Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
страница4/8
Дата конвертации30.05.2013
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8


1. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің civilis сөзі) бастапқы кезде азаматтық деген мағынаны білдірген.

Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп есептеген басқа халықтар мен мемлекеттерден өздерін бөліп көрсету мақсатында қолданған. Яғни “өркениет” ұғымы олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдірген.

Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналары әр кезде әр түрлі тұжырымдалған:

  1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор)

  2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антикоды (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).

  3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл)

  4. Өркениет тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи мәдени саты (А. Морган)

  5. Өркениет этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я.Данилевский т.б.)

  6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық, қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.


2. Бұл екі ұғым бір-біріне өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениет – адам

баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылысы. Оның екі түрі бар: бірі материалдық жасанды дүние, екіншісі рухани дүние. Біріншісіне үй, өндіріс, киім-кешек т.б., екіншісіне – қисса, ертек, өлең-жыр, діни, ғылыми ұғымдар т.б. жатады.

Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемде алғанда – алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, Үнді өркениеті, Вавилон өркениеті т.б.

Айталық, тағылық құрылымға қарағанда құлдық қоғам көп ілгері дамығандық. Мұнда таптар бар, мемлекет пайда болған, жазу қолданылған, тәртіп орнатылған. Сондықтан, мұны адамның тағылықтан өркениеттілікке көшуі дейді. Бірақ бұл даму шегі емес. Қоғам одан әрі дами береді. Бұл өркениеттен келесі өркениет жоғары бола бермек: шикі етті жұлып жегеннен гөрі, оны кесіп, пісіріп жеген артық. Сонда өркениеттілік деген не? Біздіңше, егер мәдениет дамудың көбінесе объективті жағын көрсетсе, былайша айтқанда, менің ақыл-ойыммен, қолыммен жасалған, бірақ менен тыс тұрған не материалдық, не рухани құбылыс болса, өркениеттілік сол объектінің маған тиімділігі, игілігі. Мәселен, қарапайым арба да, қазіргі жеңіл машина да, өнер білім де мәдениет жетістіктерді, ал енді сол арбаны да, жеңіл машинаны да, өнер-білімді де пайдалану маған жасалған жеңілдік, игілік. Мәселен, жұмыс істеу, сөйлей білу, жүріп-тұрудың да мәдениеті бар. Ал енді сол мәдениетті игеру өркениеттілікке жатады. Олай болса, өркениеттілік мәдени табыстардың адам игілігіне жараталуы. Нақтырақ айтсақ мәдениетті игеру, бойға сіңіру, қоғам мақсатына жұмсау – міне, өркениеттілік дегеніміз осы.

Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еткізу жатады. Өркениеттілік ең алдымен прогеске, заңдылыққа, ізгілікке, әділеттікке байланысты әрекет. Біздің демократиялық, құқықтық, ізгілікті ел болуға ұмтылуымыз да сондықтан.


Бақылау сұрақтары:

1. Өркениет ұғымы және оның мәні

2.“Мәдениет” және “өркениет” ұғымдары, олардың арақатынасы.

3.Өркениет мәдениет дамуының баспалдығы, деңгейі ретінде

4. «Дүние жүзі өркениеті тарихы» пәні және оның зерттеу пәні мен мақсаттары.

5.Мәдени-тарихи даму процесті формациялық және өркениеттілік тұрғыдан зерттеу.

6.Өркениеттер тоғысы:дүниені қабылдау мен өмір салтының шығыстық және батыстық типтері.

7.Өркениеттің мәдени-тарихи типтері.


1-апта 4,0 балл

№2. Сабақтың тақырыбы: Өркениет ұғымы және оның мәні

Тест


1. “Өркениет” ұғымының бастапқы этимологиялық мағынасы:

А. Мемлекеттік мүдде.

В. Ақыл-ой негізінде құрылған қоғам.

С. Азаматтық қоғам.

Д. Қалалық.

Е. Мәдениеттік.


2. Мәдениет термині қай тілден алынған?

А. Араб

В. Парсы.

С. Қытай.

Д. Қазақ..

Е. Үнді.


3. “Культура” термині қай тілден алынған?

А. Грек.

В. Латын.

С. Орыс.

Д. Араб.

Е. Ағылшын.


4. Еуропалық дәстүрде мәдениетке қарсы қойылған ұғым:

А. Өркениет

В. Тағылық.

С. Варварлық.

Д. Натура..

Е. Надандық.


5. “Мәдениет” ұғымының құрамына енбейтін белгі:

А. Жұлдызды аспан.

В. Дін.

С. Өнер.

Д. Әдеп.

Е. Білім.


6. Менталитет мәдениеттің қай деңгейімен тығыз байланысты?

А. Әлемдік мәдениет

В. Ұлттық мәдениет

С. Субмәдениет

Д. Суперөркениет

Е. Рухани мәдениет


7. Дәстүрлі мәдениетті жан-жақты зерттеген ғалым кім?

А. Э.Фромм

В. М.Мид

С. А.Швейцер

Д. К.Маркс

Е. М.Ганди

8. Гуманистік дәстүрдегі күш көрсетпеу этикасы өкілдерінің бірі:

А. Л.Толстой

В. Гегель

С. Кант

Д. А.Швейцер

Е. А.Сахаров


9. “Мәдениет және этика” еңбегінің авторы кім?

А. Л.Толстой

В. А.Сахаров

С. М.-А.Кинг

Д. А.Швейцер

Е. Кант


10. Мәдениет қандай құрылымдық бөліктерден тұрады?

А. Әдептілік, тәртіп, сұлулық.

В. Дін, білім, өнер, дүниетаным.

С. Материалдық және рухани.

Д. Жазу-сызу, сәулет өнері, салт-дәстүр.

Е. Қалалар, мемлекеттер, халықтар.


11. «Civilis» дегеніміз:

А. Азаматтыќ.

В. Мєдениет.

С. Ќоѓам.

Д. Аќпарат.

Е. Ќала.


12. “Ақпараттық қоғам” терминін кім енгізді?

А. .А.Тоффлер

В. М.Маклюэн.

С. Дж. Масуда.

Д. Дж. Бенигер.

Е. Д.Белл.


13. “Типология” термині қай тілден енген?

А. Грек.

В. Латын.

С. Араб.

Д. Орыс.

Е. Неміс.


14. “Аккультурация” ұғымы нені білдірмейді?

А. Мәдениеттердің өзара ықпал ету процесі.

В. Мәдени сұхбат.

С. Мәдении изоляция, оқшаулықты.

Д. Мәдени қарым-қатынас.

Е. Мәдени диффузия, біріне-бірінің сіңісуі.


15. Қоғамдағы мәдениеттің атқаратын неше қызметі бар?

А. 5.

В. 6.

С. 7.

Д. 4.

Е. 3.


16. ХХ ғ мәдениеттану ғылымы саласының негізгі мектептері нешеу?

А.. 13.

В. 8.

С. 4

Д. 9.

Е. 10.


17. Қайсы ғалым мәдениеттің тұрақталған 13 түріне тоқталды?

А. З.Фрейд.

В. А.Тойнби.

С. Н.Данилевский.

Д. О.Шпенглер.

Е. К.Лоренц.


18. Мәдениетті талдаудың қандай тәсілдері бар?

А.. Семиотикалық.

В. Функционалды-құрылымдық.

С. Тарихи-салыстырмалы, өркениетті-типологиялық

Д. Морфологиялық, құрылымдық, сұхбаттық.

Е. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.


19. Экрандық мәдениет қандай әлеуметтік құбылыс негізінде пайда болды?

А. Ғылыми-техникалық, ақпараттық революция және жаңа экономикалық тәртіп.

В. Ғылыми-техникалық прогресс.

С. Өнеркәсіптік революция.

Д. Әдебиет, өнер және ғылымның өркендеуі.

Е. Бұқаралық ақпарат құралдарының сапалық өзгерістері.


20. Сан-салалы мәдениет.

А. Қосөзен мәдениеті

В. Қытай мәдентеті

С. Египет мәдениеті

Д. Үндістан мәдениеті

Е. Иран мәдениеті


2-апта

№3. Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қауымдық мәдениеті – адамзат өркениетінің бастамасы.

Жоспары:

  1. Алғашқы қауымдық құрылыстың дәүрлері.

  2. Өнердің пайда болуы,оның қабылдау мен бағалаудың ерекшелігі.

  3. Қауым – алғашқы қоғам өмірінің негізі

Діннің алғашқы формалары ( анимизм, магия,


Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы,

адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. жылға жуық уақыт өткендігін айтсақта жеткілікті. Дүние жүзінде жүргізіліліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәірі (палеолит).

Палеолит термині гректің “палайос”-көне “литос”-тас деген сөздерінен

алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5-2,6 млн. жылдай бұрын басталып, б.з.б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді:

Бірінші тас дәурінің ең алғашқы кезеңі-б.з.б. 1-2 млн. жыл мен б.з.б. 140

мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші көне тас дәірінің орта кезеңі б.з.б. 140 мыңыншы жылдан б.з.б. 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі-бұл б.з.б. 40 мыңыншы жылдан-10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды. Алғашқы қауымдық құрылыстың екінші және үшінші кезеңдері-қола ғасыры-б.з.б. екінші және бірінші мыңжылдықтардың басын қамтыса, темір дәуірі шамамен б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасынан басталады. Алғашқы қауымдық құрылыс өнерінің бастапқы кезеңінің басты ерекшелігі-синкретизм (гректің “қосылу” деген сөзінен шыққан) болды. Алғашқы адамдардың өзін қоршаған дүниені танып-білу стихиялық жағдайда өтті және олар табиғат күштерінің алдында өте дәрменсіз болды. Тағылық жағдайында өмір сүрген маймыл тәріздес адамдар-пикантроптар, синантроптар және т.б жануарлар дүниесінен біртіндеп бөлініп шыға бастайды. Сөйтіп олар үшін тіршіліктің жаңа кезеңі басталады. Ертедегі адамдар тобыры бірге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастады. Олар табиғаттың дайын өнімдерін теріп жеп, аңшылықпен айналысты. Бұл кезеңде адам құрғақ ағашты үйкелеу, немесе бұрғылау арқылы от алуды үйренеді және жыртқыш аңдардан қорғана алатындай дәрежеге жетті. Өнердің түрлі салалары бұл тұста қалыптаса қоймаса да, алғашқы адамдар бұл жарық дүниеден өз орнын тауып,өзін орнықтыруға барынша талпыныс жасады. Осындай тарихи сындарлы кезеңде орта тас дәуірінің тұрғындары-неандертальдықтардың адамдық бет-нышандары қалыптаса бастаған болатын. Адамдар бір-бірімен ыммен түсінісу қабілетіне ие болды, көне тас ғасырына қарағанда тас құралдардың сапасы да жақсара бастады. Бұдан байқалатыны адам баласының жетілуі, ойлау санасының дамуы, еңбек процесіне деген қабілетінің біртіндеп өсуі болып табылады. Табиғат құбылыстарымен тікелей байланысы туындаған саналы түбегейлі өзгерістер өмірлік тәжірибеге тікелей байланысты болды. Киім-кешек тігуді үйрену мен үңгірлерді пана ету, мамонт, үңгір аюлары сияқты ірі аңдарды аулау-осы сындарлы кезеңнің басты табиғи жетістіктері болды. Ең бастысы-неандертальдықтар өздерін қоршаған дүние туралы ұғымдарын ыммен ған емес көркем тәсілдермен де білдіруге алғашқы талпыныстар жасады. Палеолит кейін мезолит (орта тас дәуірі) және неолит (жаңа тас ғасыры) дәуірі кезеңдері басталады. Бұл дәуірлер бірнеше мыңдаған жылдарға созылады. Осы орайда алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінің хронологиясын нақты жылмен белгілеп беру мүмкін еместігін, сондықтанда бұл дәірлердің ұзақтығын шамамен алатындығымызды ескерте кеткенді жөн көрдік, өйткені алғашқы адамдарда жазу-сызу болған жоқ, ең алғашқылары тіпті бір-бірімен тілдесе де алмады. Тілдің кейінгі полиалит дәуірінде шығуы ешбір күмән туғызбайды. Тіл шыққанға дейін адамзат баласының ұзақ дәуірі үнсіздік жағдайда өтті. Одан қалғаны бар болғаны-тастармен сүйектер, күл мен жартастардағы түрлі бейнелер ғана.


Бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы қауымдық мәдениеті – адамзат өркениетінің бастамасы.

2.Алғашқы қауымдық құрылыстың дәүрлері.

3.Өнердің пайда болуы,оның қабылдау мен бағалаудың ерекшелігі.

4.Қауым – алғашқы қоғам өмірінің негізі

5.Діннің алғашқы формалары ( анимизм, магия, фетишизм,тотемизм,

6.Алғашқы қауымдық мәдениеті – адамзат өркениетінің бастамасы.

7.Діннің алғашқы формалары (анимизм, магия,фетишизм, то темизм, шаманизм).

8.Алғашқы қауымдық құрылыстың өнері


2-апта Тест Реферат

4,0 балл

№4. Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қауымдық мәдениеті – адамзат өркениетінің бастамасы.


1. Мәдениеттанудағы символистік бағыттың өкілі кім?

А. К.Ясперс.

В. О.Шпенглер.

С. М.Вебер.

Д. А.Тойнби.

Е. Э.Кассирер.


2. Мәдениетті құндылық теориясы тұрғысынан түсіндірген кеңестік ғалым қайсысы?

А.. Э.Маркарян.

В. М.Каган.

С. Н.Чавчавадзе

Д. В.Межуев.

Е. Н.Злобин.


3. Мәдениеттер типологиясының тұйық шеңберлік (циклдік) теориясын ұсынған мәдениеттанушылар:

А. Н.Данилевский, Н.Бердяев.

В. О.Шпенглер, А.Тойнби, К.Ясперс.

С. Д.Вико, Гердер, Гегель.

Д. Ф.Ницше, А.Шопенгауэр, К.Маркс.

Е. Д.Вико, Н.Данилевский, О.Шпенглер, А.Тойнби.


4. “Тарихты игеру” ізденісінің авторы кім?

А. Н.Данилевский.

В. Э.Тайлор.

С. А.Тойнби.

Д. П.Сорокин.

Е. К.Ясперс.


5. “Белдеулік уақыт” ілімін кім дамытты?

А. К.Ясперс.

В. А.Тойнби.

С. Д.Вико.

Д. Н.Бердяев.

Е. О.Шпенглер.


6. Алғашқы өркениеттер К.Ясперстің пікірі бойынша қай жерлерде пайда болды?

А. Египет пен Шумерде.

В. Ежелгі Грекия, Рим.

С. Орта және Орталық Азия.

Д. Ніл, Қосөзен, Инд, Хуанхе аңғарлары.

Е. Үнді мен Қытайда.


7. Еуропадағы ортағасырлық мәдениетте дүниетанымның қай түрі үстем болды?

А. Философия.

В. Өнер.

С. Дін.

Д. Мифология.

Е. Ғылым.


8. “Тарихтың мағынасы мен міндеттері” еңбегінің авторы кім?

А. Л.Гумилев.

В. О.Шпенглер.

С. М.Бахтин.

Д. А.Тойнби.

Е. К.Ясперс.


9. “Еуропаның ақыры” еңбегінің авторы кім?

А. А.Тойнби.

В. К.Ясперс.

С. О.Шпенглер.

Д. Н.Данилевский.

Е. К.Маркс.


10. “Алғашқы қауымдық мәдениет” еңбегінің авторы кім?

А. А.Тойнби.

В. Э.Тайлор.

С. Н.Данилевский.

Д. П.Сорокин.

Е. К.Ясперс.


11. О.Шпенглер неше тарихи-мәдени типтерді санап өтеді?

А. 13.

В. 21.

С. 8.

Д. 10.

Е. 9.


12. ХХ ғ жазу мәдениетінен қай мәдениетке ауысу болды?

А. Кітап.

В. Бұқаралық.

С. Ауызша.

Д.Экрандық.

Е.Теледидарлық.


13. Грек тіліндегі “этнос” сөзі нені білдіреді?

А. Ел.

В. Жұрт.

С. Халық.

Д. Ұлт.

Е. Мемлекет.

14. Мәдени сұхбат идеясына жатпайтын терминді көрсет.

А. Мәдени байланыс.

В. Мәдени плюрализм.

С. Европоцентризм.

Д. Мәдени қарым-қатынас.

Е. Мәдени мозаика.


15. Мәдениеттің функционалдық теориясының авторы кім?

А. З.Фрейд.

В. А.Тойнби.

С. Н.Данилевский.

Д. К.Маркс.

Е. Б.Малиновский.

16. И.Хейзинга мәдениеттің пайда болуын немен байланыстырады?

А. Ойынмен.

В. Сұхбатпен.

С. Еңбекпен.

Д. Дінмен.

Е. Құмарлықпен.


17. Мәдениетті этикамен тығыз байланыстыра қарастырған кім?

А. Ортега-и-Гассет.

В. М.Бахтин.

С. А.Швейцер.

Д. Н.Бердяев.

Е. М.Фуко.


18. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс неше дәуірге бөлінді.

А. 2.

В. 3.

С. 4.

Д. 5.

Е. 6.


19. Сиқыршылықпен байланысты діннің ең көне түрі.

А. Нигилизм

В. Тотемизм

С. Фетишизм

Д. Шаманизм

Е. Зорастризм


20. Рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім.

А. Анемизм

В. Тотемизм

С. Фетишизм

Д. Шаманизм

Е. Зорастризм


Реферат

1. Алғашқы қауымдық мәдениеті – адамзат өркениетінің бастамасы.

2.Алғашқы қауымдық құрылыстың дәүрлері.

3.Өнердің пайда болуы,оның қабылдау мен бағалаудың ерекшелігі.

4.Қауым – алғашқы қоғам өмірінің негізі

5.Діннің алғашқы формалары ( анимизм, магия, фетишизм,тотемизм,

6.Алғашқы қауымдық мәдениеті – адамзат өркениетінің бастамасы.

7.Діннің алғашқы формалары (анимизм, магия,фетишизм, то темизм, шаманизм).

8.Алғашқы қауымдық құрылыстың өнері


3-апта

№5. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Мысыр өркениеті.

Жоспары:

1.Ежелгі Мысыр тарихының дәстүрлері.

2.Ежелгі Египет перғауындарын құдай тұтыну.Діндері мен нанымдары.

3.Ежелгі Египеттің жазбасы, әдебиеті, мифологиясы.

4.Ежелгі Египеттің архитектурасы, өнері


1.Египет мемлекеті Африканың солтүстік –шығысында пайда болды. Оның негізгі бөлігі Ніл аңғарының бір інші шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейін альп жатќан

жерлер болды, бұған ќоса шығысында (Ніл мен Ќызыл теңіз аралығы) Аравия таулы өлкесі, батысында Ливия үстіртінің біраз бөлігі де ќарады.

Египеттіктердің өздері ”Ќызыл жерге”, яғни шөл далаға ќарағанда бұл жердің топырағының ќұнарлығын көрсетпек ниетпен өз елін “Ќара жер” деп атаған. “Египет”

Деген атау оның ежелгі астанасы-Хэкау-Птахты, яғни “Птах (ќұдайдың)рухының ќорғанын”-Мемфисті –гректердің бұрмалап, поэтикалыќ әсерлеп айтуынан алынған.

Египеттің Ќосөзеннен айырмасы-мұнда халыќ ежелгі тас ғасыры (полеолит) кезінде-аќ мекендеген. Біраќ ол кездегі тұрғындар негізінен Нілдің батпаќты аңғарлары ќоршап тұрған үстіртті жерді мекендеген аң аулап кезіп жүрген тайпалар еді. Олар ұлы өзеннің жағалауына анда-санда бір түсетін. Ол заманда Европаның едәуір бөлігі мұз басып жатты., ал Жер орта теңізінің солтүстік жағалауында тундра созылып жатты. Сондыќтан да Солтүстік Африканың климаты ќазіргідей ыссы және ќұрғаќ болмауы табиғи ќұбылыс еді. Жаңбыр да жиі жауды.Африканың кең-байтаќ даласын ќалың шөп пен бұта басып жатты. Бұл жерде көптеген жабайы жануарлар, пілдер мен жирафтар да (кейінгі дәуірде бұлар Египетте ұшыраспайды) әр түрлі (түйе ќұс т.б ұсаќтары) ќұстар да өсіп-өнді. Кейінірек, Европаның мұздыќтары бүтіндей ерігенде бұдан шамамен 12-15 мың жыл бұрын Солтүстік Африканың климаты өзгере бастады, бұрынғы көк майса дала біртіндеп шөл далаға айналды.

Алғашќы тұрмыстыќ аңшылар олжа табу алмағандыќтан Ніл аңғарына ойысып, шағын территорияға топталып, шаруашылыќтың прогресті түрі - егіншілік және мал шаруашылығымен айналысты.Нілдің тар аңғары (ені 4-20 км) тек солтүстіктегі шетіне аќындағанда, Жер орта теңізіне ќұяр сағасында ғана тарамдалып (формасы үш бұрыш тәріздес) батпаќты жер атырау ќұрды.Сонымен Египет екі бүйірінен шөл көмкерген үлкен оазиске айналды.


Бақылау ұрақтары:

1.Ежелгі Мысыр өркениеті.

2.Ежелгі Мысыр тарихының дәүрлері.

3.Ежелгі Египет перғауындарын құдай тұтыну.Діндері мен нанымдары.

4.Ежелгі Египеттің жазбасы, әдебиеті, мифологиясы.

5.Ежелгі Египеттің архитектурасы, өнері.

6.Месопотамия өркениеті.

7.Месопотамия тарихын дәүірлеуі.

8. Месопотамияның материалдық мәдениеті.

9.Ғылым мен білімнің даму.

10.Месопотаміяның діндері мен өнері


3-апта Тест

4,0 балл

№6. Сабақтың тақырыбы: Месопотамия өркениеті.


1. Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап тапқан халық

А. Араб

В. Египет

С. Шумер

Д. Қытай

Е. Тибет


2. Ноль белгісімен санаудың ондық жүйесін ойлап тапқан қай елдің ғалымдары

А. Қытай

В. Үнді

С. Тибет

Д. Араб

Е. Иран


3. “Гильгамеш туралы ән” қай өркениетке жатады?

А.. Үнді.

В. Египет.

С. Шумер

Д. Қытай.

Е. Скиф-сақ.


4. Рабиндранат Тагор қай халықтың атақты жазушысы?

А. Үнді

В. Иран

С. Араб

Д. Италия

Е. Француз


5. Шумерліктердің байырғы отаны:

А. Қытай

В . Еуразия құрлығы

С. Үндістан

Д. Қос өзен

Е. Тибет


6. «Авеста» қай діннің қасиетті кітабы?

А. Анилизм

В. Зороастризм

С. Шаман

Д. Төтемизм

Е. Фетемизм


7. Тотемизм мен сиқырлаудың классикалық елі:

А. Австралия

В. Тибет

С. Үндістан

Д. Иран

Е. Қос өзен


8. Месопотамияның үйінділері қай жерде кездеседі?

А. Францияда

В. Данияда

С. Испанияда

Д. Иранда

Е. Үндістанда.


9. Алғаш рет шеңберді 360 градусқа,сағатты 60 минутқа, ал минутты секундқа бөлген:

А. Арабтар

В. Египеттіктер

С. Шуммерліктер

Д. Қытайлар

Е. Тибеттер


10 Иран өркениетінің тірегі

А. Зороастризм

В. Шаманизм

С. Анимизм

Д. Фетишизм

Е. Тотемизм


11. О.Шпенглер типологиясына қай мәдениет кірмейді?

А. Қытай.

Б. Үнді.

С. Қазақ.

Д. Египет.

Е. Араб.


4-апта

№7. Сабақтың тақырыбы: Үнді өркениеті.

Жоспары:

1. Үнді өркениетінің дәүрлері.

2. Индиядағы эпостық жырлар және олардың әлемдік мәдениеттегі маңызы.

3.Индияның діндері - ведизм, брахманізм, буддизм, индуизм, джайнізм, сикхизм

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі- Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойы мәдени дәстүрлері оның таланты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі-Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз-діни сарындағы дұғалардың құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гиміндерді “Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері” деп өте жоғары бағалаған болатын. “Жаратушы әні” гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: “Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды.” Шамамен б.з.б 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені. Упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы-упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман-абсолбтті шындық, абсалютті руханілылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларда ескере отырып- жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты. Б.з.б VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты-Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бұл қасиетті ананың қадыр-қасиетін арттыра түсті Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы-Махавира (Вардамана) болады

Бақылау сұрақтары:


1.Үнді өркениеті.

2. Үнді өркениетінің дәүрлері.

3. Индиядағы эпостық жырлар және олардың әлемдік мәдениеттегі маңызы.

4.Индияның діндері - ведизм,

5.Брахманизм,

6.Буддизм,

7.Индуизм,

8.Джайнізм,

9.Сикхизм


4-апта Тест

4,0 балл

№8. Сабақтың тақырыбы:Ежелгі Қытай өркениеті.


1.Қытай тіліндегі “тянь” ұғымы нені білдіреді?

А. Мәдениет.

В. Қоғам.

С. Аспан.

Д. Тәртіп.

Е. Елбасы.


2. Инь және ян ұғымдары нені білдіреді?

А. Ғарыштық үйлесімділікті.

В.Әйелдік және еркектік бастаманы.

С. Табиғи циклдерді.

Д.Тәрбиелік принципін.

Е. Буддизм ұғымдарын.


3 Чжоу дәуірінен бастап қытайлардың басты құдайы

А. Аспан

В. Жер

С. Тау

Д. Жел

Е. Ориан


4. Адамның өз бақытын байлық-мансаптарын іздеп,баюды мақсат етіп қоюда ешбір қолдамайтын дін.

А. Будда

В. Индуизм

С. Брахманизм

Д. Христиан

Е.Ислам


5. Ламаизм қай елде қалыптасты

А. Қытайда

В. Үндістанда

С. Тибетте

Д. Аравияда

Е. Иранда


6. Дзен-буддизм қай елде қалыптасты

А. Тибетте

В. Үндістанда

С. Қытайда

Д. Аравияда

Е. Иранда


7. Бір-бірінен тәуелсіз бірнеше діни-наным сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым

А. Индуизм

В. Будда

С. Брахманизм

Д. Христиан

Е. Ислам


8. Ежелгі Үнді өркениетінің “архетиптеріне” не жатады?

А. Тәңіршілдік.

В. Ведалық әдебиет, буддизм, Харап өркениеті.

С. Зороастризм.

Д. Буддалық дін, егіншілік, табиғатты қастерлеу.

Е. Иудаизм.


9. Конфуций тіліндегі орталық ұғым:

А. Қасірет.

В. Бақыт.

С. Рәсім (ритуал(.

Д. Ләззат.

Е. Пайда.


10. И.Хейзинга мәдениеттің пайда болуын немен байланыстырады?

А. Ойынмен.

В. Сұхбатпен.

С. Еңбекпен.

Д. Дінмен.

Е. Құмарлықпен


11. Маркстің адам мен мәдениет генезисі концепсиянсының негізінде не жатыр?

А. Рефлекция.

В. Еңбек.

С. Пассионарлық.

Д. Ойын.

Е. Инстинкт.


5-апта

№9. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Грекия өркениеті.

Жоспары:

1.Ежелгі грек мәдениетінің мифологиясы мен космоцентризмі.

2.Ежелгі грек әдебиеті.

3.Ежелгі Грекияда ғылымның дамуы.


Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. “Антик-(көне, ежелгі)” деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп төркіні “ежелгі”, “көне”, “қадым заман” мағынасын беретін “антиквус”деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемдік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары-көне заман тарихы ұғымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақта, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді. Өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт береді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ойынан танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси әлеуметтік өмірдің барлық салаларында-поэзияда, саясатта, ғылымда құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері, Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот,Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылармен есімімен тығыз байланысты болды.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. III-II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эней теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. “Эгей” өркениеті мәдениетін міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениеттің қайнар бұлағы болды, ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д II-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит-ұлы жебеуші, найзағай тәңрі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, Асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған.


Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі Грекия өркениеті.

2.Антика туралы ұғым.

3.Ежелгі грек мәдениетінің сипаты мен даму кезеңдері Ежелгі Қытай өркениеті.

4.Ежелгі Қытай мәдениеті және оның қазіргі өркениетіндегі алатын орны.

5.Конфуцийлік, даосизм ұғымдары Ежелгі Грекия өркениеті.

6.Ежелгі грек мәдениетінің мифологиясы мен космоцентризмі.

7.Ежелгі грек әдебиеті.


5-апта Тест. Реферат

4,0 балл

№10. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Грекия өркениеті.


1. “Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихы кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді”–– деген кім?

А. Г.В. Драч

В. В. Иегер

С. Г. Е. Жураковский

Д. Толанд

Е. Вольтер


2.Грекияда негізінен мәдениеттің қандай түрі кең тараған?

А . Гуманистік

В. Педагогикалық

С. Психологиялық

Д. Аристократиялық (ақсүйектік)

Е. Жаңашылдық


3. Грекияда ақсүйектік қасиеттерімен қатар тағы қандай қасиеттерге ерекше көңіл бөлінді?

А. Мәдени

В. .Эстетикалық

С.Этикалық

Д. Гуманистік

Е.Адамзаттық


4. Грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер қалай атады?

А. Адамзаттық табыстар

В.Мәдени табыстар

С. Даналық табыстар нала (заңдар)

Д.Өркениеттілік табыстар

Е.Білім жолы


5. Грек мәдениетіндегі алғашқы қауымдық қарым-қатынастардың толық ыдыраған кезеңі қайсы?

А. Гомерлік.

В .Классикалық.

С. Архаикалық.

Д. Ахейлік.

Е. Элладалық.


6. Көнегрек ақындарының қайсысы трагедияның атасы болып есетеледі?

А. Софокл.

В. Эсхил.

С. Еврипипд.

Д. Аристофон.

Е. Менандр.


7. Көнегрек тіліндегі “этос” ұғымының этимологиялық мәні нені білдіреіді?

А. Рәсім.

В. Әдет-ғұрып.

С. Дәстүр.

Д. Адамгершілік.

Е. Мекен, ұя, үңгір.


8. Көнегрек этникасыдағы гедонизмнің негізгі ұғымы:

А. Қасірет.

В. Бақыт.

С. Мейірімділік.

Д. Ләззат.

Е. Пайда.


9. Көне грек тіліндегі “пайдея” ұғымы нені білдіреді?

А. Жер өңдеу.

В. Өсіру.

С. Тәрбиелеу, баулу.

Д. Шешендік өнері.

Е. Ғылым-білім.

10.Грек пайдейясының идеялары қашан бұзыла бастады?

А. Эллинизм дәуінде

В.Ортағасыр дәуірінде

С.Ерте орта ғасырда

Д.Орта орта ғасырда

Е.Кеш орта ғасырда


11. Көнегрек мәдениетінің шарықтау кезеңі қалай аталады?

А. Классикалық.

В. Архаикалық.

С. Гомерлік.

Д. Эллиндік.

Е. Крит-микендік.


12. Көнегрек мәдениетіндегі “агон” нені білдірмейді?

А. Күрес.

В. Жарыс.

С. Бәсеке.

Д. Бейқамдық.

Е. Тайталас.


13. Философия ғылым ретінде қалыптасқан көне грек қаласы:

А. Микены

В. Милет

С. Афины

Д. Спарта

Е. Эфес


14. Грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер қалай атады?

А. Даналық табыстар нала (заңдар)

В. Мәдени табыстар

С. Адамзаттық табыстар

Д. Өркениеттілік табыстар

Е. Білім жолы


15.. Ежелгі Грекия мәдениетінің үш ұлы трагигі қайсылар?

А. Плутарх, Гомер, Гераклит.

В. Геродот, Вергилий, Тацит.

С. Гомер, Софокл, Еврипид.

Д. Лукреций, Аристотель, Сократ.

Е. Софокл, Эсхил, Еврипид.


Реферат

1.Ежелгі Грекия өркениеті.

2.Антика туралы ұғым.

3.Ежелгі грек мәдениетінің сипаты мен даму кезеңдері Ежелгі Қытай өркениеті.

4.Ежелгі Қытай мәдениеті және оның қазіргі өркениетіндегі алатын орны.

5.Конфуцийлік, даосизм ұғымдары Ежелгі Грекия өркениеті.

6.Ежелгі грек мәдениетінің мифологиясы мен космоцентризмі.

7.Ежелгі грек әдебиеті.


6- апта

№11. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Рим.

Жоспары:

1.Ежелгі Римнің мифологиясы.

2.Рим де ғылым мен білім беруінің даму.Рим құқығы.

3.Өнер саласы – сәулет өнері, сурет салу


Этрустар мәдениеті Апенин түбегіндегі ең көне өркениет болып саналды. Б.з.д. I мың жылдықта Орталық және Солтүстік Италияның жерінде Этрустың мемлекет-қалалар федерациясы құрылды. Этрустардың шыққан тегі мен олардың тіл құпиясы осы уақытқа дейін толық ашылған жоқ. Көптеген ғалымдардың пікірінше, олар Италияға Кіші Азиядан б.з.д IX-XIII ғасырда келген және олардың мәдениеті итальян топырағында гүлдену шегінен жеткен. Этрустар егіншілікті жетік меңгерген. Оған дәлел ретінде олардың жасанды суландыру жүйесіне кеңінен пайдалануы мен батпақты жерлерді құрғатып құнарлы жерге айналдыруын айтсақ та жеткілікті сияқты. Грек аңыздарында этрустардан шыққан ер жүрек теңіз қарақшылары туралы айтылады. Б.з.д. VIII-VI ғ Этрусия ықпалы Жерорта теңізі өңірінің бүкіл батыс жартысына тарады. Этрустар салған жолдар, көпірлер және қазған каналдар құрылыс техникасының жоғары дамығандығын көрсетті. Олар туралы Рим тарихшылары таңырқай жазған.

Б.з.д VI ғ Этрусияның 12 ірі қаласын біріктірген одақ қалыптасты. Бұл федерацияның діни орталығы Вольсини қаласы болды. Б.з.д VI ғасырдан бастап Этрустар өркениетіне Италияның оңтүстігінлегі грек отарлары арқылы эллиндік мәдениеттің ықпалы тие бастады. Олар грек алфавитін пайдаланатын болды, тіпті алтын теңгелерде грек үлгісі бойынша құйылды. Ең бастысы ежелгі Элладаның өнері, дәлірек айтқанда, театр өнері, мүсін өнері және т.б. ерекше әсер етті. Этрустар гректер сияқты 12 құдайға табынды және олардың мифологиялық ұғымдарын қабылдады. Бірақ, олардың діни көзқарастарында, наным-сенімдерінде өзіндік ерекшеліктер де байқалады. Өйткені, этрустардың дінінде табиғат құбылыстарына қарап, құстардың ұшқаны мен құрбандыққа шалынған малдардың ішек-қарны, сүйектері арқылы бал ашу кеңінен тарады. Этрустар құдайлар үштігі-Юпитерді, Юнонаны және Минерваны бас құдайлар деп ерекше бағалап, олардың құрметіне үш храм салғыздырды.

Этрурия мәдениетінің гүлденген кезеңі б.з.д. VII мен V ғ. Бірақ үздіксіз соғыстар мен әлеуметтік қақтығыстардың салдарынан саяси қуатынан айрылған Этрурияның мәдениеті де V ғ басынан бастап құлдырай бастады. Б.з.д. 474 ж Оңтүстік итальян қалаларының біріккен флоты этрустарға күйірете соққы берді, сөйтіп құлиеленушілік Тим біртіндеп бүкіл Этрурияны өз қол астына бағындырып тынды. Саяси дербестіктен айрылған соң Этрус өнерінің өзіне тән ерекшеліктер кеми бастады. Алайда, Этрусия өнері Эллин мәдениетінің ықпалымен біржола жоғалып кеткен жоқ, өз кезегінде бұл ежелгі мәдениет көршілес итальян халықтарына, оның ішінде, әсіресе, римдіктерге орасан зор ықпал жасады.


Бақылау сұрақтары:

1.Ежелгі Рим.

2.Ежелгі Римнің мифологиясы.

3.Рим де ғылым мен білім беруінің даму.

4.Рим құқығы.

5.Өнер саласы – сәулет өнері, сурет салу


6- апта Тест Үй тапсырмасы

5,0 балл

№12. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Рим.


1. Рим мәдениетінің бастауы қайда жатыр?

А. Крит.

В. Вавилон.

С. Египет.

Д. Грек.

Е. Этрусктерде.


2. Римдік шешен кім?

А. Вергилий

В. Овидий.

С. Гораций..

Д. Ювенал.

Е. Цицерон.


3. Рим мәдениетіне қай тайпаның мәдениетінің ықпалы зор болды?

А. Лягурлар.

В. Латиндер.

С. Этрускілер.

Д. Сабиндер.

Е. Самниттер.


4. Римнің үш даңқты ақыны:

А. Овидий, Тацит, Марциал.

В. Плутарх, Гораций, Нерон.

С. Ювенал, Сенека, Тацит.

Д. Гораций, Ливий, Касий.

Е. Вергилий, Гораций, Овидий.


5. Қай ғасырда Венециядан бастап бүкіл Италияны қайта жаңыру мәдениеті қамтыды

А. XIII ғ

В. XIV ғ

С. XIV ғ аяғы мен XV ғ басында

Д. X ғ аяғы мен XVI ғ басында

Е. XVI ғ аяғы мен XVII басында .


6. Атақты испан суретшілерінің қатарында кім ерекше аталады?

А. Гойя

В. Эль Греко

С. Веласкес

Д. Пикассо

Е. Моне


7. Көне Египет мәдениетіндегі басты құдайға кім жатады?

А. Осирис.

В. Митра

С. Ра, Атон

Д. Заратуштра

Е. Дингир


8. Жазбаша мәдениет тұңғыш рет қай өркениетте пайда болды?

А. .Египет.

В. Шумер мен Египетте.

С. Антикалық мәдениетте

Д. Үнді мен Қытайда.

Е. Римде.


9. Шумерлік жазу қалай аталады?

А. Иероглифтік.

В. Сыналық.

С. Алфавиттік.

Д. Пиктограммалық.


10.Е.Петроглифтік. Философия мәселелері деген еңбектің авторы:

А. Д. Вико

В. И. Кант

С. Э. Б. Тайлор

Д. Ф. В. Шиллинг

Е. В. Библер


11.Басты құндылық-адам мен оның ақыл-ойы деген қағида қай кезде жүзеге асты?

А. Классика ғасырында

В. Рационализм ғасырында.

С. Ағартушылық ғасырында.

Д. Қайта жаңғыру дәуірінде.

Е. Реформация дәуірінде.


Үй тапсырмасы:


1.Ежелгі Римнің мифологиясы.

2.Рим де ғылым мен білім беруінің даму.Рим құқығы.

3.Өнер саласы – сәулет өнері, сурет салу


7-апта

№13. Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропа өркениетінің қалыптасу кезеңі. Батыс Еуропа мәдениеті.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің ОҢ Қорытындысын алған министрліктің бағынысты ұйымдарының Ғылыми-қолданбалы...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы кеңейтілген Алқа мәжілісі аясында ректорлар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау және аттестаттау комитеті
Республикасы БжҒм білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеттің заң ғылымы жөніндегі с сараптама кеңесімен 2006...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница