Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия»




Скачать 100.29 Kb.
НазваниеОқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия»
Дата конвертации30.05.2013
Размер100.29 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМУ 4/3--07/01

ПП КГМУ 4/01

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы


Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері.
Пән: «Философия»
Мамандығы: «5В110100-Мейірбике ісі»
Курс: 2
Құрастырушы Нұрмаханова Н.Ж.

Қарағанды-2011 ж

Кафедраның мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Хаттама № « » 2011ж.
Кафедра меңгерушісі: О.К.Никитина


  • Тақырыбы «Антикалық философия және оның негізгі мәселелері»




  • Мақсаты: Философия тарихында әрбір кезеңде өзекті болып саналған мәселелер түрлі болып келген. Антика философиясы аясында алғаш рет негізгі философиялық сұрақтар жүйелі түрде қойылып, қарастырылған. Бұл сабақтың мақсаты Антика кезеңіндегі негізгі философиялық ізденістерді талқылау барысында, топқа бөлінген студенттермен айқындау болып табылады.




  • Оқыту мақсаты: Философия қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде философиялық мәселелер аумағы мен материалды меңгеру ауқымы ежелгі философиядағы «негізгі» және «өтпелі» мәселелерін айқындауға мүмкіндік береді. Студенттердің назарын негізгі ұғымдарға сипаттама беруге назар аудартады. Ең басты ойды, белгілі бір ілімнің негізгі мазмұнынанықтауға деген іскерлік пен дағдылық студенттердің өздігінен дербес дайындық жүргізу процесі кезіңде ең басты мәселесін құрайды.




  • Өткізу түрі: TBL, «дөңгелек үстел», дискуссия.

Топ студенттері 2-3 студенттен бірнеше топқа бөлініп жұмыс істейді. Әрбір топ Антика философиясындағы бір мектеп ілімін талдайды. Әрбір топ өздері қорғайтын мектеп философиясының өкілдері туралы және олардың танымал идеялары туралы мәліметтерді дайындауы тиіс. Сабақ барысында қосымша деректер беріліп, әрбір топ дискуссия барысында өздері қорғайтын бағыттың философиялық сұрағын негізгі сұрақ ретінде ұсына білулері қажет.


  • Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Антика философиясының ерекшелігі неде және оның негізгі мәселелері қандай?

2. «Сократқа дейінгілер» дегеніміз кімдер? Олардың философиялық ізденістері қандай мәселелерге құралған?

3. Философиядағы «адам меселесіне» бетбұрыс жасаған кім: софисттер ме әлде Сократ па?

4. Платон ілімінің қандай идеялары күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ?

5.Платон Аристотель ілімін не үшін сынады?


  • Таратылатын материал: әдістемелік нұсқаулар, тақырып бойынша деректер, кесте, тақырыпты бекіту үшін арналған тесттік тапсырмалар (қосымшаны қараңыз).




  • Әдебиеттер

Негізгі:

    1. Асмус Ф.Ф. «Античная философия» -М., «Высшая школа», 1976.

    2. Әбжанов Т.И., Нысанбаев А.Н. «Қысқаша философия тарихы», -А., 1999.

    3. Әбішев Қ.Ә. «Философия» оқулық -А., 2001.

    4. Введение в философию: учебник для ВУЗ-ов в 2-х ч-х. Ч-1. / Под общ. ред. И.Т.Фролова. –М., «Политиздат», 1991.

    5. Мамардашвили М.К. «Лекции по античной философии», -М., 1998.


Қосымша:

  1. Әбішев Қ. «Философия» Алматы-2001

  2. Бегалинова К.К.,Альжанова І.К. «Философия » Алматы-2003

  3. Кішібеков Д.К. ,Сыдыков Ұ. «Философия » Алматы-1994

  4. Кішібеков Д.К. «Философия » Алматы-1991

  5. Мардашвили К.К. «Как я понимаю философию» М- 1990

  6. Спиркин А.Г. «Философия»

  7. Кохановский Л.В. учебник для Вузов Ростов н-Д:Феникс 1998

8.Ж.Алтай,А.Қасабек,Қ.Мұхамбетәлі «Философия тарихы» Алматы 1999.


  • Студенттерге дайындық үшін қосымша деректер:


Қосымша1:

Философия тарихы адам баласының, бүкіл адамзат тарихының өзіндік санасы. Антикалық философия өзінің көптеген мектептерімен, бағыттарымен ерекшеленеді. Грек даналығы адамның дүние танымында ерекше орын алады. Дүниенің «алғашқы бастамасын» іздеу жолындағы танымдық іс-әрекетте көптеген философиялық «алғыр ойлар» қалыптасты. Олар: дүниенің бірлігі /біртұтастық/, материалдылығы, дүниенің шетсіз-шексіздігі, атомизм т.б. Бұл идеялардың эвристикалық маңызы бүгінгі философияда және ғылымда өте зор. Антикалық философияның космо-центрлық сипаты табиғат пен адам бірлігінің айғағы және дүниенің біртұтастығында.

Көне грек философиясы халықтың тарихи- әлеуметтік , экономикалық өмірмен тығыз байланысты бола отырып, демократиялық құлдық қоғамның дамуын сипаттайды. Бұл қоғам сол кездегі философияның әдебиет пен мәдениеттің кеңінен өркендеуіне жол ашты. Ғылымның алғашқы көздері пайда бола бастады. Грек философиясындағы жаратылыстану /фюзис/ саласы натурфилософияның /табиғат философиясы/ ерекшелігін айқындайды. Табиғаттың заттары мен құбылыстарына таңданудан, оны танудан шыққан философиялық ойлар антикалық дәуірдің ұлы тұлғасы Аристотельдің жүйелеулік әрекетінің негізінде біртұтас философиялық тарихи кезең болып қалыптасты.

Антикалық философияда жаңа бетбұрыс Платон, Сократ, Аристотельдің философиялық көзқарастарымен, даналығымен байланысты. Жалпы антикалық философиялық ойлардың ерекшелігі туралы бірнеше концепциялары бар: мифологиялық; гносеогендік; социоморфтық.

Қосымша 2:

Антикалық философияның сипатты белгілері мен өзіне тән ерекшеліктері:

1. бұл философияның гүлденуінің материалдық негізі полистердегі экономиканың дамуы (сауда – саттық, қолөнердің, қалалық орталықтар);

2. көне грек философиясы материалдық өндірістен алшақтағасын философтар өзбетінше қоғамның рухани және саяси өмірін басқаруға талапкер топқа айналады.

3. бастапқы кезеңдерде көне грек философиясы мифология мен тығыз байланыста болды;

4. көне грек философиялық ортаңғы мәселесі Ғарыш бәрі ортасы Космоцентризм (Ғарыш алдындағы үрей және оған табыну), материалдық дүниенің пайда болуы, қоршаған орта жолдағы құбылыстарға деген қызығушылық , және түсіндіру;

5. кейінгі кезендердегі космоцентризм мен антропоцентризм араласуы;

6. құдайлардың өмір сүретіндігіне деген сенім;

7. көнегрек құдайлары табиғаттың құрамдас бөлімі және адамдарға жақын болады;

8. адам табиғаттан бөлінген жоқ, оның құрамдас бөлімі болды.
Қосымша 3:

Антикалық мәдениет деп көне грек және рим мәдениетін айтады. Антика сөзін латын тілінен қазақшаға аударғанда «ежелгі» деген мағына береді, басқа батыс елдері мәдениетінен айырып қарау үшін, грек, рим мәдениетін олармен қатар қоймау және оның батыс мәдениетінің қалыптасуындағы рөлін айқындау үшін атаған. Ф. Энгелс «Грек, рим мәдениеті қалаған іргетасынсыз, Еуропаның болуы да мүмкін емес еді» деп жазған болатын. Әрине, грек, рим мәдениетінің құрамында грек, рим философиясы да бар. Өйткені қайсыбір елдің болмасын мәдениетінің қандай деңгейде екендігін білгіміз келсе, сол елдің, халықтық философиясына үңілеміз. К. Маркстің дәл тауып айтқан сөзімен айтатын болсақ, «философия – мәдениеттің тірі жаны» болып табылады. Философия әрқашанда болмыс пен, білімнің түпкі негізін, мәдениеттің негізгі жағдайларын сөз етіп, бұл ретте ойлаудың бар мүмкіндіктерін іске асыруға тырысып отыратын сияқты.

Б.э.д. VII- VI ғасырларда эллада полистерінде (қала - мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай – заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап – мүделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болады. Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттің тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келеді. Азаматтардың қоғамда алатын орны шығу тегі байланысты болмай, олардың мүмкіндік жағдайларымен байланыстырылды. Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар, қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап – мүдделеріне сай саяси - әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп, соқты. Ескеретін жай көне грек философиясы материалдық өндіріс процесінен тысқары болды, ал философтар өзбетінше физикалық еңбекке тартылмаған қоғамды рухани және саяси басқаруға талаптанған өзбетінше топқа айналды.

Антикалық философияның даму кезеңдері. Сократқа дейінгі кезең (б.э.д.VII–VI ғғ) – «Сократқа дейінгі» - философтар қызметімен байланысты: Милет мектебі, Гераклит, пифогоршылдар, элея мектебі, атомистер. Сократқа дейінгілердің негізгі айналысқан мәселелері – бұл табиғат , ғарыш, барлық тіршіліктің бастамасын іздеу.

1) Эпикур (б.д.д. 341-270жж.)- көне грек философы Афинада б.д.д. 306 жылы «Эпикур Бағы » деп аталған философиялық мектептің негізін қалады, эпикур Демокриттің атоистік ілімін қабыл алды. 2)Ізбасары Тит Лукреций Кар (Ежелгі Рим)1)Индивидтің бағытты өмірге қол жеткізуінің қажеттігі мен мүмкіндігі туралы идеяны негіздеу және дамыту: құдай және өлім алдындағы қорқыныш сезімінен айырылу; (мен бар жерде өлім жоқ, ал өлім келгенде мен жоқ боламын) өз түйсігін басқара білуді үйрену. Ләззаттің, рахаттың жоғарғы формасы – атараксия. 2) «Заттар табиғаты туралы» (б.д.д. I ғ.) дастанында мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа шығарады. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Оның пікірі бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір – бірімен қосылып, аспан денелерін, жерді, тірі заттардың, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге өлетін жанның өмір сүретінін теріске шығарады

. Стоицизм көне (Зенон, Кеманф, Архесипп); ортаңғы (Посидония, Панэредий); кейінгі (кештеу) (Эпиктет, Сенека, Марк Аврелия) Логика (тамыр), физика (ағаш) және этика (жеміс) ғылымдарының мәселелерін зерттедіБарлық тіршілік ететіндер – алдын – ала анықталған: барлық оқиғалар табиғаттағы және қоғамдағы қатаң заңдылыққа бағынады, ол қайталанбас қажеттілік ретінде болады. Стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, ол арқылы адамды түсінуге ұмтылды. Өйткені табиғат көркем түрде жаратылған. Ендеше адам да ешбір бүлінбей , идеалды түрде шебердің қолынан шыққандай, өзінің мәнін айқара ашып, күнделікті күйбең өмірдің лас жағынан тазаланып шығуы керек. Сондықтан ол ешбір қайғыны, ауыр азапты басынан кешірмей, тыныш, жайбарақат өмір сүруге тиістіСкептицизм (Скептикттер): Элидадан шыққан Пирон (б.д.д. 365-275жж.)Секст Эмпирик (б.д.д. 200-250жж.)Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») ағымыда адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл философияның негізг адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау. Скептиктер көне дәуірдегі диалектика мен софистиканы ұштастырады. Әлемдегі бар ұнамды , оң құбылыстарға талдау жасай отырып, скептик тек қана қарама – қайшы пікірлер арқылы емес, оларды шындық немесе шындық емес – исостения , екендігіне толық теңдік қатынас ретінде, адамға феноменнің өзі заттар құбылыс екендігін алғаш рет тауып ашып көрсетті. Скептиктің өмірлік бағдары – игілікті ақыл – ой, есті мағынаға әдеттену .
Қосымша 4:


кезеңдері

басты философиялық сұрақ

натурфилософия

материалдық субстанция (Фалес, Гераклит, т.б.)

атомдар+бос кеңістік (Демокрит, Левкипп)

сандар (Пифагор)

интеллектуализм

идеялар (Сокра, әсіресе Платон)

форма (Аристотель)

эллиндік философия

адамның өзіндік жетілуі (киниктер)

адамның ләззат алуы мен бақыты (эпикуршілдер)

адам және оның тағдыры (стоиктер)

үнсіздік (скептиктер)

неоплатонизм

Иерархия: Бірлік - Жақсылық - Әлемдік Ақыл

- Әлемдік Жан - Материя

Тақырыпты бекіту үшін студенттерге арналған тесттік тапсырмалар:
1. “Өзіңді өзің таны” деген философиялық ұғымның авторы кім?

A) Сократ

C) Платон
D) Гераклит

E) Парменид

B) Фалес
2. Қай философ “Идеалды мемлекет” ұғымының авторы?

A) Демокрит

B) Гераклит

C) Сократ
D) Платон

E) Аристотель
3. “Материя” жєне “форма” жөніндегі философиялық ілімінің авторы кім?

A) Демокрит

B) Сократ

C) Гераклит
D) Аристотель

E) Платон

4. Антика философиясыныњ ішінде дүниенің негізі от деген кім?

A) Пифагор

B) Аниксимандр

C) Гераклит

D) Зенон

E) Демокрит
5. Фалес үшін алғашқы бастама не?

A) Су

B) От

C) Апейрон

D) Ауа

E) Жер
6. Мына пікірлердің қайсысын Пифагор негіздеген:

A) барлық заттар - сан

B) бір өзенге кіруіміз де кірмеуіміз де мүмкін, өмір сүруіміз де өмір сүрмеуіміз де мүмкін

C) барлығы судан басталады

D) барлық заттар атомдардан тұрады

E) барлықтың бастамасы “апейрон”
7. Гераклит тұжырымы:

A) болмыстың өзгермейтіндігі

B) барлық тіршіліктің жаппай өзгерісі жєне қарама-қайшылықтығы

C) барлық тіршілік негізін құрайтын төрт элемент: су,от,ауа жєне жер

D) жанның мәңгілігі және көшпелілігі туралы

E) атомдардың барлық зат бастамасы негізі жөнінде
8. Антикалық философияның өкілі:

A) Фалес

B) Маркс

C) Фихте

D) Декарт

E) Шеллинг
9. Аристотель адамды қалай анықтады?

A) қауырсынсыз екі аяқты

B) ауру жануар

C) саяси жануар
D) әлеуметтік жан

E) құдайдың көрінісі
10. Субъективті диалектика идеясын дамытуда апорийлермен тұжырымдаған философтың аты кім?

A) Пифагор

B) Анаксимандр

C) Сократ
D) Зенон

E) Демокрит

Сабақ қорытындысы:
Сабақтың соңында пікір-талас нәтижесінде талданған ойларды біріктіре отырып, әрбір топ студенттері оқытушымен бірге Антика философиясының негізгі философиялық мәселелерін жүйелейді.

Похожие:

Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау с Тақырыбы
Тақырыбы: «Экономикалық – саяси мақсаттылық пен адам өмір сүруі мағынасының арақатынасы»
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау статистикалық көрсеткіштерді есептеу. Деректерді графика түрінде кескіндеу
ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚАУ
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Антикалық философия және оның негізгі мәселелері. Пән: «Философия» iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау «Ежелгі Грекия және Ежелгі Римде медицинаның дамуы»
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница