Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы




Скачать 96.76 Kb.
НазваниеӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Дата конвертации30.05.2013
Размер96.76 Kb.
ТипДокументы

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер кафедрасы
«Әлем әдебиеті тарихы » пәнінен 050204 - «Мәдениеттану» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР


Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________

Қ
ұрастырушы: _____________ ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева


Филология, журналистика және өнер кафедрасы


«Әлем әдебиеті тарихы » пәні бойынша 050204 - «Мәдениеттану» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Курс бойынша қамтылатын тақырыптар

1-тақырып. Кіріспе

Мыңжылдықтар бойы дамып келе жатқан әлемдік әдебиеттің көркемдік және тарихи-мәдени қызығушылық туғызатыны еш күмән келтірмейді. Адамзат дамуындағы тарихи және мәдени үрдістердің қарым-қатынасы бірегейлік ретінде қалыптасқан әлемдік мәтіннің өзімен беріледі, ол «әлемдік әдебиет» түсінігімен берілген. Бұл архаикалық және классикалық мифология, әлем халықтарының эпосы, ежелгі шығыс поэзиясы, антик театры, VIII-Ixғғ. гүлденуінің шегіне жеткен латын поэзиясы, әр түрлі еуропалық және шығыс халықтарының арасында кең таралған орта ғасырлардағы халық батырлық эпосы, қызықты рыцарлық роман, Қайта өрлеу кезеңіндегі еуропалық лириканың жетістігін дайындаған рыцарлық лирика. Ренессанстық реалистік новеллистиканың алғышарттары ретінде қалыптасқан қала әдебиетінің жанрлары (фаблио, шванкалар, новеллалар), романтиктер және романның әр түрлі типтері, реализм және постмодернизм әдебиеті - осының бәрі бағдарламада ұсынылған.

«Әлемдік әдебиет тарихы» курсы мәдениеттану бакалаврларының жоспарына еңгізілген. Бұл курс «мәдениеттану» мамандығына қойылатын шарттарға сай бейімделуді талап етеді және өзінің құрылымдық қалыптасуында, әдеби деректер, авторлар персоналияларын таңдауда жаңа әдіснамалық координаталарды бекітеді. Бұл курс тарихи принцип негізінде құрылған, яғни мүмкіндігінше мәдени тарихи хронология сақталады.

Курс шеңберінде беделді әдебиеттанушылар, әдебиет тарихшыларымен қатар, жалпы әлемдік әдебиетке және оның жеке мәселелеріне нұр шашатын мәдениеттанушылардың да негізгі еңбектері оқытылады.

Автор шетелдік Шығыс пен Батыстың әдебиеттерін кеңірек қамтитын тақырыптарға көбірек зейін қойып және оларды бағдарламаға еңгізуді қисынды санады, себебі қазақ және орыс әдебиеттері мектеп бағдарламасында жақсы берілген. Сондай- ақ мәдениеттанушы студенттерге қазақ әдебиетінің тарихы толық көлемде жеке курс ретінде оқытылатыны ескеріледі.

Ұсынылатын әдебиет: [2],3-30 бет, [3], 3-50 беттер. [27], 3-100-беттер

2-тақырып. Әлем халықтарының мифтері мен эпосы және ежелгі шығыс және антика әдебиеті

Әлем халықтары мифтері мен эпосының типологиялық бейнесі. Әдебиет түсінігі, мазмұны. Миф және ритуал мәдениеттің архетиптері ретінде. Миф теориясы және оның өкілдері. Әлем халықтары мифтерінің типологиялық бейнесі.

Эпос ауызша поэтикалық жанр ретінде. Эпостың әдеби формалары. Эпос типологиясы. Ауызша поэтикалық шығармашылық ескерткіштері. Ауызша дәстүрдің дамуы. Оның кеш Ортағасырдағы батырлық эпос ескерткіштерінде көрініс алуы. Эпостың пайда болуының әр түрлі теориялары. Әлем халықтары эпостарының негізгі циклдары және ең әйгілі ескерткіштері.

Ұсынылатын әдебиет: [2], 3-20 бет, [3], 3-20 беттер. [10], 3-50-беттер, [24], 10-60-беттер

3-тақырып. Ежелгі Шығыс поэзиясы және прозасы

Шығыс бірегей мәдени бірлік ретінде және оның мәдени тарихи формаларының көптүрлілігі. Ежелгі Шығыс прозасы. Ежелгі Египеттік әдебиет. Шумер және Вавилония әдебиеті. Ежелгі Қытай әдебиеті. Ежелгі Шығыс поэзиясы. «Махабхарата» және «Рамаяна». Ежелгі ирандық әдебиет.

Ұсынылатын әдебиет: [4],5-63 бет, [7], 12-34 беттер, [21], 85-97-беттер, [22], 3-60-беттер.

4-тақырып. Антик әдебиеті

Антикалықтың кезеңделуі және әдеби көркемдік динамика. Мифтер және эпос. Ежелгі грек әдебиетінің ерекшелігі. Гомердің «Одиссеясы» мен «Илиадасы». Антик поэзиясы. Антик театры және драма. Антик трагедиясы мәдениет феномені ретінде. Антик әдебиетінің прозасы және оның жанрлары. Эпигондық және Ежелгі Рим әдебиетінің еркшелігі. Әдебиеттің риторикалық дискурсының күшеюі. Басым жанрлар.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 3-40 бет, [5], 5-90 беттер, [15], 53-101беттер.

5-тақырып. Ортағасыр дәуіріндегі шығыс әдебиеті және Шығыс Ренессанс

Орта ғасырлар және Ортағасыр кезеңделуі. Ортағасыр мәдениетте батырлық эпикалық шығармашылық. Карнавалдық мәдениет және оның Шығыс әдебиеттерінде көрініс алуы.

Шығыстағы Қайта өрлеу: түркітілдес халықтардың «алтын ғасыры», жапондықтардың «Муроматиі», арабтардағы «көнеге қайта оралу», парсылардың «классикалық кезеңі».

Ренессанс мәдениетінің типологиялық сипаттамалары және оның шығыстық еркшеліктері. Қытай әдебиетіндегі новеллистиика (VIIIғ.) және қала романсы (Хғ). Араб әдебиетіндегі (Х- ХІІғғ.) қылжақтық новелла. Иран, Түркия, Үндістандағы махаббат эпосы мен лирикасы. Құранның парсы тіліне аударылуы. Иран тәжік поэзиясы. Араб тілдес поэзия.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-60 бет, [6],10-37бет, [14], 100-120 беттер, [15], 173-187 беттер, [17], 92-101бет, [18], 15-37 беттер, [19], 10-33 беттер.

6-тақырып. Батыс Ортағасыр әдебиеті

Ортағасырлық қоғам өміріндегі христиандықтың басым рөлі. Ортағасырлық сана синкретизмі. Жазба ескерткіштері ортағасырлық сөз өнерінің бастамасы ретінде.

Шығыспен байланыстардың күшеюі және рыцарлық мәдениеттің қалыптасуы. Прованстың куртуазды лирикасы. Трубадурлар шығармашылығы. Миннезингерлер поэзиясы.

Рыцарлық романның қалыптасуы.

Ваганттар поэзиясы. Карнавалдың алғышарттары. Әдебиеттегі жаңа стильдердің пайда болуы, жанрлар жүйесіндегі өзгерістер ( жаңалардың пайда болуы, ескілердің жаңаруы). «Құдіретті комедиядағы» өтпелі кезең санасының белгілері.

Ұсынылатын әдебиет: [4],5-63 бет, [7], 12-34 беттер, [21], 85-97-беттер, [22], 3-60-беттер.

7-тақырып. Батыс Қайта өрлеу әдебиеті

Қайта өрлеу және антик дәстүрін меңгеру. Реформацияның сол кезеңнің рухани өміріне әсері. Петрарканың гуманистік бағдарламасы. «Декамерон» ренессанстық новеллистиканың үлгісі. Қайта өрлеу театрының дамуы және ренессанстық рыцарлық поэманың пайда болуы. Комедия дель арте. Пасторали жанрының пайда болуы. Франциядағы Қайта өрлеудің жалпы сипаттамасы. «Гаргантюа және Пантагрюэледегі» әзіл мәселесі. М.Бахтин Рабле романы туралы.

Неміс әдебиеті және Солтүстік Қайта өрлеу. Нидерландтағы Қайта өрлеу әдебиеті. Испаниядағы Қайта өрлеу әдебиеті. Ағылшын әдебиеті. Англиядағы Қайта өрлеудің жалпы сипаттамасы. «Утопияның» жанрлық деректері, оның әлеуметтік сипаты. Шекспир комедиялары. Шекспир трагедиялары.

Ұсынылатын әдебиет: [4],5-63 бет, [7], 12-34 беттер, [21], 85-97-беттер, [22], 3-60-беттер.

8-тақырып. Жаңа еуропалық әдебиет

XVII ғасыр ерекше мәдени тарихи «кезең» ретінде, және мәдениет типі ретінде. Классицизм эстетикасы. Барокко әдебиеті. «Дон Кихот» метароман. Барокконың эстетикалық принциптері. XVII ғасыр поэзиясындағы рококо стилінің пайда болуы. Ж..Лафонтеннің өлеңдік новеллалары, ертегілері және мысалдары.

ХVII ғасырдағы батысеуропалық прозаның жанрлық жүйесі. Испандық «қылжақтық роман». Осы кезеңнің афористік прозасы.

Театралдылық Барокко мәдениетінің сипаттамалық белгісі ретінде. Испан «сарсуэласы» және итальяндық опера. Педро Кальдерон де ла Барка театры еуропалық бароккалық драманың шыңы ретінде.

Француз классикалық театры. Пьер Корнель және Жан Расин трагедиялары. Мольер шығармашылығы және «жоғары» классикалық комедиялардың жанрлық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-30 бет, [4], 5-20 беттер, [12], беттер, [13], беттер.

9-тақырып. Ағарту кезеңінің әдебиеті

Ағарту кезеңінің өнері мен әдебиетіндегі негізгі стильдер (классицизм, сентиментализм, рококо). Ағарту мәдениетіндегі поэзияның орны.

Сипаттамалық- классикалық жанрлар. Дидро дүниетанымы мен көркемдік ойының эклектизмі мен энциклопедиялық әмбебептығы.

Роман және ағартушылық сатира, ағартушылық диалог, эпистолярлы және мемуарлы проза. Ағарту поэзиясы мен прозасындағы сентиментализм. Руссо шығармашылығы. Гете «Фауст» мәдениеттер сұхбаты контексіндегі жаңаеуропалық адамның туылуы.

Ұсынылатын әдебиет: [4],5-63 бет, [7], 12-34 беттер, [21], 85-97-беттер, [22], 3-60-беттер.

10-тақырып. ХІХ ғасырдағы батыс әдебиет

Романтизмдегі дәстүрлі жанрларды қайта қарау. «Готикалық роман» еуропалық масштабтағы әдеби феномен ретінде. Ағылшын романтиктерінің негізгі тақырыбы. Байронизм космополитизмі. Орыс әдебиетіндегі байрондық кейіпкер. В.Скоттың тарихи романы жаңа әдебиет символы ретінде.

Неміс романтизмінің ұлттық ерекшелігі. Франциядағы романтизмінің ұлттық ерекшелігі. Гюго драматургиясы және француз театрының реформасы. Американ романтизмінің ұлттық ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-30 бет, [4], 5-20 беттер, [12], беттер, [13], беттер.

11-тақырып. Роман ХІХ ғасыр әдебиетіндегі басты жанр ретінде

Романтизм мен реализмнің қатар өмір сүруі. Стендальдың аналитикалық психологиялық әдісі және оның негізгі компоненттері. Бальзактың «Адамдық комедиясы», оның түпнегізі «Тәңірлік комедиямен» байланысы және айырмашылығы. Мериме драматургиясы. Флобердің «піл сүйегінен жасалған мұнарада бекім жабылып алу формуласының мазмұны». Бодлердің «Зұлымдық гүлдері» романтикалық ашылымдарының сарқылуын поэтикалық тұрғыдан түйсіну. Диккенстің «Пиквикс клубының хаттары» ХІХ Англиядағы өзіндік «Дон Кихот» ретінде. Теккерей. Снобизм тақырыбы. Флобер эстетикасы.

Ұсынылатын әдебиет: [4],5-63 бет, [7], 12-34 беттер, [21], 85-97-беттер, [22], 3-60-беттер.

12-тақырып. ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті және Шығыс халықтарының әдебиеті

Орыс поэзиясының «алтын ғасыры». Орыс әдебиетіндегі Н.Гоголь феномені. Тургенев прозасы. Достоевский және полифониялық романның (М.М.Бахтин) көркемдік принциптері. Л.Толстой және эпопея жанры. Чехов және «беспристрастие» эстетикасы. Чехов драматургиясы.

ХІХ ғасыр шығыс прозалық жанрларының өкілдері ретінде Р.Тагор, Фтабатэй Симэйя, Лу Синяның шығармашылығы. Абай және Шәкәрім шығармашылығындағы мәдениеттанулық ойлар. ХІХ ғасырлық әдебиет тарихы ХХ ғасыр ізденістеріне ашылған процесс.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-30 бет, [4], 5-20 беттер, [12], беттер, [13], беттер.

Ұсынылатын әдебиет: [4],5-63 бет, [7], 12-34 беттер, [21], 85-97-беттер, [22], 3-60-беттер.

13-тақырып. ХХ ғасыр әдебиетінің рухани- тарихи негіздері және оның маңызды белгілері.

ХХ ғасыырдың бірнеше онжылдығындағы КСРО халықтарының әдеби үрдістері. Кеңестік әдебиет және оның әдіснамасы. Соцреализм әдісі және шығармашылық еркіндік. Классикалық ренессанстық ағартушылық түрлеріндегі гуманизм дағдарысы. А.Блок «Гуманизмнің тоқырауы», Т.Манн «Любек рухани өмір түрі ретінде». «Гете және Толстой. Гуманизм мәселесіне үзінділер». Н.Бердяев «Шығармашылық мазмұны», Х.Ортегаи Гассет «Көпшілік көтерілісі», Р.Гвардини «Жаңа заманның соңы»

Ұсынылатын әдебиет: [11], 5-23 бет, [12],10-30 беттер, [15], 3-90- беттер, [16], 3-85-беттер.

14-тақырып. Авангардтың мәдени нигилизмі және Шығыс жазушыларының шығармашылығы

Дәстүрге ұран тастау. Классикалық реализм мұрагерлері. Әдебиет әлемдік соғыстар мен әлеуметтік катаклизмалар дәуірінің көрінісі сипатында. Р.Роллан, Д.Голсуорси, С.Цвейг, Т.Драйзер. «Жоғарғы модернизмнің көркемдік жобасы және көркемдік стратегиясы. Г.С.Элиот, Д.Джойс. Адам санасының алғашқы формаларына қайырылудың әмбебап себептері. ХХ ғасыр әдебиетіндегі мифтің көркемдік интерпретациясының ерекшелігі.

Шығыс жазушыларының шығармашылығы. Н.Хикмет, Акугава Рюноскэ, Кавабата Ясунари, Икбал, Премчанд. Қазақ әдебиеті кеңестік әдебиеттің мәдени тарихи ерекшеліктері контексінде.

Ұсынылатын әдебиет: [11], 5-23 бет, [12],10-30 беттер, [15], 3-90- беттер, [16], 3-85-беттер.

15 -тақырып. ХХ ғасырдағы әдебиеттану және сын. Қазіргі әдеби процесс

Антиутопия. Техникалық прогрестің имморализмі. Ж.Дерриданың «жаңа сынынан» «деконструкцияға» дейін. Деректі жанрлар агрессиясы. Контрмәдениет. Эмиграция ХХ ғасырдың мәдени феномені ретінде. Батыста орыс әдебиетінің өкілдері- И.Буниннен И.Бродскийге дейін. Еуропадағы американдықтар. (Г.Стаач, Э.Паунд, Т.С.Элиот, Г.Миллер).

Экзистенциалдық әдебиеттің көркемдік философиялық кеңістігі. Абсурд эстетикасы және философиясы. «Жаңа роман» эстетикасы. Битниктер әдебиеті. Ориентализм. Антипоэтика. «Жаңа журнализм» эстетикасы.

Постмодернизм әдебиеті. Посмодернизм стратегиясы. Р.Барт және автор өлімі. Дүние- мәтін ретінде. Посмодернистік әдебиет таза эксперимент ретінде және көркемдік метатілді құру жобасы ретінде.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-30 бет, [4], 5-20 беттер, [12], беттер, [13], беттер.

Похожие:

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Бағдарлама 20 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Бағдарлама оқу жұмыс бағдарламасының негізінде құралып, 2011 ж бекітілген
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Павлодар облысының биогеохимиялық потенциалы және оның антропогендік модификациясы пәні бойынша
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Б051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған «Нарықтық экономиканың негіздері»
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Міндеті: Тәуке ханның тұсындағы адамдардың құқықтары мен бостандықтарына талдау жасау
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығының студенттеріне арналған
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Тақырып 3 Аспап жасау кәсіпорынның және өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің айналмалы құралдары
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Қазақ тілінің функционалды стилистикасы» 5В020700- «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Пәнді оқытудың мақсаты – берілген саланың болашақ инженер-механигіне білікті жылу техникалық дайындық беру
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Қазіргі қазақ тілі» пәнінен 050207, 5В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница