Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары




Скачать 106.61 Kb.
НазваниеТарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары
Дата конвертации30.05.2013
Размер106.61 Kb.
ТипДокументы
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары
Білім беру жүйесінің басты міндеті - Ұлттык және жалпы адамзаттық құндылыктар жетістіктері негізінде жеке адамды калыптастыру, дамыту және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ал қоғамдық пәндердің алдында тұрған талаптар:

1. Азаматтық пен елжандылыққа;

2.Өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрін қастерлеуге, қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

3.Жеке адамның өз құқыктары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

4. Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;

Тарих пәнін оқытуда осы міңдеттерді басшылыққа ала отырып, бағдарлама талаптары негізінде сапалы білім беру - өмір талабы.
Сапалы білім берудің тиімді жолдары:

  1. Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ, жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;

  2. Тарихқа деген қызығушылығын терендету. Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсететін, есте кала-тындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;

  3. Шығармашылық күш-куатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып үйрену);

  4. Пән аралық байланыс. Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи шығармалармен байланыстыра ету;

  5. Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялык бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу;

  6. Конференция сабак (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тындау, жұмыстарын қорғау);

7.Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;

8.Әр тараудан соң тест-интервью алу;

9. Әр тоқсанның аяғында өтілген барлық материалдар бойынша зачет алу;

10. Картаны көрсете білу сауаттылығын қалыптастыру. Бірін-бірі кар-
тадан оқыту, үйрету аркылы сол елдер туралы түсінігін, қызығушылығын
калыптастыру;


11. Көрнекті және техникалык құралдарды пайдалану;

12. Мұғалімнің мәдениеті, ақыл-ой және адамгершілік бет бейнесі.
Үздіксіз білімін жетілдіруі.


Жоғарыда көрсетілген талаптардың ішінен өз тәжірибемді жүзеге асырып жүрген бағыттарыма токталайын.

1. Сабақты жоспарлау кезінде:

а) Тірек білімдер (кандай ұғымдарға баса мән беріледі);

б) Жаңа ұғымдар, нені меңгеру керек атап керсетіледі.
9 сыныпта 7-такырып. Солтүстік Еуропа елдері.
Максаты:

  1. Солтүстік Еуропа елдеріне ортақ бейтараптылық бағыты.

  2. Солтүстік Еуропаны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру.

  3. Финляндия «Паасикиви - Кекконен жолы.»

Швеция - 50 жылдары бейтараптылық саясат ұстады, соғыс блоктары саясатын айыптады. Швед социал - демократиялық үкіметі Еуропаны ядролык қарусыз аймаққа айналдыру бағытын ұстайтындығын мәлімдейді.

Финляндия - 1946 жылы Финляндия президенті Ю.К. Паасикиви, 1950 жылы У.К. Кекконен бейтараптылық бағытты және Солтүстік Еуропа елдерін ядролық қарусыз аймақ деп жариялау бағытын ұстағандықтан оны «Паасикиви - Кекконен жолы» деп атады.
2. Тарихқа деген қызығушылығын терендету.

9 сыныпта XVIII ғасырдағы Француз революциясы. Осы ел туралы білсем деген қызығушылығын тудыру үшін дүниедегі сегізінші кереметтің бірі -Франциядағы Эйфель мұнарасы туралы деректі келтіремін, суретті көрсетемін. 1889 жылы бүкіл әлемдік көрмеге арналып француз инженері -Эйфельдін басшылығымен салынды. Биікгігі 300 метр, толык салмағы 9000тонна.
3. Шығармашылык күш-қуатын дамыту.

Әр елге байланысты жоғарыда көрсетілген ұғымдар туралы толық мағлұмат алу үшін, алған білімдерін терендету үшін энциклопедияны пайдалануға ұсыну және өтіп отырған дәуіріне байланысты материалдарды іріктеп пайдалана білуге дағдыландыру.

Бұл оқушының есінде сол ел туралы мағлұматтың ұмытылмай сақталуына, сапалы білім алуына негіз болады. 9 сыныпта XVIII ғасырдағы Фран­цуз революциясы туралы толық мағлұмат алу үшін, энциклопедиядан Бастилия, Версаль, Марсельеза, Эйфель мұнарасы туралы жазып келуге ұсыну.

Версаль сарайы - өте әдемі алтынмен капталған, қабырғалары айна, хрусталь люстралы, айналасы бак, фонтан, гүлзарлар XIV Людовиктің бұйрығымен салынған. Ол өзін «Күн королы» санаған.
4. Пән аралық байланыс. Керкем әдебиет. Өнер. Кино.

9 сыныпта, 20 тақырып, Монгол Халық Республикасының құрылуы, Коминтерннің атқару комитеті Тұрар Рысқұловты Монғолияға жібереді. Шерхан Мұртазаның «Жұлдыз көпір, Қыл көпір» деген романын пайдалану.

1924 жылы 6 караша күні Монгол Халык Республикасының бірінші үлы құрылтайы ашылды. Ұлы Хуралда, сол Республиканы жариялап, Консти­туция кабылданды.

Монгол Халық Республикасының астанасын не деп атау керек деген едәуір айтыс болды. Ұрға деген атының өзі қалсын деді.

Ұрға - монғолша «Орда» деген мағынаны береді. Тұрар Рысқұлов: «Мон­гол халқы - революцияда жеңіске жеткен батыр халық. Халықтық үкімет құрып, қызыл байрақ көтеріп отыр, ендеше астана аты Қызыл Батыр - Улан - Батор болсын» - деді.

Осы кітап окуға ұсынылды, сабақпен байланысты тарауларынан рефе­рат жасалды, жылдың аяғында оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
Сабақтың тақырыбы: Жеке адамдар мен топтар арасындағы қатынас.
Адамдар Әлеуметтік топтар
Ұсақ топтар
1.Отбасы Өзара Туыстық сезім

2.Көршілер Қатынас Тілектестік

3.Достар Негізі Достық пейіл
Мақсатты топтар




Белгілі бір өнім шығару әрекеті 1.Бірлік

2.Тартыс

3.Бедел
Номиналдық топтар 1.Жасы

2.Ойлау ерекшелігі

3.Тұрағы
Әлеуметтік алмасу 1.Билік

2.Мәртебе

3.Атақ

4.Данқ
Жаңа оқыту технологиянын тиімділігі сонда, оның элементтері аркылы балмен тиімді жұмыс істеуге болады.

  1. Үжымды жұмыс істеуге болады.

  2. Ақпаратты өз бетінше тусінуге бағьптайды.

  3. Сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.

5. Конференция сабақ.

Әр елдің тарихы туралы терендете білу үшін, әр оқушыға берілген рефераттарды тындау. Өтілген конференциялар: Ш. Мұртаза. «Жұддыз көпір, Қыл көпір». Қ. Жумаділов. «Сонғы көш». Н. Анов. «Әр қанатында».
6. Жергілікті жер материалдарын пайдалану.

7. Әр тараудан сон, тест-интервью алу.

Алған білімдерін бағалау үшін Қ. Бітібаева технологиясын басшылыққа ала отырып, «тест-интервью» әдісімен сұрау.

Мақсаты: Кейбір білім деңгейі «орташа» оқушылар «бес» алуы мүмкін, білімін нақтылау үшін, тест тапсырмалардан сұрақ қойып, жауабын тыңдап алған соң бағалау.

Тест сұрақгары:

1. Қазақстанда қай жылы шетелдік соғыс интервенциясы және азамат соғысы басталды?

а) 1918ж. маусым;

б) 1918ж.мамыр;

в) 1918 ж. қазан.

2.1919 жылы Кеңес өкіметіне ең кауіп тондірген кім?

а) Деникин армиясы;

б) Колчак армиясы;

в) Дутов армиясы.

3. Алғашкы үлгідегі «Казак» атты әскер полкі кашан құрылды?

а) 1920 ж. күз;

б) 1918 ж. күз;

в) 1919 ж. жаз.

4. Черкасск қорғанысы кай жерде болды?

а) Орынбор;

б) Солтүстік Қазақстан;

в) Жетісу.

5. Ә. Жангелдиннің экспедипиясы қай майданға кару жарақ әкелді?
а) Ақтобе
майданы;

б)Түркістан;

в) Орал.

6. Семей қаласында 1927 ж. шілдеде ашык сот процесіңде қай атаман жазаға
тарты
лды?

а) Колчак;

б) Дутов;

в) Анненков.

Похожие:

Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары iconГеографиядан білім сапасын қамтамассыз ету жолдары «Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында»
Географиядан білім берудің мазмұндық негізін анықтауда баланы оқу материалдарын дайын күйінде алуға емес, өз бетімен ізденуге, өзіне...
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары iconГ. Ж. Байбосынова
Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың кейбір жолдары
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары iconИнформатика пәнін оқытудағы ұлттық ерекшеліктер
Ххі ғасыр деңгейінде білім беруге ерекше назар аударды. Сапалы білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту мақсатындағы Қазақстан Республикасында...
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары icon«Зайсан аудандық білім бөлімі» мм 2011-2015 жылға арналған Стратегиялық жоспары. I бөлім. Мазмұны және іске асырылуы. Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру»
Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру» принципіне негізделген мемлекеттік...
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары iconҚазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2011 жылғы тамыз педагогикалық кеңестеріндегі секция отырыстарының үлгі тақырыпнамасы Білім беру ұйымдарының басшыларына
Азақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім...
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары iconУдк 74. 0 «ОҚытудың тиімді тәсілін пайдалану -сапалы білім негізі»
Сабақ барысында оқушылардың шығармашылыіі қабілетін дамыту тұрғысынан, оқытудың тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта оқу...
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары iconҚұрметті таныстырылымға қатысушылар! Қымбатты мұғалімдер!
Назарбаев бекіткен 2020 жылға дейін Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында анықталған электрондық оқыту – білім беруді...
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары iconТарих пәнін оқытудағы тиімді әдістер
Білім беру жүйесінің басты міндеті – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту...
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары iconАтырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Азақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға...
Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары iconАз өнімді қазандық агрегаттардың жылулық есебі
Курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықта «Қазан агрератының жұмыс қағидасы, құрылымы және жылулық есебі» пәнінен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница