. Асфендияров атындағЫ
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына өткізілген іс-шаралар бойынша есеп» туралы
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қоғамдық мұражайлардың «Отанымыздың даңқы» облыстық байқау-конкурсы туралы ереже
Азақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қоғамдық мұражайлардың «Отанымыздың даңқы» облыстық байқау-конкурсы жастарға...
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары) iconЗ. Р. Зайниева тж жөніндегі орынбасар > И. В. Огаркова кітапхана меңгерушісі Осы бұйрықтың орындалуы кітапхана меңгерушісі И. В: Огарковаға жүктелсін
Р Үкіметінің №173 19. 02. 03 ж. қаулысына байланысты «Білім беру мекемелерінде оқушылар мен тәрбиеленушілерді оқулықпен қамтамасыз...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница