Құрметті кездесуге қатысушылар!




Скачать 147.73 Kb.
НазваниеҚұрметті кездесуге қатысушылар!
Дата конвертации30.05.2013
Размер147.73 Kb.
ТипДокументы
Курчатов қаласы әкімі А.Н. Генрихтың 2011 жылғы тұрғындар алдындағы есептік кездесуіндегі баяндамасы

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Мемлекет Елбасының тапсырмасына сәйкес жыл сайын әкімдердің тұрғындар алдыңдағы есептік кездесулері өткізіледі.

Осы кездесулер барысында өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары жүргізіліп, келешекке деген міндеттер анықталады.

2010 жыл ағымында біздің жұмысымыз Қазақстан Республикасы Президентімен «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы жолдауындағы қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.

Бұл Жолдау- ерекше, өйткені Н. А. Назарбаев Қазақстанды дамытуда халыққа 10- жылдық бағдарламаны ұсынды, қиын сәттерде ғаламдық экономикалық және саяси ықпал етуді және тарихи дәуірдің алмасуын ұсынды.

2010 жыл озаттыққа деген казақстандық бастау сәтінің жылы болды. Астанада XXI ғасырда алғашқы ЕҚЫҚ саммиті өтті. Он бір жыл ішінде Қазақстаннан басқа еш бір ел жоғарғы Ұйымдастыру жиынын жинаған емес. Астана саммиті барлық ЕҚЫҚ елдері үшін бірлесу табысына айналды. Алғашқы рет ЕҚЫҚ евразиялық векторы белгіленді, ол бүкіл Евразияның қауіпсіздігін неғұрлым берік етеді. Бұл дегеніміз біздің еліміздің және әрбір азаматымыздың қауіпсіздігінің алдыңғы жылдарға алдын ала мықтылауы.

Қазіргі кезде Қазақстан даму жағынан сенімді екпінде. 2010 жылдың тоғыз ай аралығында ІЖӨ 7,5 пайызға, ал өнеркәсіп өндірісі- 10,5 пайызға өсті. Жүзге жуық жаңа кәсіпорындар ашылды. Барлық әлемдік ғылыми- білім беретін орталықтарының жәрдемімен Астаналық Жаңа университет ашылды.

Курчатов қаласы экономика, саяси жүйе және әлеуметтік сектор мәселелерін шешуде, бүкіл республикамен бір ырғақта өмір сүріп, жұмыс істеуде.

2010 жылға арналған жұмыс қорытындылары Президентпен қойылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде, Курчатовтың экономикалық дамуында таңдалған бағытынын дұрыстығын көрсетті.

Облыстық мағынадағы және Қазақстан Республикасы аудандарындағы 200 қаладан соңғы екі жылда Курчатов жоғарғы даму әрекеті тобындағы қалыпта.

2010 жылдың он екі ай аралығында өткен жылдың ұқсас кезеніне өнеркәсіп өнімі өндірісінің өсу көлемі 39,9 % қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, өткен жыл деңгейіне кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 49,2 % жоғарылады, өңдеушілік өнеркәсібінде шығарылған өнімінің жоғарылауы 67,6 %, электрмен жабдықтау, пар, газ беру және ауамен желдету 14,7 % жоғарылады.

Негізгі капиталға қаржы салу көлемі 2009 жыл деңгейіне 9,1 %- ке өсті.

Ауылшаруашылықтың жалпы өнімі 6,4 %- ке жоғарылады. Мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрі бойынша өндірістің өсуі сақталуда. Олар: етке, сүтке, тауық жұмыртқасына. Ірі қара мал саны 2,3 %-ке жоғарылады, ешкі мен қой саны өткен жылғы деңгейде қалуда.

Қазақстанды индустрияландыру Картасы шеңберінде «Ядролық технологиялар паркі» АҚ- да 2010 жылдың желтоқсан айында отырғыш таспасы өндірісі қызметке енгізілді, ары қарай екінші кезеңде отырғыш жағасын жіберу жоспарлануда.

Шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік дәрежесін жүзеге асыруда оның негізгі көрсеткіштерінің қалыпты серпіні байқалуда.

Қазіргі уақытта қалада шағын бизнестің 65 кәсіпорны тіркелген, олардың ішінде қызмет ететіні- 40, белсенділері- 31. Тек еспетік кезеңде ғана 7 жаңа шағын бизнес кәсіпорны ашылды, шағын кәсіпорын объектілері 9. Олар: азық- түлік тауарларын сату, компьютерлік техника, құрылыс материалдарын сату, кафе, стоматологиялық клиника, шаштараз, техникалық қызмет көрсету станциясы бойынша дүкендер.

Шағын кәсіпкерліктің қызмет етуші субъектілер санынын өсуі 12 айда 2009 жылғы сәйкестендіру кезеңі бойынша 29,1 %- ті құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін салықтардың жыл сайынғы өсу беталысы байқалуда. Жергілікті бюджетке салықтық тусім көлемі 12 ай аралығында өткен жылдың сәйкестендіру деңгейімен 48,5 % жоғарылады.

Бөлшек тауарайналымының көлемі 2010 жылғы қаңтар- желтоқсанда 1,8 млрд. теңгені, өсу қарқыны- 20,6 %- ті құрады.

Шағын бизнес кәсіпорында мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, тауарларға мемлекеттік сауда жасау көлемі жөнінде іс- шаралар өткізілді, шағын кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыс және қызмет 94,5 млн. теңгені құрады.

Мемлекет меншігіндегі қолданылмайтын объектілерді меншікке тапсыру жөніндегі іс- шараларды жүзеге асыру мақсатында аукционнан кәсіпкерлікқызметті ұйымдастырумен алдыңғы «Иртыш» мейрамханасының ғимараты және алдыңғы солдаттық қалашықта арко қоймасы сатылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда 44 жер телімі тапсырылды.

Курчатов қаласының кәсіпкерлігін дамытуда тосқауылдарды жою бойынша жұмыстық топ қызмет етуде. Жұмыстық топпен «Фортуна» кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің қатысуымен қаланың мемлекеттік мекемелерімен рұқсат етілген өткізілетін рәсімдер түгендеуі өткізілді. Курчатов қаласының жұмыстық тобының ұсынысын ескере отырып, облыстық деңгейде рұқсат құжаттарының 69 рәсім түрлері бойынша ұсыну мерзімін төмендету мүмкіншіліктері бойынша шешімдер қабылданды, 56 рұқсат рәсім түрлері жойылды.

Экономика секторында еңбекақы қорын жоғарылату жөніндегі іс- шаралардыөткізу алгоритміне сәйкес, салық айналымында есептелмеген жұмысшылары минимальды еңбекақы алатын жұмысшыларды анықтау бойынша хронометражды тексерулер жүргізілді.

Барлығы жүргізілген тексерулер: 6 заңды тұлғалар, 2 шаруашылықтары, 82 жеке кәсіпкерлер, минималды еңбекақымен және 6 есептелмеген жалданбалы қызметкерлер анықталды.

Шағын бизнес кәсіпорын басшыларымен әңгімелесулер жүргізілді, оның қорытындылары бойынша тексерулер жүргізілген, шағын бизнес басшыларының барлығының еңбекақылары 20 мың теңгеге дейін жоғарылады.

Есептелмеген қызметкерлер мен еңбек шарттары жасалды.

Құнсыздандыру процестерін ұстау мақсатында штаб қызмет етеді. Жанармай- майлайтын материалдарға және негізгі сауда объектілеріндегі азық- түлік тауарларына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Жақын аудандардың ауыл шаруашылығы жұмысшыларының қатысуымен 35 жәрмеңке өткізілді, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарық бағасынан төмен сатылды.

Әкімдік пен дүкендер иелері арасында негізгі азық-түлік тауарларын төменгі бағаман сату жөнінде 26 меморандум бекітілген (үстеме 10 % мөлшерінде). Сондай-ақ наубайхана иелерімен де меморандум бекітілді (1 бөлкеге тауарлық үстеме 2 теңгені құрайды). Ай сайын наубайханаларға облыстың тұрақтылық қорынан 1 кг 43 теңге сомасында бекітілген бағамен ұн бөлінеді, бұның өзі нанның бағасын 50 теңгеден 47 теңгеге дейін түсіруге мүмкіндік берді, ал «Городок» дүкенінде әлеуметтік нанның бағасы 35 теңгені құрайды.

Келесі меморандумдар 2010 жылдың маңызды жетістігі болып табылады: дәрі-дәрмек препараттарының бағасын тұрақтандырудың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешу жөнінде дәріхана иелерімен өз ара қызмет жасау, яғни 150 дәрі-дәрмек препараттарын сату барысында бекітілген бағадан асыруды болдырмау; кәсіпкерлермен мүгедек балаларға демеушілік көмек көрсету мәселелері жөнінде өз ара қызмет жасау (олардың туған күндері мен мерекелерде 1500 теңге сомасынан төмен емес бағада азық-түлік жинақтары жеткізіліп тұрады).

Жергілікті бюджетті толықтыру мәселесі қаланың әлуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қалалық бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, түсімдердің өсімі болжамына, 4,2% -ды құрады. Жекеменшік кірістері 5,6% -ға өсті.

Бюджетті ұйымдарға еңбекақы төлеу, жәрдемақы, коммуналды қызметтерді төлеу жөнінде несиелік қарыз жоқ.

2010 жылы жергілікті бюджет қаражаттары есебінен қатты, тұрмыстық және азуытты қалдықтарды орналастыру полигоны құрылысы жалғастырылды; «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 2 көп пәтерлі үй мен пәтер іші инженерлік тораптарын қайта құру жүргізілген; жекеменшік секторында 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлық берілгені13 мың 319 шаршы м.

2005-2010 жылдарға арналған қаланың әлеуметтік ішкіқұрылымын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары аясында ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен «Ядролық технологиялар паркі» АҚ екі тұрғын үйді қайта жөндеді.

Облыстық бюджет қаражаттары есебінен 100 орындық балабақша құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды; өндірістік қалдықтар полигоны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі, Алакөл көлі жағалауында спорттық-сауықтыру лагері құрылысының жерге орналастырушылық жобасы жасалуда.

ШҚО әкімінің тапсырмасына сәйкес, жылу тораптарын Курчатов қаласына кіре беріс теміржол жолдарын құрылысымен қайта құру арқылы қатты отындағы жылумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған негізі құрылысының, сондай-ақ Курчатов қаласының сумен қамту және су дайындау магистральды тораптарын қайта құрудың жоба алды құжаттамасы дайындалды.

Әлеуметтік жағдай тұрақты болып қалуда.

Жыл бойы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу және халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды толық жүзеге асырды.

Бұның өзі жалпы жұмыссыздықтың деңгейін 2009 жылы 4,8%-дан, 2010 жылы 4,6 % -ға төмендетуге мүмкіндік жасады.

2010 жылы халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаттарынан 12 млн. 316 мың теңге бағытталған (2009 ж. – 11 млн. 460 мың теңге); арнайы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын төлеуге 3 млн. 229 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 580 мың теңге.

Бұдан басқа жыл бойы өтініш бергендерге коммуналды қызмет шығындарына өтем ақыға тұрғын үй көмегі, материалдық көмек және басқа жәрдемақылар төленген.

Іс-әрекеті медициналық қызмет сапасын арттыруға, азаматтардың денсаулығын нығайтуға, ана мен баланың денсаулық жағдайын жақсартуға, әлеуметтік-маңызды аурулармен ауыру мен өлімді төмендету, қоғамдық денсаулық деңгейін арттыруға бағытталған денсаулық сақтау әлеуметтік ортаның маңызды салаларының бірі болып табылады.

2010 жылы қалалық аурухананың бюджеті 163 млн. 687 мың теңгені құрады.

Қаңтар-қараша кезеңінде Курчатов қаласында 155 сәби дүниеге келді, 84 адам қайтыс болды, табиғи өсу 71 адамды құрады.

Есептілік кезеңінде тәулік бойғы стационарда 1615 науқас емделді, күндізгі стационарда -1686 адам.

Ауруларға жасаған талдау халық арасында қатерлі аурулардың, эндокриндік патологияның өсуін растайды, бұның негізгі себебі жайсыз экологиялық жағдай болып табылады. Психикалық, наркологиялық аурулар айтарлықтай төмендеді. «Артериялық гипертензия» бағдарламасын ендіру үлкендердің гипертониясын дер кезінде анықтап жақсартуға қол жеткізді, гипертониялық аурумен анықталған аурулардың жазылуына және үнемі төмендеуіне әкеліп отыр.

Бүгінде қалалық ауруханада 26 дәрігер жұмыс істейді, бірақ та, бұрынғыдай кадрлардың жетіспеушілігі әлі де бар, бұлар педиатр, психиатр, нарколог, неонатолог, гинеколог, анестезиолог – рениматолог. Мамандарды тарту үшін қалалық ауруханаға қалалық тұрғын үй қорынан медициналық жұмысшылар үшін қызметтік пәтерлер (2009 – 2010 жж. екі жыл бойынша 8 пәтер бөлінді), жаңадан келген мамандар үшін материалдық көмек төлеу туралы сұрақтар талқылануда.

Қаланың мектептерінде 1347 оқушы оқиды. Барлық мектептер компьютерленген, кеңжазықты интернетке қосылған.

Қалалық бюджет қорынан мектептің материалды – техникалық базасын бекітуге 3 млн. 492 мың теңге бөлінді. Сәуір айында барлық білім беретін мекемелерде, балалар бақшасын қоса, өзін - өзі тану кабинеттері ашылды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 1 – 4 сынып оқушылары және жағдайы төмен отбасының балалары теңдестірілген тағам, сонымен бірге бал негізінде азықтар, сүт және қышқылсүтті азық – түліктер тегін алады.

Мектепке дейінгі білім беруде жалпы мектепке дейінгі жастағы балалардың 71,7 % қамтылған (2009 жылы осы көрсеткіш 45 % құрайтын). Сонымен бірге бала бақшадан орын алуға 300 жуық өтініш тіркелген.

1 маусымнан мектеп – гимназияда 4 жастан 5 жасқа дейігі балалар үшін мини – орталық ашылды, мемлекеттік және орыс тілінде оқытуға 25 баладан 2 топ жиналған.

Жергілікті бюджет қорынан (4 млн. 500 мың теңге) «Тополек» бұрынғы бала бақша ғимараты қайта қалпына келтіруге сатып алынды.

2010 жылы «Скала» және «Горизонт» балалар – жасөспірімдер клубы өзінің материалды – техникалық базасын толықтырды, «Горизонт» клубының ғимаратына мерзімді жөндеу және «Скала» клубының ғимаратына күрделі жөндеу өткізілді. Жалпы клубтарды жөндеуге 2 млн. 969 мың. теңге жіберілді.

Мәдениет мекемелерімен 130 – дан арта мәдени – жалпы іс – шаралар өткізілді. «Ақ көгершін» ансамбльі «Үлгілі» (Образцовый) дәрежесін қорғап алды. Ұлттық мәдениетті дамыту мақсатымен «Шуақ шашқан әз әжелер» атты апалардың ансамбльі құрылды.

Қалалық мәдениет үйіне сахналық костюмдер, музыкалық аппараттар, «Берег» демалыс базасына қажетті жабдықтар алынды. Жалпы қалалық мәдениет үйінің материалдық – техникалық базасын толықтыруға 1 млн. 395 мың 400 теңге жіберілді.

Қалалық кітапхананың кітап қорыда толықтырылды, бүгінгі күнге ол 27 мың 330 дананы құрайды. Кітап оқушылыр саны 1500 адам, қаланың тұрғындары үшін кітапхана қызметкерлері 47-ден астам іс – шара өткізді. 2010 жылы кітап оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатымен кітапханалық жабдықтар жаңартылды.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асуру бойынша мемлекеттік тілді оқыту орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Егер 2009 жылы орталықта 141 тыңдаушы болса, ал 2010 жылы 151, оның ішінде 37 тыңдаушы жоғарғы деңгей курсын аяқтады.

Этникалық эмигранттардың жаңа мекенжайда тез бейімделуі үшін орталықта оларға арналған «Сауаттылық курсы» ашылды, тыңдаушылар мемлекеттік және орыс тілі бойынша арнайы бағдарламамен оқытылады.

Қалалықтар үш хоккей кортында, 3 мектептің стадионында, балалар – жас өспірімдер спорт мектебінің залында тегін спорт және дене шынықтыру жаттығуларын жалғастыруда.

2010 жылы курчатовтық спортсмендер қалаға халықаралық және облыстық жарыстардан 26 жүлде: 9 алтын, 6 күміс және 11 қолайы әкелді.

Курчатов қаласындағы 2010 жылдың 12 айындағы жиналған криминалдық жағдайды талқыласақ, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда тіркелген қылмыстардың саны 55, 6 % (2009 жылы 72 болса 2010 жылы 112) артқанын атап айту қажет.

Тіркелген қылмыстар санының басымын бөтен мүліктерді ұрлау құрайды.

Жалпы алғанда тонаудың көбейуі саяжай аумағында, күзетілмейтін гараж топтарында, кіре – берісте қоыйылған автомашиналарда, салынып жатқан объектілердегі құрылыс материалдарында болды.

Қалалық полиция бөлімімен 1178 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды (2009- 1177), 568 мың 319 теңге жалпы соммаға 568 айыппұл салынды (2009-564 айыппұл).

Жыл ағымында есірткі амалдарын заңсыз сақтауда 12 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, тұлғалардың барлығы әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылды.

Жергілікті билік органдарының қалалық полиция бөлімімен бірлесе отырып құқықбұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша жұмыс жүргізілуде. Олар: көңіл көтеру орындарында, нашар тұратын отбасылардың пәтерлерінде оперативтік- сақтандыру рейдтері бірігіп ұйымдастырылуда, қала тұрғындары мәдени- бос уақыттарда және спорттық іс- шараларға тартылады, лекциялар, әңгімелер, семинарлар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланады. Бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру жүргізілуде. ЕХЖ тобы қоғамдық тәртіпті қорғауға тартылады. Құқықтық және психалаогиялық көмекті көрсету үшін сенім телефоны қызмет көрсетеді. Құқықтық тәртіпті, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуды нығайту сияқты мәселелер әкімдіктің, мәслихаттың және үйлестіру кеңестерінің отырыстарында тыңдалады.

Полиция бөлімінің материалды- техникалық базасын нығайту бойынша көмек көрсетіледі.

Тіркеу пунктерін ашу үшін пәтерлер бөлінді. Полиция бөлімінің қызметкерлерін ынталандыру үшін қаланың тұрғын үй қорынан пәтерлер бөлінді.

Бірақ, біздің кішкентай қаламыз үшін қылмыстыардың өсуі қобалжытады, осыған орай қылмыс пен құқықбұзушылықты алдын ала ескерту жұмыстарын күшейту қажет, ал біз қала азаматтары өзіміздің жиһаздарымызды сақтау үшін барлық шараларды қолдануымыз керек: бірінші қабат терезелерін теміртормен жабу қажет, кафе және дүкендер иелері кіреберістерін мықтылап, бейнебайқауын орнатулары қажет, ал саяжай иелері күзетті ұйымдастыру қажет. Тұрғын үй- коммуналды шаруашылығы саласын дамытуға 2010 жылы бюджеттің барлық деңгейлерінен 181 млн. 523 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Бөлінген қаражаттар шеңберінде үйлердегі кәріз жүйелері ағымды жөнделді; 11 үйде жылу беру жүйелері жөнделді, бір үйдің шатыры жөнделді.

«ККЭК» және «Балапан» коммуналдық кәсіпорындардың меншік қаражаты есебінен 8 үйлердің төбедегі шатырларды жабуды жүргізді, 38 үйлерде қозғағыштарын ауыстырды, подъездегі есіктерді қалпына келтірді, жылу және су жабдықтау нысандарына ағымдағы жөндеуді жүргізді.

Ағымдағы жылы қала аумақтарына санитарлық тазалау, жолдарды қысқы және жазғы ұстау жүргізілді, жол қозғалысының белгілері ауыстырылды және орнатылды, қала көгалдандырылды, қала көшелеріндегі 2000 шаршы метр жолдарға жөндеу жүргізілді. Құрылысшылар аллеясын көркейту бойынша жұмыстар аяқталды, сауда алаңдарын көркейту бойынша жұмыстар басталды.

«Жол картасы» аясында екі жоба іске асырылды: 30 млн. теңге сомасында «Курчатов қаласындағы 3-тен 4-ке дейінгі көтерме су құбырының сыртқы желілерін жөндеу», 30,3 млн. теңге сомасында «Курчатов қаласын көркейту».

Қаланы көркейту бойынша жобаға енді – Ертіс өзенінің жағалауын көркейту, солдат қалашығын тазалау, зираттарды қоршау, тұрғын үйлердің жанындағы аялдамаларды көркейту, қалалық стадионды тазалау, Курчатов көшелері бойындағы жолдарды көркейту, және де балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ауданында балалар алаңын жөндеу.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының негізгі мәселесі – жылу мерзіміне дайындығы.

Ақырғы жылдары қаладағы барлық 5 қазандықтар өз ресурстарын сарқыды, бұл қазандықтардың нормативтік мерзімі - 5 жылды құрайды. Қаланың тұрғын үй қоры көп пәтерлі тұрғын үйлерді қалпына келтіру есебінен көбеюде, осыған байланысты қазандықтарға түсетін күштер арта түседі.

Анықтама: бүгінгі күнге қала қазандықтарының барлық қуаты, тозу есебімен 20 Гкал/сағат құрайды, нақты қосылғаны 19,9 гкал/сағат, бірақ та осы сандар 7,8 С° сыртқы ауа температурасына құрылыс нормалары мен ережелері бойынша есептелген. № 4 қазандық бойынша 0,2 Гкал/сағат тапшылық бар.

Қазандықтар мен тұрғын үй қорын қысқы мерзімге дайындау бойынша барлық жұмыстарды бөлінген қаражаттарды жұмсап орындадық. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қосымша көмір сатып алуға (18 млн. теңге) нысаналы трансферттер бөлінді.

№ 4 қазандықтың жұмысын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі түтін сорғыштар, циклон және үрленген насостар сатып алынды.

Қазіргі күні жылумен қамтамасыз ету жағдайына бақылау жасау менің басшылығымда, тұрғындардың пәтерлеріне температура тәртібіне коммуналдық кәсіпорын күнделікті өлшеу жүргізеді, жылу беруді реттейді, білім мекемелерінде температура тәртібі күніне екі рет өлшенеді, осы мекемелерді жылылау бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді.

2010 жылға есеп беру бойынша тұрғындармен кездесуде 160 сұрақ қойылды, кейбір сұрақтар қайталанып қойылды, оларды жүйелендіргенде олардың саны – 90 құрады. Есептік кездесу кезінде 50 сұрақ бойынша түсіндіру берілді, 20 сұрақ «ККЭК» МКК, ҚМҮ, мемлекеттік тілді оқыту орталығы және т.б. өз қаражаттары есебінен шешетін болды.

Қалған 20 сұрақ қаржы қаражаты және уақыт қажеттілігі, 2010 жылдың жұмыс жоспары 6 сұрақ қосылды, оның ішінде орындалғаны 5: үш балалар алаңын қалпына келтіру, бұрынғы инфекциялық аурухана аумағына тазалау жүргізілді, қала орталығында темір жол кассасы ашылды, 10 автобекет көркейтілді; «Октябрь» алаңына көркейту жүргізілді. Біздің бақылауымызда бір тапсырма – бұл №4 қазандықты жаңарту.

2011 жылы бізге келесі жұмыстарды іске асыру қажет.

Курчатов қаласын 2011-2015 жылдардағы дамыту бағдарламасына сәйкес жұмыстар атқарамыз.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық аясында қала ішіндегі жолдарды жөндеу, сондай-ақ, Семей-Курчатов; Абай көшесін көшесін 1,5 метр кеңейту бойынша ағымдық жөндеу.

Тұрғын үй қорынан үш көп қабатты үйдің жабындарына жөндеу жүргізіледі.

Қаланың көркейту, көгалдандыру, жарықтандыруды қалпына келтіру және санитарлық тазалық бойынша жұмыстар жалғасын табады.

2011 жылдың 1 жарты жылдық жылу беру мезгіліне дайындық аясында 10,4 Гкал / қуаттылығын ұлғайту мақсатында (129 млн. тенге – облыстық бюджеттен) 4 қазандықты қайта жаңарту бойынша іс-шаралар жоспарлануда.

Сондай-ақ, 13,8 млн. тенге сомасында қалалық бюджет қаражаты есебінен 6 қазандық ауыстырылады және қазандықтарға қосымша ағымдық жөндеу жүргізіледі, су өткізу және суменқамтамасыз ету жүйесіне ағымдық жөндеу жүргізу.

Құрылыс саласында тағы да екі тұрғын үйлерді қайта жаңарту жүргізіледі; тұрмыстық қатты және улылығы аз қалдықтар полигонының құрылысы аяқталды.

Білім және денсаулық сақтау саласында білім және медициналық қызмет сапасын көтеруге, мекемелердің техникалық жарақтандырылуын жақсартуға көп көңіл бөлеміз. Мектептерде заттық кабинеттер (4 млн. 623

мың теңге), автобус (4 млн. 478 мың теңге) сатып алынады, № 3 орта мектепте кіші-орталық ашылды, № 3 орта мектептің шатырына жөндеу жүргізілді және «Журавушка» бала бақшасының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Ұлттық ядролық орталығының қаражаты есебінен бұрынғы «Тополек» бала бақша ғимаратын қалпына келтіру басталды.

Курчатов қаласында 2006 жылдан бастап қала спортшылары жарыстарға қатысатын және спорттық іс шаралар жүргізуге қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар болған жоқ. 2010 жылы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі құрылды және спортты дамытуға 5 млн. теңге мөлшерінде қаражаттар қарастырылған.

Барлық әлеуметтік мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмыстар жүргізіледі.

Мен, «Нұр Отан» ХДП Курчатов қалалық филиалының жұмысын, қаланың үкіметтік емес ұйымдарының, қоғамдағы саяси тұрақтылықты, ұлттық келісімді әрі қарай нығайту бойынша религиялық бірлестіктердің жұмыстарын атап өткім келеді.

Әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қатысты барлық мәселелерді шешуге ардагерлер және жастармен, интеллигенциямен, кәсіпкерлермен, мәслихат депутаттарының қолдауымен бірлесе жұмыс жасаймыз.

Тек қана бірлікте біз алдыға қойған міндеттерді шеше аламыз.

Өздеріңіз білесіздер, бұл жылы – біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толады. Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең бір қасиетті құндылық. Өте аз уақыт ішінде Қазақстан көлемді саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыратын, өзінің даму жолында мемлекетіміздің негізін қалаушы лидеріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге заманауи бәселестікке қабілетті мемлекет болды.

Назарларыңызға рахмет!

Похожие:

Құрметті кездесуге қатысушылар! iconШемонаиха ауданының әкімі А. Ж. Тоқтаровтың аудан халқына есеп беру кездесуіндегі сөзі Құрметті кездесуге қатысушылар!
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Құрметті кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Выступление акима района Мамалинова Ш. К. на сессии районного маслихата 21 сентября 2011 года
Құрметті кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті Архимед Бегежанұлы! Құрметті мәжіліске қатысушылар!
Слайд. Әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақтандыру мақсатында Ақтөбе қалалық әкімдігімен бірқатар жұмыстар жүргізілуде және қабылданған...
Құрметті кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Бұл бағыттар жеңіс стратегиясы болып табылады, өйткені инновациялар енгізу, еңбек өнімділігін бірнеше есе арттыру елімізге әлемде...
Құрметті кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессия отырысына қатысушылар!
Аудан әкімдерінің мәслихат алдында жартыжылда бір есеп беруі Ел Басының 2006 жылғы 18 қаңтардағы Жарлығымен белгіленген және заманауи...
Құрметті кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті конференцияға қатысушылар! Қадірлі әріптестер!
Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың Білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
Құрметті кездесуге қатысушылар! icon23. 08. 2010. сағ. 11. 00. Қадірлі ұстаздар! Құрметті конференцияға қатысушылар!
Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың мұғалімдердің тамыз конференциясында сөйлейтін сөзі
Құрметті кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Жиналыс қатысушылар!
Бүгінгі күні баршамыз ел тарихы үшін күн сайын қарқын алып отырған аса маңызды кезеңнің куәсі болып отырмыз
Құрметті кездесуге қатысушылар! iconҚұрметті cлетке қатысушылар! Қымбатты жас достар!
Баршаңызды «Қазақмыс» корпорациясы жас жұмысшылары Бірінші слетінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын
Құрметті кездесуге қатысушылар! iconРазвитие в век инноваций Құрметті форумға қатысушылар! Қадірлі ғалымдар!
Осы мерзім ішінде біздің еліміз өркендеп, ғылымымыз ілгерілей түсті. Ғылым ордасы түгелдей күрделі жөндеуден өтті
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница