Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің




Скачать 73.25 Kb.
НазваниеСарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің
Дата конвертации27.11.2012
Размер73.25 Kb.
ТипДокументы
Сарсембаева Самал Самарханқызы

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№19 орта мектеп-кешені» КММ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Орыс мектебінде мемлекеттік тілді оқытудың негізгі мақсаттары: сөздік қорды байыту, оқу техникасын жетілдіру, ауызекі сөйлеуде және сөздердің сауатты жазылуы, сөйлемнің дұрыс құрылуы, қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен олардың сөздердегі ерекшелігі.

«Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылған:

* Әулеметтік–тұрмыстық ая

* Әулеметтік–мәдени ая

* Оқу – еңбек аясы

Өзім сабақ беретін орта буында оқу материалдары М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясына» сәйкес модульдерге бөлінген. Әр модульге сай лексикалық және грамматикалық материалдарды меңгертуде өз тарапымнан оқушыларға тілді меңгертудің қолайлы жақтарын таңдап алуға ықпал етіп отырамын. Мысалы «Менің туған күнім» тақырыбы бойынша 14 сағат бөлінген.

Бұл әулеметтік–мәдени аяға жатады. Тілдік бөлім бойынша грамматикадан тәуелдік жалғауы мен лексикадан тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді қамту.

Оның әрбір лексикалық тақырыптары, атап айтсақ, «Менің туған күнім», «Досымның туған күні», «Туған күн тойлау дәстүрі», «Туған күнге байланысты құттықтау хат жазу», «Туған күнді қалай тойлаймын?» т.б болып келсе, грамматикалық тақырып, соған сәйкес, салыстырмалы шырай, ілгерінді , кейінді ықпал және т.б болып келеді. Әрбір тақырып бойынша берілетін мәтінмен жұмыс түрлері әр алуан болып келеді. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан тұрады. Олар:

  1. Сөздіктермен жұмыс;

  2. Сөздік қорлары мен тіл дамыту жұмыстары;

  3. Ойын қорытындылай білуге дағдыландыру;

  4. Тұжырымын айта білуге дағдыландыру.

Яғни, мәтінмен жұмыс жоғарыдағы айтылған сабақ кезеңдерін бір жүйеге келтіреді. Оқулықтағы берілген мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай болуы керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізуге болады.

Ең бастысы, оқушының сабаққа деген қызығушылығы назарға алынуы шарт. Мәтінмен жұмыс істеп болған соң, берілетін тапсырмалар жүйесі өзінің күрделілігімен, әр түрлілігімен ерекшеленіп отыруы керек. Қазіргі қазақ тілі сабағында берілетін жаттығу жұмыстарының түрлері де тікелей сол сабақты өткізу барысында қолданылатын оқытудың жаңа технологияларына байланысты. Өйткені кез-келген технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Әдіскер Г.Үрістенбекова дамытушылық жаттығулардың 1) оқушылардың сөз байлығын дамытуға арналған жаттығулар, 2) ақпараттық-дамытушылық жаттығулар, 3)кәсіптік–дамытушылық жаттығулар, 4)ғылыми-дамытушылық жаттығулар деген төрт түрін көрсетеді. Осы негізге сүйене отырып, мен өз сабағымда қолданатын жаттығу мен жеке тапсырмаларымды 6-сыныпта көбінесе, дамытушылық жаттығулардың 1-2-түрін қолданамын. Мысалы, «Менің туған күнім» тақырыбына байланысты ой-түрткі сұрақтар тізбегі бойынша жауап берулері талап етіледі:

  • Туған күнді міндетті түрде атап өту керек деп ойлайсың ба?

  • Сен туған күніңе қандай сыйлық алғың келеді?

  • Өзің қандай сыйлық сыйлағанды ұнатасың?

Оқушылардың жауабынан соң сөздікпен жұмыс жүргізіледі:

туған күн – день рождения қонақ - гость

тілек, лебіз – пожелания әсемхат - открытка

құттықтаймын –поздравляю шын жүректен – от всего сердца

табыс – успех зор денсаулық–крепкое здоровье

бақыт – счастье ұзақ өмір – долгих лет жизни

сәттілік – удача тілеймін - желаю

Келесі берілетін тапсырмалардың бірі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аудару:

Бүгін менің ... . Мен он жасқа ... .Маған ... достарым келеді. Туған күнде әртүрлі ... сыйлайды, жылы ... айтылады. Қонаққа бай ... жайылады. Мен туған күнді ... жақсы көремін.

Тиісті сөздер: тойлатқанды, толамын, туған күнім, қонаққа, сыйлықтар, дастарқан, лебіздер

Сөздердің орын тәртібін дұрыс қою сияқты жаттығуларды да жиі қолданамын

  1. Шын жүректен, жазыпты, әсемхатқа, тілектерін, достарым

  2. Туған күніме, қонақтар, менің, келді, көп

  3. Сыйлық, Сәуленің, туған күнінде, айтып, берді, жылы лебіздер

Келесі тапсырмада оқушыларға тірек сөздерді қолданып сөйлем құрайды, мысалы:

Құттықтаймын, ашық аспан, зор денсаулық, табыс, сәттілік, бақыт, жылы лебіз, тілеймін, туған күн, әсемхат.

Сонымен қатар, тест тапсырмалары мен аударма жасау жұмыстарын сынып оқушылары асқан белсенділікпен орындайды. Мысалы тестік тапсырманың бір нұсқасы:

  1. Жай шырайы бар мақалды тап

А) Көк етікті киемін деп, көне етікке кез болған

Ә) Ата – бәйтерек, бала – жапырақ

Б) Қой аузынан шөп алмас

2. Ол туған күнде әнді жақсы айтты ма?

А) жақсы оқыды

Ә) жақсы тыңдады

Б) жақсы айтты

3. Құттықтау сөздерге қайсысы жатады?

А) тілек, хат

Ә) зор денсаулық, бақыт, табыс

Б) әсемхат, келді

4. «Кеше атамның туған күні болды» сөйлемінің дұрыс аудармасын тап

А) вчера я был у дедушки

Ә) вчера дедушка пришел

Б) вчера был день рождения дедушки

5. «Қымбат сыйлық сыйлады» сөйлемінен сын есімді тауып, шырай

түрін анықта

А) салыстырмалы

Ә) жай

Б) күшейтпелі

Бүгінгі күні дайын жаттығулар жинағы мен әр мұғалім өзі даярлайтын жаттығу тапсырмалары оқушының білімін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқушының бүгінгі заман талабына сай білімді шәкірт болуына септігі тиетіні сөзсіз.

Ендігіде бастауыш сыныптарда кездесетін қазақ тілін оқытуда туындайтын мәселелер мен оның шешу жолдары туралы айтқым келеді.

1. Бастауыш сыныптарда сабақ беру барысында оқушылардың баяу қозғалуы сияқты мәселелермен кездестім. Мысалы: 2 «Р» сыныбында 19 оқушының 3-еуінің ғана даярлық тобына қатысқандықтан үлгерімдері жақсы. Бұндай жағдайда әртүрлі деңгейдегі оқыту қажет. Негізінен командалық ойын түрін қолданамын, команданың басшысы ретінде даярлыққа барған оқушыларды қоямын. Мысалы, «Сөз құрай біл» ойын түрі. Қима қағаздарға әріптерді жазып таратып беремін де әр командадан бір оқушы шығады. Ол шашылған әріптерден 30 секунд ішінде сөз құрап шығуы қажет. Мен уақытты есептеймін. Әр командаға бір-бір сөзден таратып беремін. Нәтижесінде оқушылардың жылдамдығын арттырып, сабақтың мақсатына қол жеткіземін.

2. Оқушылардың шектен тыс көп болуы. Әсіресе бастауыш сыныптарда өзге тілді оқу барысында ескерер жағдай оқушылардың саны 12-14-тен аспауы керек. Мысалы, 2-нші сыныптарда үй тапсырмасын сұрау кезеңі 25-30 минутқа дейін созылып кететін кездер де болады. Кей сыныптарда 23 оқушыдан оқиды, солардың көбі баяу қозғалатындар. Егер де олардың саны жоғарыда көрсетілгендей болса, әлдақайда оқу процесі тиімді өтер еді. Алайда бұл мәселенің де шешімін табуға тырыстым. Мысалы, бүкіл сыныпты 4 топқа бөлемін және тақырып бойынша сұрақтар таратамын. Оқушылар сөзжұмбақ құрастырып жауап беруі қажет. Мысалы, «Адам, дене мүшелері» тақырыбы бойынша алдын-ала сұрақтар дайындаймын.

1) Адамның миы қай жерде орналасқан ?

2) «Тело» сөзін аудар

3) «Брови» сөзін аудар.

3) Біз немен дем аламыз? –деген сияқты сұрақтар.

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы «Адам» сөзжұмбағы шығуы тиіс. Шектен көп сыныптармен сабақ жүргізгенде топқа бөлу мәселенің шешімін табады. Нәтижесінде оқушылар командада жұмыс істеуді үйренеді, бүкіл сынып жұмыс істейді, әрқайсысы өз командасының алғыры болғысы келеді.

Сондай-ақ, оқушылардың сөздік қорының молаюы мұғалім тарапынан да, оқушы тарапынан да күш-жігерді қажет етеді. Әр сабақта біз көп жаңа сөздермен танысып, үйренеміз және оқушылардан жаңа сөздерді жаттап алуын талап етемін. Ол үшін «Сөз тапқанға» ойын түрін қолданамын. Егер тақырып «Түс» болса, түрлі-түсті суреттерді тақтаға іліп қоямын да: «Қай түс жоқ?» - деп сұраймын. Оқушылардың міндеті түстің түрін анықтап, дұрыс жауап беру. Немесе «Менің пәтерім» тақырыбы бойынша оқушылар ас үй, қонақ бөлмесі, жатын бөлме, дәліз т.б. сөздерімен танысып, оқып біледі. Мен: «Қай бөлме жоқ?» - деп сұраймын. Суреттерде қай бөлме жоқ екендігін тауып, дұрыс жауап беруі керек. Осындай ойын түрін қолдану арқылы оқушылардың қаншалықты жаңа сөздерді жаттап алғанын анықтап қана қоймай , олардың есте сақтау қабілеттерін де жетілдіремін. «Мимика» ойыны. Қима қағаздарға сабақтарда үйренген сөздерді жазып қоямын. Бір оқушыны шақырамын. Ол қима қағаздағы сөзді ішінен оқиды да маған аудармасын жазып береді. Мен тексеремін. Егер де аударма дұрыс болса, оқушы оқыған сөзін мимикамен қалған оқушыларға көрсетеді. Қалған оқушылар жасырылған сөзді қазақ тілінде шешуі қажет. Нәтижесінде оқушылар сөздерді жаттап алды ма, жоқ па анықтаймын. Бұндай ойын түрлері пәнге деген қызығушылығын ғана емес, сондай-ақ оқу мотивациясын арттырады.

Қазақ тілі шет тілі емес. Біз оны барлық жерде есіп, көреміз. Алайда біздің оқушыларымыз қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Сондықтан қазақтың мақал-мәтелдерін, жаңылтпаштарын, әртүрлі ойын, салауатты өмір салты технологиясын қолдану арқылы бұл мәселенің шешімін табамын. Мысалы:

«Дың-дың» - қоңыраумын. Қарға, қарға, қарғалар

«Дың-дың» - соғыламын. Қар үстінде жорғалар.

«Дың-дың» - қағыламын.

Мектептен табыламын немесе

Сергіту сәтінде тақпақтарды қолданамын. Алдын-ала басылған тақпақтарды әр оқушыға таратып беремін. Бұл есте сақтау қабілетін ғана емес, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуын да (орфоэпиясын) жетілдіреді. Мысалы, «Отбасы» тақырыбы бойынша мынадай тақпақты ұсынамын:

Аталар, әжелер

Ағалар, әпкелер

Апалар, балалар

Әр үйде бар олар

«Оң және сол» тақырыбы. Оқушылардың 1-інші сыныптан білетін танымал тақпақтардың бірі :

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Алақанды ашамыз,

Бесті-беске қосамыз.

Кел, санайық кәнекей,

Нешеу болды барлығы?

Сондай-ақ, әбден жаттап алған соң жаңа тақпақтарды да ұсынамын, оларды қуана-қуана жаттайды, себебі, бұнда оқушылардың ертегідегі сүйікті кейіпкерлері бар.

Буратино керілді,

Буратино созылды.

Оңға бұрылды,

Солға бұрылды.

Төмен-төмен еңкейді,

Ақырын-ақырын отырды.

Нәтижесінде қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуы ғана жетіліп қоймай, сөздік қоры да молаяды.

Сабақ беру барысында әлі де шешілмеген мәселелер бар. Өзімнің әріптестерім мен әдіскерімнің тәжірибелеріне сүйене отырып, олардың шешімін табуға тырысамын. Қорытындылай келе, жоғарыда аталған мәселелерді жоюда ата-ананың қолдауы және күнделікті қадағалауы қажет деп білемін. Ғұлама ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің «Білім тәрбиеден басталады» деген қанатты сөздерін еске ала отырып, өскелең ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына мектеп мұғалімдерінен бұрын ата-ананың бала тәрбиесінде атқаратын ролі әлдақайда маңыздырақ болуы керек деп ойлаймын.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы. «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2010 ж.

  2. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» Алматы, 2002 ж.

  3. Құдайбергенева К.С. «Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми–теориялық негізі» Алматы, 2008 ж.

Похожие:

Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің iconСумен қамту және/немесе ақаба суларды шығару бойынша қызметтер көрсетуге № шарт өскемен қаласы 200 жылғы Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал»
Мк бұдан әрі «Қызмет көрсетуші» деп аталатын, Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын директор тұлғасында бір жағынан және бұдан әрі «Тұтынушы»...
Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің iconСумен қамту және/немесе ақаба суларды шығару бойынша қызметтер көрсетуге № шарт 201 жылғы Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал»
Мк заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ары қарай «Қызмет көрсетуші» деп аталады, Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын, директор...
Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің iconИсмурзина Рауза Калиакпаровна қала тұрғыны
Кайгульдинова Гүлсара Ғазисқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» кмқК №10 филиалының ардагерлер Кеңесінің төрағасы
Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің iconӨскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы
Стратегиялық бағыттамалары, мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері
Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің iconЕсенова Балжан Аясыновна Өскемен қаласы әкімдігінің «№32 орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқу-үрдісінде субъектілерді жан-жақты дамыту жағдайында құзыреттілік әдісін іске асыру
Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің iconӨскемен қаласы әкімдігінің «№31 мектеп-лицейі» кмм
Модульдік технологияларды қолдану арқылы тілді меңгеру сапасын арттыру. Білім мазмұнын жетілдіруде ғылыми ұтымды оқыту жолының бірі...
Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің iconҚұнанбаева Гүлдана Сайлауханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің «№32 орта мектеп» кмм ағылшын тіл пәнінің мұғалімі
АҒылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып,ОҚушы қҰзыреттілігін дамыту
Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің iconЛисаков қаласы әкімдігінің «Ұста» мкк бағалы ұсыныспен сұрау жолымен тауарларды мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарлайды : Шаруашылық тауарларды сатып алу
Тапсырыс берушінің атауы : Лисаков қаласы 4 мөлтек аудан 22 үй, Лисаков қаласы әкімдігінің «Ұста» мкк
Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің icon«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға стратегиялық даму жоспары Екібастұз қаласы әкімдігінің
Миссиясы. Аймақтың экономикалық дамуына мүмкіндік ететін, елдің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыздандыратын, жерлерді қорғау және...
Сарсембаева Самал Самарханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің iconУақытша өтеулі жер пайдалану шарты өскемен қаласы №  2010 жыл 
Виктория Александровна Барсукова тұлғасында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының өкілетті органы бірінші тараптан және бұдан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница