Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі




Скачать 117.35 Kb.
НазваниеСеверное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі
Дата конвертации31.05.2013
Размер117.35 Kb.
ТипДокументы
Северное селолық округі әкімінің

2010 жылдағы жұмысы туралы есебі
Северное селолық округін 3 елді мекен қосады – Феклистовка, Северное, Ермаковка, жалпы есеп бойынша - 773 адам. Олардың ішінде ер адам – 379, әйел адам – 394, оқушылар – 68, мектепке дейінгі балалар саны – 41. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны- 525 адам. Олардың ішінде жұмыс істейтіндер – 253 адам, өзіндік іс- әрекеттермен айналысатындар- 266 адам. Аз қамтамасыз етілген отбасы саны- 5. Жағдайы төмен – 4 отбасы. Барлық зейнеткерлер саны- 110 адам.

2010 жылдың 1 шілдесіндегі санақ бойынша округ халқының қосалқы шаруашылығы мынадай:

Ірі қара мал- 770, бас 7% жоғары, шошқа- 164, ұсақ мал -910, 15 пайызға төмен, жылқы – 72 бас, 3 пайызға төмен, құстар- 1384, 12 пайызға төмен. 2011 жылы ІҚМ және ҰІҚМ басының көбейуі жоспарланып отыр. Есеп бойынша округте 1840 ет - 2009 жылға қарағанда 22 пайызға жоғары өндіріліп, 12527 ц сүт сауылса (18%-ға өсті), 244 752 дана жұмыртқа алынған.

Округ аймағында 26 субъект шағын бизнес тіркелген, соның ішінде 5 дүкен, 1 жолаушыларды тасымалдайтын жеке кәсіпкер.

Округте негізгі бағытта ауыл шараушылық өнімі орын алады. Осы бағытта 17 шаруа қожалығы мен серіктестік жұмыс атқарады. 2010 жылы дәнді дақылдар көлемі - 24447,5 га, күнбағыс -770 га, картоп – 2,0 га жерге салынды. Орташа астық өнімділігі 10,0 ц/га, күнбағыс- 5,8 ц/га, картоп-100,0 ц/га болды. 2011 жылдың астығына күзде 38 га қара бидай, 192 бидай салынды. Шаруашылықтарда 2195 га немесе барлық жердің 42,4 % жыртылды. Шағын бизнес шаруашылығында 120 адам жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығын нығайту үшін жұмыстар атқарылып отырады. Шаруа қожалықтарын ірілендіру бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылда «Еламан»ЖШС пен «ТанурМаяк»ЖШС бірлесті, 2009 жылы «Тан»ЖШС , «Дидар», «Бахтияров», «Актау» шаруа қожалықтары өз бетімен әрекет ету туралы келісімшартқа қол қойды. Ауыл шаруашылығын қалыптастыруда мал өсімі жоқ. 2010 жылдың жоспарының бірі – осы мал өсіруді дамыту болып отыр.

Жыртылатын жердің барлығы шаруа қожалықтарына бөлінген, бос қалған жерлер конкурсқа қойылып, ұтылды. Өскемен қаласының кәсіпкерлері - 800га егістік жер мен басқа да жерлерді, округ тұрғындары-шаппалар, жайылымдар, жыртылатын жерлерді ұтты. «Еламан» ЖШС есеп беру жылының желтоқсанында мал сою алаңына берілген ғимаратқа реконструкция жасады.

2010 жылдың қорытындысы бойынша «Еламан» ЖШС директоры Жунусов Ж.М, және «Юпитер-Шульгин» СҚ басшысы Шульгин В.Н. Зырян ауданы әкімінің грамотасымен марапатталды. Салық және еңбекақы бойынша қарыздары жоқ.
Северное селолық округінің әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша негізгі көрсеткішінің өсу динамикасы


Көрсеткіштер

Жыл бойынша

2007

2008

2009

2010 г.



Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі, мың.теңге.

83412

92555

105176

118140

Орта айлық еңбекақы, теңге

15174

16318

18176

21300

Северное селолық округінде 5 дүкен жұмыс істейді, олар халықты нанмен, ет- сүт, ұн тағамдарымен қамтамасыз етіп отырады. Үнемі сатылымда жеміс- жидектер, кондитер тағамдары болып тұрады.

Округ кәсіпкерлері ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуы жөніндегі сұрақтарға белсене қатысады.

Жыл сайын шағын бизнес кәсіпорын басшылары Мүгедектер мен Егде адамдар күніне, әр түрлі шаралар мен мереке күндеріне демеушіліктерін ақшалай көмекпен көрсетіп тұрады. 2010 жылдың аяғында олар жағдайы төмен адамдарға ұнмен, астықпен көмек көрсетті.Сонымен қатар тағы да 10 отбасына азық – түлікпен көмек көрсетілді.

Округ аумағында «Таулы – Үлбі орман шаруашылығы»ММ орналасқан, (басшысы Воробьев А.Ю.) ауылдағы тұрғындардан 24 адам жұмыс істейді. Есеп беру жылында терек ағаштарын отырғызу қолға алынған, жыл сайын табиғатты сақтау үшін әр түрлі ағаш түрлерін отырғызып келеді. Орман шаруашылығындағы қызметкерлер жол тазалауға,ҰОС ардагерлеріне материалдық көмек көрсетуге, басқа да мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көрсетеді.

2010 жылы «Зырян ауданы жұмыспен қамту орталығы» ММ есепте тұрған тұрғындар саны 13 адам болды, олардың 6-ауы оралман. 2010 жылы қоғамдық жұмыспен 13 адам қамтылды. Жаз уақыттарында жеке меншік малдарды жаюмен 4 адам айналысты.

Северное және Феклистовка ауылдарындағы су құбырлары иесіз қалып округ әкім аппараты балансына берілген. Барлық ауылдарда су құбырлары істен шыққан.Бүгінгі таңда округ тұрғындары бұлақ, құдық, «Смоленка», «Иртыш» өзен суларын пайдаланады. Ауыз су сапасы Санитарлық ереже нормаларының талабына сай.

2010 жылы тұрғындар денсаулығын сақтау жөнінде үлкен көлемде жұмыстар атқарылды. Басты назарда тұрғындарды қолжетімді және тегін алғашқы медико - санитарлық көмекпен қамту мәселесі. 5 жасқа дейінгі балалар тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етіліп отыр. Әйел адамдардың барлығына алдын ала тексерулер жүргізіліп отырады. Тексеру қорытындысына байланысты құрамында темір мен йоды бар жабдықтар беріліп отырылады. Азаматтардың аурушаңдығына байланысты дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Әкім аппараты шұғыл жағдайларда көмек көрсетеді- ауруды ауруханаға дейін жеткізу, ауруды қажет жабдықтармен жабдықтау т.б.

Жыл сайын жас бойынша зейнеткерлікке шыққандарға, асыраушысынан айырылғандарға, мүгедектерге арналған әлеуметтік жәрдемақы өсіп отыр. Балаға берілетін жәрдемақыны 8 адам алды. 1- адам мекенжайлық әлеуметтік көмекке құжаттарын тапсырған, 1 – еуінің құжаты қайтарылған. Феклистовка және Северное ауылдарында қартайған жалғызбасты азаматтардың тұрмысын жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың қамқорлығында - 10 адам.

Қамту орталығының қызметінің арқасында округ бойынша жұмымыссыздар саны жыл сайын төмендеуде. 2008 жылдан бері 8 адам «Алтай Альпісі» демалыс орталығында әр түрлі мамандар- даяшы, механизатор т.б. болып еңбек етуде. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 адам еңбекпен қамтылды, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша мектеп үлескісінде жоғарғы сынып оқушыларынан 5 адам жұмыс істеді. 2010 жылы еңбекпен – 11 адам қамтылды, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша округ тұрғындарынан 12 адам, оның 6 – уы студент. «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша мектеп үлескісінде жоғарғы сынып оқушыларынан 3 адам жұмыс істеді. Жұмыссыздар саны мен аз қамтылған отбасылардың тұрмысын жақсарту жолында құрамы 11-12 адамнан тұратын бақшашылық бригадасын құру жоспарлануда, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды қамту орталығына алып, жұмыспен қамтуға 11 адамды тізімдеп отырмыз.

Округтің әкім аппаратында 2010 жылы 12 адам жұмыс істейді, олардың 5-еуі мемлекет қызметкері. Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап Үкіметтің тапсырмасына сәйкес бас маман мал дәрігері жұмысқа алынды. 27.09. 2010ж, шыққан ҚР Президентінің «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын ұйымдардағы штат санын оптимизациялау және Қазақстан Республикасы Халық банкі сметасы (бюджеті) туралы» Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек Кодексінің 56 бабы 1 тармағы негізінде, осы жылдың желтоқсанынан бастап жетекші маманға берілетін штат бірлігі қысқарды. Әкім аппаратында өз құзіретіне лайық сенімді жұмыс атқаруда мамандар арасында міндеттер бөлінген.

Округтегі белгілі жұмыстарды атқару үшін әкім аппаратында Жұртшылықпен кеңес және әлеуметтік экономикалық даму бойынша комиссиялар құрылған. Комиссия отырыстары өткізіліп, құқықбұзушылықтың алдын алу, ішімдікке әуес әрі жұрттың шырқын бұзатын адамдармен кездесулер, округ дамуы бойынша мәселелер де қаралады.

Халыққа көмек көрсету мақсатында 2010 жылы аппарат қызметкерлері келесі құжаттарды ресімдеді; СТН- 12, тіркеу кітабы -5, қайта тіркелген адамдар саны –21, зейнеткерлер құжаты -3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» медалін алды – 7 адам, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы – 7 адамға тағайындалды, 1 – адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алуға дәрігерлік сараптамадан өтті, құжаттары қазір жәрдемақы белгілеу үшін мемлекеттік төлемақы төлеу орталығына жіберіліп отыр. Сонымен қатар жаңа туған сәбилерге берілетін жәрдемақы – 7 адамға, тұрғын үй субсидиясы – 7 адамға, мекенжайлық әлеуметтік көмек – 1 адамға , туу туралы куәлік қайта рәсімделді – 7 адамға (ҚХР келген балаларға), балалар жәрдемақысы – 15 адамға тағайындалды.

2010 жылы әкім аппаратына 129 шағым, ұсыныс, үндеу түсті. Оның 20 жеке иелік туралы анықтамаға байланысты, өтініш- 39(жер комитеті). Ауызша арыз-шағым- 41. Жазбаша – 3. Олардың бәрі қанағаттандырылып, толық ақпараттарын алды.

Северное селолық округі әкім аппараты өз құзырлығында Қазақстан Республикасы заңдарын орындауда, соның ішінде әскери міндеттер, азаматтық қорғаныс сауалдары бойынша өз уақытында мәліметтер беріліп отырылады.

Жылдық есеп бойынша барлық салық түрлері артығымен 100 пайызға жиналды . Әкім аппаратының бюджеті 100% игерілді.Төлемақы төлеу бойынша қарыздар жоқ, тек қысқартылған қызметкердің төлемақысын төлеу 2011 жылдың қаңтар айына жоспарланып отыр.

Северный селолық округіндегі учаскелік полиция инспекторы елді мекендердегі санитарлық тазалық пен аббаттандыру бойынша жұмысқа бақылау жүргізеді. Жалпы округтегі санитарлық тазалық қанағаттанарлық. Кей отбасылардың ауласы үнемі тазалықта болады, есік алдарында әр түрлі гүлдер отырғызылғанына қарап қуанасың. Ол семьялар Удовиктер, Пешковтар,Кусаиновтар, Мисиновтар, Кунапьяновтар, Урановтар,. Утешовтар, Филипповтар, Бурнашовтар, Какаулиндар, Дмитриевтар т.б. Үнемі тазалықта Северное селосының дүкені, дәрігерлік пунк, білім мекемелері. Өкінішке орай кей аулалар санитарлық талапқа сай емес, олар ескертулер алды, актілер жасалды. Санитарлық тазалық, көгалдандыру мен абаттандыруға 52 000 теңге бөлінді. Ол қаражат қатты қоқыс қалдықтарын жоюға және 3 су көзін абаттандыруға жұмсалды.

2010 жылы мәдениет және білім мекемесінің қызметкерлері адамның рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жолында өз жұмыстарын жалғастыруда. Феклистовка мен Северное ауылдарында кітапханашы және музыка жетекшілері жұмыс істейді. Барлық мейрам күндері мен мемлекеттік мейрамдарда мерекелік концерттер, КВН, спорт шаралары,дөңгелек үстел мен мерекелік дастарханда кездесулер өткізіледі. Ауыл тұрғындарының рухани дамуын арттыруда біздің мектептер көмек көрсетіп келеді. Округте 2 мектеп бар: Феклистовка ауылында аралас орысша- қазақша мектеп, ал Северное ауылында толық емес орта мектеп. Мектептептерді жұмыс өтілі жоғары педагогтар басқарады.

Мұғалімдер білімінің көрсеткіштері – жоғары. ҚР тілі мен білімі туралы заңдар орындалады. Дайындық тобы өз жұмысын жалғастыруда. 1 қыркүйектен бастап шағын – орталық жұмыс істеуге кірісті. Дегенмен ыстық тамақпен қамту мәселесі әлі шешілген жоқ. Сонымен қатар мектепте «Атамұра» орталығы жұмыс істейді. Феклистовка аулының мектеп ғимаратының шатыры жөндеуден өтті. Киров орта мектебінде жылу беру жүйесіне жөндеу жүргізілді. Үкіметтік бағдарлама бойынша мультимедиялык кабинет, физика кабинеті, медицина кабинеті, информатика кабинеті сатып алынды. Оқу сапасын арттыру жолында мұғалімдерге интерактивті жабдықтардың мүмкіндігін пайдалануға қол жетіп отыр.

Жыл сайын Киров орта мектебінің түлектері ҰБТ өтеді. 2008 оқу жылы 10 түлек тапсырып, сертификат бойынша орта бал - 52, грантқа 4 оқушы түсті. 2009 жылы 8 оқушы жіберіліп, ҰБТ – дан өткен 5 оқушы грант иегері болды, орта бал көрсеткіші - 52. 2010 жылы 5 түлек жіберіліп, орта бал көрсеткіші 61 – ді құрады.

Биылғы 5 түлектің 5-і БҰТ –ге қатысты. 1 - еуі ЖОО грантқа түсті (Рахиманов Ерсын – Астана қаласы ауыл шаруашылық университеті). 1-і бюджеттік негіздегі Саратов аулындағы колледжге оқуға түсті (Матей Сандуғаш) , 2 -і ЖОО ақылы оқуда, 1- еуі колледжде ақылы сырттай оқиды.

Біздің оқушылар мектепаралық,аудандық және облыстық конкурстар мен олимпиадаларға қатысып, жоғары орындарға ие болады.

Мектепішілік бақылауда оқушылар жоқ, тек құқықбұзушылыққа жол беруге қауіпті 2 оқушы тіркелген. Осы балаларға қадағалау жұмыстарының тәрбие жоспары құрылған. Жаз уақыттарында мектепте сауықтыру лагері ашылады. Сонымен бірге бақшашылық бригадасы мен жөндеу бригадалары жұмыс жүргізеді. Аз қамтамассыздандырылған отбасыларға оқу қорынан қаражат бөлініп тұрады.Ағымдағы жылда бұл мақсатқа 433 516 мың теңге бөлініп, 31 бала аяқ-киім және азық – түлік, дәптер қаламмен қамтылды, 2 оқушы Астана қаласына экскурцияға барып қайтты.

Жаңа жолды салғаннан бері біздің елді мекен шетте қалды. Жергілікті жерді жолмен қамту округ әкім аппаратына жүктелген. 2010 ж. жолды тазалауға 5460 мың теңге бөлінген. Ағымдағы жылда жаңа жолды жөндеуге (Ермаковка аулына қарайғы трассаға) 1199 мың теңге, Феклистовка аулының шыға беріс көпірлерін жөндеуге – 1799 мың теңге, ауыл көшелерінің жолдарын тегістеуге – 335,0 мың теңге бөлінді. Қалған қаражат қысқы мазмұндағы жолдарды тазалау ға бөлінді. Облыстық және аудандық орталықтармен көліктік қатынас бар. Қыс уақыттарында жолдарды тазалап тұруға «Юпитер –Шульгин» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасалды. «ОблШығысжол»ЖШС Северное аулына дейінгі басқы жолға тазалық жүргізеді.Жарияланған конкурсқа қатысқан адамдар жоқ. Жол қиындығы қыс маусымдарында көрінеді, әсіресе дәрігерлік көмек қажет болғанда.

2009 жылдың есебінде «Иесіз» қалған тұрғын үйлердің саны 6 пәтерді құрады, бұрынғы «Кировский» совхозының конторы ғимараты да иесіздер құрамына еніп отыр.Қазіргі уақытта осы тұрғын үйлерді ресімдеуге құжаттар жиналып жатыр.

Жеңіл көліктер тұрғындарды тасымалдауымен айналысып тұрады. Феклистовка ауылының 1 тұрғыны патент ресімдеп, өз микроавтобусымен тұрғындарды тасымалдайды.

Қысқы уақыттарда жол жақсы. Дегенмен округтегі елді мекендерде жол жөндеу әлі өзекті мәселе болып тұр.

2010ж. округте телефон мәселесі шешуін тауып, барлық тұрғындарға радиотелефондар орнатылды. Әкімиятта да радиотелефон орнатылды. Ермаковка тұрғындары ұялы телефон байланысын пайдаланады.

Феклистовка ауылында пошташы 0,5 төлемақы мөлшерінде жұмыс істеп, Феклистовка, Ермаковка және Киров ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Северное аулының тұрғындарына Зырян ауданына келген қызметкер қызмет көрсетеді.

Северный селолық округінде қылмыстың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.Учаскелік полиция инспекторы тағайындалып, қызметтік автокөлік бөлінді. Ұрланған бағалы заттар қылмысы ашылды, телефон желілерінің ұрлығы ашылған жоқ, Халық алдында балағаттап тіл тигізген және лауазымдық тұлғаға қоқан – лоқы көрсеткен 1 адам округ бойынша анықталды. Тексеру барысында еш рұқсатсыз ішімдік сататын 3 адам анықталды, олардың 2 - уі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл көлемінде толтырылған хаттама – 66, соның ішінде құжатсыз, тіркеусіз тұрып жатқандар – 18, байламай ит ұстағандар – 14, аулаларының ластығы үшін – 21, тыныштық бұзғандар -4, тұрмыстық – отбасылық қарым – қатынаста – 1 адамға., қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін – 8 адамға хаттама толтырылды.

Біздің округте оралмандар тұрады , олар өздеріне ерекше көңілмен қарауды талап етеді. 2010 жылдың соңында\\www1.ukg.kz\work\vrem\Зыряновск\Материалы на сайт 2011\рубрика отчеты акимов перед населением\на государственном яз\_219A~1\веное селолы Северное селолық округінде – 23 жанұя, яғни 94 адам тұрады. Олардың ішінен зейнеткер – 4 (жасы бойынша -3, 1 –і көпбалалы ана), жұмыс істейтіндер – 15 адам, көпбалалы – 2. Азаматтық статус – 19 отбасы, оралман деп танылады – 2 отбасы, 7 отбасы жеке иеліктрінде шаруашылық ұстамайды. Әр отбасы картоп отырғызып, бақшашылықпен айналысуда. Көбінде ҚХР- нан әкелген техникалары бар. ҚР Заңдарына сай оралмандармен түсіндіру жұмыстарына байланысты отырыстар болып тұрады. Осы отырыстарда аудан әкімінің аппарат бөлімінің басшылары мен көші- қон басқармасы қатысып тұрады. Оралмандармен жұмыс атқаратын алқа құрылған.Кез келген мерекелік шараларға белсене қатысады, әсіресе аудан және облыс көлемінде өткізілген қолөнер бұйымдары көрмелеріне қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Ол азаматтар: Маукен Қымбат, Әлімжан Серик, Ауқадыр Гулниса, Нурдыбай Кабира, Долда Нургуль және т.б.

Округтің әкім аппаратының мамандары құжаттарды ресімдеуде үлкен көмек көрсетеді – СТН, ӘЖК, жеке куәлік, әлеуметтік жәрдемақы, жұмысқа тұру сияқты. Оралмандарға егістік жерлер мен шабындық жерлер беріліп отыр. 2007 жылы оралман Тұрсынхан Шунанға ш/қ ресімдеді, шабындық жер- 142га,оралмандарға бақшашылыққа 8га бөлінді. 2009 жылы Сапа Қойбақ конкурсқа қатысып, 230 га жер теліміне ие болды, оның ішінде – 49 га егіндік жер ұтты.

2 оралман отбасы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы екі жыл мерзімге жалпы соммасы 700 000 мың теңгіні құрайтын несие ресімдеді.

2010 жылы округке 1 оралмандар отбасы келді. 4 отбасы шығып кетті.

2011 жылға міндеттер:
Тұрғындардың электронды қызметке қолжетімділігін кеңейту, әкім аппараты мекемесіндегі қызметкерлер үшін материалды-техникалық базаны жақсарту, негізгі рейтингті мониторинг көрсеткіш үшін жаңа бағдарлама енгізу, округтің даму тұрақтылығы мен тұрғындардың өмір сүру ортасына тиімді жағдай жасау, иесіз үйлердің санын азайту, округті инфрақұрылым қызметімен қамтамасыз ету, округтегі елді мекендерді кешенді абаттандыру және көркейту жұмыстарымен қамтамасыз ету.

Похожие:

Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі iconМалеевка селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмыстары туралы есеп
Малеевка селолық округі 4 мекен жайды біріктіреді барлық тұрғындар саны 3337 адам, Малеевскте 1784, Путинцевода 965, Быковода 381,...
Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі icon2010-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Северное селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Северное селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық жоспары
Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі iconНижнебурлук селолық округі әкімінің округ тұРҒындары алдындағы есебі
Осы жылы өткен 2008-2009 жылдардағыдай аудан әкімінің селолық округінің тұрғындарымен есептік кездесу алдында ұқсас кездесулер селолық...
Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі icon2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мм жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын,...
Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі icon«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты»
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің комиссиясы және көкжиегі
Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі iconСелолық округі әкімінің м а. – Нұрахметова Гүлдарай Көзтайқызы 2010 жылғы 1 тамыздан
Бұзылық селолық округі 2010 жылы 5 сәуірде әкімшілік-аумақтық бөлініс болып құрылды. Құрамына Сұрған селосы кіреді
Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі icon«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көкжиегі
Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі

Северное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі iconДолон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «2010 жылда округтың әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысы туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница