Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі




НазваниеҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Дата конвертации31.05.2013
Размер32.8 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына

түсіндірме жазба

Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке әкімшілік реформа аясында бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені батыл азайту, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырды.

Осы тапсырманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысымен Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлданды.

Тұжырымдама ережелерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 47-ө өкімімен мемлекеттік органдардың рұқсат беру құжаттарын беруді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) және Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру жөніндегі сараптама тобының (бұдан әрі – Сараптама тобы) құрамдары бекітілді.

Лицензиялау жолымен мемлекеттік рәміздердің стандарттарын сақтау және мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізілмейтіндігіне байланысты, рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және жетілдіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Сараптама тобы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау қызметін лицензиялауды алып тастауды ұсынған еді.

Осы ұсынысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы Қ.Саудабаев 2010 жылғы 19 қаңтарда мақұлдаған болатын.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 2009 жылғы 29 қазандағы отырысының №51-6.13 шешіміне сәйкес жеке нотариустардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлерді пайдалану мүмкіндігін көздеу тапсырылған.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан бастап 2020 жыл кезеңіне арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында қолданыстағы ережелерді қайта қарау қажеттілігі көрсетілген, онда нотариаттық қызметті жетілдіру маңызды міндеттердің бірі болып табылатындығы айқындалған. Нотариаттың азаматтық айналымдағы қатынастарда қосымша тұрақтылық пен заңды қауіпсіздікті, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық инфрақұрылымның бір бөлігі ретіндегі рөлін нормативтік - құқықтық айқындау қажеттілігі атап көрсетілген.

Қазіргі уақытта нотариустың ұйымдастырушылық тұрғыдан алғандағы жұмысының бір мәселесі нотариустардың жекеше мөрлерінде мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселесі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан посткеңестік кеңістікте нотариустардың мөрінде елтаңбаны пайдаланбайтын бірден бір ел болып табылады.

Ұлттық заңнаманы реформалау нәтижесінде жеке нотариустар куәландыратын актілерге елтаңбалық мөр басу құқығынан айырылған. Формальды түрде елтаңбалық мөрі жоқ нотариаттық құжаттар ресми санатқа жатпайды, ендеше жалпы тәртіппен заңдастырылуға жатады. Жағдайдың осындай екіұшты болуының салдарынан шетелде қолдануға арналған құжаттарды Қазақстанда нотариалды куәландырған азаматтар мен заңды тұлғалар көптеген қайшылықтар мен қиындықтарға тап болуда.

Осы заң жобасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды алып тастау және заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату бойынша өзгерістер, сондай-ақ жеке нотариустардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрді пайдалану бөлігінде толықтырулар енгізу көзделген.

Заң жобасын іске асыру Қазақстан Республикасы бойынша заң күшіне енгеннен кейін 1 қаржы жылында жергілікті бюджет кірісінің орта есеппен 786 мың теңгеге қысқаруына алып келеді.

Осыған байланысты Заң жобасы 2011 жылғы 16 мамырда Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілді және заң жобасын қабылдау осы комиссияның хаттамалық шешімімен мақұлдаған.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасын енгізіп отыр.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі К. Мәсімов


Похожие:

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының...
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі iconҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі iconҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне жоспарлау процесін жетілдірудің және бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері бойынша...
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі icon2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары
Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына...
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі iconКодексі Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан"
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., n 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 маусым n 156-159
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі iconБаянауыл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №266/12 «Баянауыл ауданында бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына
Баянауыл ауданында бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары...
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі icon2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауына Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі icon2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауына Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі iconҚазақстан Республикасы Парламентінің 2011 жылғы 20 маусымдағы қаулысымен бекітілген
Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2010 жылғы республикалық...
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі iconБаянауыл ауданында бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың үгіт-баспа материалдары ілінетін орындардың тізбесі
Кәсіптік лицей, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница