Мазмұны кіріспе




НазваниеМазмұны кіріспе
страница9/11
Дата конвертации27.11.2012
Размер1.54 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4. Балаларға деген зорлық-зомбылық, бала еңбегі және трафик

Республикада жыл сайын бала еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту маңыздылығы артуда. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне сәйкес Қазақстан Республикасында бала еңбегін қанаудың түрлері және саласына: ауыл шаруашылығында, құрылыста, жеке меншік өнеркәсіптерде жасына қарамастан келісім шарттарын бұзу арқылы бала еңбегін қолдану жатады.

Бала еңбегін қанаудың ең нашар түрін жоюдың тиімді механизмдері барлық мүдделі мемлекеттік органдардың БАҚ, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым қатынасы болып табылады.

ШҚО әкімінің бекітілген жоспарына сәйкес, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті басқа мекемелермен бірлесіп 2010 жылдың 1 мен 12 маусымы аралығында Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқаны өткізілді.

ҰАН қарсаңында «Феникс» Орталығымен Өскемен қаласының № 31 ОМ негізінде он лайн жүйесінде семинар өткізілді, семинарға білім мекемелерінің мамандары ғана қатысып қоймай, сонымен қатар ШҚО 17 аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Қатысушылар БЕЕНТ және адамдарды, әсіресе балаларды сату, қанауға және құлдыққа түсу қаупі және оны болдырмау жолдары туралы ақпараттар алды. Жоғары сынып оқушылары кәмелетке толмағандардың жұмысқа орналасуы туралы ақпараттар алды: жұмысқа қабылдау жасы, жұмыс берушімен келісім жасау, еңбек ақысы туралы. Сонымен қатар, семинар - тренинг ұйымдастырылды, оның барысында балалар «құлдық», «қанау» ұғымдарымен танысты. Семинар барысында қатысушыларға қанаудың құрбандары болған балалардың тарихы ұсынылды. Соңында жасөспірімдерге «Не детский мир», «Долгая дорога домой» фильмдері ұсынылды. Өскемен қаласының ІІБ кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін учаскелік инспекторларға «Бала еңбегін қанаудың ең нашар түрлерінің, құқық бұзушылықтың, қараусыз қалудың алдын алуда кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін учаскелік инспекторлардың ҮЕҰ қарым- қатынасы» атты семинар қткізілді. Бала жасөспірім клубтары негізінде «Мен қауіпсіздікті таңдаймын» дискуссиялық алаңы және «БЕЕНТ балалар көзімен» суреттер сайысы ұйымдастырылды. Мейрамға 300 баладай қатыса алды.

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқанын өткізу барысында барлығы облыс бойынша 54320 бала, 2287 білім беру мекемелерінің, 294 ішкі істер бөлімдерінің, ата-аналар қоғамдастығының, 710 прокуратура органдарының, әкімшіліктердің, КТҚҚК, ҮЕҰ өкілдері қамтылды.

2010 жылдың 12 айында заңнаманы бұзушылықпен бала еңбегін қолданудың 5 фактісі анықталды:

1. 2010 жылдың 22 шілдесінде рейдтік шаралар барысында Өскемен қаласының «Дина» толайым базарында жүк тасушы, көкөніс пен жемісті тазалаумен айналысатын 4 кәмелетке толмағандар анықталды. Жасөспірімдер сағат 9.00ден 17.00ге дейін толық күн жұмыс істеген, бұл ҚР Еңбек Кодексінің 181 бабын бұзу болып табылады. Тексеру кезінде 1982 жылы дүниеге келген, Шымкент қаласының Жетісай кенті, Абай к., 6-2 мекен жайында тұратын жеке кәсіпкерлікпен айналысатын Р.Қ. Әйтешоваға тиесілі «Камаз» мәшинесінен жасөспірімдер көкөніс түсіріп жатты. Р.Қ. Әйтешовамен әңгімелесу жүргізілді, ол осыдан былай ұқсас бұзушылық жібермеді.

2. 2010 жылдың басында Өскемен қаласына таныстарымен келген 1995 жылы туған, Сарыағаш қаласы, Омар Хаям к., 8 мекен жайының тұрғыны кәмелетке толмаған И.Ф. Жұмабаева анықталды. Өзі ұйымдастырылмаған сауда орындарында көкті сатумен айналысқан. Келесі күні кәмелетке толмаған И.Ф. Жұмабаева облыстан тыс кетіп қалды.

3. 16.06. 2010ж. әкесінің таныстарымен Өскемен қаласына қонақ визасымен Өзбекістан Республикасының тұрғыны 1993 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған А.Х. Болатов анықталды. Бірақ, қонақ визасын бұзып Орталық базарда үлкендермен бірге лаваш шелпек жасайтын шағын наубайханада заңсыз жұмыс істеген. Қонақ визасын бұзғандығы үшін әкімшілік сотының шешімімен кәмелетке толмаған А.Х. Болатов және үлкендер елден кетті.

4. 2010 жылдың 19 шілдесінде сағат 7.00ден 19.00ге дейін 10 сағат бойы Тарбағатай ауданындағы «Мега» ЖШС құрылыс алаңында әр түрлі жұмыс атқарған кәмелетке толмаған А. Болатов, А. Акиров, Е. Қуанышев анықталды. Жұмыс берушіге қатысты ҚР Еңбек заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік сипаттағы шара қолданды.

5. 2010 жылдың 11 қарашасында Курчатов қаласының прокуратурасымен бірлескен рейдті жүргізу барысында 1993 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған А. Санжаревскийдің «Кристалл» дүкенінде заңсыз жұмысқа орналасқан фактісі анықталды. Дүкен иесі К. Матвеевқа 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Мемлекетпен бала еңбегін қолдану, соның ішінде оның ең нашар түрлерінің алдын алу бойынша шаралар қолдануда. Бұл тақырып жабылмай, оған көп көңіл бөлінеді. Қойылған міндеттердің шешіміне барлық деңгейдегі бүкіл мемлекеттік аппарат, орындаушы, құқық қорғау сот органдары жұмыс атқарады. Өткізіліп жатқан жұмысқа белсенді түрде үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдастық тартылады.

Бірақ, қол жеткен нәтижелер атқарылып жатқан жұмыстардың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Бала еңбегін қолданудың анықталған фактілері бүкіл көлемді көрсетпейді. Сондықтан, қолданылған шаралар барабар емес, кешікпелі сипатта болады.

Негізгі себебі жағдайға дұрыс баға бермеу, сонымен қатар, қоғамның және тұрғындардың болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы көзқарасы.

Сондықтан, барлық БАҚ және басқа каналдар арқылы тұрғындарға бала еңбегін қолдану мәселелері, қолданып жатқан шаралар және оның нәтижелері туралы тұрақты түрде жеткізу қажет. Сонымен қатар, БАҚ қолдану арқылы қоғамға бала еңбегін қолданудың заңсыз түріне шыдамсыздық танытатын әлеуметтік тәртіп үлгісін күштеп таңу. Басқа сөзбен айтқанда қоғамды балалар үшін әлеуметті жауапты ету.

Сонымен қатар, қолданыста жүрген заңнамаларды ары қарай реформалау және оны халықаралық заңнамалармен сәйкес келтіру. Әсіресе бұл ведомстволық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер деңгейінде өте қажет.

Ерекше орын балалармен жұмысқа берілу керек. Мектепте және мектепке дейінгі мекемелерде оқу және тәрбие процессі арқылы балаларға әсер ететін арнайы шаралар қабылдау қажет.

Нарықтық экономика жағдайында бар мәселелерді шешу үшін материалдық әсер ету иінтірек қолдану өзекті болып тұр.

Ұсынылған бала еңбегінің алдын алу шараларының тиімділігін арттыру әдістері толыққанды болып табылмайды. Бірақ, олар осы бағыттағы дұрыс ұстанымды және стратегияны әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сондықтан жасалған ұсыныстардың негізгі мақсаты осы мәселе бойынша үйлестірілген мемлекеттік саясатты әзірлеу ғана емес, сонымен қатар оған азаматтық құқықтық санасы бар қоғамды тарту.

5. Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алу

Облыстың білім беру мекемелерінде білім берудің зайырлы сипатындағы принциптерді сақтау, діни экстремизмнің алдын алу бойынша нақты жұмыс жүргізіледі.

Облыстың әрбір білім беру мекемесінде жетекшілермен діни бірлестіктердегі балаларды есепке алу жүргізіледі. 2010 жылдың 1 қазанына түрлі діни бірлестіктеріне 220 бала барады. Оның ішінде Грейс-1, баптистер-19, Иегова куәгерлері-133 және басқа-1 бала. Қазақстан Республикасының «Діни наным және діни бірлестіктер туралы» балаларға қатысты заңын бұзу фактілері анықталған жоқ. Балалардың діни бірлестіктерге баруы ата-аналарымен бірге және ерікті негізде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 2 тармағы және 3 бабының 1 тармағы 4 тармақшасының ережесі облыстағы білім беру мекемелерімен білім берудің зайырлы сипаты туралы.

2010 жылдың қаңтарынан облыс мектептеріне «Дінтану» курсы енгізілген. Бұл курстарды тарих мұғалімдері жүргізеді.

Діни экстремизмнің алдын алу, мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасы мәселелерін түсіндіру үшін білім беру мекемелерінде жұмыстың түрлі әдістері мен формалары іріктеліп алынған: бұл сұрақтар облыстағы білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарына енгізілген, мысалы Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалалары бойынша құқықтық жаппай оқыту бойынша –«Адамның діни наным бостандығына құқығы», Абай, Аягөз, Жарма, Тарбағатай, Үржар аудандарында-«Бейбітшілік және мейірімділік діні немесе экстремистер идеологиясы» тақырыбына пікірталастар, «Сен дін туралы не білесің ?», «Дін және ғылым», «Бала және дін» сынып сағаттары, әңгімелер, викториналар өткізілді.

Зайсан, Зырян, Күршім, Ұлан аудандарында «Атеизм және дін: құтқару қайда?» тақырыбына айтыс турнирлары, «Сектаға қалай түспеу керек» және басқа да психологиялық тренингтер өткізілді, үнемі сыныптарда дін кесірінен болатын әлемдегі оқиғаларды талқылаумен саяси ақпарат өткізіледі.

Облыстағы барлық білім беру мекемелерінде діни бірлестіктерге бөлмелерді жалға беруге, балалар мен мұғалімдердің қатысуымен діни сипаттағы діни мерекелерді, салттарды және іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Оқу жылы көлемінде ата-аналар жиналыстарында біздің еліміздегі білім берудің зайырлы сипаты және мектептің түрлі діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасау сұрақтары бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Мектеп кітапханаларының әдеби қоры үнемі бақылануда. Білім берудің зайырлы сипатына және тәрбие беруге сәйкес келмейтін кітаптар сатып алынған жоқ.
6. Кәмелетке толмағандардың арасындағы суицид, жазатайым оқиғалар

2010 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандардың арасында суицид жасаудың 62 фактісі тіркелген, оның ішінде суицид жасамақшы болғандар -31, жасалғаны -31(2009 жылдың ұқсас кезеңінде 71 факті, оның ішінде жасамақшы болғандар -39, жасалғаны -32, 2008 жылдың ұқсас кезеңінде 67 факті, оның ішінде жасамақшы болғандар-25, жасалғаны -42). Сонымен, 2008 жылмен салыстырғанда аяқталған суицид фактілерінің 50 пайызға, ал 2009 жылмен салыстырғанда 34,4 пайызға төмендеуде.

Себептер мен жағдайларды зерделеу, қалыптасқан жағдай бірқатар себептермен байланысты екенін көрсетеді. Сонымен, 24 пайыз жағдайдың себебі –отбасындағы бүлдіргіш қарым-қатынастар, махаббат үшін(9), басқа да себептермен: сүйікті телехикаясын көре алмау, оқығысы келмеу, бөлек тұратын әкесін сағыну, құрбысымен ұрсысып қалу(22 пайыз), қалғандары(46 пайыз) белгісіз болып қалады, себебі ата-аналар болған оқиғаның расындағы шындығын жасырады. Суицидті тең дәрежеде қолайлы отбасының қыздары (44 пайыз) мен ұлдары(57 пайыз), орта жеткілікті(45,6 пайыз), күнкөрісі төмен отбасынан -54,4 пайыз балалар жасайды. Оның ішінде суицид немесе оны жасамақшы болу 53 пайызға толық отбасында болады. Жасау формалары әртүрлі, бірақ асылу(53 пайыз), дәрі-дәрмектермен улану(26 пайыз), кесілген жарақат(16 пайыз), әйнектен секіру(2 пайыз) жасалады. Балалардың жасы -12-ден 18 жасқа дейін.

Сонымен қатар, ШҚО республикада қылмыс деңгейі бойынша 1-орында тұр, сонымен бірге жасөспірімдік қылмыстың жоғары көрсеткішіне ие. Оның себептері –суицид көрінісіне кері әсер ететін, кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-қылықтарының ерекшеліктері. Осы және басқа да себептер тіркелген суицид көрінісі фактілерінің санын елеулі шарттастырады.

2008 жылдың наурызынан Департаментпен жүйелі түрде кәмелетке толмағандардың арасындағы барлық суицид көріністерінің фактілері туралы деректер банкін жаңарту бойынша жұмыс және суицидтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі. Сонымен, Департаментпен 12.02.2010 жылы облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген, Шығыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша 2010-2011 жылдарға Ведомствоаралық іс-шаралар жоспары құрылды. Аталған іс-шараларды іске асырудың негізгі орны –орта жалпы, техникалық, кәсіби және қосымша білім беру ұйымдары болып табылады. Және де, Департаментпен кәмелетке толмағандардың арасында суицидтің алдын алумен айналысатын қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдері мамандарының деректер базасы құрылған. Суицидтің алдын алу бойынша алдын алу, тиімді іс-шаралар нәтижесінде облыс бойынша суицид фактілерінің төмендеуі байқалады.

Департаментпен кәмелетке толмағандардың арасында суицид фактілері туралы деректер базасының ай сайынғы мониторинг қорытындылары бойынша ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ақпарат жолданады. Деректердің растығын қамтамасыз ету үшін, ішкі істер органымен ай сайын деректерді салыстыру жүргізіледі. Сонымен қатар, 10 күндік мерзімде аумақтық білім беру органдарымен бірлесіп, суицид себептері мен қабылданған шаралар туралы анықтамалар ұсынылады. Әрбір оқиға бойынша бөлек суицидті жасау жағдайына талдау жасалады(білім бөлімінен осы фактіні растайтын сұраныс сұраймыз, ШҚО ІІД-мен салыстыру, мектеп әкімшілігімен, психологпен, мектеп инспекторымен және т.б. әңгімелесу). Қалалық және аудандық құқық қорғау органдары зерттеулерінің нәтижелері ШҚО ІІД-не жолданады. ШҚО ІІД деректеріне жүгінсек, барлық фактілер бойынша қылмыс құрамының жоқтығынан қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған.

Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жанында балалар қоғамдық қабылдауы және сенім телефоны жұмысын жалғастыруда. Бұл іс-шара алғашқылардың қатарында іске асырылған және күнделікті практикада жемісті пайдаланылады. Барлығы 2010 жыдың қаңтарынан 15-қарашаға дейін «сенім телефонына» 104 өтініш түсті. Облыстың барлық мектептерінде «сенім жәшіктері» орнатылған. Онда айына бір рет психолог келіп түскен хаттарға талдау жасайды. Департамент Өскемен қаласының Отбасын қолдау орталығымен үнемі байланыста. Әдістемелік көмек көрсетеді, әдебиетпен қамтамасыз етеді. Орталықтың қызметкерлері Департамент мамандарымен телефон арқылы келіп түскен сұрақтарды шешуде тығыз ынтымақтастықта. 2010 жылдың 10 айында Орталықтың сенім телефонына кәмелетке толмағандардан 900-ден астам қоңырау келіп түсті.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен 2010 жылғы 5 қарашада № 5/5827 болып кәмелетке толмағандардың арасында суицид фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты, орындарда шаралар қабылдау әлеуметтік сұрақтар бойынша облыс әкімі орынбасарының қолы қойылған қалалар мен аудандардың әкімдеріне ұсыныс хат жолданған. Семей қаласында кәмелетке толмағандардың арасында суицид фактілерінің(2009 жылдың қаңтар-қарашасында-17, 2010 жылдың ұқсас кезеңінде -8), балалар мен жасөспірімдердің арасындағы жазатайым оқиғалардың саны бойынша, 2009 жылы кәмелетке толмағандардың қатысуымен қылмыстардың жиілеуі бойынша қалыптасқан жағымсыз жағдайға байланысты, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен құқық қорғау, ақпараттық-ағарту, әлеуметтік-психологиялық қызметті жүзеге асыратын, және де жасөспірімдердің ата-аналары мен жақындарына талап арыз жазуда тегін заңгерлік кеңес беру көмегін көрсететін Семей қаласында Отбасы және балалықты қолдау орталығын құру қажеттігі туралы облыс әкімі орынбасарының қолы қойылған ұсыныс хат жолданған.

2009 жылы ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен Біліктілікті арттыру институтына осы тақырыпқа қатысты сұрақтарды жұмыс жоспарына енгізу жөніндегі ұсыныс жасалған. 2010 жылғы қаңтардан Департаменттің ұсыныстары мен нұсқаулықтарын есепке алумен, «Тәрбиелеудің жаңа заман концепциясы», «Оқыту процесінде балаларға ізгі –тұлғалық жақындау жүйесі», «Салауатты өмір салтын және оқушылардың қауіпсіз қозғалысының дағдыларын қалыптастырудың психолого-педагогикалық және әдістемелік» және т.б. тақырыптарына дәрістер енгізілді. Педагогтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, педагог-психологтарды оқыту оқу жылына арналған Білім бөлімдерінің жоспарына сәйкес практикумдар, семинарлар барысында өткізіледі.

2010 жылғы қарашада Департаменттің ұсынысы бойынша облыстың қалалары мен аудандарында аудан мектептерінің жетекші психологтары, әдістьемелік бірлестік жетекшісмі, тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарлары қосылған білім бөлімдері бастықтарының басшылығымен жұмыс топтары құрылған. Қызметтің негізгі бағыттарының бірі –жағдайдың тоқсан сайынғы мониторингі болып табылады. Әрбір суицид фактісі бойынша білім бөлімдерінде ішкі істер, денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп барлығы 46 шұғыл кеңестер өткізілді. Сонда да, жергілікті атқару органдарымен осы мәселе бойынша қабылданатын шараларға қарамастан, мектеп психологтары, сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі, учаскелік және мектеп инспекторлары тиісті деңгейде жұмыс істемейді, сондықтан осындай фактілер болады.

Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен суицидке бейім балаларды анықтау мақсатында, 8-11 сынып тар арасында облыс оқушыларының арасында әлеуметтік сауалнама өткізілді. Бұл сауалнама суицид әрекеттеріне итермелейтін және оларды жоюға ықпал ететін тәуекел факторларын анықтауға мүмкіндік берді. Талдау көрсеткендей, педагогтар мен психологтардың кешенді жақындауы, сөз жүзіндегі көріністерге, тәрбиелеу жағдайына, мінез акцентуациясына, импульсивті қылықтарға бейімділігіне назар аудару қажет.

Халықты ақпараттандыру мақсатында, жасөспірімдік және жастар ортасындағы мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі айдарлар жариялау ұйымдастырылды. 2010 жылдың есеп беру кезеңінде Өскемен қаласының баспа басылымдарында аталған тақырып бойынша 8 мақала дайындалып, жарыққа шыққан. Облыстық телеарналарда аталған тақырып бойынша 4 сюжет өтті. Бір мысал, 2010 жылғы 16 маусымда облыстық теледидарда ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, ШҚО білім басқармасын, ШҚО Ішкі істер департаменті және ҮЕҰ өкілдерінің, отбасы және балалықты қолдау орталығы өкілдерінің қатысуымен «Истина» ток-шоу өтті. Бағдарламада кәмелетке толмағандардың арасындағы суицид және әлеуметтік жетімдік мәселелері талқыланды. Және де, Департаменттің бас маманымен «Бала және құқық» журналының қараша айындағы шығарылымында және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогический мир» газетінде балалар мәселелері қарастырылатын «Подарите детям детство» тақырыбына мақала жарияланды. Мақала мектеп ұстаздарына балалармен жұмыс жасауға үшін және ата-аналарға заметка үшін әдістемелік құрал ретінде шығарылған.

Жалпы, Департаментпен алынған деректер кәмелетке толмағандардың арасында суицид көріністерінің алдын алу және ескерту бойынша жұмысты күшейту қажеттігі туралы куәландырады.

  1. Кейін жеке алдын алу жұмысын жүргізу үшін авиталды және аутоагрессивті бейімділігі бар оқушыларды уақытында анықтау бойынша психологиялық-педагогикалық қызметтің қолданыстағы жалпы жүйесі тиімді құрылмаған.

  2. Мектептер психологтармен, әлеуметтік педагогтармен және кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекторлармен жеткілікті жинақталмаған. Барлығы облыс бойынша 2010-2011 оқы жылының басында білім беру мекемелерінде 615 психолог жұмыс істейді. Психологтар қажеттілігі -87-ні құрайды. Әлеуметтік педагогтар барлығы -179, қажеттілік-311. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекторлар-163, қажеттілік-7.

  3. Қабылданатын шаралардың тиімділігі барлық мүдделі тараптардың өзара іс-әрекетіне, және де оларға жасөспірімдердің өздерін және қоғамдастықты енгізу деңгейіне тура тәуелді.


7. Әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік көмек көрсету бойынша қызметтер

Департамент өз қызметінде қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету мақсатында, отбасын қолдау орталықтарымен тығыз қарым-қатынас жасайды: Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасын және балалықты қолдау орталығы» ҚМКК және 1 дағдарыс бейімделу бөлімшесі(«Цвет надежды» Дағдарыс орталығы) және Семей қаласында денсаулықты қолдау жастар орталықтарымен(ЖДО).

Орталық Өскемен қаласында «Балаға дос қала» халықаралық жобасын іске асыру аясында құрылған. Орталық үшін бірінші жыл құрылу кезеңі болды, онда ұжым мақсатты түрде қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен және отбасылармен жұмыс жасау жүйесін құрды. Қазіргі уақытта орталықтың мамандары қиын өмірлік жағдайға тап болған 75 отбасымен және 500 баламен жұмыс жасайды. Жыл көлемінде орталық осы мәселені шешпеген және мүлдем шешкілері келмеген және өте енжар болған ересектер бар кәмелетке толмаған балалар бар 23 отбасы үшін құжаттарды ресімдеуге іс-әрекет көмегін көрсетті. Орталықтың мамандары әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында, 500 отбасы және балалар үшін психологиялық және кеңес берулер өткізді. Орталықтың мекен-жайы: Қазақстан көшесі 70. Кәсіпорын Жарғысына байланысты, орталық ұжымы отбасылармен және балалармен жұмыс жасаудың инновациялық формалары, отбасы институтын қолдау сұрақтары бойынша педагогикалық қызметкерлерді оқытады. Сонымен, 2010 жылғы қаңтарда орталық базасында мектеп әлеуметтік-психологиялық қызмет ежтекшілері үшін «ҚӨЖ отбасыларға қызмет көрсету сапасын арттыру» проблемалық-оқыту семинары өткізілді. 2010 жылғы ақпанда «Мектеп СПС жұмысының тиімді формалары» семинары өтті. 2010 жылғы сәуірде орталықтың заңгерлері 150-ден астам ұстаз қатысқан «Құқықтық іс-әрекетті қалыптастыру» қалалық бағдарламасын құрып, іске асыра бастады. Орталықтың семинарларына қатысқан ұстаздардың жалпы саны 335 адамды құрады.

Орталық мамандарының басты назары балалардың құқықтарын қорғау бойынша қалалық акциялар өткізуге аударылған. 2010 жылғы наурызда балалардың арасындағы суицидтің алдын алу бойынша «Мен сені сүйемін, өмір!» акциясы өткізілді. Ағымдағы жылдың сәуірінде «Бей-зорлық-зомбылық-жанға қарсы қару!» қалалық балалар-ата-аналар акциясы өткізілді. Акция қорытындылары қалалық білім бөлімінің сайтында орналастырылған орталық бетінде жарияланды. Акцияларға 7000-нан астам балалар, ата-аналар, педагогикалық қызметкерлер қатыстырылған. Маусым айында 385 баланы қамтыған «Детская школа ремесел» акциясы, лагерлерде балаларға арнап 2834 баланы қамтыған «Өмір қызықты және қауіпсіз!» бағдарламасы, 265 адамды қамтыған жасөспірімдерге арналған «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күресудің 12 күні» акциясы өтті.

Балалардың құқықтарын қорғау бойынша жағдай жасау мақсатында, 262-313 сенім телефоны жұмысын жалғастыруда, оған есеп беру кезеңінде кәмелетке толмаған азаматтардан 900-ден астам қоңырау келіп түсті. Наурыз айынан бастап қалалық қоғамдық қабылдауда жұмыс басталды, 26.11.2010 жылға 48 өтініш тіркелген. Барлық келушілерге сұраныстарына сәйкес кеңес беру көмегі көрсетілді. Мысалы, Орталықтың сенім телефонына хабарласқан Дорофеевтардың отбасын алатын болсақ, шешесі Дорофеева Н.А. әлеуметке қарсы өмір сүріп, өз үйінен, жеке басын растайтын құжаттарынан айырылған. Ол кезде оның баласы 1992 жылы туылған А. Дорофеев мамандандырылған мектепте оқып жүрген. А. Дорофеев мамандандырылған мектептен келгеннен кейін, орталықтың мамандарымен тәтесі С.Колесниковамен жасөспірімнің уақытша тұруы туралы келісім жасалған. Орталықтың мамандарымен Департамент заңгерлерінің жәрдемдесуімен Александрға әкесі 2006 жылы қайтыс болғандықтан, асыраушыны жоғалту бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны ресімдеу бойынша көмек көрсетілді. Және де, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша автослесарь мамандығы бойынша тегін курстарға жазылуға көмек көрсетілді. Шешесіне жеке басының куәлігін ресімдеп, қалыптастыру бойынша көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта А.Дорофеев шешесімен жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

Отбасылық тәрбиені және отбасылық құндылықтарды жаңғырту мақсатында, мамыр айында 15-тен астам отбасы қатысқан «Менің отбасым-менің қуанышым!» қалалық конкурсы өткізілді. Конкурс жеңімпаздары күнкөрісі төмен отбасылар және қорғаншы балалары бар отбасылар болды. Барлық қатысушылар Отбасын және балалықты қолдау орталығынан бағалы сыйлықтар алды –«Живи интересно и безопасно!» балаларға арналған электронды кітап. Кимосовтар отбасы жеңімпаз атанды, олар санды бейнекамера алды. «Ата-ана махаббаты сабақтары», «Тәуелді отбасыларының балаларын қолдау топтары», «Бақытты болашаққа сиқыр», «Асыранды ата-аналар мектебі» отбасы институтын қолдауда қалалық бағдарламаларды іске асыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Барлығы бағдарламаларға есеп беру кезеңінде 149-дан астам отбасы қатыстырылған. Бірінші жартыжылдықта әлеуметтік патронажда 39 отбасы тұрған, оның ішінде 8-імен жұмыс жағымды нәтижемен аяқталды, 30-ымен жұмыс жалғастырылуда.

Ақпан айынан орталықтың директоры қала әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссия құрамына кіреді, ол қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларын қосымша анықтауға және оларға кешендік көмек көрсетуге ықпал етеді.

Қазіргі уақытта ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және Өскемен қаласының білім бөлімінің қолдауымен орталық баланың отбасында тәрбиеленіп, тұру негізгі құқығын жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.

Дағдарыстық оңалту бөлімшесі («Цвет надежды» Дағдарыс орталығы) 2002 жылғы мамырда БСМП базасында Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясының Шығыс Қазақстандық Филиалының төрайымы Цветкова Татьяна Ивановнаның бастамасы бойынша, қалалық әкімдіктің қолдауымен құрылған.

2006 жылғы 4 қаңтардан бастап қалалық мәслихат шешімі бойынша дағдарыс жағдайын шешу жөніндегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі(ары қарай ДЖШ) «Үлбі халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімшеде 5 адам жұмыс істейді: меңгеруші, 4 психолог.

Дағдарыс жағдайын шешу жөніндегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі сенім телефонының(537401), кеңес беру пункті, 5 төсек орны бар балалар мен әйелдерге арналған панажайдың жұмысын атқарады. Келесі мекен-жайда орналасқан: Тәуелсіздік даңғылы 26/2.

Психологтың кеңес беру пункті тәулік бойы тегін жұмыс істейді. 2010 жылдың 11 айында 744 адам тіркелген, оның ішінде балалардың 400 өтініші.

Панажайда үйінен балаларымен бірге қашуға мәжбүр болған әйелдерге тегін тұру, тамақтану, өзін қауіпсіз сезіну мүмкіндігі, ары қарайғы әрекеттер туралы шешім қабылдауға мүмкіндік бар. 2010 жылдың 11 айында барлығы 44 адамның өтініші болды, оның ішінде 16 –сы балалар. Панажайға келудің әрбір жағдайы ары қарай тергеу үшін құқық қорғау органдарына хабарланады.

Бозбалалар ортасында тұрмыстық және нәсіпқұмарлық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, ДЖШ бөлімшесінің қызметкерлерімен ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, Өскемен қаласының білім бөлімімен, ҚІІБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша инспекторлармен, кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекторлармен бірлесіп қаланың мектеп оқушылары үшін дәрістік-тренингтік іс-шаралар өткізіледі.

Семей қаласында ЮНИСЕФ-тің қолдауымен екі жастар денсаулық қолдау орталығы жұмыс істейді(ЖДО). Орталықтардың жұмыс мақсаты-жас ұрпақтың адамгершілік, психикалық, физикалық және репродукциялық денсаулығын сақтау. Жастар денсаулықты қолдау орталықтары (ЖДО) 2008 жылдың 1-қазанынан бастап БҰҰ Балалар қорының(ЮНИСЕФ) жобасы бойынша қызмет істейді.

Ораталықта 10-24 жас аралығындағы балалар мен жастарға тегін және құпия негізде гинеколог, андроуролог, психолог, әлеуметтік қызметкер, заңгер қызмет көрсетеді. «Аралас типтегі №2 Аурухананың» «Жас өмір» ҚМКК жастар орталығының сенім телефоны бойынша барлығы 2010 жылдың 11 айында 1484 кеңес берілді, оның ішінде психологиялық сипаттағы мәселелер -730 және медициналық сипаттағы -754. Психологпен 678 жеке кеңес беру өткізілді. 12-ден 25-ке дейінгі жас аралығында. Жастардың келудегі мәселелері: тұлғааралық қарым-қатынас -52 пайыз, күйзеліс жағдайлары-17,5 пайыз, әлеуметтік сипаттағы мәселелер -11 пайыз, психосоматикалық сипаттағы -12 пайыз, психодиагностика -4 пайыз, суицид жасамақшы болу -0,5 пайыз. 2010 жылы «Жас өмір» орталығына республикалық бюджеттен 510400 теңге, БҰҰ Балалар қорынан(ЮНИСЕФ) 174 мың теңге бөлінген.

«Аралас типтегі №2 Аурухананың «Жас асыл» ҚМКК жастар орталығында білім беру мекемелерімен –мектептермен, қаланың сол жақ жағалау колледждерімен байланыс жақсартылған, ағымдағы оқу жылына бірлескен жұмыс жоспарлары құрылған. Осыған ұқсас жұмыс Приречное ауылы, Бұлақ ауылы, Шульбинск кентінің ауылдық мектептерінде де жүргізіледі. «Жас Қанат» демалыс орталығымен, аула клубтарымен, Семей қаласының №8 отбасылық типтегі балалар үйімен және Шульбинск кентінің балалар үйімен тығыз ынтымақтастықта, тәрбиеленушілер медициналық көмек алады, тренингтер мен семинарларға қатысады. 2010 жылдың 11 айында мамандармен 1966 кеңес беру қабылдаулары өткізілді, сонымен қатар психологиялық сипаттағы мәселелермен-947, медициналық сипаттағы -963. 556 балаға жеке көмек және әлеуметтік қызметкердің ілесіп жүруі көрсетілді. Сенім телефоны бойынша 412 кеңес беру өткізілді. Орталықпен салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдер жасының психологиясы сұрақтары, медициналық проблемалар бойынша 51 оқытатын семинарлар мен тренингтер өткізіліп, 1270 адам оқытылды.

БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қоры жобасының арқасында Жастар денсаулық орталықтарында балалардың және жасөспірімдердің психологтың, әлеуметтік қызметкердің кеңес беру көмегін, құқықтық көмек, профилді медициналық мамандардың көмегін алуға мүмкіндік беретін жастарға дос қызмет көрсетіледі. Медициналық денсаулық орталықтары қажет және жастардың ризашылығын алды, салауатты өмір салтын тарату сұрақтарында балалардың арасында еріктілер қозғалысын дамытуға мүмкіндік берді. Колледж студенттері мен мектептердің жоғары сынып оқушыларының арасында өткізілген сауалнама –жастар орталықтары қажет пе сұрағына респонденттердің 98 пайызы қанағаттанарлық жауап берді.

БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының жобасы аяқталғанына байланысты,

екі ЖДО ары қарай қаржыландыру сұрағын шешу қажеттілігі туындады. Себебі мамандардың жалақысын қаржыландыру, орталықтың қызметін техникалық қолдау БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының, СӨСПФ облыстық орталығының және аурухананың ішкі резервтері есебінен.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 29.11.2010 жылғы № 1113 Жарлығымен бекітілген 2011-2012 жылдарға «Салауатты Қазақстан» денсаулықты сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жастар денсаулық орталықтарына ары қарай дамыту, халыққа әлеуметтік-бағдарланған алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету жоспарланған. Сонымен, ауруханалар жанында құрылған Семей қаласының жастар денсаулық орталықтарын қолдау үшін ары қарай қаржыландыру сұрақтарын шешу қажет.

8. Облыстағы меценаттылық дәстүрлер

Бүгін көптеген адамдар негізі махаббат болып табылатын адами идеалдар мен құныдылық принциптерін практикалық өмірде қолдана бастады. Адамгершілік және мейірімділік бар жерде, бейбітшілік пен бақытқа адамды тәрбиелеу, білім беру ісінде кең жолдар ашылады. Қайырымдылық пен меценаттылық біздің күнделікті өміріміздің дәстүрлі құбылысына айналды. Олардың қатарына өздерінің күнделікті мәселелерінің ішінде адаспаған және әлемді бұрынғыша балалардың көзімен көретіндер кіреді. Олар бақытты балалық шақ әлемін құруға көмектеседі, балалар мен жастардың өмір сапасын жақсартады, жаңа заман талаптарына сәйкес оларға жағдай жасайды. Олар кәсіпорын жетекшілері мен кәсіпкерлер, қалалар мен ауылдардың жай тұрғындары, шетел азаматтары, шығармашылық адамдары және мектеп түлектері, жалға алушылар және шаруа қожалықтарының басшылары. Бұл қозғалысқа біздің облысымыздың студенттері мен мектеп оқушылары да қосылды. Әрине, олардың үлестері сондай зор емес, сонда да олардың жүректерінен қоғамға қызмет етуге қатысу ниеттері шығады.

Шығыс Қазақстан облысында 2009 жылы Статистика департаментіеің деректері бойынша 18 жасқа дейінгі балалар саны 372362 адамды құрады, қалаларда -184565 бала, ауылды жерлерде -187797 бала тұрды. Облыста 2010 жылғы 1-қаңтар жағдайына 116 бала бақша, 675 кіші-орталықтар және мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту үшін 750 жалпы білім беру мектептері қызмет істейді. Облыста 2009 жылы күнкөрісі төмен отбасылар санының өсуі байқалды. Егер 2008 жылы күнкөрісі төмен отбасылар саны 15904 болса, оның ішінде балалар саны 29375, 2009 жылы 18306 отбасында 37416 бала тәрбиеленді.

2008 жылы облыс бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар 4545 болды, қазіргі уақытта облыста бұндай балалар саны 4372, ол өткен жылмен салыстырғанда 173 балаға аз.

Бүгін облыста ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік қолдау көрсету үшін білім беру жүйесінде 10 балалар үйі, 4 интернат ұйымдары, 5 панажай; денсаулық сақтау жүйесінде -2 Балалар үйі; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жүйесінде –Аягөз қаласында 1 балалар психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекеме.

Денсаулық сақтау жүйесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар үшін Өскемен және Семей қалаларында 2 Балалар үйлері қызмет істейді.

Шығыс Қазақстан облысында демеушілер мен меценаттар саны жыл сайын өсуде және ағымдағы жылы 500 адамнан асты. Облыс Әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен «Туған елге тағзым» акциясы аясында білім беру ұйымдарына, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларына жалпы сомасы 58, 922 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшісі, Үржар ауданының тумасы Қарашев Нарбек Бақтығазыұлы спорт кешенінің құрылысына 27 млн. Теңге сомасында көмек көрсетті. Акция барысында мектептердің кабинеттерінде жөндеу жүргізілді, бала бақшалар мен кіші орталықтар үшін мектеп керек-жарақтары, материалдық-техникалық құрал-жабдықтар, спорт құрал-саймандары, музыкалық аспаптар, ойыншықтар, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларына киім және азық-түлік сатып алынды, отын апарылды және жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастырылды. Облыс кәсіпкерлері күнкөрісі төмен отбасы балаларына жалпы сомасы 60 млн. теңгеге тамақтануды ұйымдастырды. Сонымен, Риддер қ., Глубокое, Зырян, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха аудандарында асханалық шаруа қожалықтарының базасында бірқатар мектеп оқушылары үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Оқу жылының басында «Дорога в школу» республикалық акциясының аясында барлық балалардың мектепке бару мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін меценаттар да өз күштерін салды. «Дорога в школу» акциясының аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, күнкөрісі төмен отбасындағы 20655 балаға жалпы сомасы 53655,3 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді, соның ішінде 13265 бала жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 19 371 202 теңгеге, 11167 бала демеушілердің есебінен 21899 теңге сомасына көмек көрсетілді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар үшін білім беру ұйымдарына көрсетілген демеушілік көмек 5 млн. 794 мыңнан астам теңгені құрады. Балалар үйлері мен интернаттарына көмек көрсеткен демеушілердің қатарына «Машзавод» ЖШС, «ӨМЗ» АҚ, «DHL International Kazakhstan», жеке кәсіпкерлер, АҚШ шетел азаматтары және т.б. кірді. Қайырымдылық көмек көрсететіндердің ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға өздерінің қолдарымен сыйлық жасап, сыйлайтын мектеп еріктілері де болды. №38 мектеп –гимназия мен «Сәбилер үйін» тоғыз жылдық достық байланыстырады. Осы жылдар бойы ондаған еріктілік топтар жылына бірнеше рет өтетін «Мейірімділік» акциясына қатысты.

Сонымен, Шығыс Қазақстанның бизнесмендері әлеуметтік саланы белсенді қолдайды. «Казцинк» АҚ Президенті Николо Поповичпен мектептерге, балалар үйлеріне және интернат мекемелеріне Серебрянск қ. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған толық емес орта түзету мектеп-интернатының балаларына дәрі-дәрмектер, мектеп керек-жарақтары сатып алынды, Шығыс Қазақстан облыстық жетім балаларға арналған арнайы мектеп –интернатын автокөлікпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті, Өскемен қ. Мамандандырылған балалар үйіне барлығы 1,5 млн. астам теңгеге жаңа жылдық сыйлықтар алынды. Ең белсенді және жомарт демеушілердің ішінен «Казахмыс» корпорациясының ішкі сұрақтар бойынша директоры Шахтаев Мұқан Бекешұлын, Семей қ. «Алел» ФИК АҚ бас директоры Полынов Владимир Ивановичті, Семей қ. «Силикат» ЖШС бас директоры Адианов Борис Тимофеевичті, «ӨТМК» АҚ Президенті Шаяхметов Бағдат Мұхаметұлын және басқаларды атап өтуге болады.

Балалық шақтың тұрақты демеушісі облыста және қалада оқу, әдістемелік және балалар әдебиетінің жалғыз ірі көлемде жеткізуші болған, бас директоры В.А.Коханов «VITA» кәсіпорын тобы» ЖШС болды. Кітап және балалар дүкендері желісінің пайда болуымен, «VITA» КТ қайырымдылық бағдарламалар да кеңейді: Қазақстандағы бірінші «Ертең» жеке балалар газетін ұйымдастыру, балалар және бозбалалар прессасы Республикалық фестиваліне юнкорлардың қатысуы, облыстық теледидарда біратаулы тележурналды қаржыландыру, ШҚМУ журналистика факультетімен ынтымақтастық, «Үміт» балалар үйіне, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау орталығына, интернаттарға, мүгедектердің оңалту балалар орталығына тұрақты демеушілік көмек, балалар мейрамдарын ұйымдастыру, балалар спорт және шығармашылық ұжымдарына демеушілік жасау, кабинеттерді жабдықтауға көмектесу. 2008 жылдан бастап «Человек читающий» жобасы оқырман аудиторияларын қолдау бойынша ең танымалдардың біріне айналды.

Өткізілген іс-шаралар, мецанаттар туралы ақпараттар облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, «Үміт сәулесі» және ШҚО әкімінің сайттарына орналастырылды.

ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ағымдағы жылдың қарашасында облыстың демеушілерімен және меценаттарымен бірлескен жұмыс қорытындысын жасады. Дүниежүзілік балалар күнін тойлауға арналған «Бүкіл әлем мен үшін» онкүндігінің аясында олар іс-шараға шақырылып, онда Департаменттен алғыс ретінде алғыс хаттар алды.

VI. Ақпаратпен қамтамасыз ету және қоғаммен байланыс


  1. БАҚң бала құқықтарын қолдаудағы рөлі

БҰҰ Бала құқығы туралы Конвенциясында мемлекет, үкімет және жеке адамдар бала құқығын сақтау үшін қандай әрекеттер және қалай жасау керектігі көрсетілген.

Конвенция қағидаларын жүзеге асыруда басты рөлдердің бірі бұқаралық ақпараттар құралдарына тиесілі.

Бала құқығы туралы Конвенцияның бабында, қатысушы мемлекеттер БАҚ маңызды рөлін таниды және баланың әр түрлі ұлттық және халықаралық материалдар көзіне, әсіресе баланың әлеуметтік, рухани және моралдық тұрғыдағы рухани изгілігіне, сондай ақ тән және психикалық жағынан салауатты дамуына жәрдемдесуге бағытталған материал өздеріне деген бостандығын қамтамасыз етеді делінген. Қазіргі таңда облыстың ақпараттық кеңістігін жұмыс істеп тұрған 189 бұқаралық ақпарат құралы құрайды. Жалпы қызмет көрсетіп тұрған  БАҚ-тың 162-і басылымдық (42 журнал, 120 газет), 27-сі электрондық ақпарат құралы.
52 БАҚ-тың меншік иесі және құрылтайшысы мемлекеттік мекемелер болса, 136-сы жеке құрылымдарға тиесілі.
24 БАҚ қазақ тілінде шығарылып, хабарлар таратады, 68-сі - орыс тілінде, 79 - екі тілде, үш және үштен артық тілде жарияланатындарының саны - 18.
Тақырыптық бағыттары бойынша облыста әрекет ететін БАҚ-тардың 33-қоғамдық-саяси, 50 - жарнамалық, 63 - ақпараттық, 11 - жастарға арналған, 30 – басқадай (әдеби, мекемелік, ғылыми-танымдық) бағытты ұстанады.

Жыл сайын маусым айында облыста журналистер Форумы өткізіледі, онда өткен жылдағы жұмыстың қорытындысы жасалады. Үздік жұмыстар және облыс БАҚы облыс әкімінің сыйлығымен көтермеледі. БАҚ қызметін мониторингтеу облыста 6% ғана жастар баспасын құрайды. Сонымен қатар, облыста балалар әдебиетінің, балалар және жастар газетінің шығарылуы көтермеленеді, сондықтан Өскемен қаласының жастар және студенттер арасында «Имидж ВКГУ», «За знание», «Ұстаз білімі», Семей қаласында «Студент әлемі» және «Жаңа әлем», Шемонаиха ауданында «Молодежный формат» мектеп газеті үлкен сұранысқа ие. Оқушының зияткерлік қана емес, сонымен қатар азаматтық, рухани және мәдени өмірі мектепте шоғырланған. Мониторинг көрсеткендей, тек облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде ғана балалардың рухани және мәдени өмірі туралы 180 мақала жарияланды, тұрақты негізде 3 айдар жұмыс істеуде.

Қазақстан полиэтникалық орта, ал біздің облыс көп ұлттылардың бірі болғандықтан, онда бүгінгі күндегі республикадағы тілдердің жағдайы Қазақстанда тұратын барлық этностың тілдерін сақтай тұра, ұлттық бірлікті нығайта түсетін фактор ретінде мемлекеттік тілдің толық масштабты әрекет етуін қамтамасыз ететін, Қазақстандағы халықтардың басқа тілінің сақталуына мемлекеттік қолдау көрсететін, ағылшын және басқа шет ел тілдерін оқуға ынталандыру, үйлесімді тіл саясатының қажеттігін көрсетеді. Облыста «Рудный Алтай» газетіне қосымша ретінде «Достық» «Дружба» шығарылымы жалғасуда, ондағы материалдардың 80% қандай да болмасын аз топтарға жататын үлкендер мен балалардың тілдік қажеттілігіне байланысты.

Телевидениенің өскелең ұрпаққа әсері үлкен. ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және «Қазақстан Өскемен» телевидениесі, «Өзін өзі тану» пәнін қолдайтын тәжірибелік алаңдар балалар мен ата аналарға қосымша ақпараттық кеңістік құрап, авторы «Бөбек» қорының Президенті, ҚР Бірінші Ханымы С.А. Назарбаева болып табылатын «Өзін өзі тану» пәнін насихаттайды. Телевидениенің көмегімен сабақтың мазмұнын тез түсінуге көмектесетін көркем бейнелер жасайды. Жас көрермендер бағдарлама кейіпкерлерімен достық дегеніміз не, кімді нағыз дос деп атауға болатыны, өздерінің құрдастарымен қарым қатынастары туралы пайымдайды. Осындай шараларды өткізу балалардың мектептік, жастарлық және студенттік БАҚ құратын ой өрісін кеңейтуге көмектеседі.

БАҚ қызметкерлері қоғамның көңілін балаларға деген әділетсіз қарым қатынасқа аудара алады. Автор мен журналистің бірінші міндеттерінің бірі оқиғаның нақты қалай болғанын жарыққа шығару. Бірақ, балалар туралы сөз болғанда, олар өздері үшін тұра алмайтындықтан, авторлар мен журналистерге ерекше жауапкершілік жатады.

БАҚ балалар өміріне үлкен әсерін тигізеді. Балалардың тағдырына қатысты шешімдерге және қоғамдағы балаларға деген қарым-қатынасқа ықпал жасайды.

Сондықтан, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен БАҚ қарым қатынас мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде, сонымен қатар, шынайы қалыптасқан жағдайға байланысты құрылады. Облыстағы БАҚ едәуір бөлігімен Департамент құрылған уақытынан бастап тығыз байланыс орналасып және нәтижелі жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы жылы БАҚ көмегімен Департаментпен балалардың құқықтары мәселелері бойынша 330 басылымдар, соның ішінде 36 телевидениеге шықты. Жарияланымдар облыстық және аудандық БАҚ, мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көрді.

Тұрғындарды Департаменттің қызметі туралы ақпараттандыру мақсатында ШҚО БАҚ балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатынан хабардар болу үшін медиа жоспар әзірленді. Департаментпен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жанұялық құндылықтарды насихаттау мақсатында 17 әлеуметтік банер әзірленіп және 9 бейнефильм және Департаменттің қызметі жөнінде 3 бейнеролик шығарылды. Облыстың орталық көшелері мен даңғылдарында ..«А что сейчас делают Ваши дети?», «Папа не пей!», «Ищу дом! У меня нет родителей! Ищу родителей!» экологиялық сипаттағы «Я хочу дышать!» банерлері ілінген.

Департамент құрылған уақыттан бастап мекеменің жетекшілері және мамандары қатысты


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе 4

Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе

Мазмұны кіріспе iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе
Алғашқы қадамдар
Мазмұны кіріспе iconМазмұны І кіріспе ІІ негізгі бөлім

Мазмұны кіріспе iconМазмұны : Кіріспе Негізгі бөлімі : 1 Модуль құрылымы 2 Стандарт модульдер 3 Экранға мәтін шығару процедуралары Есеп Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе
Паскалъдың өз алфавиті, синтаксисі,симантиксі(түсіндірмелерінің ережелері)бар. Алфавит-программада пайдалынатын түрлі символдар (әріптер,цифрлар,таңбалар...
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Баға құрылымы

Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе
Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік
Мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе логистиканың теориялық негіздері
Логистиканы қолданудың тиімділігі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница