Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы




Скачать 98.86 Kb.
НазваниеАудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы
Дата конвертации31.05.2013
Размер98.86 Kb.
ТипДокументы


Аудан әкімі А.Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы
Құрметті жиынға қатысушылар!
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес  барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді.

Ауданымызда атқарылған шаруаларымызды талқыға салып, халық алдында бағамызды алып, алға қойған жоспарларымызды өздеріңізбен ақылдасып келеміз. Біздің жұмысымыздың басты өлшемі — халықтың берер бағасы. Сондықтан да тұрғындар алдында жүзеге асырылған істер бойынша есеп беру дәстүр болып қалыптасты.

Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен барлық экономикалық жетістіктері мен табыстары халықтың сапалы өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған.

Елбасы осы Жолдауында қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.

Жолдауда көрсетілген міндеттер мемлекеттік билік мекемелерінің, коммерциялық құрылымдардың және ел азаматтарының басты бағыты болып табылады.

Алдымызда орындайтын көптеген міндеттер тұр.
Жолдауда көрсетілген міндеттер мемлекеттік билік мекемелерінің, коммерциялық құрылымдардың және ел азаматтарының басты бағыты болып табылады.

Алдымызда орындайтын көптеген міндеттер тұр.

Бүгін, 2012 жылдың І жартыжылдығын қорытындылай келе, алға қойылған барлық міндеттер орындалды деп зор сеніммен айта аламын.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде бюджеттен бөлінген қаражат толығымен игерілді.

Жалпы аудан бойынша экномиканың барлық саласында өсім байқалады. Ауыл шаруашылығы ауданның әлеуметтік-экономикалық саласының негізін құрайды.

Мал шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 3 609,6 млн теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,9 пайызға артық. Өнімнің табиғи көлем индексі 100,9 пайызды құрады.

2012 жылдың 1 шілдесіне тірі салмақтағы 4,7 тонна ет өндірілді (өсім 2,2%), сүт – 20,8 тонна (өсім 0,1%), жұмыртқа 4,2 мың дана (100%) өндірілген.

Ауданда ірі-қара мал басы – 48,5 басты (өсім 0,1%), жылқы – 25,7 басты (өсім 1,3%), қой мен ешкі – 109,7 басты (өсім 0,4%), шошқа – 5,9 басты (өсім 3,7%), құс – 98,6 басты (0,1%), марал мен теңбіл бұғы – 5,6 басты құрады (өсім 3,0%).

Ауданда селекциялық және асылдандыру жұмыстарына, жануарлардың генофондын жақсартуға аса көңіл бөлінеді. Ауданда 16 асыл тұқымды шаруашылығы, оның 8-і асыл тұқымды марал өсірумен, 2-і жылқы асылдандырумен,1-і қой, 5-і омарта шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 1 жылқы, 1 марал, 1 ара шаруашылықтары асыл тұқымды дәрежесін 2012 жылы алды.

Сонымен қатар, ауданда 2 мал сою цехы Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында, 17 мал сою алаңы, 12 ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пункттері, 13 мал көмінділері құрылған. 2012 жылы маусым-тамыз айларына жоспарланған 3 мал өлексе көмінділерінің сметалық құжаттары дайындалып, жұмыстары басталды.

«Катонқарағай ауданының ветеринариялық қызметі» МКК-ны ауданның 29 мал дәрігерлерімен келісім жасай отырып, 2012 жылдың 6 айына жоспарланған ветеринариялық шараларды толығымен орындады.

Көктемгі дала-егістік жұмыстары ұйымшылдықпен өткізіліп, биылғы жылы жалпы егістік аумағы 73,2 гектар алқапқа жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға ұлғайды. Оның ішінде 19,4 мың гектар алқапқа тұқым ылғалресурссақтау технологиясымен себілді.

Ағымдағы жылдың 6 айында лизинг бойынша және өз қаражаты есебінен 59,2 млн. теңгеге 18 дана әр түрлі ауыл шаруашылық техникалары алынды.

Аудан экономикасын дамытуда қаржы институттарының да үлкен үлесі бар. 2012 жылдың 1 маусымына шаруа қожалықтарына және басқа да заңды және жеке тұлғаларға 126,1 млн. теңгенің несиесі берілді. Соның ішінде «Мұзтау несие» ұйымынан 19 адам 10,1 млн. теңгенің несиесін, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ арқылы 23 жеке тұлғалар 21,95 млн.теңге, «Катонқарағай несие серіктестігі» арқылы 9 шаруашылық құрылымдары 5,4 млн.теңге, сонымен қатар «Казагро» қаржы институттары арқылы «Сыбаға» бағдарламасына сай 11 шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкер 500-ден артық ірі қара малын сатып алу үшін 88,6 млн. теңге көлемінде несие алды.

Аудан бойынша 223 ұсақ шаруа қожалықтары 28 ірі ауылшаруашылық құрылымдарына кіріп, қарапайым серіктіктестік негізінде жұмыс атқаруда.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 800,7 млн. теңгені құрады, 2011 жылдан 79,6 пайызға жоғары. Табиғи көлем индексі 170 пайыз.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу бойынша жалпы алаңы 1 141 шаршы метрді құрайтын 9 тұрғын үй қолданысқа берілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,7 пайызды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 479,5 млн.теңгеге жетті, табиғи көлем индексі – 520 пайыз.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны ауданда 2 325 құрайды, немесе 100,4 пайыз. Тіркелген кәсіпорындардың саны 104,6 пайыз өсіммен 114 бірлікті құрады. Соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 88 (2011 жылғы 1 шілдесіне - 84), оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғандары – 73 (2011 жылғы 1 шілдесіне - 71) немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 906,6 млн.теңгені, ал табиғи көлем индексі 115,9 пайызды құрады.

Орташа айлық номиналды жалақы 2012 жылғы қаңтар-мамыр 30,1 пайызға өсті және 57096 теңгені құрады.

Әлеуметтік қорғау саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген жұмыссыздар саны 7 азайып, 123 адамды құрады.

Жылдың басынан жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналастыру бойынша 241 адам жүгінген болса, оның 175 жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу үлесі 72,6 пайызды құрады.

Өткен жылдың тиісті кезеңінде 754 жаңа жұмыс орны ашылса, ағымдағы жылы ауданда 780 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес жоспар бойынша 55 адам оқуға жіберілді. Бүгінгі күні 10 адам біліктілігін арттыру курстарын бітіріп, оның 8-і тұрақты, 1-уі әлеуметттік жұмысқа орналастырылды.

Екінші бағытына сәйкес, 13 несиелік серіктестік құрылды: ТОО КТ «Амир» несие көлемі 10,0 млн. теңге, ТОО КТ «Найман-Дос» 9,0 млн. теңге, ТОО КТ «Даму-2020» 9,0 млн. теңге, ТОО КТ «Кәлім» 5,0 млн. теңге, ТОО КТ «Кайыргали-2030» 5,0 млн. теңге, ТОО КТ «Кумашкен» 9,5 млн. теңге, ТОО КТ «Гульфайруз» 9,0 млн. теңге, ТОО КТ «Жан және Хан» 9,0 млн. теңге, ТОО КТ «Шамер» 21,0 млн. теңге, ТОО КТ «Leila 5,0 млн. теңге және ТОО КТ «Уркер» 12,0 млн. теңге.

Қаржыландыру жоспары бойынша 2012 жылы ауданға 154,5 млн. теңге несие қаражаты бөлінді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының төртінші бағытына сәйкес, ауданның тірек елді мекендерін дамыту мақсатында объектілерді жөндеу және абаттандыруға республикалық бюджет есебінен – 59,0 млн. теңге бөлінді.

Елбасы өзінің Жолдауында туризмнің дамуына ерекше назар аударды. Катонқарағай ауданында бүгінгі күні туристік салада қажетті 2 шипажай, 9 пантымен емдеу орындары, 12 кафе, 1 мейрамхана, 3 қонақ үй, 19 тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, 8 ЖМС (АЗС), 252 дүкен, 2 сауда базары, жол бойларындағы қымызды ауылдар, 1 панты және бал өнімдері негізінде жұмыс істейтін фармацефтикалық зауыт, Өскемен-Катонқарағай және аудан ішінде қызмет көрсететін 2 автобекет, маусымдық 1 паром жұмыс істейді. Ауданда 2012 жылы «Жас турист» бекеті КҚМК ашылып, Өрел ауылында гид-рейнжерлер мектебі жұмыс істеуде.

Ағымдағы жылы Жол картасының өңірлік жобаларын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Жобалардың жалпы құны – 284 666 мың теңгені құрайды, соның ішінде облыстық бюджет есебінен – 188 703 мың теңге, аудандық бюджет есебінен – 95 963 мың теңге.

2012 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша игерілуі 137 304,2 мың теңге, немесе игерілуі 99,9 пайызды құрады. Жол картасы бойынша 10 жобаны іске асыру барысында орташа жалақысы 40 мың теңгені құрайтын 138 жаңа жұмыс орны ашылып, 120 адам жұмысқа тұрды, оның ішінде жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғандар есебінен 73 адам орналастырылды.

Бүгінгі күні 43 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеп тұр, оның ішінде 36 шағын орталықтар және 7 балабақша. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны 1121, оның ішінде шағын орталықтарда – 683, балабақшаларда 438 бала.

Мәдениет мекемелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2012 жылдың І жартыжылдығында Жол картасы бағдарламасы аясында Катонқарағай ауылдық мәдениет үйін жөндеуге бөлінген 30 млн. 206 мың теңгенің 21 млн.теңгесі игерілді. Новоберезовка ауылдық клубын жөндеуге бөлінген 18 млн. 169 мың теңгенің 14 млн. теңгесі игерілді. Шыңғыстай ауылдық клубына бөлінген 11 млн. 293 мың теңгенің 7 млн. теңгесі игерілді. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.
Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік – маңызды көрсеткіштердің реттелуі бақыланады.

2012 жылдың 1 шілдесіне ауданда туберкулез ауруымен ауыратын 12 адам анықталды, өткен жылдың тиісті кезеңінде 11 адам ауырған, немесе өсім 9 пайыз болып отыр.

2012 жылдың 1 шілдесіне 186 бала дүниеге келді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 балаға артық.

Шығыс Қазақстан облыс әкімінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 66 қаулысына сәйкес Новоберезовка, Катонқарағай, Өрел ауылдары тірек ауылдарының тізіміне енді.

Аталған елді мекендерді дамыту мақсатында 66 жоба жоспарланып, іс – шаралар жоспарына сәйкес 53 жоба іске асты, соның ішінде:

  • Ауыл шаруашылық саласында – 8 жоба (29,1 млн.теңгеге), 24 жұмыс орны ашылды.

  • Кәсіпкерлік саласында – 20 жоба (78,7 млн. теңгеге), 53 жұмыс орны ашылды.

  • Әлеуметтік салада – 5 жоба (100,4 млн, теңгеге) 71 жұмыс орны ашылды.

  • Инфраструктура және аббаттандыруға – 20 жоба (83,3 млн. теңгеге) 5 жұмыс орны ашылды.

Жүзеге асырылған іс-шаралар 42,3% яғни, 291,5 млн. теңгені құрады.Соның ішінде,

  • республикалық бюджеттен - 80,4 млн. теңге

  • облыстық бюджеттен – 91,3 млн. теңге

  • аудандық бюджеттен – 38,1 млн. теңге

  • өз қаражаты есебінен – 75,2 млн. теңге

  • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен – 6,5 млн. тенге.

2012 жылы жоспарланған іс шараларды жүзеге асыру барысында 149 жұмыс орны ашылды.

Бекітілген жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығы және шағын бизнес саласындағы жобаларды жүзеге асыру және

  • Новоберезовка ауылы бойынша – мектеп ғимаратын, ауылдық клуб ғиаратын күрделі жөндеуден өткізу, көшелерді жарықтандыру, ауылды абаттандыру жұмыстары

  • Катонқарағай ауылы бойынша – Ленин атындағы орта мектеп ғимартын, мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, мектеп жанындағы интернат ғимаратын қайта құру үшін жобалық сметалық құжат дайындау, тұрмыстық қатты қалдықтарды көметін орын салу, жағалауларды бекіту, көшелерді жарықтандыру, және ауылды абаттандыру жұмыстары

  • Өрел ауылы бойынша – көшелерді жарықтандыру, ауылды абаттандыру, ауылдық клуб ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық құжат дайындау жұмыстары жоспарланған.

Ауданда жол жөндеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізу мақсатында (профильдік жөндеу және грейдерлеу) аудандық бюджет есебінен 39160 мың теңге бөлінді.

Келесі нысандарда жұмыстар атқарылды: «Жаңа Үлгі–Жамбыл–Берел, 0-11 шақырым», «Новохайрузовка-Құндызды, 0-24 шақырым», «Үштөбе ауылына кіреберіс, 0-3 шақырым», «Яры ауылына кіреберіс, 0-6 шақырым». «Юбилейное ауылына кіреберіс, 0-1шақырым» автожолда, сонымен қатар Үлкен Нарын ауылындағы Слямов және Шолохов көшелерінде қара жамылғыны жайластыру бойынша жұмыстар атқарылды. «Новохайрузовка–Құндызды, 12-14шақырым» және «Коробиха ауылына кіреберіс, 9-18шақырым» автожолдарда профильдік жөндеу жұмыстар, сонымен бірге Катонқарағай ауылындағы көшелерінде қара жамылғыны жайластыру жұмыстары жоспарлануда

Ағымдағы жылда аудандық маңызы бар автомобиль жолдары және елді мекендердің көшелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 97820 мың теңге бөлініп, 01.08.2012 жылғы жағдай бойынша 64359 мың теңге немесе 65,8 % игерілді.

Есепті кезеңі бойынша «Большенарым АТП» ЖШС-і және «Дархан АТП» ЖШС-мен жүк тасымалдау жүзеге асыруда. 01.08.2012 жылғы жағдай бойынша жалпы 23227,3 тоннажүк тасымалданып, жүк айналымы 764,6 (мың тонна/км және кіріс 20043 мың теңге құрайды.

Ауданның елді мекендерін әрі қарай көріктендіру деңгейін арттыру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын лайықты ұстау, барлық аудан аумағының тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша сенбіліктер өткізілді.

8745 дана әр түрлі көшеттер отырғызылды, соның ішінде қылқан жапырақты 5126 дана, гүлзәрлар отырғызылды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 13994 мың теңге бөлінді. І жартыжылдықта 10198 мың теңге игерілді. Катонқарағай, Малонарымка ауылдарында тереңдетілген насос ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды. 3 су тарту шүмегі орнатылды, 12 құбырлардың жарылу орны жойылды және ұзындығы 850 метр су құбыр жүйесі ауыстырылды.

Еңбек ауылында ұзындығы 70 метр су құбырын орналастыру мен тереңдетілген насос және су қысымды мұнара орнату, электрмен қамтамасыз ету мен су құбырды ағымдық жөндеу бойынша жұмыстар орындалды. Үлкен Нарын және Новохайрузовка ауылдарындағы су құбыр жүйесін ағымдық жөндеу бойынша жұмыстар орындалды. Берел ауылында су қысымды мұнара және Коробиха мен Катон ауылдарында тереңдетілген насос орнатылды.

Құрметті жерлестер!
2012 жылдың І жартыжылдығы маңызды саяси оқиғаларға толы жыл болды. 2012 жылдың 15 қаңтарында өткен сайлауда Парламент Мәжілісі, облыс және аудан деңгейіндегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Бұл сайлауда да аудан халқы өздерінің ұйымшылдығымен, бірлікшілдігімен саяси білімділіктерін көрсете білді.

Атқарушы биліктің жұмыстары туралы пікірлеріңізді білу үшін аудан тұрғындарымен кездесулерді өткізуді бірінші кезекке қоямын. Мұндай міндет аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына да жүктелген. Жыл көлемінде түскен жазбаша және ауызша өтініштер халықтың аудандағы экономикалық - әлеуметтік үрдісіне оң баға беретіндігін көрсетеді.

Ауданның атқарушы билігінің құзіретіндегі жол жөндеу, су құбырларын жөндеу, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру мекемелерінің техникалық жағдайларын жақсарту алғашқы орынға қойылған.
Құрметті жерлестер!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында былай деді: «әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндеттерді орындап, біз экономиканы нығайтамыз, қоғамымызды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз».

Стратегиялық мақсаттарды орындауда бірізділік, сабақтастық-табысты қамтамасыз етудің, біздің дамудың тұрақты кепілі.

Бізде, катонқарағайлықтарда оң нәтижеге қол жеткізу үшін барлық мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау бар.

Біз Отанымыз үшін бар күшімізді жұмылдыруға міндеттіміз. Бізге ауқымды жұмысты атқару және Президентпен белгіленген міндеттерді орындау бойынша жұмысқа белсенді қатысу қажет!

Әрине алда әлі талай жұмыстар бар. Сондықтан бірлігіміздің арқасында өз мақсаттарымызға жетеміз деп ойлаймын. Бірлесе отырып атқарған еңбектеріміз арқылы ғана биік белестерді бағындырамыз!



Похожие:

Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы icon«2011 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға міндеттер туралы»
Ала әкімі С. Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы iconБесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Жолдау аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау...
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы icon2012 жылдың І жартыжылдығына арналған Зырян ауданының даму қортындылары туралы Өнеркәсіп
Аудан кәсіпорындарымен қаңтар- маусым айларында қолданыстағы бағамен 15049,6 млн теңге сомасында немес 2011 жылғы деңгейімен салыстырғанда...
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы iconЦелиноград ауданының әкімі М. Т. Мыңжановтың 2009 жылдың әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы жылдың тапсырмалары туралы есебінен алынған тезисі
Целиноград ауданының әкімі М. Т. Мыңжановтың 2009 жылдың әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы жылдың тапсырмалары...
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы icon2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесулерінің нәтижесі бойынша іс-шаралардың ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жүзеге асырылу барысы туралы
Аудан әкімінің есебі 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы және 2011 жылға арналған міндеттер туралы атқарушы...
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы icon2006 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Осының ішінде жетілдірілген кіріс көздерінің 32 түрінен болжамның орындалуы қамтамасыз етілді
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы iconҚарғалы ауданының азаматтық бюджеті – 2012 жыл (2012 жылдың 1 мамырына нақтыланған бюджет)
Аудан әкімі – Ибрашов Мәлімбет Ерғалиұлы, осы лауазымды 2012 жылдың сәуір айынан бастап атқарады. Қарғалы ауданы (Ленин) 1966 жылдың...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница