Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
страница2/9
Дата конвертации30.05.2013
Размер1.12 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9


2.2. ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТЕЗИСТЕРІ
1-2 лекция.

1 ТАҚЫРЫП. НЕОКЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ШЕКТЕРІ (2 с)


    1. Неоклассикалық тәсілдерді пайдалану тәсілдері

    2. Ақпараттардың толықтығы

    3. Жетілген бәсеке

    4. Homo economicus


1.Неоклассикалық тәсілдердің пайдалану тәсілдері.

Қандай да болмасын ғылымды зерделегенде, оның қортындылары тәжірибе жүзінде пйдалану болашақтары туралы сұрақ туындайды; берілген теорияның негізінде зерделенетін объектінің мінез құлқын дәлме дәл тұжырымдауға бола ма? Экономикалық теория, «адамдар –өздерінің шектеулі ресурстарды пайдалана отырып қанағаттандыру үшін таңдаулар жасайды» деген тұжырымды зерделеумен айналысатынын ескере отырып, қойылған сұрық адамдардың мақтау жағдайындағы мінез- құлықтарын түсінеміз. Экономикалық теорияның басымдылықты бағыты, main tream economics, шектеулі ресурстар жағдайында қандай да болмасын таңдау жасайтын, индивидтердің міне-құлқын дәлме-дәл сипаттау қабілетіне претендует. Таңдау пәні, таңдау жасаудың сыртқы шарттары,таңдау жасалатын тарихи кезең, ерекше роль ойнайды. Әнгіме базарда жеміс –жидектерді сатып алу туралы, немесе өмірлік серік таңдау туралы бола ма , неоклассиканың аналитикалық моделі өзгеріссіз қалады.

2. Ақпараттардың толықтығы.

Неоклассикалық моделі бойынша тандау жасалған уақытта индивиттердің қолында болатын ақпараттардың толықтығын топшылайды. Бұл шартқа автоматты түрде қол жете ме және әр уақыта жету мүмкін бе? Неоклассикалық теорияның постулаттарының бірі былай дейді, нарықтың жағдай туралы барлық қажетті ақпараттар бағада, тепе—теңдікті бағасы туралы ақпаратқа ие болу айырбастың қатысушыларына өздерінің мүдделеріне сәйкес мәміле жасауға мүмкіндік береді. Л. Вальрас сатып алушылардын «тапсырыс» және сатушылардан «ұсыныс» қабылдайтын нарықта «аукционист» бар екендігі туралы айтты. Соның негізінде алынатын жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс салыстыру тепе-теңдк бағасын «тауып алудың » негізі болады.

3. Жетілген бәсеке.

Нарықтың неоклассикалық моделінің тағы бір талапты мәмілеге қатысушылардың минималді өзара байланысы.бір индивитің таңдау туралы шешімі басқа индивиттердің шешімімен байланысы жоқ және оларға әсер етпейтін жағдай. Шешім қабылддауды минималді өзара байланыстылыққа нарықтың белгілі құрылымы шеңберінде қол жетуі мүмкін, яғни жетілген бәсекелік нарықты мәміле жасалған жағдайда.

1.4. Homo economicus

Нақты нарықтарды талдауға неокласскалық модельдердің қолданылуының тағы бір алғы шарты таңдау жасайтын адамдардың Hono economicus идеалына сәйкес келуі. Неоклассиктердің өздерін рационалдыққа және адамдарды жетілген калькуляторға теңеумен шектеліп, бұл сұраққа аз көңіл бөлсе де, неоклассикалық модель адамдардың мінез- құлқының нақты типі болатынын болжайды. Нарықта мәмілеге қатысушылардың мінез-құлықтарына қызығушылық классикалық экономикалық теорияның негіздеушісі Адам Смит тарапынан қызығушылық білдірілген. Ол бұл мәселеге бірнеше еңбектерін арнаған «Исследования о природе и причинах богатства народов» (1776) «Теория нравственных чувств (1759г)». Неокласикалық нарықта мәлмілеге қатысушының идеалды портреті қаңдай болуы керек?

Қорытындылар. Біріншіден, ол мақсатты оңтайлы келе рационалмен болуы тиіс. Макс Вердің ізімен мақсатты оңтайлы мінез- құлық келесідей түсініледі « қоршаған әлемнің заттарының және басқа адамдардың белгілі бір өз құлқын куту және бұл күтуді өзінің оңтайлы қойылған және ойланылынған мақсаттарына жету үшін пайдалануы». Мақсатты оңтайлы адам таңдауда еркін. Екіншіден, Hono economicus тің мінез- құлқы ұтылмас болуы керек. Басқаша айтқанда, оның іс- әрекеті қанағаттану пайдалылық міндеттердін максималдандыруға бағынышты болуы керек. Пайдалылық қана адам бақытының негізі болды. Утимитарлылықтың екі түрін- қарапайым және курделі- айырып көрсетуге болады. Бірінші жағдайда адам өзінің қанағаттануын максималдандыру міндетіне бағытталады, екіншіден алатын пайдалылықтың сомасын өзінің қызметімен байланыстырады. Пайдалылық пен қызметтің арасындағы байланысты түсіну нарықтық айырбастың идеалды қатысушысын сипатайды.

¦шіншіден, ол мәміленің басқа қатысушыларына байланысты элипатия сезімнуі тиіс, яғни ол өзін олардың орнына қоя білуі керек және болып жатқан айырбасқа солардың көзқарасымен қарауы керек.

Төртіншіден, мәмілеге қатысушылар арасында нарық сенім болуы керек. Ешқандай, тіпті қарапайым мәміле де нарықта аздаған сенім болса да іске асырмайды.

Негізгі әдебиет

  1. Капелюшников Р. Экономическая теория прав собственности. М.: ИМЭМО, 1990. С. 3-9.

  2. Маркс К. Соч. 2-е изд. Т. 23. Гл. 10-13, 24.

  3. Норт Д. Институты и экономический рост: историческое введение//THESIS. 1993. Т. 1. № 2.

  4. Саймон Г. Рациональность как процесс и как продукт мышления //THESIS. 1993. Т. 1. № 3.

Қосымша әдебиет

  1. Eggertsson T. Economic Behavior and Institutions. Cambridge: Cambridge University Press, 1990. P. 3-13.

  2. Гэлбрейт Дж.К. Экономические теории и цели общества. М.: Прогресс, 1976.

  3. Автономов В.С. Модель человека в экономической науке. СПб.: Экономическая школа, 1998.

  4. Олейник А. В поисках институциональной теории переходного общества //Вопросы экономики. 1997. № 10.


3-4 лекция.
2 ТАҚЫРЫП. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТЕОРИЯ: «ЕСКІ» ЖӘНЕ «ЖАҢА» ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ (2 с)
1 . Неоклассика парадигмасы

2. Институционализм «ағашы»

3. «Ескі» институционализм

4. Неоинституционалды экономика.

5. Жаңа институционалды экономика


    1. Неоклассика парадигмасы

Имре Лакатош ұсынған теорияны талдау сызбасын пайдаланамыз (сурет 2.1.)17. Оның көзқарасы бойынша, қандай да болмасын теория екі компонентпен тұратды - «қатты ядро» (hard core) және «қорғайтын қабыршақ» (protective bell). Теорияның «қатты ядросын» құраушылар, теорияның дамуымен қатар жүретін, әр түрлі модификация және анықтауларға қарамай өзгерісіз қалады деп түжырымдайды. Олар зерттеу парадоксын құрайды, яғни оппоненттердің сын-пікірі қандай қатал болса да, теорияны бірінен кейін бірі пайдаланатын зерттеуші сол принциптерден бас тартпауы тиіс. Керісінше, «қорғайтын қабыршақ» теориясын құрайтын тұжырымдар, теория дамыған сайын тұрақты өзгерістерге ұшырайды. Теория сынауға ұшырайды, оның жаңа элементетері зерттеу пәніне кіреді- барлық бұл процесстер «қорғайтын қабыршақтың тұрақты өзгеруіне алып келді».

Келесі үш тұжырым «неоклассиканың» «қатты ядросын» құрайды- оларсыз неоклассикалық теорияның бір де бір моделін құру мүмкін емес. (сурет2.1. )



Неоклассикалық «Қорғайтын қабыршағы» да үш әлементтен тұрады

- ресурстарға жеке меншік нарықта айырбас жасаудың абсалюттік алғы шартты;

- ақпарат алуға шығындар болмайды, және индивиттер мәміле туралы барлық ақпаратқа ие болады;

- экономикалық айырбатың шектері кемуші пайдалылық принциптері негізінде, өзара әрекетке қатысушылар арасында ресурстарды алғашқы бөлуді ескере отырып аныкталады.

2.2. Институцианализм «ағашы».

Енді біз институционалдық талдауың бағыттарын зерделеуге тікелей кірісеміз. Иституционалдық теорияны ағаш нысанында кескіндейміз, ол екі тамырдан- «ескі» институционализм және неокласикадан өсіп шығады.

Институцианализм «ағашы» қоректендіретін тамырлардан бастаймыз. Неоклассика теориясы туралы айтылғандарға тек екі момент қосамыз. Біріншісі талдау әдістемесі әдістемелік индивидуализмге қатысты. Ол институттарды өздерінің іс әрекеттерін координация жасау үшін пайдаланатын индивиттердің мүдделері мен мінез – құлықтарды. Интитуттарды талдауда индивиттер ғана бастаушы нүктесі болып саналады. Мысалы, мемлекеттің сипаты оның азаматтарының мүдделері мен мінез- құлықтарының ерекшеліктерінен шығарылады. Әдістемелік индивидуализм принциптерінің жалғасы неоклассиктердің институттардың пайда болуы процессіне, интитуттардың спонтанды эвалюция тұжырымдамасына ерекше қөзқарасы болды. Бұл тұжырымдар институттар адамдардың әрекеті негізінде, бірақ міндетті түрде олардың байланысты емес, яғни спонтанды пайда болады деген болжамға негізделеді: Ф. Хайек бойынша талдау келесіні « адамдардың жоспарланбаған нәтижесі» түсіндіруге бағатталуы тиіс.

2.3. «Ескі» институционализм

«Ескі» институционализм толық сипаттама беру үшін, бұл ғылыми бағыттың аса көрнекті өкілдеріне К. Маркс, Т. Веблен, К. Поланьи және Дж.К. Нэлбрейтке көңіл аударамыз К. Маркс Капиталда (1867ж) холизм әдістемесін де және институционалды детерминизм тезисін де жеткілікті тұрде кең пайдаланады. Оның фабрика теориясы, капиталдың алғашкы қорлардың теориясы сияқты, осы қөзқарас тұрғысынан өте көрнекті мысал болып табылады. К. Маркс өзінің машина өндірісінің пайда болуын талдауында ұйымдық нысандардың өндіріс және айырбас процестеріне олардың қалай әсер ететініне көңіл аударды. Капиталист пен жалдамалы жұмысшы арасындағы қатынас жұйесі еңбек бөлінісі қабылдйтын ұйымдық нысанмен анықталады: табиғи еңбек бөлінісі → кооперация →мануфактура және абсалюттік қосымша құнды өндіру → ішіпара жұмысшының пайда болуы →фабрика→ салыстырмалы қосымша құнды өндіру.

Осындай жолмен капиталдың алғашқы қорлануын талдағанда институционалдық әдісті , анығында – институционалдық детерминизмнің варианттардың бірі, легалді (жариялы детерминизмді көруге болады. Бірнеше заңдық актілер қабылдау нәтижесінде- корольдер Генрих XII және VIII актілері, Карл I-дің қоғамдық және шіркеу жерлерін үзүрпация жасау туралы, бродятничесствоға) қарсы заңдар, еңбек ақыны арттыруға қарсы заңдар- жалдамалы еңбек нарығы және капиталистік жұмысқа жалдау жүйесі қалыптаса бастады. Осындай пікір Карл Поланьи тарапынан да дамытылды, ол мемлекеттің араласуы ұлттық ресурстар нарығы және еңбек нарығың қалыптасуының негізі болды. (локальдіктен айрықша). «Ішкі нарық Батыс Еуропаның барлық жерінде мемлекеттің инвестициясы арқылы қалыптасуы», оның пайда болуы локалді нарықтардың табиғи эвалюциясының нәтижесі емес. Бұл қорытынды біздің өз талдауымызға байланысты өте қызықты. Онда локалді нарық қалыптастыратын нарықты бөлетін, өте терең құзарды көрсетеді. Т. Веблен өзінің теориясында «Теории праздного класса (1899)» «Тойшл сынып теориясында» әдеттер ролін талдауға холизм әдістемесін пайдалану мысалын береді. Индивиттер мінез- құлықтары шеңбергін нарықта, саяси салада, жанұяда анықтайтын әдеттер институттардың бірі болып табылады. Осы заманға адамдардың мінез- құлықтарын Веблен ең ескі екі әдеттен шығарады, ол оны бақталастық инстинкті (басқалардан озу, жалпы фонда ерекшелену) және шеберлік инстинкті (адам және тиімді еңбекке бейімділік). Осы автордың айтуы бойынша, бақталастық инстинкті меншіктің және нарықтағы бәсекенің негізінде жатыр.

2.4. Неоинституционалдық экономика

Ескі институционалистерге қысқаша шолу жасағаннан кейін бір институционализм «ағашына» қайтып келе аламыз. Оның деңгейі екі бағытты құрайды – неоинституционалдық экономика (neoinstituhal economucs) және жаңа институционалдық экономика (new instutioha economucs). Бір қарағанда аттарының бір тектілігіне қарамай әңгіме институттарды талдауда принципиалды әр түрлі парадигмалар тралы болды. Бірінші бағыт неоклассиканың қатты ядросын өзгеріссіз қалдырады. Институттарды талдау пәніне жаңа элементті кіргізу неоклассикалық теорияның «қорғайтын қабыршағының тұжырымдамаларын өзгерту есебінен іске асырылады». Сондықтан да неоинституционалдық экономиканы «экономикалық империализмнің мысалы ретінде өте жиі келтіреді», дәстүрлі микроэкономикалық инструменттерінен бас тартпай, «империалистер» бұрын неоклассикалық факторларды – идеологияны, мінез – құлық нормаларын заңдарды, жанұяны және т.б. түсіндіруге тырысады. Екінші бағыт, керісінше неокласиканың бұрынғы постулаттарымен байланыссыз, жаңа институттар теориясын құру талпынысып көрсетеді. Аздаған радикалды зерттеу бағдарламасы, институционалдықты талқылаудан бастаймыз. Оның негізгі қалаушы- атасы болып заңды түрде Рональд Коуз саналады. Оның «Природа фирмы (фирма табиғаты)» (1937) және «Проблема социальных издержек» (Әлеуметтік шығындар мәселері 1960), атты мақалаларында бірінші болып неоинституционализмнің зерттеу бағдарламасы құрастырылған.

2.5. Жаңа институционалдық экономика

Енді жаңа институционалды экономиканың дамуымен байланысты, неокласиканың «қатты ядросындағы өзгерістерге тоқталамыз». Вальрас – Эрроу- Дебрегің жалпы тепе- теңдік моделіне жасалған ойын теориясының соққысының бастау керек (Дж. Фон Нейман, О. Мортенштерн, Дж. Нэш). Ойын теориясы экономика теориясының дербес бағыты болса да, оны институционалды тәсілге жатқызуға болмайды. Ойын теориясы жаңа институционалды экономиканың моделдерінің тілін құрастырды Негізінде, ойын теориясы келесі жіберілген құрылады. Негізінде, ойын теориясын келесіден құрылады, а) бірнеше тепе- теңдік нүктесі болуы мұмкін, б) тепе- теңдік нұктесінің Парето бойынша оңтайлы нұкте сәйкес келуі міндетті емес; в) тепе – теңдік мүлде болмауы мұмкін. Кейінірек, оңтайлы талдау моделі Г. Қорытындылар. Саймон тарапынан қатаң сынға ұшырады. Оның толық емес оңтайлылық теориясы ақпараттық шығындар болуы ғана емес, сонымен бірге контивтік шектеулер болуын да ескереді. Онда, индивидтің мәліме және нарықтағы жағдай жөнінде барлық ақпаратты жинауға қабілеті жоқ емес, оның жиналған ақпаратты оңтайлы түрде әзірлеуге де қабілеті жоқ деп болжалады. Сана ақпаратты әзірлеуге қабілетілік те сирек ресур болып табылады.
Негізгі әдебиет

  1. Капелюшников Р. Экономическая теория прав собственности. М.: ИМЭМО, 1990. С. 3-9.

  2. Маркс К. Соч. 2-е изд. Т. 23. Гл. 10-13, 24.

  3. Норт Д. Институты и экономический рост: историческое введение//THESIS. 1993. Т. 1. № 2.

  4. Саймон Г. Рациональность как процесс и как продукт мышления //THESIS. 1993. Т. 1. № 3.

Қосымша әдебиет

  1. Eggertsson T. Economic Behavior and Institutions. Cambridge: Cambridge University Press, 1990. P. 3-13.

  2. Гэлбрейт Дж.К. Экономические теории и цели общества. М.: Прогресс, 1976.

  3. Автономов В.С. Модель человека в экономической науке. СПб.: Экономическая школа, 1998.

  4. Олейник А. В поисках институциональной теории переходного общества //Вопросы экономики. 1997. № 10.


5-6 Лекция.

3 ТАҚЫРЫП. НОРМА - ИНСТИТУТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ (2 c)


  1. Нормалар: оңтайлы таңдау нәтижесі ме, әлде әрекеттердің абсалюттік детерминанты ма?

  2. Қоғамдық таңдау теориясы, нормалар оңтайлы таңдау нәтижесі ретіңде.

  3. Келісімдер экономикасы: норма оңтайлы мінез құлықтың алғы шарты ретінде.

  4. Келісімдер типтері .

  5. Келісімдер ара қатынастары.




    1. Нормалар: оңтайлы таңдау нәтижесі ме, әлде әрекеттердің асалюттік детерминанты ма?

Адамдар өздерінің таңдауларын жасайтын институтционалдық ортада негізгі элементі норма болып саналады. Норманың көптеген анықтамалары бар: «санкцияға сүйенетін, индивидтердің мінез-қылықтарындағы, «индивиттің құндық жүйесі мен оның күнделікті мінез құлқының арасын байланыстырып отыратын звено». Біз келесіге тоқтайамыз. «Норма - өзара әрекет жүйесінде орындалуы міндетті және өзінің функциясы ретінде тәртіпті қолдау болып табылатын, белгілі мінез құлық…»

Арнайы принципиалды нормалар мен орта санның арасындағы айырмашылыққа көңіл аударамыз: егер біріншісі әлеуметтік тетіктер арқылы іске асырылса (құндылықтар, санкциялар және т. б.), онда екіншісі ешқандай әлеуметтік жүк алып жүрмейді және қарапайым статистикалық есеп көмегімен анықталуы мүмкін. Мысалы: кездесуге кешігудің орта уақытын есептеу…

Норма – адамдардың өзара әрекетінің негізгі реттеушісі. Норма, индивид әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керек, бұнда ерікті сипатқа ие немесе санкцияларға негізделеді (әлеуметтік, экономикалық, заңдық).

Нормалар құрамына келесі элементтер кіреді:

    1. атрибуттар, олар норма таратылатын адамдар топтарын анықтайды;

    2. міндеттілік факторы;

    3. мақсат;

    4. жағдайлар, нормалар әрекет ететін;

    5. санкциялар.

Санкциялар, құқықтық нормаларда тіркелетін заңдық, және әлеуметтік, остранизмге негізделген. Берілген бес элементті бөлу нормаларының әртүрлерін типтеп бөлуге мүмкіндігін береді. Бірлескен стратегия (Shared Strateqy), норма тар түсінікте және ережелер. Мысалы, көрсетілген норма түрлері келесі құрылымға ие.

Бірлескен стратегия = Атрибут + Мақсат + Жағдай.

Норма = Атрибут + Фактор... + Мақсат +Жағдай.

Ереже = Атрибут + Фактор… + Мақсат + Жағдай + Санкция.

Бірлескен стратегияның мысалы қандайда болмасын фолальдік нүкте табылады. Бірін- бірін жоғалтқан адамдар іздеген жағдайда (қалада,үлкен магазинде)бірін бірі жоғалту атрибут факті болады,мақсат-бірін бірі табу,жагдай-көзге түсетін примета,соған жақын жерде бірін-бірі табу мүмкіндігі бар.Норма тар түсінікте келісім түсінігімен сәйкес келеді,келісімнің...орындалуы ерікті сипатқа ие.

3.2 Қоғамдық таңдау теориясы: нормалар оңтайлы таңдау нәтижесі ретінде

Қоғамдық таңдау теориясы нормаларды "оңтайландыру" әрекетін, яғни нормалардан адамдардың саналы, оңтайлы таңдауларының нәтижесін көрсетеді. Нәтижесінде, оңтайлы таңдау моделі мен нормалардың ізінен жүру арасындағы қайшылықтар жойылады. Қоғамдық таңдау теориясы, саяси таңдау нәтижелерін көрсетеді. Нәтижесінде, оңтайлы таңдау моделі мен нормалардың ізінен жүру арасындағы қайшылықтар жойылады. Қоғамдық таңдау теориясы, саяси таңдау нәтижелерін көрсететін және құқықта тіркелетін заңдық нормаларды зерделейді. Заңдық нормаларды түсіндіру үшін оңтайлы таңдаудың неоклассикалық моделі қолданылады... "саясат - өте күрделі институционалдық процесс, оның негізінде адамдар әртүрлі бағаларды таңдайды, оларды өздерінің құндылықтарымен салыстырады, өздерінің басымдылықтарын басшылыққа алып, нарықта олар тауарды қалай таңдайды."

Басқаша айтқанда, нормалар мен ережелер индивидтердің саяси нарықта өзара әрекетінің нәтижесінде туындайды. Осыдан норманы бағалаудың келесі критериі - оның тиімділігі (эфективность). Нормалар индивидуалистік құндылықтарға негізделгенде ғана тиімді және жеке мүдделерді өзара тиімді іске асыруға жағдай жасайды.

Индивитердің нормалардың әрқайсына артықшылықтар беру дәрежесі келесі матрица түрінде берілген, бұнда I - өте артықшылықты норма, 3 – артықшылығы аз норма.




А

Б

В

I


1

3

2

II


2

1

3

III


3

2

1
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒалау және бизнес» кафедрасы
«050908 Бағалау» мамандықтарына Мемлекеттік Білім Стандарттарына сәйкес және Білім және Ғылым Министрлігі жанындағы 06. 06. 2006...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
«Бағалау және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Бұл бағдарлама «Маркетинг» пәнін оқитын экономикалық мамандықтардың студенттері үшін бастапқы бастауышы болып табылады
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
СОӨЖ және сож тапсырмалар жүйесінің мақсаты, білімді жетілдіру және нақты талдау жасау, тариха және қазіргі кездегі жағдайларды,...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы, аға оқытушы, «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
«Жерді бағалау және жер кадастры» оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен пәннің талаптарына сәйкес құрастырылған және пәнді оқып білуге...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница